«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Ботулизм ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2.1Ботулизм ауруының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.2Ботулизм ауруының қоздырғышының төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.3 Ботулизм ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2.4 Ботулизм ауруымен дерттену ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.5Ботулизм ауруының өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.2.6 Ботулизм ауруындағы паталогоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... 18
1.2.7 Ботулизм ауруының диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.2.8 Ботулизм ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.2.9Ботулизм ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.2.10Ботулизм ауруын дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.4 Індетке қарсы шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –118б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 135 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-147б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 153с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-124с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-136с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-115с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 184б.
9 Тұтқышбай И.А. Жануарлар патологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай И.А, Сабекова Д.Ө. Шымкент,
ОҚМУ, 2009.-111б .
10Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009. -154б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен жазылған Ботулизм ауруына
қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар атты курстық жұмысым 30
беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника
қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 1 суретті
қамтиды.
.
Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар. Түрлері мен типтері.
Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Ботулизм (Botulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр
зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің
салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.
Организмнің резистенттілігі – оның патогендік факторлар әсеріне
төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті.
Патологиялық реакция дегеніміз – организмнің кез келген
тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.
Патологиялық процесс – құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды
сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.
Инфекциялық ауру – инфекцияның айқын көрінісі.
Карантин – індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін
жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.
Спорадия - жұқпалы аурудың бірен-саран жағдайда, яғни инфекциялық
немесе инвазиялық аурудың бір-екі малда ғана байқалуы.
Уыттылық (вируленттілік) – микробтың зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі.
Шектеу – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы үшін
қарым- қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.
Індет – індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.
Індет процесі – оның негізгі үш құрама бөлігінің қозғалысқа келіп,
олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс.
Індеттанулық балау – жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап,
індет процесі мен індет ошағын толық сипаттау.
Індет ошағы – малдың ауруға шалдығу мумкіндігі сақталған инфекция
қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория, яғни
жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын орналасқан кеңістік.
Антигендер – иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың эффеторлармен
телімді әрекеттесе алатын организмге бөгде заттар.
Антиденелер – телімді антигенмен әрекеттесетін глобулиндер.
Балау – ауруды анықтау, табу, диагноз қою.
Вакцина – жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық
препарат.
Дауалау – жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.
Дезинфекция – сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.
Дезинсекция – сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою.
Дератизация – зиянкес кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар.
Зардаптылық – ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру қабілеті
Инфекциялық процесс – макро және микро организмдер, қоршаған орта ара
қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық патологиялық және
иммундық – қорғаныстар әсерінен туындалатын құбылыс.
Трансмиссивтік жолмен – аурудың шыбын - шіркей арқылы жұғуы

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ...8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1Ветеринария туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10
1.2 Ботулизм
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.1Ботулизм ауруының
қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
1.2.2Ботулизм ауруының қоздырғышының
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.3 Ботулизм ауруының індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2.4 Ботулизм ауруымен
дерттену ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..16
1.2.5Ботулизм ауруының өтуі мен
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.2.6 Ботулизм ауруындағы паталогоанатомиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... 18
1.2.7 Ботулизм ауруының
диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
1.2.8 Ботулизм ауруының
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..20
1.2.9Ботулизм ауруының
иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
1.2.10Ботулизм ауруын дауалау және күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.4 Індетке қарсы шаралар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Ф. 7. 04 – 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ жоғары мектебі
___________________________________ __ ____ кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

_____________________

(қолы,аты – жөні)

_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған
экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен
өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын
толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы
ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік
саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы
қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық
талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде
ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл
ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты
негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы
қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.
Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі
аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе
жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға
шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын
ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою
жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны
анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық
өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет
көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы
кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-
қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға
сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының
себебі болды.
- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық
жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және
ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,
халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен
қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан
ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал
екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пункттерінде тексерілетін
жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет
территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік
ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Ботулизм - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы,
жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы
ерекшеленетін ауру. Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған адамда
аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық
және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897ж. Ерменгем
қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия бөліп алды. Бұл
микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып,
оны Васillus botulinus (лат. botulinus – шұжық) деп атады. Жануарлардың
ботулизмі туралы деректер 20ғ. басында алынды.
Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В,
сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д,
күзенде - С, құста С, А және В типтері арқылы болады.
Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай
18 ден 38°С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7,0-
7,6). Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10% ас тұзы, нитриттер, бос май
қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.
Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді.
100°С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105°С - 2 сағ. кейін, 120°С - 10 мин
өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде
зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар споранын өнуін
тоқтатады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1Ветеринария туралы заң

Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық,
ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, ветеринариялық-
санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік
қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен
адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
Жалпы ережелер
Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері
диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының
нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін
куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу - ветеринариялық
препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін,
иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау
мақсатында, шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан
өткізу;
ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан
улануын зерделеуге, олардың профилактикасында, диагностикасына, оларды
емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына
сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық
қызмет саласы;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың
жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі:
ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен
органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық
және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі;
ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-
санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат,
ветеринариялық сипаттама;
ветеринариялық іс шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын,
емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын
болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға,
алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың
және адамның денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау мақсатында, бірегейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласының
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті
болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын
нормативтік-құқықтық акт;
ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы,
диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция,
дезинсекция және деретизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден
алынатан немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған
парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, түрі, жынысы,
түсі, жасы, жануарлардың ауруларының профилактикасы, диагностикасы және
оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері
мен сипаты көрсетіледі;
жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар,
хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар,
гельминттер, кенелер, жәндіктер;
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды
сараптамадан, байқаудан өткізу;
ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі - ветерианрия
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден
өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға
рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында
індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан
қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және
әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және басқа
орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-
санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның
мамандандырылған бөлімшесі;
ауру бойынша қолайсыз пункт қолайсыз пункт- індет ошағы белгіленген
аумақ:
ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды
өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу,
стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе
қолдану;
шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және
індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы
жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге
және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік- шаруашылық
іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса
алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына
немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар
аурулары;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жем-
шөп және жем-шөптік қоспалар;
жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын
ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері,
жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу – ветеринариялық
препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті
әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер
кешені;
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік
қызмет – жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының
қоздырушыларын типтендіруді белгілі бір түр ішіндегі типтік
айырмашылықтарды анықтауды, олардың профилактикасы мен дигностикасы
шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы
жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
базар – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату
орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды
сақтандыруға арналған және немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн,
түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-
қарын, қан, сүйек, мүиіз, тұяқ және басқа өнімдер;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан
Республикасының үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган;
індет моноторингі – эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты
ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген ұсталған, өсірілген
аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық шаруашылық жағдайлары,
жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса
алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау
жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын,
өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
індет ошағы – жұқпалы аруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және
ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;
індет – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың
аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы
Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері
қоланылады.
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан
қорғау;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен
таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу
және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың
сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың
біліктілігін арттыру [10].

1.2 Ботулизм ауруы

Ботулизм (Botulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр
зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің
салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.
Тарихи деректер. Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған адамда
аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық
және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады.
1897 ж. Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия
бөліп алды.
Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де
тауып, оны Васillus botulinus (лат. botulinus – шұжық) деп атады.
Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20ғ. басында алынды.

1.2.1Ботулизм ауруының қоздырушысы

Ботулизм ауруының қоздырушысы – Сlostridium botulinum – грам оң токсин
және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес (4-9 х 0,5-
1,2 мкм). Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан
жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта,
басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора
түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.
Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-
антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын
токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С (С1, С2), Д, Е,
Ғ және О.
Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е типтері түзетін токсиндерде
күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бәсендеу келеді, Е және Ғ
токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқын реакция
береді.
Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және
вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса
уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр,
қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, құста С, А және В типтері арқылы
болады.
Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай
18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7,0-
7,6).
Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10% ас тұзы, нитриттер, бос май қышқылдары
және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.

1.2.2Ботулизм ауруының қоздырғышының төзімділігі

Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді.
100°С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105°С - 2 сағ. кейін, 120°С - 10 мин
өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде
зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады.
Химиялық заттар споранын өнуін тоқтатады.
Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин, ал тығыз
ортада (ет, балық, жем) 2 саг. өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның,
азоттың, көмір қышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада (рН 8,5-
тен артық) иондағыш сәуле мен тура түскен күн сәулесінің әсерінен
белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата
алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады [1,3].

1.2.3 Ботулизм ауруының індеттік ерекшеліктері

Ботулизмнің қоздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топырақта, суда,
көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен құстардың ішек-
қарнында, әртүрлі жәндіктер мен олардың балапан құрттарында кездестіруге
болады. Әртүрлі сероварларының географиялық таралымы әртүрлі.
Табиғи жагдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай
ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С
және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады.
Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар
егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ
жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны
сезімтал.
Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасы бағасыз
жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20°С-тан жоғары болғанда органикалық
заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин
түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың
түрі мен иісінде ешбір ерекшелігі болмайды.
Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің
ғана ауыруына себеп болады.
Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге
ботулизм улы тышқан және басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың
саңғырығымен түседі.
Ал етқоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе
кемірушілердің өлексесін жегенде уланады.
Құстар жәндіктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға
шалдығуы мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен
қатар ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин
түзуі де мүмкін. Мұны жарақат болтулизмі деп атайды.
Ауру көбінесе бірен-саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор
жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-95%
шамасында [1,2,3].

1.2.4 Ботулизм ауруымен дерттену

Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сіңіп 20 мин ішінде
өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға жетеді.
60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, бүйрек пен
бұлшық еттерде жоғарылайды.
Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны құрсақ
қуысына жібергендегі өлтіретін дозасынан 5000-250000 рет төмен.
Ауыз арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемаглютининмен
қоспасының уыттылығы жоғары болады. Бұл улы комплекс ас қорыту жолында
ыдырамаған күйі қанға өтеді. Комплекстің сіңірілуі оның көлеміне тәуелсіз.
Жалпы алғанда токсиннің денеге сіңіп, дерт туғызуын тәуелсіз кезеңге
бөлуге болады:
1-кезең: токсиннің ішектің микроворсинкаларының сыртқы мембранасындағы
рецепторларымен байланысуы. Токсин молекуласы мен ішек торшасының
рецепторында бір-біріне құрылысы жағынан сәйкес шартты түрде танитын немесе
тауып алатын сайттар деп аталатын құрама бөлігі болады. Олардың бір-бірімен
қауышуы кальций иондарының қатысуымен болады.
2-кезең: торшаға бекітілген токсиннің лимфа мен қанға өтуі. Алдымен
токсинді пиноциттік везикулалар (көпіршіктер) бойына жинап алады да, ол
везикулалардың кейбірі липосомолармен бірігіп белоктық заттарды ыдыратыды.
Басқа везикулалар торшаның іргесіне қарай ығысып, торшааралық кеңістікке
токсинді бөліп шығарады.
Босаған токсин алдымен лимфада, одан кейін қанға өтеді. Бұл процесс ас
қорыту жүйесінің барлық бөліктерінде өтеді.
3-кезең: токсиннің шеткері жүйке талшықтарының жұрнақтарына өтуі
(механизмі толық зерттелген жоқ).
Жүйке рецепторларын үздіксіз күшті тітіркендіруден ми қыртысының басқару
қызметі бұзылады да, шектен тыс қозудың нәтижесінде жүйке торшалары
әлсіреп, тіршілік қабылетінен айырылады. Сопақша мидың орталықтарының
зақымдануына байланысты жұтқыншақ, тіл, астыңғы жақ салданады.
Шеткері жүйке жүйесіне токсиннің әсер етуінен синапстарда ацетил-
холиннің бөлінуі тежеліп, бұлшықет-жүйке байланысы бұзылады. Соның
нәтижесінде тұла бойы бұлшық еттері босансып, ширақтығы төмендейді. Дененің
қозғалысы нашарлап, жүрек, тыныс алу бұлшық еттері салданып, тыныстың
тоқтауынан жануар өліп тынады.
1.2.5Ботулизм ауруының өтуі мен симптомдары

Ботулизмнің жасырын кезеңі 18 сағаттан 16 тәулікке дейін. Денеге енген
токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғүрлым жасырын кезең де қысқа,
аурудың өтуі де шапшаң болады. Ботулизм өте жіті, жітіден томен және
созылмалы өтеді.
Аурудың тұтануы әдетте 8-12 күнге созылады да, алғашқы 3-4 күнде ауруға
шалдығу жоғары болады. Көбінесе дененің ыстығы көтерілмейді. Жіті өткенде
ауру 1-4 күнге, жітіден төмен түрі 7 күнге, ал созылмалы болғанда 3-4
аптаға ұласады.
Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір
белгісі білініп үлгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда
есеңгіреген жануар басын көкірегіне бұрып, жатып қалады да, жантәсілім
бермей-ақ өліп қалады. Сауығу өте сирек кездеседі.
Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді.
Жүргенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра
алмай, жатып қалады, күштегенде әзер түрегеледі.
Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі қабықтарында гиперемия байқалады,
болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады.
Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады. Ауру меңдеген кезде тамыр
соғысы минутына 80-100-ге жетеді.
Жүрегі әлсіз соғып, аритмия байқалады. Ішектің жиырылуы бәсеңдеп, бара-
бара атонияға ұласып, іші қатады.
Нәжісі жалқақтанып, аз бөлінеді. Несептің мөлшері азаяды да, онда
индикан, белок және глюкоза байқалады.
Қанда эритроциттердің саны сәл көбейіп, шөгу жылдамдығы төмендейді.
Ауыздан сілекей ағып, астыңғы жақ салданып, тіл салақтайды. Жануардың
жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді.
Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жұта алмай,
қайта шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады.
Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мүлдем қалады. Өлім
көрсеткіші 90-95%.
Тек қана жеңіл ауырған жануарлар ғана жазылады. Ауру жітіден төмен
өткенде жануар орнынан тұрып, қозғалғанымен жүргенде тез шаршап, сүріне
береді де, қайтадан жатады. Онда да шайнауы мен жұтынуы қиындап, іші
қатады, жүрек қызметі нашарлайды.
Жұтынғанда аспирация болып, пневмония немесе өкпе гангренасына ұшырауы
мүмкін.
Созылмалы өткенде малдың орнынан тұруы, жүруі қиындап, ұзақ жатқаннан
денесінің әрбір жері ойылады. Сезімі, тәбеті, күйіс қайтаруы сақталады.
Жануар тез арықтайды. Сауығуы аурудың басқа түріне қарағанда жиірек
байқалады.

Қой ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяктарын бауырына қарай
тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кегжитеді. Мойны салданған кезде бір
жағына қарай иіледі.
Ауру жіті өткенде аузынан тілі салақтап, сілекей ағады. Созылмалы түрде
ауырып жазылған мал ұзақ уақыт дел-сал күйде болады.
Ешкінің жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға және жұтынуға қатысты бұлшық
еттердің салдануы үнемі байқалмайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботулизм жайлы
Құстардың инфекциялық ларингиті
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Жұқпалы аурулар туралы
Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары
Жылқы тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Індетке қарсы шаралар туралы
Құтырық ауруы
Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер