Сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу . . . 9
1. 2Сиырдың аусыл ауруы . . . 13
1. 2. 1 Аусыл қоздырғышының төзімділігі . . . 13
1. 2. 2 Аусыл қоздырғышының антигендік қасиеттері . . . 14
1. 2. 3 Аусыл қоздырғышының шоғырлануы және репродукциясы . . . 15
1. 2. 4 Аусыл қоздырғышын өсіру . . . 15
1. 2. 5 Аусыл ауруын балау . . . 15
1. 2. 6Аусыл ауруының иммунитеті және арнамалы дауалау . . . 17
1. 3 Инфекциялық ауруларды дауалау шаралары . . . 20
1. 4 Жануарларды инфекциялық ауруларға қарсы иммундеу . . . 22
2 Өзіндік зерттеу . . . 26
3Техника қауіпсіздігі . . . 29
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Аннотация
«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбына жазылған курстық жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 сурет қамтылған.
Курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалықжағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Анықтамалар
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету
Анемия - қан аздық
Интоксикация - денені уландыру
Холангит - өт жолының қабынуы
Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы
Эмульгирленген вакциналар - иммуногенезді күшейту үшін майлы адъювант қосылған вакциналар.
Афталар - күлдіреуіктер
Вирустың антигендік «дрейфі» - вирустың өзгерген түрлері, қоздырушының өзгеруі, олардың антигендік құрылымының өзгеруі
Вирус репродукциясы - вирустың көбеюі
Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы
Дезинфекция - микроорганизмдерге қарсы шара
Дератизация - кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация - вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
Ф. 7. 04 - 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2016ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2016ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2016ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » жоғары мектебі
«» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2016ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2016ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың инфекциялық және инвазиялық ауруларының алдын алу. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2010-2011 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Аусыл - жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол /енеке/, антилопа және т. б. ауырады. Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, желін, тұяқ арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы /күлдіреуікті/ зақымдануларымен сипатталады.
Табиғи жағдайларда аусыл вирустарын ірі қара, қой, ешкі, шошқа қабылдағыш келеді. Әсіресе, жас төлдер бұзаулар мен торайлардың ауруға бейімділігі өте көп болады. Аусылмен буйболдар, бұғылар, бұландар, қабандар, бөкендер де ауырады. Ал, жылқы мен тауыққа аусыл жұқпайды.
Аусылдан сақтандыру үшін әртүрлі вакциналар мен гипериммунды қан сарысуы қолданылады.
Ауырып жазылған малда пайда болған иммунитет 1 жылға созылады. Аусылдың бір типпен ауырған мал басқа типтерден сақтай алмайды. Яғни вирустың басқа түрлеріне қарсы иммунитет пайда болмайды.
Негізінен аусыл вирусын жұқтырушы көздері - ауру немесе ауырып жазылған мал болады. Ауырып жазылған малдың организмінде аусылдың вирусы 8-12 ай бойы сақталады. Мұндай малдың ет өнімінде де аусылдың вирусы болады. Ауру малдың организмінен вирустар сыртқа сілекейі, несебі, сүті, нәжісі арқылы шығады.
Курстық жұмыстың мақсаты - сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу [1, 2] .
1 Негізгі бөлім
1. 1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға;
- осы Заңның 1-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге;
- індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринриялық ережелер мен нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
- ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге;
- ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз шектеулерге жол бермеуге;
- жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойлатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:
- ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді қабылдау немесе бекіту;
- ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту;
- жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шартарын белгілеу;
- шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
- осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру кіреді.
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі
Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне:
- мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
- мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
- мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
- ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына;
- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
- мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық бөлімшелері;
- селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық, қалалық, аумақтық бөлімшелері жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде - Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса «бас мемлекеттік инспектор», «бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары» деген арнаулы атаулар беруге құқылы.
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіреті
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіретіне:
- ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
- жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тізбесін әзірлеу;
- аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді лицензиялау;
- ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік конкурстық және тендерлік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
- жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет жағдайын зерделеу;
- жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар, белгіленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
- ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тізілімін жүгізу;
- жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
- халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
- Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
- Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері
1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы мынандай қызметтерді:
1) тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.
2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік органдарды осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы құзіреті
1. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып, олардың құрылымын, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу тәртібін белгілей алады.
2. Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді, ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда, ветеринариялық іс шаралар жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады [9] .
1. 2Сиырдың аусыл ауруы
Аусыл - Аphtae episooticae - жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол /енеке/, антилопа және т. б. ауырады.
Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, желін, тұяқ арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы /күлдіреуікті/ зақымдануларымен сипатталады.
Қоздырушысы. Жоғарыда көрсетілгендей бұл қоздырушы РНҚ-лы бар вирустарға тобына, пикорнавирустар тұқымдастықтың, афтовирус туыстығына жатады. 1898 жылы бұл вирусты Леффлер мен Фрош ашқан.
Морфологиясы. Вирус жай, қабықшасыз, пішіні сферикалық, капсид симметриясы куб тәрізді. Ультрафильтрация әдісімен және электрондық микроскоппен вирус мөлшері 20-25 нм екендігі анықталды. РНҚ-ның стратегиясы "оң жіпті". Вирионның құрамы да құрылысы да өте қарапайым. Капсидіндегі капсомерлер куб тәрізді орналасқан, ал саны 32. Вирионның м. м. 7. 106, седиментация константасы - 140 8, тығыздығы - 1, 43 г/см 3 .
Химиялық құрамы - аусыл вирусының құрамына 31, 5% РНҚ кіреді. РНҚ 8450 нуклеотидтерден тұрады, бір жіпшелі, М. м. -2, 3-2, 8. 10 6 . Вирус геномы мутация ұшырайтын қасиетіне байланысты қоздырушы көп типтерге, тип тармағына бөлінеді, пайда болған вирус мутанттары әртүрлі өзгерген антигендік құрылымдарымен сипатталады.
Мысалы, вирус құрамындағы VРІ полипептидінде аминқышқылдарының 130-160 орналасу ретінде антигендік детерминанта ең жиі өзгеріп отырады, яғни вариабелдігі /өзгергіштігі/ өте жоғары. Қазіргі кезде, ғалымдар осы антигендік детерминантаны кодтайтын РНҚ-дағы генді анықтаған.
Вирустың құрамында РНҚ-нан басқа 68, 5% белоктары бар. Олардың ішінде -VР1, РV2, VР3, VР4, Vро, VРq құрылымды полипептидтері кіреді.
Бұл белоктар бір-бірінен аминқышқылдар құрамы және саны арқылы өзгешеленеді. Ал ең көп зерттелінген - VРІ белогы, ол 213 аминқышқылдарынан тұрады. Полипептидтердің атқаратын қызметтері әртүрлі. Мысалы, VРІ белоктары көмегімен вирус сезімтал клеткалар мембранасына жабыса алады, ал VР2 белогы вирустарға тұрақтылықты береді [1, 2] .
1. 2. 1 Аусыл қоздырғышының төзімділігі
Химиялық және физикалық әсерлер аусыл вирусын не бұзады, не инактивтейді /вирус құрылымы сақталады да, ал ауру туғызатын қасиеті жойылады/ немесе мутацияға ұшыратады, ал басқа жағдайда консервілейді / вирус ұзақ уақытқа сақталады, биологиялық қасиеттері өзгермейді/.
Атап айтқанда, төменгі температура вирусты сақтайды, ал жоғарғы температура, VК-сәулесі, ортаның төменгі және жоғарғы рН-вирусты бұзады. Гамма сәулелері де аусыл вирусын инактивтейді. Бұл вирус сілтілерге сезімтал келеді, сондықтан дезинфекцияда химиялық заттардан көбінесе 1-2% NаОН, 2% формалин ерітінділері қолданылады.
Креолин, фенол, крезол, лизол әсерлері шамалы.
Аусыл вирусы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Жайылымдарда бұл қоздырушы жайылымның келесі мезгіліне дейін сақталуы мүмкін. Күн сәулелерінің әсерінен вирустар 15-18 күннен кейін өледі, ал қыста 1 айға дейін, сұйық қида 100 күнге дейін сақталады.
Жазда аусыл вирусы 40-50 күнге дейін өз белсенділігін жоймайды, зарарланған жем-шөпте вирус жазда 20 күнге дейін, ал қыста 6-7 айға дейін сақталады [1, 2, 3, 4] .
1. 2. 2 Аусыл қоздырғышының антигендік қасиеттері
Аусыл вирусы А, О, С, SАТ1, SАТ2, SАТ3 және Азия 1 иммунологиялық типтерге /түрлерге/ бөлінеді. Бұл типтерді бір-бірінен ангигендік қасиеттері арқылы ажыратуға болады.
Вирустың әр типі тип тармақтарына бөлінеді. Қазіргі кезде аусыл вирусында 80 аса тип тармақтары бар.
Вирус антигенінің көп түрлері РНҚ-дағы нуклеотидтік жүйесінін өзгеруіне байланысты. Сөйтіп, вирустың биологиялық /антигендік, ауру туғызатын/ қасиеттері өзгеріп отырады. Әсіресе вирустың А типінде байқалалы-32 варианттары бар, ал О түрінде -14, С-5, SАТ1-10, SАТ2-3, SАТ3 - 4, Азия 1-3 тармақтары анықталған.
Вирустың идентификациясы, яғни түрін анықтауы серологиялық реакцияларда жүргізіледі. Ауырған мал организмінде аусыл вирусына қарсы вирусты бейтараптандыратын антиденелер түзеледі, бұл антиденелер вирустың сырт жағында орналасқан VТІ белогына қарсы синтезделеді, қоздырушының иммуногендік қасиеттері осы VРІ белогына байланысты.
Ескере кстетін жағдай, індетаралық кезеңде аусыл вирусының өзгерген түрлері байқалады, ал қоздырушының өзгеруі, олардың антигендік құрылымының өзгеруіне байланысты, мұны вирустың антигендік «дрейфі» деп атайды.
Тағыда бір көрсете кететін жайт вирустың кейбір варианттары /мысалы, А 1 -ден бастап А 4 -ке дейін/ бірақ рет қана кездеседі, ал басқа бір варианттары /мысалы, А 5 , А 22 , О 1 , О 2 , С 1 , С 3 / әлсін-әлсін кездеседі де үлкен эпизоотиялық қауіптікке ұшыратады, ал вирустың тағы бір басқа түрлері (мысалы, О 3 , О 8 , А 10 , А 13 А 16 , А 17 , А 19 , А 25 , А 30 , С 2 ) табиғатта көрінбей кетті.
Сондай-ақ мал организмінде комплемент байланыстырушы, преципитиндеуші антиденелер де түзеледі [1, 2, 3, 4] .
1. 2. 3 Аусыл қоздырғышының шоғырлануы және репродукциясы
Аурудың клиникалық белгілері байқалмай тұрып ірі қарада аусыл вирусын сүтте, спермада табуға болады.
Ал вирусты көп мөлшерде везикулалардың сүйығында және эпителийде бөліп алады.
Вирус ағзаға тыныс және асқорыту жолдары, тері арқылы енеді, ал организмде вирус лимфа арқылы таралады. Содан кейін қоздырушы лимфа түйіндеріне жетіп, қанға түседі де сезімтал клеткаларымен тоқымаларда шоғырланады.
Ауырған мал организмінде вирус мұрын және ауыз қуыстарының, өңеш, месқарын кілегейлі қабықтарында, жұлық терісінде, тұяқ арасында көбейеді.
Вирус репродукциясы адсорбция, ену, депротеинизация /қабықшаларынан босану/, транскрипция, трансляция, репликация, вирус бөлшектерінің жиналуы және жетілген вириондардың клеткадан шығу сатыларынан тұрады. Репродукция клетка цитоплазмасында өтеді.
Аусыл вирусымен зақымдалған клеткалардың өз белоктарының синтезі тежеледі де вирустар нуклеин қышқылы мен белоктарының түзүлуі басталады. Жиналған вирус компоненттері клеткалық құрылыстарға зақымын келтіреді. Сөйтіп, лизосомалар бұзылады, олардың ішіндегі заттар клетканы аутолизге ұшыратады, вирустың цитопатогендік әсері клеткалардың митозының бұзылуымен де байқалады.
Вирус тез арада көбейеді, ағзаның қорғаныс иммунологиялық реакциялары вирустың репродукциясын басып үлгермейді, бірақ-та бірнеше күннен кейін организмнің қорғану қабілеттері күшейеді, сөйтіп, вирусқа қарсы тұратын реакциялар пайда болады: алғашқы ошақта қабыну реакциясы, ацидоз, гипоксия дамиды, жергілікті температура жоғарлайды [1, 3, 4, 5, 6] .
1. 2. 4Аусыл қоздырғышын өсіру
Аусыл вирусын жасаңды жағдайда өсіруге болады. Атап айтқанда:
- шалдыққыш малдардың бүйрегінен алған клетка өсіндісінде;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz