Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Пастереллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.4 Қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.5 Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.6 Өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.7 Патологиялық.анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.8 Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.9 Дауалау мен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаңару кезеңінде жаңа саясатын іске асыру Республикамызда айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өріс алуда, олар еліміздің Аграрлық салаларында іске қосуда.
Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
1 Сайдулдин Т.С. Эпизоотология микробиология негіздерімен:оқулық / Сайдулдин Т.С., Ильясов Б.К. Шымкент «Нұрдана-LTD» баспасы – 2011.-125с.
2 Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных: учебник для вузов – М, ВО Агропромиздат, 1990.-131с.
3 Кожабеков З.К.Мал аурулары: оқулық (жалпы редакциясын басқарған Кожабеков З.К.) Алматы, Қайнар, 1989.-113б.
4 Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары: оқулық /Т.Сайдулдин Алматы, 2009.- 126б.
5 Бессарабов Б.Ф.Рецептурный справочник по болзням птиц: учебник для вузов Бессарабов Б.Ф., Байдавлетов А. Б. Украина, Сумы, 1992.- 122с.
6 Бессарабов Б.Ф. Практикум по болзням птиц: учебник для вузов/ Бессарабов Б.Ф., Мельникова И. И., Сушкова Н.К., Садчиков С.Ю. М. «Колос», 2005.- 89с.
7 Бессарабов Б.Ф. Болезни сельскохозяйственной птиц: учебник для вузов М., 2-е изд., 2004.-145с.
8Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.- 126б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Пастереллез ауруына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған курстық
жұмысында кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Бұл курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардың алдын алу және оларды
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Пастереллез
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14
1.3 Тарихи
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14
1.4
Қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...15
1.5 Індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...15
1.6 Өтуі мен
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .17
1.7 Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .20
1.8
Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.9 Дауалау мен күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24
3 Техникалық қауіпсіздік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаңару кезеңінде жаңа саясатын іске
асыру Республикамызда айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өріс
алуда, олар еліміздің Аграрлық салаларында іске қосуда.
Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер
ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын
толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы
ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік
саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы
қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық
талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде
ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл
ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты
негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы
қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.
Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі
аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе
жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға
шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын
ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою
жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны
анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық
өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет
көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы
кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-
қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға
сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының
себебі болды.
- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық
жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және
ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,
халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен
қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан
ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал
екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді
дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет
территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік
ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері
бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет ретінде
байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде таралғанымен де, мұндай жаппай
ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардың алдын алу және оларды жою

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде
жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды
және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын
жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық
ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-
шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы,
аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың
ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес
ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
3) Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ
жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты
сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды
ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге
сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол
бермеуге;
4) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді
ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға,
өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту
және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды
тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық
талаптарды сақтауға;
5) Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға
ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
6) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан
сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны
мен сатылғаны туралы хабарлауға;
7) Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша
диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру
үшін жануарларды беруге;
8) Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған
немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және
ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік
келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар
қолдануға;
9) Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру
үшін кедергісіз беруге;
10) Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның
денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу
жөніндегі талаптарын орындауға;
11) Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей
жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі
ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық
сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
12) Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызыметтік
міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
13) Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға
жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге
міндетті.

26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар
1. Ветеринариялық іс-шаралар:
1) жануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының
пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық
препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының
талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-
санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
2) Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың
аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу
мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-
шаралар болып бөлінеді.
2. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке
және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.

27-бап. Шектеу іс-шаралары және карантин
1. Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары
пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы
органның шешімімен белгіленеді.
2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін
жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган бекітеді.
3. Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-
шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың
бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша
жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
4. Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының
ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин
тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары
белгіленуі мүмкін.

28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының
үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу
қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып
отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып
табылады.
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік
бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар
көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша
қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
3. Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен
пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.

29-бап. Ветеринариялық нормативтер
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-
санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе
ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның
денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын
көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін
белгілейді.
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде
белгіленеді.
3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген
монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда
қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен
сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу,
таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып
табылады.
4. Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті
болып табылады.

30-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып
қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін
жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың
қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі
бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не
алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге
тиісі.
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті
түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті
ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды
алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу
жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның
денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан
өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.

31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан
қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды,
өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау
мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға
ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың
денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық
атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.

32-бап.Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау,
өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру
1. Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының
класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық
дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға
қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті
бірдейлендіруге тиіс.
2. Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп
пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі
ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын
жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы
заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен
бірдейлендіруге тиіс.
3. Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу
жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

5-тарау. ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария
мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі

33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер
1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы
ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса
алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай
болуы керек.
2. Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар
байқаудан өткізілуі тиіс.
Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-
зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған
штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер
штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [8].

1.2Пастереллез ауруы

Пастереллез (Pasteurellosis)- жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал
жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін
сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.

1.3 Тарихи деректер

Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878ж. Болишердің сиырдың
пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан
Е.М.Земмер (1878), Л.Пастер (1880), үй қоянынан Графки (1881), сиырдан
Китт(1885), буйволдан Греете (1887) бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің
қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталған
әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб
пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.
Пастереллез дүние жүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып,
созылмалы түрде өтеді. Бірақ ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың
әсерінен індет түрінде кең жайылады [1,2].

1.4 Қоздырушысы

Қоздырушысы - Pasterella multocida – оншалықты ірі емес, грамтеріс,
қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа
тізбек түрінде орналасатын бактерия.
Түрі мен мөлшері ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да,
метилен көгі немесе Романовский-Гимза әдісімен биполярлы (екі шеті)
боялады. Жаңа өсінділерде микробтың анық көрінетін қауашағы болады.
Пастереллалар – жартылай ауасы бағалы микробтар. Кәдімгі қоректік
орталарда 37ºC кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін
қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған
қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскен қоректік орта
түгелдей лайланып, ЕПА-да тәуелсіз түрлі шоғыр түзеді: (S), бұдыр (R) және
кілегейлі (М). Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан
қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін тотықсыздандыруы
есептелінеді [ 3].
Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып
келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады
деп есептелінеді. Тек 1939ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру
қоздырушы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр Pasterella
multocida ретінде қарастырады. Бұл тұқымдастыққа жататын тағы бір дербес
түр Pasterella Haetolytica сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру
қоздырады.
Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі.
Көңде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4айға дейін,
мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сәулесінен бұл
микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90 ºC температурада 5-10минутта өледі.
Барлық үйреншікті дезинфектанттар қолданылып жүрген концентрациясында
бірнеше минутта өлтіреді [ 4].

1.5 Індеттік ерекшеліктері

Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері
бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет ретінде
байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде таралғанымен де, мұндай жаппай
ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді келеді.

Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі
қара мен жабайы күйіс қайыратын жануарларда біздің өлкемізде Pasterella
multocida В-типі, ал Африкада Pasterella multocida Е-типі қоздырса, құста -
Pasterella multocida А-типі қоздарады. Пастереллездің оқтын-оқтын
энзоотиялық пневмония ретінде жітілеу және созылмалы өтетін түрін бұзауда
Pasterella multocida А-типі және Pasterella Haetolytica ал шошқада
Pasterella multocida А және Д-типтері мен Pasterella Haetolytica қоздырады
[5].
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан
жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін.
Пастереллезге тән қасиет – сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып
жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды
алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен-өзі
қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз
факторлардың әсер етуінен кейін байқалады [ 6].
Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия
ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.
Сиыр мен қой пастереллезбен кез-келген жаста ауырады., әйткенмен де жас
төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануар – буйвол,
олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Тропикалық
елдерде пастереллез ірі қарада әдетте індет түрінде жауынды маусымда жаппай
ауруға шалдығу және өлімге ұшырау (70-100%) арқылы байқалады. Қоңыржай
климатты аймақта пастереллез негізінен күз бен көктемде (ауруға шалдығу
көрсеткіші 5-50%) кездеседі. Ауырған мал қоздырушы микробты мұрыннан аққан
сора, дем алғандағы ауа, сілекей, нәжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының
берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының
ішіндегі ең елеулілері: микробпен ластанған қора-жай, ауа, жемшөп және
құрал-саймандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus
gallinae және Argas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың
денесінде пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес
шаруашылықтарда тышқандар мен егеуқұйрықтар қоздырушының бастауы және
тасымалдаушысы бола алады [ 7].
Індет жағдайын ескермей жануарларды жөн-жосықсыз орын ауыстыру,
мөлшерден тыс тығыз орналастыру, ветеринариялық-санитариялық ережелерді
дұрыс орындамау, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарын пайдалану
пастереллездің таралуына ықпал етеді [ 1,2].
Пастереллез кезінде ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштері қоздырушы
микробтың уыттылығы, табындағы малдардың иммундік жағдайы және күтімі,
қосалқы инфекциялардың болуы және сауықтыру шараларының дұрыс, уақтылы
жүргізуіне байланысты болады.
Дерттенуі. Табиғи жағдайда пастереллалар жануар денесіне тыныс және ас
қорыту жодары арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы
енеді. Енген орнында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септицемияның
әсерінен көп жағдайда жануар 12-36 сағат өткенде өледі. Дерттің өрбіп
денеге жайылуына пастереллалардың фагоцитозды тежеуі (аяқталмаған
фагоцитоз), улы заттардың пайда болуы және оның нәтижесінде капиллярлардың
жаппай зақымдануы жағдай жасайды. Бұлардың нәтижесінде тері асты және
бұлшықеттер арасындағы шел ауқымды мөлшерде домбығуға шалдығып,
геморрагиялық диатез пайда болады. Қоздырушы неғұрлым уытты болса, соғұрлым
тез өлітиеді.
Ауруға төзімді жануарға уыттылығы төмен пастереллалар енгенде
өлітимейді. Қоздырушы кейбір мүшелерде ғана, негізінен өкпеде, орын теуіп,
ауру жітіден төмен созылмалы өтеді. Пневмония крупозды немесе серозды-
катарлы болады. Ауру өте жіті өткенде пневмония өрбіп үлгірмейді де, өкпеде
тек домбығу мен гиперемия байқалады.

1.6 Өтуі және симптомдары

Жасырын кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін.
Жануарлардың әр түрінде пастереллез аса жіті, жіті, жітіден төмен және
созылмалы өтеді.
Сиыр мен буйволда пастереллездің аса жіті түрі кезінде дененің ыстығы
кенеттен 41-42ºC дейін көтеріліп, өлітиюдің белгілері байқалады. Қауырт
өрбіген кезде жүрек қызметінің жетімсіздігінен, өкпенің домбығуы мен қан
аралас іш өтуден жануар бірнеше сағат ішінде өліп кетеді. Тіпті бұл
белгілер үлгермей-ақ малдың өліп кетуі мүмкін [ 2,3].
Пастереллез жіті өткенде мал күйзеліп, селқостанып, ыстығы 40ºC-қа
жетеді, не одан да жоғарылайды. Қансары құрғап, суынады. Күйіс қайыруы
тоқталып, сүті қайтады. Аурудың бас кезінде ішек пен қарынның қозғалысы,
тезек тастауы баяулайды. Кейіннен нәжісі сұйылып, фибрин мен қанды
жалқақтар араласады. Кейде танауынан қан ағып, көзі қанталап, жіті
конъюктивит өрбиді, несепте қан болады. Жануарларда өлітиюдің айқын
белгілері мен жүрек қызметінің жетімсіздігі байқалып, 1-2 тәуліктің ішінде
өліп кетеді.
Ауру ұзаққа созылғанда дененің жалпы қызуы көтерілуімен қатар орны
шектелген өзгерістер де байқалады. Олардың клиникалық белгілері бойынша
пастереллездің домбыққан, көкіректегі және ішектегі түрлерін ажыратады.
Аурудың домбыққан түрінде төменгі жақтарының арасында, әукесінде, төсінде,
бауыр тұсындағы тері асты шелдерінде тез арада өршитін, ыстық басып
көргенде ауырсынатын, сықырламайтын домбығу болады. Тілі мен мойыны
домбыққанда тынысы қырылдап, қиындайды, шұбатылып сілекей ағады, көзге
көрінетін кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталап тұрады [1,7].
Кейбір жануарлардың делебесі қозады (бұзауда болатын пастереллездік
менингоэнцефалит).

Пастереллездің көкіректегі түрі кезінде крупозды (фибринді) пневмония
кездеседі, жануар күйзеліп, қимылдап қалады, таз қарынның атониясы,
тыныстың жиілеп, қиындауы байқалады, ауырсынып құрғақ жөтеледі, танауынан
көбік аралас сорға ағады. Аурудың соңғы кезінде нәжісіне қан араласып іші
өтеді де, көп жағдайда 5-8 күн арасында өліп қалады.
Ішектегі түрі кезінде негізгі симптомдары ішектердің зақымдануына
байланысты болады да, пневмонияның белгілері онша біліне қоймайды. Аппетит
сақталмағанмен жануар тез арықтап, қаны азайып, күйзеліске ұшырайды.
Қойдың пастереллезі жіті өткенде бұл ауруға тән өлітиюдің клиникалық
белгілері сирек байқалады. Дененің ыстығы көтерілуі мен жалпы күйзеліске
ұшырауымен қатар алдыңғы тұла бойының тері астындағы шелі домбығып
фибринді пневмония өрбиді. Мал әдетте 2-5күн ішінде өліп қалады. Жітіден
төмен және созылмалы өткенде баяу фибринді пневмонияның белгілері, кератит,
ринит, артрит байқалады, мал тез арықтайды. Pasterella Haetolytica
қоздыратын пастереллез кезінде пневмония жиі байқалады да, мастит сирек
кездеседі.
Шошқа пастереллез аса жіті және жіті өткенде дененің ыстығы 41ºC-қа
дейін және одан да жоғары көтеріліп, тынысы тарылып, фарингит, жүрек
қызметінің кемістігі байқалады, кейде иек асты мен мойынның тері асты мен
мойынның тері асты шелі домбығады. Жануар тыныс ала алмай 1-2 тәулік ішінде
өледі. Ұзағырақ өткен фибринді пневмония болып, ентігіп, жөтеледі, ринит
байқалады. Ауру 5-8 күнге созылып, өліммен тынады. Пастереллез созылмалы
өткенде пневмонияның белгілері байқалып, жануар әлсіреп, күрт арықтайды,
кейде буындары шорланып, терісінде қабыршақтанған экзема болады.
Құста пастереллездің аса жиі өтуі індеттің бастапқы шағында кездеседі.
Құс кенеттен жалпы етіп құлап, қанатын бірнеше рет қағады да, аурудың ешбір
симптомынсыз өліп кетеді. Ауру көп жағдайда жіті өтеді де, құс селқостанып,
қанатын салбыратып отырады.
Қауырсындары үрпиіп, басын қанатының астына тыға береді немесе арқасында
қарай кегжиді. Денесінің ыстығы 44ºC немесе одан да жоғары болады,
қозғалысы шектеліп, шөлдей береді. Тұмсығынан көпіршіген сілекей ағады.
Соңын ала қатты, кейде қан аралас іші өтеді. Айдары мен сырғасы көкшіл
тартады. Тынысы тарылып, демі сырыл аралас шығады. Құс құрыстанған немесе
дел-сал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бірнеше түлікке ортақ пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Пәндер