Тәрбие принциптерінің өзара байланыстылығы



I Кіріспе
Өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Тәрбие . арнайы ұйымдастырылған
және саналы жүргізілетін педагогикалық
қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
1.2. Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру ... ... ... ... .5.7
II тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Тәрбие принциптері ... ... ... ... ... ... ... .8.12
2.2. Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері ... .13.22
2.3. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам
құрылысының практикасымен байланыс принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналыіске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.К.Д.Ушинский «Педагогикадағы тәрбие- алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс»-деп тұжырымдаған.
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген еді «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз.» Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді Бұл сұраққа жауап бере, К.Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады»- деген еді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі

Қазақ Мемлететтік Қыздар педагогика институты

Педагогика кафедрасы

050103 Педагогика және психология мамандығы

Курстық жұмыс

тақырыбы:Тәрбие принциптерінің
өзара байланыстылығы

Орындаған: Абжанова А.
Ғылыми жетекші:Омарбекова Ш.

Алматы.2007

Мазмұны

I Кіріспе
Өзектілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.1.Тәрбие – арнайы ұйымдастырылған
және саналы жүргізілетін педагогикалық
қызмет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1.2. Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру ... ... ... ... .5-7
II тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.1. Тәрбие принциптері ... ... ... ... ... ... ... .8-12
2.2. Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері ... .13-22
2.3. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам
құрылысының практикасымен байланыс
принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...24
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 25

1.1Тәрбие – арнайы ұйымдастырылған
және саналы жүргізілетін педагогикалық
қызмет
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Қоршаған орта
тәрбиеледі, Отбасының тәрбие жемісі, Мектеп тәрбиесі адам қылды деп
нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара
теңгерілмейтінін байқаймыз. Қоршаған орта тәрбиеледі немесе Отбасы
тұрмысы тәрбиеледі деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-
экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты
бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді мектеп тәрбиесі десек, әңгіме
басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналыіске асырылатын
тәрбиелік қызметті білеміз.К.Д.Ушинский Педагогикадағы тәрбие- алдын-ала
ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс-деп
тұжырымдаған.
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және
педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген еді( Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі
мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді
өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз. Ал енді осы
өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді( Бұл сұраққа жауап бере,
К.Маркс Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық
болмысты игеру жолымен іске асады- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп
келе жатқан әлеуметтің адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал
–жабдығы деп білу қажет.
Педагогика үшін және бір маңыздысы- жеке адамдық даму тұлғаны
тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол
сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт бағдарына, яғни еңбекке деген
қатынасына байланысты.
Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі
белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып
пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан
көмек болуы мүмкін.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдацым оқушылардың
белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және
шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.
Сонымен, тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді,
ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс- әрекет тәсілдерін, әлеуметтік
және рухани қатынастарды ) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекет
қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі спалы орындалтын
педагогикалық процес.

1.2Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру
Тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілердің жеке міндеттемесі мен
мүмкіншіліктерін еспке алу маңызды жұмыс болып табылады. Тұлғалық сапаларға
сүйену тәрбиенің өте маңызды сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның
бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере білу. Тұлға бағыты оның
өмірлік жоспарларын, қалыптасқан өмір жолдарын, іс- әрекет және қылығын
басқарушы мотивтерін білдіреді.
Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципі тәрбиешіден мына
міндеттерді орындауды талап етеді( 1( өз тәрбиеленушілерінің жеке
темперамент ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын,
талғамдарын,әдеттерін қырағы танып, жақсы білу( 2( ойлау бейімі, тұлғаның
бағыттылық мотивтері , қызығушылықтары,өмірге, еңбек етуге көзқарасы,
құндылықтар пайымы,өмірлік жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың
қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу( 3)
тұлға дамытудың әсерлі түрін біртіндеп күрделендіре отырып тәрбиелік іс-
әрекеттерге әрбір тәрбиеленушіні тарту( 4( дер кезінде мақсатқа жетуге
кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезінде
сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларғабайланысты
тәрбие тактикасын ауыстыра білу( 5) тұлғаның өз белсенділігіне көбірек
сүйену( 6( тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен байланыстырып, өзіндік
тәрбиенің мақсат, әдіс, формаларын таңдауға көмектесу( 7(
тәрбиеленушілігінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін
дамытын, оған жетекшілік етіп, ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.
Тәрбиені тұлғалық тұрғыдан жүргізген кезде жас және жеке
ерекшеліктерді есепке алу жаңа бағыт алады. Адамгершілік, әлеуметтік
сапаларды қалыптастырудың ең ыңғайлы мүмкіндіктері бастауыш мектеп жасында
болады. Неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым тәрбие ықпалдарын нақты
қабылдап, бала өз тәрбиешісіне көбірек сенеді, оның беделінесөзсіз
бағынады.Сондықтан кішімектеп жасында және ерте жеткіншек жаста жағымды
әдеттерді тәрбиелеуге, балаларды еңбекке , тәртіпке, қоғамдық іс-
әрекеттерге үйрету жеңіл болады. Ересек жеткіншектер болса, пайдалы
еңбектің тура, ашық міндеттерін қалайды, оларды орындауға белсенділік
танытуға құмар келеді. Дегенмен де, бұл белсенділік, талпыныстар
педагогтар тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.
Балалық және жеткіншек жастағы тұлғалық сапалардың жылдам қарқынмен
қалыптасуы озық әрекет етуді, тәрбиеленушіден даму желісіндегі тәрбие
мазмұны мен оның ұйымдастырылуы, әдістері және формалары арасында
қайшылық туындамай тұрғанда, жағымсыз әдеттер баланың жан дүниесіне
орнығып қалмай тұрып, алдын-ала қимылдауды қаурыт талап етеді. Әйтсе де,
талаптарды күшейте отырып, тәрбие ықпалдары бағытталған тәрбиеленушілердің
шама- шарқын ескерген абзал. Қиын талаптар баланың өз күшіне сенімін
азайтып, көңілдерін қалдырады, тіпті ең қауіптісі, сол талаптарды үстірт
орындауға итермелейді. Әдетте, мұндай жағдайда жартылай істелінген іске
қанағат тұту әдеті қалыптасып қалуы мүмкін.
Тәрбиешілер әсіресе, тұлғаның негізгі сапаларына, яғни, олардың
құндылықтарды таңдау бағытына, іс-әрекет жасаудың және қылық
қалыптастырудың өмірлік жоспарларына мән беріп, тәрбие процесін түзейді,
әрі бұл поцесті тұлғалық және қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға
бағдарлайды.
Кейбір тәрбиешілернақты тәрбиенітек қиын оқушылар мен тәртіп
бұзушыларғақатысты деп ойлайды. Сөз жоқ, мұндай тәрбиелеушілер көбірек
бақылауды керек етеді. Бірақ жағдайы жақсы оқушыларғада мойын бұру керек.
Сырттайжақсы көріністің көлеңкесіне жаман пиғылды ойлар, мотивтер,
әрекеттер де жасырынып жатуы мүмкін. Бұған ешкімді ешуақытта кінәлауға
болмайды, бірақ барлық оқушыларға теңдей көңіл бөлу керек.
Тұлғаның сыртқы көрініс, әрекеттерінен оның ішкі мінез-құлқын түсіну
өте қиын, осыдан тәрбие мақсаты әрқашан іске аса бермейді. Тәрбиешіге
тәрбиеленушінің өзі көмектесуі қажет. Тәрбиеленушіні дос, көмекші, одақтас
етіңіз. Бұл түпкілікті сапаларды түсініп, болжаудың ең қысқа, анық жолы
болып табылады.

2.1Тәрбие принциптері
Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын
алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші
басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін
бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың
талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін
іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам
болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. Кез-
келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін
байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен,
қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын
қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады.
Әрбір тәрбие жұмысына дайындау үшін ең алдымен олардың мақсаттары
мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы
нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты.
Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып,
мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады.
Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен
оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
2.3 Тәрбиенің өмірмен,еңбекпен,қоғам құрылысының практикасымен байланыс
принципі.Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық,әлеуметтік және рухани
қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие
ісінде қолдану болып табылады.Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды
омірге,еңбекке,мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы алғы
шартын жасайды.Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие
жұмысындағы өнімді еңбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да
бар.Бұл жеткіліксіз пікір,себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек
ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ.Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің
түрлеріне қатынастырып,ол әрекеттің қоғамның түпкі мүддесі үшін,материалдық
және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін
қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші
принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жасөспірімдердің топтық
және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік
белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп
қарайды. А.С.Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары
жаттығып,қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі ұжым болып
ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды,-
деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық
қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды,
баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның
қоғамдық мәнінің ұжымшылдық сапалары қалыптасады.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін
құрметтің бірлігі. А.С.Макаренко кезінде Егер біреу-міреу педагогикалық
тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай
қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету
деп жауап берер едім,-деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып,
оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына
тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін
ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды
таңдап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпен
байланыссыз болса, онда ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып
табылады. А.С.макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу
бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек. Оқушы бойындағы
орынды- рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек
артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға
дайындаған іске қоса білуі керек.
Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және
үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел
біртұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие
саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы
тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілген тәрбиелік
шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие
жұмысының мазмұны онан әрі қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда
ғана аталған принциптер жүзеге асады. Педагогикалық ықпалдардың
жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келімсіздігі, ретсіздігі тәрбие
мақсатына үзілді – кесілді қарама қайшы- келеді. Тәрбие үшін оқушыға
қойылатын талаптардың ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен,
мектеп пен үйелменнің , сынып ұжымы мен жұмыс істейтін мұғалімдердің
оқушыларға қоятын талаптарының үйлеспей ала-құла болуы. Тәрбие- көп
адамдар қатынасатын ұзақ іс- әрекеті. Сондықтан да олардың жұмыстарында
тізбектестік дәрежесінің дер кезінде анықталып отыруы аса маңызды мәселе.
Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі
негізінде құрылуы қажет.

Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. Бұл
принципті жүзеге асыру оқушылар іс- әрекетінің мазмұны мен түрін олардың
жасына, өмір тәжірибесіне, күш қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын
талап етеді. Әрбір бала өзінше ерекше бір бітім. Сондықтан олардың
әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа
сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен іс- әрекетінің
негізі болатын жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарды туғызатын түрлер мен
тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге асуына
мұғалімнің жас не педагогткалық психологияны терең білуі көмектеседі.

2.2Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері

Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принциптері)- бұл тәрбие процесінің
мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды
анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекшелігін
танытады. Педагогикалық процестің жалпы принциптерінен нақты тәрбие
принциптерінің өзгешелігі- тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын
ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды
сипаттайық.
1.Міндеттілік. Тәрбие принциптері – бұл кеңес, нұсқау емес, олар
толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді
дөрекі түрде әркез бұзу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің принциптері және оларға сипаттама
Тәрбие үрдісі
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Тәрбие ұғымының жалпы түсініктемесі
Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Тәрбие процесі туралы
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Пәндер