«Суалған буаз сиырды азықтандыру»



Аннатация
Нармативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4 Мүйізді ірі қара малының асқорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.5 Суалған буаз сиырды нормалап азықтандыру және рацион құру ... ... ... ..11
1.6.Буаз құнажынның қоректік мұқтаждығы мен олардың көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.7.Буаздықтың соңғы кезеңіне қарай азықтандыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.8 Сиырды туғаннан кейін азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.9 Суалған буаз сиырының бір жылға қажет азық қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2. Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Суалған буаз сиыр рационы таза сапалы азықтардан құрастырылады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін. Сауын сиыр рационын шырынды және құнарлы азықтардан кейін ірі жем шөппен толықтырады әрі жем шөп ретінде табиғи шабындықтар мен екпе шөптер пішенін, түрлі дақылдар мен бұршақ тұқымдастар пішендемесін, кептірілген шөп кесіндісін, дэнді дақыл сабанын жүмсайды. Рационға ірі жасунықты жем щоптең енгізілу көлемі ондағы шырынды жем шөп көлеміне байланысты езгереді. Мысалы,тәулігіне жиырма, жиырма бес шырынды азық берілетін сауын сиырға тірілей салмағы торт жүз кг болса, төрт, бес кг, тірілей салмағы бес жүз кг болса бес, алты кг ірі жемшөп жегізілуі тиіс.
Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Олардың калийнитраты түріндегі мөлшері жайылым шөбінің құрғақ затында нөл алты пайыздан аса қоректік заттардың,оның ішінде, әсіресе каротинін ескереді. Жазғытұры суалтылған сиырларға мейлінше көк шөп жегізіп құнарлы жемді шығындамауға болады. Сиырды көкке біртіндеп , қысқы азықтардың тәуліктік мөлшерін аздап кемітіп барып үйретеді.Олардан бірден бас тартпауы үшін сабан кесіндісін қант сірнесімен ылғандандырып жегізуге болады. Суалтылған кезеңнің соңына қарай, бұзаулауына алты жеті күн қалғанда рациондағы шырынды және кұнарлы азықтар көлемін азайтып, бұзаулауға екі үш күн қалғанда оларды толығымен алып тастайды да, жегізілетін жем шөп мөлшерін сиыр тіршілігін қамтамасыз ететін деңгейде қалдырады.
1. А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, М.А. Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы». Алматы. 2006 ж.
2. Н. Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру». Алматы « Издат Маркет». 2005 ж.
3. Н. Омарқожалұлы, Б. Әкімбеков «Мал шаруашылығы». Астана «Фолиант» баспасы. 2008 ж.
4. Қ. Бегімбеков, А. ТӨреханов, Ә. Байжұманов «Мал өсіру және селекция». Алматы «Бастау». 2006 ж.
5. А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, Ж.К. Каримов, Ш.Д. Даленов, «Ірі қара шаруашылығы». Алматы «Триумф» баспасы. 2006 ж.
6. Н.Омарқожаұлы, Р.Шуркин «Мал шаруашылығы практикумы». Астана «BG-принт». 2007 ж.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация Бекболатов
Мал азықтандыру пәнінен жазылған Суалған буаз сиырды азықтандыру
атты курстық жұмысым 18 беттен тұрады. Кіріспе бөлімінде Буаз сиырды
сиырды азықтандыру туралы толық мәлімет қамтылған.
Негізгі бөлім тақырыптары: Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы
түсінік, малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері,
азық мөлшеріне әсер ететін факторлар, мүйізді ірі қара малының асқорыту
ерекшеліктері, суалған буаз сиырды нормалап азықтандыру және рацион құру,
буаз құнажынның қоректік мұқтаждығы мен олардың көрсеткіштері, суаздықтың
соңғы кезеңіне қарай азықтандыру принциптері, сиырды туғаннан кейін
азықтандыру ерекшеліктері, суалған буаз сиырының бір жылға қажет азық қоры

Мазмұны

Аннатация
Нармативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Азық мөлшеріне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Мүйізді ірі қара малының асқорыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...10
1.5 Суалған буаз сиырды нормалап азықтандыру және рацион
құру ... ... ... ..11
1.6.Буаз құнажынның қоректік мұқтаждығы мен олардың
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.7.Буаздықтың соңғы кезеңіне қарай азықтандыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.8 Сиырды туғаннан кейін азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
1.9 Суалған буаз сиырының бір жылға қажет азық
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2. Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..17
3.Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..32

Нормативтік сілтемелер

МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ ( ЕСКД ). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ ( ЕСКД ). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ ( ЕСКД ). Форматтар.
МЖБМС 2.601-95 КҚБЖ ( ЕСКД ). Пайдалану құжаттары.
МЖБМС 2.304-81 КҚБЖ ( ЕСКД ). Сызбалық шрифтер.
МЖБМС 2.701-84 КҚБЖ ( ЕСКД ). Схемалар. Түрлері мен типтері орынға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖБМС 2.321-84 КҚБЖ ( ЕСКД ). Әріптік белгілеу.
МК ( ГК ) Қ.Р 04-2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің
классификаторы ( ӘҚТБӨК )
СТ ОҚМУ 4.02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі,
құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2008. Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік
процестерді басқару.

Қысқартылған сөздер мен белгілер

Мл – миллиметр
См – сантиметр
% – пайыз
М – метр
А.ө – азық өлшемі
А.к – азық көлемі
Қ.п – қорытылған протеин
Кг – килограм

Анықтамалар

Рацион – бір тәуілікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың
қоректік заттары бір күндік нормаға сәйкестендіріледі.
Азық қоректілігі - мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етіп,
өнім өндіруге қажетті қоректік зат жеткізу қасиетін айтамыз.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға
қажеттілікті толықтыру.
Азықтың қорытылуы – ас қорыту органдарына енген азықтардың
құрамындағы қоректік заттардың (протеиндер мен майлар, көмірсулар)
микроорганизмдер, инфузориялар және асқазан сөлдерінің әрекеті арқылы
амин, май қышқылдарына, моносахаридке тез еритін тұздарға ыдырап тез
сіңіп, қан, лимфа арқылы организмге тарау процесін айтады.
Азықтық өлшем – азықтардың жалпы қоректілігін энергетикалық қуатын
өлшеу, яғни барлық қоректік заттардың малға қуаттылық байламы немесе
сіңімі.

Кіріспе

Суалған буаз сиыр рационы таза сапалы азықтардан құрастырылады.
Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы
мүмкін. Сауын сиыр рационын шырынды және құнарлы азықтардан кейін ірі жем
шөппен толықтырады әрі жем шөп ретінде табиғи шабындықтар мен екпе шөптер
пішенін, түрлі дақылдар мен бұршақ тұқымдастар пішендемесін, кептірілген
шөп кесіндісін, дэнді дақыл сабанын жүмсайды. Рационға ірі жасунықты жем
щоптең енгізілу көлемі ондағы шырынды жем шөп көлеміне байланысты езгереді.
Мысалы,тәулігіне жиырма, жиырма бес шырынды азық берілетін сауын сиырға
тірілей салмағы торт жүз кг болса, төрт, бес кг, тірілей салмағы бес жүз кг
болса бес, алты кг ірі жемшөп жегізілуі тиіс.
Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда жайылым отының
құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Олардың
калийнитраты түріндегі мөлшері жайылым шөбінің құрғақ затында нөл алты
пайыздан аса қоректік заттардың,оның ішінде, әсіресе каротинін ескереді.
Жазғытұры суалтылған сиырларға мейлінше көк шөп жегізіп құнарлы жемді
шығындамауға болады. Сиырды көкке біртіндеп , қысқы азықтардың тәуліктік
мөлшерін аздап кемітіп барып үйретеді.Олардан бірден бас тартпауы үшін
сабан кесіндісін қант сірнесімен ылғандандырып жегізуге болады. Суалтылған
кезеңнің соңына қарай, бұзаулауына алты жеті күн қалғанда рациондағы
шырынды және кұнарлы азықтар көлемін азайтып, бұзаулауға екі үш күн
қалғанда оларды толығымен алып тастайды да, жегізілетін жем шөп мөлшерін
сиыр тіршілігін қамтамасыз ететін деңгейде қалдырады.

1.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік

Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне
сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін
азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру
ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттілігін мұқтаждық көрсеткіштеріне
сәйкес энергетикалық және қүрылымдық қоректік заттар және барлық минералды,
биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету
болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп,
өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру дейді. Малды
белгіленген мөлшер, яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардан өндірілген
өнім бірлігіне жұмсалған азық шығының күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз
ысырабына соқтырады.
Мал азықтандыруда организм қажеттілігінен аз да немесе одан көп те
мөлшерде азық жүмсау зиянды.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне,
жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты
өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері, яғни
азықтандыру нормасы мен қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп пен
азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азықтандыру рационының қоректілік
көрсеткіштері сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады
Желінген азық аумағын көкшөп пен шырынды және ірі азықтар секілді
жасунықты көлемді азықтар береді . Соған байланысты дұрыс қорытылуы үшін
малға жегізілген азықтардың жалпы аумақтық көлемімен қатар оның жасуынықты,
басқа жеңіл қорытылатын көмірсулы, протеинді топтарының ара қатынасы да ас
қорыту ерекшелігіне үйлесімді болу керек.
Азықтандыру рационының алдымен мал тіршілігін қамтамасыз етуге және
өнім түзуге қажет энергия мен протеиннің жеткіліктілігіне көңіл бөледі.
Малдың өнімділігін 80-90% айғақтайтын рационның энергетикалық қоректілігін
нормалық мұқтаждыққа сәйкестендірген соң өнімділігін қалған 10-20 %
айғақтайтын басқа азықтандыру факторларына тоқталады.
Азықтандыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни қоректілігі
норма көрсеткіштерін өтейтін мал басына жегізілетін азықтар мен азықтық
қосындыларын құрастырады. Рацион құрылымы мен құрамы мал түлігі мен құс
түрінің ас қорыту физиологиясын өнімдік бағытына байланысты зат алмасу
ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мал азығына алдымен өзінің үйреншікті,
дағдыланған, жергілікті жемшөпті жүмсайды. Азықтандыру нормасының
көрсеткіштерін толығымен өтеу үшін қосылған жаңа азық пен азықтық
қосындыларға малды біртіндеп, аз мөлшерден бастап үйретеді.
Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а. ө.
не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрлымын (структура рациона)
айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жекелеген азық мал
азықтандыру типін (тип кормления)белгілейді. Азықтандыру типі
шаруашылықтагы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Рацион
құрастыруды және оның қоректілік көрсеткіштерін малдың тетіктелген
азықтандыру нормасының көрсеткіштеріне сәйкестендіруді біртіндеп келтіреді.
Рацион құрылымын құрғанда әр азық пен негігі азықтық топтың мөлшері мен
арақатынасы мал түрінің, жасының, жынысының, өнімдік бағытының,
физиологиялық ахуалының ас қорыту физиологиясына сәйкестендірілуі керек.
Рационның протеиндік құндылығына бағалағанда мал азығындағы оның жалпы
мөлшерімен қатар жеңіл қорытылу, ас қорыту жолында жылдам ыдырап, толығырақ
сіңірілу қасиеттерін де азық қоректік заттарының ас қорытуы мен зат
алмасуына ықпалын жа ескереді. Желінгеннен жақты, алдымен рационның
энергетикалық қуаттылығын және оның құрылымдық қосындылары мен
арақатынасын, биотүзуге биологиялық түрғыдан құнарлы протеиннің
жеткізілуімен сипаттау қажет.
Рацион аумақты жемшөбінің желінуі малдың қарын аумағы, яғни оның
сыйымдылығымен байланысты болса, оның ірі және шырынды жемшөпке тиетін
үлесі қарындағы ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі.

1.2Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері

Тетіктелген азықтандыру нормасына малдың азық өлшеміне, алмасу
энергиясына, құрғақ затқа, шикі және қорытылатын протеинге, лезинге,
метионин мен цистинге, қантқа, крахмалға, шикі жасуыныққа, шикі майға,
кальцийге, фосфорға, калийге, натрийге, хлорға, магнийге, күкіртке,
темірге, мысқа, мырышқа, марганецке, кобальтқа, йодқа, каротинге,
ретинолға, кальциферолға, токофоролға, тиминге, рибофлавинге, пантотен
қышқылына, холинге, никотин қышқылына, пиродиксинге, цианкобаламинге
мұқтаждық көрсеткіштері кіреді. Бұл көрсеткіштер организмнің тіршілігі мен
өнімділігіне қажетті энергиялық, қүрылымдық, менериалдық және биологиялық
эсерлі заттарга мұқтаждығын жай нормалық көрсеткіштерге қарағанда жан -
жақты да толық қамтитындықтан, саланың малдың жоғары өнімділігін қамтамасыз
ететін интенсивті технологияларымен дамытқанда қолданылады.
Малды нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен
құс түріне, жасына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен өнімділік
деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни азықтандыру
нормасын дәл анықтау болып табылады.Организм тіршілігін қамтамасыз етіп,
өнім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей
салмағы мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі
секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді.
Мал түлігі азықтандыру нормасының көрсеткіштерін факториалдық және
эмпирикалық жолдармен жүргізілген ғылыми-зерттеу және алмасу
тэжірибелерінде түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына,
физиологиялық ахуалына, тірілей салмағына және өнімділігіне сәйкес
өзгеретін энергиялық, протеиндік , минералдық жэне витаминдік мұқтаждығы
бойынша анықтайды. Организмнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия
мен құрылымдық жэне биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айғақтайтын
жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық өлшемі
(сұлылық), қорытылатын протеин (г), ас тұзы (г), кальций (г), фосфор (г),
каротин (мг) жатады. Мұндағы азық өлшемі организмнің жалпы қоректілік, яғни
энергиялық, қорытылатын протеин - құрлымдық (түзушілік), ас түзы, кальций
мен фосфор - менериалдық, каротин -витаминдік мұқтаждығын көрсетеді. Малды
нормалап азықтандыруды іске асыру үшін олардың қоректенуіндегі кем дегенде
осы алты көрсеткіш қадағаланады.
Мал қоректенуінің протеиндік деңгейін қан мен қан сарысуындағы белок
пен оның бөлшектері , гемоглобин мен метгемоглобин, зәрлік (мочевина),
көмірсулық деңгейін - глюкоза мен глюкоген , липидтік деңгейін - кетондық
денелер, минералдық жэне витаминдік деңгейін - минералды элементтердің,
каротин мен жекелеген витаминдердің қанмен қоса сүттегі, жүмыртқадағы,
мүшелердегі жэне үлпа -ағзалардағы деңгейімен бақылауға болады. Азыққа
минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылған жердің жемшөбін пайдаланғанда,
нитраттар мен нитриттердің зиянды әсерінің алғашқы белгілерін қан мен сүтте
каротин мен А витаминнің азайып, метгемоглобинің ұлғаюынан байқайды. Мал
азығымен енген мөлшері азықтандыру нормасына жетпеген минералдық элементтер
көлемін қажетті минералдық қосындылармен толықтырады. Ол үшін кальций
жетпесе - азықтық бор, әк, ұлу қабыршығы секілді кальцийлі, фосфор жетпесе,
қос натри не аммони фосфоттар секілді фосфорлы қосындыларды қолданады.

1.3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар

Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне
қажетті заттар мен қамтамасыз етілуі керек. Ол заттар организмге қоректену
арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада
белгілі жағдайлар туғызғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне
пайдаланылады.
Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып
келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ соншама ақзат түрі тек
20 шақты амин қышқылдарының қалдықтарынан құрастырылады. Бұдан денедегі
қосындылардың күрделі болғанымен, олардың жай қосындылардан түзілетінін
көреміз. Ас қорыту барысында азық қоректік заттары мал денесінің құрамына
кіріп, игеріледі.
Өсімдік клеткаларының қабығы целлюлозадан: ал жануар клеткаларынікі -
ақзаттан тұратындықтан, біріншілерінің құрамында клетчатка,
екіншілерінікінде протеин көмірсулар көп болады. Сонымен қатар өсімдіктер
энергия қорын көмірсулар ал жануарлар майлар түрінде жинайды. Олардың
құрамыда ерекшеленеді. Өсімдік майларында қанықпаған май қышқылдары басым
келіп, сондықтан олар ерітінді (су майы) түрінде болса, жануар майларында,
керісінше, қаныққан май қышқылдары басым келіп: олар қатты (тоң) май
түрінде байланады. Көмірсулардан жануар организмінде энергияның жылдам
пайдаланылатын көзі ретінде гликоген (жануар крахмалы) түзіледі.
Өсімдіктерде негізінен түрлі ферменттер түрінде кездесетін протеин
жануарлар организмінде негізгі пластикалық, құрылыстық рөл атқарып, бұлшық
ет, тері, шаш, жүн, қауырсын, мүйіз, түяқ, тырнақ құрамын құрастырады.
Тіршілікке қажеттілігі дәлелденген биологиялық маңызды, немесе
биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға кальций және
фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін
калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте
маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод,
молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг күрғақ затта грамдап жиналатын
алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса,
мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп
атайды.
Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен
алдымен су жэне құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық жэне
анорганикалық яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі
қоректік жэне биологиялық эсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және
микроэлементтерден тұрады.

1.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері

Мүйізді ірі қара малды азықтандыру өнімдік бағыты мен тұқымына, жасы
мен тірілей салмағына, физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне сәйкес ағзаның
қоректік заттарға мұқтаждығын көрсететін азықтандыру нормасын анықтаудан
бастайды. Оның ішіндегі ең күрделісі - сүтті сиырдың азықтандыру нормасын
белгілеу. Өйткені, химиялық құрамы сан - алуан, биологиялық құндылығы
жоғары сүтті түзу - күрделі физиологиялық процесс. 1 л сүт түзілуіне желін
тамырлары арқылы 500-600 л қан өткізіледі. Тэулігіне 10-12 л сүт сауылса,
оны түзуге 5000-7000 л қан өткізіліп, онымен сүт түзілуіне қажетті барлық
қоректік, минералдық жэне биологиялық маңызды қосындылар жеткізілуге тиіс.
Мүйізді ірі қара мал басқа да күйіс қайыратын мал сияқты жеген жемшөбін
алдымен төрт камерадан тұратын асқазанның алдыңғы камералары - таз қарын,
жалбыршақ және тақия қарындарда алдын -ала өңдеуден өткізеді. Күйіс қайыру
барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған азықпен ауыз қуысынан
таз қарынға көп мөлшерде сілекей қүйылатындықтан, ондағы микроағзалар
тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни микроағзаларға
қауіпті сәулелер өтпейтін, жылы, жемшөп қоректік заттарына бай ортада таз
қарын микрофлорасы қаулап өсіп, өз ретінде, олармен қоректенетін микрофауна
көбеюіне де жағдай туғызылады.Олар азық азотымен қатар карбамид сияқты
химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі қара малға құнды
микробиологиялық ақуыз жеткізіледі.
Мүйізді ірі қара мал азықтандыруын алынатын енімі бойынша сүтті жэне
етті болып келетін сала бағытына байланыстырады.Сүт өндіруге сүтті
бағыттағы қара - ала, аулие - ата, қырдың қызыл, симментал, бурыл латыш
және де сүтті - етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал
тұқымдарды өсіріледі.Оларды өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өте
күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жүғымды сиыр желінінде пайда
болатын құнды биологиялық сүйық.
Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік, минералды
және биологиялық эсерлі заттар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде
жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықтың да тамырдағы
қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен - 90 есе,
май мөлшері - 18-20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы
деңгейінен анағүрлым жоғары шоғырланады.

1.5 суалған буаз сиырды нормалап азықтандыру және райион құру

Суатылған кезеңде буаз сиырдың жүйке гумаралдық жүйесінің қызметінің
өзгеруімен сүт түзуі тежеліп, бәсеңдейді де, болашақ бұзау болатын ұрық
дамуы күшейіп, қоректік мұқтаждығы артады. Сиырды суалтуды азықтандыру
деңгейін өзгерту арқылы жүргізетіндіктен,суалтылған кезеңнің бірінші он
күндігінде желіндегі сүт түзуін тежеу үшін суалтылған сиырдың азықтандыру
нормасын жиырма пайызга төмендетіп, яғни сексен пайыз деңгейінде
азықтандырылады. Желіні сүтке толмай суалып кеткен сиыр азығын біртіндеп
молайтып, суалтылған кезеңінің екінші он күндігінде азықтандыру деңгейін
азықтандыру нормасына сәйкес, ягни жүз пайыз азықтандырылады.
Суалған буаз сиыр рационы таза сапалы азықтардан құрастырылады.
Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы
мүмкін. Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда жайылым
отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды.
Олардың калийнитраты түріндегі мөлшері жайылым шөбінің құрғақ затында нөл
алты пайыздан аса қоректік заттардың,оның ішінде, әсіресе каротинін
ескереді. Жазғытұры суалтылған сиырларға мейлінше көк шөп жегізіп құнарлы
жемді шығындамауға болады. Сиырды көкке біртіндеп , қысқы азықтардың
тәуліктік мөлшерін аздап кемітіп барып үйретеді.Олардан бірден бас тартпауы
үшін сабан кесіндісін қант сірнесімен ылғандандырып жегізуге болады.
Суалтылған кезеңнің соңына қарай, бұзаулауына алты жеті күн қалғанда
рациондағы шырынды және кұнарлы азықтар көлемін азайтып, бұзаулауға екі үш
күн қалғанда оларды толығымен алып тастайды да, жегізілетін жем шөп
мөлшерін сиыр тіршілігін қамтамасыз ететін деңгейде қалдырады.
Суалу кезеңінде буаз сиырларды дер кезінде суалдыру мен толыққұнды
азықтандыру – ұзақ уақыт бойы сүтті мол алуды қамтамасыз етудің, дені сау
төл алудың және сиырды шаруашылықта ұзақ пайдаланудың негізгі шарты.
Болашақтағы буаздық кезеңге қоректік заттар қорын жинауды қамтамасыз
етулері үшін, суалған буаз сиырлардың мерзімдік азық үлестерінің құрамына
жоғары сапалы пішен, сүрлем, пішендеме, тамыржемістер мен құнарлы азықтар
енгізеді.
Ұсынылып отырған мерзімдік азық үлестерімен азықтандырғанда, суалған
буаз сиырлардан дені сау, азық үлестерімен азықтандырғанда, суалған буаз
сиырлардан дені сау, туылғандағы салмақтары 30 кг-нан 38 кг-ға дейін
тартатын, ал шаруашылықтағы құрамы аз және нашар азықтармен
қоректендіргенде, салмағы 24-26 кг ғана болатын бұзаулар алынады.
Толыққұнды мерзімдік азық үлесімен азықтандырылған сиырдан туылған және
бірдей жағдайларда өсірілген бұзаудың 6 айлығындағы тірілей салмағы 142,8
кг-ға жетіп, нашар азықтандырылған сиырдан туылған өзімен жасты бұзаудың
салмағының 9,3 кг немесе 7% артық болады. Сүттенген кезеңде жақсы
қоректенген буаз сиырлар суалу кезеңінде толыққұнды мерзімдік азық үлесімен
азықтандырылса, салмағы 10-12% немесе 45-60 кг-ға артады.

1.6 Буаз құнажынның қоректік мұқтаждығы мен олардың көрсеткіштері

Буаз құнажынды сапалы азықтандыру оның болашақ төліне және сүт беруіне
әсерін тигізеді. Бұл суалу кезеңінің ұзақ немесе қысқалығына да байланысты.
Суалу кезеңі малдың жасына, қондылығы мен өнімділігіне байланысты қырық
бестен жетпіс бес күнге созылады. Арық қоңдылығы төмен құнажындардың және
де сүтті сиырлардың дем алу кезеңі біршама ұзағырақ болады. Мал дұрыс
азықтырылған жағдайда құнажындардың тірілей салмағы он, он екі пайызға
артады. Бұл малдың бойында болашақ төлдің қалыптасуы үшін қажетті қоректік
заттар артығымен жиналып, ал кейін сауылатын кезінде сүттің мол болуына
ықпал етеді. Құнажындарды төлдеуге жақсы әзірлесе, олар жеңіл
бұзаулайды,төлдеу алдындағы және одан кейінгі аурулар азайып, өнімі артады.
Суалған құнажынның ішіндегі төлі тез өседі. Сондықтан бұл кезде сиыр азығы
на айрықша көңіл бөлу керек. Сиырға сапалы пішен, сүрлем және жем берілуі
тиіс. Рацион құрамында ірі азықтардан-бұршақ тұқымдас шөп болғаны дұрыс.
Өйткені ол құнарлы протеинге, минералдық заттарға, каротинге бай. Сондай-ақ
сүрлем , арпа жармасы, сүлы, мақта және күнбағыс күнжарасы берілуі тиіс.
Бұзаулауға жақындаған кезде сүтті сиырға балауса азықпен жемді аз мөлшерде
берген жөн. Мұның өзі құнажынның туар кезде өте семіріп кетпеуіне немесе
бұзаулағаннан кейін оның желінінің ісіп кетпеуіне септігін тигізеді.
Қоңдылығы ортадан төмен төмен буаз сиырларға азықтандыру нормасын тәулігіне
1-2 азық өлшеміне артық азықтандыру нормасы нәтижесінде сиыр бұзаулау
мерзіміне дейін орташа және ортадан жоғары қоңдылыққа жетеді. Буаз
сиырларға көгерген, мұз болып қатқан, иістенген жем шөпті беруге болмайды.
Сиырлар суалғанда аса семіріп кетпегені жөн.
Әрбір азық өлшем бірлігіне шаққанда 110-120 г қорытылатын протеин, 9-10
г кальций, 5-6 фосфор және 40-50 г каротин болуы тиіс.
Қоректі заттарға мұқтаждығы суалған уақыт кезеңдеріне байланысты.
Суалудың екінші кезеңінде іштегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суалған сиырларды азықтандыру нормасы
Ірі қараны нормалап азықтандыру. Буаз сиыр мен құнажынды азықтандыру
Буаз саулықтарды азықтандыру
Малды азықтандыру ерекшеліктері
Ірі қараны азықтандыру ерекшеліктері
Ауылшаруашылық малдарын ғылыми əдіспен азықтандыру
Ірі қара төлін өсірудің маңызы
Әр түрлі бағыттағы ірі қара тұқымдары
Ірі қара гигиеналары
Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел
Пәндер