Мінез бітістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Мінез бітістері
Орындаған: Ақанова. А.
Тексерген: Баймолдина. Л.
Алматы 2010ж
Жоспар:
1. Жақсы мінез - бүкіл өмірдің сарқылмас байлығы
2. Мінез бітістері туралы жалпы түсінік
3. Типтік мінез бітістерінің түрлері
4. Әр заман ғұламаларының ой түйіндері
5. Қортынды
\
Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады . . . Психология - терең ойдың білімі, құрғақ пәлсапа, бос сөз екен деп ойламаңыздар.
Жүсіпбек Аймауытов
«Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады»
Әбу Насыр әл-Фараби
1. Жақсы мінез - бүкіл өмірдің сарқылмас байлығы
Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты және жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Адамның мінезі оның барлық әрекеттерінің қосындысы, синтезі болып табылады. Мінездері мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ өмір сүрген ортасына, қоғамына қарай адамдардың белгілі бір тобына ортақ типиік мінездер де болады. Мінез адамның ерік-жігерімен тығыз байланысты.
«Мінез» дегеніміз - кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің бірсыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез - көптеген жан қуаттарының жиынтығын көрсететін синтездік қасиет. Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады.
Мінез - даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез - кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты, т. б - негізгі сапаларға бөлінеді.
Тәрбиелі мінез адамда имандылық қасиеттердің бар екенін көрсетеді. Көпшілдік, ізетшілдік, адамға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылықтың пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің жақсы сапасының негізгі түрлері.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі де бірқалыпты келеді. Бұл екеуі - мінездің «егіз қозыдай» бірінен екіншісі бір елі қалмайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы кісінің адамгершілік ұғым түсініктерінен туындайды. Тұрақты мінез - кісінің өмір сүруінің мән-мағынасын, іс- әрекетінің мазмұнын белгілейді.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
өзінің белгілі көзқарасы, принципі, мінез-құлық нормасы болады. Ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Бастамашылдық пен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер.
Адамның мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік қоршаумен (мектеп, оқу, өндіріс ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, т. б) тығыз байланысты. Ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында, өмірдің сан-алуан ситуацияларының ағымына қарай, тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасады.
2. Мінез бітістері туралы жалпы түсінік
Мінез бітістері адамның дүниеге көзқарасына сенімі мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы ортаның әсері мен адамның өзін-өзі тәрбиелеуінен көрінеді. Адамдардың өмір жолы мен іс-әрекетінің сипаты түрліше болғандықтан, мінездің басқа біреуде қайталанбайтын жеке - дара бітістері көптеп кездесіп отырады. Сонымен бірге адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер - белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерешелікьері байқалып отырады.
Иманжүзді, адамгершілігі мол адамның бойынан табылатын ұйымшылдық, төзімділік, жігерлілік, намыстылық сияқты тамаша мінез бітістері де - қоғамдық-әлеуметтік жағдай тудырған ұнамды психологиялық қасиеттер. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Зауыт, фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, жұмысшылардың өздерінің тұрмыс жағдайымен құқықтарын жақсартуды көздейді. Осы айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.
«Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек» - деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерін айқындап, топтастыруға болады. Олардың бастылары төмендегідей:
Жеке адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері. Бұлар әр түрлі жағдайда түрліше көрініп отырады. Мұның біріншісіне - адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: имандылық, оның әр түрлі тармақтары:қайырымдылық, үйірсектік, адалдық, шыншылдық пен осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық, тағы басқа бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ, адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Оларға еңбексүйгіштік, құнттылық, бастамашылдық, жинақылық және осыларға қарама-қарсы жалқаулық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б бітістер кіреді. Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінездің сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұлар: кішіпейілділік, қайырымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы - өркөкірек, мақтаншақ, жасқаншақ, т. б.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне қарай қалыптасқан өзгешеліктерді құрайды. Бұл топты мінездің «еріктік сапалары» немесе «мінездің жотасы» деп атайды. Бұларды да адамның ұстанған бағыт-бағдарына, дүниеге көзқарасына, жоғарыда айтылған мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтанда сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мелекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларының бірі деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, нашар мінез болып бөлінеді. Мұның біріншісіне - мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батлдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік, т. б жатса, екіншісіне - иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүгенсіздік, тентектік, т. б кіреді.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, қызығу темпераментімен де тығыз байланысты. Мәселен, адамға қабілеттіліктің дамуы кейбір мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Айталық, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбексүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, ол мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттің кейбір нашар, осал жақтарын өзгертіп отыруға болады.
3. Типтік мінез бітістерінің түрлері
Типтік мінез бітістерінің түрлері:
Отансүйгіштік. Отансүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжрибесін халық мүддесіне оның игілігіне, яғни адамның кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы - оның кісілігін танытатын ерекше, асқақ сезім.
Өз қарулы күшіміздің болуы, оның алдыңғы санында ер-азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы бір кісідей ынтымақпен топтасуы - ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды. Отаншылдық - ата-мекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі.
Мақсаткерлік. Бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну - ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік - тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісіні өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластыруды осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Мақсаткерлік - асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе, бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өмір сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт-арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да өміршең болып келеді.
Мінездің осы түрі халқымыздың ұлттық қасиетінен орын алуы тиіс.
Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үй іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады. Оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы-жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу - адамға үлкен қуаныш, шабыт, жігер, қанағат әкеледі. Кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы қүресу сезімі артады. Адам өзінің борышы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды. Адамгершілігі нашар, төмен кісі жаман қылығынан қайтпай, қатесін түзету былай тұрсын, мойнына да алмай жүре береді, мұндайларды арсыз, «ары таза емес» деп жұрт ұнатпайды.
Мейірімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс, т. б) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. Әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді, уақыты жетпейді. Ал айналаңдағы адамдар, әсіресе, егде тартқандар өзіне ерекше көңіл аударғанды бағалайды. Адам кішкентайынан басқаларды өзімен қарым-қатынасқа қызықтыра білгенге не жетсін. Ол үшін өз білетін адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап-тілегіне, талғамы мен қамына көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Кімде-кім өзгелердің табиғи ұмтылысын байсалдылықпен ескере отырып, басқаның ақыл-ойы мен мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп, жебесе, мұндай кісі инабатты да сүйкімді. Кісіге адал ісі мен жетістіктерін орынды жерінде байыптылықпен айтып отыру игі әсер етеді, тіпті сол адамның ерекше абырой-беделі болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға ұмтылыс талпынысын ескеріп отыру - бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға кішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен шығармайық.
Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам - адал. Адалдық - сөздің таным мен сезімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық - адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу - еңбек пен білім алуға, жақсы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарауға, инабатты, тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де кішіпейілдік пен қайырымдылық етіп жүреді. Бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. «Сырты бүтін, іші түтін», яғни босқа көлгірситін көзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер ( екіжүзділік, жарамсақтық, жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық, тәкәппарлық, т. б) нағыз адалдық шыншылдықпен еш сиыса алмайды. Біреу жасынан ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпіл ауыз, көп сөйлейтін, қисынды-қисынсыз өтірікті беті шімірікпестен айта салатын боп өседі. Есейе келе мұндай адамның тек өзінің басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл өз отбасында алдайтын, екіжүзді суайт болып кетуі ғажап емес.
Достық. Бұл ортақ көзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға ғана тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның басты белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне толық сену, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі мүмкін. Мәселен, олардың бірінде қызбалылық не шабандық, тұйықтық не жігерсіздік т. б мінез кемшіліктері кездесетіні болады, бірақ достыққа бұлар кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос бойындағы осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Әрине, сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды, жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамда бір-бірімен дос болып көгермейді.
Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін ақтау, бір-біріне жндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу бұл - жалған достық. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық қарым-қатынас, адамға, әсіресе, балғын балауса шақта аса қажет. «Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда құрдас тату» - дейді халық. Бозбала мен бойжеткеннің достасуы бара-бара алғашқы кіршіксіз махаббатқа да ауысып жататыны да болады. Достық - өмірдің даңғыл жолы емес, сондықтан ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан аулақ болу қажет.
4. Әр заман ғұламаларының ой-түйіндері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz