Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветерииариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 29 беттен тұрады.

Бұл курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартылған сөздер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою . . . 10

1. 2 Мал шаруашылығындағы жалпы гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық шаралар . . . 14

1. 3 Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветерииариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру . . . 15

1. 4 Канализация және қи шығару жүйелері . . . 16

1. 5 Мал қораларына жүргізілетін санитариялық-гигиеналық шаралар . . . 17

1. 6 Қиды сақтау технологияларына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар . . . 20

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3Техникалық қауіпсіздік . . . 25

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МСТ 13 265-88 Сиыр сүті. Дайындау кезіндегі талаптар

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2016ж.

Анықтамалар

Санитария - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы

Дезинфекция (франц. des - жоямын, лат. infectio - жұқтыру) - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс-әрекеттердің бірлестігі

Ағымды дезинфекция - шаруашылықта жұқпалы ауру пайда болған күннен бастап ұдайы жүргізіліп отырылады.

Қорытынды дезинфекция - ол шаруашылықтағы малды індет ауруынан сақтаудағы ең соңғы күрес жүргізудегі кезең.

Дератизация (франц. de-жоямын, лат. ratus - егеуқұйрық) - адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы.

Дезинсекция (франц. des - жоямын, лат. - incectum - жәндік) - бұл табиғатта кездесетін ұзынтұмсықты, көп аяқты шаян-құрттарға қарсы жүргізілетін шаралардын жиынтығы

Дезодорация - субстратта шіріген кезде пайда болатың жағымсыз иісті жасанды түрде жою немесе оны басып тастау.

Аэротенктер - бетоннан жасалған құрылыс, қидың сұйық бөлігі аэробтық микробтардың әсерінен биологиялық тазаланудан өтеді.

Метатенктер-сұйық қиды (ылғалдылығы 89-93 пайыз) зарарсыздандыратын камера.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2016ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп-бағу деңгейі төмендеп зоогигиеналық талаптар сақталмады.
Осының бәрі малдың өнімділігін азайтып, денсаулығын төмендетті. Сонымен қатар бұл өзгерістердің бәрі бұрынғы кеңес тұсындағы қалыптасқан малды күтіп-бағудың (олардың физиологиялық ерекшеліктеріне тән) жоғары технология жетістіктерін жоққа шығарды. Мал шаруашылығындағы қол жеткен техникалық прогресс (өндіріс технологиясы) тез арада ғайып болып, үлкен мал кешендері бос қалып, ал шағын мал қораларында тиісті зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды, нормаларды іске асырушы керекті жүйелер істен шықты.

Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат - малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру, қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малщылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі - шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.

Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.

Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.

Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.

Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.

Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:

  • мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
  • ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
  • ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
  • ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
  • осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
  • жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
  • мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
  • заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.

Мал және құс кешендері мен фермалары ауылдық жерлердегі ауаның, топырақтың, су қоймаларының ластануына себеп болатын аса ірі қайнар көзі болып есептеледі. Ал оның қуаты мен ауқымы жағынан оларды ірі өндіріс орындары - зауыт, комбинаттармен салыстыруға болады.

Санитариялық-гигиеналық жағдайларды жақсартып, мал кешеңдері мен құс фабрикаларын оқшаулап және қорғау үшін оларды салу кезінде елді мекендердің, ветеринариялық обьектілер мен жолдардың ара қашықтықтарын ескерген жөн [1] .

Курстық жұмыстың мақсаты - мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветерииариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіруді зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері

Жеке және заңды тұлғалар:

  1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
  2. Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
  3. Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
  4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
  5. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
  6. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
  7. Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
  8. Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
  9. Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
  10. Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
  11. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
  12. Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
  13. Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.

Ветеринариялық іс-шаралар

1. Ветеринариялық іс-шаралар:

  1. ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
  2. Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
  1. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.

Шектеу іс-шаралары және карантин

  1. Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
  2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
  3. Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
  4. Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.

Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

  1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
  2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
  3. Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ветеринариялық нормативтер

  1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
  2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
  3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
  4. Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу

  1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
  2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  3. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
  4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.

Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру

  1. Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
  2. Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
  3. Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі

Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер

  1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
  2. Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
  3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [10] .

1. 2 Мал шаруашылығындағы жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар

Мал фермаларының санитариялық-гигиеналық ережелерге сай келмейтін жағдайларына төмеңдегілер жатады: олардың бактериялармен ластануы, шаңдануы, оң иондардың пайда болуы, температура мен біршама ылғалдылық, аммиактың, күкірттісутегінің, көмірқышқыл газының жинақталуы, индол, скатол және басқадай зиянды иісті газдардың пайда болуы.

Объектінің жоғары санитариялық мәдениеті, жақсы санитариялық және техникалық жағдайлары, ауаны кезінде дұрыс тазартып отыру - осының бәрі мал қораларында қалыпты температуралық-ылғалдылық режимін және ауаның тұрақты кұрамын сақтап отыруға, қора ішіңдегі ауадан микроорганизмдер мен шаңды аластатуға, өкпеде теріс иондардың жинақталуына жәрдемдеседі.

Мал шаруатнылықтарында барлық шараларды алдын ала ескеру қажет, яғни малдың індет және құрт ауруларын болдырмау және оның таралмау жолын қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлі аурулардан сақтау және малдан алынатын өнімнің сапасы жоғары болуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Міндетті түрде мал шаруашылықтарыңда санитариялық мәдениетті көтеру қажет, яғни мал қораларында ветеринариялық-санитариялық ережені бұлжытпай орындау, сондай-ақ олар ісқе берілген кезде, техникалық құралдарды пайдаланған кезде де, сауу аппаратын, ыдыстарды және транспортты қолданған кезде де барлық санитариялық ережені қадағалау керек.

Мал қорасын салғанда, жобалағанда және жаңалағанда гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық ереже бұзылса тек шаруашылықка ғана өз зиянын тигізіп қоймай, жалпы сол жердің мал шаруашылығыңың індеттік жағдайына да әсерін тиігізеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы айтарлықтай экономикалық зардапқа ұшырап қана қоймай, мал өнімділігі төмендейді, ауруға ұшырайды, шығынға жол беріледі.

Мал шаруашылыктарында, құсфабрикаларында әртүрлі індетті, инвазиялық аурулардан сақ болу үшін, біршама ұйымдастыру-шаруашылық, гигиеналык, ветеринариялық-санитариялық шараларды орындау керек.

Ондай шараларға жататындар:

- шаруашылыққа жаңа әкелгең малды карантиннен өткізу кезінде барлык, ветеринариялық - санитариялық : шаралар қатал сакталуы керек;

- мал басын топтастыру кезінде малды сатып алған шаруашылық барлық індетті аурулардан сау болуы тиіс немесе өзіне асыл тұқымды малды індетті ауруы
жок шаруашылықтардан алуы;

- көлік немесе фсрмада жұмыс істейтін жұмысшылар аркылы малға ауру тарату жолын болдырмау, сол үшін фермаға кірер алдында дезөткел және ветсанөткізу жолы, арнайы киімдерді зарарсыздандыру т. б. шаралар сақталуы тиіс;

- арнайы қоршау арқылы тарайтын әртүрлі індетті ауруларға қарсы күрес жүргізу;

- малшылардың арасында туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез және басқа індетті аурулардың тарамауы үшін оларға дер кезінде медициналық тексерілу жұмысы жүргізілуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Қабандар (шошқа)
Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы
Мал қораға қойылатын ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz