Лизингтік келісімдегі операциялар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Лизинг операцияларының техникасы
1.1.Лизингтің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Лизингтік операция.
2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы ... ...
2.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ..

3. Лизингтік операцияның дамуы
3.1.Қазақстанда лизингті бағытты ұйымдастырудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе:

Негізгі өндіріс құралдарын жаңартуда лизинг ең тиімді әдіс екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Жеке мемлекеттердің тәжірибесінде жақтардың міндеттемелері мен құқықтары операцияларын жүзеге асыру тәсіліне байланысты лизингтің әр түрі қалыптасты. Сонымен қатар, лизинг қатысушыларының арасында туындайтын есептік және несиелік қатынастар сауданы инвестициялық тауарлармен қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары бұл операциялардың тәсілдері көптеген елдердің ішкі нарықтарында операцияларды қаржыландыру кең көлемде қолданылды, ал 70-жылдардан бастап халықаралық өрісте де қолданыла бастады.
Лизингтің Қазақстан рыногіне өз атауымен енгеніне аз ғана уақыт болды. Шетелде лизинг төңірегіндегі құқықтық айналымдар бірқалыпты дамып келе жатыр. Алдағы уақытта лизингтік техниканың жеделдетілген өтелімі туралы нормаларды қолданысқа енгізу қажет. Ресейде лизинг нарығының дамуына қозғау салып отырған күш –жеделдетілген өтелімнің қалыпты нормадан 2-3 есе асып түсетіндігі. Бұл лизинг жоба бойынша алынған техниканың қысқа мерзімде өз құнын өтеп шығуына мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Арзаева,М.Ж. Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру құралы ретінде:
// ҚазҰУ-нің хабаршысы.Экономика сериясы.-2006.-№5.-33-36б.

2. Асабаева,Л. Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау:
//Айқын.-2005.-30 маусым.-4б.

3. Әмірбек,Жеменей. Қазақстанда лизингті ұйымдастырудың негізгі
бағыттары // Заң.-2006.- № 5. - 30-33 б.

4. Қамали, Қарлығаш Мағауқызы. Сыртқы экономикалық қызметті
мемлекеттік басқару: оқу құралы/ ҚР білім және ғылым
министрлігі.; Т.Рысқұлов атын. Қазақ экон.университеті.-
Алматы:Эконмика, 2005.-103 бет.

5. Молдабекова, А. Үй шаруашылығының секторында кредиттенді-
руді кеңейту: (Экономика) // Қаржы-қаражат. -2005. - №2. -32-35 б.

6. Тагашев, Ибрагим. Лизинг-ең тиімді әдіс: // Егемен Қазақстан.
-2005- 29 сәуір. -3б.

7. Тәжібаев, Бейсенбай. «Ауыл жылы» ауылымызға не берді? //
Алтын орда. -2005. -18-24 қараша. -23 б.

8. Шаймердинова, М. БТА Лизинг: пять лет на рынке: Рынок
финансовых услуг // Казахстанская правда. – 2005. – 17 марта. –С.3.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Лизингтік келісімдегі операциялар

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
1. Лизинг операцияларының техникасы
1.1.Лизингтің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Лизингтік операция.
2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы ... ...
2.2.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ..

3. Лизингтік операцияның дамуы
3.1.Қазақстанда лизингті бағытты ұйымдастырудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе:

Негізгі өндіріс құралдарын жаңартуда лизинг ең тиімді әдіс екендігін
әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Жеке мемлекеттердің тәжірибесінде жақтардың міндеттемелері мен
құқықтары операцияларын жүзеге асыру тәсіліне байланысты лизингтің әр түрі
қалыптасты. Сонымен қатар, лизинг қатысушыларының арасында туындайтын
есептік және несиелік қатынастар сауданы инвестициялық тауарлармен
қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Өткен
ғасырдың 50-60 жылдары бұл операциялардың тәсілдері көптеген елдердің ішкі
нарықтарында операцияларды қаржыландыру кең көлемде қолданылды, ал 70-
жылдардан бастап халықаралық өрісте де қолданыла бастады.
Лизингтің Қазақстан рыногіне өз атауымен енгеніне аз ғана уақыт болды.
Шетелде лизинг төңірегіндегі құқықтық айналымдар бірқалыпты дамып келе
жатыр. Алдағы уақытта лизингтік техниканың жеделдетілген өтелімі туралы
нормаларды қолданысқа енгізу қажет. Ресейде лизинг нарығының дамуына қозғау
салып отырған күш –жеделдетілген өтелімнің қалыпты нормадан 2-3 есе асып
түсетіндігі. Бұл лизинг жоба бойынша алынған техниканың қысқа мерзімде өз
құнын өтеп шығуына мүмкіндік береді.

1.1.Лизингтің түрлері.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1.Шұғыл лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі-бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі
ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі
өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы
жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып
жүзеге асырады.
Сондай-ақ, лизингтің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын
мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг-бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып
келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші
болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы. Лизинг операцияларының техникасына
байланысты әр түрлі сызба бойынша жасалады.

Лизинг беруші 2
Жабдықтаушы
(Лизинг компаниясы)
(Өндіруші)

4 1
3

Лизинг алушы
Өндірістік кәсіпорын

Бұл жерде 1-құрал-жабдыққа тпсырыс беру;
2-құрал-жабдық үшін төлем;
3-құрал-жабдықты жеткізу;
4-лизингтік төлемдер;
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін
қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай
операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 % -ға
жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші
лизингке беретін активтер құнының 80 %-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше
несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен
құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Банк
1 7
2 Лизинг компаниясы
Жабдықтаушы (лизинг беруші)
5 3 4 6
Өндірістік
кәсіпорын
(лизинг
алушы)

1.Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім-шарт жасалып,
несие беріледі;
2.Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға
төлейді;
3. Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
4. Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісім шарт жасалады;
5. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6.Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер
жүргізеді;
7. Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін
төлейді;
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі
төмендегідей формуламен есептеледі.
ЛТ= АА+НТ+КТ+ҚТ+ҚҚС
Мұндағы, ЛТ-лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА-ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар

сомасы;
НТ-лизинг бнрушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін
төлемі;
КТ-лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті бергені үшін
лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ-көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС-лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті
алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

1.2.Лизингтік келісімдегі операциялар.
Лизингтік операциялар Лизинг ағылшын тілінен аударғанда жалға беру
деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын
заттарды (ғимарат,машина,ұшақ, автомобиль, компьтерлерді)жалға беруді
айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады.Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша
жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір
уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті
пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден
босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы
техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті
формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары
мәмілемен реттеледі:бірінші қатысушы-мүлік иесі (лизинг беруші), екінші-
мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы) үшінші-мүлікті сатушы. Олардың өзара
қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша қаражаттары
бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға
керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен
жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады,
яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық
қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін
береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудіңбарлық
принципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділк (ақылық). Мерзімі
біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті төлейді,
яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл
өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.
Лизинг түрлері әр түрлі:
1.Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі
болып моральдік төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар
табылады.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім
машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес
келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті
лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
3.Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды
жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны
бойынша бағаланады. Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін
арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-
жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің
артықшылығы-лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін
олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын
жүргізген тиімді: ол жоғарғы рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты
материалдық қамтамасыз етілген.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім-шартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал,
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавилонда жаслғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компани деген америкадық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп атты
алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған.
Еуропада 1962 жылы Дойче лизинг ГМбХ деген атпен бірінші лизингтік
компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бнрі еуропа
лизинг нарығы дамып келеді.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады.
Еліміздегі лизинг мынадай төрт жолмен қалыптасқан.
1)аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және Қазконтракт
корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және
жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және
аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4) лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да
шетелдік фрмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы
шетелдік лизингтік коомпаниялардың дамуы.
1992 жылдың ортасына таман Қазақстанның мемлекеттік емес секторында 20
лизингтік фирмалар жұмыс жасады. Олардың қатарында КРАМДС-лизинг, Алма-
ата техлизинг, Техника-лизинг, Тұранлизинг, Қазтехлизинг және т.б.
болды.
Ішкі нарықтағы лизингтік операциялардың дамуының өзіндік ерекшеліктері
болды. Өтпелі кезеңдегі эклномиканы тұрақтандырудың қажеттілігі және
өндірістің құлдырауын жою лизингтік операциялардың тез өсуіне мүмкіндік
берді.
Бірақ-та 1992 жылғы бағаны жаппай ырықтандырудан кейінгі инфляция
қарқынының өсуіне байланысты қолайсыз болып, нарықта лизингтік қызмет
көрсетушілердің көпшілігі саудаға бұрылып кетті.
Мұндай жағдайда, Қазақстанда халықаралық экспорттық және импорттық
лизингтер нарығы, оның ішінде ұшақ, автомобильдер және ауыл шаруашылығы
тезникаларының лизингі қалыптасты. Қазақстан әуе жолы ұлттық акционерлік
компаниясы авиациялық техникаларды жалгерлік негізде пайдаланудың бірлескен
кәсіпорындарын құру сұрақтарын қамтитын 2000 жылға дейінгі
авиакомпаниялардың дамуының бағдарламасын жасаған болатын. 1993 жылдан
бастап, бағдарлама іске асырылып, соның негізінде ұшақ жайларын түбірімен
жаңарту жүргізілді. 1994 жылы Қазақстан лизинг көмегімен, яғни мемлекет пен
авиакомпанияның ұшақ сатып алуға қаражаты болмағандықтан да Ресейден үш Ил-
86, бір Ту-154, Як-40 және Ан-24 ұшақтарын алады. 2000 жылға дейін біздегі
ТУ -154, ТУ-134, Як-40 және Ан-24 ұшақтары өздерінің ресурстарын ақтайды
деп күтілді. Сондықтан да авиакомпанияның ағымдағы міндеті авиациялық
техникаларды толығымен жаңарту еді. Кейіннен жанармай бағаларының өсуіне
байланысты авиабилеттердің бағасын өсіріп, ішкі нарықтағы авиатасымалдау
көлемінің, яғни жолаушылардың саны екі еседен жоғары мөлшерде қысқаруы,
ресейлік ұшақтардың тиімсіздігін байқатты. Шетел ұшақтары ресейдікіне
қарағанда көп орынды, өте қолайлы және үнемді болып, Қазақстандықтар АҚШ-
тан 4 Боинг 767 ұшақтарын лизинг жағдайында сатып алды. Сонымен қатар,
сыртқы нарықтан валюта жасау мақсатында ұлттық компания Ан-24 (8
бірлігін) кезекті экипаждарымен бірге, лизинг жағдайында Қытайға , Араб
эмиратына, Гвинее-Биссау және Шри-Ланка елдеріне берді. Бұл ұсталған
ұшақтардың экспорттық лизингінің дамуын көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларының лизингінің
нарығы да қалыптасты. 1994 жылы АҚШ-тың John Deere фирмасы мен Кең дала
мемлекеттік астық компаниясы арасында республиканы комбайндармен жабдықтау
туралы өзара келісім-шарт жасалған болатын. Сол келісім-шарт негізінде
қазақстандық компания 114,3 млн доллар сомасында 400-астық жинайтын
комбаиндерді , 200-жүгері жинайтын комбайндарды және 100- мақта жинайтын
комбайндарды сатып алады. Бұл машиналарды бес жылға бөліп төлеу негізінде
сатып алып, оның құны жыл сайын техниканың 20 пайызы мөлшерінде астықтың
есебінен қайтарылатын болған Кең дала мемлекеттік астық компаниясы АҚШ
Эксимбанкінің несиесін астықты экспорттаудың есебінен қайтаруды ұсынады.
Сондай-ақ Астана-Моторс қазақстандық моторлық компания Жапонияның
екі сауда үйлерімен – Nissan Corporation және Nissho Iwai
ынтымақтастық орнатып Nissan және Toyota автомобильдерінің құрал-
жабдықтарын, қосалқы бөлшектерін лизингке алады.
1994 жылы 10 қазанда мемлекеттің қатынасуымен Азия-лизинг Ұлттық
лизингтік компаниясын құру туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Ол Азия-
лизинг жабық акционерлік қоғам формасында, мемлекеттің , Әлемсистем
кәсіпкерлік құрылымының және шетелдік фирмалардың бірігуінен құрылады.
Екінші қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар,
айталық таяудағы : Қаржы лизингі туралы Қазақстан Республикасы заңының
ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал етуі тиістігін айтуға болады.
Әлі де болса, лизингтің дамуына отандық банктеріміз салғырттық
танытуда. Отандық банктердің лизинг қызметімен белсенді айналысулары үшін,
яғни олардың валюталары мен теңгелері құрал-жабдықтарды сатып алудың
негізгі көзі болуы үшін сенімді кепілдеме беру механизмі мен экономикалық
мүдделендірудің болуы қажет.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме
беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әртүрлі
кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және
сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге
асырылуға тиіс.

2.1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы
80- жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау
ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік
қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және
басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті
қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингтік операция
бүгінгі күні қазақтандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның
өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер
ететін операция.
Қаржылық лизингтің операциясының мәні мынада: мамандандырылған
лизингтік фирма (жалға беруші) нақты мүлікті қолдану құқығын алғысы келетін
өндірістік кәсіпорынның бұйрығы бойынша жалға алушылармен жабдықтаушы
тауарларды өз есебінен алады және оны қолданушы кәсіпорынға жалға береді.
Лизингтік фирманың құрал-жабдықтарды жабдықтаушымен қарым-қатынасы сатып-
алу сату келісімімен жасалынады, ал пайдаланушы кәсіпорынмен жалдық келісім
арқылы жасалады. Жалдың кезеңі ылғи да құрал-жабдықтардың амортизация
мезімінің негізінде құрылады және мүлік түріне байланысты , сонымен қатар
20 жыл немесе одан да көп мерзімді құрауы мүмкін. Жалдық төлем құрал-
жабдықтардың амортизациялық ретіне сәйкес кезеңдік төлемдерді (осылайша
көрсетілген базалық кезең ішінде мүлік құнының үлкен бөлігі жабылады), оны
сатып алу үшін қажетті қаржыларды тартумен байланысты лизингтік
компанияның шығындарын және пайдасын қосады. Лизингтік келісімнің
аяқталуына қарай жалға алушы құрал-жабдықтарды (қалдық-құны бөлігі бойынша)
сатып алу, жалдық келісімді қалпына келтіру немесе жалға алынатын
мүлікті жалға беру үшін қайтару мүмкіндігіне ие болады.
Лизингтік операциялар барлық қатысушы жақтарға белгілі бір
артықшылықтар береді. Жабдықтаушы фирма өзінің тауарын қолма-қол төлем шарт
негізінде сатады. Жалға алушы кәсіпорын құрал-жабдықтарды төлем уақытын
ұзарту шарты негізінде алады. Сонымен бірге несиеден айырмашылығы, оның
көлемі 100 пайыз тауар құнын жабады. Сонымен қатар, лизинг жалгер-
өндірістің қаржылық жағдайының көрсеткіштеріне сәйкес жабдықтардыңтікелей
сатып алынуы кезінде болатын жағдайдағыдай мөлшерде әсер етпейді. Лизингтік
компания жалгерлік төлемге қосылмайтын белгілі бір табыс алады. Көрсетілген
артықшылықтар халықаралық лизингтік операциялардың белсенді дамуына
жеткілікті мөлшерде, жекелеген елдердің ұлттық заңнамаларында болатын
сәйкес келмеушілікке қарамастан әсер етеді. Кейбір елдерде лизинг
шарттарында машиналар мен құрал-жабдықтардың импортын 10 пайызына дейін
қаржыландырады.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады.
Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті
техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта
құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді
меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл
есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық
қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері
бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша
көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг
конвениясында былай деп айтылған: Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты
қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші)
пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша
пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың
сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен
топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
-тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке
өткізеді (екі жақты келісіс);
-жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті
беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі –қайтымды лизинг, лизинг фирмасы
иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Мүліктің типіне қарай былай бөлуге болады:
-жылжымалы мүлік лизингі;
-жылжымайтын мүлік лизингі;
-бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;
Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:
-бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін
лизинг;
-толық өтелмейтін лизинг.
Амортизация шарты бойыена былай бөлінеді:
-толық амотизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық
төленетін лизинг;
-толық емес амортизациялы лизинг;
Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:
-егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз
мойнына алса, таза лизинг;
- толық қызмет жиынтығы бар лизинг-объектіге толық қызмет көрсету
лизинг берушіге жүктеледі;
-жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы лизингті
қарастырады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді.
Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде –
лизинг беруші болып табылады.
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынады болып
бөлінеді:
-жалған лизинг- қызмет алыпсатарлық сипатта болады жіне жеңілдіктер
есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі.
-нағыз лизинг – жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел
амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық
төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай
алады.
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
-ақша төлемімен жүргізілетін лизинг-барлық төлемдер ақша нысанында
жүргізіледі;
-компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг-төлем аталған жабдықта
өндірілген тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету нысанында жүзеге
асырылады;
-аралас төлемді лизинг.
Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады – жедел
және қаржылық лизинг.
Жедел лизинг- көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да
техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құрал-жабдықты
пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға
ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік
келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.
Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен
бөлігінің амортизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы
келісісдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік
нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі- лизингтік жалдау шығындарын
қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда
келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.
Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының
құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:
-меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;
-келісімшарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;
-жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың
нарықтық құнының 90 пайызына тең немесе одан жоғары болу керек.
Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі
ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын
несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы
керек, онда:
-жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем;
-ең жоғары төлем-жалға алынған мүлікті сатып кезіндегі төлем;
-келтірілген құн- ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша
ағымының құны.
Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса
біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық
лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:
-лизинг беруші-лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны
лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған
шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға
міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан
лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем
емес) амортизациясымен өлшенеді.
- Лизинг алушы лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға
бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайызан
кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты
кезеңдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Dala Group» компаниясының қарыз қаражатын қалыптастыру механизмін жетілдіру жолдары
ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің мазмұны
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Лизинг алушының гарантиялары
Лизингтік қатынастар
Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және лизинг берушіге құқығы мүлікті қайтару
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Пәндер