Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар


Аннотация
«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Бұл курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою . . . 10
1. 2Облыстық (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттік ветеринариялық Инспекторы және оның орынбасары туралы ереже . . . 14
1. 3Мал шаруашылығындағы жалпы ветеринариялық - санитариялық шаралар . . . 21
1. 4 Мал кәсіпорындарындағы ветеринариялық және санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар . . . 22
2 Өзіндік зерттеу . . . 24
3Техникалық қауіпсіздік . . . 26
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МСТ 13 265-88 Сиыр сүті. Дайындау кезіндегі талаптар
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » жоғары мектебі
«» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2016ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2016ж.
Анықтамалар
Санитария - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы
Ветеринариялық емхана - бұл цикл аяқталғанша қызмет ететін малдәрігерлік үлкен мекеме. Ол ауру малға амбулаториялық және тұрақты (стационарлық) емдеу, диагностикалық зерттеу, сондай-ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық - санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Емхана - амбулаторлық және стационарлық бөлімдерден тұрады.
Ветеринариялық орын (пункт) - әртүрлі мал шаруашылықтарына қызмет етуге арналған. Пункт ауру малға амбулаториялык және тұрақты көмек көрсетеді, сондай-ақ профилактикалық және ветеринариялық-санитариялық жұмыстарын жүргізеді.
Ветеринариялық лаборатория - шошқа фермасы, құс фабрикасы және асыл тұқымды мал шаруашылығыңда орналасып, соларға қызмет етеді. Лаборатория -диагностакалық зерттеулер, азықтың сапасын зерттеу, профилактикалық, емдік жөне ветеринариялык-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді.
Изолятор - барлық мал шаруашылықтарында орнадасқан. Изоляторға ауру малды індет ауруына күдіктенгенде бөлек күтіп-бағады. Изолятор - бөлек, қоршалған, кіріп - шығатын жерінде дезинфекциялық өткел болуы тиіс.
Ветеринариялық-санитариялық нысандарға жататындар: сойыс-санитариялық пункті, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санөткел.
Сойыс-санитариялық орны (пункті) - малды еріксіз союға тура келгенде, малды сойып тексеру үшін, өлексені толық құртып утильдеп, өңдеуге арналған. Пункттің екі бөлімі болады: малды соятын және өлексені утильдейтін.
Карантиндік орын - мұндай қораға шаруашылыққа басқа жақтан келген малды күтіп ұстайды, оларға клиникалық, диагностккалық зерттеу жүргізеді және ветеринариялық-санитариялық тексеруден өткізеді. Карантинде малды ең кем дегенде 30 тәулік ұстайды.
Фермаға кірер алдындагы дезөткел - ол көліктің дөңгелегін дезинфекциялау үшін керек. Дезөткелді шаруашылық территориясы кірер алдында орналастырады.
Дезтөсеніш - мұны қораға кірер алдында аяқ киімді дезинфекциялау үшін төсеп қояды жөне әрбір қора алдына (бұзау-қора, мал туатын орын жөне т. б. ) орналастырады.
Санөткел - бұл малшыларға арналған санитариялық - тұрмыстық бөлме. Бұны шаруашылық территориясына кірер алдына орналастырады, осы жерден барлық шаруашылық қызметкерлері, фермаға келген адамдар да ветеринариялық-санитариялық режимді сақтау үшін өтеді.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2016ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2016 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2016ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласыңа кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп-бағу деңгейі төмендеп зоогигиеналық талаптар сақталмады.
Осының бәрі малдың өнімділігін азайтып, денсаулығын төмендетті. Сонымен қатар бұл өзгерістердің бәрі бұрынғы кеңес тұсындағы қалыптасқан малды күтіп-бағудың (олардың физиологиялық ерекшеліктеріне тән) жоғары технология жетістіктерін жоққа шығарды. Мал шаруашылығындағы қол жеткен техникалық прогресс (өндіріс технологиясы) тез арада ғайып болып, үлкен мал кешендері бос қалып, ал шағын мал қораларында тиісті зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды, нормаларды іске асырушы керекті жүйелер істен шықты.
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат - малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру, қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі - шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.
Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Мал шаруашылықтарында барлық шараларды алдын ала ескеру қажет, яғни малдың індет және құрт ауруларын болдырмау және оның таралмау жолын қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлі аурулардан сақтау және малдан алынатын өнімнің сапасы жоғары болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Міндетті түрде мал шаруашылықтарыңда санитариялық мәдениетгі көтеру қажет, яғни мал қораларында ветеринариялық-санитариялық ережені бұлжытпай орындау, сондай-ақ олар ісқе берілген кезде, техникалық құралдарды пайдаланған кезде де, сауу аппаратын, ыдыстарды және транспортты қолданған кезде де барлық санитариялық ережені қадағалау керек. Мал қорасын салғанда, жобалағанда және жаңалағанда гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық ереже бұзылса тек шаруашылыққа ғана өз зиянын тигізіп қоймай, жалпы сол жердің мал шаруашылығыңың індеттік жағдайына да әсерін тиігізеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы айтарлықтай экономикалық зардапқа ұшырап қана қоймай, мал өнімділігі төмендейді, ауруға ұшырайды, шығынға жол беріледі [1] .
Курстық жұмыстың мақсаты - мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық - санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1Негізгі бөлім
1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
- Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
- Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
- Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
- Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
- Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
- Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
- Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
- Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
- Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
- Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
- Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
- Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.
Ветеринариялық іс-шаралар
1. Ветеринариялық іс-шаралар:
- ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
- Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
- Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.
Шектеу іс-шаралары және карантин
- Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
- Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
- Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
- Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.
Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
- Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
- Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
- Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринариялық нормативтер
- Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
- Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
- Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
- Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу
- Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
- Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
- Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
- Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.
Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру
- Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
- Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
- Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер
- Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
- Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
- Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [9] .
1. 2 Облыстық (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттік ветеринариялық Инспекторы және оның орынбасары туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес оны іске асыруға байланысты жасалды.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, аумақтық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықтарға сәйкес ветеринария бөлімінің бастығына «Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы» - одан әрі облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, бөлімнің ветеринариялық Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының орынбасары деген арнаулы қосымша атаулар беруге құқықты.
3. Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары облыстың аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру жөнінде орындалу функцияларын ұйымдастырады.
4. Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары өз жұмысында Қазақстан Республикасының Коститтциясын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының келісімімен облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
6. Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау функцияларын жүзеге асырудың барлық мәселелерінде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына есеп береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz