«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. ..8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Шошқа тілмесіне сипаттама және аурудың қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Аурудың індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4 Эпизоотологиясы және ауруды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.5 Шошқа тілмесінің белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.6 Аурудың өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.7 Тілме ауруын балау және ажыратып балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.8 Тілменің патологиялық.анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.9 Шошқа тілмесінің емі және иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қосымша А Тілме ауруына қарсы вакцина ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі – ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.).
Шошқа тілмесі асқазан арқылы жұғады, бірақ тері арқылы да жұғуы
мүмкін. Денесінде тілме бактериясы болғандықтан, шошқа күтімі, нашарлаған кезде де тілмемен ауыруы ықтимал.
Шошқада тілме спорадия немесе індет түрінде дүние жүзінің барлық елдерінде дерлік кездеседі.
Ауруға көбінесе 3-12 айлық жас шошқалар бейім келеді Сондай- ақ табиғи жағдайда аурумен қозы, тауык, үйрек, күрке тауық, көгершін, кемірушілер/тышқан, егеуқұйрық/ ауырады. Тілмемен адам да ауырады.
Адамда эризипелоид көбінесе алаканында, саусақтарында терінің тері асты ұлпаларының суланып қабынуымен, сөл қатарларының кеңеюімен сипатталады.
Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген тағы құстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында ауру қоздырушысы сапрофит ретінде жиі кездеседі.
Табиғатта көптеген үй және тағы жануарлардың арасында әсірісе шошка, кемірушілер және құстарда тілме микробын алып жүргішілік кеңінен таралған. Қоздырушысының табиғатта көп таралуы және сыртқы орта жағдайына төзімділігі аурудың нақты қорламасының құрылуын және індеттің табиғи ошақтарының белгілі бір жерге тұрақтануын қамтамасыз етеді [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1 Сайдулдин, Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т. Алматы, 1999. -112б.
2 Кононов, И.В. Ветеринарлық анықтама: /Кононов И.В. Мәскеу, «Колос» баспасы, 1972.-135б.
3 Бердімұратов, Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 165б.
4 Әмірбек, Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Әмірбек Е. Алматы- 2006. -154б.
5 Ілиясов, Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Ілиясов Б.К. Алматы - 2001.-137б.
6 Төлеуіш, Ж. Малың аман болса, май ішесің /Төлеуіш Ж. Шымкент-2007.-119б.
7 Қасымов, Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е.И. Алматы - 2006.- 145б.
8 Конопаткин, А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных: учебник для вузов /Конопаткин А.А. Москва, Колос , 1984.-138 б.
9 Тұтқышбай И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай И.А, Сабекова Д.Ө. Шымкент,
2009.-159б .
10Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.- 126б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Шошқаның тілме ауруына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған курстық жұмыс
31 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 қосымша
қамтылды.

Анықтамалар

Антигендер – иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың эффекторлармен
телімді әрекеттесе алатын организмге бөгде заттар.
Балау – ауруды анықтау, табу, диагноз қою.
Вакцина – жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық
препарат.
Дауалау – жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.
Дезинфекция – сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.
Зардаптылық – ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру қабілеті
Инфекциялық ауру – инфекцияның айқын көрінісі.
Карантин – індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін
жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.
Шектеу – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы үшін
қарым- қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.
Індет – індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.
Індеттанулық балау – жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап,
індет процесі мен індет ошағын толық сипаттау.
Індет ошағы – малдың ауруға шалдығу мумкіндігі сақталған инфекция
қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория, яғни
жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын орналасқан кеңістік.
Қатер төнген аймақ – аурудан сау емес пункттегі індет ошағының
сыртындағы территорияда орналасқан аймақ.
Бацилла – спора түзетін бактериялар
Аэробты – оттегі бар жерде өсетін бактериялар
Анаэробты – оттегі жоқ жерде өсетін бактериялар
Биологиялық сынама – ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы
диагноз қою

Белгілер мен қысқартулар

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ИФТ – иммунды - ферментті талдау реакциясы
ГИ – гипериммунды реакция
ПР – преципитация реакциясы
т.б – тағы басқа
см – сантиметр
г – грамм
ЕПА – ет – пептонды агар
ЕПС – ет – пептонды сорпа

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. ..8
1 Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1Ветеринария туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10
1.2 Шошқа тілмесіне сипаттама және аурудың
қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Аурудың індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .15
1.4 Эпизоотологиясы және ауруды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.5 Шошқа тілмесінің
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 18
1.6 Аурудың өтуі мен
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...20
1.7 Тілме ауруын балау және ажыратып
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .21
1.8 Тілменің патологиялық-анатомиялық өзгерістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.9 Шошқа тілмесінің емі және
иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..29
Қосымша А Тілме ауруына қарсы
вакцина ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Ф. 7. 04 – 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ жоғары мектебі
___________________________________ __ ____ кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

_____________________

(қолы,аты – жөні)

_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:___________________________________ __________
Мамандығы:___________________________________ ______________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2016 ж.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі
– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап
көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері
халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50
елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал
шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал
шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының
алдын алу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал
шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы
түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы
жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының
түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен
сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған
ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі
бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі –
ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі
тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын
арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең
таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте
ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-
білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның
көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам
тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл
бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл
аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып
жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау
малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы
(мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы,
т.б.).
Шошқа тілмесі асқазан арқылы жұғады, бірақ тері арқылы да
жұғуы
мүмкін. Денесінде тілме бактериясы болғандықтан, шошқа күтімі, нашарлаған
кезде де тілмемен ауыруы ықтимал.
Шошқада тілме спорадия немесе індет түрінде дүние жүзінің барлық
елдерінде дерлік кездеседі.
Ауруға көбінесе 3-12 айлық жас шошқалар бейім келеді Сондай- ақ
табиғи жағдайда аурумен қозы, тауык, үйрек, күрке тауық, көгершін,
кемірушілертышқан, егеуқұйрық ауырады. Тілмемен адам да ауырады.
Адамда эризипелоид көбінесе алаканында, саусақтарында терінің тері
асты ұлпаларының суланып қабынуымен, сөл қатарларының кеңеюімен
сипатталады.
Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген тағы
құстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында ауру қоздырушысы сапрофит ретінде
жиі кездеседі.
Табиғатта көптеген үй және тағы жануарлардың арасында әсірісе шошка,
кемірушілер және құстарда тілме микробын алып жүргішілік кеңінен
таралған. Қоздырушысының табиғатта көп таралуы және сыртқы орта жағдайына
төзімділігі аурудың нақты қорламасының құрылуын және індеттің
табиғи ошақтарының белгілі бір жерге тұрақтануын қамтамасыз етеді [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – шошқаның тілме ауруына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Ветеринария туралы заң

Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық,
ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, ветеринариялық-
санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік
қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен
адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
Жалпы ережелер
Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері
диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының
нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін
куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу - ветеринариялық
препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін,
иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау
мақсатында, шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан
өткізу;
ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан
улануын зерделеуге, олардың профилактикасында, диагностикасына, оларды
емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына
сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық
қызмет саласы;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың
жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі:
ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен
органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық
және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі;
ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-
санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат,
ветеринариялық сипаттама;
ветеринариялық іс шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын,
емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын
болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға,
алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың
және адамның денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау мақсатында, бірегейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласының
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті
болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын
нормативтік-құқықтық акт;
ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы,
диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция,
дезинсекция және деретизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден
алынатан немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған
парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, түрі, жынысы,
түсі, жасы, жануарлардың ауруларының профилактикасы, диагностикасы және
оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері
мен сипаты көрсетіледі;
жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар,
хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар,
гельминттер, кенелер, жәндіктер;
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды
сараптамадан, байқаудан өткізу;
ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі - ветерианрия
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден
өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға
рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында
індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан
қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және
әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және басқа
орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-
санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның
мамандандырылған бөлімшесі;
ауру бойынша қолайсыз пункт қолайсыз пункт- індет ошағы белгіленген
аумақ:
ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды
өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу,
стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе
қолдану;
шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және
індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы
жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге
және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік- шаруашылық
іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса
алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына
немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар
аурулары;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жем-
шөп және жем-шөптік қоспалар;
жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын
ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері,
жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу – ветеринариялық
препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті
әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер
кешені;
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік
қызмет – жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының
қоздырушыларын типтендіруді белгілі бір түр ішіндегі типтік
айырмашылықтарды анықтауды, олардың профилактикасы мен дигностикасы
шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы
жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
базар – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату
орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды
сақтандыруға арналған және немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн,
түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-
қарын, қан, сүйек, мүиіз, тұяқ және басқа өнімдер;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан
Республикасының үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган;
індет моноторингі – эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты
ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген ұсталған, өсірілген
аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық шаруашылық жағдайлары,
жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса
алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау
жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын,
өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
індет ошағы – жұқпалы аруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және
ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;
індет – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың
аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы
Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері
қоланылады.
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан
қорғау;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен
таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу
және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың
сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың
біліктілігін арттыру [10].

1.2 Шошқа тілмесіне сипаттама және аурудың қоздырушысы
Шошқаның тілмесі Erysipelas suum, рожа свиней өткенде өлі тиіп,
терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрде жүрек пен буындардың
қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауру қоздырушысының алғаш анықтап ажыратып
жазған Р.Кох 1878, Леффлер 1881 Л.Пастер және Л.Тюлье 1882.
Микробты қоян организмінен, өткізіп вакцина даярлаған. Л.Пастер
1883, ал тілмеге қарсы қан сарысуын ұсынғандар Лоренц пен Лепланш
1885. Кейін Д.Ф. Конев 1899 өзінің атымен аталған
вакцинаны Виноградник ВР-2 вакциналық штамды ұсынды.
Тілме (Erysipelas suum, рожа) жіті өршуінде өлі тиюмен және терінің
қабынған эритемасымен, ал созылмалы түрінде эндокардит, артритпен
сипатталатын доңыз ауруы.
Бұл ауруға әсіресе 3—12 айлық шошқалар шалдыққыш келеді.
Лабораториялық хайуанаттар ішінде онымен ақ тышқан, қоян және көгершін
ауырады.
Тілме адамға да жұғады; терісінің әр жері суланып кабынады.
Ауру таралуының негізгі көзі — нәжісімен және несебімен бірге
бактерияларды көптеп тысқа шығарып отыратын ауру шошқа. Сонымен қатар,
лажсыздан сойылған ауру шошқадан қалған түрлі қалдықтар, сондай-ақ ауру
шошқаның нәжісі мен несебі тамған азық, су, төсеніш, жайылым т. б. арқылы
да тілме жұруы мүмкін. Тілме бактерияларын таратушылар — құс пен
кеміргіштер.
Шошқа тілмесі асқазан арқылы жұғады, бірақ тері арқылы да
жұғуы
мүмкін. Денесінде тілме бактериясы болғандықтан, шошқа күтімі, нашарлаған
кезде де тілмемен ауыруы ықтимал.
Шошқа тілмесі жіті түрінде өткенде малды септицемияға ұшырататын,
терісін қызартып, теңбілдендіретін, созылмалы түрінде жүрегі мен буындарын
қабындыратын жұқпалы ауру [2].
Шошқа тілмесіне қарсы қан сарысуы мен антибиотиктер қолданылса
аурудың ең аз мөлшерде болуы мүмкін еді. Бірақ та ауырудың инфекциясы
қазіргі таңда көптеген елдерде Еуропада, Америкада, Азияда сонымен қатар
өзімізде де кездеседі. Шошқа тілмесі инфекциялық ауру. Жіті және оны
тиюімен сипатталатын эндокордит, полиоартрит, теріде некроз пайда болуымен
белгіленетін шошқаның жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы –Eyrsipelothtix insidiosa – Lactouagicea тұқымдастығы,
Erysipelothrix туыстастығына жатады. Ұзындығы 0,5-1,5 мкм. көлденеңі –
0,2-0,3 мкм, қозғалмалы спора және капсула түзбейтін, грам оң,
қозғалмайтын полиморфты таяқша. E. insidiosa сыртқы ортаның кез-келген
объектісінде кездесетін убиквитарлы және соған байланысты
морфологаялык, уытылық, ангигендік және иммунитеттік касиеттері
өзгеріп отыратын микроб. Тығыз қоректік ортасы S-, R-, O- колонияларын
түзеді. Қоздырушының антигендік қасиеті бойынша 3 түрін - А, В; N
ажыратады. Ауру қоздырушы қасиет негізінен А, сирегірек В, ал өте сирек N-
түріне. Соңғысы сау жануарларды кезігеді. В түрінің
иммуногендік қасиеті өте жоғары болады да, көбінесе вакцина дайындалып
пайдаланады. Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан, көгершін аурады.
Ауру қоздырушысы (Erysipelothrix insidiosae) спора капсула түзбейтін
полиморфты Грамм оң боялатын бактерия.
Қоздырғышы – Bact. Rhusiopathiae. Тілме қоздырғышы — ұсақ, жіңішке
қозғалмайтын, Грамм бойынша боялатын, қоректік ортада жақсы өсетін микроб.
Ол ыстыққа тым төзімсіз: 70 градус жылылықта 5 минут ішінде, ал 100 градус
ыстықта — сол бойда қырылып қалады. Әдетте дезинфекциялағыш заттар да оны
тез өлтіреді.
Қоздырғышы – барлық жерде кездесетін, микроорганизмдер қатарына
жататын бактериялар.
Мекендеу жағдайына байланысты олардың морфологиялық, вируленттік,
антигендік және иммуногендік қасиеттері әр түрлі болады. Микроб қоректік
ортаны талғамайды. Ауалы және ауасыз жағдайда МПБ, Хоттингер қоректік
ортасында жақсы өсе береді. Қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам
бойынша оң және негізгі анилин бояуларымен боялады.
Тілме бактериясы қолайсыз жағдайларға төзімді. Суда, топырақта,
садырада, өлекселерде көптеген айлар бойы сақталады Тұздалған және
кептірілген тағамдарда өлмейді. Бактериялар ыстықтау жерде, кейбір
антибиотиктерден, залалсыздандырушы заттардан (натрий сілтісі, формалин,
хлор, әк т.б.) қырылып қалады.
Ауру қоздырушысы аэробты және анааэробты ортада немесе ет сорпасында
немесе хоттингер қоректік ортасында және басқа да қоректік ортада 36-380
және РН ортасы 7,4-7,8 ауру қоздырушысы жақсы өседі. Антииндік құрылымы
бойынша шошқа тілмесінің бактериясы үш түрге бөлінеді: А, В және N. Ауру
шошқалардан бөлінетін штамм түрі А, сирек В, және өте сирек N. Шошқа
тілмесінен өлген шошқа өлігінде, және ағзаларында, топырақта су орналарында
тілме қоздырушысы бірнеше айға дейін өмір сүре алады. Ауру қоздырушысы 2%-
тік формальдегидтің ертіндісінде, 10%-тік хлорлы әк ерітіндісінде 10-20%-
тік сөндірілген әкте өз тіршілігін, өмір сүруін жояды [1,2].
Ауру қоздырушысы спора түзбегенмен сыртқы орта жағдайына төзімді
келеді. Аузы балқытып бекітілген сұйық қоректік ортада 17-35 жыл,
шіріген өлекседе бірнеше ай, өзен суында – 73 тәулік, несепте – 203 тәулік,
нәжісте – 94 тәулік, топырақ тұнбасында – 108 тәулік сақталады. Жоғары
температураға төзімсіз: 500С қыздырғанда 15 минутте, ал 700С - 5 минутте
күшін жояды. Алайда кесек уақтамай қайнағанда тек қана 2,5 сағаттан кейін
өледі.Бұқтыру ондағы тілме бактерияларын зарарсыздандырмайды, ал ысталған
шошқа етінде бұл микроб 90 тәулік, ал тұздалған шошқа етінде 170 күнге
дейін күшін сақтайды. Тілме бактериясы антибиотиктерге, ультра күлгін және
күйдіргіш натрий, формальдегид, хлорлы әк кең қолданылатын
дезинфектанттардың кәдуелгілеріне сезімтал келеді.

1.3 Аурудың індеттік ерекшеліктері
Тілме бактериясы жануарлар организміне енгеннен кейін таралған
микробтардын қатарына жатады.
Шошқада тілме спорадия немесе індет түрінде дүние жүзінің барлық
елдерінде дерлік кездеседі.
Ауруға көбінесе 3-12 айлық жас шошқалар бейім келеді Сондай- ақ
табиғи жағдайда аурумен қозы, тауык, үйрек, күрке тауық, көгершін,
кемірушілертышқан, егеуқұйрық ауырады. Тілмемен адам да ауырады.
Адамда эризипелоид көбінесе алаканында, саусақтарында терінің тері
асты ұлпаларының суланып қабынуымен, сөл қатарларының кеңеюімен
сипатталады.
Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген тағы
құстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында ауру қоздырушысы сапрофит ретінде
жиі кездеседі.
Табиғатта көптеген үй және тағы жануарлардың арасында әсірісе шошка,
кемірушілер және құстарда тілме микробын алып жүргішілік кеңінен
таралған. Қоздырушысының табиғатта көп таралуы және сыртқы орта жағдайына
төзімділігі аурудың нақты қорламасының құрылуын және індеттің
табиғи ошақтарының белгілі бір жерге тұрақтануын қамтамасыз етеді.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүруші шошкалар.

Микроб алып жүрушілерде ауру қоздырушысы әдетте жұтқыншақ сөл
түйіндерінде және ішек фолликулаларында орналасып, әртүрі стресстердің,
әсіресе протеиннің жетіспеушілігі және сыртқы ортаның ыссылығының әсерінен
ауарудың клиникалық белгілері байқалады. Осы себептен тілме шаруашылыққа
көбінесе басқа жақтан әкелінбейді, өз ішінен шығады.
Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс күту
құрал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ т.б. жатады. Ауру
қоздырушысын тасымалдауға кемірушілердің, көк шыбынның, құстардың қатысуы
мүмкін.
Ауру негізінен коректік жолмен, ал сирегірек жанасу және трансмиссивтік
жолдармен жұғады [1,2,4].
Тілме топырақ инфекциясы болғандықтан оның таралуында топырақтың
алатын орны ерекше.
Ауру көбінесе көктемгі жазғы маусымда негізінен мал басын толықтыруға
және бордақылауға бөлінген жас шошкалардың арасында жиі кездеседі.
Індеттің кеңінен жайылып, карқынды таралуына күннің ыссы және ауанын
ылғалды болуы, шошқаларды жақсы желдетілмейтін тар қораларда ұстау,
тасымалдау, күн өту, жемде протеин, минералды заттар, витаминдердің
жетіспеуі сияқты қолайсыз жәйттер әсерін тигізеді.
Сонымен, тілменің тұрақты түрде белгілі бір аймақта және көбінесе
жылдың жылы мезгілінде қайталанып отыруы оның індеттік ерекшелігі болып
есептелінеді.
Індеттік тұтанудың ұзақтылығы және шығын көрсеткіші шошқаны өсірудің
технологиялық жүйесіне, ауруды жылдам және дәл балауға, қоздырушының
уыттылық және антигендік ерекшеліктеріне, табындағы иммунитеттін құрылымына
сауықтыру шараларын ұйымдастыруға байланысты болады. Әдетте індеттік тұтану
қорадағы шошқаны түгел қамтымайды ауруға шалдығу көрсеткіші 20-30%
аспайды, шығын 55-80% жетеді.

1.4 Эпизоотологиясы және ауруды анықтау

Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректер, сойып қарағандағы
клиникалық өзгерістер, бактериологиялық зерттеулер ескеріледі.
Өлексені сойып қарағанда аурудық өте жіті түрімен ауырып өлген мал
өлексесінде төс, шап терілерінің көгергенін, жіті түрімен ауырып өлген мал
жотасының, бүйірінің қызыл қоңыр дақтарын көруге болады.
Дене бездері ұлғайып, қанталайды, өкпесі ісініп, кей жерлері
қабынады, жүрек еттері босайды. Талақ, бауыр, бүйрек қанталап, қанға толып
кетеді. Жүрек қабынғанда қан өтетін клапандарда фибринді теңбіл түзілістер
пайда болады. Буындар қабынып, ісінеді.
Тілме — дүние жүзінде, соның ішінде ТМД -де және Қазақстанның барлық
аймақтарында кең тараған жұқпалы ауру.
3—12 айлық торайлар жиі ауырады. Жаңа туған торайлар 40 күнге дейін
енесінің сүтінен баратын иммунитетіне байланысты ауырмаса, сақа шошқалар
табиғи төзімділігінен, бұл аурудың жасырын формасымен ауырып
жазылғандықтан ауырмайды.
Тілмемен кейде үй шошқасынан басқа жабайы шошқалар, тағы басқа сүт
қоректі үй жануарлары мен құстар да ауырады.
Тілменің қозылар, күрке тауықтар, үйректер, кемірушілер арасында
едәуір дәрежеде етек алып, қайта өршуі байқалады.
Көптеген жануарлар қоздырғыш таратушы болып табылады.
Тілме бактерияларын теңіз бен өзен балықтарынан, шыбын-шіркейлер
мен бунақ аяқтылар денелерінен көптеп табуға болады. Тілмемен адам да
ауырады.
Тілме қоздырғышының өте төзімділігі мен кең тарағандығы-ақ оның
таусылмас көзін туғызады. Сол себептен тілмені табиғи тұйықталған ауруларға
жатқызады [1,2,3].
Ауру қоздырғышы ауру шошқалардың нәжісі, несебі, ал сау шошқалардың
көмекей және ішек бездері арқылы тарайды. Бұлар қалыпты тіршілік жағдайы
кенеттен өзгергенде аурудың сырттан өнбей-ақ өршуіне себепші болады.
Әдетте ауру кең таралмайды. Онымен малдың 20—30 проценті ғана
ауырады. Бірақ сол ауырған малдың 55—80 проценті өлім-жітімге ұшырайды.
Ауру көбінесе көктем мен жазда шығады.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде бұл ауруға доңыздан басқа ақ
тышқандардың, көгершіннің, басқада үй және жабайы құстың бейім екені
ескеріледі.
Ауру қоздырушысының бастауы ауру жануар, сонымен қатар ауырып-
жазылған теңіз тышқаны, кеміргіштер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тiлмесi бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
Шошқа тілмесіне қарсы вакцина стардарты
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар жайлы мәлімет
Шошқа тілмесі
Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар туралы
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Пәндер