Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу . . . 10

1. 2Ценуроз . . . 13

1. 3 Ценуроздың эпизоотологиясы . . . 14

1. 4 Ценуроз ауруының өрбуі . . . 15

1. 5 Ценуроздағы өлекседегі өзгерістер . . . 16

1. 6 Ценуроздың алдын алу және күресу шаралары . . . 17

1. 7 Бұлшық ет ценурозы (Скрябин ценурозы) . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 22

3Техника қауіпсіздігі . . . 25

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен жазылған «Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» атты курстық жұмысым 29 беттен тұрады.

Бұл курстық жұмыс нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Курстық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар қолданылды:

Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен, қан қысымынан бас сүйектің атрофиясының дамуымен жүретін үй және жабайы күйіс қайыратын малдардың ауруы.

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 04 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2016ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04-06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2016ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.

Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.

Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.

Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.

Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:

  • мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
  • ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
  • ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
  • ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
  • осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
  • жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
  • мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пункттерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
  • заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.

Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен, қан қысымынан бас сүйектің атрофиясының дамуымен жүретін үй және жабайы күйіс қайыратын малдардың ауруы.

Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау қаскырдың және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларвоциста кезі қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жуйесі ұлпаларын (миыңда және жұлынында) мекендейді. Қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру.

Ценурозбен қой, қозы, ірі қара мал, сирегірек түйе, шошқа, жылқы, сайғақ, жайран, архар, сондай-ақ адамдар ауырады.

Аралық иелері - негізінен қой, қозы, ірі қара мал жэне басқа да күйіс қайыратын жануарлар.

Ақтық иелері - ит, өте сирек түлкі, шақал және қасқыр болып табьшады. Аш ішек бөлімінде ми цепенінің жынысы жетілген сатысы паразиттік тіршілік етеді. Ценуроз Қазақстанның қой өсіретін барлық шаруашылықтарында кездеседі. Айналмамен көбінесе бір жасқа дейінгі қозылар ауырады. Ал екі жастан асқан қой бір дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық айларында тіркеледі. Гельминтоздың малға жұғу мезгілі оларды жайылымға шығарумен тікелей байланысты [1] .

Курстық жұмыстың мақсаты - қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:

  1. мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға;
  2. осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға;
  3. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
  4. мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге;
  5. індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринриялық ережелер мен нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
  6. ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге;
  7. ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз шектеулерге жол бермеуге;
  8. жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойлатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:

  1. ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
  2. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
  3. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді қабылдау немесе бекіту;
  4. ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту;
  5. жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шартарын белгілеу;
  6. шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
  7. осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру кіреді.

Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі

Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне;

  1. мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
  2. мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
  3. мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
  4. ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары

1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына;

  1. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
  2. мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
  3. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық бөлімшелері;
  4. селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық, қалалық, аумақтық бөлімшелері жатады.

2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде- Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса «бас мемлекеттік инспектор», «бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары» деген арнаулы атаулар беруге құқылы.

Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіреті

Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіретіне:

  1. ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
  2. жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  3. жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тізбесін әзірлеу;
  4. аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
  5. денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру;
  8. Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру;
  9. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді лицензиялау;
  10. ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік конкурстық және тендерлік құжаттама ны әзірлеуге қатысу;
  11. Жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет жағдайын зерделеу;
  12. Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар, белгіленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
  13. Ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тізілімін жүгізу;
  14. жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
  15. халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
  16. Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
  17. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  18. Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері

1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы мынандай қызметтерді:

1) тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;

2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.

2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады.

3. Мемлекеттік органдарды осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.

Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы құзіреті

1. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып, олардың құрылымын, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу тәртібін белгілей алады.

2. Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді, ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда, ветеринариялық іс шаралар жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады [9] .

1. 2Ценуроз

Ценуроз (айналма, тентек, миқұрт) - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен, қан қысымынан бас сүйектің атрофиясының дамуымен жүретін үй және жабайы күйіс қайыратын маддардың ауруы.

Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау қаскырдың және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларвоциста кезі қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жуйесі ұлпаларын (миыңда және жұлынында) мекендейді. Қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру.

Ценурозбен қой, қозы, ірі қара мал, сирегірек түйе, шошқа, жылқы, сайғақ, жайран, архар, сондай-ақ адамдар ауырады.

Аралық иелері - негізінен қой, қозы, ірі қара мал жэне басқа да күйіс қайыратын жануарлар.

Ақтық иелері. - ит, өте сирек түлкі, шақал және қасқыр болып табьшады. Аш ішек бөлімінде ми цепенінің жынысы жетілген сатысы паразиттік тіршілік етеді [1, 2] .

Қоздырғышы

Имаго - Мulticeps multiceps, ұзындығы 40-60 см-ден 1-1, 5 м-ге дейін барады, денесі 200-250 бунақгардан құралған. Көпіршігі - Соеnurosis cerebralis - іші түссіз сұйыққа толы, ішкі жағынан бүртік секідді нүктедей жүзден артық сколекстері байқалады. Мида 2-3 ценур кездеседі, олардың үлкендігі кейде тауық жұмыртқасындай.

Өсіп-өнуі

Ит ішегін мекендейтін жүздеген мультицепстің әрбір пісіп-жетілген буылтығында мыңдаған жұмыртқалар болады. Күн сайын ондаган бунақтар құрт денесінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығып жатады. Бунақгар жауын-шашын, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жұмыртқалар өсімдікке, суға түсіп, мал өрісіне тарайды.

Малға айналма дерті гельминт жұмыртқасымен былғанған, шөппен, сумен жүғады.

Құрт жұмыртқасы мал асқазанына түсісімен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан онкосфера ішекті тесіп өтіп, , қан тамырларына енеді, қан арқылы миға не жұлынға орналасып, 3 ай ішінде ценурға, яғни тентек көпіршігіне айналады.

Ит өлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кеміріп жеу арқылы зақымданады. Ит ішегіне түскен балаңқұрт орта есеппен 1, 5-2 айда жыныстық сатысьна жетіліп, 6-8 ай, тіпті 1, 5-2 жьл сонда тіршілік етеді [1, 3] .

1. 3 Ценуроздың эпизоотологиясы

Ценуроз Қазақстанның қой өсіретін барлық шаруашылықтарында кездеседі. Айналмамен көбінесе бір жасқа дейінгі қозылар ауырады. Ал екі жастан асқан қой бір дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық айларында тіркеледі.

Гельминтоздың малға жұғу мезгілі оларды жайьлымға шығарумен тікелей байланысты. Республикамыздың солтүстік аудардарында мал өлімі жазғытұрым басталып, күздің аяғына дейін барады.

Оңтүстікте жас төлдердің тентекке ұщырауы сәуір - мамыр айларьшда басталады, ал шілде-тамызда көбейе түседі. Ценуроздьщ клиникалық белгілері қойға оның қоздырғышы жұққанан кейін 3-6 ай өткен соң ғана біліне бастайды. Бұл аурудың ең асқьшатын кезі - ерте көктем.

Ценуроздың эпизоотологнясывда иттер маңызды міндет атқарады, өйткені олар сыртқы ортаға таспа құрттың жүз мыңдаған, миллиондаған жұмыртқаларын шашады.

Цестодалардың жұмыртқасы күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде тез жойылады, ол керісінше көлеңкелі, ылғалды жерлерде тірлігін ұзақ уақыт (бір жылға дейін) сақгай алады [1, 2, 3] .

1. 4 Ценуроз ауруының өрбуі

Ценуроз қоздырғышының мал денесіне тигізер ықпалы балаңқұрт ащы ішек қабаттарын тесіп өткенінен-ақ байқалады.

Патоморфологиялық өзгерістер ащы ішек пен тоқ ішекте, бүйеңце айқындала түседі, бұлардың кілегей қабатынан көптеген нүкте тәріздес қанталауларды көруге болады. Одан кейін онкосфера қан, сөл (лимфа) жолдары арқылы барлық дене мүшелеріне таралады. Бас миында алғашқы өзгеріс ауру жұқтырғаннан кейін 2 тәулік өтісімен анықталған.

Ценур орналасқан жер зақымдальш қабынады. Біртіндеп өсіп жетілген көпіршік түзіліп, ол орталық жүйке жүйесінің қызметін бұза бастайды. Бірақ гельминтоз өте зардапты дерт, одан мал өлмей тірі қалуы екіталай.

Сырт белгілері ценуроз қоздырғышы балаң құрттарының жайғасқан санына және оның ми бөлшегінен орын тепкеніне байланысты.

Сондықтан да кейбір клиникалық көріністеріне қарап-ақ құрт мидың не жұлынның қайсы тұстарына орналасқанын ажыратуға мүмкіншілік туады. Ауру сырт белгілеріне қарай төрт сатыға бөлінеді.

Бірінші сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңі. Ценуроз жұкқан қойда ешқандай клиникалық белгі байқалмайды, бірақ қоздырғышты организмде бар екенін иммунологиялык реакцияны пайдалану арқылы табуға болады.

Екінші сатысы немесе сырт белгілері білінген кезеңі шамамен алғанда жануар залалданғаннан кейін 17-29 күн өткен соң басталады, Мал аз жусап, күйісті шала қайтарады, денесі дірілдейді, тісін қайрайды, елендеп, жоқтан өзгеден үркіп, дүрлігіп, кейде жатқан орнынан атып тұрьш, құлақгарын қайшылап, шошынған қалып танытады. Бұл кезең 2-7 күнге созылады. Қозылар арасында шығын болуы ықтимал [1, 2, 4] .

Үшінші сатысы немесе екінші жасырын кезеңінде малдың күйі кәдімгідей жақсарады, аталған клиникалық белгілер өзінен-өзі жойьшып, білінбей кетеді. Миқұртгың бұл сатысы 2-8 айға созьшады.

Төртінші сатысы (8-9 айды қамтиды) немесе соңғы кезеңінде ценуроздың ерекше айқын белгілері анықгала түседі.

Ауру асқынған кезде жүріп келе жатып мелшие қалу, бағытсыз жүріп кету, қоралы малдан бөліне қашу, кілт тоқтап артқа шегіну, оқтын-оқтын басын бір жағына қисайтып алып, бағдарсыз жүріп барып сүріну, жығылу, басын кекжитіп алып тұра жөнелу, көбіне бағытын жоғалтып, бір орнында айнала беру сияқты белгілер байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурудың клиникалық белгілерін талдау
Індеттану және жұқпалы аурулар
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Қойлардың ценурозының таралуын, балауын, сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz