Модификациялық және мутациялық өзгергіштік



І. МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
1. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары

ІІ. МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
1. Геномды мутация
2. Хромосомалық мутация
3. Гендік мутация

Сұрақтар
Модификация — генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болған ағза фенотипіндегі белгілердің өзгеруі. Өзгергіштіктің бұл типі тұқым қуаламайды. Бұл өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы зор, себебі ағза өзгерген ортаға сай бейімделетіндігі баршамызға белгілі.
Модификацияның «ұзакқа созылған модификациялық өзгергіштік» деп аталатын категориясы болады. Н. И. Вавилов ұзакка созылған модификацияның болу себептерін және оның типтерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Ол ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгергіштікке айналуы мүмкін деген қорытынды жасады.
Н. И. Вавиловтың осы пікірі көптеген ғалымдардың әр түрлі объектілерге жасаған тәжірибелері арқылы дәлелденді. Мысалы, қарапайымдарды, бунақденелілерді, дрозофила шыбынын және жоғары сатылы өсімдіктерді қолайсыз температурада, улы заттар, жоғары қанықдалы иовдармен, т. б. әсер етіп өсіргенде, ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік алынған.
Сол сияқты фенотиптік өзгергіштік алу мақсатында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің ғалымдары М. Зияров және баскалар он жыл бойында тәжірибе жасады. Осы тәжірибелердің нәтижесінде бидай өсімдігінің ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштігін алды. Бұл өзгергіштікті алу үшін жаздық бидайдың 6 іріктемесін Қазакстандық — 126, Эритросперум — 841, Псевдотурцикум — 2115 , Қожа бвдай, Мелянопус — 1932, Велютинум — 303 алып, 8 жыл бойы жылыханада өсірген. Әр түрлі жағдайлармен әсер ете отырып жүргізілген көпжылдық тәжірибенің нәтижесі, осы өзгергіштіктің (ұзаққа созылған модификация) пайда болуына әсерін тигізді ф, ұзаққа созьшған модификация терминін 1921 жылы В. Иоллас ұсынды. Иолластың зерттеулері бойынша сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен ағзада пайда болған өзгерістер көптеген жануарларда, аналық сала бойынша бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалаған.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
1. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары

ІІ. МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
1. Геномды мутация
2. Хромосомалық мутация
3. Гендік мутация

Сұрақтар

І. МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК

Модификация — генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта
жағдайларының әсерінен болған ағза фенотипіндегі белгілердің өзгеруі.
Өзгергіштіктің бұл типі тұқым қуаламайды. Бұл өзгергіштіктің эволюциядағы
маңызы зор, себебі ағза өзгерген ортаға сай бейімделетіндігі баршамызға
белгілі.
Модификацияның ұзакқа созылған модификациялық өзгергіштік деп
аталатын категориясы болады. Н. И. Вавилов ұзакка созылған модификацияның
болу себептерін және оның типтерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Ол ұзаққа
созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгергіштікке
айналуы мүмкін деген қорытынды жасады.
Н. И. Вавиловтың осы пікірі көптеген ғалымдардың әр түрлі объектілерге
жасаған тәжірибелері арқылы дәлелденді. Мысалы, қарапайымдарды,
бунақденелілерді, дрозофила шыбынын және жоғары сатылы өсімдіктерді
қолайсыз температурада, улы заттар, жоғары қанықдалы иовдармен, т. б. әсер
етіп өсіргенде, ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік алынған.
Сол сияқты фенотиптік өзгергіштік алу мақсатында Абай атындағы Алматы
Мемлекеттік университетінің ғалымдары М. Зияров және баскалар он жыл
бойында тәжірибе жасады. Осы тәжірибелердің нәтижесінде бидай өсімдігінің
ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштігін алды. Бұл өзгергіштікті алу
үшін жаздық бидайдың 6 іріктемесін Қазакстандық — 126, Эритросперум — 841,
Псевдотурцикум — 2115 , Қожа бвдай, Мелянопус — 1932, Велютинум — 303 алып,
8 жыл бойы жылыханада өсірген. Әр түрлі жағдайлармен әсер ете отырып
жүргізілген көпжылдық тәжірибенің нәтижесі, осы өзгергіштіктің (ұзаққа
созылған модификация) пайда болуына әсерін тигізді ф, ұзаққа созьшған
модификация терминін 1921 жылы В. Иоллас ұсынды. Иолластың зерттеулері
бойынша сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен ағзада пайда болған өзгерістер
көптеген жануарларда, аналық сала бойынша бірнеше ұрпақ бойы тұқым
қуалаған.
Сыртқы орта жағдайларының әсеріне ағзаның белгілері түрліше жауап
қайтарады. Ағзаның кейбіреулері орта жағдайының әсеріне тез бейімделеді
немесе өзгереді. Кейбіреулері аздап өзгереді, үшіншілері тіпті іс жүзінде
өзгермейді деуге болады. Мысалы: жем-шөпті мол беріп, қораны жылы ұстап,
уақтылы суарып отырса, ірі қара сүтті мол береді, сонымен қатар оның
еттілігі де артады. Ал, күтімді қалай жақсартса да жүннің түсі өзгермейді.
Әйтсе де, температурамен әсер ету арқылы ғалымдар, ақкіс және үй-қояндардың
құлағы мен құйрығының ұшындағы және жотасындағы жүнінің түсі өзгеретіндігін
дәлелдеген.
Мұның өзі жануарлардың кейбір түкым қуалау белгілері сырткы орта
жағдайының өзгеруіне байланысты екендігіндәлелдейді. Яғни гендер мен
генотип өрекетінің білінуі орта жағдайларына тәуелді. Орта жағдайының
езгеруіне байланысты модификациялық өзгергіштіктің шегі де әр түрлі болады.
Белгінің модификациялық өзгергіштік шегі реакция мөлшері деп аталады.
Ендеше, сүттілік белгі реакция мөлшерінің өте көлемдісіне, жүннің реңі —
тар көлемдіге жатады.

1. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық зандылықтары.
Ағзаның белгілері сыртқы ортаньщ әр түрлі жағдайының әсеріне ете
сезімтал келеді. Өсімдіктердің кейбір белгілері тез өзгереді. Оған
есімдіктердің бойы, түсімділігі, жапырақтарынын, пішіндері, гүлінің түсі,
бидай масағындағы масақшалар санының өзгеруі, т. б. дәлел бола алады. Егер
бір ағаштың бірнеше жапырағын алып, үзынынан жөне көлденеңінен өлшесе,
сәйкес келетін жапьфақтар кемде-кем. Бұл табиғи зандылық, себебі, күннің
түсуі, тамырға судың сіңірілуі, өсімдік тұкьімының себілу терендігі әр
түрлі болады. Мұндай өзгерістер модификациялык өзгергіштіктін,
статистикалық зандылығы аркылы түсіндіріледі. Оған мынадай қарапайым
мысалдар келтірейік. Лавршие жапырағын үзындығының артуы бойынша қатар-
қатар орналастырса, онда жеке нұсқалардан тұратын белгілердің өзгергіштік
қатары шығады. Мұнда жапырақтың ортаңғы нұсқа кездесу жиілігі басым, ал екі
шеткі нұсқа кездесу жиілігі кем екені суреттен көрініп тұр.
Немесе бидай өсімдігінен 100 масақ алып, әрбір масақтағы масақшалар
санының өзгеруін есептесек, мынадай нұсқалар шығады — 14, 15, 16, 17, 18,
т. б. Сонда әрбір бидай масағындағы масақшалар саныньщ өзгеруіне байланысты
жеке нұсқаларға орналастырсақ белгі езгергіштігінің вариациялык қатары
келіп шығады. Мұнда масақшаларының саны орташа 16—18 болып келетін
масақтары жиі, ал масақшалар саны не көп, не аз болып келетін масақтар
сирек кездесетінін байқаймыз.

ІІ. МУТЛЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК

Мутациялар. Ағзадағы ДНҚ-нын мөлшері мен кұрылымының өзгеруін мутиция
дейді.
Мутация (латынша mutatio — өзгеріс) туралы ұғымды ғылымға 1900 жылы
Мендельдің зандарын қайта ашқан ғалымдардың бірі голландиялық ботаник Г.Де-
Фриз енгізді. Г.Де-Фриз есекшөп (энотера) өсімдігіне тәжірибе жасағанда
оның белгілері секірмелі түрде ауытқып отырған, яғни қалыпты пішіннен
тырбық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзгергіштік түсінігі
Өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері
Тұқым қуалайтын өзгергіштік
Генетикалық өзгергіштік
Өзгергіштік заңдылықтары
Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары
Цитоплазмалық мутация
Генетикалық өзгергіштік түсінігі
Мәдени өсімдіктердің шаруашылық дақылдары
Оқыту әдістерінің жүйесі
Пәндер