Ұйымдастырушылық құрылымдар


Мазмұны:
Кіріспе 3
1 Ұйымдастыру функциясының мәні мен мазмұны 4
2 Ұйымдастырушылық құрылымдар және олардың сипаттамасы 8
2. 1 Басқарудың сызықты құрылымы 13
2. 2 Басқарудың функционалдық құрылымы 15
2. 3 Басқарудың сызықты-функционалдық құрылымы 17
2. 4 Басқарудың матрицалық құрылымы 20
3 Қазіргі кездегі ұйымдастыру құрылымдарының жаңа түрлері 23
Қорытынды 26
Әдебиет тізімі 27
Кіріспе
«Ұйымдастыру» термині латынның сөзі organizo - сымбатты түр беремін, орналыстырамын дегеннен шыққан. Орыс тілінде бұл сөз екі мағынаға ие болады. Басқару функциясы ретінде ұйымдастыру басқарылатын жүйе қызметінің барлық иерархиялық деңгейлеріндегі техникалық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жақтарының реттелуін қамтамасыз етеді (Кнорринг, 1999) . Ол ұйымдастырушылық құрылымға, ұйымдастырушылық үрдістерге, ұйымдастырушылық заңдарға және ұйымдастырушылық мәдениетке әсер ету арқылы айқындалады.
Басқару объектісі ретіндегі ұйым дегеніміз - қандай-да бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған белгілі бір құрылым. Ұйымдардың құрылу мақсаттарына және қызмет етуіне қарай олар өндірістік, көліктік, коммерциялық, қаржылық, жобалық, ғылыми, консалтингтік және т. с. с. болып бөлінеді. Меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша ұйымдар мемлекеттік, жеке, бірлескен, қоғамдық және аралас болуы мүмкін. Өзінің ауқымы бойынша ұйымдар шағын, орташа және ірі болуы мүмкін.
1 Ұйымдастыру функциясының мәні мен мазмұны
Ұйым алдында тұрған басқарушылық мақсаттарға қол жеткізу және оларға сәйкес мәселелердің шешілуі еңбек ұжымдарына және жеке жұмыскерлерге басқарушылық ықпалдарды жүзеге асыру арқылы басқару функцияларының арқасында жүзеге асады. Функция сөзі латынның functio - атқару, қызмет ету, орындау деген сөзінен шыққан. Сондықтан, басқару функциялары белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге бағыталған басқарушылық қызметінің мәнін анықтайды.
Ұйымды басқарудың келесідей негізгі функцияларын қарастыруға болады:
1. Жоспарлау,
2. Ұйымдастыру,
3. Үйлестіру (координация),
4. Ынталандыру,
5. Есепке алу (учет),
6. Бақылау,
7. Реттеу,
8. Нормалау,
9. Маркетинг.
Ұйымдастыру функциясында басқарылатын жүйенің ресурстардың минималдық шығындары кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін тәселдері, әдістері және буындарының жиынтығы біріктіріледі. Басқарудың функциясы ретіндегі ұйымдастыру - басқаратын жүйенің басқарылатын жүйе ұйымдастырушылық құрылымдарына, ұйымдастырушылық үрдістеріне, ұйымдастырушылық заңдарына және ұйымдастырушылық мәдениетіне ықпалы арқылы айқындалады.
Ұйымдастыру функциясы басқарудың бүкіл жүйесін қамтиды. Басқа функциялармен салыстырғандағы оның ерекшелігі - ол барлық басқа функциялардың әрекет етуінің тиімділігін және өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру арқылы адамдар мен бөлімшелер бірыңғай өндірістік ағзаға бірігеді. Дегенмен, бұндай бірігу кездейсоқ емес, ол басқару заңдарына және өндіріс мәселесіне бағынады. Ұйымдастыру функциясының әрекет етуінің арқасында басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы өзара әсерлесу орнатылады.
Сөйтіп, басқарушылық іс-әрекеттердің түрі ретіндегі ұйымдастыру жоспарлау функциясының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты болады да, оның бірінші қадамы болып келеді. Кәсіпорын өз жоспарларын орындау үшін және алдына қойған мақсаттарын іске асыру үшін бірқатар элементтерді құрылымдастыру (структурировать) қажет. Бұл көбінесе нарықтық қарым-қатынастардың талаптарына икемділігі мен бейімделуін жоғарылату мақсатымен өндіріс пен басқару құрылымының қайта құрылуын талап етеді.
Ұйымдастыру функциясының маңызды мәселесі - бұл кәсіпорында өзгерістерге, инновацияларға, бүкіл кәсіпорынға ортақ құндылықтарға бағдарлануға жоғары бейімделуімен сипатталатын мәдениеттің қалыптасуы үшін жағдайлардың жасалуы.
Демек, ауқымдары мен қызмет ету түрлеріне тәуелсіз әрбір кәсіпорын қандай-да бір түрде ұйымдастырылуы керек. Ұйымдастыру функциясына негізделген жұмыстар өз рангыларына тәуелсіз барлық басмқарушылар орындауы тиіс. Бұл функцияның тұжырымдамасы горизонталь мен вертикаль бойынша құқытар мен жауапкершіліктің табысталуына негізделгендігімен, ұйымдастырушылық құрылымын таңдау жөніндге шешімді басқарудың жрғары буынының басшылығы қабылдайды. Сонымен қатар, бұндағы мәселе - кәсіпорынның мақсаттары мен мәселелеріне ең жақын келетін ұйымдастырушылық құрылымды таңдау. Мамандар қызметтері мен жұмыстарын горизонталь мен вертикаль бойынша бөлу ерекше сипатқа ие болады.
Вертикаль бойынша (бағыныштылық бойынша) еңбектің бөлінісі шексіз еместігін естен шығармау керек. Егер кәсіпорынның өсуі жүзеге асырылып жатса, онда функциялар бөлінісінің жаңа түрі - горизонталь бойынша - пайда болады.
Менеджер еңбегін бөлуге осындай қатынас алуан түрлі қызметтер мен бөлімдердің құрылып жасалуына жәрдемдеседі. Батыс менеджемнтте бұндай бөлімдердің жасалуы мен бөлінуі департаментация деп аталады.
Ұйымдастыру функциясының маңызды бағыты - бұл басқарудың жоғары мен төмен деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастарды орнату. Бір ғана басшы басқаруы тиіс мамандардың санын анықтау оңайға түспейді. Іс жүзінде бұл сан ұйымдастыру үрдісінің ерекшелігіне және басқарушылық деңгейге қарай түрлі мәндерге ие болады.
Сөйтіп, жоғары басшылар оннан аспайтын бағыныштыларды басқарады (қадағалайды), ал төменгі буын басқарушылары қызметкерлердің әлдеқайда үлкен санын басқара алады.
Осыған байланысты басқарушылық нормаларын (бір менеджер тиімді басқара алатын қызметкерлердің саны) анықтайтын екі маңызды факторды анықтауға болады. Олар - уақыт пен жиілік, яғни менеджер әрбір қызметкерге неше уақыт жұмсайды және оның жиілігі қандай болады деген сөз.
Басқарушылық деңгейлердің арасындағы байланысты орнатудың құралы - бұл өкілеттіктер. Өкілеттіктерді табыстау (делегирование полномочий) - бұл қойылған мәселелердің шешілуі үшін құқықтар мен жауапкершілікті тапсыру. Бұл үрдіс (процесс) кәсіби ойлайтын және белсеңді түрде жұмыс істейтін басқарушылардың өсуіне жәрдемдеседі және оларды бағыныштылардан дербес қызмет ете алатын басшыларға айналдырады.
Ұйымдастыру басқару сұлбалары мен құрылымдарын, лауазымдық нұсқамаларын, ережелерін, басқа нормативтік құжаттарды жасап шығаруға және бекітуге бағытталған қызмет түрі ретінде саналады. Ол істердің бар жағдайын терең экономикалық талдануына, ғылыми есептелуіне, жұмыскер мінез-құлығының және басқарушылық үрдісті жанжақты зерделенуіне негізделеді. қазіргі уақытта, бүкіл шаруашылық механизмнің қайта құрылуы жүзеге асырылып жатқанда, ұйымдастыруға ерекше жоғары талаптар қойылады. Бұндай жағдайларда ұйымдастыру экономиканы басқарудың кейінгі жетілдерілуінің, ең кең мағынада алғанда, шешуші буыны болып табылады.
Ұйымдастыру функциясы бүкіл бөлімшелер арасындағы уақыттық және тұрақты өзара әсерлесулерді орнатуға негізделеді. Ол кәсіпорынның қызмет етунің реті мен шарттарын анықтайды. Бұл функцияны жүзеге асырудың екі жолы бар: әкімшіліктік-ұйымдастырушылық басқару арқылы және жедел басқару арқылы.
Әкімшіліктік-ұйымдастырушылық басқару арқылы құрылым анықталады, өзара байланыстар орнатылады, бөлімшелер арасындағы функциялар үлестіріледі, басқару аппаратының жұмыскерлері арасындағы өкілеттіктер үлестіріледі және жауапкершілік анықталады.
Жедел басқару қол жеткізілген нәтижелерді ағымдық жоспарлар көрсеткіштерімен әрдайымғы салыстыруға негізделеді.
Ұйымдастырушылық құрылымды кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің мақсаттарымен, олардың функцияларымен анықталатын өзара байланыстары бар бөлімшелер құрайды.
2 Ұйымдастырушылық құрылымдар және олардың сипаттамасы
Белгілі бір ұйымдастыру шаруаның жеке еңбегі сатысында-ақ байқалған болған. Ол шаруа өз еңбегінің ақырғы мақсатына қол жеткізу үшін көптеген рет қайталанатын өндірістік функциялардың әсерінен пайда болды. Өндірістік функциялардың тұрақты жүзеге асырылуы өндіріс үрдісі ұйымдастырылуының қарапайым нысанын, яғни оның жасырын күйде болатын бастапқы құрылымын құрайды. Бұндай құбылыстың негізі - бұл кооперацияланған өндіріс, оның дамуы ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыратын басқару функцияларының бөлінуіне әкелді.
Сөйтіп, өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы қалыптасуының негізгі факторлары ретінде еңбектің бөлініс және басқару функциясының пайда болуы саналды. Бірлескен еңбек, жұмыс күшінің кооперациясы қарым-қатынастардыңғ жаңа түрін қалыптастырды. Оны өндірістік үрдістің мүшелері арасындағы, басшылар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынастар түрінде қалыптасты деуге де болады.
Машиналық өндіріс сатысында басқару функцияларының ақырғы жекеленуі іске асты. Өндірістік функциялардан толығымен босатылған басшылар пайда болды. Ведомостер, есеп берулер, баяндамалр және т. с. с. арқылы бақылау пайда болды. Кері байланыс реттелді. Осының бәрі, әсіресе, өндіріс ауқымдарының өсуі, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының тез дамуына жәрдемдесті.
Өндірісті басқарудың құрылымы - бұл басқару жүйесінің басқарушы және басқарылатын жүйешелері арасындағы басқарушылық байланыстардың жиынтығы. Ол тізбекті бағыныштылықта орналасқан және белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар дербес бөлімшелердің немесе жеке атқарушылардың құрамы мен ақпараттық өзара байланыстарымен сипатталады.
Құрылымдағы буындардың саны оның деңгейлерін анықтайды. Құрылымдар бір деңгейлі және көп деңгейлі болуы мүмкін. Олардың байланыс сипатына қарай, құрылымдар сызықты, функционалдық және аралас болып бөлінеді. Әрбір құрылымдық бөлімше сандық және сапалық параметрлермен сипатталады.
Құрылымдық бөлімшелердің және атқарушылардың қызмет етуі арнайы ережелермен (нұсқамалармен) регламентталады, олар басқарудың әрбір органының функцияларын, олардың арасындағы құқықтар мен міндеттердің үлестірілуін, ал бөлімше ішінде - әрбір атқарушылар функцияларын, құқықтары мен міндеттерінің үлестірілуін анықтайды. Құрылымдық бөлімшелердің қалыптасуы кезінде басты көңіл оларға ішкі ортаның әрдайымғы өзгерістеріне бейімделуге рұқсат ететін динамикалылықты беруге аударылады.
Ғылым негізінде басқарудың бір субъектісіне бағынышты болатын құрылымдық бөлімшелер мен жұмыскерлер санының шегі бар екендігі дәлелденген. Тиімді басқарудың жолында ақпараттық кедергі қойылады. Ол берілген құрылым және басқарудың техникалық құралдары кезінде шешуге қол жетерлік экономикалық мәселелердің күрделілік шектерін орнатады.
Өндірісті басқару үшін құрамына қызметкерлердің алуан түрлі категориялары: басшылар, мамандар және техникалық атқарушылар кіретін аппарат құрылады. Басқару функцияларын және құрылымдық бөлімшелердің функцияларын айыруға болады. Басқару функциялары - бұл кәсіпорынның басқарылатын объект ретіндегі объективті қажеттілігі. Құрылымдық бөлімшелердің функциялары басқарушылық қызметтің нақты мазмұнын және өндірістегі ықпал ету саласын бейнелейді. Олар кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Басқару аппаратының құрылымдық бөлімшесі - бұл оның әкімшіліктік жекеленген бөлігі. Ол басқарудың бір, бірнеше немесе көптеген функцияларын атқарады. Санына қарай оларды функциялардың берілген түріне маманданған бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшелер орындауы мүмкін. Қызмет етуінің сипатына қарай сәйкес келмейтін функциялар жеке жұмыскерлерге жүктеледі.
Өндірісті басқару аппаратының құрылымы - бұл бірыңғай өзара байланысқан жүйедегі өндірісті басқару аппараты құрымдарының, басқару деңгейлерінің саны мен құрамы. Әдетте оны сұлба түрінде бейнелейді. Егер де сұлбада құрылымдық бөлімшелерден басқа өндірістік бөлімшелер және олардың өзара байланысы бейнеленсе, онда ол кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы болып табылады. Горизонталь бойынша бір деңгейдің буындар санын, ал вертикаль бойынша - деңгейлердің өзара бағыныштылығындағы санын анықтауға болады. Басқару буындарына бірнеше құрылымдық бөлімшелерді басқаратын басшылар, құрылымдық бөлімшелердің өздері және белгілі бір функцияларды немесе осындай функциялардың бір бөлігін орындайтын жеке мамандар жатады. Басқару аппаратының деңгейлері - бұл оның горизонталь бойынша олардың төменнен жоғары қарай тізбекті бағыныштылығындағы деңгейлері. Кәсіпорындағы бірінші (төменгі) деңгей - бұл өндірістік учаскі. Неғұрлым құрылым күрделі болса, соғұрлым басқару деңгейлері көп болады. Сонымен қатар, жұмыстардың көлеміне басқару жұмыскерлерінің білікті-лауазымдық құрамы және олардың саны тәуелді болады.
Басқару аппаратының рационалды құрылымдарын құруға қойылатын талаптар және оларды анықтайтын факторлар.
Басқару аппаратының құрылымы еңбек бөлінісінің нысанын көрсетеді. Ол қаншалықты дұрыс құрылғанына қарай, басқарушы жүйенің басқарылатын жүйеге ықпал ету тиімділігі тәуелді болады.
Басқару аппаратының құрылымына қойылатын бірінші талап - жеделдік (оперативность) . Бұл басқарушылық шешім басқарылатын объектке өндіріс жағдайының кезекті өзгерісі пайда болғанына дейін жетуі керек деген сөз. Болмаса, шешім қажетсіз болып қалады.
Басқа талап - сенімділік, яғни басқару аппаратының құрылымы ақпаратты берудің абсолюттік ақиқаттылығын (достоверность) және тоқтаусыздылығын (бесперебойность) қамтамасыз етуі тиіс. Ол өндірістегі осындай өзгерістерге сәйкес тез қайта ауысатындай қозғалғыш болуы тиіс.
Әрбір басқарушы жүйеде горизонталь бойынша буындардың және вертикаль бойынша деңгейлердің кішігірім саны болуы керек. Дегенмен бұл минимум басқарудың ең жақсы тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс, яғни басқару жүйесі оңтайлылық (оптимальность) талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Басқару құрылымы сапасының маңызды көрсеткіші - бұл оның үнемділігі, яғни ең үлкен эффект оның аппаратын ұстауға кететін шығындардың минимумы кезінде асырылуы тиіс.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына басқару мақсаттары, принциптері, әдістері және функциялары ықпал етеді. Оларды қарастырайық.
Мақсат оның орындалуына жауап беретін бөлімшелердің бөлінуін талап етеді.
Принциптер мен әдістер - құрылымдық бөлімшелердің құрылуы немесе кеңеюі. Мысалы, әріптестік (коллегиальность) принципі директордың қол астында әрекет ететін техникалық кеңес арқылы жүзеге асырылады. Оның міндеттеріне қиын мәселелерді талқылау, шешімдердің нұсқаларын жасап шығару кіреді. Нарықтық қарым-қатынастарға көшкен кезде кәсіпорындардың деңгейінде іске асырылатын нақты бағдарламаларды жасап шығарған жөн. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің күшеюі нәтижесінде арнайы қызметтер құрылады.
Басқару құрылымына ең үлкен әсерін басқару функциялары, олардың құрамы, мазмұны және көлемі тигізеді. Сондықтан, олардың мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті болатын тізімі мен мазмұнын анықтау басқару аппаратының құрылуына алдын ала жүруі тиіс. «Функцияның бірінші реттілігі және басқару органының екінші реттілігі» принципін ұстанған жөн.
Құрылымды қалыптастыру деп басқару аппаратының бөлімшелеріне нақты бір функцияларды бекітуді айтады. Функциялардың дамуы басқару құрылымының дамуына әкеледі.
Ғылыми-техникалық прогресс жаңа функциялардың пайда болуына және қолданыстағы функциялардың жоқ болуына әкеледі. Осыған байланысты басқару аппараты құрылымының қалыптасуы функциялар жүйесінің терең талдануына негізделуі тиіс.
Басқарудың жетілген органдары құрылады, олардың арасында функциялар үлестіріледі: басқарудың жоғары деңгейлерінде - болашақ жоспарлау және болжау функциялары, ал төменгі буындарында - жедел және ағымдық жоспарлау функциялары.
2. 1 Басқарудың сызықты құрылымы
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда басқару жүйелерінің төрт негізгі ұйымдастырушылық құрылымы қолданады: сызықты, функционалдық, сызықты-функционалдық (штабтық) және матрицалық.
Сызықты құрылым кезінде кезкелген деңгейдегі өндірістік буынының негізінде басшы - басқарудың барлық функцияларын жүзеге асыратын және барлық мәселелер бойынша жоғары тұрған бастыққа бағынатын бірыңғай бастық орналасқан. Осылайша вертикаль (сызық) бойынша бір уақытта әкімшіліктік және функционалдық басқаруды жүзеге асыратын әр түрлі деңгейлердегі басшылардың бағыныштылығы қалыптасады (1 сурет) .
Атқарушылар Атқарушылар
1 сурет - Басқарудың сызықты құрылымы
Бұл құрылымның жедел және тиімді басқаруға мүмкіндік беретін бірқатар артықшылықтары бар. Ол ең қарапайым: байланыстың бір ғана каналы бар (вертикаль бойынша), әрбір бағыныштының бір ғана бастығы бар. Бұл дәл және жедел басқаруға, басшының өзі басқаратын буын жұмысының тиімділігіне жауапкершілігінің жоғарылауына жәрдемдеседі.
2. 2 Басқарудың функционалдық құрылымы
Бірақ та бұл құрылым көбінесе шағын кәсіпорындарға тән болады. Онда шешілетін мәселелердің ауқымы үлкен емес және өндірістік байланыстар аз болады. Өндірістің ауқымдары үлкен болған жағдайда және шешілетін мәселелердің ауқымы өскен сайын техникалық және ұйымдастырушылық деңгейлер жоғарылай түседі, сызықты құрылым тиімсіз болып қалады, себебі басшы бәрін біле алмай қалады да, жақсы басқаруға мүмкіндігі болмайды. Күрделі байланыстары бар кең ауқымды өндірісті басқару функционалдық құрылымға ие болады (2 сурет) .
Атқарушылар
2 сурет - Басқарудың функционалдық құрылымы
Оның мәні мынада: нақты мәселелер бойынша жеке функциялардың орындалуы мамандарға жүктеледі. Бір профильдің мамандары басқару жүйесінің құрылымдық бөлімшелеріне бірігеді және өндірістік бөлімшелер үшін міндетті болып табылатын шешімдерді қабылдайды.
Сөйтіп, сызықты ұйымдармен қатар функционалдық ұйымдар да әрекет етеді. Атқарушылар екі жақты бағынуда болады. Осылайша, жұмысшы өзінің сызықты бастығы мен функционалды маманның бұйрықтарын орындауы тиіс. Басқарудың функционалдық құрылымым кезінде сызықты басшының жедел басқару мәселелерімен айналасуға көбірек мүмкіндігі болады, себебі функционалдық мамандар оны арнайы, ерекше мәселелерді шешуден босатады. Дегенмен басқару әмірлері көптеген функционалдық қызметтерден бір өндірістік бөлімшеге немесе бір атқарушыға келіп түседі, сол себепті, осы әмірлерді өзара келістіру мәселесі пайда болады, бұл болса белгілі бір қиындықтарды тудыртады. Сонымен қатар, атқарушылардың өз міндеттерді орындағаны үшін жауапкершілігі төмендейді.
2. 3 Басқарудың сызықты-функционалдық құрылымы
Сызықты, сонымен бірге, функционалдық құрылымның кемшіліктері сызықты-функционалдық (штабтық) құрылымда мүмкіндігінше жоққа шығарылады (3 сурет) .
Атқарушылар Атқарушылар
3 сурет - Басқарудың сызықты-функционалдық құрылымы
Сызықты басшылық кезінде мамандар арнайы мәселелерді шешу үшін деректерді дайындайтын штаб құрайды. Бұл жағдайда функционалдық органдар сызықты басшының қарамағында болады. Олардың өкімдері, бұйрықтары штабпен келісілгеннен кейін ғана өндірістік бөлімшелерге беріледі. Бұл мәселелердің құзыретті (компетентное) шешілуіне жәрдемдеседі. Бірақ басқарудың сызықты-функциоанлдық құрылымы кезінде сызықты басшыға жүктелу арта түседі, себебі ол функционалдық қызметтер мен оған бағынышты өндірістік бөлімшелер арасындағы делдалдың рөлін атқаруы тиіс. Ол бағынышты бөлімшелерден ақпараттың ағымдарын қабылдайды да, шешімдерді жасап шығарады, жоғарыдан төменге әмірлерді береді.
Қазіргі кезде сызықты-функционалдық (штабтық) құрылымның өнеркәсіптегі рөлі айтарлықтай зор деуге болады. Бұл құрылымның негізін сызықты басқару құрайды. Функционалдық органдардың рөлі басқару деңгейіне тәуелді өзгеріп отырады. Неғұрлым деңгей жоғары болса, соғұрлым функционалдық органдардың рөлі үлкенірек болады. Учаскіні басқару деңгейінде функционалдық қызметтердің ықпалы шамалы ғана болады, бәрақ кәсіпорынды басқару деңгейінде олар өндірісті жоспарлау, техникалық дайындау, басқарушылық шешімдерді жасап шығару бойынша айтарлықтай жұмысты атқарады.
Өзінің барлық оң жақтарына қарамастан, басқарудың сызықты-функционалдық құрылымының бірқатар кемшіліктері де бар. Олар әсіресе өндірістің ірілендірілуімен және өндірістік байланыстардың күрделенуімен байланысты аса көзге түсетіндей бола бастайды. Неғұрлым өндіріс ірі және басқару аппараты тармақталған болса, соғұрлым сызықты басшыға жұмысты үйлестіру (координация) қиынға айналады. Сонымен қатар, құрылымда функционалдық қызметтер арасында берік қатынастар жоқ, осының нәтижесінде жұмыстағы жаман өзара әсерлесуді және параллельдікті байқауға болады.
Экономика дамуының қазіргі заманғы сатысы ауқымдардың ұлғаюымен, өндірісте болып жатқан күрделенген және тез өзгерістерімен сипатталады. Құрылымдар саласындағы басқарудың кейінгі жетілдірілуі олардың араласу бағытында жүзеге асады. Өнеркәсіпте функционалдық құрылымдар мәселелердің ауқымсыз шеңберінде шаруашылық бөлімшелерге тікелей, сызықты басшымен келіспей-ақ беретін құрылымдар кең қолданыс тапқан. Бірақ бұндай жағдайларда сызықты басшылар мен функционалдық қызметтер шешімдерінде қарама-қайшылықтар пайда болуы ықтимал, себебі функционалдық қызметтер ең алдымен өздерінің ғана мұқтаждықтарын көздейді. Бұнда функционалдық органдары іс-әрекеттерін үйлестіру функциясын жоғары буынның басқарушылық органдары атқарады.
2. 4 Басқарудың матрицалық құрылымы
Көп мақсаттық қызметтегі кәсіпорындарда мақсаттық бағдарламаны басқару бойынша арнайы органының құрылуы талап етіледі. Бұндай жағдайларда вертикаль бойынша басқаруды жүзеге асыратын сызықты-функционалдық органдардан басқа, горизонталдық басқару органдары құрылады. Басқарудың бұндай құрылымы матрицалық деп аталады (4 сурет) .
4 сурет - Басқарудың матрицалық құрылымының сұлбасы
(бұндағы ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеушілік және тәжірибе-
конструкторлық жұмыстар)
Матрицалық құрылымда құрылымдардың екі түрі біріккен: сызықты және бағдарламалық-мақсаттық. Вертикаль бойынша (сызықты құрылым) қызмет етудің жеке салалары бойынша (өндіріс, өткізу және т. б. ) басқару жүзеге асырылады, горизонталь бойынша (бағдарламалық-мақсаттық құрылым) - бағдарламаларды, жобаларды, тақырыптарды басқару іске асырылады.
Горизонталдық байланыстар пайда болған кезде бағдарламаның (жобаның) басшысы және жеке тақырыптар бойынша оның орынбасарлары, әрбір мамандандырылған бөлімшедегі жауапты атқарушы тағайындалады да, бағдарламаны басқарудың арнайы қызметі ұйымдастырылады.
Жұмыс мақсаттық бөлімшелердің құрылуы арқылы қамтамасыз етіледі, бұнда бағдарламаны бірлесіп жасап шығару үшін жетекші мамандар бірігеді. Бағдарламаның басшысы не және қашан істелу керек екендігін анықтайды, ал кім және қалай қандай-да бір жұмысты орындайтынын сызықты басшы шешеді.
Сөйтіп, басқарудың матрицалық құрылымы сызықты-функционалдық ұйымдастырушылық құрылымды жаңа элементтермен толықтырады. Бұл басқарудың бағдарламалық-мақсаттық және мәселелік-мақсаттық нысандарының дамуында сапасы жағынан жаңа бағытты құрды. Бұндай нысандар менеджерлердің өндіріс тиімділігін жоғарылату бағытында шығармашылық белсеңділіктерінің артуына жәрдемдеседі. Басқарудың матрицалық құрылымдары кезінде өндірістің жаңа технологиялық үрдістердің және өнімділігі үлкен болатын жабдықтардың арқасында қайта құрылуы жүзеге асады.
Басқарудың матрицалық құрылымы басқарудың жобалық және бағдарламалық құрылымдарынан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz