Отбасының психологиялық анықтамасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе

Отбасының психологиялық анықтамасы.

  1. Негізгі бөлім:
  • Отбасының түрлерi және құрылымы.
  • Ерлі-зайыплылар қарым-қатынасының психологиясы.
  • Конфликт түрлері және отбасылық конфликт себептері
  1. Қорытынды

Отбасылық конфликттерді шешу тактикалары

Отбасылық психотерапия

Отбасының психологиялық анықтамасы

Отбасы - бұл әлеуметтiк институт пен шағын әлеуметтiк топ белгiлерiн иеленетiн әлеуметтiк жүйе. Әйгiлi әлеуметтанушы, әрi әлеуметтiк психолог А. И. Антоновтың айтуынша, отбасыны ата-аналар - балалар деген қатынас құрады. Толыққанды отбасында мынадай өзара қатынас типтерi болады: әйелi -күйеуi, күйеуi - балалары, әйелi - балалары, балалар - ата-аналар, балалар - балалар. Отбасы дегенiмiз некеге қарағанда күрделiрек қарым-қатынастар жүйесi, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды бiрiктiредi. Бұл пiкiрдi А. Г. Харчев айтқан болатын.

Көптеген зерттеу нәтижелерiне қарай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: отбасы - бұл күрделi, көпаспектiлi құрылым, оның мынадай 4 сипаттамасын бөлiп көрсетуге болады:

  1. Отбасы - қоғамның ұяшығы.
  2. Отбасы - жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы.
  3. Отбасы - жұбайлар одағы.
  4. Отбасы - жұбайлардың туыстармен көпжақты қатынасы: балалармен, ата-аналармен, аға-сiңiлiлермен, ата-әжелермен және т. б. Басқаша айтқанда, олар бiрге тұрады, олардың ортақ шаруашылығы болады.

Л. Б. Шнейдердiң айтуынша, отбасы - бұл эмоционалды-жақын және маңызды, мәндi адамдардың жүйелiк-функционалды құрылымы.

Отбасы некеге немесе қандас туыстыққа негiзделген шағын топ, оның мүшелерi тұрмысының ортақтылығымен, өзара моральдық жауапкершiлiкпен және өзара көмекпен байланысады. Отбасы неке мен қандық туыстыққа негiзделген адамдардың бiрлестiгi, оларды тұрмыстарының ортақтығы, эмоционалды байланыс, өзара жауапкершiлiк байланыстырады. Отбасының ең негiзгi мiндетi - ұрпақ жалғастыру болып табылады. Сонымен қатар, ұрпақты өсiру, лайықты тәрбие беру, қоғамның толыққанды мүшесi болатындай азаматтарды қалыптастыру - отбасының негiзгi әрекетi болып келедi.

Отбасы тарих барысында адамдарға керек қажеттiлiктердi өтеу үшiн пайда болып, қоғамның өзгеруiмен қатар, отбасы да өзiнiң формаларын, типтерiн, құрылымын өзгерттi. Отбасы бұл мемелекет iшiндегi шағын мемлекет деуге де болады. Осы шағын мемлекеттердiң психологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, тәрбиелiк және т. б. жағдайлары қандай болса, жалпы мемлекеттiң де бейнесi сондай болады.

Отбасының түрлерi және құрылымы

Отбасының түрлерi және құрылымы туралы көптеген зерттеулер бар. Отбасы құрылымы - бұл отбасы құрамы және отбасы мүшелерiнiң саны, сонымен қатар, олардың өзара қатынас жиынтығы. Отбасы құрылымын талдауға байланысты көптеген ғалымдардың зерттеулерi бар, оларды атап өтсек: Т. В. Андреева, А. И. Антонов, В. М. Медков, Э. Г. Эйдемиллер, В. В. Юстицкис, Е. А. Личко және т. б.

Отбасы құрылымын талдау нәтижесiнде отбасындағы қызметтi бөлудi түсiнуге болады.

Туыстық құрылым бойынша отбасы былай бөлiнедi: нуклеарлы отбасы және кеңейтiлген отбасы.

Жұбайлар арасында билiктi бөлу құрылымы бойынша келесi отбасыларды бөлуге болады: эгалитарлы - тең құқықтылыққа негiзделген; авторитарлы - басты шешiмдi күйеуi немесе әйелi қабылдайды.

Балалар саны бойынша - көп балалы, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлiнедi.

Үй мiндеттерiн бөлу сипаты бойынша - дәстүрлi отбасы және ұжымдық отбасы болып бөлiнедi.

Бос уақытты өткiзу сипаты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдарланған) және жабық отбасы (бос уақытты үй iшiнде өткiзуге бағдарланған) болып бөлiнедi.

Е. А. Личко отбасының келесi классификациясын ұсынады:

  1. Құрылымдық құрамы бойынша:
  • толық отбасы;
  • толық емес отбасы;
  • бұрмаланған немесе деформацияланған отбасы;
  1. Функционалды ерекшелiктерi бойынша:
  • гармоникалық отбасы;
  • дисгармоникалық отбасы.

Ал, А. И. Антонов пен В. М. Медков отбасыны былай бөледi:

  • патриархалды отбасы;
  • матриархалды отбасы;
  • эгалитарлы отбасы.

А. И. Антонов пен В. М. Медков классификациясындағы негiзгi критерий -бұл отбасындағы билiк болып табылады.

Кейбiр зерттеулер бойынша еуропалық отбасы әйелдiң жұмыс бастылық деңгейiнiң жоғары болуымен, ажырасу деңгейiнiң жоғары және бала туу деңгейiнiң төмендiгiмен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керiсiнше, әйелдердiң жұмыс бастылық деңгейiнiң төменiрек болуы, бала туу деңгейiнiң жоғарлылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. Қазiргi таңда көптеген елдерде отбасының аралас түрлерi кездеседi.

Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының психологиясы.

Неке және отбасы қарым-қатынасы - бұл тарихи даму процесі. Ерлі зайыптылар қатынасының психологиялық жағы адам түсінуді, бағалауды, эмоциональді бастан кешіруді қоршаған ортаның құбылысы ретінде ұғынудан, сонымен қатар, өзінің жеке қажеттіліктерінің салдарынан туындайды. Некенің психологиялық қарым-қатынасының обьектісі: формамен, ал субьектісі-мәнімен сипатталады. Сонымен, отбасы сферасы диалектикалық обьект және субьект қатынас негізінде болады. Некенің формасы әртүрлі, көрінісі-өзгермелі.

Сейгер: неке жүріс-тұрысында мынадай жіктеулерді ажыратады.

  1. тең құқұлы жұп. Құқұқтары мен міндеттері тең болуын кұтетін жұп.
  2. романтикалық жұп. Рухани келісімді күтеді, жылулық.
  3. ата-аналық жұп. Досы сияқты қамқор болады және тәрбиелейді.
  4. балалық жұп. Жұптық спонданттылық, тікелей және қуаныш, бірақта бір мезетте билікті әлсіз жүргізеді.
  5. рационалбды жұп. Эмоциялық тууын бақылап отырады. Міндетпен құқұқты тура ұстанады, бағалауда жауапты және сергек.
  6. жолдастық жұп. Романтикалық махаббатты аңсаайды, отбасылық өмірде қажеттілікті сезінеді.
  7. тәуелсіз жұп. өззінің жұбына белгілі қатынасты ұстанады.

Неке профилін жіктеуде келесі классификацияларды қарастырсақ.

  1. Симметрикалық:ерлі -зайыптылар тең құқұқты бағаламайды. Келісім арқылы ауыстыру, компромистік бағытта проблемаларын шешеді.
  2. Комплиментарлық:Бір-біріне бұйрық беріп, бағынып, кеңесіп күтіп отырады.
  3. Метакомплиментарлық:Жұптың біреуі жағдайды ашады, тәжірибесізден бетіне басып, манипулияцаланып, әлсіздігін айта береді.

Уайл: жұп арасындағы конфликт негізін реакцияның бағалау критериін қолданып үшке бөлген.

  1. өзара иілу. Жұп талқылауда белсенді түрде жүргізіледі, бірақ бір-бірінің өкпе-реніштерін, тоғандыратындарын айтпайды.
  2. өзара ренжісу. Жұптар ашық түрде өзінің тітіркенулері мен толғаныстарын, пайда болғпн қпжеттіліктерін тіркеп отырады.
  3. Мәжбүрлеу және иілу. Жұптың біреуі басқамен жақын болуға тырысып, белсенді түрде кеңістікті қамтамасыз етеді. Жұптың екіншісікерісінше болып, жақындасуға қарсы болады.

Жұп аралық қатынас және детерминанты түсініктерін түсіну некелік жұптың өзара тәуелділік ассиметрикалық немесе симметрикалық бағалау болу мүмкін. Әрбір жұптың тәуелділігі ретпен анықталады. Бұндай бір тәуелділіктің феномені ретінде-серігінің тартымдылығы, бқл әдемілік, нәзіктік, әйелдік жүріс-тұрыс, ал ерлерде- ақыл, қарым-қатынасқа оңай түсу, еркектік қасиет.

Егер тәуелділік адекватты болса, онда некелік жұп сәтті. Егер жұп біреуі шектен тыс тәуелді бақылауда болса, онда некеде шектен тыс тәуелділік. Егер екі жақтан тәуелділік болса, бұл кедей категория болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың отбасына бейімделу.

«Бейімделу» термині кең мағынаға ие, яғни ол орта жағдайына бейімделу. Бейімделу отбасына өмірімен таныстық процесі, оған бертіндеп ену процесі. Бұл кезең айрықша әне қиын. Себебі тек қарым - қатынаспен іс -әрекет қайта құру емес, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың тұлғалық өзгеруі, қажеттілік мотивация сферасын қайта жасау, сана -сезімінің жаңа деңгейдің қалыптасуы, әлеуметтік ортада жаңа байланыстар.

Бейімделу процесі екі деңгейде болады. Биологиялық және психологиялық болып бөлінеді.

Биологиялық процесіне - ортаға физикалық жағдайдың өзгеруі және организм тұрақтылығына бейімделу.

Психологиядық - адамның қоғамға өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеріп, сол қоғамға сай тұлға ретінде бейімделу. Психологиялық бейімделу - қоғам, яғни әлеуметтің нормалары мен құндылықтарын меңгеру. Ол адамның қоршаған ортамен белсенді әрекеті негізінде өзара пайда болады.

Отбасы өміріне бейімделу отбасылық өмірдің таныстық процесі негізінде басталады. Бұл период өте қиын, ол тек қарым- қатынаста және әрекетте қайта құрылады. Бірақ жас жұп серігінің тұлғасы өзгереді. Мотивациялық қажеттілі ксферасы қайта құрылады, өзін - өзі саналау құрылады.

Т. Б. Карцева: Неке адам өміріндегі бұрыс оқиғаларының өзгеруі (мысалы: рольге кіруі, рольдің өзгеруі) өзіндік «мен» жүйесін бастан өткізеді. Некеден кейн «мен» !бізге» ауысады.

Е. С. Колмокова: Ерлі-зайыптылар өмірінің алғашқы жылдарында мәселелерді қарастыра отырып, бірлескен өмірінің алғашқы бірінші-екінші жылдарында қарым-қатынастың индивидуальды стереотиптердің қалыптасу кезеңі, құндылықтар жүйелерін сійкестендіру. Бұл кезеңде келесі міндеттер шешіледі.

1. отбасылық құрылымын қалыптастыру.

2. ер мен әйелдің арасындағы рольді бөлісу.

3. ортақ отбасылық құндылықтарды көрсету.

Е. И. Трапезникова және А. И Волкова бойынша: жас отбасы үшін алғашқы баланың дүниеге келуіне дейін қиыншылықтар туындайды, отбасылық ретке келуіне дейінгі заңдылықтарды қанша терең таныса да, тітркену болады. Қызметтерді бөлісу тындайды, конфликтілік, туысқандық өзара қатынастарда туындайтын проблемалар, материалды және экономикалық проблемаер тууы заңдылық.

Ключкова: Некеден кейінгі және некеге дейінгі шынайы күтімдердің қанағаттанауынан конфликт туындайды. Некеге түсетін жастар үшін отбасылық өмірдегі идиализация тән. Ол рухани өсім мен өзін -өзі жетілдіруге қанағаттанбауы болуы мүмкін.

Л. Я. Гозмон және Ю. Е. Алюшина: Отбасын шағын топтардан айқын айырмашылық арқылы да ажыратады, Отбасында максимальды бақылау жүзеге асып отырады.

- құрамының гетерогендігі

- топтың жабық болуы

- топтың көп функциональді болуы

- отбасы тарихының ұзақтығы

- катальділік яғни, кез-келген қатынаста отбасылық өмірге тарту.

Т. А. Гурько және В. В. Менькутин айтуынша: жас жұбайлар некеге түскеде бірнеше идеялар сипатталады. Бұл отбасы өмірінде өз қажеттіліктерді рухани өсімде және өзін дамыту күтіледі. Осы күтімдерден соңғы орынға материалдық қажеттілік орын алады.

В. А. Сысенко: Отбасы жеке адаптациялық концепциясын қарастырады. Ол адамның бейімделуінің төрт тобын ажыратады.

1. жоғарғы бейімделген тұлға

2. орташа бейімделген тұлға

3. төменгі бейімделеген тұлға

4. дезадапацияланған

В. А. Сысенко тұлға, неке отбасы қатынастардың бейімделу құрылымына мыналарды ажыратады.

1. физикалық, сексуальды

2. темперамент және мінез жұжұптардың бейімделуі

3. отбасы рольге жаңа міндетке, құқұқта жеке одағына бөлісу бейімділігі

4. неке жұп қажеттілігі - қызығушылықтарына, әдеттеріне және өмірлік образдарына, стильіне бейімделу

5. өмірдегі негізгі құндылықтарына: бейімділікке партнердың өміллік мақсаты мен мәніне бейімделу

Сонымен отбасылық, некелік бейімделу өте күрделі жұптың көпдеңгейді тұтас процесі. Жұптың өзара бір-бірімен өзара бейімделу. Бұл процес келесі компоненттерді бөледі.

  1. некелік жұптың бейімділігі
  2. отбасы жұптық бейімділігі

Ол дегенімііз- тұрмыстық және психологиялық рольге бейімделу. Жаңа міндетер мен құқұқтарға бейімделу.

Конфликттің түрлері

Әлеуметтік психологияда конфликтті құраушы элементтері ретінде конфликтті құрайтын объективті жағдай болып табылады. Американдық психолог М. Дойч конфликтінің келесі түрлерін бөліп шығарды

  1. Шынайы конфликт - адекватты түрде қабылданатын және обеъективті түрде бар
  2. Кездейсоқ немесе шартты конфликт - бұл конфликт оңой шешілуі керек, бірақ жұбайылар мұны саналамай тұр
  3. Ығыстырылған конфликт - шынайы конфликтті ығыстырып оның орнына басақа мәселені шешумен айналысады.
  4. Латентті немесе жасырын конфликт - жұбайылар арасындағы әлі саналанбай жүрген конфликт.
  5. Шынайы емес конфликт - объективті себептері жоқ конфликт

Конфликттің шынайы себептерін табу өте қиын . Біріншіден, кез - келген конфликтте эмоция рационалды бастауды жауып тастайды. Екіншіден конфликттің себептері бейсанада сақталған, ол сыртқа тек Мен - концепцияға жағымды мотивировка түрінде ғана көрінеді. 3-ден отбасы қарым - қатынасының айналмалы себептілік заңы бар. Оны былай түсіндіруге болады.

Қарым - қатынастың 3 аспектісі бар

  1. когнитивті (біз оны қалай көреміз және түсінеміз)
  2. аффективті(біз не сеземіз)
  3. жүріс - тұрыстық(біз қандай әрекет жасаймыз)

Көп деңгейлік айнымалы себептілік заңы бойынша конфликтке түрткі болатын механизм ретінде бұл жабық жүйенің бір компонені болуы мүмкін: «білім→ эмоция→ жүріс -тұрыс». Бұл компоненттер бір біріне өтіп отырады, сондықтан конфликттің себебін табу өте қиын. Мысалы, алғашында қарым - қатынасы жақсы болған жас жұбайылар өзгерістермен кездеседі, мәселен, бірінші баланың дүниеге келуі. Шаршау, дұрыс ұйықтамау салдарынан жұбайылар арасында қысым пайда болады. Бұл жерде қиыншылық және конфликт қарым - қатынастың басқа деңгейлеріне таралады.

Г. Навайтистің айтуынша, жас отбасыларда мынандай факторлардың жиынтығы кризиске әкеліп соқтырады: тұрмыстық қиыншылықтар, жақын туысқандармен қарым - қатынастың бұзылуы, интимді қарым - қатынастың дұрыс болмауы және тағы басқалардың жиынтығы жұбаылардың стресске тұрақсыз болуына әкеледі. Сондықтан осындай қиыншылықтарды шешкенде конфликттерді реттеу басты болып табылады. Сондықтан осындай қиыншылықтарды шешудің орнына, конфликттерді алдын алу маңыздырақ. Сол үшін отбасының ортақ демалысын ұйымдастырып, психикалық қысымға төтеп беру қажет.

Отбасы конфликттерінің себептері

В. А Сысенко барлық отбасыларда болатын конфликттерді 3 үлкен категорияға бөлген болатын.

1. Еңбектің дұрыс бөлінбеу салдарынан болады құқық және міндет түсінігінің әр түрлі болуы

2. белгілі бір қажеттіліктің болады

3. тәрбиенің жетіспеу салдарынан болады

Жұбайылар өз отбасын әр түрлі қылып елестетеді. Олардың көзқарастары әр түрлі болған сайын отбасындағы конфликттер көбейеді, сонымен қатар қажеттіліктер де әр түрлі болып келеді. Мысалы; жұбайылар бір - бірінің қажеттілігін түсінбейді және қанағаттандырмайды. Бұл конфликт алдымен жасырын түрде болады, кейін ашық жүріс - тұрыстық конфликтке айналады.

Ерлер мен әйелдердің отбасы - некелік қажеттіліктері әр - түрлі жәнеде жастық айырмашылықтары да бар. Егер 20-30 жас аралығындағы әйел үшін эмоционалды, рухани және сексуалды қатынас басты рөлде болса, 30-40 жас арасында күйеуінің отбасына отбасы өміріне активті түрде қатысуын қалайды. 50- кейін финанстық және рухани қолдауы бірінші орында болады.

Америкалық отбасылық консультанттар отбасындағы қиыншылықтарды былай орналастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Гуманистикалық психология және жанұяға негізделген қарым-қатынас көзқарасымен ішкі отбасы жағдайының рөлі
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Отбасы функциялары
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Отбасы социологиясы
Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz