Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

МИКРОӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ ҚАЗАҚ, ОРЫС ТІЛДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер мен сөздіктер тізімі және тақырыпқа байланысты сауалнамадан тұрады.

Тірек сөздер: микроқауым, қостілділік, диглоссия, тілдің өмір сүру формалары, тілдік жағдаят, тілдік саясат, бірінші тіл, екінші тіл, тілдік код.

Жұмыстың көлемі: 42 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33

Бітіру жұмысының нысаны: Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау.

Микроәлеуметтік билигвалды жастар қауымдастығындағы политипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т. б. ) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бқл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау.

Зерттеу әдістері: империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу.

Жұмыста қолданылған дерек көздер: ғылыми әдебиеттер мен жұмыстар, жинақтар алынды. Сонымен қатар, сөздіктер, мерзімді басылымдар қолданылды.

Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдіс - тәсілдері жайында мәлімет беріледі. Негізгі бөлімі екі тарауды қамтиды. Мұнда микроәлеуметтік қауымдастыққа мінездеме беру, елімізде қалыптасқан тілдік жағдайдағы қостілді қоғамдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметін талдау. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс барысы жүйеленіп нақтыланған.

Жұмыстың нәтижелері: микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

  1. Микроәлеуметтік қауымдастыққа әлеуметтік лингвиистика тұрғысынан мінездеме . . .

1. 1 Қазақстан Республикасы тілдік жағдайының сипаттамасы . . . 6

1. 2 микроәлеуметтік қауымдастықтың

сипаты . . . 10

  1. Қазақ және орыс тілдерінің микроәлеуметтік жастар

билингвалды қауымдастығындағы қызметі . . .

  1. Қостілділік - жастар билингвалды қауымдастығының

басты сипаты . . . 17

2. 2 Диглоссия - микроәлеуметтік жастар қауымдастығының

негізгі белгісі ретінде . . . 21

Қорытынды . . . 37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39

Пайдаланған сөздіктер тізімі . . . 41

Қосымша . . . 42

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір - біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік - экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады.

Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады:

  1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет.
  2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті.
  3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды.

Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.

Қостілділік микроәлеуметтік қауымдастық сыртында, қоғамда бүтіндей әлеуметтік сұранысқа сай дамып, мемлекет, қоғам тарапынан саналы түрде реттелінеді және микроәлеуметтік қауымдастық өзінің параметрлерімен қөрініс табады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау.

Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығындағы полтипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т. б) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бұл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау.

Бітіру жұмысының нысаны. Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.

Зерттеу әдістері. империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу.

Бітіру жұмысының нәтижелері. Микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.

Зерттеуде тілдерді қолдануды анықтайтын негізгі факторлардың бірі тілдік орта. Көптілді ортада қазақ және орыс тілдерінің қолданысы шамалас болып келеді. Сонымен қатар, тілдік ортаның тілдерді қолдануға әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлары бар. Жағымды факторлардың ішінде негізгісі мыналар: этникалық құрылымның сан жағынан көбеюі, ұлттық сана-сезімнің көтерілуі. Жағымсыз факторларға қазақ тілді балабақшалар мен тәрбиелеу мекемелерінің жетіспеуі, орыс және аралас мектептердің санының көптігі.

Тілдердің бір-біріне әсерін сипаттайтын ықпал етуші тілдік жағдайдың маңызды компоненті ретінде қарым-қатынас кеңістігі болып табылады. Жұмыста респонденттердің негізгі қарым-қатынас кеңістіктері анықталған: тұрмыстық-шаруашылықтық, қоғамдық, оқу-білім, бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақ және орыс тілдері тілдік жағдайды диглоссиялы-билингвалды қатынаста етіп, аталған кеңістіктердің барлығында параллель қызмет етеді.

1 МИКРОӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ҰҒЫМЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА ТҰРҒЫСЫНАН МІНЕЗДЕМЕ

1. 1 Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдайдың сипаттамасы

Микроәлеуметтік қауымдастықта Қазақстандық қауымдастығымыздың бір бөлшегі ретінде мемлекеттің тілдік саясаты мен тілдік жағдайы көрініс табады. Сондықтан микроәлеуметтік қауымдастықтағы процесстерді түсіну үшін, жалпы тілдер қызметінің алғышарты болатын тілдік саясаттың қалыптасуы және жеке микроәлеуметтік қауымдастық бойынша Қазақстандағы тілдік жағдайларды талдау қажет.

Қазақстан Республикасының (1996ж) тіл саясаты жөніндегі концепциясында тілдік жағдайға мынандай анықтама береді: «тілдік жағдай - бұл тілдің қоғамда шынайы пайдаланылуы»[1. 5] . Оның пайда болуы мен одан кейінгі қызметі тілдік және тілдік емес (әлеуметтік, саяси, эконмикалық, тарихи, географиялық) басқа да факторларлардың әсерлеріне байланысты болып келеді. Әлеуметтік лингвистикада тілдік жағдайға біршама басқа анықтамалар берілген. Л. Б Никольский тілдік жағдайға мынандай анықтама береді: «Тілдік жағдай жергілікті - әкімшілік ұйымдарда, этникалық қауымдастықта қызмет ететін функционалды стильдер мен тілдер жиынтығы», -дейді. Л. П. Крысин мынандай келесі бір анықтама береді: «Тілдік жағдай - тілдік қауымдастықтың өмір сүру деңгейіндегі осы қауымдастыққа тән әлеуметтік коммуникативті жүйелер компоненттерінің жиынтығы»[5. 113] . Ю. В. Михалченко тілдік жағдайдың компоненттерін атап көрсетеді: тілдік қауымдастық, тілдік дәстүр, тілдік құзыреттілік, сөйлеу тәжірибесі, бағалау бағдары, тілдердің заң алдындағы мәртебесі, тілдің қызметтік орны. Ю. В. Михалченконың пікірі бойынша кейбір әсер етуші факторлардың өзгеруі, тілдік жағдайды толығымен өзгертуі мүмкін емес [3. 23] .

Қазақстандағы әлеуметтік лингвистиканы зерттеуші ғалымдардың айтуынша, еліміздегі тілдік жағдай экзоглосты (әртүрлі тілдер жиынтығы), теңестірілмеген (қызмет ету жағынан біркелкі емес), түрлі қарым - қатынастық құзыреттілікке ие тілдер жиынтығы. Берілген анықтамалар Қазақстан әртүрлі генетикалық топтарға жататын, құрылымы біртекті емес мемлекет екенін көрсетеді. 1999 жылғы санақ бойынша түркі және славян тілдер тобына жататын тілдерде сөйлеушілерден басқа да тілдер тобына жататын тілдерде сөйлеушілер бар екенін көрсетті. Қазақстан көп ұлтты мемлекет екеніне қарамастан демографиялық және қызметтік жағынан екі үлкен орыс қазақ тілдерінің қарым-қатынастық үлесіне тиеді. Қос тілді және үш тілді микроәлеуметтік қауымдастықтардың көпшілігі шашыраңқы (ұйғыр, кәріс және т. б. тілдерді қоспағанда) және ұлттық жергілікті білім алу қалыптаспаған. Тіл шашыраңқылығы қазақ тіліне де тән екенін айта кетсек, (еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерін қоспағанда) қазақ тілі үлкен территорияда бытыраңқы тараған және қарым-қатынасы жағынан қуатты орыс тілімен әрқашан әрекеттестікте өмір сүреді.

Қазақстандағы тілдік жағдай екі үлкен тілмен қызметтес, генетикалық жағынан әр түрлі тілдердің бар болуына қарамастан, әлеуметтік лингвистика параметрлері көрсеткендей, қарым-қатынас кеңістігінде қазақ, орыс тілдерінің қызметі басым екенін анықтайды.

Жалпы тілдік жағдайға анықтама беретін болсақ, тілдік жағдай - қандайда бір тарихи кезеңге қызмет көрсететін тілдер ментілдік варианттардың иерархиясы (территориялық және әлеуметтік дилектілердің, койне, жаргон, тілдердің функционалдық стильдері) Социум (этнос, саяси қоғам) белгілі бір тарихи кезеңде пайдаланылатын тілдердің және тіл варианттарының иерархиялық бірлестіктердің шеңберіне таралады. Эндоглосты (бір тілден тарайтын жүйелердің жиынтығы, өзара бірдей коммуникативтік, функциялық қызметке ие болады) және баланссыз (функциялары бойынша мәртебелі не мәртебесіз тілдердің және тіл варианттарының жиынтығы - әр түрлі коммуникативтік үстемдікке ие болады. Демография бойынша тепе-тең (демографиялық ортасы өзара тең тілдердің жиынтығы) және демографиялық жағынан тепе-теңдік сақталмаған (демографиялық орталары әр түрлі тілдердің жиынтығы) . Тілдік жағдай ажыратылады. Диглосты және диглосты емес тілдік жағдай бар. Қазақстанда экзоглосты, баланссыз, диглосты және демографиялық жағынан тепе-теңдік сақталмаған тілдік жағдай орын алған. Мысалы Венгрияда эндоглосты, баланссыз және диглосты (венгр тілінде тұрғындардың 99, 4% сөйлейді, 8 диалект және әдеби тіл нормаға түскен) [ 1. 42] .

Тілдік жағдай үш түрлі белгілермен сипатталады: сандық, сапалық, және эстимационалдық (бағалық) . Тілдің сандық белгілеріне берілген аймақтағы қызмет ететін тілдер саны, тілдердің демографиялық қуаттылығы, тілдердің қарым - қатынастық белсенділігі жатады. Тілдердің сапалық белгілеріне тілдер арасындағы құрылымдық, гентикалық қарым - қатынас (біртілділік, көптілділік, гомогендік, гетерогендік, эндоглостық, экзоглостық) тілдердің ресми қарым - қатынастық мәртебесі және басқалар. Эстимациондық белгілер тұрғындардың тілге деген қарым - қатынасы арқылы көрініс табады.

Еліміздегі тілдік жағдайды сипаттауда демографиялық теңсіздік жайында айта кеткен жөн:

  • Біркелкі емес және күрделі этнотілдік жағдайдың қалыптасуына (1731-1865 жж) Қазақстанның Ресейге қосылуы үлкен әсер етті.
  • Сталыпин реформасы қазақтардың 30% жеріне Ресей мен Украинадан шаруаларды орналастырып, сол жердегі қазақтарды ығыстырды. Осының нәтижесінде солтүстік - батыс, солтүстік - шығыс және оңтүстік - шығыста славян этникалық топтары құрылды.

- 1929 - 1933 жж республика тұрғындарының санын 2. 4 есеге азайтқан, қазақтарды өздерінің тарихи отанында 1966 жылға дейін этникалық аз топқа айналдырған демографиялық қирау.

  • Соғыстың алдындағы қуғын - сүргінге ұшырығандарды жаппай Қазақстанға департациялау.
  • Соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі жылдары миграциялаудағы халықтар легі.
  • Тың игеру жылдарындағы орыс, украин шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы.
  • Кейінгі жылдардағы тәуелсіздік қарсаңында орыс - славян, неміс тұрғындардың тарихи отанына оралуы.
  • КСРО - дан ТМД - ға өтукезіндегі саяси өзгерістер мемлекеттік концепцияның өзгеруіне әкеліп, қоғамдық өмір мен саяси - мемлекеттік құрылымдағы ұлттіқ элементтің ролінің өсуі мен этникалық тіл мен мәдениеттердің қайта жаңғыруына әкелді [3. 83] .

Сонымен қатар еліміздегі тілдік жағдайды сипаттауда 1990 жылдан басталатын тарихи оқиғалардың маңызы ерекше. Тәуелсіз мемлекет құру негізінде Қазақстан Республикасы егемендігі жөнінде декларация қабылданды. (1990ж. 16-желтоқсан), Қазақстан халықтар ассамблеясы (1995ж., 24-наурыз) полиэтникалық мемлекеттегі ұлттық саясаттың алғы шарттары.

Елімізде ұлттық, мәдени орталықтар құрылып, ұлттық тіл мен әдебиет жүргізілетін мектептер, гимназиялар, лицейлер ашылды. Басқа ұлттардың тілін, ұлттық мәдениетін оқытатын жексенбілік мектептер балабақшалар жұмыс жасай бастады. 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қазақтар Ассоцациясы құрылған Дүниежүзілік құрылтай өтті. Ондағы мақсат шетелдегі қазақтардың басын қосу, мәдениет пен дәстүрді қалыпқа келтіру, ұлттық сананы жетілдіру. Еліміз тәуеліздік алған соң шетелдегі қазақтар отанына қайтып оралуға мүмкіндік алды. Тәуелсіздік тілдің өмір сүру факторларының бірі, ұлттық сана сезімнің дамуын көтерді. Халықтың жеке тарихи өткеніне үңілу, салт-дәстүр, мәдениет, тілге деген қызығушылық артты [4. 33] .

Тілдік саясат мемлекеттегі тілдік проблемаларды шешуге арналған идеологиялық түйіндер жиынтығы мен әлеуметтік лингвистика мониторингтері, тілдік процестер динамикасы көрініс табатын тілдік саясаттың түзелуін және оның демографиялық, әлеуметтік этникалық критерийлер бойынша аймақтық жіктелісін қамтамасыз ету керек.

Тіл саясаты бойынша атқарылған қазіргі заманға лайық істер мемлекет ішіндегі әлеуметтік лингвистикалық жағдайды талдаумен ғана шектелмейді, тілдік немесе әлеуметтік лингистикалық жағдай жалпыевропалық немесе әлемдік деңгейде жиі қарастырылады. М. Кенинг жаһандану үдерісі қазіргі заманғы мемлекет құру серпініне айтарлықтай әсер етеді деп тұжырымдайды. Ол: «Жаһандану ұлттық мемлекеттің өзінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік жүйесін басқару егемендігін белгілі бір шамада әлсіретеді», - деп жазады. Халықаралық құқық жаңа пайда болған ұлттық мемлекеттерге әмбебап заң жүйсін барынша міндеттейді. Гомогендеу, дискриминация (нәсілдік кемсітушілік) және геноцид (қуғын-сүргін) саясатына ұшыраған иммигранттар, аймақтық азшылық топтар мен байырғы халық халықаралық стандарттар нәтижесінде ұлттық мемелкетте дербестікке қол жеткізді, ал мұндай стандарттар еуропада мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болмаған.

Сондай-ақ жаһандану саяси жүйеде ұлттық мемлекет пен ұлттық өкіметтің доминанты - құрылымдық ролін еш төмендетпейді.

М. Кенингтің пікірі бойнша, қазіргі заманғы тіл саясатында мынадай маңызды қарама-қайшылық бар: бір жағынан, тілдің әралуандығы мен этникалық топтардың саяси талаптарына орай әрекет ету қажеттілігі, екінші жағынан, « мемлекеттің ұлтшылдық концепсиясының заңдылығын жоюға дейін баратын» көпшілік мақұлдаған қоғамдық саланың бекітілген қағидаларын орындау міндеті.

Мемлекет қос тілді және көп тілді болған жағдайда ондағы тілдік саясат қатар өмір сүретін тілдер қолданысы мен олардың қызметін анықтаудан тұрады.

Әлеуметтік тіл білімінің мамандары қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай оны білудің қажеттілігін туғызып отырған себептер мынадай деп атап көрсетеді:

  1. Қазақтардың республикада үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959 жылы қазақ халқы республика тұрғындарының 30 пайызын құраса, 1992 жылғы санақ бойынша 42 пайызға жетті.
  2. Республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы.
  3. Көп ұлтты ауыл - село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы;
  4. Қазақтардың ТМД республикаларында көп екені, ондағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішінде бесінші орын алатыны (қазақ тілі кіретін түркі тілдері ТМД республикаларында славян тілдерінен кейінгі екінші орында) ;
  5. Қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазір дүние жүзінде 5651 тіл болса, қазақ тілі соның ішінде сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатында екені;
  6. Қазақ тілін бөлу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі;
  7. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жатқандығы.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қоғамдық өмірдің барлық саласында дербес қызмет етпей, орыс тілімен қызметтес болады.

Орыс тілі Қазақстан Республикасында қызмет етудің барлық саласында қолданысқа ие орыстардың ұлттық тілі ретінде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Сонымен қатар орыс тілі қазіргі таңда көп ұлтты мемлекетімізде халықаралық қатынас тілі болып, ұлт аралық қатынас тілі қызметін атқарады.

Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту жөнінде екі мемлекеттік бағдарлама жасалды ( 1998ж., 2003 ж. ) . Ондағы мақсат - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің дамуына жағдай жасау. Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан халқының біртіндеп мемлекеттік тілге көшуіне бағытталған.

Тілдердің қызметі мен дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар 2001-2010 жж Қазақстан териториясындағы тілдер қызметіне байланысты келесі мемлекеттік іс-шараларды ұсынады (негізгі мақсат мемлекеттік тілдің әлеуметтік, қарым-қатынастық қызметін кеңейту, нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтап қалу, этникалық топтардың тілдірін дамыту) .

Жеке қазақ тілі ғана мемлекеттің - Қазақстан Республикасының нышаны болып табылады. Мемлекеттің мемлекеттік мөр, ақша банкноты, тиын секілді нышандары тек қазақ тілінде ғана шығарылады. Ел президенті және сенат пен мәжіліс палаталарының төрағасы қызметін атқарушы азаматтар қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 42, 58 баптар) . Осылайша, беделіне қарамастан қазақ тілін қолдану заңды түрде қамтамасыз етіледі, сондай-ақ орыс және қазақ тілдерін жұмыс тілі ретінде тең дәрежеде қолдану мүмкіндігі де бар. Өкіметтің барлық құжаттары, бланктер, заң құжаттары, жол көрсеткіштері екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады [1. 17] .

Жаңа бағдарлама бойынша тілдер қызметіне байланысты мемлекеттік іс-шаралар қоғамда қолдау тауып, мемлекеттік органдарда қазақ тіліне деген сұраныс ұлғайды; мемлекеттік органдардың көпшілігінде іс-қағаздарды жүргізу екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде; мемлекеттік тіл дәрежесі білім беру жүйесінде де өсуде, жоғары оқу орындарында қосымша оқу пәні ретінде іс-қағаздарын жүргізу енгізілді.

Бүгінгі таңда Қазақстан - әртүрлі генетикалық топтар мен құрылымдардан тұратын көп тілді, полиэтникалық, мультимәдениетті және поликонцессионалды мемлекет.

Қазақстанның қазіргі этнотілдік ландшафты бір жағына көптілділігімен сипатталса, екінші жағынан, басым екі этнос тілі (қазақ, орыс) сандық жағынан басқа этностардан барлығынан жоғары тұрып, тілдік жағдайда теңестірілмеген түрінде сипаттайды.

Осының бәрі этнотілдік ландшафтың әртүрлі екенін, тілдік жағдай демографиялық және қарым-қатынастық жағынан екі қуатты - қазақ және орыс тілдері төңірегінде құрылатынын көрсетеді.

Ұсынылған әлеуметтік лингвистикалық бітіру жұмысымда тілдік жағдайды талдау, тәуелсіз елімізде тілдер қызметінің құқықтық базасы жеткілікті екендігін, бірінші орында мемлекеттік тілді дамыту, басқа тілдердің жеке лингвистикалық, мәдени қызметін арттыру үшін жағдайлар жасалғандығы жайлы және Қазақстанда барлық тілге төзімділікпен қарайтын жағдай қалыптасқанын айтқым келеді.

1. 2 Микроәлеуметтік қауымдастықтың сипаты

Көп ұлтты мемлекеттерде тіл қызметі тұрғысынан әлеуметтік лингвистика басты мәселелердің бірі. Әлеуметтік лингвистика өзінің бірнеше онжылдық көлеміндегі даму кезеңінде макроәлеуметтік контекстегі әлеуметтік және тілдік құрылымдар арасындағы заңды корреляцияларды (сәйкестікті) анықтауда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, пәнаралық ғылым ретінде сипат алды. Ю. А. Шмелов: « . . . ол әлеуметтану секілді қоғам өмірімен, іс-әрекетімен байланыста болады; ал енді одан айырмашылығы қоғамның тілді өмірі мен іс-әрекетін қарым-қатынас құралының әлеуметтік феномені ретінде (тұлғааралық, топаралық, ұлтаралық) қарастыруды басты назарға алуы болып табылады», [6. 138] - дейді.

Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер саны әлемнің көптеген елдерінде жыл өткен сайын көбейе түсуде. Мұның өзі оның бүгінгі таңда қаншалықты қажет екенін көрсетіп отыр. 1995 жылы Мәскеуде өткен «Лингвистика на исходе XX века: итоги и перспективы» атты конференцияда И. А. Бодуэн де Куртененің 1901-1904 жж жаңа ғасырға жасаған болжамының айғақталғаны ғалымдар тарапынан атап өтілді. Оның «тек эксперимент әдісін ғана қолдану туралы» тезистерінің бірі психолингвистикада және лингвистиканың басқа да бағыттарында қолданылып келеді. Сонымен қатар «адам сөйлеуінің психикалығы (психологикалығы) және әлеуметтілігі (социологикалығы) туралы» тезисі де кең қолдау тапқан. Бұл тұрғыдан И. А. Бодуэн де Куртенэ психолингвистикамен әлеуметтік лингвистикалық стратегияларды жасау мәселесі қоғам үшін аса маңызды болып отырғаны да атап көрсетілген, өйткені бұл барлық тілдердің үйлесімді дамуына септігін тигізіп, адамдардың өз ойын сөзбен еркін жеткізуінің қарапайым құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ғалымдар Б. Х. Хасанов, А. Е. Корлинский, М. К. Исаев, З. К. Ахметжанова, Э. Д. Сүлейменова, А. М. Абасилов, С. А. Асанбаева, С. Ю. Сан, Д. Қасымова және т. б. «тіл - қоғам» қатынасындағы әлеуметтік лингвистикалық бағыттың өзектілігін көрсетеді.

Р. Т. Белл әлеуметтік лингвистиканы -макро, -микро деп бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПҚА БӨЛІП ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстандағы бүгінгі әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттама беру
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Әлеуметтік жұмыстың қалыпты заңдылықтары
Жолайырық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz