Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар


Аннотация
«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен жазылған «Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық - санитариялық шаралар» атты курстық жұмысым 32 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Ветеринария туралы заң . . . 9
1. 2Псороптоз ауруы . . . 13
1. 2. 1Псороптоз ауруының қоздырғышының биологиясы, өсіп - өнуі, морфологиясы . . . 13
1. 2. 2 Псороптоз ауруының эпизоотологиялық деректері . . . 15
1. 2. 3 Псороптоз ауруының патогенезі . . . 16
1. 2. 4 Псороптоз ауруының клиникалық белгілері . . . 17
1. 2. 5 Псороптоз ауруын анықтау . . . 18
1. 2. 6 Псороптоз ауруының емі . . . 19
2Өзіндік зерттеу . . . 28
3Техникалық қауіпсіздік . . . 30
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Анықтамалар
Курстық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар қолданылды:
Псороптоз - Psoroptidae тұқымдасына жататын тері үстін мекендейтін кенелер тудыратын инвазиялық ауру.
Псороптоз қоздырғышы - қойда Psoroptes ovis, ірі қарада P. bovis, жылқы мен есекте P. equi, үй қоянында P. cuniculi
Неоцидол - құpaмындa әcep етушi 60% диазион бар кенелерді улау мүмкіншілігі жоғары препарат.
Гексаталп - майлы сұйықтық, қою қоңыр түсті, креолиннің иісі бар. Препараттың құрамында 5, 8 - 6, 2% гамма - изомер гексахлоран, тас көмір мен эмульгатордың қоспасы бар. Гексаталп пен суды араластырғаннан біртекті сұйық түсті эмульсия пайда болады.
Мал тезегін сақтау және зарарсыздандыру - жануарлардың гельминтозға шалдығуына жол бермеу үшін, мал қораларындағы тезектерді дер кезінде тазалап, әдейі бөлінген алаңға немесе көң сақтайтын орынға жинау керек. Қи сақтаудың екі түрлі әдісі бар: біріншісі салқын, екіншісі ыстық әдіс.
Геогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары шалшық суларда, шөп сабақтарында, азықтарында кездеседі.
Биогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада немесе аралық ие денесінде болады.
ГБЖТ- Гельминтологиялық бөлшектеп жарып тексеру
ГТЖТ - Гельминтологиялық толық жарып тексеру
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2016ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2016 ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаңару кезеңінде жаңа саясатын іске асыру Республикамызда айтарлықтай әлеуметтік - экономикалық өзгерістер өріс алуда, олар әсіресе еліміздің Аграрлық салаларында іске қосуда.
Егеменді елімізде ел шаруашылығының маңызды міндеттерінің бірі - ауыл, ел тұрғындарын мал шаруашылығы өнімдерімен экологиялық таза түрінде қамтамасыз ету болып табылады. Әрине бұл мақсатта жұқпалы, жұқпалы емес және паразитарлық аурулардан тазалығы негізгі мәселелелердің бірі.
Осыған орай Егеменді елімізде жүргізіліп жатқан Ветеринариялық қызметтің мақсаты, әр түрлі аудан, облыс шаруа қожалықтары, ұжым шаралардың ветеринариялық іс шаралардың сапалы, уақтылы жүргізіп, төрт түлік малдарды жұқпалы, жұқпалы емес және паразитарлық аурулардан тазарту, сондай - ақ адам мен малға қауіпті індеттерден сақтану, мал - құс ауруларын азайту, өлім - жітімге жол бермей, түрлі шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша қысқарту болып саналады.
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландырудың, қора - жай күтімдерінің, оның зоогигиеналық - санитарлық, жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың зоологиялық ерекшеліктерін де ескергеніміз жөн.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.
Псороптоз ауруының әсерінен шығатын экономикалық шығыны өте көп. Малдың қоңдылығының төмен түсуі, жүннің түсуі. Мәселен 1 қой 3, 6 - 4кг жүн берсе, оны пайызбен есептесек яғни 4кг - 100%-70%, демек 2, 8г жүн жоғалтады.
Қазақстанда ауыл шаруашылық малдарының инвазиялық аурулардың, қан паразитарлық ауруларының келтіретін экономикалық зияны өте көп. Мәселен, Psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр кенелері тұрақты паразиттер қатарына жатады, себебі олардың мекені және өсіп - өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз - ақ уақыт сақтайды [1, 3] .
Курстық жұмыстың мақсаты - псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық - санитариялық шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Ветеринария туралы заң
Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, ветеринариялық- санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
- ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу - ветеринариялық препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;
- ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын зерделеуге, олардың профилактикасында, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі:
- ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі;
- ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық сипаттама;
- ветеринариялық іс шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға, алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамның денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірегейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
- ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласының қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт;
- ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және деретизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатан немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
- ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлардың ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
- жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
- ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу;
- ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі - ветерианрия саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
- карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
- ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
- ауру бойынша қолайсыз пункт /қолайсыз пункт/- індет ошағы белгіленген аумақ:
- ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе қолдану;
- шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік- шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
- жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жем-шөп және жем-шөптік қоспалар;
- жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
- ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу - ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;
- жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді /белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды/, олардың профилактикасы мен дигностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
- базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
- жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды сақтандыруға арналған және /немесе/ өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүиіз, тұяқ және басқа өнімдер;
- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган;
- індет моноторингі - эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген /ұсталған, өсірілген/ аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық /шаруашылық/ жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
- індет ошағы - жұқпалы аруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;
- індет - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қоланылады.
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
- жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
- халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен таралуынан қорғау;
- ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
- жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру [10] .
1. 2 Псороптоз ауруы
Псороптоз - Psoroptidae тұқымдасына жататын тері үстін мекендейтін кенелер тудыратын инвазиялық ауру. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түсіп қалады, ал кейде өлім - жітімге ұшырайды.
Psoroptidae тұқымдасына кенелердің Psoroptes, Chorioptes және Otodectes деген 3 туысы жатады.
Psoroptidae туысына жататын кенелердің тұрқы 0, 8мм. Олардың тұмсығы ұзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруға икемделген. Төрт жұп аяқтары ұзын, жақсы дамыған. Бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарында, ұзын және бунақталған тірекшелерінің ұшында сорғыш жабысқақтары бар. Бірақ еркек кенелерінің төртінші аяқтарында олар дамымаған. Жыныстық диморфизм жақсы дамыған. Еркек кенелердің арт жағында екі бүртігі бар, олардың әр қайсысында 4 тал қылшық бар, сондай - ақ жыныс жабысқағы бар. Ұрғашы кенелердің арт жағы дөңгеленіп біткен.
Әр мал түлігіне тән өз алдында бір қоздырғыш түрі болғанымен олардың морфологиясы, яғни құрылысы бір - біріне ұқсас.
Псороптозды қойда Psoroptes ovis, ірі қарада Psoroptes bovis, жылқы мен есекте Psoroptes equi, үй қоянында Psoroptes cuniculi түрлері қоздырады.
Қоздырғыштардың өсіп - өнуі. Psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр кенелері тұрақты паразиттер қатарына жатады, себебі олардың мекені және өсіп - өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз - ақ уақыт сақтайды.
Ұрықтанған ұрғашы кенелер тері үстіне жұмыртқа салады. Әр жұмыртқа үстінде желім тәрізді зат болғандықтан олар теріге жабысып қалады. Ұрғашы кенелер күніне 1 - 2 ден, барлығы 60 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3 - 6 күннен кейін балаң кене шығады. Кейінгілерден 3 - 4 күннен кейін нимфа, яғни протонимфа пайда болады. Протономифа 3 - 7 күннен кейін түлеп, екінші нимфа немесе телеонимфаға айналады, ал телеонимфаның имаго сатысына айналуына 2 - 3 күн керек [1, 2] .
Ұрғашы және еркек кенелердің өсіп - өнуіне әртүрлі мерзім керек. Қолайлы жағдайда еркек кенелер 14 - 16 күнде, ал ұрғашылары 18 - 20 күнде өсіп жетіледі. Ұрғашы кенелер салатын жұмыртқаның саны және олардан шығатын ұрпақтың дамып жетілуі тері маңындағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ыңғайлы жағдайларда бір жұп кенелер бір жыл ішінде миллиондаған ұрпақ береді.
1. 2. 1 Псороптоз ауруы қоздырғышының биологиясы, өсіп - өнуі, морфологиясы
Кенелердің биологиясы да, яғни өсіп - өнуі де бір - біріне өте ұқсас. Кененің ұрықтанған ұрғашылары терінің эпидермис, яғни жоғарғы қабатынан ұзындығы 15мм - дей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2 - 8 ден жұмыртқа салады. Бір ұрғашы кене небары 40 - 60 - тай жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3 - 6 күннен соң балаң кене шығады да, 3 - 4 күннен кейін бірінші нимафаға, ал тағы бір 3 - 7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады. Соңғылар 2 - 3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына айналады. Терінің эпидермис астындағы қабатының көтеріліп өсуіне байланысты екінші, яғни телеонимфа тері үстіне шығып қалады. Мұнда еркек кенелермен шағылысқаннан кейін терінің басқа жеріне көшеді де, ұрғашы кенеге айналғаннан кейін терінің эпидермис қабатын тесіп, салынған жолға жұмыртқалай бастайды.
Өзіне жайсыз қоршаған ортаға түсіп қалған кенелер өсіп - өнбейді. Олар ыстық - суықтықтың және ылғалдықтың өзгеруіне өте сезімтал болғандықтан 15 тәуліктен соң - ақ қозғалымпаз қасиетін жоғалтып жансызданады.
Морфологиялық жағынан кенелердің барлық түрлері өзара ұқсас. Тері бетінің кенелерімен салыстырғанда, бұл үлкендігі 0, 2 - 0, 5мм келетін өте ұсқа кенелер. Денесінің формасы жұмыр, солғын - сұр түсті. Тұмсығы таға тәрізді, қысқа, кеміргіш типті. Аяқтары қысқа, ұзын сегменттенбеген өзектерде сорғыштары бар. Кенелер терінің қалың - эпидерма қабатында тоғышарлық етеді. Лимфамен қоректенеді. Мұнда ұрғашылары жырашықтар жасап, жұқа мөлдір қабығы бар сопақ формалы жұмыртқалар салады. Ұрғашысының біреуінің өзі 60 - қа жуық жұмыртқа сала алады.
Өзінің жетілуі шағында қыршаңқы кенелер тері бетінің кенелері өткен сатылардан өтеді. Қолайлы жағдайларда бүкіл айналу циклына 15 - 19 күн керек. Оларға ерекше жағдайдың қажеті жоқ. Кез - келген терілердің белгілі бір жерін қысқа уақытқа зақымдануы мүмкін. Сыртқы ортада 3 аптаға дейін сақталуы ықтимал.
Кенелердің даму циклін, оларды айналу иесін білу тоғышарлық ететін мезгілін білу, кенелермен күрес жүргізу үшін қажет. Кенелердің сілекей бездерінің даму уақытын білген жөн, өйткені сол сілекей бездері жеткілікті кезде кене малға шабуыл жасап, гемоспоридиоз ауруын таратады. Сондықтан сол кезде кенені малдың денесінен іздеп обработка (құрту, жою жасау керек болады, қай кененің қай жерде, қай ауданда өсетіндігін білу қажет) жасау керек. Мәселен, бір кенелер орманды бұтақты жерде өссе, екіншілері далада құмды, жартылай құмды жерлерде өседі. Үшіншілері тек жабайы аңдарда олардың жүнінің ішінде өседі, төртінші түрі үй малдарының тұратын жергілікті өседі, көбейеді. Міне, осыған қарап эпизоотикалық іс - шара сол бойынша жұмыс істеу керек.
Жайылым кенесінің денесі бунақтарға бөлінбеген, ұзындығы 4мм - ге дейін келетін, сопақша пішінді және де арқасынан құрсағына қарай нығыздалып келген болады. Ауыз ұштары тесіп - сорғыш ауыз аппаратына айналған. Ересек түрлерінде 4 жұп жүретін аяқтары бар, ал ол аяқтардың ұштарында тырнақтары болады. Көздері болмайды. Денесі созылғышкутикуламен қапталған. Ал оның астында гиподерма қабаты мен етті талшықтар шоғыры орналасқан.
Екі иелік кенелер малдарға шабуыл дернәсіл кезінде жасап қанға тойып, басқа малға ауысып нимфаға айналады, сол малдың қанына тойып ішіп жерге түседі де имагоға дейін дамиды. Ол ересек кенеге айналып басқа малға немесе сол малдың өзіне қайта шабуыл жасайды да, дамудың екінші циклін өткізеді, қанға тойып ол малдан жерге түседі.
Үш иелік кенелер, кезек - кезекпен үщ иені ауыстырады. Дернәсіл бірінші иеде қанға тойып, үшінші иеге ауысады, жерге түсіп жұмыртқа салады (үшінші иелер жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қоян, тышқандар т. б. болды) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz