Күрделі эмоциялар туралы


ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Күрделі эмоциялар
Орындаған: Фрунзебекұлы Ерзат
Тексерген: Бердібаева Светлана Қыдырбекқызы
Алматы 2012
Жоспар
- Кіріспе
- Эмоция туралы түсінік2. 1 Эмоцияның түрлері2. 2 Күрделі эмоциялар
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияның өзге психикалық процестермен байланысты болуы бұдан былай психолог мамандардың тәжірибелік зерттеулерін адам психикасының өзге де ерекшеліктерімен ұштасты түрде дамып, оны бірізді жүйемен қарастыруға жол ашты.
Кез келген адам өмірде эмоциясы арқылы өзінің сезімдері мен көңіл - күйін көрсетеді. Өйткені өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Сол жағдайлар адамдарға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Қарайым күнделікті күйбелең тіршіліктің өзінде адамдардан эмоцияның бірнеше түрін байқауға болады. Мысалы, біреулер жылайды, екіншілері күледі, ал басқалары ашулануы немесе құштарлыққа берілуі мүмкін. Бірақ бұл эмоция түрлерін кез келген адамдар көрсете бермейді. Өйткені олар өз эмоцияларын қадағалап отырады. Сонымен қатар, қадағалауға көнбейтін, өзінің бар екенін білдірмей қоймайтын эмоция да болады.
Әр адам эмоцияға келгенде әр түрлі ойда болуы мүмкін. Сол үшін келесі бөлімдерде эмоция туралы ғылыми зерттелген нақты мәліметтер беріледі.
Эмоция туралы түсінік
Эмоцияның түрлері
Эмоция - бұл адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басын деген өзіндік қарым - қатынасы. Эмоциялар ас ішу, тұрғын үй, киім қажеттіліктері, жыныс қажеттіліктері, ұйқы қажеттіліктері қанағаттандырылған және қанағаттандырылмаған жағдайда туады. Олар айнала қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарға адамның жауап реакциясы кездерінде сондай - ақ түйсік процестерінде де олардың эмоциялық реңкі ретінде пайда болады.
Балада эмоция ерте пайда болады. Дарвин өзінің зерттеулерінде бала туғаннан кейін сегізінші күні - ақ ашу эмоциясын білдіретінін айтады. Олардың эмоциялары органикалық қажеттіліктермен байланысып жатады. Тамақтану, уақытында құрғату, сергіту кезінде балада мынандай эмоциялар байқалады. Балада ашу бірнәрседен қоқудан туындайды. Қатты дыбыстардан, қараңғылықтан, шудан қорқады. Мектеп жасындағы балалардың эмоциялары сан -салалы болып келеді. Енді бала өзінің эмоциясын меңгеріп, басқарып отырады. Бұларда достық, жолдастық сезімдері қалыптаса бастайды. Оларда отанды сүю, адалдық, ар - ұят т. б секілді моральдық сезімдер пайда болады. Оқу - тәрбие процесіндегі негізгі мақсаттың бірі - эмоцияны дамытуда шәкірттерде ұнамды, жағымды эмоцияларды қалыптастырып, олардың жағымсыз нашар, қолайсыз түрелерінің пайда болуына жол бермеуіміз қажет.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілк қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан - жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. эмоциялар жатады. Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар болып бөлінеді. Олар белсенді әрекетке азды көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар қарапайым және күрделі эмоциялар болып бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттіліктерінің өтелу, өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі эмоция түрлеріне: көңіл күй, аффект, құмарлық кіреді. Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік - оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстар біразы біздің ерте кездегі ата -бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екенін айтады.
Күрделі эмоциялар
Көңіл - күй адамның барлық толғаныс, тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық көңіл - күй. Көңіл күйлердің бірқалыпты сақталу уақыты әр қалай болады. Көңіл - күй өткінші және тұрақты болуы мүмкін. Ұзақ тұрақтаған көңіл - күй адамның мінез- құлқына бірнеше күн тіпті бернеше апта бойы мән бере алады. Көңіл - қүйдің әрқашанда себебі болады. Ол себеп табиғат, оқиғалар, адамдар, оырндалатын әрекет, денсаулық жайы болуы мүмкін. Әр адамның мінез-құлықтары, көңіл - күйлері әртүрлі көрінеді. Адам өз көңіл - күйінің қожасы. Көңіл - күйін басқаруда жеке адамның өсіп жетілуі көрінеді.
Аффект - бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция. Аффект көрініс беру күшінің орасан зорлығымен сипатталады. Ол адамды бүтіндей билеп алады. Аффект кезінде жеке адамның қалыпты бағдарының өзгеруі аз кездеспейді. Аффект жағдайында сана тарылады, ол көңіл - күймен байланысты қабылданатын заттар мен түсініктердің шағын шоғырына бағытталады. Аффект күйде адам өзінің не істегенін нашар аңғарады. ол өзін - өзі ұстай алмайды, өз әрекетінің нәтижесінің қандай боларын көз алдына келтіре алмайды. күйіне берілгені соншалық өз ісінің сипаты мен маңызын аша біле алмайды. Жағымды сипаттағы аффектілер де болады. олар жеке өмірдегі қуанышты шақтардан немесе қоғамдық үлкен мәні бар оқиғалардан туындайды.
Құмарлық - деп дара мақсатқа немесе құмар болған нәрсеге жетуге бағытталған мұқалмас қайрат туғызатын күшті, тұрақты, ұзаққа созылатын сезімдерді айтады. Құмарлықтардың негізігі белгісі, олардың әсерлілігі, еріктік және эмоциялық сәттерінің тұтастығы. Құмарлықтар адамдарды әрқашан белсенді әрекетке жұмылдырады. соның арқасында қанағат тауып, соның негізінде дамиды. Құмарлықтар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Өз өмірі мен қызмеьтінде қоғам мүддесін басшылыққа алады. жеке адамдардың құмарлықтары - жағымды. Жеке адамның эгоисттік бағытын көрсететін құмарлықтар жағымсыз деген жөн, өйткені өзінің "мен" деген жолында адам қоғам мүддесіне қайшы. жағымсыз моральдік қылықтар жасауға болады. Құмартатын нәрсе барлық адамдарда бірдей бола бермейді, бірақ кез келген адам бір нәрсеге әуестенеді. әуестік жасөспірімдер мен жеткігшектерде айқын көрінеді. Әуестіктің құмарлыққа ауысуы, кейде адамдағы құмарлықпен қатарласа келуі уақытша бәсекелесуі де мүмкін.
Күрделі эмоцияның тағы да келесідей түрлері бар:
Стресс (ағыл. stress) - қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы ж6йке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу - бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туқанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
Фрустрация - [ лат. frustratio - алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй. Дегеніне жете алмаған, діттеген мақсатын орындай алмаған саясат субъектілері фрустрация жағдайын кешуі мүмкін. Мақсатқа жету жолында жеңу мүмкін емес (немесе субъективті қабылданатын) қиыншынықтардан объективті негізде туындайтын жүріс-тұрыс пен уайым ретінде танынатын адамның психикалық қалпы
Стресс (ағыл. stress) қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы ж6йке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz