Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.бет
1.бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.бет
Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... 3.бет
Рынокқа өту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.бет
Мемлекет және заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.бет
2.бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.бет
Мемлекет және инвестиция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.бет
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.бет

Қандай да болмасын бір мемлекетте немесе ірі-ірі әлеуметтік ұйымдардың негізгі мәселелері адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға халықтың қажеттіліктерін мейлінше жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Яғни, мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынасы. Осыдан шығатын сұрақ ұлттың гүлденуін қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық қызметі қандай қандай және қаншалықты маңызды?
Бұның әлеуметтік қызметі өте маңызды. Мемлекет әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Бұлардан басқа да рыноктық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы эффектілерді азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.

1) Әубәкіров Я., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы, 1994.
2) Ихданов Ж.О., Омарбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. - Алматы: экономика, 2002.
3) Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.- Алматы: Атамұра, 2003.
4) Нұрпейіс Е.М. Макроэкономика негіздері:Оқу құралы. – Алматы,1998.

Алматы энергетика және байланыс институты
Радиотехника және байланыс институты
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ
№1 семестрлік жұмыс
Тақырып: Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Орындаған:
Алматы-200
Кіріспе
Қандай да болмасын бір мемлекетте немесе ірі-ірі әлеуметтік
ұйымдардың негізгі мәселелері адамдардың басым көпшілігінің экономикалық
қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру,
тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға халықтың
қажеттіліктерін мейлінше жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын
ұйым жатады. Яғни, мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынасы. Осыдан
шығатын сұрақ ұлттың гүлденуін қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық
қызметі қандай қандай және қаншалықты маңызды?
Бұның әлеуметтік қызметі өте маңызды. Мемлекет әлеуметтік мораль мен
адам өмірін қорғау тұрғысынан рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы
керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда, ұлттық
қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Бұлардан
басқа да рыноктық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы
эффектілерді азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.
1-Бөлім.
Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу
Экономиканы реттеудің біріншісі рыноктық тетіктер — тауар-ақша
қатынастары мен баға арқылы жасалатын әдіс. Өндірістің өсіп-дамуы төлем
қабілеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар рыноктық тетіктер
экономиканың дамуын ғана сипаттап қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа
ұшырайтынын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында,
мемлекет алдын-ала ұлттық экономиканың
даму бағдарламасын жасайды. Екінші әдіс әкімшілдік-әміршілдік,
директивалық. Бұл әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін
өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, басшылардың
жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс
көлемінің өсуі — тұрақты жеке табыстың көзі. Мұндай әкімшілдік реттеудің
басты критерийі, әдетте сандық өсім. Өндіріске қажетті қаражатты (ағымдағы
және күрделі қаржыны) кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан олардың
тәбетінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан ездігінен
бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін
ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз табыс. Банкрот жағдайының өзінде де
кәсіпорын қаржыдан бас тартпайды, кез келген зиянды шығындарды мемлекет
өндірісті қамсыздандыру шаралары ретінде жауып отырады.
Экономиканы реттеуде рыноктық немесе орталықтандырылған әдістер таза
күйінде орын алмайды. Ең бастысы, техника мен технологияны жаңарту
талаптары, шикізат пен энергетикалық ресурстардың тапшылығы, экологиялық
мәселелердің барған сайын шиеленісуі экономикада мемлекеттің реттегіш рөлі
едәуір. Ендігі мәселе экономиканы басқаруды орталықтадыру мен
кәсіпорындардың еркіндігін сақтаудың оптималды арақатынасын табуда болып
отыр.
Егер, ресурстар мен өнімдерді карточка жүйесімен бөліп, жұмыстың
барлық көрсеткіштерін орындауды кәсіпорындарға міндеттеп, тек шаруашылық
қызметін орталықтан реттеуге ұмтылу болса, ондай орталықтандырудың қажеті
жоқ. Мұндай орталықтандырудың нәтижесінде шаруашылықтың дербестігіне,
бәсекеге, өндірістің жоғары тиімділігіне нұқсан келеді. Бұған бұрынғы КСРО-
ның тәжірибесі дәлел бола алады.
Өз еліміз Қазақстанның және де басқа біз сияқты әкімшіл-әміршіл
жүйеден босап шыққан ТМД мемлекеттері үшін рыноктық экономикаға өтуге мына
бағыттағы әлемдік тәжірибеде жинақталған классикалық принциптерді қатаң
басшылыққа алу керек.
Салықтық реттеу — салық салу, оның түрлерін, ставкаларын белгілеу,
салық жеңілдіктерін беру немесе босату. Ақша-несие қатынастары арқылы
реттеу — салық жүйесін қоса алғанда мемлекеттің фискалдық саясаты деп
аталады және осы саясат арқылы ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет орталық
ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің
қарыз процентінің ставкасын белгілейді, заемдар береді, облигациялар мен
бағалы қағаздар шығарады. Осындай реттеу жолдарымен ақша айналымы мен
жинағын өзгертіп, жалпы экономикалық процестерге ықпал етеді. Бюджеттік
реттеу — мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әр түрлі бағыттар
бойынша жұмсайды. Бұдан басқа мемлекет салық төлемдерінен тыс бюджетке
қосымша төлем белгілейді, сөйтіп ақша айналымы мен қор жинауды
қалыптастырады. Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы
реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін
әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі
бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа
тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын
белгіленген бағдарлама бойынша дамытады. Баға арқылы реттеу. Рыноктық
экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық
қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет
есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән.
Алайда, рыноктық экономикаға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркіне
жіберіліп, оларды ешбір шектеу мен реттеу болмай отыр. Бүл мәселенің де
тиімді тетіктерін ойластыру қажет.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы
экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін
жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар. Мемлекеттің сыртқы
экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты елдің экономикалық және
саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың
халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық
жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды. Үкіметтің
сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар протекционизм
және фритредерство. Протекционизм саясаты — өз өнеркәсібін, ауыл
шаруашылығын, ішкі рыногын шетелдік ықпалдан қорғау. Протекционизмге жоғары
кеден бажы, экспортты шектеу тән. Фритредерство — еркін сауда саясаты, яғни
шетелдік тауарларға әр түрлі шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифын
белгілеу. Мемлекет бұл саясатты уақыты мен орнына қарай реттеп отырады.
Реттеудің бұлардан басқа да түрлерін дамытып, жетілдіріп отыру мемлекеттің
өз ісі.
Тікелей мемлекеттік басқару — жекелеген салаларды, объектілерді
толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған
әскери-қорғаныс, энергетикалық, әсіресе атом энергетикасы, қорықтар, ұлттық
маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары,
қазбалы кен байлықтары, су ресурстары т. б. мемлекеттік маңызы бар
объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, мемлекеттік немесе муниципалдық
меншікте болады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті — мемлекет
мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын
әлеуметтік жағынан қорғау. Мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақты тәрбиелеу,
табиғатты, қоршаған ортаның ластанып құрып кетуінен сақтау үшін де қажет.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік
секторы бар. Абсолютті болмаса да, оның көлемі мемлекеттің экономикалық
рөлінің критерийі қызметін атқара алады. Мемлекеттіқ қолында әр түрлі
формада капиталы болады, несиелер бере алады, үлестік қызметке қатысады,
т.с.с. Мұның өзі мемлекет қоғамдық капиталдың бір бөлігіне иелік етеді
деген сөз. Батыс елдерінің мемлекеттік секторында адамдардың үлкен тобы
еңбек етеді, олар барлық жалдамалы еңбек етушілердің Франция мен Италияда —
11%-тін, ФРГ, Бельгия мен Голландияда — 8—9%-тін құрайды?
Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығында дерлік мемлекеттік сектордың
қалыптасуы мен дамуы салалардың бәрінде бірдей орын алды (көмір өнеркәсібі,
электроэнергетика, теңіз, теміржол және әуе транспорты, авиация мен
космонавтика, атом энергетикасы т. б.). Әңгіме, өндіріс үшін маңызды, құны
жоғары жабдықтар мен машиналар жиынтығы, яғни негізгі капитал топталған
салалар жөнінде болып отыр. Алайда негізгі капиталдың осындай маңыздылығы
саланың бәсеке мен дағдарысқа өте сезімталдығын да байқатады. Шын мәнінде
белгілі бір қиындықтарсыз негізгі капиталды бір саладан екінші бір салаға
ауыстыру оңайға түспейді. Жұмыссыздық жағдайында оны оп-оңай азайтуға,
іскерлік белсенділігін төмендетуге болмайды. Рынок монополиясымен
байланысты ұлттық экономиканың кейбір салаларының өнімдерін өткізуге
өндіріс орындары тарапынан бақылаудың күшеюі, осы салаларда баганың күрт
төмендеуі, негізгі капитал маңыздылығының төмендеуімен салыстырғанда
анағұрлым қауіпті. Бұрынғы социалистік елдерде жоғары монополистік
құрылымнан бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік құрылымға көшу үшін үлкен
жүмыстар атқару қажет. Мемлекет иелігінен алу немесе мемлекеттен сатып алу
деген атқа ие болған бұл құбылыс шешімі оңай мәселе емес. Осы процеске
қарқын беру мақсатымен "КСРО-да монопо-листік қызметті шектеу туралы"
(шілде, 1991 жыл) КСРО Заңы қабылданған болатын. Мұндай заң Қазақстанда да
өз күшіне енді. Заңда бәсеке қажеттігі, оны қорғау мен мүдделендіру идеясы
нақты көрсетілген. Құжатта: "Рынок-
та үстемдік етуші шаруашылық субьектілері өз жұмыстары барысында бәсекеге
тыйым салып немесе басқалай шаруашылық субъектілерінің заңды мүдделерін
дамытуга кедергі жасайтын болса, олардың іс-әрекетіне тыйым салынады.
Қазіргі ең ірі монополисттердің бірі ретінде Қазақтелеком ашық
акционерлік қоғамын, Қазақстан теміржолын және де т.б. ұйымдарды айтуға
болады.
Рынокқа өту
Рынокқа өту процесіне жоғары серпін беру үшін қандай негізгі шараларды
орындау керек? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің
ауыртпалықтарын жеңу де оңайға түспейді. Реформалар үшін терең
ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін,
оған шешімділік пен табандылықтың керектігін өткен жылдар тәжірибесі
көрсетті. Өтпелі кезеңде пайда болатын жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытқа
дейінгі қоғам жинақтаған жақсы тәжірибені, нақты бекіген, өміршең
қатынастарды (адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылауы қажет,
содан кейін ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастау керек.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан рынокқа өту ең алдымен меншік
қатынастарына байланысты және осы негізде жаңа кәсіпкерлік құрылымдарды
дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар
(мемлекеттік, кооперативтік) жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке
меншік туралы пікірталастар мен қорқытуларға, ізгі ойлармен ғана тойтарыс
беріп қоймай, жеке мешпік негізінде дамыған, гүлденген елдер тәжірибесіне
де сүйену керек. "Меншік" түсінігіне объективті ақиқат түрғысынан қарау
адамдардың іс-әрекетін жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені, меншік —
адамның жеке қасиеттерінің материалданған көрінісі, меншікті пайдалану
арқылы ол қоғамға тартылып, басқа меншік иелерімен қатынасқа түседі. Міне,
осы жерде әлеуметтік байланыстардың игі әсері ретінде дәстүрлі өнегелік
қалыптасып, бекиді. Тіпті меншікті иелену адамдар арасындағы қатынастарға
шынайылық пен әділеттілік сипатын береді. Жеке меншік басқа меншік
түрлерінің өмір сүруін шектемейді, қайта барлық меншік түрлері өзара
бәсекеге түсу арқылы өздерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдейді. Өтпелі
кезең экономикасындағы мемлекеттің рөлін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде
мемлекеттің эконо-микалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте
жанама реттеумен алмастырылатыны айқын. Әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп
берудің қажеттігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін
кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс — дамудың
стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден
белгілі. Қысқаша айтқанда рыноктық экономика жағдайындағы мемлекеттің
рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы
тиіс. Азаматтар, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау
процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып, "бәрін" мемлекет
органдарына мойынсұнудан арылуы қажет. Мемлекет рөлінің күшеюі оның жаңа
заңдар жасап барлық азаматтарды бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына
қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мем-лекеттің дамуы мен
кемелденуінің кепілі.
Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді жүргізу үшін өзінің
әр түрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару, кәсіпкерлік
пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуга болады.
Мемлекет және заң
Мемлекеттің заң шығарушылық функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруіне
көмектесіп, заңдардың баптарымен жұмыс істеу механизмін жасап шығаруды
қалыптастырады. Бұл көрер көзге жеңіл іс емес, өйткені заңдарды жасайтын,
қабылдайтын және орындайтын адамдар өздерінің көзқарастарын көптеген
позициялар бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz