Гандидің махатма ретінде қалыптасуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Гандидің Махатма ретінде қалыптасуы

1. 1 Ганди өскен орта 16

1. 2 Ганди азаттық күрес жолында 24

2. Гандизм және оның мәні.

2. 1 Гандизм ілімі және оның қалыптасуы 33

2. 2 Ганди-пацифизмі 41

Қорытынды. 43

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тарихты жасайтын бұқара халық екені бұрыннан белгілі. Бірақ оның символы ретінде жеке адамдар тұрады. Мысалы, соның бірі Мохандас Карамчанд Гандиді айтуымызға болады. Үндістанның саясат санасындағы және саяси өміріндегі символы. Гандидың қайраткерлік және мұрагерлік жолында ерекшелік белгісі қалды, оның халықты отаршылдықтан азат ету және тәуелді елдерді жат елдің қысымнан босатуы, өжеттілікпен күресуін айтуымызға болады /1/.

Қазіргі заманғы өркениетті тарихта Махатма «Ұлы жан», «Бапу», «Ұлттар әкесі» ретінде танымал. Сол кезден бері төрт он жылдық уақыт өтсе де Ганди туралы, Гандидың жеке өміріне деген қызығушылық арта түсуде.

Бүгінгі таңда Гандидың адамзат тарихында зор роль атқарғанын көпшілік мойындауда. Дегенмен, бұл рольді бағалау қиынға соқпақ.

Үндістанның белгілі ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты Рабиндранат Тагор Гандиді буддамен салыстыра отырып, оның адамдарға деген сүйіспеншілік күшін былай деп сипаттайды: «Ол бақытсыздыққа ұшыраған жандардың, жұпыны лашық үйлерінің табалдырығын аттаған, олар қай тілде сөйлесе, Ганди де сол тілде сөйлесті, бұл кітаптан алынған цитата емес, бұл шындық. Гандидың шақырған даусына ұлы бастаманың ашылуына Үндістан қайта жанданғандай. Дәл осылай, ерте кездерде Будда да барлық тірі жанның қиналған, қайғыларына ортақтасып шындықты жариялағаны белгілі» /2/. Үндістанның көрнекті мемлекет қайраткері, Үндістан Республикасының алғашқы премьер-министрі Джавахарлал Неру Ганди жайлы ол былай дейді: «Осы бір кішкентай ғана әлсіз адамның бойынан мызғымас болаттай қаттылықты, ешқандай күш-қайратқа ие бола алмайтын, биік болмаса да құз-жартастай . . . Ол асқан байсалдылықпен өзін қоршаған құрметтеушілікке, қадірлеушіллікке ие болды. Ол әрқашан қарапайым, артық сөз айтпайтын. Оның тыңдаушыларға айтқан сөзі өзінің ашық адам екені, жеке адам ретінде, өзінің ішкі жан дүниесінде сарқылмайтын рухани бұлақ жасырылғандай . . . Ішкі бейбітшілікті тауып, қоршаған төңіректегілерді онымен сәулелендіріп, өмірдің ирелеңі бар жолымен қорықпай, табанды қадам басты» /3/. Сонымен бірге Джавахарлал Неру Гандиді «Дін адамы» деп атады, бірақ ол ешқашан діншіл болған емес. Себебі Ганди ешқашан діни қауым мүшесі ретінде, не болмаса діни апологет есебінде сөз сөйлемеген. Оның айтуынша: діни тәжірибие және догманың ажыратылуы мүмкін, бірақ барлық діндерде этикалық принципі ортақ.

Қазіргі заманғылар Гандиді «Адамзат ары», әулие, пайғамбар, қасиетті адам деп атайды. Әйтседе олар Үндістанның тәуелсіздігі үшін британ империализміне қарсы күрескен рухани көсем ретінде таниды. Ганди тар мағынада саясатшы ғана емес, Үндістан тәуелсіздік алу жолында, Үндістан Ұлттық Конгрестің рухани басшысы ретінде танымал. Үндістан Ұлттық Конгресінің жетекшілері - Наороджи, Гокхале, Мотилал және Джавахарлал Нерулармен немесе басқа саяси қайраткерлер мен, мысалы: шығыс елдеріндегі өз халқының тәуелсіздігі үшін күрескен, - Сунь Ят-Сен, Кемал Ататүрікпен типологиялық тұрғыда ешқайсысы мен біріктіріп салыстыруға болмайды. Ол тәуелсіздік күресінің жаны болды және ол күрес жолында өзінің бірден-бір әрекетімен қимылдады. Сондықтан да Англиямен келіссөздер жүргізуде Үндістанның атынан өкілетті уәкіл ретінде қатысты. Бүгінгі таңда, Үндістан халқының Гандидың жетекшілігі мен тәуелсіздікке қол жеткізгенін мойындауымыз керек. Гандидың ұлы еңбегі саяси жетекші ретінде антиимпериалистік күресте халықтың тұңғиық сана-сезімінде отаршылдық құлдықты тоқтатуға қабілеттіліктерін арттыруға және шешім қабылдауда үлкен роль атқарды. Ол отаршылдыққа қарсы халықтың белсенді түрде ат салысуына сарқылмайтын бар күш-қайратын бағыттады. Ганди миллиондаған үндістандық шаруалардың, жұмысшылардың, қолөнершілердің тұрмыс, әдет-ғұрып, көңіл-күйін, ойын, ұмтылысын жақсы білді. Ол әрқашан ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы қарапайым халықтың жүрегінен тура жолға түсуіне жол салып беріп отырды. Англия, Оңтүстік Африка, Үндістан сияқты үш ірі мемлекеттің арасына шиыр-шиыр жол салған, туған халқының тәуелсіздігі мен ұлтық дамуы үшін күресе жүріп, осы күрес жолын, әдісін, бағыт-бағдарын үндістандықтардың қайсарлығы мен батырлығы Гандидың көрнекті лидер және ұлылығына негізделді.

Ганди ілімі мен жеке өмірі шығыс қайраткерлеріне өте зор ықпал етті. Ганди әдістері Африка халқының азаттық қозғалысында кең ауқымды түрде тарады. Кваме Нкруме тікелей мәлімдеме жасады: «Көп нәрсені мен ұлы Махатма Ганди идеяларын пайдалана отырып жасадым» - дейді. /4/. Гандизм принциптер мен идеялары Америкадағы негрлердің сегрецияны және нәсілдік кемсітушілікті жоюға үлкен күш берді. Ал Мартин Лютер Кинг Ганди жайлы былай деп көрсетеді: «қоғамдық өзгерістерде сүйіспеншілік Гандидың ең күшті қаруы болды. Дәл осы Ганди қолданатын сүйіспеншілік пен зорлық-зомбылықтың мәні мен көптеген айлар бойы іздеген әлеуметтік реформада әдісті таптым. Зорлық-зомбылық қысым көрген халықтың азаттық үшін күресіндегі бұл өте дұрыс жеке моральды және тәжірибе жүзіндегі әдіс екенін түсіндім». Махатма Ганди есімі тек гуманистік идеаларына ғана емес бүкіл әлем адамдарына қымбат есім. Ганди халықтар арасында достық қарым-қатынастың тең дәрежеде бірігуіне шақырды. Оның реалистік тұрғыда бейбітшілік үшін, мемлекеттер арасындағы істерде соғысты болдырмауға, күш көрсетпеуге жол ашылатынын көрсетті. Гандидың идеялары әскери қарсылық көрсету насихатында, Үндістанның жалпы ұйымдарында көптеген елдерде, континентте бейбітшілікті сақтау мақсатында пайдаланып, Махатма Гандидың бейбітшілік, татулық, тыныштықты сақтауға ұмтылу мұраты үлкен ықпал етті. Қоғамдық саяси қайраткер ретінде оның өмірі туралы баяндау тек академиялық қызығушылықты ғана емес, отаршылдық қанауға және ұлттық зорлық-зомбылыққа карсы күрескен гуманистік ойшылдығына бүкіл әлем жұртшылығы үлкен сыйластықтарын білдірді.

Диплом тақырыбының зерттелу дәрежесі. Бұрынғы Кеңестік тарихнамада

жалпы Үндістан тарихы, соның ішінде тікелей Махатма Ганди өмірі, саяси жолына арнаған зерттеулер жетерлік.

