Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық



1.Кіріспе
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметі
2. Негізгі бөлім:
2.1.Жаңа тұрмыс жырлары
2.2 Көңіл күй әуендері
2.3 Сәкен жырлаған мәңгілік махаббат («Аққудың айрылуы» поэмасы)
3.Қорытынды
XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократтық бағытын, ақындық өнерде ашқан соны сүрлеуін әрі қарай жаңғырта, замана талабымен үйлестіре жалғастырушы қаламгерлердің А. Байтұрсынов ұйытқы болған аса қуатты шоғыры қалыптасты. Соған өзіндік таным-түсінік, керкемдік қолтаңбасымен келіп қосылған жас талант Сәкен Сейфуллин не бары 4—5 жылда әдебиеттегі төңкерісшіл бағытты бастаушы әрі көрнекті мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді. Оның шығармашылық және азаматтық тағдырында халықтың бостандығы мен жарқын болашағын социализммен байланыстыра қарауы шешуші рөл атқарады. Осы жолда аянбай еңбектенген әмбебап талант барлық жанрда тамаша туындылар беріп, әдебиетке жаңа образдар, тың тақырыптар, түр мен өрнектер әкелді. Сөйтіп, ол қазақтың кеңес дәуіріндегі әдебиетінің негізін салушы және сол платформаға кірген қаламгерлердің серкесі болды.
Өмірбаяны. XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика каламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин — қоғамдык ой-пікір, әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде — Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады. Одан кейін бес жылдай Ақмолада оқьш, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтьш семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады.
1.Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы әдебиет.Жетінші кітап.Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.Алматы, Білім, 1993.248 б

2.Бисенғали З.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы, зерттеу-Алматы: Өлке ,1997.-268 б.

3. Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық

Жоспар:
1.Кіріспе
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметі
2. Негізгі бөлім:
2.1.Жаңа тұрмыс жырлары
2.2 Көңіл күй әуендері
2.3 Сәкен жырлаған мәңгілік махаббат (Аққудың айрылуы поэмасы)
3.Қорытынды

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
(1894-1938)
XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінде Абайдың ағартушылық,
демократтық бағытын, ақындық өнерде ашқан соны сүрлеуін әрі қарай жаңғырта,
замана талабымен үйлестіре жалғастырушы қаламгерлердің А. Байтұрсынов
ұйытқы болған аса қуатты шоғыры қалыптасты. Соған өзіндік таным-түсінік,
керкемдік қолтаңбасымен келіп қосылған жас талант Сәкен Сейфуллин не бары
4—5 жылда әдебиеттегі төңкерісшіл бағытты бастаушы әрі көрнекті мемлекет
қайраткері дәрежесіне көтерілді. Оның шығармашылық және азаматтық
тағдырында халықтың бостандығы мен жарқын болашағын социализммен
байланыстыра қарауы шешуші рөл атқарады. Осы жолда аянбай еңбектенген
әмбебап талант барлық жанрда тамаша туындылар беріп, әдебиетке жаңа
образдар, тың тақырыптар, түр мен өрнектер әкелді. Сөйтіп, ол қазақтың
кеңес дәуіріндегі әдебиетінің негізін салушы және сол платформаға кірген
қаламгерлердің серкесі болды.
Өмірбаяны. XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен
байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург,
әдебиет зерттеушісі, республика каламгерлерінің бетке ұстар беделді
серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып,
көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин — қоғамдык ой-пікір,
әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин
кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде — Ақмола уезі,
Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа
ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла
серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал
әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана
болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай
тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ
біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына
түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді
тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің
таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс
тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер
ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып,
ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады. Одан кейін бес жылдай Ақмолада
оқьш, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтьш семинарияға түседі, оны 1916
жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еуропа әдебиетін ден қоя
оқиды. Абайды сан қайталап, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол хабардар
болады. Сөйте жүріп, өлең жазуды машық қылады. Алғашқы өлең жинағы 1914
жылы Қазан қаласында басылып шығады. Қазақта ол кезге дейін, Мағжанды
айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан ешкім болған емес.
Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп ұзамай, 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады.
Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы
алады, қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді. Ол дереу
Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Өршіл
ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оның
үстіне тұр-тұрпаты да айта қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге түсіп,
көрнекті тұлғаға айналады. Коммунистік партияның бастауымен халық бостандық
альш, кедей-кепшік қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген
Сәкен бірден социализмді, кеңес өкіметін жақтап шығады. Ақмолада кеңес
өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің "азап
вагонында" көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады. Кектемгі
лайсаңда аш-арық, ауру ақын 500 шақырым жерді жаяу өтіп, еліне келеді, онда
тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын тепкен Жетісуға келіп, партия,
кеңес органдарының жұмысына көмектеседі. Қым-қуыт, дүрбелеңді заман шындығы
мен романтикасын көрсеткен "Асығып тез аттандық", "Далада", "Сағындым",
"Қамаудан", "Біздің жақта", "Қашқынның аулы", "Жас қазақ марсельезасы",
т.б. әсерлі өлеңдері мен "Бақыт жолында" драмасы — сол кезең жемісі.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы
жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық
ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары -
Кел жігіттер, Жас қазақ марсельезасы, Жұмыскерлерге,  Жолдастар
сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ Советстан, Көкшетау, Альбатрос,
Социалистан, Қызыл ат поэмалары. Проза саласында Жер қазғандар,
Айша, Біздің тұрмыс, Сол жылдарда, Жемістер повестері мен Тар жол,
тайғақ кешу мемуарлық роман жазған. Бақыт жолында, Қызыл сұңқарлар
драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. Қазақ әдебиетінің
қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С.Сейфуллин әдебиеттің басқа
жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары,
баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек
араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады.
Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған
Қазақ әдебиеті атты зерттеу еңбегінің мәні зор. Сәкен шығарған әндер
халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық
сипаттармен ерекшеленеді.
Тар жол, тайғақ кешу, тайталас күресте шынығып, кемелденген азамат ақын
20-жылдардың 1 -жартысында ірі мемлекет қайраткері, үлкен саясаткер ретінде
көрінді. 28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару
Комитетінің мүшесі болды. Сонымен қатар өршіл ақын жаңа дәуірді жаңаша
жырлаған, қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен түрлер, сөз
оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдебиетке көшбасшы
болды. Кілең мақтауға ұрынбай, қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле
суреттеді. "Ауыл байғұс, мінеки", "Келіншек ойы", "Ақсақ киік", "Сыр
сандық", т.б. тамаша жырлары мен "Аққудың айырылуы" атты символикалық
көркем поэмасы — осындай дүниелер. Сәкен өз кезінің тақырыбына арналған
поэмаларымен қатар, туған жер сұлулығын, аңыздары мен тарихын зор шабытпен
әсерлі суреттеген атақты "Көкшетау" дастанын жазды. Қазан төңкерісі
тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық "Тар жол,
тайғақ кешу" романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Өмірінің
соңғы он шақты жылында ғылыми-зерттеу, оқытушылық жұмыстарымен айналысты,
Қазақстан Жазушылар одағында, газет-журнал редакцияларында алқа мүшесі
болды. 1933 жылы Қазақстан басшылығына Леон Мирзоян келген соң, мәдени-
ағарту саласында түрлі өзгерістер байқалады. 1936 жылы республикада қазақ
қаламгерлері арасында тұңғыш рет С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдық
мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Ту орденімен
марапатталады. Бірақ кеп ұзамай 37 жылдың нәубетінде өзі құрған Кеңес
үкіметінің түрмесінде жан түршігерлік қинау мен қорлық көріп, есіл ер 44
жасында опат болды. Ақын 1956 жылы толығынан ақталды.  

Жаңа тұрмыс жырлары  
Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа
заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен
поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ — жүйрік пойыз-
экспресті тудырды. "Біздің тұрмыс — экспресс" деп жырлады ол. Жаңа қоғамдық
құрылыстың даму қарқыны мен өзіндік сипатын, қанша ұшқыр да арынды
болғанмен, тұлпар бейнесі таныта алмайды деп түсінген жаңашыл ақын:
Бұрын атым тұлпар еді — бәйге көк,
Енді, міне, пойыз болды, тұлпар жоқ.
Ұзақ жолға
Тұлпар қол ма?
Мейлі жорға,
Тұлпар міну — Сарыарқада жүрсең тек.
...Ісі ерен
Ұқсас көрем
Отарбаны біздің осы тұрмысқа! — деп жазды. Жаңа елдің даму жылдамдығын
ұшқыр пойызға — экспреске теңеу Сәкеннің басқа да туындыларында кездеседі.
Жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына ақын кәміл
сенеді.
Қиырсыздың қиырына жетейік,
Өлшеу жоқ көк мұхиттан өтейік.
Аспандағы алыс қызыл жұлдызды
Жерге әкеліп, жердің көркі етейік.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық,
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық, —дейді.
Жаңа замандағы еңбектің, техниканың рөлі Сәкеннің көптеген өлеңдерінің
мазмұнын құрайды. "Қара айғыр", "Аэропланда", "Аспанда" деп аталатын
өлеңдерінде жаңа тұрмыс көрсеткіші ретінде көрінетін экспресс, пойыз, ұшақ
образ-символдары ақын поэтикасында жиі ұшырасады.
Шексіз алыс қиыр, өлшеусіз мұхит, асуы жоқ тау, аспандағы жұлдыз, тас
қақпа - ауыз әдебиетінде, халық ұғымында арман-мұрат жолындағы қиямет қиын
бөгет, кедергілер. Жаңа тұрмыс жыршысы "болмағанды болдырып", жаңа өмір
орнатуға шақырады. Халық әдебиетінің дәстүрлі образы бойынша, ақын
паравозды "қаһарлы күшпен ақырған", "дүбірі жер жарған" жүйрік тұлпар —
қара айғыр бейнесінде суреттейді.
"Біздің Сәуле", "Маржан" өлеңдерінде Сәкен теңдік альш, жаңа өмірдің
белсенді құрылысшысы болған қазақ әйелінің ұнамды бейнесін жасайды. "Бұлшық
ет" атты лирикалық өлеңінде барлық әрекет, қозғалыстың, динамиканың, даму
атаулының тұтқасы — тас қопарып, жер үңгіп, шыңырау қазып, байлық шығарған,
темір жол салып, жер қыртысын сыдырған адам қолын ардақтай келіп, ақын
бұлшық етті айғырдың тоқпақ жалына, бөкеннің серке санына, қайыңның қырған
безіне, шортанның жұмыр беліне теңейді.
Ширатылып түйілген,
Болаттай күшпен иілген,
Бұлшық етті білек пен
Балтырдан күшті дене жоқ - деп аяқтайды.
Бұл — адам баласының тән саулығын, күш-қайратьш образды деталь арқылы
әсем бейнелеп, шалқыта мадақтаған келісті де ықшам, көркем де шебер жыр.
Көңіл күй әуендері. Сәкен Сейфуллин — адам жанының күйініш-
сүйініштерін, алуан сипатты сезім күйлерін, ынтық, құштар жүректің нәзік
сыр, ыстық толқындарын шебер де әсерлі суреттеген тамаша лирикалардың
авторы.
Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге
сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары,
сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі —
ақын лирикасының басты тақырыптары.
Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады.
Ақынның әйгілі "Көкшетау" поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті
өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауьн.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы-дертке дауа, жұпар исі,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Ырғалған көкке байлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайын.
Жібектей желмен шарпьш төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған,
Еш адам оны барып қия алмаған.
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұяларан.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Біз бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген күміс айнадай
сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып, көшкен бұлттармен есен-амандык
сұрасып, сұлу жұзін әлсін-әлсін ақ жауынмен жуьш, нұр жайнаған кербез ару
Көкшетау табиғатының көріністерін өз көзімізбен көріп, жұпар ауасымен
рахаттана тыныстап, көк қаршығасының шаңқылы мен қалың қарағай, көк желекті
ақ қайыңдарының сыбдырын өз құлағымызбен естіп тұрғандай әсер аламыз.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның
көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.
Сәкеннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Сәкен Сейфуллин -әдебиет сыншысы
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас )
Қазақ әдебиеті - күні бүгінге дейін халықтың ауыз әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Пәндер