Экономика саласындағы әлеуметтік шиеленістер



1. Әлеуметтік шиеленістар туралы түсінік.
2. Әлеуметтік шиеленістер себептері, аткаратын қызметтері.
3. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар.
4. шиеленісті жағдайдың шешімін табу.
Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеленістердің орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде "шиеленіс" деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір – бірімен қарым – қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын – соңды болып көрмеген шиеленісті жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды.
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып – үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиелініскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет.
Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты.
Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты жан – жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. ΧІΧ ғасырдың соңында жарық көрген Г. Спенсер, М. Вебер және Л. Гумпловичтің еңбектерінде шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л. Гумплович К. Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған курестен іздеу керектігін айтты.
"Әлеуметтік шиеленіс" (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г. Зиммель болды. Г. Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.
Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде ΧΧғ. 50-жылдарында қалыптасты. Әлеуметтік шиеленістерді жан-жақты зерттеген конфликтологияның классиктері Р. Дарендорф (Германия), Л. Козер (АҚШ) және К. Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеленістердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиеленіс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті.
Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген. Олардың қазіргі саны 50-ге жуық. Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Әлеуметтану негіздері А.И.Икенов
Алматы Экономика 2004

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК
ШИЕЛЕНІСУ
Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап
бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік
шиеленістердің орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде "шиеленіс"
деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген
ұғымды білдіреді.
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір – бірімен
қарым – қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеленістер
жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам
өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын – соңды болып көрмеген шиеленісті
жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды.
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып – үйренудің
теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиелініскен
жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты
шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет.
Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл
құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында
қалыптасты.
Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде
шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты
жан – жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. ΧІΧ ғасырдың соңында
жарық көрген Г. Спенсер, М. Вебер және Л. Гумпловичтің еңбектерінде
шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады.
Л. Гумплович К. Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін
адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған курестен іздеу
керектігін айтты.
"Әлеуметтік шиеленіс" (социология конфликта) деген терминді алғаш
рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г. Зиммель болды. Г. Зиммель
шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.
Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына
жеке бағыт ретінде ΧΧғ. 50-жылдарында қалыптасты. Әлеуметтік шиеленістерді
жан-жақты зерттеген конфликтологияның классиктері Р. Дарендорф (Германия),
Л. Козер (АҚШ) және К. Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің
еңбектерінде шиеленістердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама
себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиеленіс процестерін реттеу және
шешудің жолдарын көрсетті.
Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар
берілген. Олардың қазіргі саны 50-ге жуық. Осы анықтамалардың бәрінде
дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Е.М. Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиеленіс
– түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың,
мемлекеттердің, т. б. Арасындағы мүдделердің, мақсат, даму барысындағы
мүдделердің, мақсат, даму бағыттарының қарама қарсылығынан немесе мәнді
айырмашылықтарынан туатын қақтығыс, әлеуметтік қайшылықтардың шегінен шығып
асқынған түрі. Әлеуметтік шиеленіс шешілуі қажет әлеуметтік проблемеға
байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір
себептері, қозғаушы күштері (таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке
адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиеленіс ұзаққа созылуымен,
қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
Шиеленіс болуы үшін оның барлық алғы шарттары пісіп-жетілуі қажет.
Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды.
Яғни, әлеуметтік шиеленістерді өзара байланыста болатын элементтерден
тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеленісті құрайтын
элементтерге мыналар жатады:
1) шиеленісті жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болды. Олар кем
дегенде екі жақ болуы мүмкін. Бұларды шиеленістің субъектілері деп
атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік
жіктер, саяси партиялар, т.с.с. жатады. Сол сияқты шиеленіске оның
негізгі субъектілірінен басқа да адамдар араласуы мүмкін. Бұлар – екі
жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар,
ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар да болуы мүмкін.
Шиеленістің субъектілерін бұл аталғандардың айыра білген жөн. Шиеленісті
жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары
басты рөл атқарады.
Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары,
қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.
Ал, психологиялық сипаттамасы – жекелеген адамдардың мінез-
құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге
келе бермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын қиын
мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеленістің
басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.
2) Шиелініс орын алуы үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы
қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың
мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-
қарсылығынынан туындайды. Қоғамдағы жеке адамдардың, әлеуметтік

топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді.
Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей
іс-әрекетке көшкен кезде шиеленістің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни екі
жақ та бірдей іс-әрекет көшеді. Әр жақ өзіне қарсы жақтың іс-әрекетіне
тойтарыс беруге тырысып, барынша баиыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге
тырысады.
Шиеленістің барысына әлеуметтік орта да елеулі ықпал етеді. Қоғамның
жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық
жағдай, қоғамдағы дәстүр, ұлттық, демографиялық айырмашылықтар шиеленісті
жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар шиеленістің нәтижесінеде әсетін
тигізбей қоймайды.
Әлеуметтік шиеленістің мәнін ашып көрсету үшін олардың басты
себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын шиеленістердің өзіндік
ерекшеліктері бар, олардың әрқайсысы басқа шиеленістерге ұқсамауы мүмкін.
Алайда шиеленістерге тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады.
Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар.
Мәселен, маркстік тұжырымдама бойынша қоғамдағы таптар арасындағы
әлеуметтік, таптық күрестің себебін еңбек пен капиталдыңң арасындағы
қайшылықтаніздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты арасындағы
бітіспейтін қайшылық әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік теория түрлі
сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды экономикалық себептермен түсіндіреді.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше, қоғамда
белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану бойынша материалдар
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Кәсіпорындарда шиеленісті басқару жүйесін талдау («Арқабаев» ЖК мысалында)
Қақтығыстар мен шиеленістер
Шиеленіс түсінігі
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі
Әлеуметтану пәнінен дәрістер кешені
Пәндер