Ұлы Отан соғысы Үндістаннан информациялар алуды қиындатып, белгілі бір жағдайда Үндістанның қазіргі заман тарихын, ғылыми зерттеудің мүмкіндіктерін шектеді. Бірақ соғыс аяқтала салысы мен, үнді халқының ұлт азаттық қозғалысының көтерілуіне байланысты Үндістанда болып жатқан оқиғаларға қызығушылық ерекше өсті. Үндістанның тәуелсіздік алуы, үнді Республикасы мен Кеңес Одағы арасында сол кезде жақсы ынтымақтастық орнауы әсіресе мәдени айырбастың кең көлемде жүруі, осының бәрі қосылып, Үндістанның қазіргі заманғы тарихын зерттеу үшін кең перспективалар ашты. Соның ішінде Махатма Гандидың тарихи роліне де терең және жан-жақты талдау жасалына басталды.

1956 жылы «Новое время» журналы академик Е. М. Жуковтың «Об исторической роли Махатми Ганди» деген ашық хаты жарияланды. Дәл осы жылы «Международная жизнь» журналына академик А. А. Губердің осыған ұқсас материалы жарық көрді. Бұлардан кейін А. М. Дыяков, И. М. Рейснера сияқты ғалымдардың «Роль Ганди в Национально-освободительной борьбе народов Индии» деген зерттеулері дүниеге келді. Бұл публикацияларды гандизм, Гандидың азаттық қозғалысындағы ролі туралы терең зерттеулердің қажеттілігі айтылды. Бұлардың пікірлері басқа ғалымдар үшін маңызды стимул болды.

1950 жылдардың соңына қарай жинақталған тәжірибелер Гандидың қызметі мен көзқарастарына ғылыми-объективтік талдау жасауға мүмкіндік берді. Сол кезде жарық көрген «Үндістанның қазіргі заман тарихы» деп аталатын капиталды еңбекте үлкен фактілік материалдар негізінде М. Гандидың Үнділердің ұлттық тәуелсідігі үшін сіңірген еңбегі толығынан көрсетілді және қате түсініктер артта қалды.

1959 ж. КСРО-да Гандидің 90-жылдығы аталып өтіп, осыған орай оның «Моя жизнь» деген кітабы қайта басылып шықты және бір қатар статьялар жарық көрді. Ал, 1962 жылы А. В. Горев бастаған ғалымдар қаламынан үлкен көлемді зерттеу «Философские взгляды М. К. Ганди» жарық көрді. Бұдан басқа Ганди және гандизм туралы материалдар үлкен совет энциклопедиясы, педогогикалық энциклопедиясы, философиялық энциклопедиясы және философиялық сөздіктерде жариялана бастады. М. Гандидың 100 жылдығына орай О. В. Мартышинаның «Политические взгляды Ганди» кітаптары басылып шықты. М. Ганди туралы маңызды зерттеулер қатарына Ульяновтың «Политические портреты» еңбегін жатқызуға болады. Ол 1980 жылы баспадан жарық көріп Махатма Ганди туралы бүкіл өмір жолын зерттейтін, айтулы еңбектерінің жолын зерттейтін айтулы еңбектің бірі Горевтің «М. Ганди» болып табылады. Бұл еңбек М. Гандидың балалық шағынан бастап, оның мұраларының жүзеге асырылуына дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеудің хранологиялық шегі XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтиды.

Диплом жұмысының мақсаты Махатма Гандидің күрескер ретінде қалыптасуын, Гандизм мәнің жан-жақты ашып қарастыру болып табылады.

Диплом жұмысының мақсатына сай төмендегідей міндеттер алға қойылып отыр.

- Гандидің ұлт-азаттық күрескер ретінде қалыптасу жолына талдау жасау;

- Гандизм ілімін мәнің ашу;

- Гандидің пацифистік іліміне жан-жақты сипатама беру;

Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Гандидің Махатма ретінде қалыптасуы

  1. Ганди өскен орта

Мохандас Карамчанд Ганди 1869 жылы қазанның екісінде Үндістанның - өте күрделі салт-дәстүрлі кішкентай Катхиавад деп аталатын Солтүстік-батыс түбекте орналасқан Порбандар князьдігінде дүниеге келген. Гандилер ата-бабасы индуизм дінінің үшінші кастасы бания кастасына жатады. Олар бір кездері бақташы болған. Соңғы ұрпақ өкілдері атасынан бастап, Катхиавар князьдіктерінің бірсыпырасында бас министр қызметін атқарған. Атасы Оттамчанд Ганди, оны Ота Ганди деп атаған. Ол өте бірбеткей, қайтпас адам болған. Ота Ганди әйелі қайтыс болып, екінші рет үйленген. Бірінші әйелінен төрт ұл, екінші әйелінен екі ұл көреді. Бірақ Ота Ганди балаларының ешқайсысын бөліп жарған емес. Сондықтан олар екі анадан туғандарын білмей, бір ананың баласындай тату болған. Осы алты ағайынның бесіншісі Карамчанд Ганди, оны адамдар Каба Ганди деп атап кеткен. Карамчанд Ганди - Мохандас Гандидың әкесі. Әкесінің мансабы - диван. (Үнді феодалдарының сарайларындағы Жоғары Кеңес, өз алдына бөлек министр және жалпы ірі шенеунік) . Каба Ганди төрт рет үйленген. Бастапқы үш әйелі қайтыс болған. Бірінші және үшінші әйелінен екі қыз қалған. Төртінші әйелі Путлибай оған бір қыз және үш ұл сүйдірді. Мохандас Ганди - Путлибайдан туған үйдің кенжесі.

Әкесі Каба Ганди - Раджастхан сотының мүшесі болған. Біраз уақыт Раджкотта, Ванканерде бас министр қызметін атқарған. Каба Ганди сол кездегі үнді князьдігіндегі жергілікті әкімшілік өкілдері секілді, балаларына әжептеуір ағылшын білімін, ағылшындар ортасында өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, ағылшын әкімшілігінде жұмыс жүргізе білу, ағылшындықтардың киім киюі, сөйлеу мәнерін үйренуге баулыды. Ганди отбасы Оңтүстік Үндістан князьдігінің білімді ортасына жатты, бірақ мәдениет өкілдеріне немесе жергілікті бай ақсүйектерге жатпады. Мохандастың ағаларының бірі - заңгер, бірі - полиция инспекторы болды. Мохандастың әкесі тірі кезінде жергілікті ағылшын орта мектебінде оқыды. Әкесі Гандиді князьдағы премьер-министірдің қызметіне дайындады. Ганди әкесінен әкімшілік-басқару қабілетін, ер мінезділігін өзіне алды.

Гандидің айтуы бойынша: «Әкесі ешқандай білім алмаған тек мол тәжірибе жинақтаған, әрі кеткенде гуджарат мектебінің бесінші сыныбына дейін оқыған. Тарих және география пәндерінен мүлде хабарсыз еді. Бірақ өмірден жинақтаған мол тәжірибесі небір қиын мәселелерді шешуге және жүздеген адамдарды басқаруға септігін тигізді». Гандидың өзі: «Әкем ешқашан байлыққа қызыққан, ұмтылған емес еді» - деп есіне алады. А. В. Горев Гандидың әкесі жайлы былай деп жазады: «Карамчанд Ганди - адамгершілігі мол, өжет, тік мінезді, көбіне осы мінезімен ағылшын резиденттерімен қарсы жан-жалдасып қала берген. Әкесінің діни дәрісі аз еді, дегенмен мінәжатханаларға барып, діни уағыз тыңдағандықтан көптеген индустарға тән діни тәлімі болды /5/.

Анасы Путлибай дінге сенгіш, діндар адам болады және де ұлы М. К. Гандиде солай тәрбиеледі. Зерттеушілердің айтуы бойынша: Ганди өз анасынан және ереже бойынша үнді қағида афоризмінде жазылған. «Нет ничего выше истины» қағидасын үнемі есінен шығармаған. Сонымен қатар ол зиян келтірмеу және зорлық көрсетпеу өте жоғары мейірбандық болып саналатынын ұғып алды (ахинса парамо дхарма) . Үндістанның барлық бөліктеріндегі үндістер арасында жалпыға бірдей соңғы ереже, тәжірибе жүзінде әсіресе джайнистер мен вайшнавистерге қатаң түрде қолданылады.

Ганди отбасында барлық діни дәстүрлер қатаң сақталынды. Анасы құлшылық етіп алмайынша тамақ туралы тіпті ойламайтын. Вишнуиттердің мінәжатханасы хавелиге күн сайын барып тұруды өзіне парыз санаған. Ол небір қатаң діни ғұрыптарды ант-су ішіп мойнына алатын және оларды бұлжытпай сөзсіз орындайтын. М. К. Ганди «Менің өмірім» атты кітабында анасы жайлы былай деп есіне алады: «Шешем әулие әйел ретінде есімде қалды». Бірде анасы чандраяма кезінде қатты сырқаттанып қалады, бірақ сырқатта оның оразасын бұза алған жоқ. Екі-үш күн қатарынан ораза ұстау ол үшін түк те емес еді. Тіпті чатурмас кезінде күніне бір рет тамақтануға дағдыланған болатын. /6/ Бұған да қанағаттанбай, бір чатурмас кезінде ол күнара ауыз бекітетін еді. Кемесі бір чатурмас кезінде күннің көзін көрмейінше нәр тартпасқа ант ететін. Ондай күндерді біз, балалар, күннің көзі көріне қалса, шешемізге айта қояйық деп, аспаннан көз алмайтынбыз.

Жауын-шашын күндерінде күннің көзінің мүлде көрінбей қоятыны бәрімізге белгілі. Аяқ астынан бір көріне қалғаннын шешемізге айтайық деп алды-артымызға қарамай жан ұшыра жүгіретініміз де әлі есімде. Өз көзімен көрмек болып, ол да жүгіре басып келіп еді, бірақ күнің көзі бұлт тасасынан өтіп кетіп, шешем тамақтана алмай қалды. «Оқасы жоқ» - деді ол жайрандап, - «бүгін менің тамақ ішкенімді құдай қаламаған ғой». Сосын қайтып келіп парызын өтей берді. Негізі анасы Гандидың жарық дүниеде ақиқаттан артық, ақиқаттан жоғары ештеңе жоқ екенін әрқашан ескертіп, түсіндіріп отырады.

Гандилар отбасында дәстүрлі діндердівайшнавизмді ұстанды. Ұлы пендені жаратқан ием құдай орнатты деп сенімдерін белгісіз абсолют ретінде қабыл алмау, танымал атрибуттар шегінен шығу деп санаған. Бұл сенімділіктерін құдайшылдық пен өз пайдасынан бас тарту деп сипаттайды. Шіркеулерде құдайға қызмет ету, киелі обет қабылдау, әртүрлі қасиетті мерекелерде (күндерде) пост сақтау бәрі-бәрі құдайшыл вайшнавистің діни тәжірибесі осымен аяқталып отырған. Ганди осындай атмосферада туылып, осындай ортада өсті. Ганди туып-өскен жерде басқа діни сенімдер - джайнистер, мұсылмандар және зороастрийлер өмір сүрді. Осылардың ішінде Гандидың әкесінің достары да болды, олармен діни тақырыпта пікір таласып отырды. Ганди оларды бар ынтасымен тыңдады . Ганди «Менің өмірім» атты кітабында гуджарат тілінде «Рамаяна» (Үнді патшасы Раманың өмірі мен тарихы туралы), «Бхагавагита» (Үндістандағы жартылай тарихи және жартылай аллегориялық трактат), «Манусмрити» (Ежелгі Үндістандағы заң шығарушы Манустың - этикалық, әлеуметтік және саяси заңдары) оқылды. Ганди кішкентай кезінде-ақ дін туралы бірталай мағлұмат алған. Будда дінінің «ілімі» бойнша барлық тіршіліктің дүниенің бастамасы танып білуге болмайтын рух, яғни «Будда». Бүкіл әлем, табиғат оның құбылыстары сол құдай мәнінің көріністері, түрленулері Будданың үйретуінше: жер, көк және мәңгілік кеңістік дүниесі бар. Жер дүниесінде - хайуанаттар, адамдар, түрлі рухтар: көк дүниесінде: құдайлар, мәңгілік кеңістік дүниесінде Будда тұрады екен. Бұл діннің философиялық негізінде «төрт ақиқат» алынған. Бірінші ақиқат - өмір дегеніміз азап шегушілік. Екінші шындық - азап шегудің негізі нәпсіні тыймаушылық. Үшінші шындық - азап шегуден нәпсіні тыю арқылы құтылуға болады. Төртінші шындық - адам азаптан құтылу үшін Будда (Гаутама) көрсеткен жолмен жүруі керек. Бұл жол Нирванаға - мәңгі тыныш өмір сүретін жерге, Будда тұратын мәңгілік кеңістікке апарады екен. Будда дінінің бұл философиялық уағыздары мен ілімдері «Трипитака» («Білімнің үш бұлағы») деген діни кітапта баян етілген. Ол 29 томнан, 10 мың беттен тұрады. «Трипитака» - «Сутта-питака (Өсиеттер кітабы) », «Виная-питака» (діни -кәде жоралғылар кітабы), «Абхидхама-писака» діни негіздерін баяндайтын кітап) деген үш бөлімнен тұрады.

Будда дінінің дүниеде азап шегу одан құтылу жолдарын көрсету идеясы қаналушы бұқара ойынан орын тепкен. Феодалдар мен қанаушылардан ауыр кемсіту көріп отырған халық, Будда уағыздарын әділеттік пен еркіндікке жетудің бірден-бір жолы деп түсінді. Ерте дүние адамдары ілімін өздерінше оқып, оған құлшылық етіп келген «Дегенмен Үндістандағы христиан әдебиеттері, миссионерлер мен шіркеу жас Гандиді қызықтыра алмады. Ганди «Автобиографиясында» былай деп түсіндіреді: «Только христианство было тогда исключением. Во мне развилось какое-то чуство неприязни к нему. И на то была свая пригина. В те дни християнские миссионеры, бывало, остановались близ средней школы и грубо поносили индусов и их богов» /7/ Британ империалистері құрған орта мектептер, колледждер мен унивеситетер арқылы Үндістанда кең тарла бастаған ғасырлық идеялар мен дәстүрлер Батыс ойшылдарына ықпал ете бастады. Жаңадан өсіп келе жатқан жас өспірім жеткіншектер ашық түрде болмаса да, жасырын түрде көптеген дәстүрлерге қарсы болды, бұған дәлел Үндістандағы саяси құлшылық пен физикалық әлсіздіктен туындаған. Бір кездері Ганди үлкен студентердің ықпал етуімен, жасырын түрде шылым шегуге, ет жеуге тыйым салынған жерлерге барды. Тыйым салынған шығындарды төлеуі үшін алтын ақшаларды ұрлауға дейін барған. Кейінірек Ганди өзінің істеген істеріне өкінішпен қарап, әкесіне өзінің құлдырап бара жатқанын, қандай жаза қолданса да дайын екенін мойындайды. Әкесі таңқалған кейіппен, үнсіз көзіне жас алып, баласын кешіреді. Ганди бұдан былай ешнәрсе жасырмауға бейімделді. Бұл Ганди үшін алғашқы және ұмытылмас қос сабақ болды. Шыншылдық күші мен махаббат (ахинса) . Шыншылдық махаббатқа шақырады, ал махаббат үнсіз жүректің өзгеруіне әсер етеді. Ганди өмірде шындық пен махаббат - күннен-күнге ұлғая берген. Ганди өзінің «Автобиографиясында» былай дейді: «Это было для меня предметный урок «ахинсы» . . . когда ахинса становится свеохватывающей, она преобразует все, чего бы ни коснулась. Нет предела ее силе» /8/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақуалыққа толы ғұмыр немесе “өзі өзгеріп, әлемді өзгерткен адам”
Мохандас Карамчанд Ганди
Махатма Ганди
ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестердің негізгі бағыттары мен идеологиясы
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы
Христиан мәдениеті
Үнді-будда мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz