Фирманың қаржылық ресурстары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы
ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Орындаған: 1-курс магистранты
Жакитова Динара
Тексерген: ф. -м. ғ. к., аға оқытушы
Махмеджанова Р. Н.
АЛМАТЫ, 2007ж.
Тақырыбы: «Фирманың қаржылық ресурстары».
Фирманың қаржысын басқару. Қаржылық қатынастар және қаржылық қорлар.
Фирманың сыртқы және ішкі қаржылық ресурстар көздері.
Фирманың қаржысын басқару жүйесі. Қаржылық менеджмент және ақша ағымдары.
Фирманың қаржылық жағдайын талдауының ақпарат көздері.
Фирманың табыстылығының талдауы. Активтер мен айналым қорларының рентабельділігі.
Фирманың қаржылық ресурстары
Қаржылық қатынастарды іске асыру үшін кәсіпорынның қаржылық ресурстарының бар болуы қажет. Қаржылық ресурстар - бұл қаржылық міндеттемелерді орындау үшін және кеңейтілген қайта өндіруді қамтамасыз ету бойынша шығындарды іске асыру үшін арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілетсіздік тәуекелі қаржылық ресурстар қайнар көздерінің түрлеріне тәуелді. Қаржылық ресурстарды қалыптастырудың қайнар көзі болып алдағы периодқа кәсіпорын дамуын қамтамасыз ететін капиталға қосымша қажеттілікті қанағаттандырудың қайнар көздерінің жиынтығы табылады. Бұл қайнар көздер өзіндік (ішкі) және тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.
Сурет - Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Капитал құрылымын талдаудың кәсіпорын иегерлері мен инвесторлар үшін маңызы зор, себебі тартылған және өзіндік қаражаттар арасындағы басты айырмашылықтар кәсіпорынның қаржылық менеджментінің саясатын анықтайды. Капитал құрылымы қаражаттардың түрлі қайнар көздерінің салыстырмалы шамалары арқылы өлшенеді.
Кәсіпорынның өзіндік капиталы
Өзіндік капитал - кәсіпорынның негізгі тәуекелді капиталы, оның қаражаттарын кәсіпорын біршама үлкен сенімділікпен ұзақ мерзімді негізде қаржыландыра отырып, жоғары тәуекелге бара алады. Қандай да бір себептер бойынша оны жоғалту кәсіпорынның бекітілген қарыздарды төлеу қабілетін тәуекелге міндетті ұшыратпайды. Өзіндік капиталдың ерекшелігі келесіде: ол кез келген іс-әрекет кезінде төленетін міндетті немесе кепілді пайданы бермейді және де ол бойынша ұзақ мерзімді инвестицияларды өтеудің белгілі бір графигі жоқ. Кәсіпорынның тұрақтылығы және төлем қабілетсіздігінің тәуекелге ұшырауы позициясынан өзіндік капитал ерекшелігі келесіде: оның шамасы бекітілген және ол жағымсыз жағдайлар кезінде де сол қалпында қалатынын есептеудің негізі бар, сонымен бірге дивиденттер төлеу бойынша ол бойынша міндетті талаптар жоқ.
Өзіндік капитал тұрады:
- жарғылық капиталдан;
- қосылған капиталдан;
- резервтік капиталдан;
- бөлінбеген пайдадан (шығындардан) ;
- басқа да резервтерден.
Өзіндік капиталға сондай-ақ болашақ периодтың табыстары жатады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы . Кәсіпорынның жарғылық капиталы құрушылар аманаттарының (үлестерінің, акциялардың, пайлық жарналарының) жиынтығын білдіреді, оның шамасы құрылтай құжаттарында бекітілген. Жарғылық капиталға жарналар ақшалай да, мүліктік те түрде жүзеге асырылады - құрылыс, қондарғы, жер мен табиғи ресурстарды қолдану құқығының, патенттер, лицензиялар, тауар белгісінің және т. б. материалды емес активтер түрлерінің формасында. Ол кәсіпорын пайдасының есебінен толықтырылуы мүмкін.
Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелді. Мысалы, акционерлік кәсіпорынның жарғылық капиталы акцияларды шығару және іске асыру жолымен құрылады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына бөлінген; акционерлер қоғамның қызметімен байланысты, оларға тиесілі акциялар құнының шегінде оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және де шығындар тәуекеліне ұшырайды.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы қоғамнан акционерлердің алған акцияларының номиналды құнынан құрылады және оның несиегерлерінің қызығушылықтарына кепілдік беретін қоғамдық мүліктердің минималды өлшемін анықтайды. Ол акционерлік қоғамдар туралы заңмен көзделген өлшемнен кем болмауы керек.
Егер екінші және әрбір келесі қаржылық жылдың соңында қоғамның таза активтерінің құны жарғылық капиталдан кем болса, онда қоғам өз жарғылық капиталының төмендегенін хабарлап, тіркеуі қажет. Егер қоғамның активтерінің құны заң бойынша жарғылық капиталдың минималды өлшемінен кем болса, қоғам ликвидацияға ұшырайды.
Егер таза активтер жарғылық капиталдан аз болса, онда қоғам өз жарғылық капиталын таза активтер шамасына дейін төмендетуі керек.
Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша акциялардың немесе қосымша акциялар шығарылымының номиналды құнын жоғарылату жолымен жарғылық капиталын жоғарылатуға құқылы және керісінше.
Акционерлік қоғамның бағалы қағаздар шығаруы мен дивиденттер төлеуінде шектеулер бар. Акционерлік қоғамның жарғылық капитал көлемінде артықшылығы бар акциялар үлесі 25%-дан аспауы керек. Акционерлік қоғам жарғылық капитал шамасынан аспайтын сомада облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлік қоғамның дивиденттер төлеуіне құқығы жоқ:
- барлық жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін;
- егер акционерлік қоғамның таза активтерінің құны олардың жарғылық капиталы мен резервтік қорынан төмен болса немесе дивиденттер төлеу нәтижесінде олардың шамасынан төмен болса.
Қосылған капитал . Қосылған капитал кәсіпорынға бірнеше арналар бойынша бір жыл ағымында түсетін ақшалай қаражаттарды жинақтайды.
Қосылған капитал мыналардың нәтижесінде құрылады:
- айналымнан тыс активтер құнының қайта бағалаудан кейінгі өсімінің;
- акциялардың номиналды құнынан асатын баға бойынша олардың бастапқы орналасуының жағдайында акцияларды сату кезінде қосымша ақшалай қаражат алудың;
- мүлік пен ақшалай қаражаттарды қайтарымсыз түрде алу нәтижесінде активтер өсімінің;
- кәсіпорынның таза пайдасының немесе қорының есебінен құрылған айналымнан тыс активтер құнының өсімінің.
Қосылған капитал құрамы мен оны қолдану тәртібін кәсіпорын иелерінің өздері шешеді. Қосылған капиталдың түсуінің негізгі арнасы - негізгі қорларды қайта бағалау нәтижелері.
Резервтік капитал . Кәсіпорынның резервтік капиталы резервтік қордың екі типіне бөлінеді. Міндетті резервтік қордың көлемі кәсіпорынның жарғылық капиталының 15%-н кем емес шаманы құрауы керек, ол тек қана кәсіпорынның 5% көлеміндегі таза пайданың жыл сайынғы есептеулерінің есебінен қалыптасады. Қор қаражаттары ең алдымен шаруашылық қызметтен болған зияндарды жабу үшін қолданылады, ал акционерлік қоғамда - қоғам облигацияларын өтеу үшін және өзіндік акцияларды сатып алу үшін.
Міндетті емес резервтік қорлар қолданылады:
- айнымалы қорлардың жеткіліксіздігі кезінде - өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім қалыптасуында;
- айнымалы қорлар жеткілікті болған кезде - қысқа мерзімді қаржылық салымдарға.
Сондай-ақ акционерлік қоғамдар таза пайдадан қоғамның жұмысын акционерлеудің арнайы қорын қалыптастыру мүмкін. Ол акционерлердің сататын акцияларын сатып алуға және кейіннен оларды жұмысшыларға орналастыруға арналған. Өндіріс дамыған жағдайда жоғары квалификациялық мамандарды шақырған кезде бұл ынтаның бір түрі болуы мүмкін. Акционерлік қоғамның акциялары жұмысшыларға сыйақы берудің бір варианты болып табылады.
Бөлінбеген пайда - бұл акционерлер арасында бөлінбеген және кәсіпорынның иелігінде қалған таза пайданың бөлігі.
Бөлінбеген пайда резервтік қорларда да, арнайы қолданыстағы қорларда да шоғырланады, олар өндірістік процеспен тікелей байланысты емес шығындарды өтеу үшін қолданылады. Әр түрлі мақсаттар үшін көптеген мұндай қорларды құру мүмкіндігі кезінде экономикалық мазмұны бойынша оларды екі типке ажыратуға болады - жинақтау және әлеуметтік сфералар қорлары мен тұтыну қорлары.
Инвестициялық қор өндірісті дамыту үшін арналған. Оған қосылады:
- негізгі қорларды қарапайым қайта өндіру үшін арналған амортизациялық қор;
- өндірісті дамыту үшін арналған және пайдадан есептеулер есебінен құрылған жинақтау қоры;
- займдық және тартылған қайнар көздер.
Таза пайданы бөлу кезінде оның қай бөлігі өндірісті дамытуға және қай бөлігі дивидент төлеуге бағытталатыны шешіледі. Инвестициялық қор кәсіпорынның жарғылық капиталын көбейту көзі болып табылады, себебі өндірісті дамытуға салымдар кәсіпорынның мүлкін көбейтеді. Нәтижесінде, акциялардың баланстық құны мен таза активтері жоғарылайды, ал жарғылық капиталының өсуі кезінде - олардың номиналды құны да көбейеді.
Әлеуметтік сфералар қоры кәсіпорынның әлеуметтік қызметіне капиталдық салымдарды жабады. Тұтыну қорлары капиталды емес сипаттағы әлеуметтік шараларды (қызметкерлерге сыйақылар, спорт жарыстары, материалды көмек, т. б. ) қаржыландыру үшін құрылады.
Қаржылық ресурстың ішкі қайнар көздерінің ішіндегі инвестициялау мақсаттары үшін қолданылатыны болып пайда және амортизациялық аударымдар табылады. Кәсіпорынның пайдасы оның өндірістік қызметінің процесінде қалыптасады, бұл оның ақырғы нәтижесі және өндіріс өсуінің көзі. Бірақ та мұндай қайнар көзі ретінде кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған барлық жалпы өнім алынбайды, тек салықтар мен бюджетке төлемдерден кейін оның қалған бөлігі - таза пайда алынады. Амортизациялық аударымдар негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтердің тозу құнының ақшалай көрінісін білдіреді. Амортизациялық аударымдар өнімнің өзіндік құнына қосылады және кейін өнімді өткізуден түсім құрамында кәсіпорынның есептік шотына қайтарылады және жинақтау қорын құрудың ішкі көзі болып саналады. Дамыған елдерде қарапайым және кеңейтілген қайта өндірісті қаржыландыруда амортизация үлесі 50-70% құрайды.
Кәсіпорынның займдық (тартылған) қаражаттары
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық ресурстардың сыртқы көздерінің маңызы зор: кәсіпорын практикада займдық қаражаттарды тартусыз қызмет ете алмайды. Қалыпты экономикалық жағдайда займдық қаражаттар өндіріс тиімділігін көтереді, олар кеңейтілген өндірісті іске асыру үшін қажет.
Займдық қаражаттардың көздері: банк несиелері, коммерциялық несиелер, факторинг, лизинг, жеке тұлғаның несиелері, т. б.
Займдық капитал қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Бір жылға дейінгі займдық капитал қысқа мерзімді, ал бір жылдан көп - ұзақ мерзімді капиталға жатады.
Қаржыландырудың барлық сыртқы көздері 2 категорияның біріне түседі: несиелерді алу жолымен қаржыландыру немесе бағалы қағаздарды (акциядан басқа) шығару арқылы қаржыландыру.
Коммерциялық несие. Кәсіпорын мұндай несиені тауарды сатып алу кезінде немесе жеткізушіде өндірістік қорды құру кезінде алуы мүмкін. Көптеген шағын кәсіпорындар үшін ол қаржыландырудың маңызды көзі болып табылады.
Капиталды тартудың барлық басқа жағдайларындағыдай кәсіпорын коммерциялық несиені ала отырып, тәуелділік мәселесіне назар аударуы тиіс. Жеткізуші фирмаға тиімсіз бағаларды немесе төмен сапалы тауарларды ұсынуы мүмкін, осы жеткізушінің бәсекелестерімен іскерлік келісім-шарттарды тоқтатуды немесе басқа да орнықсыз шарттарды орындауды қажет етуі мүмкін.
Банктік несие . Бүкіл әлемде коммерциялық банктерді кәсіпорындар қысқа және ұзақ мерзімді несиелік ресурстар көздері ретінде біршама жиі қолданады.
Кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банктік несиелеу несиенің мазмұны мен мәнін көрсететін қайтарымдылық, төлемділік және жеделділік қағидаларын қатаң түрде сақтау кезінде жүзеге асырылады. Бұл қағидалар стихиялы түрде несие дамуының алғашқы кезеңінде құрылып, кейіннен заңнамада бекітілді.
Несиенің қайтарымдылығы келісілген шарттармен қарыз берушіге негізгі қарыз сомасын төлеудің міндеттілігін білдіреді.
Несиенің жеделділігі - бұл қарыз берушіге займдық қаражаттарды қарыз алушыға сәйкес келетін кез келген уақытта емес, алдын-ала келісілген мерзімде қайтару. Несиелеу мерзімі - бұл ссудалық қаражаттардың қарыз алушының иелігінде болуының шектік уақыты. Қарыз алушы осы қағиданы бұзған жағдайда оған белгілі бір санкциялар қолданылады: алынатын пайыздарды жоғарылату, ал кейін - сот тәртібіндегі қаржылық талаптарды ұсыну.
Несиенің төлемділігі . Осы қағидаға сәйкес қарыз алушы тек банктен алған несиелік ресурстарын ғана қайтармай, сондай-ақ несиелеумен байланысты банкпен ұсынылатын қызметтердің ақылы болуына байланысты оларды қолдануға құқықты да өтеуі қажет. Банктік ссуданы ұсынғаны үшін пайыз түрінде төлем алынады. Пайыз шамасы несиелеу келісім-шарты бойынша екі жақпен бекітіледі.
Несиелеу процесі. Несиелік процесс ссуданы беру күнінен басталады. Осы мезетке дейін және одан кейін бірнеше кезеңнен тұратын кәсіпорын-қарыз алушы және банк-қарыз беруші арасында белсенді жұмыс жүргізіледі.
1-кезең. Несие жөнінде келісім-сөздер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz