Малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Аннотация
«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.
Белгілер мен қысқартулар
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
М/с-метр/секунд
ӘБ- әсер бірлігі
см - сантиметр
г - грамм
мг - милиграмм
кг - килограмм
МЕМСТ - Мемлекеттік стандарт
л - литр
мин - минут
м - метр
ккал - килокалория
лк - люкс
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2016ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2016 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2016ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Мазмұны
Нормативтик сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 10
1. 1 Облыстық (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттік ветеринариялық Инспекторы және оның орынбасары туралы ереже . . . 10
1. 2Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою . . . 16
1. 3Малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар . . . 21
2 Өзіндік зерттеу . . . 26
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Анықтамалар
Дистрофия - организмде зат алмасудың бұзылу салдарынан мүшелер құрылысының және қызметінің бұзылып өзгеруі.
Мастит - түрлі себептерге байланысты желіннің қабынуы және ісінуі.
Профилактика - жануарларды аурудан қорғау және аурудың адамға таралуынан сақтау үшін атқарылатын арнайы шаралар жүйесі.
Токсин - организмді улап әсер ететін зиянды зат.
Гиповимаминоз - мал организмінде дәрмендәрі жетіспеуі
Адаптация - организмнің ортаға бейімделуі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Сол себептен мал арасында әртүрлі аурулар пайда болады және жаңа жерге маддың үйреңу, бейімделу кезеңі ұзаққа созылады.
Малды тасымалдағандағы ең жауапты мәселе - оны апаратын жеріне дейін ещқандай шығынсыз және тез апару болып табылады, ал тасымалдау кезінде малдың денсаулығын кадағалап отыру, оның салмағын және өнімділігін төмендетпеу, малдың терісіне, аяғына зақым келтірмеу жатады.
Жолда малды күту үшін арнайы (әр вагонға 1-3 адам) жолсерік адамдар тағайындалады. Малды тиеу, түсіру ереже бойынша міңдетті түрде мемлекетгік ветеринариялық жүйе өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
Мал арнайы жабдықталған алаңда тиеледі. Бірінщі - жуас малды, ал содан кейін асау малды тиейді. Осы кезде мал үркеді, тынышсызданады. сондықтан малды тиейтін адамдар тыныштықты және тәртіпті сақтауға тиіс және малды ұрмау керек. Малды тек күндіз тиейді. Бір вагонға әр түлікті және әр жынысты малды тиеуге болмайды [1] .
Курстық жұмыстың мақсаты - малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Облыстық (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттік ветеринариялық Инспекторы және оның орынбасары туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес оны іске асыруға байланысты жасалды.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, аумақтық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықтарға сәйкес ветеринария бөлімінің бастығына «Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы» - одан әрі облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, бөлімнің ветеринариялық Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының орынбасары деген арнаулы қосымша атаулар беруге құқықты.
3. Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары облыстың аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру жөнінде орындалу функцияларын ұйымдастырады.
4. Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары өз жұмысында Қазақстан Республикасының Коститтциясын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының келісімімен облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
6. Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау функцияларын жүзеге асырудың барлық мәселелерінде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына есеп береді.
7. Облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары өздері беретін құжаттарды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың актілерін айыру үшін өзінің аты-жөні мен мемлекеттік тілде ел таңбалы мөрі, белгіленген үлгіде штамптары, бланкілері болады.
Облыстық Бас мемлекеттік инспектордың және оның орынбасарының міндеттері
Облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары:
- лауазымды, заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықтың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минитрінің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ветеринария мәселелері бойынша басқа нормативтік және құқықтық актілерінің орындалуына;
- ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне;
- мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық құрылымдарында, ветеринария саласында жұмыс атқаратын заңды және жеке тұлғалардың қызыметтерінде заңдылықтардың сақталуына;
- лицензиаттармен Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен лицензиялық қызыметің біліктілік талаптарының орындалуына;
- базарлармен, малдарды, мал тегінен шыққан азық-түлік және шикізаттарды дайындайтын, өңдейтін, сақтайтын және сататын ұйымдармен, құс фабрикаларымен, балық өңдейтін кәсіпорындармен, зоопарктермен, цирктермен, ипподромдармен және басқа мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы объектілермен заңдылықтардың сақталуына;
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы объектілердің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайды, мал ауруларының шығуы және таралу себептері мен жағдайын, олардың азықпен улануын анықтау мен табылуын қоса алғанда;
- республикалық қорды оса алғанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөледі және оларды сақтауға, тасмалдау мен пайдалануға бақылау жасауына;
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді тасмалдауда ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуына;
- мал қораларын, құс фабрикаларын, балық өңдейтін кәсіпорындарды, базарлардағы ветеринариялық-санитариялық зертханаларды және малдарды ұстайтын, өсіретін, дайындайтын, өңдейтін, сақтайтын және сататын ұйымдарды жобалау, құрылыс салу, реконстркциялау кезінде белгілеген зоогигиеналық нормалардың және ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асырады.
Облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және оның орынбасарының құқықтары
9. Облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және оның орынбасары өдерінің уәкілеттіліктерін жүзеге асыруда, заңнамада белгіленген тәртіпте, мынандай құқықтары бар:
- Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде орындалу үшін актілерді шығару;
- өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарын орындауын тексеру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне кедергісіне кіруіне;
- Лауазымды, заңды және жеке тұлғаларға талап қоюға;
Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы;
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы;
Жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашыығы қора жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пунктерде, көлікте, құс фабрикаларында, базарларда және жануарларды, мал тегінен шыққан азық-түліктерді өсіретін, ұстайтын, өңдейтін, дайындайтын, сақтайтын және сататын ұйымдарда дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы;
Жануарлардың және адамдардың денсаклығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру, өңдеу туралы;
- Мемлекеттік басқару, жергілікті атқару және өкілеттілік органдарға ұсыныстар жасауға;
Төтенше індетке қарсы комиссия құруға;
Жануарлар мен құстардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбауға және оларды жоюға бағытталған кейбір аймақтарда карантин, шектеу іс-шараларын енгізу туралы;
- Жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызыметтеріне үш күннен аспайтын мерзімге, аталған мерзімде сотқа міндетті түрде талап-арыз бере отырып, сот шешімінсіз тыйым салуға немесе тоқтата тұруға;
- Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзғаны үшін айыпты тұлғаларға сотта талап қоюға;
- өз құзырының шегінде, аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары беретін ветеринариялық құжаттардың негізінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының бақылауындағы жүктерді облыстан тыс тасымалдауға рұқсат беруге;
- басқа облыстардан және шекаралас мемлекеттерден малдардың аса қауіпті жұқпалы және экзотикалық ауруларының алынып келуінен және таралуынан облыстың аумағын қорғау мақсатында шекаралық ветеринариялық бақылау пунктерімен өзара бірлесіп жұмыс атқаруға;
- бөлініскен аумақтағы індет жағдайы бағасын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен мемлекеттік ветеринариялық бақылаудағы жүктердің экспортын, импортын, транзитін бөлісуге;
- ветеринария саласында кәсіпкершілік жұмыспен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензияларын тоқтату туралы шешімдер қабылдауға немесе қайтып алу мәселе көтеруге;
- қызметтен шектеуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызыметінен шеттету туралы шешім шығаруға;
- өз құзырының шегінде, мал шаруашылық объектілерін, базарлардың ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларын және басқа жануарларды, мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттарды өсіретін, сақтайтын, дайындайтын, өңдейтін, тасымалдайтын, сақтайтын және сататын ұйымдарды пайдалануға енгізуде қабылдау комиссиясына тапсыруға;
- мал шаруашылық объектілерге, құс фабрикаларына, базарларда ветеринариялық-санитариялықсараптау зертханаларына және басқа жануарларды, мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттарды өндіретін, ұстайтын, дайындайтын, өңдейтін, тасымалдайтын, сақтайтын және сататын ұйымдарына, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, приборларды, инструменттерді, жемшөп пен жемшөптік қоспаларын тіркеулік сынақтамалау немесе арыз, шағым, талап беруде олардың зоогигиеналық нормаларға және ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама беруге;
- Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес әкімшілік бұзушылық істерді қарауды жүзеге асыруға;
- Ветеринария мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің облыстық аумақтық басқармасын мемлекеттік органдарда және өзге де ұымдарға өкілдік етуге;
- Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан заңдылықтарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
Жауапкершілік
- Облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және оның орынбасары өздерінің заңсыз әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдылықтарына сәйкес жауапкершіліті мойнына алады.
- Облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының әрекетіне жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Аудандық (қалалық) ветеринариялық бөлімінің жобалы ережесі
Жалпы ережелер
- Осы Ереже Қазақстан Респуликасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес және оны іске асыруға байланысты жасалады.
- Аудандық ветеринария бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конститутциясына, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының Ережесіне және осы Ережеге сәйкес атқарады.
- Бөлімнің құрылымына Бөлімнің өзі және аудандық окруктардың ветеринариялық инспекторлары кіреді және бөлімнің саны басқарманаң лимиттік саны қарастырылған шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министірімен бекітеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
- Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:аудан аумағында малдарды аурулардан қорғау және оларды емдеу жөнінде ветеринариялық іс-шаралады ұйымдастыру және жүргізу; елді мекеннің денсаулығын малдар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; аудан аумағында мал тегінен шыққан азық түліктерді және шикізаттардың қауіпсіз өндірілуін қадағалау; ветеринария саласындағы жұмыстарды жеке және заңды тұлғалар атқарғанда қоршаған ортаның ластануын алдын алу және жою;
- Бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгілеген тәртіпте ауданның аумағында мынандай функцияларды жүзеге асырады:ауданның аумағында ветеринариялық іс-шаралардың қызметтерін мемлекеттік сатып алуының ұйымдастыруына қатысу; жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулары бойынша індет мониторингін жүзеге асырады; Бюджеттік бағдарламалардың шегнде келіп түскен ветеринариялық препараттарды бекітілген ветеринариялық іс-шаралардың жоспарына сәйкес ауылдық округтер бойынша бөлістіреді; Жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жою бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын жасау және дайындау үшін ауылдық округтардың жоспарларын аудан бойынша жинақтайды; Келесі жылға жасалатын ветеринариялық іс-шаралардың жоспарларын жеке ала отырып, ветеринариялық препараттарға сұраныстар жасайды; Малдардың асақауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының профилактикасы және жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар жспаларының орындалуын ұйымдастыру жөнінде ауылдық инспекторлардың жұмыстарын, сондай-ақ мал тегінен шыққан азық түліктер мен шикізаттардың қауіпсіз етіп шығарылуын бақылау; Ауданның аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың функцияларының жүзеге асырылуын ұйымдастыру; Елді мекенді малдар мен адамға ортақ аурулардан және мал немесе өсімдік тегінен шыққан азық-түліктен уланудан қорғауды қамтамасыз етуде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен өзара бірлесуді жүзеге асырады; Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына, ветеринария саласында қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаға әдістемелік басшылық жасап және олардың қызыметін үйлестіруді жүзеге асырады; Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады; Ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, олады Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының ветерианрия бөліміне тапсырады; Халық арасында ветеринария саласы бойынша және ветеринариялық-санитариялық ағартушылық жұмыстарды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады;
- Бөлімнің ветеринариялық инспекторлары негізгі міндеттерді және өздеріне жүктелген функцияларды жузеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мынандай құқықтары бар:өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлкеттік органдар мен аудандық басқарманың өзге де ұйымдарынан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға; белгіленген тәртіпте, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықтардың талаптарын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруге; Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде орындалуы үшін актілерді шығаруға; Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарауға; Белгіленген заңнамада тәртіпте, ветеринария саласында жеке кәсіпкершілікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешімді ұсынуға; өз құзырының шегінде, мал шаруашылық объектілерін жануарлады, мал тегінен шыққан азық-түлік пен шикізаттарды өсіретін, ұстайтын, дайындайтын, өңдейтін, тасымалдайтын, сақтайтын және сататын ұйымдарды пайдалануға енгізуде мемлекеттік қабылдау комиссиясына қатысуға; Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан заңдылықтарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруда;
Бөлімнің қызметінің ұйымдастырылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz