«Қошқарды тұқымына қарай азықтандыру»



Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Қошқарды азықтандыру нормасы мен рацион туралы ... ... 7
1.2 Қошқарды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері
мен элементері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ... ... 9
1.4 Қошқардың ас қорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5 Саулықты азықтандыру ерекшеліктері қандай ... ... ... ... ... 12
1.6 Қозыны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.7 Қошқарға қажетті жайылым мөлшерін есептеп шығару ... 14
1.8 Қошқарды бордақылау кезінде күнделікті азық нормасы мен рационын келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.9 Қошқардың бір жылға қажет азық қорын (бір басқа) анықтау..16
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қошқар - жайылым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік және биологиялық қасиеттері өте жоғары. Мүйізді ірі қара мал секілді асқорыту жүйесінің құрылысы бойынша күрделі қарынды күйісті малға жатқанымен қойдың жайылым отын пайдаланып, ас қорытуындағы өзіндік ерекшеліктері бар. Басқа мал түлігімен салыстырғанда қошқар жайылым отының өсімдіктерінің көптеген түрін жеуімен қатар өскен шөпті тереңірек тістеп, үзетіндіктен толығырақ жеп, жақсы қорытып, жоғары пайдалана алады. Қошқар тұқымына қарай түрлі жайылым отын игеруге бейім келеді. Мысалы, байырғы қазақы қошқар тұқымдары дала жайылымын жақсы пайдалануға бейім болса, қаракөл тұқымы шөлейт және шөл жайылымдарын, ал тағы арқармен будандастырылу жолымен шығарылған арқармеринос тұқымы биік тау жайылымдары жақсы пайдаланады.
Жайылым отын жете пайдалануға мүмкіндік тудыратын қошқардың морфологиялық және биологиялық қасиеттерінің арқасында жайылым жері мол мемлекетімізде арзан да экологтялық тұрғыдан сапалы қошқар етін мол өндіру мүмкіндігі бар. Жайылымдарды дұрыс пайдаланудың бастысы, шаруашылықтағы жайылымдарды тексеріп , инвентаризациялап, көлемі , суарымы, өнімділігі мен отының қоректілігі бойынша есепке алып, тіркейді. Жайылым оты жетіспеген немесе жаюға мүмкіндік болмаған жағдайда қой азығын басқа да ірі, шырынды, құнарлы жемшөппен толықтырады. Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейді. Қошқарды бордақылау ,өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына, салмақ қосуына сәйкес бағытталып азықтандырады. Малды азықтандыруды ұйымдастыру кезінде азықты үнемді жұмсап, жануарлардың өнімділігін арттыруды, олардың денсаулығын нығайтып, ширақ төл алуды, оның дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды: малдың түріне, жасына, жынысына және олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасына байланысты қоректі заттарға деген мұқтаждығын; азықтандыру типін; рационды, оның құрылуы және қоректі заттармен байланысты білуді меңгерген жөн.
1. А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев «Қазақстанда мал мен
құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы». Алматы. 2006ж.
2. Н.Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру».
Алматы «ИздатМаркет». 2005ж.
3. Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков «Мал шаруашылығы». Астана
«Фолиант» баспасы. 2008ж.
4. Қ.Бегімбеков, А.Төреханов, Ә.Байжұманов «Мал өсіру және
селекция». Алматы «Бастау». 2006ж.
5. Ж.Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің». Шымкент. 2007ж.
6. Қ.Сәбденов, С.Шәуенов, Б.Құлатов «Қой шаруашылығы және жүн,
қаракөл, ет өндіру технологиясы». Алматы «Агроуниверситет». 2006ж.
7. Н.Омарқожаұлы, Р.Шуркин «Мал шаруашылығы практикумы».
Астана «BG-принт». 2007ж.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация Жақыпов

Малды азықтандыру пәнінен Қошқарды тұқымына қарай азықтандыру
тақырыбына жазылған курстық жұмыс 41 беттен тұрады.Кіріспе,негізгі
бөлім, (9 теориялық азықтандыру 12 кесте) өзіндік жұмыс, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста мына төмендегі нормативтік сілтемелер қолданылады:

ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжаттардың толықтылығы мен түрі.

ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.

ГОСТ 2.201-80 ЕСКД .Конструкторлық құжаттар мен жасалған бұйымдардың
белгілері.

ГОСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.

ГОСТ 2.304-81 ЕСКД. Сызба шрифтері.

ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын толтыру қағидалары.

Графикалық құжаттарға қойылатын жалпы талаптар.

ГК РК 04-99 Қызыметтердің экономикалық түрлері бойынша өнімдер
классификаторы

Анықтамалар

Азықтық өлшем – азықтардың жалпы қоректілігін энергетикалық
қуатын өлшеу, яғни барлық қоректік заттардың малға қуаттылық байламы
немесе сіңімі.Азық қоректілігі - мал организмінің тіршілігін қамтамасыз
етіп, өнім өндіруге қажетті қоректік зат жеткізу қасиетін айтамыз.

Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға
қажеттілікті толықтыру.

Рацион – бір тәуілікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік
заттары бір күндік нормаға сәйкестендіріледі.

Азықтың қорытылуы – ас қорыту органдарына енген азықтардың
құрамындағы қоректік заттардың (протеиндер мен майлар, көмірсулар)
микроорганизмдер, инфузориялар және асқазан сөлдерінің әрекеті арқылы
амин, май қышқылдарына, моносахаридке тез еритін тұздарға ыдырап тез
сіңіп, қан, лимфа арқылы организмге тарау процесін айтады.

Инфантелизм - төлдің туылғаннан кейінгі органдарының жетілмей қалуы.

Қысқартылған сөздер

мл-миллиметр

см-сантиметр

%- пайыз

м-метр

а.ө-азық өлшемі

а.к- азық көлемі

Қ.п- қорытылған протеин

т.б-тағы басқа

мин-минут

кг-килограм

г-грам

л-литр

Мазмұны

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған сөздер

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 6

1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7

1.1 Қошқарды азықтандыру нормасы мен рацион туралы ... ... 7

1.2 Қошқарды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері

мен
элементері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..8

1.3 Рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ... ... 9

1.4 Қошқардың ас қорыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11

1.5 Саулықты азықтандыру ерекшеліктері қандай ... ... ... ... ... 12

1.6 Қозыны
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

1.7 Қошқарға қажетті жайылым мөлшерін есептеп шығару ... 14

1.8 Қошқарды бордақылау кезінде күнделікті азық нормасы мен рационын
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.9 Қошқардың бір жылға қажет азық қорын (бір басқа) анықтау..16

2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17

3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...32

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..33

Кіріспе

Қошқар - жайылым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға
бейімділік және биологиялық қасиеттері өте жоғары. Мүйізді ірі қара
мал секілді асқорыту жүйесінің құрылысы бойынша күрделі қарынды күйісті
малға жатқанымен қойдың жайылым отын пайдаланып, ас қорытуындағы
өзіндік ерекшеліктері бар. Басқа мал түлігімен салыстырғанда қошқар
жайылым отының өсімдіктерінің көптеген түрін жеуімен қатар
өскен шөпті тереңірек тістеп, үзетіндіктен толығырақ жеп, жақсы
қорытып, жоғары пайдалана алады. Қошқар тұқымына қарай түрлі
жайылым отын игеруге бейім келеді. Мысалы, байырғы қазақы қошқар
тұқымдары дала жайылымын жақсы пайдалануға бейім болса, қаракөл
тұқымы шөлейт және шөл жайылымдарын, ал тағы арқармен будандастырылу
жолымен шығарылған арқармеринос тұқымы биік тау жайылымдары жақсы
пайдаланады.

Жайылым отын жете пайдалануға мүмкіндік тудыратын қошқардың
морфологиялық және биологиялық қасиеттерінің арқасында жайылым
жері мол мемлекетімізде арзан да экологтялық тұрғыдан сапалы
қошқар етін мол өндіру мүмкіндігі бар. Жайылымдарды дұрыс
пайдаланудың бастысы, шаруашылықтағы жайылымдарды тексеріп ,
инвентаризациялап, көлемі , суарымы, өнімділігі мен отының қоректілігі
бойынша есепке алып, тіркейді. Жайылым оты жетіспеген немесе жаюға
мүмкіндік болмаған жағдайда қой азығын басқа да ірі, шырынды,
құнарлы жемшөппен толықтырады. Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейді.
Қошқарды бордақылау ,өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына,
салмақ қосуына сәйкес бағытталып азықтандырады. Малды азықтандыруды
ұйымдастыру кезінде азықты үнемді жұмсап, жануарлардың өнімділігін
арттыруды, олардың денсаулығын нығайтып, ширақ төл алуды, оның дұрыс
өсіп жетілуін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды: малдың түріне,
жасына, жынысына және олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасына
байланысты қоректі заттарға деген мұқтаждығын; азықтандыру типін;
рационды, оның құрылуы және қоректі заттармен байланысты білуді
меңгерген жөн.

Қоректендіру жағдайын жақсарту арқылы жүнділігінмен қоса
қошқар етінің өнімі де артады. Алғашқы алты айда қозының еті
жедел дамитындықтан дәмді, тағамға жағымды қой етін өндіру
үшін 8-10 айлығына дейінгі қозы-тоқтыларды жедел өсіріп
бордақылайды. Жақсы жайылым отына қосымша құнарлы жем,
қажетті мөлшерде ас тұзын береді. Жемге араластырылған ас
тұзымен бірге қой қораларында жалайтын тұз кесектерін
қояды. Қошқарды бордақылау кешендерінде азықтандыру мен суару
технологиясын механикаландыру арқылы өндіріс шығынын азайтады.

1 Негізгі бөлім

1.1 Қошқарды азықтандыру нормасы мен рацион туралы

Қой тұқымын жақсартып, санын көбейтуде, оның өнімділігін арттыруға
бағытталған жұмысты дәйектілікпен жүргізуде қошқарларға ерекше назар
аударылады, сондықтан да аса бағалы тұқымдық қошқарларды кеңінен
пайдаланып, дұрыс бағып-күтудің айрықша маңызы бар.

Өнім мол, жоғарғы классқа жататын, ұрпақ сапасына қарай тексерілген
тұқымдық қошқарлар ұрықтандыру станциялары мен пункттерінде өз алдында
бөлек бағаланады. Шағылыстыру науқаны басталмастан 1,5-2 ай бұрын
қошқарлардың жеке тобын құрастырады да тәжірибе шопандардың біріне
бекітеді. Қошқарларды үлкен орталарда бағу тиімсіз,
сондықтан, қолдан ұрықтандыру станцияларында, тұқымдық қошқарлары бар
шаруашылықтарда оларды неғұрлым толық пайдалану үшін жеке топтарда бағып,
әсіресе шағылыстыру науқаны кезінде мол азықтандырып, жыл бойы протеин,
каротин, минерал тұздары жеткілікті рациондармен азықтандыру керек.

Қошқарлар рационы әр түрлі жоғары сапалы, жеңіл қорытылатын, жақсы
желінетін азықтардан тұрады. Қыста, шағылыстырмайтын кезеңде қошқарлар
рационына тәулігіне 1,2-2,5 кг сапалы шөп, 1-1,5 кг тамыр жемістілер мен
сүрлем және қажетті мөлшерде жем енгізіледі.

Түйіршіктелінген азықты қошқарлар жақсы жейді, сондықтан да болу керек,
олардан алынатын ұрық концентрациясы, тіршілікке бейімділігі және бөлінетін
ұрықтың саны мен сапасы біршама жоғары.

Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілі мен күздегі күйек алу,
қыстағы буаздық және көктемдегі қоздау кезкңдерінде
жайылым отына қосымша пішен, сабан, пішендеме, жем
береді. Жайылым оты мен қосымша жемшөп жетіспеген
жағдайда қой қоректену деңгейінің төмендеуінен , тіршілік
сақтаудың биологиялық заңдылығы бойынша, алдымен
маңыздылығы екінші реттегі тері мен оның өнімдері
зардап шегеді. Қоректік зат енуі шектелген жағдайда
организм оларды алдымен жүйке жұмысы, қан айналымы,
көбеюшілік жүйе тіршіліктік маңызы зор ағзаларға жұмсап,
теріге жұмсалуын шектеуінен бірінші ретте қанмен
түбіріне қоектік заттар келуі шектелген жүн талшықтары
жіңішкереді.

Рацион дегеніміз бір тәуілікте жейтін азықтардың жиынтығы.
Олардың қоректік заттары бір күндік нормаға
сәйкестендіріледі. Рационның екі түрі бар:

1) Жай рацион - алты қоректік зат кіреді.

2) Күрделі рацион немесе тетіктелген рацион - рацион
құрамына барлық қоректік заттар кіреді. Оған жиырма екіден
астам қоректік зат кіреді.Оған жиырма екіден астам қоректік
зат кіреді. Рацион құрылымын құрғанда әр азық пен негізгі азқытық
топтың мөлшері мен арақатынасы мал түрінің, жасының, жынысының, өнімдік
бағытының, физиологиялық ахуалының ас қорыту физиологиясына
сәйкестендірілуі керек. Құнарлы жем рационының энергиялық қуаттылығын
күшейтумен қатар бағасын да қымбаттатады. Олар аз берілген жағдайдамал
өнімділігі төмендесе, көп берілуі өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына
соқтырады. Сондықтан мал азықтандыру рационын шаруашылықтың табиғи –
экономикалық жағдайларын ескере отырып құрастырады.

Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне
пайыздық қатынасы рацион құрлымын айғақтайды. Рацион аумақты
жемшөбінің желінуі малдың қарын аумағы, яғни оның сыйымдылығымен
байланысты болса, оның ірі және шырынды жемшөпке тиетін үлесі
қарындағы ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі. Рацион
құрылымын белгілегеннен кейін оның құрамындағы азықтардың құрғақ
заты бойынша алынған көлемі нормаға сәйкестендіреді. Құрғақ заты
бойынша рацион азықтарының малдың қарнына сыйып толық желіне
алатындығын бақылайды. Рационның протеиндік құндылығын бағалағанда мал
азығындағы оның жалпы мөлшерімен қатар жеңіл қорытылу, ас қорыту
жолында жылдам ыдырап, толығырақ сіңірілу қасиеттерін де ескереді.

1.2 Қошқарды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтері

Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының көрсеткіштеріне
сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру арқылы рациондары, яғни
жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Малдың
қоректік қажеттігі арнайы нормалдық көрсеткіштермен белгіленіп,
өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру дейді.
Малды белгіленген мөлшер , яғни нормасыз , еркінше азықтандыру олардың
өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп
қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Осы тұрғыдан алғанда мал
азықтандыруда организм қажеттігін аз да немесе одан көп те мөлшерде
азық жұмсау зиянды. Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия
мен қоректік заттар мұқтаждығын абсолюттік тынуғыдағы малды ашықтырып
барып анықтайды. Өнімділігі орта деңгейліеш жұмыс істемей тынуғыдағы
мал денесіндегі асқорытуын, қанайналымын, тыныстануын , т.б. тіршілік
қызметін қалыпты деңгейде сақтауға организмдегі жалпы энергия шығынының
40 – 60% жұмсалады. Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей
салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік
заттар үлесі өседі де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын
қоректік заттар үлесі артады. Қошқар мүйізді ірі қара мал секілді
көп қарынды, күйіс қайыратын малға жатады. Тұмсығы мен ауыз
қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты олар табиғи
жайылым отын, аумқты көк жіне ірі азықтарды мейлінше жете
пайдаланып, жақсы қорыта алады. Қошқардың өсіп- жетілуі мен
өнімділігі, негізгі төлі, еті және жұні секілді өнімдерінің
сапасы тікелей азықтандыру деңгейі мен құнарлығына тәуелді.
Қошқарды азықтандыру рационын мүйізді ірі қара малдікіне
қарағанда қарапайым құрылымда құрауға болады. Қошқар ірі
азықтардан шалған және бұршақ тұқымдастардың майда
пішенін сүйсініп жейді. Әр қой басына тәулігіне
салмағының 1001 бөлігіндей мөлшерде пішен, 2 кг-ға дейін
жаздық сұлы, арпа, тары сабанын беругеболады. Сабанды
ұсақтап турап, бөктіріп, ұнтақтап басқа азықтармен араластырып
малға алдан ала әзірлеп берген жөн. Пішендеме, сүрлеммен
қоса қойға картоп, азықтық қызылша, азықтық сәбіз,
азықтық асқабақ, әңгелек, қарбыз секкілді бақша дақылдарын
беруге болады. Олардың сақа қой басына берілетін орташа
тәуліктік мөлшерін - сүрлемдікін - 2- 4 кг, тамыр жемістілердікінен
- 2-3 кг,картоптікін - 1-2 кг-нан, ал тоқты басына - соның жарты
мөлшерін есептеп, жылына қошқар басына - 13-15 ң көк азық,
4-6ң пішен, 2,5-3 ң сүрлем, 0,6-0,8ң жем; саулық басына тиісінше
13-16ң көк азық, 3-4,5ң пішен, 2,5-3ң сұрлем, 0,3-0,4ң
жем; тоқты басына - 11-13ң көк азық , 2-3,5ң пішен, 1,0-
1,3ң сүрлем, 0,2-0,3ң жем дайындайды. Шырынды азықтардың
әсіресе жүнділік пен жүн саласын арттыратынын ескеріп,
қойға үзбей берілуін қамтамасыз етке жөн. Пішендемемен
қой азығындағы пішен мен сүрлемді алмастыруға болады.
Тамыр жемістілерді тазартып, турап береді.

1.3 Рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар

Азық рационы деп - малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап,
есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады.
Азық рационы ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы
жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен
протеиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес
келетін әр түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру
процесінде,рацион жеке азықтың жетілуіне,малдың денсаулығы мен
өнімділігіне қарай тексеріліп, анықталады. Қоректігіне қарай азықты
таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін белгілеу
шеберлікті, тәжірибені керек етеді. Азық рационын жасағанда малдың
қандай азықты сүйсініп жейтіндігі, оның мол өнімділігіне
қандай дәрежеде әсер ететіндігі және шаруашылықта азықтың
қандай түрінің барлығы, оны пайдаланудың экономикалық
жағынан алғанда тиімділігі мұқият ескеріледі. Қой
рациондарын микроэлементтермен, атап айтқанда,кобальтпен қамтамасыз
етуге үлкен мән беріле бастады. Басқа жануарларға қарағанда,
азығында кобальт жетімсіздігіне қой төсімсіздеу келеді.Өйтені жүннің
өсуіне белоктың, күкірттің және фосфордың үстіне кобальт те керек.
Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер
алынатын өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен
ұдайы өсу қабілеті азықты жеуі және қоректік заттардың
қорытылып, сіңуі. Сондықтан да малдың дұрыс азықтандырылуы
үшін зоотехникалық тұрғыдан бақылау ұйымдастырып, нақтылы
жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімінің
сапсын ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн. Түрлі шөптің
қоспалары мен жүгері дәнінің жармасы және зығыр күнжарасынан
құралған рационның құрғақ затында 15% клетчатка болғанда,
оның қорытылуы 75% жеткен. Ал клетчатканың мөлшерін 20 %-ға
дейін көбейткен де рационның құрғақ затының қорытылуы
71%-ға дейін төмендеген, ал клетчатканы 23%-ға дейін
көюейткенде 67% болған. Мал азығында кобальт
жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек - қарын
жолындағы бактерияның мөлшері бір жарым - екі есе
көбейеді, ал мұның өзі мол организмдегі клеткалардың
пайда болып жетіле беруіне көмектеседі.

Салмағы 55-60 кг тартатын буаз меринос қойының азық
рационында шамамен 1400-1700 кг құрғақ зат болу қажет.
Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан құралуға тиіс. Мұндай
рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы қорытылады. Мысалы,
бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен жүгері
дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан ас бұршақ
тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа тег- 145
грамнан салмақ қосқан. Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық
өлшемінің төмендегідей мөлшерін жұмсайды: сақа қойлар- 10-12,
алты айға дейінгі қозылар - 4-5, бір жасқа дейінгілер – 7-8, 1
кг жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін
алу үшін - 132 кг азық өлшемі жұмсалады.

1.4 Қошқардың ас қорыту ерекшеліктер

Қошқардың бас сүйегі мен ауыз құрылысының анатомиялық
ерекшеліктеріне байланысты мұндай өрістен де шөп тауып жейді.
Өйткені, үшкір тұмсығындағы жұқа да икемді еріндері майда да аласа
шөптің өзін қырқып жеуге мүмкіндік береді. Қошқардың ас қорту
жүйесі ірі аумақты азықтарды жақсы қорытуға бейімделген. Желінген
жемшөп қоректік заттарының қорытылуы ауыз қуысынан басталады. Онда енген
азық шайналып, ылғалданып, жұтылған сілекейдегі ферменттер мен минералды
заттар оның құрамына сіңіп, әсер ете алатын қосындыларын ыдырата
бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі.
Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің
протеолитикалық ферменттерінің әсерінен тап болады. Қарында қышқылданып,
борсып - босанған, боркеміктенген азық жыны онекі елі ішек арқылы аш
ішекке өтеді. Оған өтерінде қарын асты безінің панкранттық сөлімен және
бауыр өтімен араласады. Алдыңғы қарын бөлімдеріне күйістімал жеген азық
көмірсуының жартысына жуығы осы жолмен ыдыратылып, қорытылады. Өттің
қосындылары азық майының ішек сөлі ферменттерімен ыдыратылуына
көмектеседі. Ауыз қуысының сілекеймен ылғалданып, сілекейдегі амилаза
ферменті мен көмірсуы ыдырай бастаған, шайналған азыққа қарын құрамында
тұз қышқылы бар қарын сөлі әсер етеді.Соның нәтижесінде қожайын болып
келетін мал организмі мен қолайлы жағдай туғызылған микроорганизмдер
арасында бір – бірінің тіршілігіне көмектесушілік қатынас, яғни симбиоз
қалыптасады. Ірі жасұнықты жемшөпті жақсы қорытуына осы ерекшелігі
де жағдай жасаса керек. Сондықтан да қошқар салмақ қосуына шығынды
мүйізді ірі қара малға қарағанда 2-2,5 есе , жылқыға қарағанда 2,5-
3 есе аз жұмсайды. Осындай пайдалы биологоиялық ерекшеліктеріне
байланысы қошқар қоңдылығын жайылым отымен ғана көтеріп, қыстауға
түскенше денесіне май байлап ( тұқымдық ерекшелігіне байланысты –
құйрығына, тері астына және басқа да жерлеріне ) ағзаға қор жинап
жылдық жем шөп жетіспеген мезгілінде осы жиналған май қорын
жұмсайды. Республикамыздың қыста қар аз түсетін оңтүстік
облыстарында қошқарды жыл бойы жайып шығуға болады. Қошқардан
алынатын негізгі өлшем - жұн мен ет. Қошқар жүні ағзаны қыста
суықтан, жазда ыстықтан сақтайды. Оның өсуі, сапасы зат
алмасуына тығыз байланысты. Қолайсыз, азық жетіспенге жағдайда
ағзаға алдымен қоректік заттарды тері өнімдеріне оның
ішінде жүнге жұмсаудан үнемдейді. Осыдан барып қой
азықтандыруда жіберілген кемшілік ең алдымен жүн сапасына
әсер етіп, аштық жіңішкеру белгісі түріндегі із қалдырады.
Сол кезде өскен жүн талшықтары жіңішкеріп, үзілгіш келеді.
Қошқардың еті де өте қоректі де , құнарлы өнім. Әсіресе
қазақта етті - майлы қошқар тұқымдарының еті өте дәмді.
Бірақ қошқар майында ағзаға қажетті холестерин аз 100 грамында
не бары – 29 мг, ал сиыр еті майында - 75 мг, шошқа етінің
майында – 75-125мг болады. Қошқар жеп қорытқан азық қоректік
затының 75% денедегі бұлшықет, май, сүйек құрылысына
пайдаланады. Бұл олардың азықты өте жоғары сіңіріп, зат
алмасуына игерілетінін көрсетеді.

Дүние жүзінде кең тарағандықтан, қой тұқымдары да көптеп
саналады. Олар түрлі табиғи жағдайларға бейімділік, өнімділік
қаситеттерімен ерекшеленеді. Негізгі өнімдік бағытына қарай
Қазақстанда аудандастырылатын 15-ке тарта қошқар тұқымы мен
тұқымдық топтары биязы жүнді, биязылау жүнді, қылшық жүнді және
ұяң жүнді болып төртке бөлінеді. Солардың ішінде
республикамызда жергілікті табиғи шаруашылық жағдайларына
бейімделген еділбай қошқары, қазақтың биязы жүнді қошқары, арқар-
меринос, солтістік қазақ мериносы, оңтүстік қазақ мериносы,
дегерес, қаракөл қошқары өсіріледі. Ақтөбе облысының кейбір
аудандарында цигай, сараджа, совет-мериосы, Алматы облысында –
австралия мериносы, қазақтың биязылау жүнді қошқары, Жамбыл, Орталық
Қазақстан облыстарында – қазақтың құйрықты қошқары, қазақтың ақ қылшық
жүнді сарыарқа қошқары, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола обылыстарында-
Солтүстік қазақ меринос, Алтай қойы, Солтүстік Қазақстан облысында-
кроссберт типті қошқар тұқымдары, Батыс Қазақстан облысында – ақ жайық
қошқары кездеседі. Олардың басым көпшілігі биязы жүнді тұқымдарға
жатады. Тек дегерес, қазақтың биязылау жүнді қошқары, цигай және
кроссберт типті қой тұқымдары ғана биязылау жүнді, ал еділбай,
қазақтың құйрықты қошқары, қаракөл қошқары, сарыарқа, сараджа
қошқарлары қылшық жүнді қошқар тұқымдарына жатады.

1.5 Саулықты азықтандыру ерекшеліктері

Шаруашылықтағы қаракөл қойының басын көбейту үшін саулық
басының үлестік салмағы басым болуы шарт. Сондықтан да
қойды азықтандыруды ұйымдастырғанда, қаракөл саулықтарын
азықтандырудың практикалық маңызы өте зор. Өйткені дұрыс
азықтандырылған жағдайда ғана қаракөл саулықтары жақсы күйлеп,
тез арада нәтижелі де жиі егізден ұрықтанып, буаздық
кезеңінде дұрыс жетілген, өміршең, тез өсіп жетілетін ірі
қаракөл қозыларын туып оларды сүтке жақсы жарытады. Жылдың
барлық маусымында жеткілікті деңгейде азықтандырылған саулықтың
екінші өнімі - жүні де жақсы жетіліп, сапасын сақтайды.
Ол үшін саулықтың тұқымы, тірідей салмағы, физиологиялық ахуалы
мен күй- қоңына байланысты рацион жемшөбімен жыл он екі ай
біркелкі кемшілік- ақаусыз азықтандыру қажет.Жас тұмса
саулықтардың ағзасы әліде болса өсіп жетілетіндігін, қосымша
салмақ қосатындығын, буаз саулықтардың буаздық кезкңдерін,
қозы емізетін саулықтардың қозысының санын егіз, жалқы, арықтаған
саулықтарын қоңын көтеруін ұлғайтады. Мұндай саулықтарға азықтандыру
нормасын 1 кг таза қосымша салмақ қосымына қойдың 5-6 азықтық
өлшем, 450-580 г қортылған протеин жұмсайтындығын ескере отырып,
есептейді. Шаруашылықтағы бар жемшөптен қай топтарының нормалық
азақтандыру көрсеткіштерін толық та жан-жақты қамтамасыз
ететін бірнеше үлгіде азықтандыру рациондары құрастырылады.
Қозыларын бөлгеннен кейін саулықтарды құнарлы азқытандырып,
ұрықтануға дейінгі 1,5-2 ай ішінде күлеуге жеткілікті қоңын
көтеріп, күйікке жақсы келіп тез түсетіндей етіп бағу қажет.
Жазғы айлдарда оларды құнарлы жайылымда еркінше жайып, ағза
күйіне , саулық күйлеуіне оңды жер етеді, ұзақ мерзім таза
ауа, күн шуағында ұстаған жөн. Отты жайылымда жайған
саулықтарға қора ішіндегі ағаш науаларға ас тұзын салып
қойып, басқа азықтарды шығындамауға да болады. Күзгі жайылым
тартылып, құнарлығы төмендеген айларда күйекке түсер
алдындағы айларда әр басқа тәулігіне 200-300г дәнді азықтар
қалдығының қоспасын берген жөн.

Арық, салмағы онша өспейтін саулықты буаздығының бірінші
жартысында яғни алғашқы 12-13 аптасы не 3 айында, жақсы отты
жайылымда жайып, минералдық қосындылармен қамтамасыз етсе болады.
Іштегі төлдің жедел өсіп - жетілетін буаздықтың екінші
жартысында, яғни соңғы 7-8 аптасы не екі айында, саулық
ағзасының қоректік заттарға мұқтаждығының 30-40% байланысты
азықтандыру рационында құнарлы азқтар үлесін ұлғайтады. Сонда
ғана буаздықтың біріні жартысында туылғандағы салмағының 10%
көлемінде ғана салмақ тартатын, ал қалған салмағына буаздықтың
екінші жартысында жететін іштегі төл өсуі қамтамасыз
етіледі. Бірақ буаздықтың қай кезеңі болсада саулықтарды өте
сапалы әрі нормалы түрде азықтандыру керек екенін ескеру
қажет.Өйткені буаздықтың бірінші жартысында салмағын көп қосып
ұлғаймағанымен, ұрықта болашақ қозы мүшелерінің негізі қаланып,
ағзаның сапа жағынан дамуы толастайды.

Қозылағаннан кейінгі уақытта қозысын жақсы жарыту үшін
саулықтарды емізетін қозы санына сәйкес оны сүттейтін
шырынды азықтар қосылған рациондармен азықтандырады.
Азықтандыруды таңертеңгілік пішен салудан бастайды. Түскілікте
шырынды азықтар мен құнарлы жем, кешкісін - пішен мен сабан
береді. Оты жетілген жайылымда жайғанда кешқұрым пішен, жем
салмайды. Буаз саулықтарды іш тастаудан сақтандыру үшін көкке
түскен қырау, шық ерімей өріске шығармайды.

Саулық рационын құнарлы протеин мен байыту үшін бұршақ
тұқымдастар пішенімен шөп ұны, күнжара, шроттар қолданылады.
Жайылым оты жетілсе қозыларды саулықтарымен бірге жайған жөн.
Түрлі себептермен көп азықтар жеткіліксіз болса, қоздаған
қойларға міндетті түрде шырынды азықтар сүрлем, пішен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымдық қошқарды азықтандыру
Мал қораларын желдету
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Мал тұқымын жерсіндіру
Буаз саулық қойларды азықтандыру
Қой шаруашылығының практикумы
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Мал тұқымын жіктеу
Сералы шаруашылығындағы қойлар
Малдардың тұқымын асылдандыру
Пәндер