Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы



1. Отбасы құқұғы және отбасы заңдары
1.1. Отбасы құқығының қайнар көздері
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері
2.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
2.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
3. Қолданған әдебиеттер тізімі
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне,осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жек отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыдағы нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір –біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарынаң ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ған өз мақсатына жетеді.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері.Е.Баянов.Алматы-2003ж
2. Неке және отбасы Байжанов.Н.Алматы 1997ж
3. Азаматтық іс жүргізу құқығы Абдулина .Т.К. Алматы 2001ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Отбасы құқұғы және отбасы заңдары
1.1. Отбасы құқығының қайнар көздері
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері
2.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
2.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
3. Қолданған әдебиеттер тізімі

Отбасы құқұғы және отбасы заңдары.
Отбасы құқұғы: ұғымы, негіздері мен принциптері.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы
тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни
отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды,
яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе
мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да
салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы
мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық
құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың
негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.Ол өзіндік
қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай
да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана
реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының
негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік
қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады.
Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне,осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда
мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге
жатпайды. Профессор О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жек отбасы қатынастарына
жататын заңды тұрғыдағы нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір
дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір –біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы
қатынастарынаң ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала
асырап алушы мен асырап алушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан
жағдайда ған өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі –зайыптылардың, ата-аналар мен
балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың
арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзра
қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немес оны жоғалтқан
жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен
құқықтық реттеу тиімсіз несе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М.Ворожейкин: "Өзіндік
сенімге ие бола алған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек .
Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен
реттелуі керек деп жазды"
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы
құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
"Неке және отбасы туралы " Заңы болып табылды. Осы аталған Заң актісі 1969
жылғы 6 тамызда Республиканың Жоғарғы кеңесі бекіткен неке және отбасы
туралы Кодексті алмастырды.
"Неке және отбасы туралы " Заң 7 бөлімнен , 29 тараудан көне 213 баптан
тұрады.
Бірінші бөліміндегі "Жалпы ережелерде " неке –отбасы заңдарының негізі
жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын
реттеудің негізгі принциптері белгіленген.
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіпкеу, некені тоқтату,
ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық
реттеу туралы нормалар тапсырылған.
Отбасы деп аталатын 3 бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен
міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар, кітабына
жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтыры мен
міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыр және шектеу
жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны
болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Қорғаншылық және қамқоршылық деген 4- бөлімде қорған болу мен
қамқоршылықтың міндеттері белгіленді, сол бойынша қорғаншылық пен
қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен
міндеттері олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты
тоқтату қарастырылады.
"Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары " деген 5 бөлімде ата-
аналардың балаларды асырау және кәмелеттікке толғандардың ата-аналарын
бағып- күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да
мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент
тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген .
Азаматтық хал актілері деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал
актілерін тіркеу, азаиаттық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты
дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі,
әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке –
отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер
жатады. Неке және отбасы туралы Заңның 4-бабында көрсетілгендей,
неке және отбасы туралы заңды (заңның өзінен басқа ) отбасы құқығының
нормалары кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік
құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе
республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен,
Қорғаншылық пен қамқоршылық көрсетуші органдар туралы ережелер) мен
нұсқаулар (мысалы, азаматтық хал актілерін тіркеу, тәртібі тураллы.)
Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Заңды кейбір басқа актілер де
атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал актілеріне тіркеу
тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітуге тиісті екені көрсетілген.
Неке – отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғары
Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының
азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын
қорытынды, заң неке – отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері
арасындағы мүліктік мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық
заңдар қолданылатынын (5- бап) арнайы атап көрсетеді. Азаматтық
Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы
мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын
жәйт.
Неке және отбасы туралы Заңның 3-бабы Қазақстан
Республикасының, неке – отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін
белгілейді.
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі ;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол
берілмеушілік ;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу ;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп –
жетілуі мен әл – ауқатты болуына қамқорлық жасау ;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз
мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорқауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын
қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері

Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін
жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және
атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған .
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады
және өзіне азаматтар мен ұйымдармен құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорқауды, Республика Конституциясының , заңдарының , өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды ( Қазақстан Республикасы
Конституциясының 76 бабы.)
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның
75 бабы.)
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге
асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып
табылады. Бұлар – азаматтық , отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық ,
қаржы, салық және ведомостволық бағыныстағы соттардың қарастырылғына
жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін
жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында
азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының
нормаларымен белгіленеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы- мемлекеттік белгіленген құқықтық
нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша
айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін сондай-ақ сот қаулыларын
мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйксі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады,
оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу
құқығының нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар яғни азаматтық
сот ісін жүргізуге қатысушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою туралы ілім
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Талаптылық іс – жүргізудің түсінігі, мәні және элементтері
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Қылмыстық процестiң қағидалары
Меншік құқығын тану
Пәндер