Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы

Мал өсіру және селекция пәні бойынша курстық жоба

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Жоба (жұмыс) тақырыбы: ___ Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері

Мамандығы: 5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Орындаған: Нахыпова Д. тобы АП-13-7к2

Жетекші: Қансейітов Т., а. ш. ғ. д., профессор

Жоба

(бағасы)

бағасына қорғалды

«___» 2015 ж.

Норма бақылау:

(қолы, аты-жөні)

Комиссия:

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Шымкент 2015 ж.

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

Теңлібаева А. С.

«___» 2015 ж.

пәні бойынша курстық жоба (жұмысқа)

ТАПСЫРМА

Студент Нахыпова. тобы ___ АП-13-7к2

Жоба (жұмыс) тақырыбы: ___ Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері

Берілген мәліметтер

Түсіндірме жазбасының мазмұны

курстық жоба (жұмыс)

Орындалу мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Түсіндірме жазбасының мазмұныкурстық жоба (жұмыс):
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны
Формат
№: 1
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:
№: 2
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:
№: 3
Графикалық бөлімнің мазмұны:
Орындалу мерзімі:
Парақ саны:
Формат:

Әдебиет:

1

2

3

Тапсырманың берілген күні

Жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(оқытушының аты-жөні, күні)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(студенттің аты-жөні, қолы)

Аннотация

АП-13-7к2 тобының студенті Д. Нахыпованың «Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері» тақырыбындағы курстық жұмысында жаңа мал тұқымын алу мақсатында будандастыру әдісі нәтижесінде алынған жаңа мал тұқымы Ордабасы койына жалпы сипаттама көрсетілген.

Студент Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуін, биологиялық ерекшеліктерін, малдың өнімділік сипатын зерттей келіп, олардың басқа да будан нәтижелерінен алынған малдардан айырмашылығын анықтаған. Яғни, қойдың мұндай жаңа тұқымы ыстыққа, суыққа төзімді келетінін, шөлге шыдамды екенін анықтаған. Олардың жүні аз, есесіне еті мол болады.

Жаңа тұқымның ерекшелігі жоғары сапалы қозы етін өндіруде жас малдардың ерте жетілгіштігі болып саналады. Мұнда еркек тоқтылар 4-айлық жасында 42, 0 кг-нан жоғары орташа тірілей салмақта етке өткізіледі, 15-айлығында 72, 0 кг-нан жоғары.

Аналықтарының тірілей салмағы - 68, 0-80, 0 кг, аталық-қошқарларда - 123 кг құрайды. Аналықтардың төлдегіштігі - 111, 8 пайыз.

Тұқымның жалпы саны 45, 0 мың бастан жоғары.

Алынған мәліметтер бұл мал тұқымының сапасын одан әрі жақсартуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.

Анықтама

Будандастыру - жануарлардың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі.

Будан деп - екі тұқым өкілдерін шағылыстырудан туған малды атайды.

Сіңіре будандастыру деп кең мағынада бір тұқымдық топтың негізгі өнімдік белгі қасиеттерін екінші тұқымдық топтың қасиеттерімен ауыстыруды, яғни жергілікті өнімі төмен тұқымды өнім сапасы мен саны жоғары тұқыммен будандастыру арқылы түбегейлі өзгертуді айтады.

Кірістіре будандастыру - жалпы өнімділік қасиеттері жақсы, жергілікті жағдайға бейімделген мал тұқымының негізгі қалпын сақтай отырып, тез арада кейбір кемшіліктерін жою үшін немесе кейбір өнімділік белгілерін жедел жетілдіру үшін қолданылады.

Дезинфекция(франц. des-жоямын, лат. infectio-жұқтыру) -зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс әрекеттердің бірлестігі.

Нормативті сілтемелер

МЖМБС 2. 104-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01. -80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601-95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) Қ. Р 04-2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класификаторы (ӘҚТБӨК) .

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарттары. .

Белгілер мен қысқартулар

кг - килограмм

см - сантиметр

га - гектар

л - литр

млн - миллион

м - метр

Мазмұны

бет

Аннотация . . .
4
:
Аннотация . . .:

Мазмұны . . .

Нормативті сілтемелер . . .

4:

5

6

:
Аннотация . . .: Анықтама . . .
4: 7
:
Аннотация . . .: Белгілер мен қысқартулар . . .
4: 8
:
Аннотация . . .: Кіріспе . . .
4: 9
: 1
Аннотация . . .: Негізгі бөлім . . .
4: 10
: 1. 1
Аннотация . . .: Әдебиетке шолу . . .
4: 10
: 1. 1. 1
Аннотация . . .: Қой шаруашылығындағы будандастыру нәтижелерінде пайда болған мал түрлері . . .
4: 10
: 1. 1. 2
Аннотация . . .: Будандастыру мал тұқымдарының өнімділігін арттырудың негізгі әдісі . . .
4: 12
: 1. 1. 3
Аннотация . . .: Етті-майлы өнімді құйрықты қойлардың биологиялық ерекшеліктері
4: 15
: 1. 1. 4
Аннотация . . .: Будандастыру нәтижесінде алынған жаңа Ордабасы қойтұқымы.
4: 17
: 1. 2
Аннотация . . .: Технологиялық бөлім . . .
4: 20
: 1. 2. 1
Аннотация . . .: Ордабасы қой тұқымының пайда болу, шығу ерекшеліктері . . .
4: 20
: 1. 2. 2
Аннотация . . .: Ордабасы қой тұқымы қозыларының дене бітімдерінің өсу ерекшеліктері . . .
4: 22
: 1. 2. 3
Аннотация . . .: Ордабасы қой тұқымдарының ет өнімділігіне салыстырмалы сараптама . . .
4: 29
: 1. 2. 4
Аннотация . . .: Ордабасы қой тұқымдарының көбеюі мен таралу болашағы және сапалы ет өнімін алуға әсер ететін факторлар . . .
4: 31
: 2
Аннотация . . .: Тіршілік қауіпсіздігі . . .
4: 33
:
Аннотация . . .: Қорытынды . . .
4: 35
:
Аннотация . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
4: 36

Кіріспе

Президент - ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың « . . . мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет », - депкөрсеткен «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты»және «Қазақстан - 2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - «Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы болуға» және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымызға деген міндеттер қойылды[1] . Осы орайда дәстүрлі қой шаруашылығында жаңа тұқымдар алу арқылы тұтынушылардың ет өнімдеріне сұранысын тудыратындай жағдай жасау мәселелері бүгінде өзекті саналатыны хақ. Қой шаруашылығы-қазақ халқының ежелден айналысатын кәсібі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазакстан Республикасында ауылдық әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетудің стратегиялық бағытында жүзеге асырылып жатқан және болашақта атқарылуға тиіс шараларға сәйкес фермерлік және қожалық шаруашылықтарға қой өсіру, соның ішінде қазақтың қылшық жүнді қойы мен еділбай қойын, кейіннен шет елдік қиссар қойларымен будандастыру нәтижесінде алынған жаңаша қой түрі - ордабасы қой тұқымын, тек ордабасы қойы ғана емес сонымен қатар, басқа да қой тұқымдарын ғылыми негіздеу және олардың өнімділігін одан әрі жетілдіру. Сондай-ақ, қой өсіру саласы бойынша қысқа болса да нақтылы пікірлер айтумен ұсыныс жасау арқылы барынша көмек көрсету болып отыр.

Тақырыптың өзектілігі :Халықтың ет және ет өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз етуде қой шаруашылығының, әсіресе, оның етті-майлы бағытының алатын орны ерекше. Бұл тақырыптың өзектілігі қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы мен шет елдік қиссар қойын будандастыру кезінде алынған жаңа етті қой тұқымы - ордабасы қойының өсу ерекшелігімен танысу, олардың тұқымдық қасиеттерін, өнімдік ерекшеліктерін байқау әрі көбею қабілетін анықтау. Сондай-ақ, жергілікті ордабасы қойлардың тірілей салмағын, төлдердің тез жетілгіштігін, ет өнімділігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу және одан әрі жетілдіріп дамыту.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

-Қой шаруашылығындағы будандастыру нәтижесінде пайда болған мал түрлерімен танысу;

- ордабасы қойының генетикалық ерекшелігін байқау, зерттеу;

-ордабасы қой тұқымдарыныңаймақ бойынша көрсеткіштеріне талдау жасау және ет өнімділігіне салыстырмалы сараптама жүргізу;

-Болашақта олардың көбеюі мен таралуына жағдай жасау;

-Зерттеу жұмысының экономикалық тиімділігін анықтау.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Әдебиетке шолу

1. 1. 1Будандастыру - мал тұқымдарының өнімділігін арттырудың негізгі әдісі.

Будандастыру - малдың тұқым қуалаушылық жене өзгергіштік қасиеттеріне күшті әсер ететін, адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі. Будандастыру малдың нәсілдік қасиеттерін түбегейлі өзгерте алады, жаңа комбинативтік (қисынды құрастырылған) өзгергіштікті туғызып, нәсілдік қасиетті биологиялық тұрғыдан байытады, малдың дене бітімінің мықтылығын арттырады жене гетерозис құбылысының пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.

Будандастырудың биологиялық мәні екі тұқымға жататын малды шағылыстырып будан ұрпақ алу. Алынған будан ата-енесіне қарағанда өнімділігі өсу энергиясы жоғары (гетерозис құбылысы), жаңа экологиялық жағдайға бейімделгіштігі мен шыдамдылық қасиеттері бойынша асып түседі. Сонымен бірге адамзатқа пайдалы өнім беретін жаңа қой тұқымын шығаруға таптырмайтын негізгі құнды генетикалық материал алуға таптырмайтын тәсіл.

Әртүрлі өнімділік бағыттағы қойларды будандастыру ең алдымен, табиғи жайылымдық және ауа райы жағдайына, белгілі бір географиялық зоналарға жануарлардың жақсы бейімделуіне байланысты.

Будандастыру мал өсіруде өте кең тараған тәсіл. Оның ұғымының алғашқы ғылыми анықтамасын сонау XIX ғасырда Ч. Дарвин берген болатын. Қазіргі уақытта будандастыру деп белгілі бір мақсатпен екі мал тұқымы өкілдерін бір-бірімен шағылыстыруды, сонымен қатар, будандарды өзара немесе басқа топтармен шағылыстыруды айтады. Будан деп - екі тұқым өкілдерін шағылыстырудан туған малды атайды.

http://kze.docdat.com/tw_files2/urls_3/471/d-470147/470147_html_m71ad9b47.png

Будандастыру - жануарлардың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі.

Будандастырудың әр түрлі жолдарын пайдалану арқылы мына төмендегі зоотехния мәселелерін шешуге болады:

1) өнімі төмен жергілікті мал тұқымын түбегейлі өзгерту;

2) өсіріп отырған мал тұқымының кейбір кемшіліктерін тез арада жақсарту;

3) жаңа мал тұқымын шығару;

4) гетерозис құбылысын барынша пайдалану.

Будандастыру алға қойған мақсат пен жететін нәтижесіне қарай бес түрге бөлінеді: сіңіре будандастыру, кірістіре будандастыру, зауыттық будандастыру, өндірістік және кезек будандастыру.

Сіңіре будандастыру деп кең мағынада бір тұқымдық топтың негізгі өнімдік белгі қасиеттерін екінші тұқымдық топтың қасиеттерімен ауыстыруды, яғни жергілікті өнімі төмен тұқымды өнім сапасы мен саны жоғары тұқыммен будандастыру арқылы түбегейлі өзгертуді айтады. Онда өнімділігі төмен жергілікті тұқымның табындарын қысқа мерзімде, қауіпсіз, тез жақсартуға болады және мұны көп шығынсыз, әсіресе қолдан ұрықтандыру кең тараған жағдайда іске асыруға болады.

Кірістіре будандастыру - жалпы өнімділік қасиеттері жақсы, жергілікті жағдайға бейімделген мал тұқымының негізгі қалпын сақтай отырып, тез арада кейбір кемшіліктерін жою үшін немесе кейбір өнімділік белгілерін жедел жетілдіру үшін қолданылады. Кірістіре будандастыру жемісті болу үшін, біріншіден, жақсартқыш тұқымда жергілікті малда жетіспейтін қасиет өте жақсы жетілген болуымен қатар, өнімділік бағыты мен шыққан тегі жағынан мейлінше ұқсас болуы керек. Екіншіден, жергілікті тұқымды жақсартқыш тұқыммен бір-ақ рет шағылыстырады. Алынған будандар бірнеше ұрпақ бойы тек жергілікті тұқыммен жұптастырылады. Үшіншіден, будандар мұқият сұрыпталып, олардан үйлесімді жұп құрылып отырады. Төртіншіден, әдеттегідей өнім бағытына сәйкес бағып-күту мен азықтандыру ұйымдастырылады.

Зауыттық будандастыру - жаңа мал тұқымын шығару үшін қолданылады. Қазіргі мал тұқымдарының басым көпшілігі будандастырудың осы түрімен шығарылған. Зауыттық будандастыру жаңа мал тұқымдарын шығарудың тиімді тәсілі болғанымен, оны іске асыру өте күрделі, қажетті мөлшерде қаражат бөлуді, тиянақты білімділікті және іскерлікті талап етеді. Осыған орай, жаңа мал тұқымын шығару жұмысы қоғамның әлеуметтік-экономикалық сұранысы негізінде, белгілі бір жоспармен жүргізіледі.

Өнеркәсіптік будандастыру деп екі немесе үш тұқымды будандастыру арқылы гетерозис құбылысы деп бірінші, әрі кетсе, екінші ұрпақта будан алуды айтады.

Ал кезек будандастырудың мақсаты өнеркәсіптік будандастырумен бірдей-яғни гетерозис құбылысын мейлінше толық пайдалану. Айырмашылығы - гетерозис құбылысын бір-екі ұрпақ бойы емес, бірнеше ұрпақ бойы пайдалану. Бұл үшін будандастыруға қатысатын тұқымдардан келесі ұрпақ алу үшін оларды бір-бірімен алма кезек пайдаланады, осы тұрғыдан кезек будандастырудың жолы өнеркәсіптік будандастырудың жалғасы іспеттес[2] .

Будандастыруды қой шаруашылығында қолданудың өз ерекшеліктері бар, себебі қой тұқымдарын будандастыру алдын ала мақсат қойылып межелеген өнім түрін алуға бағытталады. Бірақ ғылымда қай малды қалай жұптағанда ойдағыдай нәтиже алуға болатынын жетілдіруді талап етеді, себебі будандастырудың нәтижелі болуы аталық пен аналықты үйлесімді жұптау сәттілігінде.

Д. Ф. Бойконың айтуынша, будандарды алғаннан соң, кезінде іріктеу мен жұптауды будан ішінде өзімен өзін жүргізбесе, онда олардың өнімдік сапасы ұрпақтан-ұрпаққа төмендеп кетеді. Сондай-ақ, бұл жөнінде Н. П. Червинский, П. Н. Кулешов[3], Е. А. Богданов[4], М. Ф. Иванов[5] өз зерттеулерінде ауыл шаруашылығы малдарын өсіруде будандастыру тәсілін және нәсілдік қасиеті бар мал тұқымын алуда негізгі фактор ретінде өте жоғары бағалаған.

И. И. Шмальгаузеннің пікірінше, сәтті будандастыру ұнамды белгілерді үйлестіріп іріктеуге мүмкіндік береді және әртүрлі генетикалық материал алуға жағдай жасайды.

Т. С. Садыкулов күрделі будандастыру арқылы етті-жүнді дегерес құйрықты қойын шығарады. Осы тәсіл арқылы К. Канапин, Е. Есентаев, А. Ахатов қылшық жүнді сарыарқа құйрықты қой тұқымын шығарды.

Х. И. Укбаев, Т. Қансеитов құйрықты мен сұр түсті қаракөл қошқарларын шағылыстырудан алынған бірінші және екінші будан қозыларда ұрпақтарда 5 түрлі құйрық пішіні кездесетіндігін айтады:

- құйрықты қой тұқымына тәе жинақы май құйрық;

- құйрық ұшы жоқ салбыраңқы май, кетпен құйрық;

- ұшы жоғары қараған жіңішке, әрі келте салбыраңқы май құйрық;

- ұшы жартылай «S»- әріптес жартылай имек, ұзындығы орташа әрі жіңішке салбыраңқы май құйрық;

- қаракөл қой тұқымына тән толық«S»- әріптес салбыраңқы май кетпек құйрық[6] .

1. 1. 2 Қой шаруашылығындағы будандастыру нәтижелерінде пайда болған мал түрлері.

Жер бетінде халық саны жылма-жыл артып келеді.

Олардың қажеттілігін өтеу үшін мал шаруашылығын дамытудың маңызы зор.

Дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде ет бағытындағы қой шаруашылығын дамытудың ұлттық жоспары жасалып, іске асырылуда. Қазақстанның түрлі аймақтарында өсірілетін әртүрлі генотипті қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының ет өнімділігіне байланысты генетикалық мүмкіндіктері толық кең көлемде зерттелмей, зерттелсе де ескерілмей келді. Ал, бүгінгі таңда бұл саладағы өндірілетін бүкіл өнімнің жалпы құнының 80-90 % қой етінің үлесіне тиеді, сондықтан ет бағытындағы қой тұқымдарының, топтарының, сүлелерінің генетикалық және өнімділік мүмкіндіктерін өркендетуге баса көңіл аударылуы заңды нәрсе.

Соңғы кезде дүние жүзінде адам санының көбеюіне байланысты ет өніміне тапшылық күн өткен сайын арта түсуіне сәйкес мал етін өндіруде негізгі назар оның көлемін көбейту, салмағын арттыру мен оны өндірудің экономикалық тиімділігін жоғарылатуға көңіл аударылып жатыр. Сонымен қатар, мұндай жағдайда тірілей салмағы жоғары, неғұрлым тез жетілгіш мал тұқымдарын қолдану арқылы, жаңа жоғары өнімді қой тұқымдарын шығаруға қой малын өсіретін мемілекеттердің ғалымдары бар білімділіктері мен күш жігерлерін жұмсауда. Қой шаруашылығында ет өнімділігін арттыру бағытында еліміз егемендік алғалы бері экономикамыз нарық жағдайына өтуіне байланысты салмағы мен ет түсімі төмендеу (қаракөл, жартылай биязы, биязы жүнді) қой тұқымдары еділбай, қисар және қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарының қошқарларымен немесе алма кезек шағылыстырылуда, ал қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы таза өсірілумен қатар, еділбай және қисар қой тұқымдарымен будандастырылып олардың тірілей салмағы мен тез жетілгіштігін артыру бағытында кең көлемде еліміздің түкпір-түкпірінде жан- жақты ізденіс жұмыстары жүргізілуде.

Халықтың азық-түлікке деген сұранысының өсуі мен дүние жүзінде ет өнімділігі жоғары мал тұқымдарын өсіруге бағыт алуы біздің еліміздің кең байтақ жайлымын тиімді пайдалану және табиғи ерекшелігін тиімді пайдалану үшін біздің елде қой шаруашылығын өркендету қой етін, әсіресе, қозы етін өндіру қажеттілігі туындауда.

Нарықтық экономика жағдайында еліміздің қой шаруашылығы жас қой етін өндіруге, яғни қозылары мен төлдері туылған жылы жоғары қарқында өсіп- жетілуімен, азықты өнімге тиімді айналдыру қасиетімен және қоршаған орта әсеріне төзімділігімен ерекшеленетін құйрықты қой тұқымдарын өсіруге мамандандырылуда.

Қазіргі таңда, экономиканың аграрлы секторын реформалау қоғамдық сектордағы мал басын қысқартып, жеке секторларда оны ұлғайтып, әсіресе халықтың жеке қожалығында 70 пайызға жетті. Осы орайда елді-мекендерге жақын және оның айналасында орналасқан жайылымдарға үлкен салмақ түсті. Мал басын көбейту, ауыл маңындағы жерлерде жайылымдардың өнімділігінің төмендеуіне және одан әрі тозуына әкеліп соқтырды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының жер қорларын басқару Агенттігінің мәліметтері бойынша тозған жайылымдардың көлемі 26, 6 млн. га құрайды. Осыған байланысты, жайылым шаруашылығында шалғайдағы жайылымдарды қолдану, жайылым ауысымын ұйымдастыру және жерлерді жақсарту арқылы жайылымға түсер салмақ мөлшерін азайту бірінші кезекті тапсырма болып саналады.

Шалғайдағы мал шаруашылығында негізінен жануарларды күтіп-бағудың дәстүрлі технологиясын қолданады. Бүгінде инновациялық жасамаларды қолдану арқылы дәстүрлі технологияларды жаңдандыру қажет.

Атап айтқанда, жайылымдық экожүйелерді басқару саласында әртүрлі агроқұрылымдарда шөл және шөлейт табиғи жайылымдарды тиімді қолданудың технологиялары жасалынды.

Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында тозған жерлерді қалпына келтіру және мәдени жайылымдарды құру үшін қуаңшылық мал азықтық дақылдардың 17 сұрыпы шығарылды. Қуаңшылық аймақта өсіру үшін жоғары өнімді бәсекелестікке қабілетті қой тұқымдары шығарылды (атырау және ордабасы қой тұқымдары) .

Ордабасы қой тұқымы - қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын отандық (еділбай) және шет елдік (қиссар) тұқымды қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған[7] .

Жаңа тұқымның ерекшелігі жоғары сапалы қозы етін өндіруде жас малдардың ерте жетілгіштігі болып саналады. Мұнда еркек тоқтылар 4-айлық жасында 42, 0 кг-нан жоғары орташа тірілей салмақта етке өткізіледі, 15-айлығында 72, 0 кг-нан жоғары.

Аналықтарының тірілей салмағы - 68, 0-80, 0 кг, аталық-қошқарларда - 123 кг құрайды. Аналықтардың төлдегіштігі - 111, 8 пайыз.

Тұқымның жалпы саны 45, 0 мың бастан жоғары.

Ғылыми - негізділген кадастр құру үшін, қуаңшылық жайылымдарды азықтық жіктеп бағалау, бонитировкалау және паспортизациялаудың әдісі жасалды. Оған қуаңшылық жайылымдардың жағдайын нақты бағалауды жүргізуді қамтамасыз ететін азықтық өнімділік көрсеткіштеріне сәйкес 10 балдық бағалау жүйесі бойынша бонитеттің 5 класы кіреді.

Жайылым жерлерді пайдаланғаны үшін, жер иелері және жалға алушылардың шарттарын теңестіру мақсатында, жердің жалгерлік ақысы немесе бағасы осы әдіс бойынша олардың азықтық өнімділігіне байланысты жіктелу қажет.

Етті-майлы (қазақтың құйрықты қылшық жүнді, еділбай қойлар) және елтірілі (қаракөл, атырау тұқымды қойлары) өнімді малдардың селекциялық процесстері мен асылтұқымды қорларын тез басқару үшін асылтұқымды және зоотехникалық есептің автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары жасалынды.

Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы қой басының ішіндегі асылтұқымды мал басының үлес салмағы 13, 8% құрайды. Тауарлы отарлардағы қойлардың (биязы жүнді, жартылай биязы, жартылай қылшық жүнді, қаракөл және басқалар) өнімділігі және тұқымдығы бойынша сандық құрамын түзуде нақты мәліметтерді алу үшін облыс, аудан және ауыл аумақтары көлемінде электронды есеп жүргізу қажет.

Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында шалғайдағы мал шаруашылық жүргізу үшін жылжымалы қой шарауашылығы кешендерінің үлгісі жасалынды.

Қолайлы жайылым-азықтық жағдайларда және су режимінде мал шаруашылығы кешені ұсынылған технологиялармен, құрылымдық табындармен, қызметшілер, техникалық құралдар және барлық қажетті инфрақұрылымға сай қой шаруашылығы кешенінің үлгісі тұрақты бола алады.

1. 1. 3 Етті майлы өнімді қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарының өнімділік-биологиялық ерекшеліктері.

Өткен ғасырларда Қазақстанның барлық жерінде өсіріліп келген қылшық жүнді құйрықты қойлар өте кең экологиялық әртүрлілігімен де көзге түскен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Күйлеген қойларды қолмен ұрықтандыру
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы
Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-дамуы
Жұмыстың практикалық қажеттілігі
Сералы шаруашылығындағы қойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz