Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 31 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды бөлімі және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм

Сағ-сағат

Мм-миллиметр

Квт-киловольт

Кг-килограмм

О С-градус

Мкм-микрометр

Км-километр

Т-тонна

М/с-метр/секунд

млн - миллион

т. б. - тағы басқа.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық . . . 10

1. 2Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық Департамент туралы ереже . . . 11

1. 3Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою . . . 15

1. 4 Құстың жұқпалы ларинготрахеит ауруы . . . 19

1. 5 Құстың оба ауруы . . . 20

1. 6 Індет ошағын жою шаралары . . . 22

2 Өзіндік зерттеу . . . 26

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 29

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалықжағдайлар

МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар

Анықтамалар

Осы курстық жұмыста төмендегі анықтамалар қолданылды:

Дезинфекция - микроорганизмдерге қарсы шара

Дератизация - кеміргіштерге қарсы шара

Инактивация - вирустардың жұқпалылығын әлсірету

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Каверна - қуыс

Некроз - өлі етке айналу

Этиотропты ем - аурудың себебіне /этиологиялык факторына/, яғни оның коздырушысына қарсы бағытталады

Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай - күйіне байланысты, дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2016ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалумерзімі:

Орындалу

мерзімі

Көлемі(парақ саны):

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.

Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.

Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.

Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.

Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:

  • мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
  • ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
  • ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
  • ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
  • осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
  • жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
  • мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
  • заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.

Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитке тауық, қырғауыл, күрке тауық балапандары, әсіресе 20-35 күндігінен бастап 6-7 айлығына дейін және сирегірек одан да ересек кезінде шалдығады.

Аурудың таралуының негізгі көзі - кеңірдектен ағатын затпен вирусты сыртқы ортаға шығарып отыратын ауру құс. Сондай-ақ ларинготрахеитті көп жағдайда осы аурудан жазылған құс таратады. Ауру құс дені сау құспен бірге ұсталғанда ауру ауа арқылы, сондай-ақ микроб түскен азық, су, құрал-жабдық және басқалар арқылы жұғады.

Жасырын кезең орта есеппен 4-10 күн (кейде бұдан қысқарақ - 2 күн немесе ұзағырақ - 30 күн) . Көмекей мен кеңірдектегі морфологиялық өзгерістердің сипатына сай ларинготрахеиттің үш түрі болады: олар - жай қабыну, қанталап қабыну және дифтериялық қабыну.

Курстық жұмыстың мақсаты - құстың ларинготрахеит ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу [1, 2] .

1 Негізгі бөлім

1. 1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

Ветеринарияны қаржыландыру көздері

Мыналарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады:

ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;

мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;

ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;

мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының үкіметі бекітткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;

жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;

алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелеріне олардың құнын өтеу;

ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар;

Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес өзге де ветеринариялық іс-шаралар.

Табиғи монополялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері иелерінің есебінен мынандай ветеринариялық іс-шаралар орындалады:

ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізу, серияларын бақылау және оларға тіркеу сынағын жүгізу;

ауылшаруашылық жануарларын, базарларды ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру рәсімі;

базарлардағы ветеинариялық-санитариялық сараптама;

дегельминтизация, дезинсекция, дератизация, дезинфекция (мемлекеттік шекарадағы вет. бақылау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда) ;

жануарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларын қоспағанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;

түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісі есебіне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорынтынды мен ветеринариялық куәліктің бланкілерін беру.

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залады өтеуден босатпайды.

Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мал дәрігерлігі туралы» 1995 жылғы 25-шілдедегі №2376 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995ж. №14 құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж. №17-18, 225 құжат; №24, 443-құжат) күші жойылсын деп танылсын.

1. 2Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық Департамент туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық Департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құзіретінің шегінде арнайы атқарылушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мал дәрігерлігі саласында аралық үйлестіруді дербес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствасы болып табылады.
  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының конститутциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктарда шоттары болады.

Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Департаменттің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің тарапынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.

  1. Департамент өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен республиканың аумағында міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.
  2. Департаментінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Штат санын министрліктің штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бекітеді.
  3. Департаменттің заңды мекен-жайы:

473000. Астана қаласы, Достық көшесі, 6.

  1. Департаменттің толық атауы- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау департаменті» мемлекеттік кәсіпорны.
  2. Осы ереже департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Департаменттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне есептеледі.

Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

10. Департаменттің негізгі міндеттері:

1) жануарлар менқұстардың аса қауіпті әрі карантинді жұқпалы және паразиттік ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

2) меншіктіктің барлық нысандарындағы заңды және жеке тұлғалардың мал дәрігерлігі ережелерін сақтауы және мал дәрігерлігінде биологиялық, химиялық, басқа да препараттардың қолданылуын бақылау функцияларын жүзеге асыру;

3) мал дәрігерлігі саласында мамандар даярлау, мал дәрігерлік препараттарын шығару және мал дәрігерлігінің проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі негізгі бағыттарды айқындауға және бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу;

4) республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының әкелінуінен қорғау, оның ішінде шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ету;

5) өнімнің, жануар тегінен шыққан шикізаттың сапасын мал дәрігерлік-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;

6) мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қоршаған табиғи ортаның ластануының алдын алу болып табылады.

11. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мал дәрігерлік қызыметті лицензиялауды жүзеге асырады;

2) жануарлар ауруларын алдын алу және оларды жою жөніндегі бағдарламалардың мониторингін, оларды болжауды, әзірлеуді ұйымдастырады, жануар тегінен жасалған өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;

3) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының тізбесін жасайды және оны Үкіметке бекітуге ұсынады;

4) жануарларды аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, оқшаулау туралы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқау береді;

5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдармен өзара іс-қимылды халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз етуді және жануар тегінен жасалған азық түліктермен уланудың алдын алуды жүзеге асырады;

6) мал дәрігерлік нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда, қажетті мал дәрігерлік-санитарлық, эпизоотияа қарсы іс-шаралар жүргізілгенге дейін мал өсіру объектілерін пайдалануды, ет және сүт өнеркәсібін ұйымдастыруды, жануарлар тектес азық-түліктер мен шикізаттарды қайта өңдеу және сақтау жөніндегі ұйымдастыруды тоқтата тұрады;

7) жануарлардың ауруына байланысты мал дәрігерлік статистикасын жүргізеді, есеп пен есептілік нысандарын жетілдіру жөніндегі ұсыныс енгізеді;

8) заңды және жеке тұлғалардың мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізуін, олардың қолданылып жүрген мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрігерлік заңдарын бұзуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;

9) республиканың аумақтарын шет мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

10) шекаралық және көліктік мал дәрігерлік бақылау пунктері арқылы мемлекеттік мал дәрігерлік бақылауды, жануар тегінен жасалған азық-түліктер мен шикізаттардың, жемшөптің, биологиялық, химия-фармацевтік препараттардың және басқа да бақыланатын жүктердің импортын, экспортын, транзитін және республианың ішінде тасымалдануын, мал айдауды қадағалауды жүзеге асырады;

11) өз құдіретінің щегінде мал дәрігерлігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

12) лобаратория ісі және жануарлар мен құстар ауруларының диагностикасын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

13) отандық және импорттық мал дәрігерлік препараттарына, аспаптарына, құралдарына, мал азығын қосымшаларға тіркеу куәліктерін береді және оларға арналған нормативтік-техникалық құжатаманы бекітеді, оларды өндіруге және қолдануға рұқсат береді;

14) мал өсіру фермаларын, жануарларды сою және жануар тегінен шыққан шикізаттарды қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды жоспарлаудың және құрылысын салудың жобаларына, көрсетілген объектілердің және жануарларға арналған су қорғандарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін бөлудің жобаларына сараптаманы жүргізеді;

15) халықтың арасында мал дәрігерлігі және мал дәрігерлік-санитарлық оқу-ағарту жұмыстары саласында насихатты ұйымдастыру;

16) республикалық бюджеттен мал дәрігерлік алдын алу, эпизоотикаға қарсы және сауықтыру іс-шараларын жүргізуге бөлінетін қаражатың мөлшерлері туралы ұсыныс енгізеді;

17) мал дәрігерлігі қызыметін ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделейді, ұсыныстар енгізеді және өз құзіретінің шегінде таяу және алыс шетелдермен мал дәрігерлігі саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республиккасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

12. Департаменттің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функциялардыжүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) өз құзіретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығаруға;

2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншіктік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;

3) өзіне жүктелген міндеттерді жүзге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға;

4) өз құзіретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;

5) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыруға;

6) меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың мал дәрігерлігі заңдарының нормаларын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруді жүргізуге;

7) заңды және жеке тұлғаларға эпизоотикаға қарсы және басқа да мал дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды жүргізу және мал дәрігерлік-санитарлық ережелердің бұзылуын жою туралы талаптар қоюға, сондай-ақ қойылған талаптардың орындалуын бақылауға алу;

8) мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды әкімшіліктік жауаптылыққа тартуға, оның ішінде айыппұл санкцияларын қолдануға;

9) эпизоотикаға қарсы іс-шаралар мен жануарлар ауруларының диагностикасына арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысуға;

10) биологиялық, химиялық, фармацевтік, жемдік үстемелер мен мал дәрігерлігі мақсатына арналған басқа да препараттарды өндірді және пайдалануды бақылауға;

11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Департаменттің мүлкі

13. Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

14. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

15. Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Департаментке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

Департаменттің қызметін ұйымдастыру

16. Департаментті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызыметтен босататын Төраға басқарады.

Департамент төрағасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

Департаменттің төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторы болып табылады, ал оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторының орынбасарлары болып табылады.

17. Департаменттің төрағасы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.

18. Төраға осы мақсатта:

-өзінің орынбасарлары мен Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

-заңдарға сәйкес Департаменттің қызыметерлерін, Департаменттің аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

-заңдарда белгіленген тәртіппен Департаменттің қызыметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

-бұйрықтарға қол қояды;

-департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

-мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;

-заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады [9] .

1. 3Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері

Жеке және заңды тұлғалар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың инфекциялық ларингиті
Құстың пуллороз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Тауықтың оба ауруы
«Бірнеше түлікке ортақ пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Құс тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz