М. Байғұт шығармаларындағы табиғат көрінісі мен тіршілік көзі


Мазмұны
І Кіріспе.
І тарау М. Байғұт шағын проза шебері.
1. 1. М. Байғұттың әңгіме кейіпкерлерін жасаудағы өзіндік ерекшелігі.
1. 2. Автордың кейіпкерлерге көзқарасын бағдарлай отырып жазушының идеясын тану.
1. 3. М. Байғұт әңгімелеріндегі кейіпкерлердің арасындағы қарым - қатынас.
ІІ тарау. М. Байғұт шығармаларындағы табиғат көрінісі мен тіршілік көзі.
2. 1. Жазушы қаламынан туындаған «Интернаттың баласы».
2. 2. М. Байғұт шығармаларындағы табиғат суреті.
ІІІ тарау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі қазақ әдебиетінің күрделі мәселелерінің бірі - жазушының шығармашылық лабораториясын зерттеу болып табыылады. Ұлттық әдебиетімізде бұл сала ХХ ғасырдың 30 - 40 жылдарынан бастап қолға алынды. Ширек ғасыр ішінде тап осы мәселені зерттеген іргелі еңбектер өмірге келді. Осындай еңбектерді өмірге әкелген: М. Әуезов, С. Мұқановтар соны соқпақ салған, бұл дәстүр қазіргі әдебиетімізде де, жан - жақты жанданып, аз ғана уақыт ішінде бой көтерді сыншылардың қатары бой көтерді. Бұған дәлел ретінде, Ш. Елеукенов, З. Серікқалиев, Б. Майтанов, С. Жұмабеков, Ж. Дәдібаевтың т. с. с. ақын - жазушылардың еңбектерін атауға болады. Әлі де, әдебиетімізді зерттеуді қажет ететін, өзіндік айтары бар ғылыми жүйеге объекті болатындай талантты жазушылардың бірі - М. Байғұт шығармашылығы болып табылады.
М. Байғұт қысқа жазудың шебері дейміз. Ал, «Шеберлік» дегеніміздің өзі - тар шеберді алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс - әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдар жасау үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу (М. Балақаев Қазақ стилиститкасы) (1) . Жазушы шеберлігі сол, екі бетке жүк болатын оқиғаны екі ауыз сөзбен көз алдыңа алып келеді. Оның әңгімесі болсын, повестері болсын оқыған сайын, оқығың келе береді. Қаламгеріміздің идеясы мен эстетикалық тұғыры ересектер мен балалар әлемінің бір тұтастығы мен өзара қатынасы, бірі - бірінсіз өз бетінше өмір сүруінің мүмкін еместігін айтады. Жазушының қай шығармасын алсақ та, көркемдік жағынан өзіндік бір мінезі, тақырыбы бар. Біз бұл тұжырымды оның «Патефон», «Интернаттың баласы», «Жанымайдың жотасы», «Ақ орамалды қыз», «Киік оты» әңгімелерінен айқын сезінеміз.
Қаламгеріміздің өзге жазушылардан ерекшелігі өзіндік өрнегі - қосымша ат қою шеберлігі. Кез - келген шығармасын оқи қалсаң, куейіпкерлердің қазіргі тілімен айтқанда, «кличкасына» кездесесіз. Өмірдегі әзіл қой жазушының бұл да бір өзіне тән мінезі болса керек. Мәселен, қатын - дұшпан, Жезбалақ - Тілеміс, Светлана - Сәуле, Штирлиц - Кеуіртбек, Мисисс Майра, Мистер Мамыр т. с. с.
Тәуелсіз елдің жаңа адамын, жаңа күрескерін, жаңа қайраткерін, жиырма сегіз жастағы жас мұғалімнің ұстаздық еңбегіндегі бәйшешек жаңалықты, елдік мақсаттағы бүршік атқан бәйшешек тіршіліктің трагедиясын, барша сырымен, барша арманымен, барша мұратымен, барша өкінішімен суреттеп шыққан.
Қазақ халқының мақтанышы мен ыстық махаббатына бөленіп жүрген қаламгеріміз, екі дүркін республикалық «Жалын» баспасының сыйлығына ие болды. 1996 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қоғам қайраткеріміз, Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болыд, облыстық партия комитетінде қызметтер атқарды. Қазіргі таңда, 2005 жылдан бері тілді дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарып келеді. «Тіл төңірегіндегі таза тіршіліктің түйесі мен биесі, ығай - сығай иесі болмаса да, киесі бар. Тіл бастыққонды емес, бас тіккенді тілейді» деп суреткердің өзі айтқандай, тілге табынып, елге жағынып еңбек еткенге не жетсін. М. Байғұт (2) .
