Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... .10
1.1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық Департамент туралы ереже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3Ботаның эшерихиозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –124б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 129 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 128с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-154с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-111с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 141б.
9Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай И.А., Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009-133б .
10Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И.- Алматы, 2009.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен "Бота ешерихиозы (ақтышқақ)
ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар" тақырыбына жазылған
курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 3 сызба
қамтылды.

Анықтамалар

Ботаның эшерихиозы (ақтышқақ) - Эшерихиоз — жас ботаның қызуын көтеріп,
асқазанын қабындыратын және ауырған малдың іші қатты өтетін жұқпалы ауру.
Күл - түйе мен ботаның күл ауруы өте жұқпалы, жіті түрде өтетін ауру.
Ауруға түйеден гөрі бота тез шалдығады және олардың көбісі 3—8 күн
аралығында өледі.
Індет ошағы - індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы
күштері инфекцйия қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім
жануарлардың өзара бір-біріне әсер етітін кеңістік аталады.
Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу
шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша іңдет ошағына күзет посты
қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум
орнатылады.
Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсендеуі қарым-қатынасты
тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай коймайтын жұкпалы
аурулар кезіңде мысалы, сарып, сакау қолданады.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... .10
1.1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық
Департамент туралы
ереже ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..11
1.3Ботаның
эшерихиозы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .15
1.4 Жұқпалы ауруларды сауықтыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 23
3 Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

Қысқартулар мен белгілер

м2 - шаршы метр
м3 – метр куб, көлем
м – метр
% - пайыз
°С – температура
мг м3 – көлем
г – грамм
кг – килограмм

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04 – 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
(күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған
экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен
өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын
толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы
ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік
саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы
қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық
талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде
ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл
ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты
негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы
қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.
Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі
аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе
жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға
шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын
ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою
жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны
анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық
өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет
көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы
кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-
қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға
сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының
себебі болды.
- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық
жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және
ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,
халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен
қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан
ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал
екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді
дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет
территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік
ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды
маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан
сақтайды.
Ботаның эшерихиозы жас ботаның қызуын көтеріп, асқазанын қабындыратын
және ауырған малдың іші қатты өтетін жұқпалы ауру.
Бота эшерихиозға 2—3 күндігінде шалдығады, бұдан марқалау боталардың
ауруы сирек кездеседі.Ауру жіті өтеді. Ауырған малдың дене қызуы 40°С дейін
көтеріледі, іші қатты өтіп, арықтайды. Бота самарқау тартып, орнынан көп
қозғалмайды, енесін ембейді, оның организмі тез әлсіреп, жатып қалады. Ауру
малға ем уақтысында қолданылмаса бота 3—4 күнде өледі.
Ауру малға диагноз қойғанда аурудың клиникалық белгілеріне сүйену
керек. Мұнда ботаның дене қызуы көтерілуі, туғанына 2—3 күн болған жас
ботаның ауыруы және іші өтіп тез арықтауы бәрі-бәрі ескеріледі.
Өлекседегі өзгерістерге асқазан жолдарындағы патологиялық сарындар,
өлексенің тым арықтығы жатады. Сонымен бірге ауруды мейлінше дәл анықтау
үшін лабораториялық зерттеу әдісі қолданылады.
Ауру малды емдеу үшін сульфаниламид дәрілері қолданылады, сондай-ақ
фуразолидон және фуразидин, антибиотиктер пайдаланылады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – ботаның ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына
қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды
бұзғаны үшін жауаптылық

Ветеринарияны қаржыландыру көздері
Мыналарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге
асырылады:
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік
құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың
республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
үкіметі бекітткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының
профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып
қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;
алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізаттың иелеріне олардың құнын өтеу;
ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық
коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар;
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес өзге де ветеринариялық
іс-шаралар.
Табиғи монополялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге
асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау объектілері иелерінің есебінен мынандай
ветеринариялық іс-шаралар орындалады:
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан
өткізу, серияларын бақылау және оларға тіркеу сынағын жүгізу;
ауылшаруашылық жануарларын, базарларды ветеринариялық қадағалау
бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі
ұйымдарды бірдейлендіру рәсімі;
базарлардағы ветеинариялық-санитариялық сараптама;
дегельминтизация, дезинсекция, дератизация, дезинфекция (мемлекеттік
шекарадағы вет. бақылау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
жануарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген
аса қауіпті ауруларын қоспағанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың
профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен республикалық бюджеттің кірісі есебіне аудара отырып,
ветеринариялық-санитариялық қорынтынды мен ветеринариялық куәліктің
бланкілерін беру.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының бұзылуына
кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты
болады.
Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залады өтеуден
босатпайды.
Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мал дәрігерлігі туралы 1995 жылғы
25-шілдедегі №2376 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1995ж. №14 құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1998 ж. №17-18, 225 құжат; №24, 443-құжат) күші жойылсын деп
танылсын.

1.2Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық
Департамент туралы ереже

Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
ветеринариялық Департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі құзіретінің шегінде арнайы
атқарылушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ
мал дәрігерлігі саласында аралық үйлестіруді дербес жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының ведомствасы болып
табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының
конститутциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының
Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік
құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге
асырылады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы
мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес
банктарда шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Департаменттің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе,
мемлекеттің тарапынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына
құқығы бар.
4. Департамент өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда
белгіленген тәртіппен республиканың аумағында міндетті күші
болатын бұйрықтар шығарады.
5. Департаментінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді. Штат санын министрліктің штат саны лимитінің
шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
бекітеді.
6. Департаменттің заңды мекен-жайы:
473000. Астана қаласы, Достық көшесі, 6.
7. Департаменттің толық атауы- Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау
департаменті мемлекеттік кәсіпорны.
8. Осы ереже департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Департаменттің қызметін қаржыландыру тек республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады.
Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Егер Департаментке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік
бюджеттің кірісіне есептеледі.
Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10.Департаменттің негізгі міндеттері:
1) жануарлар менқұстардың аса қауіпті әрі карантинді жұқпалы және
паразиттік ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі мақсатты
бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) меншіктіктің барлық нысандарындағы заңды және жеке тұлғалардың мал
дәрігерлігі ережелерін сақтауы және мал дәрігерлігінде биологиялық,
химиялық, басқа да препараттардың қолданылуын бақылау функцияларын жүзеге
асыру;
3) мал дәрігерлігі саласында мамандар даярлау, мал дәрігерлік
препараттарын шығару және мал дәрігерлігінің проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу жөніндегі негізгі бағыттарды айқындауға және
бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу;
4) республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының
әкелінуінен қорғау, оның ішінде шекарада және көлікте мемлекеттік мал
дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ету;
5) өнімнің, жануар тегінен шыққан шикізаттың сапасын мал дәрігерлік-
санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
6) мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қоршаған табиғи ортаның
ластануының алдын алу болып табылады.
11.Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген
тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мал дәрігерлік қызыметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2) жануарлар ауруларын алдын алу және оларды жою жөніндегі
бағдарламалардың мониторингін, оларды болжауды, әзірлеуді ұйымдастырады,
жануар тегінен жасалған өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық
сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;
3) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының тізбесін жасайды және
оны Үкіметке бекітуге ұсынады;
4) жануарларды аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда, оларды
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, оқшаулау туралы
барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқау береді;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдармен өзара іс-қимылды
халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз етуді
және жануар тегінен жасалған азық түліктермен уланудың алдын алуды жүзеге
асырады;
6) мал дәрігерлік нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда, қажетті мал
дәрігерлік-санитарлық, эпизоотияа қарсы іс-шаралар жүргізілгенге дейін мал
өсіру объектілерін пайдалануды, ет және сүт өнеркәсібін ұйымдастыруды,
жануарлар тектес азық-түліктер мен шикізаттарды қайта өңдеу және сақтау
жөніндегі ұйымдастыруды тоқтата тұрады;
7) жануарлардың ауруына байланысты мал дәрігерлік статистикасын
жүргізеді, есеп пен есептілік нысандарын жетілдіру жөніндегі ұсыныс
енгізеді;
8) заңды және жеке тұлғалардың мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын
жүргізуін, олардың қолданылып жүрген мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді
сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрігерлік заңдарын
бұзуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
9) республиканың аумақтарын шет мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы
ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын
бақылайды;
10) шекаралық және көліктік мал дәрігерлік бақылау пунктері арқылы
мемлекеттік мал дәрігерлік бақылауды, жануар тегінен жасалған азық-түліктер
мен шикізаттардың, жемшөптің, биологиялық, химия-фармацевтік препараттардың
және басқа да бақыланатын жүктердің импортын, экспортын, транзитін және
республианың ішінде тасымалдануын, мал айдауды қадағалауды жүзеге асырады;
11) өз құдіретінің щегінде мал дәрігерлігі жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерді бекітеді;
12) лобаратория ісі және жануарлар мен құстар ауруларының диагностикасын
жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
13) отандық және импорттық мал дәрігерлік препараттарына, аспаптарына,
құралдарына, мал азығын қосымшаларға тіркеу куәліктерін береді және оларға
арналған нормативтік-техникалық құжатаманы бекітеді, оларды өндіруге және
қолдануға рұқсат береді;
14) мал өсіру фермаларын, жануарларды сою және жануар тегінен шыққан
шикізаттарды қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды жоспарлаудың және құрылысын
салудың жобаларына, көрсетілген объектілердің және жануарларға арналған су
қорғандарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін бөлудің жобаларына
сараптаманы жүргізеді;
15) халықтың арасында мал дәрігерлігі және мал дәрігерлік-санитарлық оқу-
ағарту жұмыстары саласында насихатты ұйымдастыру;
16) республикалық бюджеттен мал дәрігерлік алдын алу, эпизоотикаға қарсы
және сауықтыру іс-шараларын жүргізуге бөлінетін қаражатың мөлшерлері туралы
ұсыныс енгізеді;
17) мал дәрігерлігі қызыметін ұйымдастырудың отандық және шетелдік
тәжірибесін зерделейді, ұсыныстар енгізеді және өз құзіретінің шегінде таяу
және алыс шетелдермен мал дәрігерлігі саласында ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
18) Қазақстан Республиккасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды
жүзеге асырады.
12.Департаменттің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген
функциялардыжүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) өз құзіретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық
актілер шығаруға;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы
болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншіктік
құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
3) өзіне жүктелген міндеттерді жүзге асыру үшін мемлекеттік органдар мен
өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға;
4) өз құзіретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;
5) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалануды
жүзеге асыруға;
6) меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың мал дәрігерлігі заңдарының
нормаларын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруді жүргізуге;
7) заңды және жеке тұлғаларға эпизоотикаға қарсы және басқа да мал
дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды жүргізу және мал дәрігерлік-санитарлық
ережелердің бұзылуын жою туралы талаптар қоюға, сондай-ақ қойылған
талаптардың орындалуын бақылауға алу;
8) мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына жол
берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды әкімшіліктік жауаптылыққа
тартуға, оның ішінде айыппұл санкцияларын қолдануға;
9) эпизоотикаға қарсы іс-шаралар мен жануарлар ауруларының
диагностикасына арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысуға;
10) биологиялық, химиялық, фармацевтік, жемдік үстемелер мен мал
дәрігерлігі мақсатына арналған басқа да препараттарды өндірді және
пайдалануды бақылауға;
11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3.Департаменттің мүлкі
13.Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14.Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15.Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен
шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Департаментке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке
билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16.Департаментті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметке тағайындайтын және
қызыметтен босататын Төраға басқарады.
Департамент төрағасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары
болады.
Департаменттің төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторы болып табылады, ал оның
орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік мал
дәрігерлігі инспекторының орынбасарлары болып табылады.
17.Департаменттің төрағасы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және
оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы
және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
18.Төраға осы мақсатта:
-өзінің орынбасарлары мен Департаменттің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
-заңдарға сәйкес Департаменттің қызыметерлерін, Департаменттің аумақтық
органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
-заңдарда белгіленген тәртіппен Департаменттің қызыметкерлеріне
тәртіптік жаза қолданады;
-бұйрықтарға қол қояды;
-департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
-мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік
етеді;
-заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады [10].

1.3 Ботаның эшерихиозы (ақтышқақ)

Ботаның эшерихиозы (ақтышқақ) - эшерихиоз - жас ботаның қызуын көтеріп,
асқазанын қабындыратын және ауырған малдың іші қатты өтетін жұқпалы ауру.
Аурудың қоздырғышы - ішек таяқшалары. Ол 60°С ыстықта 15 мин, ал 100°С
бірден өледі. Суда, топырақта, көңде микроб бірнеше ай бойы тіршілік етеді.
Колибактериоз ауруының індеттік ерекшеліктері. Колибактериозбен
барлық түліктің жас төлдері ауырады. Құлын туа салысымен, бұзау 2-7
күндігінде, қозы туа салысымен 5-7 айға дейін ауырады, торай туған соң
бірер апта бойы, енесінен айырарда және енесінен айырған соң, құс 1 күннен
90 күнге дейін және жүмыртқалаған кезінде, терісі бағалы аңдар өмірінің
бірінші аптасында ауырады.
Колибактериоз барлық өлкелерде кең тараған. Оның басты ерекшелігі -
жаңа туған төл жаппай ауырады. Жылдың кез келген маусымында байқалғанымен
негізінен мал жаппай төлдеген кезде, қора жайда қоздырушы микробтың шектен
тыс шоғырлануына және бейім жануарлардың көбеюіне байланысты туындайды.
Қозының жаздың соңында, күздің басында шалдығуы оларды енесінен бөліп,
қатаң азыққа көшіруге байланысты.
Ауру қоздырушысының бастауы - колибактериозбен ауырған және ауырып
жазылған төл, сонымен қатар олардың микроб алып жүретін енелері. Мұңдай
жануарлар зардапты эшерихияларды көп мөлшерде нәжісімен, кей жағдайда
несебімен бөліп шығарады. Жұқтыру факторы нәжіспен және несеппен ластанған
әртүрлі заттар болып табылады. Жаңа туған төлге ауру қоздырушысы гигиеналық
тәртіп бұзылғанда, мал төлдеген шақта енесінің уызымен, жемшөппен жұғады.
Микроб денеге негізінен алиментарлық, сирегірек аэрогендік жолмен енеді.
Аурудың тұрақталған ошағында жас төлге ауру тумай тұрып жатырда жұғады.
Колибактериоздың таралуына себеп болатын жағдайлар буаз малдың күтімінің
нашар болуына байланысты уыздың құнарсыз болып, соның нәтижесінде төлдің
ауруға төзімділігінің нашарлауы. Аурудың шығуына төлдің күтімінің
нашарлығы, гигиеналық-санитариялық реттіліктің дұрыс сақталмауы көп
жағдайда ерекше әсер етеді. Бұзау, лақ, қозы, торай, құлын туған кезеңде
қанында иммуноглобулиндер болмайды, олар алғашында тек қана енесінің
уызынан төлдің қанына өтеді. Уызды жетікілікті мөлшерде жас төл ала алмаса,
немесе уыздың сапасы талапқа сай болмаса, онда денеге енген микробтарға,
олардың ішінде эшерихияларға ешқандай тежеу болмай, жануар ауруға
шалдығады,
Колибактриоздың таралау ерекшелігі - ауру байқалған соң уақыт өткен
сайын ауруға шалдыққан малдың саны, індеттің қарқыны үдей түседі, сонымен
қатар аурудың өтуі де ауырлайды. Мал тұрған қорада ауру қоздырушы микробтың
шектен тыс көбеюі және олардың жануар организмі арқылы пассаждан өтіп,
уыттылығының күшеюі нәтижесінде жас төл күйінің жақсы, төзімділігінің
жоғарылығына қарамай жаппай ауырады [1,3].
Аурудың н ы ш а н ы. Бота эшерихиозға 2-3 күндігінде шалдығады, бұдан
марқалау боталардың ауруы сирек кездеседі.
Ауру жіті өтеді. Ауырған малдың дене қызуы 40° С дейін көтеріледі, іші
қатты өтіп, арықтайды. Бота самарқау тартып, орнынан көп қозғалмайды,
енесін ембейді, оның организмі тез әлсіреп, жатып қалады. Ауру малға ем
уақтысында қолданылмаса бота 3-4 күнде өледі.
Ауруды а н ы қ т а у. Ауру малға диагноз қойғанда аурудың клиникалық
белгілеріне сүйену керек. Мұнда ботаның дене қызуы көтерілуі, туғанына 2—3
күн болған жас ботаның ауыруы және іші өтіп тез арықтауы бәрі-бәрі
ескеріледі.
Өлекседегі өзгерістерге асқазан жолдарындағы патологиялық сарындар,
өлексенің тым арықтығы жатады. Сонымен бірге ауруды мейлінше дәл анықтау
үшін лабораториялық зерттеу әдісі қолданылады.
Емі. Ауру малды емдеу үшін сульфаниламид дәрілері қолданылады, сондай-
ақ фуразолидон және фуразидин, антибиотиктер пайдаланылады.
Аурудың алдын алу жолдары. Аурудың алдын алу үшін мал дәрігерлік-
зоотехниялық шараларды бұлжытпай орындап отыру қажет. Ауырған мал оқшау
шығарылып, емделеді. Қора зарарсыздандырылады. Ауырған малды емдеу үшін
және аурудың алдын алу үшін эшерихиозге қарсы қан сарысуы егіледі.
Колибактериоздың алдын алу үшін буаз малды дұрыс бағып-күту керек. Оның
рационында жеткілікті мөлшерде қоректік заттар болуы қажет. Төлдің ауруға
шалдықпауының басты шарты - дер уақытында, туған соң 6 сағаттан
кешіктірмей, уыз емуі. Мал төлдейтін жер таза, зоогигиеналық талаптарға сай
болуы керек. Буаз інгенді бұзаулайтын қораға ауыстырар алдында үстін
тазалап, тұрар орнын дезинфекциялайды. Туған ботаны бірінші тәулік енесімен
бірге ұстап, еркін емізеді. Профилакторияда бір секциядағы боталардың жас
айырмашылықтары 1-3 күннен аспауы қажет. 5-10 күңдік ересек боталар жаңадан
туғандарға ауру жүқтыруы мүмкін. Сондықтан жас жағынан ұқсас төлдермен бос
- бос емес ережесі бойынша секцияны мүмкіндігінше аз уақыт ішінде
толтырып, бір мезетте босатып, босаған секцияны дем алдырып, мұқият
санитариялық тазалаудан өткізіп, дезинфекция жүргізеді.
Колибактериоздың тұрақты ошағына айналған шаруашылықтарда буаз малдарға
вакцина егеді. Фермада колибактериоз байқалған кезде туған боталарды
профилакторияның секцияларына қабылдауды тоқтатады. Ауырған боталарды
бөлектеп ұстап, емдейді. Ботаға туа салысымен уызға қосып колибактериозға
қарсы 80-100 мл гипериммунді қан сарысуын және колипротектан береді.
Колипротектанды эшерихияның энтеропатогенді сероварларынан даярлайды. Оны
уызбен 10 мл дозада екі күн қатарынан күніне 3-4 рет береді. Ауру байқалған
фермада санитариялық реттілікті күшейтіп, мал төлдейтін, жас төл тұратын
қораларды 4% күйдіргіш натрийдің ыстық (70°С) ертіндісімен, 3% белсенді
хлоры бар хлорлы әкпен, немесе формалин аэрозолімен дезинфекциялап тұрады
[1,3,5,6].

1.4 Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары

Инфекциялық аурумен күресуде басты шаралар үш бөліктен тұрады:
1) аурудың көзін жою;
2) ауруды тарату жолдарын, жағдайларын жою;
3) Малдың ауруға қарсы туралататын кабілетін көтеру.
Айтылған шаралар профилактикалық (аурудың алдын алу, сақтандыру) және
лажсыз (ауру шыққан соң) болатын шаралардан тұрады.
Профилактикалық шараларға, малды азықтандыру, суғару, күту, бағу жатады.
Малды күтүшілердің жеке гигиенасын сактау (арнайы киіммен камтамасыз ету,
дизенфекциялық және жуушы дәрі - дәрмектер бөлу т. б) керек.
Мал фермаларын қоршау, суды, суғару суаттарын реттеу мал азықтарын үнемі
тексеріп отыру малды әр кезде малдәрігерлік тексеруден өткізіп отыру қажет.
Сақтандыру мақсатында малдарды клиникалық тексеруден, диагностикалық -
лабораториялық тексеруден өткізіп отырады. Ауру малды уақтылы бөліп алып
емдейді. Күдіктенген малдарды вакцинация жасайды (етке; тері астына вакцина
егеді). Қазіргі кезде аэрозольдык вакцинация (әсіресе құсқа, шошқаға)
кеңінен қолдануда, соны іске асыру керек.
Құрт ауруларының алдын алу үшін дегельминтизация жасау керек. Ауруды
сактандыру шарасын іске асыру және оны жоюға ҚР малдәрігерінің, бекіткен
уставын (жарғыны) және заңын сөзсіз іске асыру болып табылады. Оны іске
асыру жеке адам болсын, ферма иесі болсын, жеке мал иесі болсын міндетті
және сөзсіз іске асуға тиіс.
Жұқпалы аурудың алдын алу, таратпау үшін ең маңызды шара бұл карантин.
Бұл шара ауру шықсада, ауру шықпасада іске асырылу керек. Мал дәрігерлік
устав бойынша, ферма және аулаға келген мал 30 күн карантинде болуы керек.
Мал келген кезде малдәрігерлік тексеруден өтуі тиіс. Ал ауру шыққан
жагдайда ауылға, фермаға карантин салынуы қажет. Фермаға бөтен адам,
(тек фермада істейтіндер ғана кіреді), көлік, атты адам кіріп - шықпауы
керек. Ол жерден жем, шөп (жалпы азықтың барлық түрі) сабан, силосты
әкелуге және әкетуге тиым салынады.
Карантин салынған аумағы шамамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Төлдің күтімі
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Үй жағдайында жылқы сою және қазы айналдыру
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Жас төлдерді өсіру технологиясы
Туйе обасы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер