Салық және салық салу



Кіріспе

I . Тарау Салықтың экономикалық табиғаты
1.1 Салық ұғымы және маңызы
1. 2 Салықтың даму тарихы


II . Тарау Салық және салық салудың құрылу негіздері
2.1 Салық функциялары

2.2. Салық салу принциптері


Қорытынды

Пайдаланған әдебиет
Білімнің өзіндік саласы болып XIX ғасырда қалыптасқан салықтың жалпы теориясы қаржы ғылыми тәңірегінде өмір сүреді. Салық салу тәжірибесі мемлекеттің салық жағындағы қажеттілігі әсерінен қалыптасты.
Мемлекет қоғам мүддсін өмірлік қызметтің түрлі саласында бейнеледі, осыған сәйкес экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, демографиялық және т.б. саясатты орындап, жүзеге асырады. Бұл жағдайда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудегі объект пен субъект өзара әрекетінің құралы ретінде қаржын-несиелік және бағалық механизм қолданылады.
Салық тауар өндірісімен, қоғамның класқа бөлінуімен және әскерді, сотты, шенеунектерді және тағы басқа мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге құралдарды сүруінің ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасы. «Салықта мемлекет өмір сүруінің экономикалық бейнесі көрсетілген» - деп К. Маркс әділ атап өтті. Капиталистік қатынастардың құрылуы және дамуы кезіңде салықтың маңызы күшейе түсті: жаңа аймақтарды басып алуда қажет әскер мен флотты қамтамасыз ететін – шикізат нарығы мен дайын өнімді өткізуге, қазынаға қосымша қаражат қажет болды.
1. Салық Кодексі; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы .- Алматы,2003
2.Серкебаев Б. Салық саласына салмақ түсмті // Қаржы-Қаражат.-1999.-№6
3.Рустемов К. Салық реформасы уақыт сыны.//Қаржы-Қаражат.-2000.-№1
4.Әлімов Қ. Салық халық несибесі // Қаржы-Қаражат.-2001.-№5
5. Жүнісов Б. Нарықтық экономика негіздері.- Алматы,1999
6. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы,1999
7.Мамыров М. Государство и бизнес.-Алматы,2002
8. Жауапсыздық жарға жығады // Қаржы-Қаражат.-2000.-№5

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I - Тарау Салықтың экономикалық табиғаты
1.1 Салық ұғымы және маңызы
1. 2 Салықтың даму тарихы

II – Тарау Салық және салық салудың құрылу негіздері
2.1 Салық функциялары

2.2. Салық салу принциптері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Білімнің өзіндік саласы болып XIX ғасырда қалыптасқан салықтың жалпы
теориясы қаржы ғылыми тәңірегінде өмір сүреді. Салық салу тәжірибесі
мемлекеттің салық жағындағы қажеттілігі әсерінен қалыптасты.
Мемлекет қоғам мүддсін өмірлік қызметтің түрлі саласында бейнеледі,
осыған сәйкес экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, демографиялық және т.б.
саясатты орындап, жүзеге асырады. Бұл жағдайда әлеуметтік-экономикалық
процесстерді мемлекеттік реттеудегі объект пен субъект өзара әрекетінің
құралы ретінде қаржын-несиелік және бағалық механизм қолданылады.
Салық тауар өндірісімен, қоғамның класқа бөлінуімен және әскерді,
сотты, шенеунектерді және тағы басқа мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге
құралдарды сүруінің ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасы.
Салықта мемлекет өмір сүруінің экономикалық бейнесі көрсетілген - деп К.
Маркс әділ атап өтті. Капиталистік қатынастардың құрылуы және дамуы кезіңде
салықтың маңызы күшейе түсті: жаңа аймақтарды басып алуда қажет әскер мен
флотты қамтамасыз ететін – шикізат нарығы мен дайын өнімді өткізуге,
қазынаға қосымша қаражат қажет болды.

I. Салықтың экономикалық табиғаты
1. Салық ұғымы және маңызы

Салық – шаруашылық субъектілерін және ставка бойынша азаматтардан
бекітілген заң тәртібі негізінде мемлекетпен алынатын міндетті жиындар.
Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын
мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен
коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да
өмір қажеттіліктеріне қаражат керек. Сондықтан,да
табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет.
Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару
органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша
қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры,
басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр мүшесі
өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша жіберуі керек.
Сонымен, Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен,
мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып
табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің
шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі
үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатусышылары:
материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және
белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері,
капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте
шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы
үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа
даа мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан – салықты
бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан – түрлі
саланы бюджеттен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Бюджет-қаржы жүйесіндегі негізгі және қан тамыр күретамыры салық болып
табылады. Салық салу тәсілдері мен формалары түрлі болып келеді. Бұл
салық төлеушілердің төлем қабілеттілігін ұстауға, жалпы салық
ауыртпалығын психологиялық бідірмеуге, табыстың түрлі формасын
бейнелеуге, тұтынуға және тиімді әрекет етуі, салықтың әр түріне және
жиынтығына салық салу нысабын ұйғарады.

2. Салықтың даму тарихы

Сонымен, салық мемлкеттің қалыптасуымен бірге пайда болып, оның өмір
сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті қамсыздандыру үшін, азаматтардың
біртіндеп міндетті және үздіксіз бола бастаған табиғи және ақшалай
түріндегі жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салық нысандары
мен әдістері өзгеріске түсті, өңделді, мемлекет қажеттілігі мен сұранысына
бейімделді, олардың қызметі кеңейді, әлеуметтік-экономикалық процесстердегі
ролі өзгерді.
Салық төлету нысандары мен әдістерінің дамуында үш ірі кезеңді атауға
болады.
Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін
мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық аппараты
болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе
қауымға жүктелген.
Екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі
құрылып, мемлекет қызметтің бір бөлігін өз мойынша алады: салық салу үлесін
ортады, салықты жинау процессін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе
төңірегінде анықтайды.
Үшінші кезең, жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлетуге байланысты
қызметті өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің
аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін
атқарады.
Мемлектті ұймдастырудың бастапқы сатысында салық салудың алғашқы нысаны
құрбан шалу болды. Бірақ бұл ерікті түрде боллды деп ойлауға болмайды.
II. Салық және салық салудың құрылу негіздері
2.1 Салық функциялары
Салық – мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастап қоғамдағы экономикалық
қатынастардың қажетті буыны болып табылады. Мемлекеттік құрылғы
нысандарының дамуы мен өзгеруі әлеуметтік- экономикалық процесте салық
ролінің күшеюіне, салық функцияларының кеңеюіне әкеліп соғады.
Салық функцияларының мәні, қасиеттерінің тәсілі оның әрекетінде көрінеді.
Функция берілген экономикалық категорияның қоғамдық міндеті қалай жүзеге
асырылып жатқандығын көрсетеді. Сондықтан салық мәнән мемлекет кірісін
құндық бөлу және қайта бөлу құралы ретінде бейнелейтін салықтың бөлу
функциясы негізгі болып табылады.
Тарихи жағынан негізінде қазына мемлекетін білдіретін фиск сөзі жатқан
фискалды (бюджеттік) функция алғашқы болып табылды. Осы салық функциясының
көмегімен мемлекеттік бюджетке қаражат түседі, меншікті функциялар мен
міндеттерді жүзеге асыру үшін салықтың негізгі қоғамдық міндеті-
мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасады. Өндірістің тауар- ақша
қатынастарының дамуына байланысты, фискалды функция мемлекетке түсетін
ұлғайған ақшалай табысты анықтайды.
Экономикалық категория ретінде салықтың басқа функциясы салық түсімін
бақылап, оны қаржы ресурстарында мемлекет қажееіліктерімен салыстырады.
Бақылау функциясының көмегімен әр салық қаналы мен салық прессінің жалпы
тиімділігі бағаланып, ұлттық табысты мемлекеттендіру деңгейі анықталады,
салық жүйесі мен бюджет саясатына өзгеріс енгізу қажеттілігі айқындалады.
Салықты бақылау функциясын жүзеге асыру, оның толықтығы мен тереңділігі
(мазмұндылығы) төлем тәртібінің жағдайына байланысты. Сондықтан бақылау
функциясын іске асыру үшін бекітілген заңға сәйкес, барлық салық
төлеушілердің салықты уақытылы және толық мөлшерде төлеуін қамтамасыз еткен
жөн.
Осыдан бақылау функциясын іске асыру үшін бекітілген заңға сәйкес,
барлық салық төлеушілердің салықты уақытылы және толық мөлшерде төлеуін
қамтамасыз еткен жөн. Осыдан салықты есептеу дұрыстығын және оның
мемлекеттік бюджетке уақытылы түсуін бақылау бойынша салық инспекциясы
қызметінің негізгі міндеттері анықталады. Салық-қаржықатынастарының бақылау
функциясы тек бөлу функциясы жағдайында ғана байқалады.
Ұдайы өндірістік процесте салықтың бөлу функциясы ролінің көпжақтылығын
сипаттайтын қасиеттері бар. Бастапқы кезде салықтың бөлу функциясы таза
фискалды сипатта болды; әскерді, шенеуік аппаратын қамтамасыз ету
мүмкіндігіне ие болу үшін мемлекеттік қазынаны, біртіндеп әлеуметтік саланы
(ағарту,денсаулық сақтау және т.б.) толтыру қажет болды. Бірақ мемлекет
еліміздің шаруашылық өмірін ұйымдастыруға белсенді араласа бастағаннан
кейін, салық механизмі арқылы жүзеге асырыла бастаған реттеу функциялары
пайда болды. Сондықтан да қазіргі өркентиетті мемлекет жағдайында бөлу
функциясы мемлекеттің экономикалық қызметін реттегіш белгілеріне ие болды
және салықты реттеу функциясы ретінде таныла алады. Мемлекет салық
механизмі арқылы халық шарушылығының дамуына мақсатты әсер етеді. Бұл
жағдайда салық формаларын, олардың ставка өзгерісін, төлету тәсілдерін,
жеңілдіктерді таңдау пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы
өндірістің құрылымы мен үйлесіміне,жинақтау және тұтыну мөлшеріне әсер
етеді, оларды ғылыми- техникалық прогрессті ынталандыруда пайдаланған
тиімді. Салықтық реттеудің көмегімен, сонымен қатар ұдайы өндірістік
бағыттағы қосалқы функциялар жүзеге асырылады.
Салықтың ынталандырушы қосалқы функциялары жеңілдіктер, преференциялар,
ерекшелікжүйесі арқылы байқалады. Ынталандырушы қосалқы функцияны жүргізу
нәтижесінде салық салу объектісі өзгеріп, салық салу базасы азаяды, салық
ставкалары төмендейді. Ынталандыру реттегіштері көбінде салық төлеушілердің
өндіріс пен өндірістік емес құрылыстың дамуына, мүгедектер мен
зейнеткерлерді, қайырымдылық қызметін және т.б. қамсыздандыру шығынан
қаржыландыру мәселелеріне ынталандыруда пайдаланады.
Салықтың тежеушілік қосалқы функциясы өз алдына ынталандырушы қосалқы
функцияға қарама- қарсы міндеттерді қояды, және салық ставкаларының өсуі
арқылы байқалады. Өндірістік бағыттағы қосалқы функцияда жалпымемлекеттік
табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Мүлік салығы туралы
Мүлік
Мүлік салығын төлеушілермен салық салу объектілері
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Меншікке салынатын салық: мүлік салығы
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні
Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны
Мүлік салығының қазіргі замандағы алыну ерекшеліктері
Пәндер