Қырыққабат дақылының өнімділігіне органикалық тыңайтқыштардың әсері



КІРІСПЕ
1 Әдебиеттерге шолу
2 Зерттеу жүргізген аймақтың климат және топырақ жағдайлары
3 Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі мен өсуру технологиясы
3.1 Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
3.2 Қырыққабат дақылының өсуру технологиясы
4 Тәжірибенің әдістемесі мен бағдарламасы
Қырыққабат – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады. Сабақтың ішкі жағындағы бөлігін ішкі (өзек) оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см) сұрыптар жеңіл. Құрғақ құмды жерлерге, ал ұзын зігіріктілері (25 см асатындар) ылғалды шымтезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатын топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.
Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әр түрлі – шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болы мүмкін.
Қырыққабаттың жемісі – ұзындығы 8 см дейін болатын екі ұялы бұршаққын. Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5 мм жуық, түсі ашық сұрдан қара қоңырға дейін өзгереді. 1000 дәннің массасы 2,5-4 г. Қырыққабаттың жекелеген түрлерін тұқымдарының сыртқы түрі бойынша ажырату өте қиын.
Қырыққабат – топырақ құнарлығына талап қойғыш өсімдік. Оған ең жарамды саздық, ылғалды жақсы ұстайтын топырақтар, сондай-ақ құнарлы өзен жайылмалары. Ол қышқыл топырақтарда нашар өседі. Ең қолайлысы – топырақ ерітіндісінің реакциясы сәл қышқылдау (рН -6) болғаны дұрыс. Жоғары өнімді қырыққабат қоректік заттарды мол сіңіреді, кеш пісетін сұрыптары ерте пісетіндерге қарағанда, топырақ құнарлығына жоғары талап қояды.
Қырыққабат гектарынан 800 ц өнім бергенде топырақтан 220-230 кг азот, 60-70 кг фосфор, 200-220 кг калий сіңіреді. Бұл бидайдың 30 ц/га өнімге шығарған заттарынан 2,5 есе жоғары. Қырыққабат жапырақтары қарқынды өсу кезеңінде көбірек азотты, ал қауданы қалыптасқанда фосфор мен калийді сіңіреді.
Қазіргі кезде қырыққабат әлемде 800 мың га жерге өсіріледі. ТМД елдері оны өсіруде бірінші орында: жылдағы егіс көлемі 250 мыңдай га. Ерте пісетін сұрыптарының орташа өнімділігі – 100-200 ц/га, кеш пісетіндерінікі – 300-400 ц/га. Бәр қауданның массасы 16 кг дейін болады. Қазақстанда қырыққабатты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстанның солтүстігінде қырыққабат 3,4 мың га жерде өсіріледі. Шаруашылық тұрғыдан алғанда егістіктің 65%-ы үй маңайындағы шаруашылықта орналасқан. Ең жоғары өнімділік шаруа қожалықтарында және үй маңайындағы жерлерде. Қазақстанда ең жоғары өнімділікті Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында (260-275 ц/га) жинауда.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қырыққабат дақылының өнімділігіне органикалық тыңайтқыштардың әсері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В080800 – Топырақтану және агрохимия

КІРІСПЕ

Қырыққабат – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын,
жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және
тұқымдарын қалыптастырады. Сабақтың ішкі жағындағы бөлігін ішкі (өзек) оның
сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа
(10-15 см) сұрыптар жеңіл. Құрғақ құмды жерлерге, ал ұзын зігіріктілері (25
см асатындар) ылғалды шымтезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге
болатын топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға
болады.
Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әр түрлі –
шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады. Сұрпына және өсу жағдайына
байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ,
сарғыш, ақ сары, жасыл сары болы мүмкін.
Қырыққабаттың жемісі – ұзындығы 8 см дейін болатын екі ұялы бұршаққын.
Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5 мм жуық, түсі ашық сұрдан қара қоңырға дейін
өзгереді. 1000 дәннің массасы 2,5-4 г. Қырыққабаттың жекелеген түрлерін
тұқымдарының сыртқы түрі бойынша ажырату өте қиын.
Қырыққабат – топырақ құнарлығына талап қойғыш өсімдік. Оған ең жарамды
саздық, ылғалды жақсы ұстайтын топырақтар, сондай-ақ құнарлы өзен
жайылмалары. Ол қышқыл топырақтарда нашар өседі. Ең қолайлысы – топырақ
ерітіндісінің реакциясы сәл қышқылдау (рН -6) болғаны дұрыс. Жоғары өнімді
қырыққабат қоректік заттарды мол сіңіреді, кеш пісетін сұрыптары ерте
пісетіндерге қарағанда, топырақ құнарлығына жоғары талап қояды.
Қырыққабат гектарынан 800 ц өнім бергенде топырақтан 220-230 кг азот,
60-70 кг фосфор, 200-220 кг калий сіңіреді. Бұл бидайдың 30 цга өнімге
шығарған заттарынан 2,5 есе жоғары. Қырыққабат жапырақтары қарқынды өсу
кезеңінде көбірек азотты, ал қауданы қалыптасқанда фосфор мен калийді
сіңіреді.
Қазіргі кезде қырыққабат әлемде 800 мың га жерге өсіріледі. ТМД елдері
оны өсіруде бірінші орында: жылдағы егіс көлемі 250 мыңдай га. Ерте пісетін
сұрыптарының орташа өнімділігі – 100-200 цга, кеш пісетіндерінікі – 300-
400 цга. Бәр қауданның массасы 16 кг дейін болады. Қазақстанда
қырыққабатты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы,
Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Қазақстанның солтүстігінде қырыққабат 3,4 мың га жерде өсіріледі.
Шаруашылық тұрғыдан алғанда егістіктің 65%-ы үй маңайындағы шаруашылықта
орналасқан. Ең жоғары өнімділік шаруа қожалықтарында және үй маңайындағы
жерлерде. Қазақстанда ең жоғары өнімділікті Алматы және Шығыс Қазақстан
облыстарында (260-275 цга) жинауда.
Ақ қауанды қырыққабаттың ерекшелiгi қысқа мерзiм iшiнде көп мөлшерде
органикалық заттар түзетiн және қоректiк заттарды қарқынды пайдаланатын
өсiмдiк. Оның көшетi егiстiкке отырғызылған соң алғашқы айында баяу өседi
және шамамен 8‚5% азот‚ 6‚7% фосфор және 7‚5% калий пайдаланады. Ал бас
жарған кезде өзiнiң өсiп-жетiлуi кезiнде қажет болатын азот‚ фосфор‚
калийдiң 85%-тiн пайдаланады.
Зерттеудің өзектілігі:Қырыққабатқа органикалық тыңайтқыш қолдану оның
өнiмiнiң көбеюiне және тезiрек пiсуiне әсер етедi. Әсiресе көңге қосымша
азот және шамалы мөлшерде фосфор қосып беру өте тиiмдi. Сол сияқты
капустаны көң берiлген алғы дақылдан соң отырғызу да оның өнiмiнiң артуына
жақсы әсер етедi.
Қырыққабат өнiмiнiң сапасының жақсаруына микроэлементтердiң пайдасы
үлкен. Мәселен‚ мырыш әсерiнен капуста өз бойына аскорбин қышқылын көп
жинайды. Бор қолдану оның қанттылығын арттырады.
Жалпы қырыққабат өсiмдiгiне қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi оның
сортына‚ өнiм шамасына‚ топырақтағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң
мөлшерiне және топырақ типiне байланысты.
Зерттеудің мақсаты: Ғылыми негізделген тыңайту жүйесін құру арқылы
өсірілетін дақылдардың өнімділігі мен топырақтың құнарлылығын жағарылату,
тыңайтқыштардың қайтарылымын арттыру, өнімің, материалдық және еңбек
ресурстарының өзіндік құнын төмендету.

1 Әдебиеттерге шолу

Көкөнiс дақылдары қоректiк заттарды көп пайдаланады. Сондықтан олар
топырақта қоректiк заттардың қорының мол болуын ұнатады.
Көкөнiс дақылдарының iшiндегi қоректiк элементтердi қырыққабат көп,
қызанақ, сәбiз, пияз орташа, ал қияр, редис аз мөлшерде пайдаланады. Тағы
ескеретiн жай көкөнiс дақылдарының жеке қоректiк элементтердi сiңiру
дәрежесi бiрдей емес. Мәселен, сәбiз, асханалық қызылша‚ пияз капустамен
салыстырғанда азотты аз мөлшерде сiңiредi. Қызанақ‚ бұрыш‚ баклажан басқа
көкөнiс дақылдарына қарағанда фосфор элементiн көп қажет етедi.
Көкөнiс дақылдарының кұлiнiң 60%-тi калий элементiнiң үлесiне тиедi.
Калий көмiрсу‚ амин қышқылдары‚ белок сияқты органикалық заттардың
синтезделуiне қатысады. Көпшiлiк көкөнiс дақылдары жапырағындағы калий
мөлшерi 1‚5%-тен төмендегенде оны қажетсiнедi. Ал калий мөлшерi 2‚5% немесе
одан көп болса калийдi қажетсiнбейдi. Басқа көкөнiс дақылдарымен
салыстырғанда тамыржемiстiлер мен қияр калийдi көп қажет етедi.
Көкөнiс дақылдарының топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясына төзiмдiлiгi
бiрдей емес. Қырыққабат‚ асханалық қызылша‚ қызанақ дақылдарының топырақ
ерiтiндiсiнiң концентрациясына төзiмдiлiгi қияр мен пиязға қарағанда
жоғары. Көкөнiс дақылдары үшiн топырақ ерiтiндiсiнiң ең қолайлы
концентрациясы 0‚02-0‚05%.
Көкөнiс дақылдары өздерiнiң биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес қоректiк
заттарды әртүрлi мөлшерде пайдаланады.
Көкөнiс дақылдарының қоректiк элементтердi пайдалануы жөнiндегi 85-
кестеде келтiрiлген деректер жергiлiктi жағдайды және топырақ
ерекшелiктерiн ескере отырып, тыңайтқыш мөлшерiн белгiлеуде мiндеттi тұрде
негiзге алынуы тиiс.
Қырыққабат – қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша
өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен
ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі.
Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой
қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная капуста), кольраби, қытай
қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин
қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып,
кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама
қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні
сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен, А.
Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияның
солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.
Болжаулар бойынша, қырыққабатты Ежелгі Европалықтар б.з.б. 50-100 жылы
кроманьондықтар және неандертальдықтар тағам ретінде пайдаланған.
Қырыққабаттың отаны ретінде Жерорта теңізі және Батыс Европа саналады. Ең
бірінші қырыққабат туралы мәліметтерді грек жазушысы Теофраст (б.з.б. 300
жылдары) жазған. Оның айтуы бойынша египеттіктерге қырыққабат шамамен
б.з.б. ІV ғасырда танымал болған [1].
Археологиялық қазбалар нәтижесінде, қырыққабатты адамдар тас дәуірінің
соңында өсіргенін зерттеген. Б.з.б. көне Ибериде 5000 жыл бұрын
қырыққабатты өсіріп, оны ащи деп атаған. Содан бастап Египетте, Греция,
Римде таралған. Ол (капуста – Brassica) – капуста тұқымдасына жататын бір,
екі және көп жылдық өсімдік туысы болып саналады. Негізінен, капуста
туысына жататындар: шалқам, тарна, қызылша т.б. өсімдіктер. Оның дақылдық
түрлері қолдан өсіріледі, олар өзара будандастыру, сұрыптау нәтижесінде
алуан түрлі өзгерістерге ұшырап, көбейіп отыр. Барлық жерде өсіріліп, өнімі
жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі
жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды,
савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар.
Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік
екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа
төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын
сорттары [2].
Ежелгі Греция мен Римде қырыққабатты қасиетті тағам деп санаған. Оны әр
түрлі ауруларды және жараларды емдетуге қолданған. Қырыққабаттың қауданы
Батыс Еуропада 12-16 ғасырларда табылған. ТМД елдерінде қырыққабат 10-12
ғасырлар бұрын пайда болған. Оны бірінші етіп Кавказдықтар қолдана бастаған
[3].
Тағам табиғатын, дәрумендер пайдасын зерттеушілер Қытай қорғанын
салушылардың негізгі тағамы қырыққабат болғанын, оның жұмысшыларға ерекше
күш-қуат бергенін айтады. Яғни, біздің заманымыздан 200 жыл бұрын – ақ
адамдар қырыққабаттың қоректік құндылығын жақсы білген. Ежелгі гректер мен
римдіктер де қоректік құндылығы мен емдік қасиеті үшін қырыққабатты ас
мәзірінде кеңінен қолданған. Қырыққабат бірінші жылда қауданды түзесе,
екінші жылы жаңа жапырақтар пайда болып, қауданы баяу өседі және тұқымы
пайда болады. Бүкіл көкөністің ішінде қырыққабат қана сан алуан түрлі. Бұл
оның басты ерекшеліктерінің бірі. Бұл өсімдіктердің ішінде савой
қырыққабаты өз атауын Италияның Савой аралында таралғандығымен өзіне алып,
елге кеңінен танылған. Оны ас әзірлеуге қосқанымен, ашытуға, қалбырлауға,
балғын күйінде ұзақ сақтауға болмайтындықтан, ол біздің елімізде көп
кездеспейді. Мамандар жасы ұлғайған адамдарға қырыққабаттың осы түрін жеуге
ақыл-кеңес береді. Себебі, оның құрамында фосфор, кальций тәрізді маңызды
элементтер бар. Барлық көкөністен де қырыққабат адам ағзасына өте пайдалы.
Бұл мамандардың ғылыми қорытындысы [4].
Дәрігер-ғалымдардың пікірінше, күн сайын қырыққабатты ас мәзірінде
тұтыну қатерлі ісіктің алдын алады, адамның тәбетін ашады. Қырыққабат өте
құнды тағам болып келеді. Ол құндылық оның құрамындағы қанттың, ақуыздың,
дәрумендердің және тағы басқа элементтер мен қосылыстардың болуымен
ерекшеленеді. Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций,
калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және
тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып,
ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны
асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады.
Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда
қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды.
Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [5].
Крестгүлділер тұқымдасына жататын бұл өсімдіктердің жапырағында қант,
гемицеллюлоза, С, Р, В1, В2, В6, К, Д дәрумендері, каротин, ферменттер,
минералды тұздар, көмірсу, белок т.б. пайдалы заттар көп. Оның құрамындағы
тартронды қышқыл семіріп кетуден сақтайды. Қырыққабат – С дәруменінің
негізгі көзі болып табылады. Оның 100 гр шикі затында күз және қыс
айларында 20-дан 70 мг-ға дейін аскорбин қышқылы болады. Кеш пісетін
қырыққабатта 41,4-тен 74 мг-ға дейін кездеседі. С дәруменінің адамға
тәуліктік қажеттілігі 70мг-нан 10мг-ға дейін құрайды. Қырыққабат,
құрамындағы С дәруменінің мөлшері жағынан картоп, апельсин, лимон және
мандаринмен бәсекеге түседі. Әсіресе, қауданның сыртқы қабатындағы
жапырақтарында, қауданға қарағанда көп мөлшерде кездеседі [6].
Қырыққабаттың тағамдық құндылығы өте жоғары. Оның құрамында 50-ге жуық
химиялық элементтер кіреді. Олар тағамға арнайы дәм береді. Табиғи қалпында
(қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның
зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу
жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [7].
Қырыққабаттың құрамындағы С дәруменінің мөлшері 41 мгкг болады. Ол
басқа да дәрумендер мен қосылыстарға бай болып келеді. Мәселен: Р (300
мгкг), тиамин, рибофлавин, ниоцин, пантотен қышқылы, фоли қышқылы (0,9-1,9
мгкг), каротин (0,3 мгкг), биотин (0,024 мгкг), К дәрумені, токоферол
(15-25 мгкг), пиродоксин (1,2 мгкг) инозит сияқты заттар кездеседі [8].
Қырыққабаттың құрамы азот тектес заттардың болуымен ерекшелінеді. Оның
мөлшері шикі салмақта 1,9-2,7 % құрайды. Кеш пісетін қырыққабаттың шикі
затында қанттың орташа мөлшері 4,3% құрайды [2].
Соңғы кездегі мәлімет бойынша Қазақстандағы қырыққабат егісінің көлемі
180 мың га. шамасында, бірақ өнімділігі төмен күйінде қалуда. Картоп басқа
дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден,
ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған
қолайлы, қырыққабат еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған
тыңайтқыштарға, берілген суға, қайырымы мол дақыл.
Қырыққабатты Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады, өскен
ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе
басқа да табиғат апаттарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету
жолында маңызы зор.
Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету оның ішінде: мал өнімдері (ет,
сүт, жұмыртқа және т.б.) және өсімдік өнімдері (дәнді дақылдар мен майлы да-
қылдар және дәнді бұршақ дақылдар және т.б.) өз бағалылығын жоғалтқан емес,
сонымен қатар қырыққабатта та ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақыл-
дардың бірі болып табылады.
Негізінен қырыққабат дақылының 70%-ы жеке шаруашылықтар мен саяжайларда
өсірілуде, яғни ауылшаруашылық машиналары мен құралдары пайдаланбастан
өсіріледі.
Дүниежүзіндегі халқының саны бойынша алдыңғы қатарда тұрған Қытай Халық
Республикасы мен Үнді мемелекеттері қырыққабат пайдасының көп екендігін
ескеріп, оның өндірісін басты назарда ұстауда.
Қырыққабаттың егіс көлемі әр жыл сайын артып отыр. Дүниежүзіндегі
адамзаттың күнделікті пайдаланатын және аса қажетті, қолжетімді, қымбат
емес дақылдардың бірі болып табылады. Қазірі кезде дүние жүзінде картоп
19,3 млн.га жерге отырғызылып, одан 21,7 млн. тонна өнім жиналады (орташа
өнімділігі 160,6 тга). Халықтың қажеттілігін өтеу үшін картоп өнімдерінің
мөлшері жеткілікті болуы керек.
Дүниежүзіндегі халықтардың басым бөлігі азықтың жетіспеушілігін айқын
сезініп отыр. Бұл біздің республикамызда да өсімдік шаруашылығы өнімдері
мен өндіріс қажеттілігімен қамтамасыз етіп тұрған жоқ. Әсіресе бағасы арзан
және сапалы қырыққабаттың жетіспеушілігі маусым айында қатты білінеді.
Қырыққабат өнімінің өсуіне кедергі жасайтын 2 себепті атап көрсетуге
болады, яғни олар: топырақ құнарлығының төмендеуі мен жеткіліксіз және
оңтайландырылмаған минералдық қоректену болып табылады.
Ауылшаруашылық дақылдарынан, оның ішінде қырыққабат дақылынан мол әрі
сапалы өнім жинау үшін тыңайтқышты тиімді қолдану маңызды рөл атқарады.
Қазіргі жағдайда тыңайтқышсыз дақылдар өнімін айтарлықтай дәрежеге көтеру
мүмкін емес. Сондықтан игерілген ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолданудың
тиімді жүйесін пайдалану картоп түсімін арттырудың шешуші шарты болып
саналады.
Қырыққабат топырақта қоректік заттардың мол болуын қалайды.
Республиканың барлық топырақ аймағында тыңайтқыш қолдану қырыққабат
өнімінің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді [2].
Картоп – аса бағалы ауыл шаруашылығы дақылы. Елімізде жыл сайын 160-170
мың га алқапта өсірілетін осы құнды дақылдың орташа өнімділігі әр жылдың
ауа райы ерекшеліктеріне байланысты 12-15 тга көлемінде болып отыр.
Қазақстанның соңғы жылдары көптеген мол өнімді сорттардың болуына (2011
жылға жалпы 63 сорт, оның ішінде отандық 30 сорт аудандастырылған), тұқым
шаруашылығының дамуына (қазіргі кезде республикада 30-ға жуық тұқым
шаруашылығы картоп тұқымын өндіреді), ірі қырыққабат өндірушілердің жоғары
өндірісті ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталуына қарамастан, картоп
өнімділігі елімізде әлі де болса төменгі деңгейде қалып келеді. Екпе
дақылдардың, оның ішінде картоптың өсіп-жетіліп, өнім қалыптастыруына
көптеген жағдайлардың әсер ететіні мәлім. Бірқатар факторлардың ішінде
маңызды орынды агротехнология алады. Көптеген агротехникалық шаралар
міндетті болып табылады және жүзеге асырылады. Ерекше бөліп айтатын бір
фактор – ол суару режимі. Қырыққабат негізінен алғанда суармалы алқаптарда
өсіріледі.
Қырыққабат өсімдігін жер бетінде 3 миллиардтан астам тұрғындар
пайдаланады және оны өсірумен әлемнің 150 елі айналысады. Оның өсу аймағы
полярлы Финляндиядан Эквадор және Кенияның биік тауларына дейін созылады.
Биологиялық ерекшелігі бойынша қоңыржай климатты өсімдіктер қатарына
жатады және олар жоғары температураға қарағанда төмен температураны жақсы
көтереді [9]. Түйіндерінің өнуіне қолайлы топырақ температурасы – 7-80С,
түйін түзуіне – 16-180С, ал сабақтарының өсуі мен фотосинтетикалық
қызметіне – 20-210С болуы қажет. Топырақ температурасы 290С болғанда
түйіннің өсуі толық, ал 400С болғанда өсімдіктің фотосинтез үдерісі
тоқтайды.
Қазақстанда қырыққабат негізгі тамақ өнімі стратегиялық қажетті ауыл
шаруашылығы өсімдігі. Өндіру көлемінің молдығына қарамастан төмен
өнімділігіне байланысты оны өндірудің орташа жылдық көлемі республика
халқының сұранысын өтей алмайды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының
ыстық әрі құрғақ климатына отандық және шет ел селециясының мол өнімді
сорттары төзімді болмай, екінші-үшінші жылдары өнімділігі мен түйіндерінің
сапасы жоғалып, әріқарай пайдалануға қолайсыз болып қалуда. Тұқымдық
материалдары селекциялық оригинатор-мекемелерінен әкелу және
биотехнологиялық әдістерімен емдеу арқылы жаңалап отыру өнімнің
қымбаттауына әсерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
Қырыққабат - құнарлы мал азығы
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Картоп дақылының өсіру технологиясы
Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары
Алматы облысының жазық бөлігінің қоңыр топырағының құнарлығымен жүгері өнімділігіне тыңайту жүйелерінің әсері
Шалғынды қара-қоңыр топырақ жағдайында қыша дақылының өнімділігі мен майының мөлшеріне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Сарымсақтың химиялық құрамы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Пәндер