Тақырыптың зерттелу деңгеі . Қазіргі қазақ әдебиетінде М. Әуезов, Ж. Дәдібаев, Ш. Мұртаза, З. Серілқалиев, Б. Майтанов, Ш. Елеукенов сынды жазушылардың жолын жалғастырушы қазіргі таңда көптеген әңгімелермен баспа, бетінен дарық көрген, дара талантымен танылған шебер иесі М. Байғұт танылған Шебер иесі М. Байғұт. Жазушының мерейтойына байланысты жарық көргені, сондай - ақ кейбір ғалымдардың еңбектерінде қысқаша сөз болғаны болмаса, жазушының шығармашылығын арнайы зерттеген еңбек жоққа тән. Жазушы туралы үлкен сыншымыз тәкел Әлімқұлов «Мархабат Байғұт - тұңғыш әңгімелер жинағымен - ақ танылып үлгерген жазушы . . . «Оңтүстік Қазақстан» газетінде істей жүріп, неғұрлым, нақтылыққа, қысқалыққа машықтанған. Көркем туындылары өз табиғатынанбастау алады. Тәржімашылдығы да тәнті етеді, » - дейді Н. Бегалиев (3) (Махаббат мақал Мархабат) . М. Байғұттың шығармашылығының көркемдігі, мәні С. Жұмабеков «Менің Мархабатым», Т. Тәжібектің «Шындықтың шымылдығы» (1996), А. Байғұлов «Аққұзардың азаматы» (1995), Ж. Боранбаев «Мархабаттың мәртебесі» (1995), З. Қыстаубайұлы «Жеті жарғы» (1998) т. б. еңбектерінде шолу жасалынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың басты мақсаты - М. Байғұт шығармашылығын негізі, жазушының кейіпкерлер образын жсаудағы өзіндік ерекшелігін, оның суреткерлік шеберлігін, қосымша ат қою өрнегі, қысқа да нұсқа жазу шеберлігін бағдарлай отырып, жазушының қазіргі қазақ әдебиетіндегі алар орны мен қосатын үлесін анықтай отырып төмендегі мндеттер қойылды:
- жазушының әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігі.
- Қаламгер шығармашылығындағы табиғат суреті.
- Автордың кейіпкерлерге көзқарасын бағдарлай отырып, жазушының идеясын тану.
- Суреткердің кейіпкерлер арасындағы қарым - қатынастың әңгімелер арасында айқындалуы,
Зерттеу нысаны. Аталып отырған тақырыптың негізгі мәнін ашу мақсатында, М. Байғұттың «Айып», «Доланай шахтасы», «Көрпесайдың кітапханасы», «Ақ орамалды қыз», «Жанымайдың нотасы», «Жалбыздың жағасында», «Жемелек», «Варвараның көмбесі» әңгімелерімен «Интернаттың баласы» повестін негізгі зерттеу нысанына айналдыру.
Зерттеу әдістері. Бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау қорыту әдістерінің негізінде жазылды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім мен қортыныды және пайдалынылыған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде «М. Байғұт шағын проза шебері» мен «М. Байғұт шығармашылығындағы табиғат суреті мен тіршілік көзі» деп аталатын екі тарау қарастырылады.
І тарау Мархабат Байғұт шағын проза шебері
Мархабат Байғұттың әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігі
Қазақ қалагерлерінің творчествосынан орын алған әңгімелер аз емес. Әңгіме жайын сөз еткенде Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сияқты жазушылрдың өнегелі ұлы ісін ұстаған жөн. Бірақ оның бәрін тәптіштеп жату біздің тақырыбымыз емес.
Мархабат Байғұтов әңгімелерінен авторлық артық баяндау, геройлардың өзара сөйлесуіндегі шексіздік, кейіпкердің портретін жандандырамын деп жаңсақ нәрселерге теңеу сияқты шұбалып жүрген артық сөздерді кездестіре бермейміз. Осындай басы артықойлардан аулақ болуды тұтқан автор, әңгімелеріндегі кейіпкерлеріне өз тарапынан портрет жасай беруге мырзалық танытпайды. Жазушы оқушысына геройын терең танытуға, кейіпкерінің өз сөзін, кейіпкерлердің өзара сөйлесуін жиі пайдаланады.
Әңгіме мазмұнынан осылай танылған кейіпкер, оқушының көз алдын жақын келіп, тіпті ол аулындағы ескі танысына ұқсап кетеді. Сондықтан Мархабат жасаған кейіпкерлердің бірінің қимылына өзіңнен-өзің күлесің, бірінің мінезінен түңілесің, бірін аяйсың, біріне сүйсіне қарайсың.
«Доланай шахтасы» әгімесіндегі қалтасында ақшасы бола тұрып, қасындағы Ермектен ақша қарыз сұраған Қарасаттың сараңдығын Тілеміске теңейді. Тілеміс деген арқалының шық бермес Шығайбайы болған екен. - Сен сол Тілеміссің, оны аз десең, көмусіз қалдырған туысын Көбдікті де білеміз - депті ермек ашуланып. Жазушы осы кездегі қасат бейнесін:
«Қасат қалшылдай жөнелді!. Басы тым үлкен еді. Қара есектің шылбырын долананың бұтағынан шеше алмады. Қолдары дірілдеп, шынтақтары шошаңдады. Ақырын шешті-ау шылбырды. Иегі де шошаңдап кетер ме еді, басының салмағымен омырауына тіреліп, сақалы қойтасқа жаншылған киік отындай болып крінді» - деп суреттейді.
- Өз басындағы қатігездік пе сараңдық бетіне басылған кездегі Қасеттің портреті қоспасыз, қысқа тұжырымды, дәл берілген. Қасет бойындағы ашу-ыза психологиялық өзгеру, оның барлық физиологиялық құрылысымен қоса құбылған сияқты. Жазушылық үйлесімділік, жазушылық шеберлік деп осыны айтсақ керек.
Жазушының «айып» әңгімесін оқып отырып, қайта-қайта еріксіз езу тартасың. Арысбайдың жанұясындағы кемшіліктер біздің ауылдағы бірнеше жанұяға ортақ екенін ұғындым. Мархабаттың «Айыбында» Арысбай, ал біздің ауылда аттары басқа - басқа. Аттары басқа - басқа болғанмен балаларындағы жігерсіздік, тәртіпсіздік, намысы жоқтық бір-бірінен аумайды.
Мархабат атай жасаған кейіпкердің дара болмай, әр оқушының аулынан топ-топ болып табылуы - шығарма тақырыбының шыншылдығы, басты кейіпкерінің типтілігі. Арысбайдың сөзіне кұлақ салайық.
«Аспандарын -Арысбай, бастауыш кластан аса алмады. Жерлерің - Жүзімкүл бағұс жетіншіні өліп-талып бітірген, - деп күбірледі, баласының аттестатын ұстап отырған күйі. - Бірақ біз соғыстың кесірінен оқи алмап едік. Мыналарға не жоқ енді?!.
Автор Арысбай өз сөзі бойынша жанұясындағы білімсіздікті, балаларының да өздерінен аса алмағанына өкіндіреді.
Өз баласын өзі сабап, учаскелік милицияның сұрауынан директордың көмегімен құтылып, заң қызметкерлеріне айып төлеп, ауылда келіп түскен Арысбайға көзі түскен ауыл адамдары:
- Арысбай зауытқа ауысқан ба?
- Мархабат Байғұтов, Алматы 1985 ж, 154 бет
- Мархабат Байғұтов, Алматы 1985 ж, 164 бет
- Сырттай оқуға түскен шығар?
- Кешкі оқуға кірген шығар? - десіп мырс-мырс күліскен.
- Қамап қойыпты деп жүр еді.
- Кеше ақша сұрап жүрген. Бірдеңе беріп құтылған екен десіп, болжам жасағандар да болған. Автор осы бір азғана диалог арқылы ауыл адамдарының болмыс тіршілігін алдына жайып салғандай.
«Көрпесайдың кітапханасы» әңгімесінде білімділікке қарсы білімсіздіктің, ізгілікке қарсы көрнекіліктің, салауаттылыққа қарсы маскүнемділіктің зардабын тартып жүрген кітапханашы Сейсекүлдің жан-дүниесін тербеткен қайғысын өзіне баяндатады.
«Жапырақ кеіш жүргенді мен де ұнатамын. Жалғызсырап, жабырқаған шақтарында алыста болса да сені ойлайтын адамның жер бетінде бар екендігіне сену де бір бақыт білем. Бірақ онда жұбаныш та менің маңдайыма жазылмаған шығар. Менің бақытыма кітап деген нәрсе ойлап шығарылыпты. Кітаптарға рахмет. Жалғызсыраған кездерімде маған кітаптарым көмекке келеді. Ал күйеуім кіт апты жек көреді. Кітап атаулыны көрінісі келмейді. Мені кітаптан кейіпкерлерінен қызғанып өле жаздайды. Үйімізде бірде-бір кітап жоқ. Кітап көрсе, өртейді. «Сен кітапхананы қашан тастайсың, мен арақты сонда тастаймын», -дейді. Ал, кітапсыз, кітапханасыз мен қалай ғұмыр кешпекпін?»
Сейсекүл тағдыры, Сейсекүл суреті куөз алдынан кетпейді. Оқып отырғанында әңгімедегі кейіпкер екенін ұмытып, көмектесудің жолына сапар шегетіндей қиялға кетесің, күйеуің бұл өмірден қош айтыстыратын амал іздегің келеді. Сейсекүл тағдырының аяныштылығын, жолдасының қатігездігін жай ғана түсінікті сөздермен дәл берген.
«Ақ орамалды қыз» әңгімесінде оқу жылы аяқталған соң, мектеп оқушыларының жазғы демалыста істейтін жұмыстарын белгілейтін жиын өтеді. Осы жиында сөйлеп тұрған оқушылардың сүйікті ұстазының сол мезгілдегі бейнесін былай жасапты.
«Ақ шәйі жейдесінің жеңінен кірген жел ағайдың арқа тұсын ақ желкендей керіп жіберді. Кестелі жағасын қайта-қайта тартқылап, қос қолдап ұстаса да, болатын емес. Ағай сол ыңғайсызданғанымен, керемет келісіп тұрды. Ақ желкеннің әсерімен ағайымыз теңіз бетімен жүзіп жөнелетіндей көрінді. »
Жазғы жұмысқа кіріскенше аығып, тағат таппай су таситын бөшкелі арбаны иеленгісі келетін, еңбекқор шәкірттің баяндауынсда берілген ұстаз портреті сәтті суреттелген. Шәкірттің ұстазға деген ыстық ықыласы бірде ұстазын ақ желкендей деп сүйсінсе, бірде айдың теңіз бетінде сайраңдайтын кеме - дана шәкірт идеясымен көркем таныту - кез келген жазушының қолынан келе бермес.
Жазушы өрнектеген осы бір сурет, екінші бір жерде, жұмысқа кетіп бара жатқан еңбек адамдарының машина үстіндегі әдемі көрініспен астастырыла беріледі. «мен машинаның ең артындамын . . . қыздардың бәрі қызыл орамал, әйелдер ақ орамал тартқан. Қыздардың бәрі қызыл орамал, әйелдер ақ орамал тартқан. Қыздардың орамалы қызыл галстук секілді, машина селк-селк еткен сайын жел үрлеген жалындай лап-лап жанады. Кешегі мектеп алдында өткен жиналыста, онда сөйлеген директор ағайд ойладым. Маржанбике бастаған әйелдердің орамалдары директор ағайдың кестелі жейдесіндей аппақ-ау, аппақ. Жұмыс десе жүрегі алып ұшатын 6 - класс оқушысына бәрі жақсы. Ол үшін жұмысқа бару, жұмыс істеу, жұмыстан қайту бәрі-бәрі қуаныш. Осы сурет көз алдымыздан өткенде, біздің де кешегі ауыл шаруашылық жұмыстарына барған албырт шағымыз ойға түседі.
«Ақ орамалды қыз» әңгімесіндегі басты кейіпкері Қалбибінің портретін жазушы өмірі ұмытылмастай етіп өрнектеген.
«Қалбибі біздің тұсымыздағы арықты шабуға кіріскен. Қара торы екен. Бет-жүзі дөп-дөңгелек, мұрны сәл келте біткен. Шашы беліне жетеді, қос бұрым етіп өрілген. Кемшілігі оң жақ бетінде, шекеге таман алақанның жартысындай қалы бар. Сол жағынан сүйкімді-ақ, ал қалы бар жағынан басқашалау көрінеді. Әттең қалдың қалың, жалпақ болып жабыса қалғанын қарашы. » Осы портреттегідей қос бұрым етіп өрілген шашы бар, дөңгелек жүзді қара торы, бетіндегі қалы бар (үлкен кішілігіне қарамай) қыз көрсем, алдымен ойыма, содан кейін көз алдыма Қалбибі елестейді. Егер қалбибі портреті Мархабат ағай суреттегендей анық болмаса, ойға ұзақ сақталмаған болар еді.
«Жанымайдың жотасындағы» жоғарғы оқу орнына Қанай аулынан бірінші оқуға түскен Пернеханның ауылға келгендегі бейнесі де әдемі суреттелген.
Пернехан талмен қабаттасты. «Стиляга» болып кетіпті. Дэуталмен салыстырғанда тіпті шілбиіп, жіп-жіңішке көрінді. Шалбары санына жабысқан, ақ плащ киген, қызыл шалмасы бар, шашы қасының үстінен тегістеп қырқылған, желкесі күдірейіпті. Желкесі емес жақындағанда байқады, шашы екен. » Көз алдыңа қаладан ауылға келген бір Пернехан емес, Пернехан сияқты бірнеше жас тізбектеліп, елес береді. Ол кейіпкердің өмір шындығынан алынғанын өмірде болған кейіпкер екендігін танытады.
Осы әңгімедегі дәл жоғарыдағыдай көркем жасалған портрет - Кендебай портреті. Жанымайдың жотасына Қаратай шығарып салатын Кендебай. Ол Отан алдындағы әскери борышын орындап, ауылға демалысқа келіп, қайта аттанған. Кендебайдың ысылған ширақтығы, ауылдағы ағайындар мен Қаратайға деген ыстық ықыласы оқырман есінде ұзақ сақталады.
Мархабат Байғұтов «Наурізік» Алматы 1988 ж. 207 бет.
Қанай ауылынан механик дайындайтын техникумға алғаш аттанған Базарбек болды. Бірақ оқуды толық аяқтай алмай, келіншек алып, ерте оралды. Әңгіме авторы бірақ жағдайды Базарбектің өз аузынан баяндата отырып, ауылдық жерде шешімін таппай жатқан құпия сырдың бетін ашқандай болады.
Бұл суреттен бір жағынан Базарбектің келбетін танысақ, екінші жағынан тынысының құпиясын танимыз. Базарбек Қанай ауылы бойынша құрмет тұтар қариясы Қаратайдың әкесінің алдына келіп:
«- Қоймаймын, ашып айтыңыз?!
Бі-ле-ем, білем мен сырттай қарағанда тып-тыныш, моп-момақан ауылсыңдар, өсек-аяңға келгенде заулап тұрған дауылсыңдар, көке. Мені, ойхой бір, лаулатып отқа жағады -ай енді, оқудан шыққанымды, орыстан келіншек әкелгенімді . . . оқудан шығып қалдым, көке. Оны да айтып қалайыншы, жасырып керегі не?! Үлгермедім, көне. Қанша тырыстым, тырбаңдадым, бәрібір болмады. Мектепте Дөңкебай ағай уызға жарытпаған екен. Қиын екен. Қанайдың аңдайына арнаулы орта білімді механикті де жазбады ғой, жазбады. Енді мынау Қаратайлар қиналмасыншы. Осылар оқысыншы . . . Келіңіз орыс тілі пәнінен сабақ беретін, тіл техникумын бітірген, білдей маман, көке. Жақтырасыз ба, жоқ па? Батаңызды бересіз бе, жоқ па? Бұл жерде шындықтан жалтармайтын, өз бойындағы және ауылдастардың бойындағы кемшілікке төзбейтін шыншыл, турашыл Базарбекті танимыз.
Жазушының кейіпкерге портрет жасау шеберлігі «Жемелек» деген әңгімесінде бағы бір қырынан танылады. Соғыстың ауыртпалығын бастан кешіп, қайтіп келгеннен кейін де тынымсыз еңбекке араласқан Жаманқұл кәрия күні бүгінге дейін «келішегім» деп келген Тазагүліне ерекше силастық пейіл білдіреді. Жаманқұлдың осы сезімін жазушы жандандыра суреттейді.
«Тегінде Тазагүлге ту сыртынан қарағанды қалайды. Мұндай қылықты кезде, қалай тапты, жадында қалмаған. Қазір міне, қораның селдір тартқан тұсынан сығалайды. Келіншек демей, кім дерсің. Қос бұрымы қап-қара, жемелегі ұшында, кір жуып отыр. Жігітінің жейдесі болар, сірә, жігітінің жейдесін ақ көбікке салып шайқайды келіп шайқады. Сөйтсе, қос бұрымы біресе белінің бергі жағына аунайды, біресе арғы жағына аунайды. Қымбат шолпы тағынбай, жіптен ескен шашбауы - жемелеге еркелеп, Балбастаудағы балағына оралар балдыр болып ойнайды. «Адам көңіліндегі ыстық сезімді, ынтызарлықты суретке айналдырған деп ойлаймын. Міне, жазушы шеберлігі деп осыны айтса болады.
Мен жазушының портретіне тоқталып, жазушының өзіне де сөз беріп, өз тарапынан шеберлігі мен жетістіктеріне тоқталдым. Бұған қарап, жазушы (Мархабат) өз шығармаларында ұнамсыз кейіпкер суреттемеген деген ұғым тумаса керек. Мархабат әңгімелерінде өмірдің көлеңке жағымен бұқпантайлап, жақсылардың алдын кесетін білімсіз, тоғышар, дүние-қоңыздарды назардан тыс қалдырмаған. Жазушы мұндайларды табиғатынан жақтырмаса керек, тіпті әңгімелерінде суреттеген бұл кейіпкерлердің біреулеріне айдар тағып ат та қоймаған. «Көрпесайдың кітапханасында» кітапханашы келіншектің күйеуі мен «Жемелек» әңгімесіндегі Жаманқұлдың үлкен баласына белгілі есім бермеген. Ондай кейіпкерлерінің бойындағы өзін танытатын портретін өзіне жасатқан.
Екі қабатты үйде тұратын, астында «Еділ» атты машинасы бар Жаманқұлдың үлкен баласына сөз берейік.
«- Елдің сендей шалдары өздерін де, балаларын да қарқ қылып жатыр. Солардың көбі тіпті, соғыстың шеніне жетпегендер . . . Ал сен ?! Сен болсаң, сау тамтығың қалмай жараланып, жарым қаныңды беріп, Берлиннің қақ ортасынан оралдың. Сонда да бастықтарға баруға бет моншағың үзіледі де тұрады. » - деп әкесінің миын шағады.
1. Мархабат Байғұтов «Нәурізік» Алматы 1988 ж. 220 бет.
Автордың кейіпкерлерге көзқарасын бағдарлай отырып жазушының идеясын тану.
Әрбір көркем шығарманың тақырыбы- жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы. Ал шығарманың идеясы - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, немесе өмір құбылысына берген бағасы. Ал жазушының идеясы - көркем образ арқылы көрінген желілі ой. Олай болса, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқушы назарын неге аударса, қайда бағыттаса, соны идея дейміз. Идеясыз шығарма болуы мүмкін емес.
Мен бұл бөлімде Мархабат Байғұтов әңгімелерінің тақырыбы және идеясын белгілейтін, автордың шығарма кейіпкерлеріне көзқарасын бағдарламақшымын. Жазушының әңгімелерінен үзінді келтіре отырып, оның бізді неге бағдарлап, неге мегзеп, неге тәрбиелеп отырғанын ашпақпын.
Мархабат әңгімелерінің тақырыбы - әралуан. Жазушы әңгімелерінің тақырыбына еңбекті, адамгершілікті, ізеттілікті, егіншілікті, сауданы, махаббатты, білімді т. т. арқау еткен. Мархабат осы тақырыптарды меңгере отырып, өзі бейнелеген кейіпкерлер арқылы бізді өмірдің ең идеялды жақсы жақтарына. Жазушының әңгімелерін оқи отырып, көп нәрседен жиренеміз. Мархабат әңгімелеріндегі адам тағдырларының тайталасы, характерлер қақтығысы - оқушысын еріксіз есейтеді.
«Варвараның көмбесі» әңгімесінде Қаламанның шешесі Варвара кемпірмен қоңсы тұрады. Варвара бақша дақылдарының барлық түрін егіп, жаз бойы еңбек етеді, жиналған өнімін жер асты қоймасына сақтайды. Варвараның дастарханында, жылдың қай мезгілі болса да, бақша дақылдары көздің құртын алып, ауыздың сілекейін шұбыртады. Осыны жастайынан көріп өскен Қаламан егіншіліктің бақша дақылдарын егуге баса назар аударады. Алынған өнімдерін Варвара кемпірше сақтап, ауыл адамдарына үлгі көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz