Арбитраждық процесс


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе . . .

2. Бірінші бөлім

1. Арбитраждық процесс және дау-дамайды шешудің тәсілдері . . .

2. Арбитраждық және сот процесінің бірінің тандалуы . . .

3. Дауды шешудің баламалық жолы . . .

4. Арбитраждық процестің негізгі элементтері . . .

3. Екінші бөлім

1. Арбитраждық келісім . . .

2. Арбитраждық процесс . . .

3. Дау . . .

6. ЮНСИТРАЛ Арбитраждық Регламенті және Үлгілік Заң . . .

4. Үшінші бөлім

1. Тұрақты жұмыс істейтін арбитраж . . .

2. Арбитраждық келісімнің орындалуы . . .

3. Арбитраждық соттың тағайындалуы. Арбитрлер саны . . .

5. Қорытынды . . .

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Саудагердің кәсібі әлемдегі ең байырғы кәсіп болмаса да, олар өркениет пайда болған кезден бастап халықаралық саудамен айналысты. Ассириялықтар көне египеттіктермен, қытайлар Индия, Греция жөне Рим халықтарымен сауда жүргізді. Сол кезде олар әрине көп жағдайда саудаға қатысты дау-дамайды шешумен де айналысты.

Халықаралық саудаға кем дегенде бір шетелдік қатысқандықтан және ксенофобия немесе басқа халықтарға көз алартып қарау замандар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқандықтан, бір тарап екінші бір тараптың соттарына көбінесе сенімсіздікпен қарады. Ол ол ма, (бір мемлекеттің азаматтарының арасында туған дау-дамайды қарады деген мағынада) судьялар мен соттардың кебінесе ішкі дау-дамайларды шешуден қолы босамай қалды. Осының нәтижесінде тараптар дау-дамайға қатысатын елге сыйлы адамдарды тағайындап алатын болды, олар ел арасындағы дау-дамайды шешетін төрелік сот ретінде іс-әрекет жасады. Бір өкініштісі сол тағайындалып алған адам әрдайым міндетіне сай мінез көрсетпеді. Грек мифологиясы Троян принці Паристы мысал ретінде алға тартады: одан Гера, Афина, Афродита деген әйел құдайлардың қайсысы ең сұлуы екенін айтып беруді сұрағанда, мәселенің мәнін әділ бағалай алмаған ол Афродитадан күндей сұлу принцесса Еленаны ұрлап әкетуге көмектесемін деп пара алады, ақыр аяғында осының бәрі Троян соғысының тұтануына алып келеді. Төрелік соттың шешімдерін орындауда да қиындықтар болып жатты. Төрелік сот елге танымалдығын ұстап тұру үшін ғасырлар бойы жұрттың көңілінен шыға білді және өз өнерін жетілдіре түсті, соның арқасында ол бүгін халықаралық коммерциялық дау-дамайды шешудің кеңінен қолданылатын және тиімді құралы болып отыр.

Қазіргі арбитраж дегеніміз не? Арбитраж жалпы түсінік бойынша тараптардың қазіргі болуы мүмкін дау-дамай жөнінде оны шешуді бір немесе бірнеше арбитрден тұратын сот алқасына беру туралы келісімнен басталатын жабық сот тергеуі деуге болады. Сот алқасын тараптар тікелей таңдап алады немесе олар солардың атынан таңдап алынады, олар арбитраж өткізудің сот алқасы бекітуге тиісті тәсілін белгілей алады, сот алқасы шығарған шешім езгертілмейді және ол тараптар үшін заң жүзінде міндетті болып табылады, бірақ бүл шешім тараптар үсынған дәлелдерге және дәйектерге сәйкес қабылдануға тиіс. Арбитраж кабылдаған заңды шешімді соттар мойындайды және орындайды. Әрбір арбитраждық процестен осы элементтер табылғанымен, арбитраж бір текті нәрсе емес. Әрбір арбитраждық сот процесінің табиғаты проблеманың мәніне байланысты, дау-дамайдың ауқымы мен сипатына, дау-дамайға қатысатын тараптардың жағдайына және шыққан жеріне байланысты. Коммунальдық қызмет көрсететін кейбір компаниялар және туристік ассоциациялар клиенттердің шағым-арыздарын жылдам шешу үшін арбитраждық процестің оңайлатылған түрін қолданады. Әдетте коммерсанттар шыққан дау-дамайды қандай да бір сауда ассоцациасында қалыптасқан нақты арбитраждық ережеге сәйкес шешеді (сол ережелер „карап тауып алу" деп аталатын тіпті ерепейсіз рәсімдерді қамтиды, олардың айналып келгендегі мақсаты - сапаны анықтау) . Қүрылысқа байланысты дау-дамайды шешумен айналысатын арбитраждың өзінің ұзақтығымен және күрделілігімен аты шыққан. Арбитраждық келісім туралы жазғанда өрдайым қиындық туады. Осы рефераттың негізгі мақсаты халықаралық коммерциялық арбитраждың ең маңызды аспектілері туралы жалпы мағлұмат беру. Арбитраждық келісімдерді арбитраждық процестің сөз жоқ ең маңызды элементі ретінде беруге болады. Арбитраждық келісімдердің негізгі мәні зияны жоқ ережелерінің немесе ескертпелерінің қолданылуында, қиындық осыдан туады, соның нәтижесінде арбитраждық келісім кейін болатын арбитраждық процеске әсер ете алады. Сондықтан жалпы мағлұмат бергеннен гөрі арбитраждық келісімнің егжей-тегжейін зерттеу керек.

Айтып отырғанымыз - өзекті салалар мен маңызды мәселелерге басты назар аудару, солар дұрыс берілсе, өте кәсіби жоғары арбитраждық келісім немесе оның талдауын дайындауға болады.

Бірінші бөлім

Арбитраждық процесс және дау-дамайды шешудің тәсілдері

Дауды өзара келісіп шеше алмайтын, дауға қатысатын тараптардың қолында үш негізгі әдіс бар, олар дауды солардың көмегімен шеше алады. Жоғарыда көрсетілгендей істің сотта және арбитражда қаралуы осыған жатады. Дауды шешудің баламалық жолы да қолданылады, ол негізінен „АРS" немесе „АDR" қысқарған сөздері бойынша белгілі.

Арбитраждық келісім жасайын ба, әлде жасамайын ба деп ойға шомған кезде ғана емес, сонымен қатар соттың немесе арбитраждың талқылауы басталу керек болғанда да, осы тәсілдер ойда тұруға тиіс.

Арбитраждық келісім жасалғанға дейін осы екеуінің бірін таңдау қажеттігі де айқындала түседі. Ал дау шығып кеткеннен кейін, екінің бірін тандау туралы ойлап та керегі жоқ. Тараптар жасаскан негізгі коммерциялық шартқа арбитраждық келісім кірмеген күннің өзінде, тараптар екі арада туған дауды (мәселен дау екі жақты бірдей дал қылады) арбитражда қарау жолымен шешілгені жөн деген келісімге келе алады. Мұндай жағдайда тараптардың дауды әлі де арбитраждық тәртіппен қарау туралы келісім жасауға мүмкіндігі болды және арбитраждық келісім жасағаннан кейін, тараптар арасында шыққан дау арбитражда қаралады.

Арбитраждық және сот процесінің бірінің тандалуы

Судьяның немесе арбитрдің нақты дауды карау жөніндегі құзырлығы эксклюзивтік сипатта болатыны айдан анық, дегенмен оның солай екенін атап өту қажет. Дауды не ұлттық соттың судьясы қарайды, не тараптар дау туғанға дейін немесе дау туғаннан кейін дау бәрібір арбитрдің қарауына берілуге тиіс екендігі жайында өзара келісімге келе алады. Тараптардың қолында дауды арбитраждық жолмен қарау туралы заңға қайшы келмейтін келісім тұрған жағдайда, көптеген мемлекеттердің соттары арбитраждық келісімді орындайды да, арбитраждық келісімге қайшы келетін сот тергеуін тоқтата тұрады (яғни сот тергеуінің жалғасуына кедергі жасайды) . Жоғарыда аталған рәсім 1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясына қатысатын, осындай сот болып тұратын мемлекетте (Конвенцияның II бабын қараңыз) әрдайым сақталуға тиіс. Осындай маңызды мәселе былайша сипатталуға тиіс:

(а) Төрелік соттарға қолдау керсету үшін ұлттық соттарға өтінішпен аз барып жүрген жоқ, сондықтан үлттық соттарға:

(1) арбитрді тағайындауға және орнынан түсіруге көмектесу үшін;

(2) соттың даулы меншікті дау кезінде қорғайтын тыйым салған шешімін шығару үшін;

(3) үшінші тараптың қүжаттар тапсыруын немесе іс тыңдалғанда куәлардың қатысып отыруын талап ету үшін;

(4) арбитр шығарған шешімді орындауға көмектесу үшін өтінііппен баруға болады.

Соған қарамастан осы әрекеттің бір де бірі істің мән-жайы жөнінде соттың түпкілікті шешімін қабылдауға қатысуына мүмкіндік бермейді.

(б) Арбитраждық процесте жеңілген тарап істі шешім қабылдаған елдің соттарына беріп немесе жеңілген тарап шешім орындалатын елдің сотында шешімімен орындалуына кедергі жасағысы келсе, арбитрдің шығарған шешіміне келіспей дау айта алады (яғни оның зандылығына немесе күшіне күмән келтіре алады) . Бұл тарап мынадай талап қойып, сотқа мынадай арызбен бара алады:

(1) шығарылатын шешімдердің формасына байланысты ережелерге (арбитрдің есімі, қойған қолы, датасы және тағы басқасы жөніндегі ережелер) сөйкес келмегендіктен, шығарылған шешімді жарамсыз деп жариялау.

(2) шығарылған шешімде іс жүзінде немесе заң жүзінде елеулі қате болғандықтан, оны түзету жөнінде талап қойып, сотқа арызбен бара алады. Жергілікті заңдардың ережелеріне байланысты және оның ішінде жергілікті заң жалпы алғанда арбитраждық шешімді қаншалықты дәрежеде қайта қарайтындығына қарай, сот арбитраждық шешімді шешімнің даулы жағы өзгертілуге, жарамсыз деп танылуға немесе кейбір жағдайларда арбитрдің шешімінің езі іс жүзінде өзгертілуге тиіс екендігін керсете отырып, арбитрге қайтара (яғни қайтарып жібере) алады.

(3) шешім шығарған арбитрдің мұндай шешім шығаруға жеткілікті өкілеттігі болмағандықтан және жеңілген тарапқа істі қарау кезінде іс жөнінде өзінің негіздемесін ұсынуға жеткілікті мүмкіндік берілмегендіктен немесе шешімді орындау қоғамдық тәртіпке кайшы келетіндіктен, арбитрдің шешімін орындамау жөнінде сотқа арызбен бара алады.

Даудың мән-жайы жөнінде дау-дамайға қатысатын тараптар орындауға міндетті шешімді сот шығарған жағдайда соттың арбитраждың шешімін түзетуі сирек кездесетін жағдай. Арбитр шешім шығарып қойғаннан кейін ғана сот осылай ете алады (егер осылай ету қолынан келіп жатса) .

(с) Олар жасасқан шарт негізінде туған белгілі бір дауларды арбитражға беру жөнінде тараптар келісуі де мүмкін. Басқа бір даулар сотта шешілуге тиісті болса, мұндай жағдайда соттар мен арбитраждың солардың қарауына берілген нақты оқиғаларға қатысты құқықтық билігі соларға берілген күйінде қала береді. Әдетте ондай келісімдер жасауға ризашылық берілмейді, егер шарт мұқият жасалмаса, онда бұл арбитраждың немесе соттардың қүқықтық билігінің ауқымы жөнінде дау-дамай шығып кетуге негіз болады.

Нақты мемлекеттің немесе арбитраждың соттарды таңдауы толық мәнді таңдау болмайды. (Қазіргі немесе болуы мүмкін дау-дамайдың) шығу төркіні, тараптардың шыққан жері, қүкықтық билікке ие бола алатын сот, активтердің орналасуы ескерілуге тиісті көп факторларға жатады. Мұндай жағдайда істеуге болатын ең дұрыс нәрсе - арбитраждық тергеудің араласуы керек немесе керек емес деп есептелетін, соған ұқсас жағдайларға карау.

Халықаралық коммерциялық дауды төрелік сот карайды:

(а) егер дауды қай соттың карауға тиістігі жөнінде тараптар келісе алмаса және тараптардың біреуі дауды қарау жөніндегі өкілеттікке ие бола алатын соттар талқылауды (ұйымдастырушылық немесе тағы басқа бір себептерге байланысты) жеткілікті лайықты немесе ыңғайлы деңгейді жүзеге асыра алмайды деп есептесе. Сондай-ақ сот құрылымына, оның ішінде екінші тараптың тәуелсіздігіне қатысты қауіп болуы мүмкін. Тараптардың бірі істің талқылауы өтіп жатқан елдің құқықтық және мәдениет жүйесінде өзін еркін сезіне алмауы мүмкін.

(б) егер соттар берілген материалдар мен дәлелдердің сот ісін жүргізу тіліне аударылуын қоймай талап етсе, ол тіл контракт жасалған немесе хат-хабар алмасқан тіл емес, тараптардың біреуі үшін шет тілі болып табылса, көпшілігі солай жасайды да. Арбитражға қатысушы тараптар әр тілді мемлекеттерден, мысалы Қытай және Чад секілді мемлекеттерден болса да, олар төрелік соттың талқылауы тараптар үшін (ағылшын тілі секілді) түсінікті және іскерлік қатынастар жасалған тілде жүргізілуге тиістілігі жөнінде келісе алады.

(с) егер дау жауап беруші тараптың активтерінің көпшілігі болмайтын елде шешілуге тиіс болса. Сот шешімдері және арбитраждық шешімдер осы шешімдер шығарылмаған елдерде танылады немесе орындалады. Соған қарамастан 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясы белгілеген шетелдік арбитраждық шешімдерді тану немесе орындау жүйесінің (Европа мемлекеттерінің 1968 жылғы Қүқықтық билік пен Азаматтық және Коммерциялық Істердің Орындалуы туралы Брюссель Конвенциясына мүше мемлекеттер екендігін қоспағанда) сот шешімдерін тану немесе орындау жөніндегі келісімдердің жетілдірілмеген жүйесіне карағанда географиялық қолдану аясы әлдеқайда көлемді.

(д) егер тараптар арадағы дау-дамайды жария еткісі келмесе.

Кейбір елдердің соттарының рәсімдерді оңайлатуға және оларда жиналып қалған істердің ауқымды көлемін қысқартуға барынша әрекет жасайтынына қарамастан, сот ісін жүргізу көптеген елдерде бүгінге дейін машақаты көп және ұзаққа созылған іс болып отыр және сот шешіміне шағымдану рәсімін қамтуда дәстүрге айналуда, бұл да оның құнын арттырып отыр. Арбитраж сот процесін жүргізуден гөрі арбитраждық процестің сипатын және жүргізілуін көбірек бақылауға мүмкіндік бере отырып, тараптарға маңызды артықшылық беруде. Өкінішке орай арбитражға сот процесінің жай ғана рәсімін айнытпай жасауға мүмкіндік беріліп отырған жағдайда, бүл бақылаудың пайдасы жоққа тән болып отыр. Арбитраждық процестің өзі табиғатында оралымды процесс. Тәжірибелі қатысушылардың қолына тисе, оны даулы істің түпкілікті шешімін табудың тез де тиімді кұралын жасауға лайықтап алуға болады.

Мынадай жағдайларда арбитраж орынсыз болып табылады және жүрмейді:

(а) Егер арбитраждық келісімнің өзіне, арбитраждық процесс өтуге тиіс деп жорамалдап отырған елдің құқығына немесе арбитраждық шешім орындалуға тиісті елдің құқығына қатысты қолданылып жүрген құқыққа сәйкес дау "сотқа берілмейтін болса".

(б) Егер арбитраждық процеске қатысуға ниет қылған бір тараптың өзінде домицилианты болып табылатын елдің заңдарына сәйкес құқықтық қабілет жоқ болса. Мысалы Сауд Арабия мемлекеті арбитраждық келісімде тарап бола алмайды. Мемлекеттік агенттіктер келісімде тарап ретінде шыға алғанымен, АҚШ-тың федеральдық Үкіметі арбитраждық келісімде тарап бола алмайды. Егер тиісті мемлекеттік органның ерекше рұқсаты берілсе ғана арбитраждық келісімде тарап бола алатын, мысалы Иран секілді бірқатар мемлекеттер бар.

(с) Мысалы, соттың түпкілікті ұйғарымы керек болғанда, дауды түпкілікті шешудің құралы ретінде күштеу әрекеті керек те шығар.

(й) Сонымен қатар сотта істі, мысалы өтелген борыштар жөніндегі оңайлатылған сот ісін жүргізуді тез және арзан қарауға болады. Соған қарамастан тез шешуді керек ететін істерді сот қана қарай алады екен деп ойлауға болмайды. Мысалы Халықаралық Сауда Палатасының арбитраждық жетекші институттардың бірі болып табылатын Халықаралық Төрелік Соты (ХСП немесе ІСС) істерді қараудың арбитражға дейінгі рәсімін белгіледі, ол рәсім істі арбитраждың қарауына келіскен тараптарға дауды қарап шешу жөнінде арбитражға өтінішпен баруға мүмкіндік береді. Арбитрдің бұл шешімі алдын ала шешім болып табылады және қандай да бір кейінгі арбитраждық талқылау үшін міндетті болып табылмайды.

(е) Процеске екіден артық тарап қатысады, сонымен қатар өзара байланысқан контракттардан да дау туып жатады. Сонымен қатар көптеген соттарда қалыптасқан практикаға қарамастан, арбитраждық процеске қатысатын тараптар арбитрлердің гонорарлары мен арбитраждық шығындарды төлеуге тиіс екені ескерілуге тиіс. Тараптар сондай-ақ дауды шешуге қатыса алатын бір арбитраждық институттың, мысалы Халықаралық Сауда Палатасының әкімшілік шығындарын төлеуге тиіс.

Дауды шешудің баламалық жолы

АРС секілді мәселеге көңіл белген орынды болар еді. Оны жасау қажет, өйткені дау-дамайды шешудің бұл тәсілі арбитраждық процесс басталғанға дейін де, оны өткізіп жатқан кезде де өте жиі кездеседі, сондықтан оған қатысы бар әркім тым болмағанда оның неге апарып соғатынын түсінуге міндетті. Бұған қоса Америкалық Арбитраждық Ассоциация (ААА немесе ААА), Халықаралық Сауда Палатасы (ХСП немесе ІСС) және инвестициялық дауларды шешу жөніндегі Халықаралық Орталық (ИДШХО немесе ІСID), сондай-ақ Халықаралық Сауда Құқығы жөніндегі БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) секілді халықаралық арбитраждық институттар, келісу рәсімдерін қосқанда АРС рәсімдерін реттейтін ережелерді жариялады.

„Баламалы" сөзінің мағынасы АРС-те біраз әңгіме туғызды. Баламалы дегеніміз не деген мағынада. Белгілі бір кезеңде АРС рәсімдері дау шешуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістерді қамтитын рәсім ретінде қарастырылады, бірақ олар соттар пайдаланатын рәсімдерден өзгеше. Арбитраждық процесс те осы жерге енгізіледі. Қалыптасқан практика қазіргі кезде АРС рәсімдеріне арбитраждық процессті қоспайды. Оның себебі төмендегіше:

(а) АРС-тің бұған дейінгі танымалдығы сот тергеуінің әрі арбитраждық тергеудің, соның ішінде шешілуге тиісті іс жүзіндегі көптеген мәселелерді қамтитын (құрылысқа байланысты даулар сияқты) даулардың ұзақтығы және құны туралы қам жеудің нәтижесі.

(б) АРС рәсімдері сот процесі немесе арбитраждық процесс секілді тараптардың құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде белгілеп беруге арналмаған. АРС рәсімдері әрбір шыққан дауды келісіп отырып шешу мақсатында белсенді түрде ынтымақтасып жұмыс істеуді талап етеді (әрдайым болмаса да жиі-жиі дауды шешуге келістіруші секілді үшінші тарап көмектеседі) . Келісім АРС рәсімінің тікелей нәтижесі емес, тараптар бірлесіп жұмыс істеуді тоқтатқан кезде процесс те тоқтайды. Осы секілді рәсімге қатысатын бір де бір тарапты дауды шешу туралы келісім жасауға күштеп көндірмейді.

(с) АРС көп жағдайда (кейде процесте "Дауды шешудің қосымша жолы'" деп аталып) арбитраждық немесе сот процесімен бір мезгілде болады. Істің жағдайы осындай болған кезде арбитражды немесе арбитраждық рәсімдерді АРС рәсімі аяқталғанша кейінге қалдыруға болады, бірақ міндетті түрде солай болуға тиісті емес.

(д) Сот немесе арбитраж процесімен салыстырғанда АРС оқшау тұрған процесс емес. Егер АРС нәтижесінде дауды шешу туралы келісімге келу мүмкін болмаса, онда тараптар дауды шешу үшін арбитраждық немесе сот процесін қолдануға тиіс. Бұның халықаралық байланыста маңызы зор. Егер тараптар істі қарайтын сот жөнінде келіспесе (нақты бір елдің соты немесе арбитраж болсын), тараптардың бірі бұл жағдай дауды сотта шешуге мәжбүр етіп тұр, сондықтан оның болмағаны жақсы деп есептей алады.

АРС рәсімдерінің түрі әрқалай болады. Әдетте бұл олардың қаралатын даудың нақты жай-жапсарын ескерту үшін пайдаланылатындығына байланысты. АРС-тің өте жиі кездесетін түрлері мыналар:

(а) Келістіру: көптеген заңгерлер үшін "келістіру" және "татуластыру" сөздері синоним сөздер болып табылады. Олардың жеке сипаттамасы осы рефератта баяндалған, соңдықтан бұл сөздердің қолданылуында көп жағдайда бір ортақтық бар. Келістіруде (тараптар келісім бойынша тағайындаған) келістіруші дауласқан тараптарға келісімге қол жеткізу үшін келіссөз жүргізуге көмектеседі. Сол үшін ол істің мықты жағы мен осал жағын баса көрсете отырып, әрбір тараппен даулы мәселерді жеке талқылайды, сол арқылы ол келіссөздер барысын алға жылжытуға тырысады. Тараптардың қалауы бойынша бұл бірлескен сессияда болады немесе жеке және бірлескен сессиялардың жиынтығында да бола алады.

Татуластыру: бүл процесс келістіруге өте үқсайды, бірақ бір айырмашылығы бар, даудың әділ шешімі не болатынын татуластырушы шешеді. Бұл шешім тараптарға кеңес ретінде ұсынылады, тараптар мүмкін оны қабылдайды немесе олардың арасындағы келесі келіссөздерге негіз болады. Кеңесті орындау тараптар үшін міндетті емес.

Мини-Сот: Бұған тараптардың өкілдері қатысады, олар істің мәнін әрбір тараптан шыққан, өзі мүддесін қорғаған тараптың (дауды шешу туралы келісімге қол қоюға міндеттейтін өкілеттігі бар) аға орындаушыдан тұратын жюриге, кейде бейтарап төрағамен бірлескен жюриге істің мән-жайын түсіндіреді. Істің мән-жайын түсіндіру қатаң шектелген уақытта (көбінесе таңертең немесе түстен кейін) өтеді. Бүл рәсімнің мақсаты - орындаушыларға тараптар өздерінің ісінде нені өте маңызды деп қарайтындығы және қарсыластарының ісінің қай жағы нашар деп санайтындығы туралы қысқаша шолу беру. (Бір тараптың ісінің нашарлығын алдын ала аға орындаушылардан өз көзқарасын қорғағысы келген қызметкерлер немесе олардың қол астындағылар жасырып қалуы мүмкін) . Соның салдарынан аға орындаушылар даудың жай-жапсары жөнінде өз пікірлерін қалыптастырып, оларды әзірше дауды шешуге қатысып отырғанда, әртүрлі эмоциядан беліп тастай алады және солардың негізінде дауды шешу жөнінде келіссөздерді жалғастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауда арбитражының құқықтық аспектілері
Аралық сот
Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы
Халықаралық арбитраждық органдардың түрлері
Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі аралық соттың рөлі
Төрелік келісім – дауды шешудің негізі ретінде
Халықаралық коммерциялық арбитраж
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Халықаралық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz