«Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші»


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Бұл курстық жоба «Мал өсіру және селекция» пәні бойынша «Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші» тақырыбы бойынша жазылған курстық жоба 1 сурет, 6 кесте, 33 беттен тұрады.

Курстық жобада өз құрамында: кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, техникалық бөлім, тіршілік қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Нормативті сілтемелер

МЖМБС 2. 104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304 - 81 КҚБЖ (ЕСКД) . Ж. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтама

Қаракөл қойы - қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Біздің жыл санауымыздан бұрын Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауының және өсіруінің нәтижесінде шығарылған. Қой-қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайтаратын жұптұяқты мал.

Шоқтық-жауырынның үстіндегі ең биік омыртқалар орналасқан дененің бөлігі.

Шоқтығының биіктігі - шоқтықтың ең жоғары нүктесінен жерге дейін.

Құйымшақ биіктігі- құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін.

Кеудесінің тереңдігі- шоқтықтың биіктігінен төсіне дейін.

Кеудесінің енділігі-жауырын сыртынан екі жазық.

Кеуде орамы- жауырынның артынан кеудесін орап өлшейді(матамен) .

Сирақ орамы- сирақтың ең жіңішке жерін сантиметрмен лентамен өлшейді.

Сербегі аралық енділігі- мыңнан сүйектерінің алшақтығы.

Тұрқының қиғаш ұзындығы- жауырынмен қол жіліктің буыннан жамбастың артқы төмпешегіне дейін.

Белгілер мен қысқартулар

т. -тонна

г. - грамм

кг. - килограмм

л. - литр

мл. - миллилитр

мм. - миллиметр

т. б. - тағы басқа

т. с. с. - тағы сол сияқты

№. - нөмір

%. - пайыз

см. - сантиметр

млн. - миллион

кДж. - килоджоуль

мДж. - мегаджоуль

салм. -салмағы

Мазмұны

Аннотация . . .
4
:
Аннотация . . .: Мазмұны . . .
4: 5
:
Аннотация . . .: Нормативті сілтемелер . . .
4: 6
:
Аннотация . . .: Анықтама . . .
4: 7
:
Аннотация . . .: Белгілер мен қысқартулар . . .
4: 8
:
Аннотация . . .: Кіріспе . . .
4: 9
: 1
Аннотация . . .: Негізгі бөлім . . .
4: 11
: 1. 1
Аннотация . . .: Әдебиетке шолу . . .
4: 11
: 1. 1. 1
Аннотация . . .: Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қойының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері . . .
4: 11
: 1. 1. 2
Аннотация . . .: Асыл тұқымды қаракөл қойын зерттеу тәсілдері . . .
4: 13
: 1. 1. 3
Аннотация . . .: Көк түсті қаракөл қойын зерттеу әдістері . . .
4: 15
: 1. 1. 4
Аннотация . . .: Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығын өнеркәсіптік жіктеу сипаты . . .
4: 19
: 1. 2
Аннотация . . .: Технологиялық бөлім . . .
4: 23
: 1. 2. 1
Аннотация . . .: Асылтұқымды көк түсті қаракөл қойларының жүні, салмағы, төлдерінің өсіп жетілуі . . .
4: 23
: 1. 2. 2
Аннотация . . .: Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші . . .
4: 26
: 2
Аннотация . . .: Тіршілік қауіпсіздігі . . .
4: 30
:
Аннотация . . .: Қорытынды . . .
4: 31
:
Аннотация . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
4: 32

Кіріспе

Қаракөл шаруашылығы - қой шаруашылығының қаракөл қойын өсіретін саласы.

Қаракөл шаруашылығы 1928 ж. Оңтүстік Қазақстан өңірінде «Шымқорған» кеңшарын құрудан басталды. 1941 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін 13 кеңшар құрылды. 1941 - 51 ж. 20 кеңшар ұйымдастырылды. 1951 - 60 ж. 25 кеңшар құрылып, 1959 ж. Қазақстан бойынша 1 млн. дана қаракөл елтірісі дайындалды. 1960 - 80 ж. Қазақстанның Оңтүстік және Батыс өңірінің көптеген ұжымшарлары қаракөл қойын өсіруге бағытталып, Гурьев (қазіргі Атырау), Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңадан 84 арнайы кеңшарлар құрылды. 1990 ж. қаракөл қойын өсіруге арналған шаруашылықтар саны 150-ден асып, жылына 2 млн. дана қаракөл елтірісі дайындалып, қаракөл қойының басы 6 млн. 200 мыңға жетті.

Қазақстанның Қаракөл шаруашылығының өркендеуін 5 кезеңге бөлуге болады:

  1. Бірінші кезең 1920 - 30 ж. Қазақстанда алғашқы мамандандырылған арнайы Қаракөл шаруашылығын құру жүргізілді.
  2. Екінші кезең 1930 - 40 ж. Қазақстанның шөл және шөлейт жайылымдарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы қаракөл шаруашылықтары ұйымдастырылды.
  3. Үшінші кезең 1960 - 90 ж. - Қаракөл шаруашылығының өркендеу кезеңі. Қаракөл шаруашылығының бас басқармасы құрылып, 6 облыстың ауыл шаруашылық басқармаларында Қаракөл шаруашылық бөлімдері ашылды. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтыты мен Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының ғылми қызметкерлері қаракөл елтірісін өндіру процестерін жан-жақты зерттеп, соның нәтижесінде қаракөлше қозының терісін сыпыру конвеерлік жүйеге қойылды. Дербес асыл тұқымды мал қоры жинақталып мемлекеттік асыл тұқымды шаруашылықтар құрылды. Өсірілетін жеріне бейімделген, жоғары сапалы өнім беруге бағытталған 14 жаңа зауыттық типті мал түрі бекітіліп, дүние жүзінде теңдесі жоқ атыраулық құйрықты елтірі - ет, май өнімдерін өндіретін қой тұқымы шығарылды (1974 - 98) .
  4. Төртінші кезең 1990 - 98 ж. Қаракөл шаруашылығында ондаған жылдар бойы жүргізілген сұрыптау, асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде пайда болған асыл тұқымды мал басы күрт төмендеді.
  5. Бесінші кезең 1999 жылдан басталады. Кейінгі жылдары қаракөл қойының саны жылдан-жылға көбеюде. Қазақстан ғалымдары мен мамандарының көп жылдар бойы, арнайы бағытта жүргізген мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысында қара түсті қаракөл қойының түгіскендік зауыттық, көк түсті қаракөл қойының таластық типтері мемлекеттік сынақтан өтті. Бұхарлық сұр түсті қаракөл қой тобы Оңтүстік Қазақстан облысы «Сүткент» асыл тұқымды зауытында, «Шардара» асыл тұқымды шаруашылығында және Батыс Қазақстан облысы «Тайпақ» асыл тұқымды шаруашылығында шығарылды. 1995 - 2000 ж. қаракөл қойының қарақалпақ сұры шамшырақ реңді әлімтаулық зауыттық типі, «Байырқұм» асыл тұқымды зауытында - бұхарлық сұр зауыттық типі, «Темір» асыл тұқымды зауытында сырдариялық зауыттық типі, қола реңді сұрхандария сұрының тартоғайлық зауыттық типі, қара түсті қаракөл қойының өсімтал қожатоғайлық типі, созақтық жакеттік типі бекітілді.

Көк түсті көгілдір реңді қаракөл қойларын іріктеу тәсілі (А. С. 13480, 2003) . Қозылардың туылған кезіндегі денесіндегі 4 топографиялық бөлігін-дегі (шоқтығы, сегізкөз тұсы, оң және сол жамбасы) 1 см2 тері көлеміндегі ақ және қара жүндердің арақатынасы мен ақ жүннің өсу қарқындылығын анықтау арқылы селекциялық топқа іріктейді. Көк түсті қошқарларға бұл фенотиптік индекс (ФИБ) 4/1, ал қара түсті қошқарларда 0/1 болуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты : Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткішін зерттедім.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қойының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері

Көк түсті қаракөл қойын зерттеу әдістері

Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығын өнеркәсіптік жіктеу сипаты

Асылтұқымды көк түсті қаракөл қойларының жүні, салмағы, төлдерінің өсіп жетілуі

Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші

1 Негізгі бөлім

1. 1 Әдебиетке шолу

1. 1. 1 Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қойының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері

Көк түсті қаракөл қойларының түсі мен бояуына қарап гетерогенді жұптау нәтижелері келтірілген. Тәжірибедегі көк түсті қаракөл қошқарларын қара түсті саулықтармен гетерогенді жұптағанда көк түсті төлдің шығымы 49, 34 %, ал қара түсті төлдің шығымы 50, 66 % құрады. Мұнда көк және қара түстердің тұқым қуалауы 1:1 қатынаста болды, сонымен қатар мақалада түстің тұқым қуалаушылықтағы көк түсті қара көл қойларының гетерогендік типтерін жұптау нәтижесі келтірілген. Бірінші топта күшейтілген дақты қозылар 38, 09 % құрады. Қаракөл қойының негізгі өнімі елтірі болғандықтан, қаракөл өсіретін барлық өндірістік шаруашылықтарда оларды таза өсіру әдісі қолданылады. Сондықтан бұл қой тұқымын асылдандыру жұмысы өте күрделі. Себебі қаракөл қой тұқымы түсі бойынша тұқым ішінен бірнеше типтерге бөлінеді: қара, көк, сұр, қоңыр және тағы басқа. Ал, тұқым ішіндегі әр типтер, өз кезегінде елтірілік және қылшық жүндерінің бұйралығы бойынша тағы да көптеген топтарға жіктеледі. Осыған орай олардың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ұрпағына беру қабілетін қошқарларды іріктеп алып, олардың бүкіл ұрпағын мұқият тексеру тек селекциялық жолмен тұқымын асылдандыру жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар өз тұқымына тән бойындағы нәсілдік қасиеттерін ұрпағына тұрақты түрде бере алатын қошқарларды асыл тұқымды мал ретінде және саулықтарды донор ретінде эмбриондарды трансплантациялау жұмыстарына пайдаланудың ерекше мәні бар.

Алға қойған мақсатымызға сай алдын-ала шаруашылыққа пайдалы қасиеттері бар, гендік қордағы статусы - сирек реңді, тегі және ұрпағының сапасы бойынша зерттеліп, тексерілген 3 бас сұр түсті қаракөл қошқарлары және түсі мен реңі әр түрлі елтірілік типі жакетті 24 бас қаракөл қойы саулықтары іріктелініп алынды. Көк түсті қаракөл қойы біздің жыл санауымыздан да бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен өсірілген деседі ғалымдар. Денесі мығым әрі шағын, шапшаң жүретін иірілген құйрығы бар қаракөл қойының құйрық майы 2-3 килограмм тартады. Қошқары мүйізді, тірідей салмағы 55-56 килограмм келсе, ірілері осындай екі есе салмақты болады. Саулығы 45-50 килограмм. Шөл және шөлейт аймақтарының қатаң ауа райына және жұтаң жайылымына өте төзімді мал. Әр 100 cаулық 95-100 қозыдан береді. Еркек қозысының салмағы 4, 5-5, 5, ұрғашысы 3, 8-4, 5 килограмм тартады. Қозысының жабыны туылған кезде бұйраланып тұрады. Кейін жүн талшықтары ұзарып, бұйрасы жазылып кетеді. Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті.

Қазақстанда қойдың осы тұқымын сақтап қалып, оны ары қарай асылдандыра түсу мақсатында селекциялық-генетикалық орталық жұмыс істеуде. 1998 жылы «Атырау» қой тұқымын тауып, дүниежүзілік жаңалық ашқан еліміздің ғалымдары қазіргі таңда қымбат бағалы елтірі түсінің жаңа түрлеріне қол жеткізе бастады. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Хисемидолла Үкібаев елтірінің аспан түстес түрін тапқанын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. Профессордың айтуына қарағанда Қазақстан қаракөл қойдың отаны саналатын Өзбекстаннан сан жағынан да, сапа жағынан да озып тұр.

Жылына екі рет - көктемде және күзде қырқылатын қойдың қошқарларынан 3-3, 5, саулықтарынан 2-2, 5 килограмм жүн қырқылады. Қаракөл қойының жүнінен маталар мен неше алуан кілем тоқылады. Сүтінің майлылығы 7-8 пайыз болатын қойдың еті мен майы адам асқазанына өте сіңімді әрі дәмді.
Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында өсірілетін қаракөл қойы саны жағынан Кеңес одағы кезінде елімізде Ресейден кейін екінші орында болып келсе, елтірісін дайындаудан бірінші орын алатын. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылықтары болды.

Облыстың Мойынқұм, Талас және Сарысу аудандары шаруашылықтарының барлығында қаракөл қойы өсірілетін. Осы үш ауданның малшылары ала жаздай Сарыарқаны жайлайтын. Пәлен шақырым жерге мал тұяғымен жайылып барып, күз түсе кейін қайтатын. Малдың тағы бір ерекшелігі - шөлге төзімділігі. Бетпақтың ми қайнатар ыстығында тәулігіне бір-ақ рет су ішеді де жайыла береді.

Мойынқұм ауданында малшылардың маршалы атанған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаев осы қаракөл қойынан отардан отар өргізіп, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанды. Таласта «Үшарал», Сарысуда «Тоғызкент» асыл тұқымды мал зауыттары болды. Іргелес жатқан екі шаруашылықтың да тайқазанын қайнатқан бірінші, ондағы бейнетқор халық болса, екінші, қаракөл қойы мен оның елтірісі. Осы іргелі шаруашылықтарды ұзақ жыл жемісті басқарған Әбдір Сағынтаев Социалистік Еңбек Ері атағын алып, омырауына Алтын Жұлдыз тақса, Сейтжан Тасыбаев та мемлекеттің мәртебелі марапаттарын иеленді.

Бірақ, өкінішке қарай, елімізде қойды қолдан ұрықтандыру әдісі кең көлемде жүргізіліп, асыл тұқымды қойдың тұқымы азая бастады. Миллиондаған елтірі жарамсыз болып қалды. Мал өнімдерін өңдеу ұмыт қалып, агроөнеркәсіп кешенінде, оның ішінде мал шаруашылығына жаңа технологияны енгізу жүргізілмеді. Ал, нарықтық қатынастың өтпелі кезеңіндегі дағдарыс пен мал шаруашылығындағы жөн-жосықсыз жүргізілген реформалар қой шаруашылығын құлдыратып жіберді. Мұның кері әсері қаракөл қойы тұқымының азып-тозуымен бірге азаюына әкеп соқтырды.

Қорыта айтқанда, қаракөл саулықтарын донор ретінде эмбриондарды трансплантациялау жұмыстарына іріктегенде оларға селекциялық және генетикалық бағалауды объективті түрде жүргізу керек. Сонда ғана эмбриондарды трансплантациялауда сирек түсті қаракөл қойлар өнімділігінің генетикалық мүмкіндігін арттырады.

  1. Асыл тұқымды қаракөл қойын зерттеу тәсілдері

Асыл тұқымды қаракөл қойын зерттеу тәсілі өте бір қызықтыда күрделі жұмыстың бірі деп айтуға болады. Оның себебі, басқа түлікке қарағанда қойдың организмі бір жылда толық жетіледі. Қаракөл қойы ерекше күтімді, құнарлы мал азығын қажет етпейді. Құмайт жерлердің жайылымын өте жақсы пайдаланып, тез оңалады, шыр байлап, құйрық өсіреді. Организмі қыс айларында жайылымдықтан дұрыс қоректенбесе, құйрықты нәр етеді. Бұл - биологиялық қасиеті. Екінші, ерекше күтімді қажет етпейтіндіктен қысқы науқанға жемшөп жинаудың қажеті жоқ. Тек төтенше жағдайға ғана қор дайындалады. Үшінші, қаракөл қойы жылдың төрт мезгілінде де жайылымда болғандықтан, шығын мейлінше аз жұмсалады. Төртінші, малдан алынатын қаракөл елтірісі өте құнды да, сапалы әрі әсем тері материалы болып саналады. Ел арасында оны «жұмсақ алтын», «қара алтын» деп те атайды.

Бесінші, қаракөл қойының саулықтарын, өзге қойдан бөлек алтыншы рет ұрықтандырып, (басқа тұқымды қой бес рет төлдейді) мал бордақылау пунктінде байлап, есеп жүргізе отырып, тууына 15 күн қалғанда сойып, етке өткізеді. Ал, ішіндегі шаранасы (қозысы) алынып, терісі сойылып алынады. Оны «қаракөлше» деп атайды. Қаракөлшенің қасиеті қаракөлге қарағанда жұмсақ, өрнегі көркем, әрі нәзік болғандықтан жоғары бағаланады.
Қаракөлдің тағы бір жетістігі - Кеңес одағының қарулы күштерінде генералдар мен полковниктердің, басқа да жоғары шенді офицерлердің қыстық киімдерінің жағалары мен бас киімдері көк қаракөл елтірісінен тігілетін. Қазіргі кезде ТМД әскерінің қолбасшылары мен генералдары, жоғары шенді офицерлері үшін дайындалатын бас киім мен қысқы киім жағасы таза қаракөл елтірісі болмағандықтан жасанды қаракөлден дайындалуда.

Қаракөл шаруашылығы қой шаруашы­лығының ерекше саласын құрайды, ал қаракөл қойларының өте жоғары бейімделгіштік қабілеті, олардың таралуына және республиканың шөл және шөлейтті аймақ­тарында орналасқан шаруашылықтарда ет, сүт, жүн және жоғары сапалы қаракөл өнді­ру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сон­дықтан, республикамыздың шөлді-шө­лейт­ті аймағын тиімді пайдалана отырып, қан­дастарымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсар­ту үшін қаракөл өнімдерін өндірушілермен Ішкі істер, Қорғаныс, т. б. министрліктер келісім-шартпен екі жақты бірлескен мекеме аша отырып, әскери және ішкі істер қызметкерлеріне көк қаракөл елтірісінен, ал теңіз флотын қара қаракөл елтірісінен қажетті әскери киімдер шығару жағын ойластыру ең алдымен кең-байтақ еліміздің шөлді-шөлейтті аймағының негізін құрай­тын қандастарымызды жұмыспен қамта­ма­сыз етуге үлкен мүмкіншілік жасаған болар еді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің заманауи өндірісі негізінен қой шаруашылығында басым ет алуға бағытталған. Соңғы уақыт­та мұндай бір жақты қарым-қатынас құй­рық­ты етті-майлы қойларды өсіру ареалы­ның жаппай кеңейюіне әкеп соқтырды. Осылайша шөлдің қолайсыз жағдайларына өте жақсы бейімделген және керемет түсті және реңді қаракөл өндіруге мамандан­ды­рылған әлем нарқында үлкен сұранысқа ие, қаракөл қойлары қатал экономикалық қы­сымға ұшырады және нарықтық баға жо­ғары болса да, ішкі нарықта бәсекелес­тік­тен жасанды түрде шеттеп қалды.

Елтірілі-етті-майлы атырау және құй­рықты қылшық жүнді қойлар өнімділіктері бойынша бірін-бірі өзара толықтырып оты­рады және олардың тұқымдары болашақ селекция үшін генетикалық материал көзі болып табылады. Әлемдегі елтірі қой ша­руашылығының даму жағдайын сараптау - керемет әр түсті және реңді елтірі мен тез жетілгіш қозы және қой еті өндірісін ұл­ғайтуға бағытталғанын көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының елтірілі қой шаруашылығы үшін ғылыми-тәжірибелік тұрғыда керемет түсті және реңді құйрықты атырау қойларын өсірудің әдістерін жасау, бұл қойлардың жеке асыл тұқымды базасын құру, елтірі ассортиментін жаңа түстермен байыту және бәсеке­лестікке қабілетті отандық асыл тұқымды қойларды шығару өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселе, қолдан ұрық­тан­дыру біткеннен кейін саулықтарды еркін қашыру кеңінен қол­данылатын және асыл тұқымды қошқарлар­дың шығу тегін анық­тауда өте қажетті, елтірілі қой шаруашы­лығында өте маңызды, өйткені шығу тегінде жоғары бағалы ата-енелері бар малдар барынша өнімді бола алады және қойларды қолдан ұрықтан­дыруда кеңінен қолда­нылады.

Жоғары өнімді малдардың басын және толық құнды азық-түлік өнімдері өндірісін ұлғайту заманауи мал шаруашылығының өзекті мәселесі болып отыр. Қазақстанның далалы, шөлді және шөлейтті аудан­да­рын­да өзара ерекшеленетін 22 туыстық өзге­рістегі қазақтың құйрықты қойлары ертеден өсірілген. Оларға Батыс Қазақстанда - еділбай, азғыр, әлім, адай, Орталық Қазақ­станда - бағаналы, бесата, Жетісуда - шу, жаркент, Шығыс Қазақстанда - зайсан және басқа да тұқымдар жатады.

Аталған қой тұқымдарын шығаруда және жақсартуда Қазақстан ғалымдарының орны ерекше екендігін атап өткен дұрыс. Сонымен бірге, бұл қой тұқымдары мен тұқымдық топтарды жақсарту қарқыны әлі де болса жеткіліксіз екендігін атап өткен жөн. Елімізде селекциялық асылдандыру жү­йесі қазіргі қой шаруашылығын дамыту­да алға қойылған міндеттерге сай келмейді. Сондықтан да, қой шаруашылығын селек­ция­лық жолмен асылдандыруда, оларды бағып-күтуде, еңбекті ұйымдастыруда, жемшөп өндіруде және мал азығын дай­ындау бағытындағы ғылыми-зерттеулерді кеңей­тіп тереңдете түскен жөн. Көк түсті қаракөл қозысы 1-суретте көрсетілген.

ягненок-каракуля-рис

Cурет 1. Көк түсті қаракөл қозысы

1. 1. 3 Көк түсті қаракөл қойын зерттеу әдістері

Асылтұқымды қаракөл қой шаруашылығын дамыту еліміздің дамуына үлкен бір септігін тигізетін бірден-бір шара болып табылады. Бұл Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, және солай бола береді. Оның себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. га жуық жайылымын тек қаракөл қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан жүн, ет, тері және басқа да өнімдерді өндіруге болады.

Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қаракөл қойы жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтарымен, жаңа технологияларымен, селекция әдістерімен байытылды.

Қазақстан - еліміздегі ең ірі каракөл қой шаруашылықты аудандардың бірі. Республикада еліміздегі барлық қой санының үштен біріне жуығы шоғырланған. Республикамызда алдағы жылдары қой шаруашылығын онан әрі өркендету жөніндегі көптеген ауқымды міндеттер белгіленген.

Дүние жүзі халық шаруашылығында қаракөл қой малының маңызы өте зор. Қаракөл қой малы адамға қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қатар, биологиялық қасиеттеріне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде өсіріледі. Сондықтан ең көп тараған үй малдарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мыңжылдықтың басында 620 -дан астам кой тукымдары, 1. 300 қой малы өсіріледі. Мысалы, сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашлығы Австралияда (169 млн), Жана Зеландияда (62 млн), Улыбртитанияда (30 млн), қалыптасқан, дегенмен соңғы он -он бес жылды-он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн), Ундистан (165 млн. ) Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн. ) шығып келеді.

Қаракөл қойы санының артуымен қатар одан өндірілетін өнім де молая түсті. Қой жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, трикотаж, костюм алынса, ет өндіруде де өзіндік орыны бар. Сонымен қатар сүтінің де адам тамақ өнеркәсібінде маңызы зор. Ол қою әрі майлы. Одан сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіреді. Ол әсіресе, Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көп өндіріледі. Терісінен де бағалы тондық, мехтық, былғарылық бұйымдар жасалады. .

Кесте 1. Соңғы жылдардағы қаракөл қой шаруашылық өнімділігінің артуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қойы туралы түсінік
Қаракөл қойының тұқымы
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
Елтірілік қой - елтірісі үшін қозысы сатылатын қой тұқымы
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын трансплантациялау
Қазақстан Республикасының Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңы
Қой шаруашылығының практикумы
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz