Сиыр кампилобактериозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Сиыр кампилобактериозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.2.1Кампилобактериоз ауруына бейімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.2.2Кампилобактериоз ауруының шығуы мен жұғуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.3 Кампилобактериоз ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2.4 Кампилобактериоз ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2.5Кампилобактериоз ауруынындағы өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2.6Кампилобактериоз ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.2.7 Кампилобактериоз ауруынан сақтандыру және күресу шаралары ... ... ... ..16
1.3Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... .17
1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... .. 19
1.5Малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы ... ... ... ... ... ... ...20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады.
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі – ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.) Бұл аурулардыңкейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т.б.) тудыруға түрткі болады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – cиыр кампилобактериозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар шараларын зерттеу.
1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –118б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 122 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.-Москва: Колос, 1961.-135б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 179с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-132с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.НСюрин и др. М: Агропром, 1991.-211с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 129б.
9Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 112б .
10Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Сиыр кампилобактериозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Курстық жұмыс 29 беттен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Сиыр кампилобактериозы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.2.1Кампилобактериоз ауруына бейімділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
1.2.2Кампилобактериоз ауруының шығуы мен жұғуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13
1.2.3 Кампилобактериоз ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .14
1.2.4 Кампилобактериоз ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.5Кампилобактериоз ауруынындағы өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.2.6Кампилобактериоз ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.2.7 Кампилобактериоз ауруынан сақтандыру және күресу шаралары ... ... ... ..16
1.3Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... .17
1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... .. 19
1.5Малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы ... ... ... ... ... . ... ..20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2016ж.

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ жоғары мектебі
___________________________________ __ ____ кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.

Белгілер мен қысқартулар

%- пайыз
мин- минут
Мгкг-милиграммкилограмм
Гкг-граммкилограмм
Кг-килограмм
Г-грамм
Млкг-милилитркилограмм

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады.
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.) Бұл аурулардыңкейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т.б.) тудыруға түрткі болады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты - cиыр кампилобактериозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар шараларын зерттеу.
1Негізгі бөлім

1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
3) Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
5) Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
6) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
7) Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
8) Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
9) Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
10) Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
11) Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
12) Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
13) Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.
Ветеринариялық іс-шаралар
1.Ветеринариялық іс-шаралар:
1) ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
2) Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
1. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.
Шектеу іс-шаралары және карантин
1. Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
3. Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
4. Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.
Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
3. Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринариялық нормативтер
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
4. Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.
Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру
1. Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
2. Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
3. Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер
1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
2. Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [10].

1.2 Сиыр кампилобактериозы

Қоздырғышы -- Vibrio fetus bovis,Vibrio fetus intestinalis - полиморфты, Романовский-Гимза бояуымен боялатын Грамм теріс таяқша, дезинфектант ретінде формальдегид, күйдіргіш натр және сөндірілген әктің ерітінділері тиімді қолданылады.
Өніп - өскен вибриоздар сыртқы ашық жағдайда және дезинфекциялайтын заттарға төзімсіз келеді. 58°С -- ыстықта бес минуттың ішінде өледі, құрғатуға да, шіріндіге де төзімсіз.

1.2.1Кампилобактериоз ауруына бейімділік

Күйіс қайыратын малдар шалдығады.Ірі қара көбінесе жас кезінде ауруға шалдыққыш келеді. Қой мен ешкі сирек ауырады, ал ауруға шалдыға қалғанның өзінде ауру белгі бермейді, бұған байланысты инфекцияның жасырын ошақтары пайда болуы мүмкін.

1.2.2Кампилобактериоз ауруының шығуы мен жұғуы

Ауру жұқтырудың негізгі көзі ауру малдар. Аурудың қоздырғышы іш тастаған малдың қынабында сақталған заттар арқылы және бұқалардың ұрығы арқылы тарайды.
Ауру жыныс жолдары арқылы жыныс мүшелерінің зақымданған төсеніштерге тиюінен, әсіресе малды ұзақ уакыт сол ауыстырылмаған төсеніштерде ұстаудан немесе көң-қоқысты уақтысында тазалап тұрмағандықтан жұғады.
Аурудың алиментарлық жолымен жұғуы екі талай.
Кампилобактериоз күйіс қайыратын малдардың, әсіресе сиыр мен қойдың қайталап күйлеуімен, уақытша бедеулікпен, іш тастаумен және шудың түспеуінің қалыпты жағдайдан ұзаруымен сипатталатын жұқпалы ауру [1,3,4].

1.2.3 Кампилобактериоз ауруының клиникалық белгілері

Жыныс қатынасы кезіңде кампилобактерийлер-қынапқа жылдам еніп көбейеді де, 3-4 күннен соң жатырға өтеді.
10-15 күні- жұмыртқа түтігіне жетеді.
20-30 күні - жұмыртқаға өтеді.
Токсин бөледі. Әсерінен катаральды қабыну орын алады. Кілегей қабықтар қабынып, бөлінген кілегейде микоцит пен кілегей қабықтың беткі жұлынуы түседі.
Осының әсерінен- қынапқа енген сперамалар қимылы бәсеңдеп ұрықтандыру қабілетті төмендетеді.
Аурудың жасырын кезеңі ұзақ болмайды. Қынаптың кілегей қабығын қан кернеп, ісініп ауырады да, одан қанды сарысу ағады. Ақырында бұл сарысу іріңге айналады.
Қынаптың кілегей қабығының астында әр түрлі көлемде қатқыл түйірлер пайда болады. Ақырында ауру мал көбінесе буаз мерзімінің бірінші жартысында іш тастайды.
Шуы түспей, жатырдың кілегей қабаты қабынып, қынаптан іріңді қалдықтар ағып, созылмалы ауруға айналады.
Ауру малдың арасында қысыр сиырлар көп кездеседі, олар ұзақ уақыт бұзауламай жүреді.
Іш тастаудың вибриоз аурулы түрі жыл бойының барлық кезеңінде, әсіресе күзде және қыста көбірек кездеседі. Қайталап іш тастау некен-саяқ болады.
Ауру бірнеше айға немесе жылдан-жылға созылып, қыс кезеңіңде ауырлап, жазға салым баяулап өтеді.
Вибриозға шалдыққан сиырдан туған бұзаулар әлсіздіктен өмірінің алғашқы күндерінде шығынға жиі ұшырайды. Олар орындарынан тұра алмайды, сүтті аз ішеді, самарқау, сөйтіп арығы асып өледі.
Ал ауру бұқалар сырқаты белгі бермейді, негізінен жұқпалы ауруды таратушылар осылар болады.

1.2.4 Кампилобактериоз ауруынындағы өлекседегі патолого- анатомиялық өзгерістер

Терісінің ішкі қыртысы мен бұлшық еттерінің және басқа да тканьдерінде қанды-сарысу кернегендіктің салдарынан іштен алынған түсік-төл ісініп кетеді.
Сондай-ақ оның ішкі органдарының да өзгеріске ұшырағандығы байқалады.
Қағанақтан сарғыш су, күңгірт қойылған қан шығады.
Төлдердің ішкі ұлтабары күнгірт түсі қара қошқыл келеді, ақ-сұр үлпегі болады, алайда, вибриоз ауруынан өлген ересек малдың шығыны сирек кездеседі, кейде септикопиемияның (қанды іріңнің организмге жайылуы) асқынуының нәтижесінде өлім-жітім болып қалады.
Өзгерген ішкі органдардан абсцесстер және зақымданған кілегей қабықтардың көптеген нүктелі қанталаған жерлері, қан ұйыған қабыршақтары табылады [2,4,5].

1.1.5 Кампилобактериоз ауруын анықтау

Вибриоз ауруын эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілер және түсік-төлдерді патологоанатомиялық өзгерістері нәтижесі бойынша анықтайды. Бұл анықтауды іштегі шудан алынған жағындыдан және түсік-төлдің ұлтабарынан микроскопиялық зерттеу арқылы анықтайды.
Бактериологиялық зерттеуде де осы материалды пайдаланады.Індеттанулық балау жүргізгенде табындағы малдың осы аурудан 60% жағдайға дейін қысыр қалатыны ескеріліп, олар күйлесе де ұрық ұстамайтыны және сервис кезеңінің ұзаруы назарға алынады. Бұндай малдар 3-4 рет күйлегеннен кейін барып, ұрық ұстаулары мүмкін.
Кампилобактериозға тән басқа бір классикалық белгі - малдың буаздық кезеңінің кез-келген кезеңінде, әсіресе 3-6 айлығында іш тастауы. Іш тастаған малдарда шудың ұзақ уақытта түспеуі жиі байқалады.
Сиырдың қысыр қалу себептерін анықтағанда, қандай бұқамен шағылысқанын, болмаса қандай бұқаның ұрығымен ұрықтанғанына назар қойылады.
Егер қолдан ұрықтандыру қолданылса, онда 1 бұқаның ұрығымен түрлі шаруашылықтарда іш тастау жағдайлары болып- болмағаны анықталады.
Лабораториялық зерттеуге жаңадан алынған түсік, қағанақ, оның суы немесе тірі малдың жатыр мойнына стерильді тампон арқылы алынған кілегей алынады.
Зерттеуге алынған материал тез арада лабораторияға жеткізілуі қажет, болмаса төменгі температурада сақталуы керек. Мүмкіндік жағдай болғанда алынған материал практикалық жағдайда, тез арада қоректі ортаға себілуі тиімді саналады.
Серологиялық зерттеуге қынаптан алынған кілегей аглютинация әдісімен зерттеледі. Бұл әдісті қынап кілегейімен аглютинация реакциясы (ҚКАР) деп атайды, орысша атауы (РАВС). Қойларда қан сарысуы АР-мен зерттеледі. ҚКАР практикада қосымша әдіс ретінде қолданылады.
Бактериологиялық зерттеу материалды(түсіктің асқазандағы сұйықтығы) микроскопиялаудан тұрады. Спираль тәріздес микроорганизмдердің анықталуы алдын ала балау қоюға мүмкіндіктер береді.
Бұқалардың шыбық қабынан алынған кілегейді зерттеу арқылы ауру қоздырушысын анықтау мүмкіндігі өте төмен. Себебі алынған кілегейде басқа да микрофлоралар көптеп кездеседі.
Соңғы жылдары тайынша тест деп аталатын Адлер әдісі практикада тиімді қолданылады. Ғылыми деректерге қарағанда бұл әдіс арқылы абсолютті жағдайда ауру қоздырушысының жұқтырған бұқаны анықтауға болатыны көрсетілген.
Қойдың кампилобактериозының балауын бактериологиялық зерттеу арқылы қоюға болады. Қойда бұл аурудың негізгі клиникалық белгісі- іш тастау, әсіресе буаздықтың соңғы кезеңінде. Әлбетте тұсақ қойларының(бірінші туым) бұл аурумен қоса жаппай хламидиозды инфекциядан іш тастайтынын назарға алу қажет.
Кампилобактериоздың індет ошағында ветсанитариялық шаралар қатаң орындалып, ауру мал оқшауланып антибиотиктер басқа да антибактериальды препараттар қолданылады.
Бұқаларды емдеу қиындықтар тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын емдік шаралар схемалары арнайы препараттарды қолдану нұсқауларында көрсетілген.
Аурудың анықтамасын растау үшін іш тастаған сиыр қанының сывороткасын немесе қынаптың іркіндісін РА әдісі бойынша, вибрионды (үтір тәріздес микроб түрі) антигенділігін (уға немесе микробқа қарсы организмде пайда болатын белоктық зат) зерттейді.
Мұнымен қатар аралас инфекция болып қалуын еске алып, бруцеллез ауруын табу мақсатымен бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұларға құрт ауруларын қоспайды [1,3,5,6].

1.1.6 Кампилобактериоз ауруының емі

Ауруға шалдыққан сиырға, 1 гр пенициллин араластырылған сұйық майды немесе балық майын іш тастасымен-ақ жатырға егеді. Май мен пенициллин қоспасын арасына 2 -- 3күн салып, 3 -- 4 рет жібереді.
Мұнымен қатар малдың бір кг тірі салмағына 4 мың ЕД есебімен бұлшық етке күніне 3 рет пенициллин жібереді.
Мұның сыртында ауру малдың клиникалық белгілері мен сырқаттың халіне қарай, симптоматиялық егу жүргізеді.
Бұқаларға қамшысының қабы арқылы антибиотиктер жібереді. Бұл үшін 2 -- 3г пенициллин мен 1гр стрептомицинді қайнатып суытылған 5 -- 10мл суға ерітеді де, одан кейін 40мл өсімдік майына араластырады. Бұл қоспаны кататер (түтік) арқылы шприцтің көмегімен қынап қабының жоғарғы үштен бір бөлігіне жіберіп, содан соң қапты төменнен жоғары қарай сылайды. Мұндай емді 4 күндей жүргізеді.
Бұған қоса малдың тірідей салмағының бір килограмына есептеп 4 мыңЕД мөлшерімен пенициллин жібереді. Емдеудің нәтижесін ережеге сәйкесбиопроба алу арқылы тексереді.

1.1.7 Кампилобактериоз ауруынан сақтандыру және күресу шаралары

Вибриоз ауруы шығысымен бұл фермада ауру бар деп жариялайды. Ірі қараны уақ малдан бөлек ұстайды. Іш тастаған және іш тастауға бейім тұрған сиырларды бөлек ұстап, симптоматиялық емдеу жүргізеді. Ауру шыққан табындағы малдардың бәріне вибриозауруы жөнінде РА әдісімен зерттеу жүргізеді.
Бұқаның үрпек қабындағы вибриозды зерттейді.
Сиырларды жасанды ұрықтандыру әдісімен бұзаулатады. Бұзауларды ересек малдардан бөлек ұстайды.
Қора-жайды жаңа әкелген әктің 10 -- 20%-тік ерітіндісімен немесе креолиннің 3 -- 5%-тік эмульсиясымен дезинфекциялайды. Көң-қоқысты биотермиялық тәсілмен залалсыздандырады. Тиым салынған шараларды аурудан әбден айыққанша және РА әдісімен ауру шыққан табындағы мал тобы түгел зерттеліп, одан екі реттеріс нәтиже алғанша, тоқтатпай жүргізе береді.
Антисептиктер, антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар [2,5,6,7].

1.3Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары

Аурудын көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы бар) қауіпті зона делінеді, -- ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық деп бөлінеді.
Мал дәрігерлік уставқа сэйкес аурудан таза емес шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді. Шаруашылыққа карантин салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады.
Карантин ережесі ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте болмайды, мал әкелуге және әкетуге рұхсат жоқ. Дезбарьер орнатып, күндіз-түні кезекші қояды, территорияға автокөлік, ат арба т.б. кіріп шығудытоқтатады, ол үшін көрсеткіш белгі қойылады.
Қай жақтан өтуге болатыны көрсетіледі. Ауру шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді ашу, аурудың жазылу сипаттамасына байланысты болады. Карантин біткен соң қорытынды дезинфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады.
Ауру шыққан жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш топқа бөледі:
1) ауру мал;
2) ауыруған күдікті мал;
3) уақытша кудікті сау мал;
Бірінші топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы малды тағыда мал дәрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды иммуниды (сывораткамен вакцинация жасайды). Ауру шыққан жердегі малдарды союға, кастрация -қан алуға болмайды.
Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік санитарлық шараларды іске асырады тазалайды, дезинфекция жасайды, барлық құрал-саймандарды заласыздандырады, қора - қопсыны жөндейді әктейді айналаны тазалайды
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген) сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Ол профилактикалық ағымдағы және қортынды болып бөлінеді. Эпизоотияға қарсы шаралар-инфекциялық ауруларды жою шаралары шаруашылықта ауруды болдырмау бағытында болуы.
Аурудың алдын алу, оны емдеуден жеңіл және арзан түседі. Сондықтан бірінші реттен малдың жұқпалы ауруга қарсы тұратын қаблетін күшейту үшін жұмыс істеу керек. Мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және бейімді болуы қажет.
Сондай ақ микробтың (ауру қоздырғыштың) әсеріне жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары
Ірі қара малдың кампилобактериоз ауруын алдын алу және емдеу
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Бруцеллез жайлы мәліметтер
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер