Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi.
Философия және саясаттану факультетi.
Реферат.
“Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары”.
Тексерген:
Орындаған:
Алматы-2008 жыл.
Жоспар.
Кiрiспе.
! Бөлiм. Дiннiң мәдениетке тигiзер ықпалы.
- Ислам мәдениетiнiң ерекшелiктерi.
- Ислам мәдениетiнiң ықпалы.
!!. Бөлiм. Ислам дiнiндегi ұлы ойшылдары.
- Ғұлама ойшылдың ғылыми шығармашылығы.
- Ибн Синаныңрухани мұрасы.
Қорытынды.
Ислам мәдениетi және ұлы Дана
ойшылары.
Дiн адамзат баласының ең түпкiлiктi рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын - негiзгi күш. Адамзат өзiнiң қоғамдық iс - әрекеттерiн өзiнiң дiни сенiмiне не қалыптастырған көзқарастарына сәйкес атқарады.
Сонау көне заманнан берi дiн өркениеттер мен мәдениеттiң негiзiн салып келедi. Сол себептi дiннiң қоғамдық өмiр салаларына яғни, мораль, құқық, ақыл - ой, эстетика, экономика, тiл және күнделiктi тұрмыс - тiршiлiктi қамтитын мәдениетке тигiзген ықпалы зор. Жалпы мәдениет аталған салалардың үйлесiмдi жиынтығы. /1, 43/. Кез - келген дiн осылайша көптеген қоғам, қауымдастықтарды бiрiктiретiн ұлттық мәдениет пен халықаралық мәдениеттi қалыптастырады. Мәселен бүкiл батыс өркениетi христиан дiнi негiзiнде, күншығыс елдерi буддизм дiнi, үндi өркениетi индуизм дiнi негiзiнде, ал шығыс мәдениетi ислам дiнi негiзiнде қалыптасты. Аталған дiндер белгiлi бiр территорияда өмiр сүретiн халықтардың ойлау бағытын дүниеге деген көзқарастарын анықтап, қоғамдық қатынастарын мен материалдық және рухани мәдениетiн қалыптастырды.
Христиандық мәдениет ежелгi Греция, Рим мәдениетiнiң негiзiнде құрылған болса, Ислам мәдениетi арабтардың ұлы Екi империяны Византия және Сасанидтер империясын басып алып, Араб Халифатын құруынан басталады. Ислам дiнi халифатқа кiретiн елдердiң қоғамдық өмiрлерiнiң барлық салаларына енiп, доминанттық роль атқарады. Ал аталған елдердiң өркениетi сол дәуiрдегi Еуропа мәдениетiмен салыстырғанда әлдеқайда биiк тұрады. Ислам дiнi таралған елдерде, теократикалық принцип басым болды. Егер батыста дiн мемлекет басшылығынан бөлiнсе, мусылман елдерiнде дiни басқарма тек дiни функцияларды ғана емес, сонымен қатар қоғамдық функцияларды атқарады. Қылмыстық iс - азаматтық құқық мусылман елдерiнде - дiни заң - шариғаттың негiзiнде құрылды. Құран тiлi - араб тiлi және халифаттың мемлекеттiк тiлi болып табылатын араб тiлiнiң халықаралық тiл болуы да маңызды фактор болды. Ислам өзiнiң жүйелiлiгi, христиан дiнiнiң Үштiк догматына қарағандағы қарапайымдығы сириялықтардан, парсылардан және мысырлықтардан христиан дiнiн ал бiрқатар басқа елдерден зороостризм дiнiн ығыстырып шығады.
Ислам мәдениетi адамның айналасындағы шынайы құбылыстармен есептесетiн, ақыл-ой, iскерлiктiң барлық түрiн қамтитын Ислам дiнiң кәмiл түсiнiгiне негiзделген . /2, 34/. Сонымен бiрге осы iскерлiктiң дамуынын және әрдайым жаңарып отыруын құнттайтын негiздердi, бағдарламаларды, ерекшелiктердi де қамтиды.
Ислам мәдениетiнде адам баласының бар болуының негiзi- бiр Аллаға құлшылық ету. Ал адамның қызметi- жердегi жағдайлар мен мүмкiндiктердi барынша пайдалану, тiршiлiктi дамыту, оны әрi қарай өркендету. Сондай-ақ Ислам мәденеиетi адам өмiрiнiң тек материалдық жағын ғана ойламай, рухани жағын да дамытып, дүниенiң таршылығынан ақиреттiң кеңдiгi мен мәңгiлiгiне қарай ұмтылуын көздейдi. Исламда адам дәрежесi тек тақуалықпен ғана өлшенедi. Ислам түсiнiгiндегi барлық көркем мiнездер мен адамгершiлiк, этика қағидалары тек осы тақуалыққа ғана негiзделедi.
Ислам мәдениетiнiң ерекшелiктерi.
Ислам мәдениетi адамзат баласының басынан өткен басқа мәдениеттерден ерекшеленетiн сипатқа ие. Олар:
- құдайшыл болу.
Ислам мәдениетiнiң қайнар көзi- Құран мен Сүннет. Сүннет Құранның мәнiн түсiндiредi.
Мұсылман бұл әлемнiң жаратушысы Аллах екенiне сенедi. Ислам мәдениетi иманға негiзделедi, яғни Аллахқа, Ақирет күнiне, перiштелерiне, елшiлерiне, кiтаптарына, тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына сенуге негiзделедi.
- исламдық мәдени санада барлық адамдардың арасын бiрiктiретiн байланыс- ислам мен иман негiзiнде қалыптасатын бауырмашылдық. Адам сол бауырмашылдықтың қуатымен ғарыштайды., оның әлсiреуiмен құлдырайды. Исламдық мәдени санада жеке адамның, қоғамның, барша адмзаттың көздейтiн мақсаты-тек бiр ғана Алланы танып, мойындау.
- Ислам мәдениетi адамның жан-жақты тәрбие алып, кәмiл жетiлуi үшiн оның денесiн де, ақылын да, рухын да, жүрiс-тұрысын да өз қамқорлығына алады. Сонымен қатар ғылымның барлық түрлерiн қамтиды. Мақсат пен тәсiлдердiң, бiлiм мен иманның араларын бiрiктiредi, ақыл мен бiлiмге сүйенедi.
Ислам мәдениетi ұсынатын исенiмадамға айналасындағы болмыстың мән жайын түсiндiредi. Адамның ондағы ондағы орнын және дүнеге келудегi мақсатын белгiлейдi. Мұсылман қоғамындағы этикалық тәрбие, саяси және заңдар шығару жүйесi, экономикалық тәртiп, мемлекеттiк және халықаралық қатынастар жүйесi дiннiң сенiмiнен бастау алады.
Бiлiмге деген ерекше құрмет құранда көп кезiгедi. Мусылман елдерiнде ғылымдарға үлкен құрмет көрсетiлдi, себебi ғылыммен айналысу адамды рухани тазаруға алып келедi деп саналды. Сондықтан да араб тiлi ислам тiлi - Иран тiлдi, Түркi тiлдi және басқа тiлдегi оқымысты ғалымдарға идеалогиялық алғышарт болды. Олардың барлығын сол кездегi көптеген философиялық және ғылыми шығармалардың басым көпшiлiгi жазылған араб тiлi бiрiктiрдi.
Ғылымға, бiлiмге деген құрмет Ислам дiнi жайылған ұлан байтақ территориядағы халықтарға таралды. Интеллектуалды орталық болып табылған Багдатқа Ираннан, Түркi елдерiнен Орта Азия елдерiнiң бiлiмдiлердi жинаған.
Халифтар ғалымдарға үлкен қолдау көрсетiп отырды. Осылайша мусылман ғалымдары өткен заман ойшылдарының философиялық, ғылыми еңбектерiн шерiп, одан ары қарай дамытуға қажырлы еңбек атқарды.
Әлемдiк ғылымның дамуына арасан зор үлесiн қосқан Орта Азия елдерiнен шыққан ғұлама ғалым - Ибн Сина.
Ибн-Сина Саманидтер мемлекетінлегі Балх қаласында дүниеге келген. Әкесі Абдуллах Ибн Сина балаларына терең білім беру үшін Бұхарадағы ең мықты ұстаздарды шақырды. Ибн Сина бала кезінен сирек кездесетін дарындылық танытып, білімді бойына сіңірді. Он жасқа келгенде Құранды жатқа біліп, араб тілінің стилистикасы мен грамматикасын игерді. Мұсылмандық шариғатты да игерген Ибн Сина матиматика мен физика. логикаға терең бойлайды. Болашақ философ ретінде интеллектуалды өсуінде Аристотельдің «Метафизика» енбегі ерекше роль атқарды . Ибн Сина кейінірек өзінің өмірбаяныында аталған шығарманы қырық рет оқып шығып, көп тұстарын тіпті жаттап алғанын. бірақ ештеңе түсінбегенін, кейін базардағы кітап сөресінен әл Фарабидің осы еңбекке жазған түсініктемесін оқығаннан кейін барып ұлы ұстаздың шығармасының мәнң ашылғандығы туралы сөз етеді.
Ибн Синаның жаратылыстану және ғылыми көзқарасының қалыптасуына, жалпы келесі өмірінің қалыптасуына онығ медицина ғылымын зерртеуі ықпал етеді, Алғашында Ибн Сина бұл өнерді практика жүзінде игеріп, кейін түрлі ауру түрлерін қажымай зерттеп, көзі тірісінде даңқы шығыс әлеміне кеңінен жайылады. Бұхар эмирін ауыр науқастан жазған Ибн Сина сол дәуірдегі шығыс елдерңһіндегі ең бай кітапханалардың бірі-Саманидтер кітапханасына кіруге рұқсат алады. Бұл оқиға Ибн Синаның интеллектуалды дамуына орасан зор ықпалын тигізеді. Кейін Саманидтер мемлекетін түріктер басып алып, кітапхана өртте жойылып, әкесі қаза болып, Ибн Сина сол кезде гүлденіп тұрған Хорезмнің астанасы - Үргеншіге кетуге мәжбүр болады. Осы тұста жергілікті шахтың ордасында өз алдында академияны түзетін сол дәуірдің атақты ғалымдар жиналатын. Хорезмде өткен он жыл ішінде Ибн Синаға үлкен ықпал тигізген ғалымның әл- Бирунимен қарым-қатынасы мен жүргізген әңгімелері. Алайда саяси тағдырлар Хорезмді шет қалдырмады. Елге төнген жаңа қауіп қатаң шариғаттық исламды ұстанып, ғалымдар мен философтарды тек халифті мадақтау үшін ғана пайдаланды. Сұлтанның осындай тілектерін орындауға көнбеген Ибн Сина Хорезмнен қашуға мәжбүр болады.
Ибн Синаны оның тек дәрігерлік өнері ғана құрметті қонақ қылмады, соған қоса дарынды ғалымның басқа да- әкімшілік, хұқықтық қабіліттері де ашыла бастады. Хамадан билеушісі ғалымды өзінің уәзірі етіп тағайындайды. Алайда Ибн Сина қаржылық саладағы мәселе бойынша көптеген түсінбеушілікке ұшырайды. Тек Исфахан билеушісінің тұсында ғана Ибн Сина жақын кеңесші қызметін атқара жүріп, жан-жақты істермен айналыса жүріп, ғылыми жұмыспен де табысты айналыса алады. Осы жерде ғалым көптеген жұмыстарын аяқтай алады.
Ибн Синаның әдеби шығармашылығы да жан-жақты және жемісті. Ғұлама түрлі мазмұнды және жанрдағы шығармаларды жазды. Әдеби салада екі жүзден үш жүзге дейін еңбектері бар деп саналады. Аллегориялық формалары бойынша «Якзан ұлы Хайя туралы трактат», «Құстар туралы трактат», «Саламан және Абсал туралы трактат», «Махаббат туралы трактат » мистикалық элементтері бар шығармалары ерекше тұрады. Өкінішке орай кейінгі ұрпаққа ғалымның барлық еңбектері жетпеді. Солардың ішінде Ибн Синаның ең басты философиялық шығармасы-«Сауығу кітабы». Шығарма төрт бөлімге ; логика, математика, физика, метафизикаға бөлінеді. Ғылыми жаратылыстану бойынша шығармаларының ішінде тек Шығыста ғана емес, сонымен қатар Еуропалық Батыста ғасырлар бойында ортағасырлық дәрігерлерге нұсқау болып келген «Медицина каноны» атап көрсетуге болады. Бұл бес кітаптан тұратын фундаментальді шығармада Ибн Сина өзінің заманына дейінгі және өміріндегі практика барысында жинаған медициналық тәжірибелерді қорытындылап, жүйеледі. Көп тұстарда «Медицина канонының» авторы медицинада кейінгі ғасырларда ашылған жаңалықтарды ашады, психоматияның ашылуына дейін аурудың ағзасының қызмет етуіндегі патологиялық кейіншегінушілік пен психикалық жағдайы арасындағы байланысты терең зерттеген, 19 ғасырдағы микробиологияның бақылауларын алдын ала болжап берген. Абу Али көзге көрінбейтін қоздырғыш аурулардың бар екендігін, олрдың келесі жанға өтуге ықпал ететін факторларды атап көрсетеді, тұңғыш рет менингитке медициналық сипаттама мен мінездеме берген, жүргізген анатомиялық ашылулары көз алмасы мен көмекші аппаратының құрылысына дұрыс сипаттама беруге мүмкіндік туғызды, онығ бауырдың ағзада атқаратын ролі туралы көзқарастары Жаңа Замандағы еуропалық дәрігерлердің көзқарастарына қарағанда қазіргі заманғы көзқарастарға жақынырақ.
Ибн Синаның еңбектерін зерттеушілер оны перипатетиктердің қатарына жатқызады, біреулері неоплатониктердің қатарына жатқызады.
Алайда Ибн Синаның өте діни дәуірде өмір сүрген, ойшылдың өмірбаяны туралы деректер бойынша мешітке жиі барып ислам дінінің барлық парыздарын орындаумен қатар, мистицизмен айналысқанын білеміз. Өз заманының діни санасымен келіспей, кейбір тұстарын сынға алғанымен, жалпы еңбектерінде мистикалық жағдайды кездестіруге болады. Ойшының ең маңызды сенімдерінің бірі - құдайға жолды тек жан-жақты терең білім жолында ғана жетуге болады деуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz