Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық Департамент туралы ереже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3Псороптоз ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3.1Псороптоз ауруының қоздырғышының биологиясы, өсіп . өнуі, морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3.2 Псороптоз ауруының эпизоотологиялық деректері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3.3 Псороптоз ауруының патогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3.4 Псороптоз ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.3.5 Псороптоз ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.3.6 Псороптоз ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2Өзіндік зерттеу ... 26
3Техникалық қауіпсіздік ... 28
Қорытынды ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаңару кезеңінде жаңа саясатын іске асыру Республикамызда айтарлықтай әлеуметтік – экономикалық өзгерістер өріс алуда, олар әсіресе еліміздің Аграрлық салаларында іске қосуда.
Егеменді елімізде ел шаруашылығының маңызды міндеттерінің бірі – ауыл, ел тұрғындарын мал шаруашылығы өнімдерімен экологиялық таза түрінде қамтамасыз ету болып табылады. Әрине бұл мақсатта жұқпалы, жұқпалы емес және паразитарлық аурулардан тазалығы негізгі мәселелелердің бірі.
Осыған орай Егеменді елімізде жүргізіліп жатқан Ветеринариялық қызметтің мақсаты, әр түрлі аудан, облыс шаруа қожалықтары, ұжым шаралардың ветеринариялық іс шаралардың сапалы, уақтылы жүргізіп, төрт түлік малдарды жұқпалы, жұқпалы емес және паразитарлық аурулардан тазарту, сондай – ақ адам мен малға қауіпті індеттерден сақтану, мал – құс ауруларын азайту, өлім – жітімге жол бермей, түрлі шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша қысқарту болып саналады.
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде – мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландырудың, қора – жай күтімдерінің, оның зоогигиеналық – санитарлық, жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың зоологиялық ерекшеліктерін де ескергеніміз жөн.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.
Псороптоз ауруының әсерінен шығатын экономикалық шығыны өте көп. Малдың қоңдылығының төмен түсуі, жүннің түсуі. Мәселен 1 қой 3,6 – 4кг жүн берсе, оны пайызбен есептесек яғни 4кг – 100% – 70%, демек 2,8г жүн жоғалтады.
Қазақстанда ауыл шаруашылық малдарының инвазиялық аурулардың, қан паразитарлық ауруларының келтіретін экономикалық зияны өте көп. Мәселен, Psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр кенелері тұрақты паразиттер қатарына жатады, себебі олардың мекені және өсіп – өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз – ақ уақыт сақтайды [1,3].
Курстық жұмыстың мақсаты – псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізуді үйрену.
1 Белов, С.М. Справочник по качеству продуктов животноводства: учебное
пособие для вузов / С.М.Белов, А.Г.Мысин - Москва: 1986. -127с.
2Горегляд, Х.С. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии, переработки продуктов животноводства: учебник для вузов / Х.С. Горегляд –Москва: 1981.-176с.
3Житенко В.И. Справочник по ветеринарно - санитарной экспертизе: учебное пособие для вузов / В.И. Житенко - Москва: 2001.- 189с.
4Колоболотский, П.В. Биохимические методы исследования в лабораториях мясоконтрольной станции: учебник для вузов / П.В. Колоболотский - Москва, 1965.-157с.
5Шуклин, Н.Ф. Ветеринарно - санитарная экспертиза стандартизация и сертификация продуктов: учебник для вузов / Н.Ф.Шуклин, С.Кырыкбайулы -Алматы: 2003, 1-2 том - 215, 126 с.
6Макаров, В.А. Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе: учебник для вузов / В.А. Макаров - М: 1987.-154с.
7Телеуғали, Т.М. Малдәрігерлік санитариялық сараптау және мал шаруашылығы өнімдері технологиясы мен стандарттау негіздері: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Т.М.Телеуғали, С. Қырықбайұлы – Алматы: 1998.-185б.
8Сабаншиев, М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары: оқулық жоғары оқу орындары үшін / М.С.Сабаншиев, Т.Т. Сүлейменов - Алматы: 2003. - 164б.
9 Малмақов, Н.И. Қой өсіруші фермердің шағын анықтамалығы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Н.И.Малмақов - Алматы: 2002. – 191б.
10Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.- 126б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен жазылған Псороптоз ауруына
қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар атты курстық жұмысым 33
беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника
қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық
Департамент туралы
ереже ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...10
1.3Псороптоз
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...14
1.3.1Псороптоз ауруының қоздырғышының биологиясы, өсіп – өнуі,
морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3.2 Псороптоз ауруының эпизоотологиялық
деректері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 17
1.3.3 Псороптоз ауруының
патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...18
1.3.4 Псороптоз ауруының клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 18
1.3.5 Псороптоз ауруын анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

1.3.6 Псороптоз ауруының
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
2Өзіндік зерттеу ... 26
3Техникалық қауіпсіздік ... 28
Қорытынды ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері.
Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
Анықтамалар

Курстық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар
қолданылды:
Псороптоз – Psoroptidae тұқымдасына жататын тері үстін мекендейтін
кенелер тудыратын инвазиялық ауру.
Псороптоз қоздырғышы - қойда Psoroptes ovis, ірі қарада P.bovis, жылқы
мен есекте P.equi, үй қоянында P.cuniculi
Неоцидол - құpaмындa әcep етушi 60 % диазинон бар кенелерді улау
мүмкіншілігі жоғары препарат.
Гексаталп - майлы сұйықтық, қою қоңыр түсті, креолиннің иісі бар.
Препараттың құрамында 5,8 – 6,2% гамма – изомер гексахлоран, тас көмір мен
эмульгатордың қоспасы бар. Гексаталп пен суды араластырғаннан біртекті
сұйық түсті эмульсия пайда болады.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2016 ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаңару кезеңінде жаңа саясатын
іске асыру Республикамызда айтарлықтай әлеуметтік – экономикалық өзгерістер
өріс алуда, олар әсіресе еліміздің Аграрлық салаларында іске қосуда.
Егеменді елімізде ел шаруашылығының маңызды міндеттерінің бірі –
ауыл, ел тұрғындарын мал шаруашылығы өнімдерімен экологиялық таза түрінде
қамтамасыз ету болып табылады. Әрине бұл мақсатта жұқпалы, жұқпалы емес
және паразитарлық аурулардан тазалығы негізгі мәселелелердің бірі.
Осыған орай Егеменді елімізде жүргізіліп жатқан Ветеринариялық
қызметтің мақсаты, әр түрлі аудан, облыс шаруа қожалықтары, ұжым шаралардың
ветеринариялық іс шаралардың сапалы, уақтылы жүргізіп, төрт түлік малдарды
жұқпалы, жұқпалы емес және паразитарлық аурулардан тазарту, сондай – ақ
адам мен малға қауіпті індеттерден сақтану, мал – құс ауруларын азайту,
өлім – жітімге жол бермей, түрлі шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша
қысқарту болып саналады.
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде – мал, құс және басқа
жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық, өндіріске
керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің
өзекті мәселесі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен
айналысқандықтан осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын
шоғырландырудың, қора – жай күтімдерінің, оның зоогигиеналық – санитарлық,
жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың зоологиялық
ерекшеліктерін де ескергеніміз жөн.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі
төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен,
ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе
жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды
атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен
дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.
Псороптоз ауруының әсерінен шығатын экономикалық шығыны өте көп.
Малдың қоңдылығының төмен түсуі, жүннің түсуі. Мәселен 1 қой 3,6 – 4кг жүн
берсе, оны пайызбен есептесек яғни 4кг – 100% – 70%, демек 2,8г жүн
жоғалтады.
Қазақстанда ауыл шаруашылық малдарының инвазиялық аурулардың, қан
паразитарлық ауруларының келтіретін экономикалық зияны өте көп. Мәселен,
Psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр кенелері тұрақты паразиттер
қатарына жатады, себебі олардың мекені және өсіп – өну ортасы тек жануарлар
денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз – ақ уақыт сақтайды [1,3].
Курстық жұмыстың мақсаты – псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын жүргізуді үйрену.

1 Негізгі бөлім

1.1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды
бұзғаны үшін жауаптылық

Ветеринарияны қаржыландыру көздері
Мыналарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге
асырылады:
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік
құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың
республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
үкіметі бекітткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының
профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып
қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;
алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізаттың иелеріне олардың құнын өтеу;
ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық
коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар;
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес өзге де ветеринариялық
іс-шаралар.
Табиғи монополялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге
асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау объектілері иелерінің есебінен мынандай
ветеринариялық іс-шаралар орындалады:
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан
өткізу, серияларын бақылау және оларға тіркеу сынағын жүгізу;
ауылшаруашылық жануарларын, базарларды ветеринариялық қадағалау
бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі
ұйымдарды бірдейлендіру рәсімі;
базарлардағы ветеинариялық-санитариялық сараптама;
дегельминтизация, дезинсекция, дератизация, дезинфекция (мемлекеттік
шекарадағы вет. бақылау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
жануарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген
аса қауіпті ауруларын қоспағанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың
профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен республикалық бюджеттің кірісі есебіне аудара отырып,
ветеринариялық-санитариялық қорынтынды мен ветеринариялық куәліктің
бланкілерін беру.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының бұзылуына
кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты
болады.
Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залады өтеуден
босатпайды.
Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мал дәрігерлігі туралы 1995 жылғы
25-шілдедегі №2376 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1995ж. №14 құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1998 ж. №17-18, 225 құжат; №24, 443-құжат) күші жойылсын деп
танылсын.

1.2Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық
Департамент туралы ереже

Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
ветеринариялық Департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі құзіретінің шегінде арнайы
атқарылушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ
мал дәрігерлігі саласында аралық үйлестіруді дербес жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының ведомствасы болып
табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының
конститутциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының
Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік
құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге
асырылады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы
мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес
банктарда шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Департаменттің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе,
мемлекеттің тарапынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына
құқығы бар.
4. Департамент өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда
белгіленген тәртіппен республиканың аумағында міндетті күші
болатын бұйрықтар шығарады.
5. Департаментінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді. Штат санын министрліктің штат саны лимитінің
шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
бекітеді.
6. Департаменттің заңды мекен-жайы:
473000. Астана қаласы, Достық көшесі, 6.
7. Департаменттің толық атауы- Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау
департаменті мемлекеттік кәсіпорны.
8. Осы ереже департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Департаменттің қызметін қаржыландыру тек республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады.
Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Егер Департаментке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік
бюджеттің кірісіне есептеледі.
Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10.Департаменттің негізгі міндеттері:
1) жануарлар менқұстардың аса қауіпті әрі карантинді жұқпалы және
паразиттік ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі мақсатты
бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) меншіктіктің барлық нысандарындағы заңды және жеке тұлғалардың мал
дәрігерлігі ережелерін сақтауы және мал дәрігерлігінде биологиялық,
химиялық, басқа да препараттардың қолданылуын бақылау функцияларын жүзеге
асыру;
3) мал дәрігерлігі саласында мамандар даярлау, мал дәрігерлік
препараттарын шығару және мал дәрігерлігінің проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу жөніндегі негізгі бағыттарды айқындауға және
бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу;
4) республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының
әкелінуінен қорғау, оның ішінде шекарада және көлікте мемлекеттік мал
дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ету;
5) өнімнің, жануар тегінен шыққан шикізаттың сапасын мал дәрігерлік-
санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
6) мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қоршаған табиғи ортаның
ластануының алдын алу болып табылады.
11.Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген
тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мал дәрігерлік қызыметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2) жануарлар ауруларын алдын алу және оларды жою жөніндегі
бағдарламалардың мониторингін, оларды болжауды, әзірлеуді ұйымдастырады,
жануар тегінен жасалған өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық
сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;
3) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының тізбесін жасайды және
оны Үкіметке бекітуге ұсынады;
4) жануарларды аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда, оларды
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, оқшаулау туралы
барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқау береді;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдармен өзара іс-қимылды
халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз етуді
және жануар тегінен жасалған азық түліктермен уланудың алдын алуды жүзеге
асырады;
6) мал дәрігерлік нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда, қажетті мал
дәрігерлік-санитарлық, эпизоотияа қарсы іс-шаралар жүргізілгенге дейін мал
өсіру объектілерін пайдалануды, ет және сүт өнеркәсібін ұйымдастыруды,
жануарлар тектес азық-түліктер мен шикізаттарды қайта өңдеу және сақтау
жөніндегі ұйымдастыруды тоқтата тұрады;
7) жануарлардың ауруына байланысты мал дәрігерлік статистикасын
жүргізеді, есеп пен есептілік нысандарын жетілдіру жөніндегі ұсыныс
енгізеді;
8) заңды және жеке тұлғалардың мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын
жүргізуін, олардың қолданылып жүрген мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді
сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрігерлік заңдарын
бұзуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
9) республиканың аумақтарын шет мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы
ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын
бақылайды;
10) шекаралық және көліктік мал дәрігерлік бақылау пунктері арқылы
мемлекеттік мал дәрігерлік бақылауды, жануар тегінен жасалған азық-түліктер
мен шикізаттардың, жемшөптің, биологиялық, химия-фармацевтік препараттардың
және басқа да бақыланатын жүктердің импортын, экспортын, транзитін және
республианың ішінде тасымалдануын, мал айдауды қадағалауды жүзеге асырады;
11) өз құдіретінің щегінде мал дәрігерлігі жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерді бекітеді;
12) лобаратория ісі және жануарлар мен құстар ауруларының диагностикасын
жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
13) отандық және импорттық мал дәрігерлік препараттарына, аспаптарына,
құралдарына, мал азығын қосымшаларға тіркеу куәліктерін береді және оларға
арналған нормативтік-техникалық құжатаманы бекітеді, оларды өндіруге және
қолдануға рұқсат береді;
14) мал өсіру фермаларын, жануарларды сою және жануар тегінен шыққан
шикізаттарды қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды жоспарлаудың және құрылысын
салудың жобаларына, көрсетілген объектілердің және жануарларға арналған су
қорғандарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін бөлудің жобаларына
сараптаманы жүргізеді;
15) халықтың арасында мал дәрігерлігі және мал дәрігерлік-санитарлық оқу-
ағарту жұмыстары саласында насихатты ұйымдастыру;
16) республикалық бюджеттен мал дәрігерлік алдын алу, эпизоотикаға қарсы
және сауықтыру іс-шараларын жүргізуге бөлінетін қаражатың мөлшерлері туралы
ұсыныс енгізеді;
17) мал дәрігерлігі қызыметін ұйымдастырудың отандық және шетелдік
тәжірибесін зерделейді, ұсыныстар енгізеді және өз құзіретінің шегінде таяу
және алыс шетелдермен мал дәрігерлігі саласында ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
18) Қазақстан Республиккасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды
жүзеге асырады.
12.Департаменттің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген
функциялардыжүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) өз құзіретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық
актілер шығаруға;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы
болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншіктік
құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
3) өзіне жүктелген міндеттерді жүзге асыру үшін мемлекеттік органдар мен
өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға;
4) өз құзіретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;
5) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалануды
жүзеге асыруға;
6) меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың мал дәрігерлігі заңдарының
нормаларын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруді жүргізуге;
7) заңды және жеке тұлғаларға эпизоотикаға қарсы және басқа да мал
дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды жүргізу және мал дәрігерлік-санитарлық
ережелердің бұзылуын жою туралы талаптар қоюға, сондай-ақ қойылған
талаптардың орындалуын бақылауға алу;
8) мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына жол
берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды әкімшіліктік жауаптылыққа
тартуға, оның ішінде айыппұл санкцияларын қолдануға;
9) эпизоотикаға қарсы іс-шаралар мен жануарлар ауруларының
диагностикасына арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысуға;
10) биологиялық, химиялық, фармацевтік, жемдік үстемелер мен мал
дәрігерлігі мақсатына арналған басқа да препараттарды өндірді және
пайдалануды бақылауға;
11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3.Департаменттің мүлкі
13.Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14.Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15.Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен
шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Департаментке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке
билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16.Департаментті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметке тағайындайтын және
қызыметтен босататын Төраға басқарады.
Департамент төрағасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары
болады.
Департаменттің төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторы болып табылады, ал оның
орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік мал
дәрігерлігі инспекторының орынбасарлары болып табылады.
17.Департаменттің төрағасы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және
оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы
және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
18.Төраға осы мақсатта:
-өзінің орынбасарлары мен Департаменттің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
-заңдарға сәйкес Департаменттің қызыметерлерін, Департаменттің аумақтық
органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
-заңдарда белгіленген тәртіппен Департаменттің қызыметкерлеріне
тәртіптік жаза қолданады;
-бұйрықтарға қол қояды;
-департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
-мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік
етеді;
-заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады [10].

1.3 Псороптоз ауруы

Псороптоз – Psoroptidae тұқымдасына жататын тері үстін мекендейтін
кенелер тудыратын инвазиялық ауру. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі
қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түсіп қалады, ал кейде өлім – жітімге
ұшырайды.
Psoroptidae тұқымдасына кенелердің Psoroptes,Chorioptes және
Otodectes деген 3 туысы жатады.
Psoroptidae туысына жататын кенелердің тұрқы 0,8мм. Олардың тұмсығы
ұзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруға икемделген. Төрт жұп аяқтары ұзын,
жақсы дамыған. Бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарында, ұзын және
бунақталған тірекшелерінің ұшында сорғыш жабысқақтары бар. Бірақ еркек
кенелерінің төртінші аяқтарында олар дамымаған. Жыныстық деморфизм жақсы
дамыған.
Еркек кенелердің арт жағында екі бүртігі бар, олардың әр қайсысында 4
тал қылшық бар, сондай – ақ жыныс жабысқағы бар. Ұрғашы кенелердің арт жағы
дөңгеленіп біткен.
Әр мал түлігіне тән өз алдында бір қоздырғыш түрі болғанымен олардың
морфологиясы, яғни құрылысы бір – біріне ұқсас.
Псороптозды қойда Psoroptes ovis, ірі қарада Psoroptes bovis, жылқы
мен есекте Psoroptes equi, үй қоянында Psoroptes cuniculi түрлері
қоздырады.
Қоздырғыштардың өсіп – өнуі. Psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр
кенелері тұрақты паразиттер қатарына жатады, себебі олардың мекені және
өсіп – өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар
тіршілігін аз – ақ уақыт сақтайды.
Ұрықтанған ұрғашы кенелер тері үстіне жұмыртқа салады. Әр жұмыртқа
үстінде желім тәрізді зат болғандықтан олар теріге жабысып қалады. Ұрғашы
кенелер күніне 1 – 2 ден, барлығы 60 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3 –
6 күннен кейін балаң кене шығады. Кейінгілерден 3 – 4 күннен кейін нимфа,
яғни протонимфа пайда болады. Протономифа 3 – 7 күннен кейін түлеп, екінші
нимфа немесе телеонимфаға айналады, ал телеонимфаның имаго сатысына
айналуына 2 – 3 күн керек [1,2].
Ұрғашы және еркек кенелердің өсіп – өнуіне әртүрлі мерзім керек.
Қолайлы жағдайда еркек кенелер 14 – 16 күнде, ал ұрғашылары 18 – 20 күнде
өсіп жетіледі.
Ұрғашы кенелер салатын жұмыртқаның саны және олардан шығатын ұрпақтың
дамып жетілуі тері маңындағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ыңғайлы
жағдайларда бір жұп кенелер бір жыл ішінде миллиондаған ұрпақ береді.

1.3.1 Псороптоз ауруы қоздырғышының биологиясы, өсіп – өнуі,
морфологиясы

Кенелердің биологиясы да, яғни өсіп – өнуі де бір – біріне өте ұқсас.
Кененің ұрықтанған ұрғашылары терінің эпидермис, яғни жоғарғы қабатынан
ұзындығы 15мм – дей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2 – 8 ден
жұмыртқа салады. Бір ұрғашы кене небары 40 – 60 – тай жұмыртқа салады.
Жұмыртқадан 3 – 6 күннен соң балаң кене шығады да, 3 – 4 күннен кейін
бірінші нимафаға, ал тағы бір 3 – 7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады.
Соңғылар 2 – 3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына айналады.
Терінің эпидермис астындағы қабатының көтеріліп өсуіне байланысты екінші,
яғни телеонимфа тері үстіне шығып қалады. Мұнда еркек кенелермен
шағылысқаннан кейін терінің басқа жеріне көшеді де, ұрғашы кенеге
айналғаннан кейін терінің эпидермис қабатын тесіп, салынған жолға
жұмыртқалай бастайды.
Өзіне жайсыз қоршаған ортаға түсіп қалған кенелер өсіп-өнбейді. Олар
ыстық – суықтықтың және ылғалдықтың өзгеруіне өте сезімтал болғандықтан 15
тәуліктен соң – ақ қозғалымпаз қасиетін жоғалтып жансызданады.
Морфологиялық жағынан кенелердің барлық түрлері өзара ұқсас. Тері
бетінің кенелерімен салыстырғанда, бұл үлкендігі 0,2 – 0,5мм келетін өте
ұсқа кенелер. Денесінің формасы жұмыр, солғын – сұр түсті. Тұмсығы таға
тәрізді, қысқа, кеміргіш типті. Аяқтары қысқа, ұзын сегменттенбеген
өзектерде сорғыштары бар. Кенелер терінің қалың – эпидерма қабатында
тоғышарлық етеді. Лимфамен қоректенеді. Мұнда ұрғашылары жырашықтар жасап,
жұқа мөлдір қабығы бар сопақ формалы жұмыртқалар салады. Ұрғашысының
біреуінің өзі 60-қа жуық жұмыртқа сала алады.
Өзінің жетілуі шағында қыршаңқы кенелер тері бетінің кенелері өткен
сатылардан өтеді. Қолайлы жағдайларда бүкіл айналу циклына 15 – 19 күн
керек. Оларға ерекше жағдайдың қажеті жоқ. Кез – келген терілердің белгілі
бір жерін қысқа уақытқа зақымдануы мүмкін. Сыртқы ортада 3 аптаға дейін
сақталуы ықтимал.
Кенелердің даму циклін, оларды айналу иесін білу тоғышарлық ететін
мезгілін білу, кенелермен күрес жүргізу үшін қажет. Кенелердің сілекей
бездерінің даму уақытын білген жөн, өйткені сол сілекей бездері жеткілікті
кезде кене малға шабуыл жасап, гемоспоридиоз ауруын таратады. Сондықтан сол
кезде кенені малдың денесінен іздеп обработка (құрту, жою жасау керек
болады, қай кененің қай жерде, қай ауданда өсетіндігін білу қажет) жасау
керек. Мәселен, бір кенелер орманды бұтақты жерде өссе, екіншілері далада
құмды, жартылай құмды жерлерде өседі. Үшіншілері тек жабайы аңдарда олардың
жүнінің ішінде өседі, төртінші түрі үй малдарының тұратын жергілікті өседі,
көбейеді. Міне осыған қарап эпизоотикалық іс – шара сол бойынша жұмыс істеу
керек.
Жайылым кенесінің денесі бунақтарға бөлінбеген, ұзындығы 4мм – ге
дейін келетін, сопақша пішінді және де арқасынан құрсағына қарай нығыздалып
келген болады. Ауыз ұштары тесіп – сорғыш ауыз аппаратына айналған. Ересек
түрлерінде 4 жұп жүретін аяқтары бар, ал ол аяқтардың ұштарында тырнақтары
болады. Көздері болмайды. Денесі созылғышкутикуламен қапталған. Ал оның
астында гиподерма қабаты мен етті талшықтар шоғыры орналасқан.
Екі иелік кенелер малдарға шабуыл дернәсіл кезінде жасап қанға тойып,
басқа малға ауысып нимфаға айналады, сол малдың қанына тойып ішіп жерге
түседі де имагоға дейін дамиды. Ол ересек кенеге айналып басқа малға немесе
сол малдың өзіне қайта шабуыл жасайды да, дамудың екінші циклін өткізеді,
қанға тойып ол малдан жерге түседі.
Үш иелік кенелер, кезек – кезекпен үщ иені ауыстырады. Дернәсіл
бірінші иеде қанға тойып, үшінші иеге ауысады, жерге түсіп жұмыртқа салады
(үшінші иелер жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қоян, тышқандар т.б. болды)
[2,3].

1.3.2 Псороптоз ауруының эпизоотологиялық деректері

Малдың түлігіне қотыр кенелерінің сол мал денесінде мекендейтін түрі
ғана тән. Қотыр кенелері сау малға ауру малмен жанасқанда жұғады. Сондай-
ақ, ортақ жайылым, суат, қора және әр түрлі құрал – саймандар, әбзел,
малшылардың киімі арқылы да жұғуы мүмкін, арық малға қотыр жұққыш келеді,
себебі арық малдың терісі селдіреп жұқарады да, оны кене тұмсығымен оп -
оңай теседі. Семіз малдың терісі тығыз және қалың болады. Сондықтан кененің
өмір сүруіне ол қолайсыз.Қотыр мал арасына әсіресе ылғалды, жауында жылдары
көбірек тарайды.
Псороптоз көбінесе энзоотия түрінде өтеді. Ауруға биязы және жартылай
биязы жүнді қой тұқымдары бейім. Ауру күз және қыс айларында етек алады.
Басқа шаруашылықтардан мал терісіне жабысып келген қотыр кенелері аз уақыт
ішінде өсіп – өніп мал фермасына, тіпті бүкіл бір шаруашылық тарап кетуі
мүмкін.
Аурудың жасырын түрiнде малдың көз үстi ойығында шабында немесе күн
сәулесi жақсы түспейтiн тұстарында теpінiң сәл қалыңдап қайызғақтанғаны
байқалады. Мал көп мазасызданбайды. Қотыр ауруы мал ұстаудың санитарлық-
гигиеналық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда пайда болады.
Ауру барлық қойды түгел қамтиды, дегенмен биязы, биязылау жүнді тоқтылар,
тұсақтар тез шалдыққыш келеді. Ауру көбінесе күз, қыс айларында өршиді,
оның өрістеуі мен етек алуының негізгі себептері ауа райының жылылығына,
ылғалдылығына, қой жүнінің біркелкі өсуіне, мал терісінің физиологиялық
жағдайына байланысты. Солтүстік аймақтарда (Солтүстік Қазақстан,
Көкшетау, Қостанай, Орал облыстары) — қотыр ауруы август-сентябрь айларында
байқалады да, күздің аяғы мен қыстыкүні бүкіл малды қамтиды. Егер қой
арық, авитаминоз болып, ауруға қарсы тұру күші төмендесе, онда қотыр
ауруы асқынып, ушығады.
Көктемгі қырқымнан соң аурудың өршуі бәсеңдеп, мал сақаяды да терінің
қалың қатпарларында ғана некен-саяқ қара-қотырланған орындар қалады. Бұл
қотыр ауруы түгел жазылмаған, бірақ кенелердің уақытша өсіп-жетілуін
тоқтату кезеңі. Қотырмен 2—3 айлық қозылар да ауырады. Қой қотырының басқа
малға залалы болмайды, дегенмен қоздырушы кене көпке дейін иттің, аттың,
өгіздің, түйенің немесе қорада кездесетін әр түрлі кемірушілердің денесінде
сақталып, қайтадан қойға ауысуы мүмкін.
Жаздыкүні мал өрісін ұзақ уақыт ауыстырмай, шөп тұяқ-кесті болса,
қайталанба суықтар, жауын-шашындар болып тұрса таулы немесе тау
етектеріндегі шаруашылық малының жаппай ауыруы мүмкін.
Аурудың көзі — ауырған немесе денесінде Р. оvis кенесі бар қойлар.
Ауру сау малға қотыр қойды оқшауламағанда немесе шопан мен басқа да мал
күтушілер арқылы жұғады. Кейде бұрын ауру мал ұсталған қораларға 2 ай
толмай қой кіргізгенде немесе бір ай болмай ауру мал жайылған өріске қой
жайғанда шығады. Сондай-ақ кененің жұмыс көліктері, иттер денесінен де
ауысуы мүмкін [1,2,4].

1.3.3 Псороптоз ауруының патогенезі

Кенелер тері үстінде жорғалап, денесіндегі қылшықтарымен және
аяқтарындағы жабысқақтарымен, сондай – ақ сөл соруға бейімділген ұзын
тұмсықтарымен теріде орналасқан рецепторларды тітіркендіреді, сондықтан
тері қышынады. Қышынған жерлерін жануарлар тісімен жарақаттайды,
сілекейімен ылғалдандырады. Осының барлығы алғашқы ошақта кененің жылдам
өсіп – өнуіне әсерін тигізеді. Терінің қышынуына кенелердің жарақатқа
енетін улы сілекей де әсерін тигізеді.
Ауру жұғудың негізгі көзі – ауру мал. Ауру мал мен сау мал аралас
бағып – күтілгенде, сол сияқты күтім жабдықтары, қызмет көрсететін
адамдардың киімдері арқылы ауру жұғуы мүмкін. Ауру малмен тікелей араласып
жүрген малдың өзге түліктері де өоздырғыштар тасушы болуы ықтимал.
Псороптоздың таралуына малдың бір жерде өте көп шоғырлануы, қоралар
ауасының өте ылғалды және онда аммиактың болуы, малды қайта топтау;
жеткілікті азықтандырмау, гельминтоздар және басқа аурулар себепкер болады
[1,3,4].

1.3.4 Псороптоз ауруының клиникалық белгілері

Псороптоздың жасырын кезеңі 2 – 3 аптадай. Аурудың алғашқы сатысында
қотырға шалдыққан тері қызарып ісінеді. Сонан соң теріде түйіншіктер пайда
болады, біраздан кейін олар мөлдір экссудатқа толып күлдірейді. Кейінірек
олардың іші іріңге толып пустулаға айналады. Мал қышыған жерлерін қасығанда
күлдіреуіктерден қан аралас ірің ағып, қабыршақтанып қатып қалады. Қотырға
шалдыққан мал қатты қышынады – бұл аурудың негізгі белгісі. Зақымданған
жерлерінің жүні түсіп қалады.
Тері қотырына қойдың шоқтығы, арқасы, белі және сауыры сияқты нғыз
жүні қалың әрі ұзын жерлері шалдығады. Егер қой ауру басталғаннан кейін 6 –
8 апта емделмесе, қотыр мал денесіне түгел тарап, аяқтары мен бас терісінен
басқа жері түгел зақымданады.
Ірі қарада тері қотыры мойынның екі жағынан, шоқтығынан және екі жақ
бүйірінен басталады. Сонан соң зақымданған жер үлкейе түседі. Ескі
ошақтарда тері қатпарланып, жүні түсіп қалады. Мал қасынғанда терінің әр
жері жарылып, қаны шығып тұрады.
Жылқының қотырға жалы, шоқтығы, иығы шалдығады. Жылқы бұл жерлерін
қабырғаға және тісімен қасып жарақаттайды. Аурудың екінші сатысында
зақымданған жерлерінің жүні түсіп, дерматитке айналады. Үй қоянының тері
қотырына құлақ қалқанының ішкі жағы ғана шалдығады. Құлақ ішін қатпаршақтар
басып кетеді. Ауру қоян тыпыршап, аяқтарымен құлағын қасиды. Егер ауру
асқынса ортаңғы және ішкі құлақ бөлімдеріне тарап, ауру қоянның басы
қисайып тұрады.
Жазда, әсіресе қойлардың жүнін қырыққаннан кейін псороптоздың
клиникалық белгілері жойылып кетеді. Ауру белгісіз өтеді. Дегенмен кенелер
жойылмайды, тіпті көбейе түседі. Олар тері қатпарларына, құлақ қалқаны
терісінің ішкі беткейіне, тұяқаралық саңлауларға және жаз маусымында
тіршілік етуге қолайлы келетін дененің басқа да жерлеріне ауысады. Күз
басталғанда кенелер өздеріне қолайлы жерлерге ауысады да, аурудың
клиникалық белгілеріне байқатады.
Ірі қара мен жылқы псороптозбен жылдың көбінесе күзгі – қысқы
кезеңінде ауырады. Ауырған кезде малдың мойыны мен бүйірлерінің жүні түсіп,
қышиды. Үй қояндарының құлақ қалқанының ішкі терісі зақымданады.
Үй қоянынының тepi қотырына құлақ қалқанының iшкi жағы ғана шалдығады.
Құлақ iшiн қатпаршақтар басып кетедi. Ауру қоян тыпыршып, aяқтарымен
құлағын қасиды. Егер ауру acқынca opтaңғы және iшкi құлақ бөлiмдерiне
тарап, ауру қоянның басы қисайып тұрады.
Ұрғашы кенелер ұрықтанған соң қоректенуi жоғарылайды да тepi
эпидермисiне жұмыртқалай бастайды. Ол үшiн тұмсығымен тepiнi сөл бөлу
қабатына дейiн тесiп, аққан лимфаны сорады. Кененiң тepi үстiнде жорғалауы,
тecyi тepiнiң сезгiш рецепторларын тiтipкендiрiп, қышытады. Бұл - ең
бiрiншi қышыма ретiнде байқалуы. Одан әpi қышыған жерлерiн мал қатты
заттарға үйкелейдi, тұяғымен қасиды немесе тiciмeн тiстелейдi. Tepi
жарақаттанып, суланады да ылғалдылығы артып кенелердiң өсiп-өнyiнe өте
қолайлы жағдай туады. Keнeнiң сiлекейi немесе денеciнeн бөлiнген заттары
жараға түсiп мал дeнeciнe ciңeдi де тiтiркендiрiп, аллергия пайда болуына
әкеп соғады.
Keнeнiң мал тepiciн жарақаттауы басқа да залалды микробтардың
қоныстануына мүмкiншiлiк жасайды. Tepi жарақаты күннен күнге көбейедi,
ұлғаяды, малдың дамылсыз қышынуы, қасына беруi, кене қалдықтары немесе
түскен микробтардың денеге тарауы, тepiнiң қатпарланып iciнyi малдың бүкiл
денесiнiң физиологиялық табиғи тiршiлiгiн бұзады. Мал ұйықтаудан қалып,
жеген азығы қорытылмайды. Қаси бергендiктен мал денeciнiң жүнi түсiп,
қызылшақаланады да көбiнесе суық тию, өкпе қабыну салдарынан өледi.
Сақа қой арасында қотыр кeнeci түскен соң ауру 2-4 жетiден, қозыларда
1,5-2 айдан кейiн байқалады. Ауру жiтi, созылмалы, жасырын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары
Фосфорорганикалық пестицидтерді ферментті әдіспен аныктау
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Пәндер