Фирманың ағымдағы шығындарын басқару


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

“ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ”

Мазмұны

Кіріспе3

1 бөлім. Кәсіпорын - басқарудың жүйелік объектісі. 6

  1. Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері. 6
  2. Кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару18
  1. бөлім. “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шығындарын басқару . . . 30Кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен

құрылымы. 30

  1. “Құмкөлқұрылыс” АҚ мәліметін қолдана отырып ағымдағы шығындарын басқаруды бағалау . . . 38
  1. бөлiм. Қаржылық тұрақтылықты жетiлдiру жолдары . . . 48

Қорытынды . . . 62

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының, сонымен қатар салалық қаржының рөлінің артуына ықпалын тигізді.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.

Кәсіпорының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуде айналым капиталы маңызды ресурстардың бірі, ол өндіріс сферасына ғана емес, айналдыруларға, экономикада есеп-қисаптардың күй-жағдайын көрсетуіне, сонымен қатар елдегі ақша айналымдарына ықпалын тигізеді.

Егер жоспарлы экономика кезеңінде өндіріс қорлары айналым құралдарының құрылымынан жоғары болса, онда шаруашылық етудің жаңа шарттарына ауысуға жаңа проблемалар туғызды - өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорындарға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттары құрайды. Оны жабудың қаржылық көзімен мерзімі өткен кредиторлық берешек болады. Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап тұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет. Қазіргі уақытта меншік айналым құралдары өте аз, ал ол болса кәсіпорында басты рөлді атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлкі болуы керек. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Сонымен қатар кредиторлық қарыздың өте маңызды ерекшелігі бар: меншік айналым құралдары мен банктік несиеден айырмашылығы, ол тауарлық түрде тартылады. Неғұрлым кәсіпорын - сатып алушылардың (бөтендердің) экономикалық айналымында тауарлары мен ақшалары көп болса, соғұрлым көбірек ол оны орналастырады. Бірақ та капиталдың соншалықты тартылуы ел экономикасының қаржылық жағдайына және оның буындарына апатты сәулесі түседі.

Сайып келгенде, нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындардан жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.

Сонымен қатар ағымдағы шығындарды ұтымды басқару және ағымдағы шығындардың тиімді құрылымын анықтау қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауды анықтады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды қарастыру.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылды:

  • кәсіпорын - басқарудың негізгі жүйелік объектісі;
  • нарықтық жағдайдағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері;
  • кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару;
  • кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау;
  • “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шағындарын басқару проблемалары;
  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және оны жетiлдiру жолдары.

1 бөлім. Кәсіпорын - басқарудың жүйелік объектісі

1. 1 Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Сызба 1. Өндірістік кәсіпорынның ішкі ортасы

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:

  • ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
  • белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
  • мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
  • мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
  • кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
  • шаруашылық айналымына өзінің атынан шығады;
  • оперативті-шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:

Бұл тәсілде ең негіздісі - ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншігіне байланысты болады:

Бұл тәсілде негіздісі - сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау сауларын, нарық сиымдылығына, әлеуметті бәсекелес өнімдері сапалылығының және т. б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.

Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенеді және күтті де.

  • КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырды;
  • Нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғамып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;
  • Көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
  • Көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе алмады;
  • Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың толықтырылуы аз болды;
  • өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.

Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соқтырды.

Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:

  • кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп, шынында сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
  • көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту - қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден-бір жолы екенін түсіне бастады;
  • рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда кінәратсыз бәсеке пайда болды.

Кесте 1. Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған бірлескен және шетел кәсіпорындарының саны*

жыл: жыл
Қазақстан бойынша: Қазақстан бойынша
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
жыл: 1999
Қазақстан бойынша: 736
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 27
жыл: 2000
Қазақстан бойынша: 995
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 35
жыл: 2001
Қазақстан бойынша: 1338
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 39
жыл: 2002
Қазақстан бойынша: 1677
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 39
жыл: 2003
Қазақстан бойынша: 1865
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 22

*Статистикалық мәліметтер

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақталақты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.

Сызба 2. Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару

Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті пернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:

  • жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
  • ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
  • кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін - өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыларын уақытылы төлеу деп есептейді.

Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарда шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.

Қазқстанда “Меншік туралы” Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы түрінде құралады және іс істей алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар - мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.

Мемлекеттік холдинг-компаниясы - Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады.

Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:

  • жеке кәсіпкерлік;
  • толық серіктестік;
  • коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
  • жауапкершілігі шектеулі қоғам;
  • ашық акционерлік қоғам;
  • жабық акционерлік қоғам;
  • өндірістік кооперативтер.

Жеке кәсіпкерлік - бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.

Толық серіктестік - екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың шаруашылық қоғамының, бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның қатысушылардың үлес (пай) жарнасы негізінде қалыптасады.

Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік - шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.

Жауапкершілігі шектеулі қоғам - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.

Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам - қатысушылардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың жетіспейтін кезінде - қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері.

Ашық акционерлік қоғам - бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек.

Жабық акционерлік қоғам - ашық акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, эконрмиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етеді.

Өндірістік кооператив - бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив - ол заңды иегер.

Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегисы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитындай болуы керек.

Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.

Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынандай мәселелерді шешкені жөн:

  1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
  2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
  3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?

Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негігі үш бағыты бар:

  • өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
  • өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты - өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
  • кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.

Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:

  • өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
  • жаңа өнім өндіруді бастау;
  • рынокта өзінің артықшылығын көрсету.

Екінші топқа - стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.

Үшінші топ - бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады:

а) жою стратегиясы - егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;

ә) ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;

б) қысқарту стратегиясы - кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.

Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс-әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады.

Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:

  • кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне түсінікті болуы керек;
  • стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет. Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары мен міндеттерін нақты орындап отырғаны жөн;
  • басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау. Қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме жоқ па, осыған аса көңіл бөлінуі қажет.
Кәсіпорынның әлуеті: Кәсіпорынның әлуеті
Тауар: Тауар
Аймақтар: Аймақтар
Нарықтық орта: Нарықтық орта
Сатып алушылардың проблемалары: Сатып алушылардың проблемалары
Кәсіпорынның әлуеті:
  1. базалық (қолма-қол)
  2. сәндендірілген
  3. жаңа
Тауар:
  1. қолма-қол
  2. сәндендірілген
  3. жаңа
Аймақтар:
  1. а
  2. б
  3. в
  4. с
  5. д
Нарықтық орта:
  1. жаңалар
  2. ұқсастар
  3. белгілер
Сатып алушылардың проблемалары:
  1. анықталғандар
  2. әлуетті

лер

Сызба 3. Кәсіпорынның нарықтық стратегиясы

Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері:

  • кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономиканың дербес шаруашылық субъектісі;
  • кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады;
  • кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу қажет.
  • Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді;
  • Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігі жасғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді. Кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып сналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Фирма экономикасының теориялары
Кәсіпорынның айналым қаржысы
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Қаржылық менеджмент оқу құралы
Өндіріс шығындарының теориясы
Өндіріс шығындар туралы
Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі
Өндірістік шығындарды ұйымдастыру
Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын колькуляциялаудың нормативтік әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz