Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-тарау. ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ТУЫП ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

  1. Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы мен дүниетанымдық

көзқарастарының қалыптасуы . . . 9

  1. Телжан Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық қызметі. . . 14

2-тарау. ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ - ҒАЛЫМ, ТАРИХШЫ.

2. 1 Телжан Шонанұлының ғалымдық қырлары . . . 23

2. 2 Телжан Шонанұлы және қазақ жерінің мәселесі . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өткен ғасырдың басында еліміздегі қоғамдық-саяси өмірде пайда болған тың құбылыс - ұлт-азаттық күрестің жаңа сапалы кезеңін бастап берген ұлт зиялылырның тарих сахнасына көтерілуі болды. Тәуелсіз қазақ мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруді мақсат тұтқан «Алаш» қозғалысының қайраткерлері ұлт өміріне қатысты сан-салалы маңызды мәселелермен айналысты. Қазан төңкерісінен кейін билікке келген кеңестер үкіметі тұсында да қазақ зиялылары жаңа жағдайға бейімделіп, ұлт тағдыры мен болашағы үшін аянбай еңбек етті. Дегенмен бірте-бірте барлық салада өз биліктерін нығайтқан кеңестер үкіметі негізгі мақсаттары мен мүдделері тоғыспайтын «Алаш» қайраткерлерін қудалау саясатын жүргізді. Олар «халық жауы» ретінде айыпталып, тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргінге ұшырады. Осылайша ұзақ жылдар бойы «Алаш» қайраткерлерінің өмірі мен қызметі бір жақты бағаланып, оны зерттеу ісі тарих ғылымындағы «жабық» тақырыптар қатарына жатқызылды. Алайда XX ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан бастап қоғамдық-саяси өмірде орын алаған өзгерістерлің нәтижесінде арыстарымыздың есімдерің қайта ортамызға оралуына мүмкіндік туды. Осылайша қазіргі Қазақстан тарихы ғылымында тұтастай «Алаштану» бағыты бойынша іргелі зерттеулер жүргізілді. Белгілі зерттеуші ғалымдар К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев және т. б. зерттеулерінің нәтижесінде Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай және т. б. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметтерін жан-жақты зерттеу ісі қолға алынды. Дегенмен әлі күнге дейін зерттеушілер назарынан тыс қалып келе жатқан, өткен ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің қатарынан табылған, белгілі ағартушы-ғалым, тамша тіл маманы Т. Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық және ғылыми мұрасын тарихи тұрғыдан зерттеу ісі кенжелеп қалған еді. Осы тұрғыдан алғанда Т. Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық және ғылыми мұрасын зерттеу Алаш қозғалысының тарихын зерттеудің жаңа қырларын аша түсері де сөзсіз.

Осы орайда, 1937 жылғы тоталитарлық жүйе құрбаны болған Т. Шонанұлының есімі мен оның шығармашылық мұрасы 60 жылға тарта мерзімде өткен тарихымыздың “ақтаңдақ” беттерінің қатарында болып келгендігін, бұл тақырыптың заман талабына сай қайта талдау қажеттілігін айқындай түседі.

Телжан Шонанұлы тәрізді тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне объективті баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де керек.

Т. Шонанұлының өмір жолын, қоғамдық-ағартушылық қызметін зерттеуде жасаған талпынысымыз - еліміздің тарихындағы осындай олқылықтардың орнын толтыру бағытындағы алғашқы әрекеттің көрінісі. Сондықтан да біз зерттеп отырған тақырып отандық тарихтың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың көрнекті ғалымдарының бірі Телжан Шонанұлы жалған айыптармен “халық жауы” атанып, соған орай атылып кеткен отызыншы жылдардың екінші жартысынан кейін оның қоғамдық-ағартушылық және ғылыми мұраларын зерттеуге тиым салынды. Нәтижесінде жарты ғасырға толар-толмас ғұмырының барлық қырлары арнайы зерттеуге лайықты Т. Шонанұлының өмірі мен ағартушылық қызметінің толық ашылып зерттелмеген тұстарының көп екендігі белгілі болып отыр.

Ғалымдар Т. Шонанұлының педагогикалық және әдеби-шығармашылық қызметінің қырларын ашу бағытында біршама жұмыстар жасады. Соған орай Т. Шонанұлы туралы зерттеулердің басым бөлігі оның қаламгерлік, педагогикалық шығармашылығын баяндауға арналған. Ал Т. Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық және ғылыми істері толымды жазылмай отыр. Бұл жағдайдың қалыптасуы тиісті деректердің әлі де болса ғылыми айналымға түспеуіне байланысты болса керек.

Еліміз егемендік алып, іргесін бекіткен тұста ғана тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға мол мүмкіндіктер туды. Соған орай, мемлекет тарапынан 1990 жылы 13 тамыздағы КСРО Президумының “20-50 жылдардағы саяси репрессиялау құрбандарының барлық құқықтарын қалпына келтіру” туралы қаулысы қабылданып, 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің “Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы” /1/ заңы қабылданды. Осыған байланысты Т. Шонанұлының өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасын зерттеуге мол мүмкіндіктер туды.

Ал Т. Шонанұлын тарихшылар тарапынан алғаш зерттеген профессор Әбу Тәкенов пен мұрағаттанушы Бейсенғали Байғалиевтар болды. Олар ізденуші Гүлбану Жүгенбаеваның жәрдемімен үлкен істі жүзеге асырды: 1995 жылы “Қазақ жері мәселесінің тарихы” атты Т. Шонанұлының зерттеуін “Жер тағдыры - ел тағдыры” деген атпен, ғылыми түсініктемемен оқырман қауымға ұсынады /2/.

Аталынған құжаттарды бірер жылдан соң орыс ғалымдары Ф. Д. Ашнин, В. М. Алпатов, Д. М. Насилов өздерінің бірлескен еңбектерінде атап өтеді. Еңбекте ғалымдар Телжан Шонанұлын Құдайберген Жұбановпен бірге тіл мамандары (лингвисты Шонанов и Жубанов) ретінде бағалай отырып, оларға тоталитарлық жүйе тарапынан жасалған қысымшылық істердің айғақтарын көрсетеді /3/.

Сонымен қатар профессор Әбу Тәкенов пен Бейсенбай Байғалиевтар Телжан Шонанұлы турасында ғана емес оның жары, қазақтың зиялы қыздарының бірі Шахзада Аронқызы жайында да жазып, Шахзаданың ату жазасына кесілген жалғыз әйел екендігін атап өтеді /4/.

1997 жылы ізденуші С. А. Баймұратова “Жалпы педагогика” саласы бойынша “Педагогическое наследие Т. Шонанова: (ученого-энциклопедиста, педагога 20-30-х гг. в Казахстане) ” /5/ атты кандидаттық диссертация жұмысын жазды. Зерттеуші өзінің ғылыми жұмысын жазу барысында Т. Шонанұлын ағартушы-педагог ретінде қарастыра отырып, ғалымның педагогикалық ойларын, идеяларын зерттеуге тырысады. Жұмыста Т. Шонанұлының педагогикалық көзқарастары Ресейдің төңкеріске дейінгі алдыңғы қатарлы орыс ғалымдарының идеяларымен теңестіріледі және зерттеуші Т. Шонанұлының педагогикалық қырларының 20-30 жылдардағы кеңестік педагогикалық ой-пікірлердің ықпалында қалыптасқандығын да жасырмайды. Жұмыста Т. Шонанұлының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы мен ғылыми-ағартушылық қызметіне мінездеме бере отырып, одан әрі ғалымның оқыту әдістері мен бала тәрбиесіне арналған еңбектері талданады. Сондай-ақ С. А. Баймұратова Т. Шонанұлының өз кезегінде орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, Н. А. Корф, одан бері қарай ұлы қазақ ойшылдары - Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне терең бойлай отырып, нағыз педагог ретінде шыңдалғанын да естен шығармайды. Ғалымның өмірінің белгісіз тұстарынан тұңғыш мәлімет беретін бұл диссертацияның ғылыми құндылығын атап өткен жөн. Алайда диссертация құрылымы Т. Шонанұлының қызметін қарастыруда кейбір мәселелерді қамти алмаған. Т. Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық қызметі мен өмірі 20-шы жылдардағы күрделі процестермен тығыз байланыста көрсетілмеген; Т. Шонанұлының жазушылық, аудармашылық қызметі зерттеуші назарынан тыс қалған; Т. Шонанұлының Қазақстанды зерттеу қоғамындағы қызметі, оның ішінде әсіресе өлкетану саласына қатысты қызметі, сондай-ақ тарихшы-ғалым ретіндегі көзқарастары толықтай зерттелмеген. Біздің диссертациялық жұмысымыз осы айтылған олқылықтардың орнын толтыратын дербес зерттеу болып табылады.

Зерттеуші өзінің ғылыми жұмысын жазу барысында Т. Шонанұлын ағартушы-педагог ретінде қарастыра отырып, ғалымның педагогикалық ойларын, идеяларын зерттеуге тырысады.

Ал тіл маманы Қ. С. Құлманов Т. Шонанұлының шығармашылық мұрасына қатысты зерттеу жұмысын жазады /6/. Зерттеуші өз жұмысында Т. Шонанұлын әдебиетші, көсемсөзші, ғалым ретінде бағалап, мәдени-ағарту істері турасындағы ғылыми мұраларын зерттеген.

Қазақ зиялыларының қоғамдық саяси өмірдегі қызметтері мен Алаш қозғалысы турасында саралап жүрген тарих ғылымдарының докторы М. Қойгелдиевтің “Алаш қозғалысы” атты еңбегінің маңызы зор. Сондай-ақ көрнекті ғалым К. Нұрпейісовтің “Алаш һәм Алашорда” монографиялық еңбегінде Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттес болғандардың қатарында Т. Шонанұлының да есімін атап өтеді /7/.

Ал Алаш зиялылары турасында қалам тартып жүрген әдебиеттанушы ғалымдарымыздың бірі Д. Қамзабекұлы да Т. Шонанұлы туралы өзінің зерттеу еңбектерінде біраз мағлұматтар беріп өтеді.

Соңғы кезеңде жарияланған еңбектерде Т. Шонанұлына қатысты біраз мәліметтер беріледі. Мәселен, 1996 жылы тарихи дерек пен естеліктер негізінде жазылған Ғ. Ахмедовтың “Алаш “Алаш” болғанда” атты еңбегінде Т. Шонанұлының ағарту саласындағы қызметі туралы да мәлімет береді /8/.

Ал қазақ зиялыларының тарихи көзқарастары турасында қалам тартып жүрген тарихшы-ғалымдарымыз Т. Омарбеков пен Ш. Омарбековтың “Қазақ тарихы мен тарихнамасына ұлттық көзқарас” атты монографиясында Т. Шонанұлының өмірі мен қызметін ғана емес, тарихи мұраларын да зерттеу қажеттігі жөнінде аталып өтіледі. Сондай-ақ Қазақстанды аграрлық қатынастар турасында өз пікірін қосып жүрген зерттеуші О. Мұхатова өзінің “ΧІΧ-ΧΧ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы” атты монографиялық зерттеуінде Т. Шонанұлының “Жер тағдыры - ел тағдыры” атты еңбегін Кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарындағы қоныстандыру саясатына байланысты жазылған Ғ. Тоғжанов, С. Асфендияров, С. П. Щвецов, П. П. Галузо, Е. Федоров, Т. Рысқұлов, С. Садуақасов сияқты авторлардың құнды еңбектерінің қатарына қосып қарастырып, жер мәселесіне байланысты жазылған ойларын көрсетеді /9/.

З. О. Дүкенбаеваның “Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-1941) ” атты монографиясында Т. Шонанұлының шығармашылық мұрасына қатысты біраз мәліметтер берсе, профессор Қ. М. Атабаев “Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1917 жж. ) ” атты еңбегінде Т. Шонанұлының қазақ жері мәселесін зерттеуге үлкен үлес қосқанын атап өтеді /10/.

Жоғарыда аталынып өткен зерттеулік еңбектермен қатар Қ. Е. Тілешова, С. С. Иманбаева, К. Е. Абикенованың ғылыми мақалаларында Т. Шонанұлы зиялы қауым қатарында аталынып өтіледі. Жас зерттеуші К. Е. Абикенова Т. Шонанұлының 100-н аса мақалалары, 30-дан аса кітаптары және аудармаларының болғандығы туралы жазып жүр /11/. Сол себепті де Т. Шонанұлының тарих ғылымына да қосқан үлесін анықтау тақырыптың тың екендігін байқатады.

Бітіру жұмысының деректік негізі.

Деректік мәліметтердің бірінші тобын Телжан Шонанұлының өз еңбектері, ғылыми мақалалары құрады. Әсіресе, Т. Шонанұлының тарихи көзқарастарына оның 1923 жылы жазылып, 1926 жылы Қызылорда қаласында 3 мың таралым болып шыққан “Қазақ жері мәселесінің тарихы” атты еңбегі 1995 жылы “Санат” баспасынан қайта бастырылып “Жер тағдыры - ел тағдыры” атпен шықты. Бұл Т. Шонанұлының тарихшы ғалым болғанын дәлелдеуде құнды болып отыр. Сондай-ақ ғалымның артына қалдырған мол мақалалары мен кітаптары жұсмысты жазуда негзгі дерек көзі болып отыр.

Т. Шонанұлына қатысты деректер 1998 жылы Л. Д. Дегитаеваның редакторлығымен шыққан “Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг” атты құжаттар жинағында /12/, сондай-ақ 2002 жылы Қ. С. Қаражанның редакторлығымен шыққан “Хрестоматия по новейшей истории Казахстана (1917-1939 гг. ) ” /13/ атты құжаттар жинағында кездеседі.

Жұмыстың мақсаты Бітіру жұмысының алдына қойған басты мақсаты - Т. Шонанұлының туып-өскен ортасы мен ағартушылық, қоғамдық қызметтерімен қатар оның нағыз тарихшы ғалым екендігін айқындау болып отыр.

Бітіру жұмысы өзінің алға қойған мақсатын шешуде төмендегідей міндеті жоғарыдағы мақсатқа жету үшін, бітіру жұмысы төмендегідей нақты міндеттер тобын шешуді көздейді:

  • Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы мен дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына тоқталу;

- Телжан Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық қызметіне баға беру;

- Телжан Шонанұлының ғалымдық қырларын ашу;

  • Телжан Шонанұлының тарихшы-ғалым болғандығын көрсету;

Жұмыстың мерзімдік шегі: Телжан Шонанұлының өмір сүрген жылдары, яғни 1894-1938 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Телжан Шонанұлының туған ортасынан бастап, өмір жолының барлық тұстарын және оның саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған кезеңге дейінгі уақытты қамтиды.

Жұмыстың методологиялық негізі: Т. Шонанұлының саналы ғұмыры мен қызметі кеңестік кезеңге сай келгендіктен, сол кездегі басты методологиялық бағыт болған қалыптасып келе жатқан марксистік-лениндік деп аталған тарихи материализмге негізделген көзқарастар жүйесіне көңіл бөліп, оның зерттеліп отырған тарихи тұлғаның көзқарастары мен бағыттарына ықпалын айқындауға тырыстық. Жеке тұлғалар жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу барысында Ұлы бабамыз әл-Фарабидың интелект туралы трактатындағы тұжырымдардың маңызы зор болғандықтан, жұмыс барысында Ұлы бабамыздың актуальды интелект және әрекетшіл интелект жөніндегі тұжырымдары Т. Шонанұлының өз ұлтына қызмет еткен қайраткер, ағартушы-ғалым екендігін кеңірек айқындауға, жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдауға көмектесті.

Бітіру жұмысының қолданыстық маңызы Ұсынылып отырған бітіру жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындыларды ΧΧ ғасырдағы қазақ зиялыларының тарихына қатысты курс жұмыстарында, түрлі Қазақстан тарихы бойынша жазылған студенттік баяндамаларда оқу орындарында жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулуға арналған тәрбиелік сағаттар барысында пайдалануға болады.

Т. Шонанұлының тағдыры бұрын толық зерттелмегендіктен, ол туралы бұрынғы таптық тұрғы негізінде жазылған еңбектер тарихымызға бұрмаланған қорытындылар қатарын алып келгендіктен, оның өмірін тұтастай алып қарастырдық. Бұл мүмкін болашақта шонановтануда ағартушы өмірінің белгілі тұстарын жекелей талдап, тереңінен зерттеуге немесе оның қызметінің жекелей тұстары мен мұраларын зерттеушілердің арнайы қарастыруларына пайдаланар, негіз болар деп санадық.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ТУЫП ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ.

  1. Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы мен дүниетанымдық

көзқарастарының қалыптасуы

. ΧІΧ ғасыр мен ΧΧ ғасырдың тоғысында бұған дейін Ресей империясының толық отарына айналып, нәтижесінде ұлттық рухы мен мемлекеттілігінен айырылған туған елінің саяси, рухани және экономикалық негізін жаңаша дамыту қажеттілігін түсінген ұлтжанды қазақтың зиялы қауымы қалыптасты. Ұлттық мүддені қорғаған қазақ интелегенциясының саны аз болғанына қарамастан, олар өз кезегінде халықтың саяси санасының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Бірақ, тоталитарлық жүйеге қызмет еткен моно идеология ұзақ жылдар бойы қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылық қызметтерін ұлтшылдық ретінде бағалап, олардың еңбектері мен саяси идеяларын оқып-зерделеуге, мәндерін танып-білуге тиым салып отырды. Соңғы жылдары осыған байланысты өмірлерін ұлт мүддесі жолындағы күреске арнап өткен А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Х. Досмухамедов, М. Шоқай, С. Сәдуақасов, Ж. Аймауытов және тағы да басқа қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық, шығармашылық, ғылыми қызметтері туралы жаңа көзқарастар тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жазыла бастады.

Негізінен Т. Шонанұлының өмірбаяны, білім алуы мен өмір жолы турасында құжаттық материалдар өте аз. Т. Шонанұлына қатысты қысқа мазмұнды жазылған бұл құжаттар оның өмірінің басты белестерін ашып, нақты даталарды келтірумен құнды. Бірінші мұрағаттық мәліметте ол өзінің туған жылын, өскен ортасын, алты жасынан бастап ауыл молдасынан сауат ашқанынан бастап, 1929 жылға дейінгі аралықтағы атқарған істерін қысқаша баяндап өтеді. Өз қолынан жазылған бұл қысқаша өмірбаян бойынша, Телжан Шонанұлы 1894 жылы 17 желтоқсанда Торғай облысына қарасты Ырғыз уезі, Аманкөл болысы, 4-ші ауылда (қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ұ. Құлымбетов атындағы кеңшар, Аманкөл ауылы) қарапайым малшының отбасында дүниеге келген /14/.

Т. Шонанұлының әкесі Шонан мен анасының өмірі туралы мәліметтер кездеспейді, ол тек өзінің қысқа өмірбаянында ата-анасының нашар тұрып, аздаған малымен күнкөріс жасап отыратын қарапайым шаруа адамдары болғанын атай келіп “6 жастан бастап мені молдаға оқытуға берді. 9 жасымда мен әкемнен айырылдым. Әкем қайтыс болғаннан кейін мен балаларды оқыттым және өзім де оқыдым. Осылайша 14-15 жасқа дейін өмір сүрдім” /15/ - деп жазады. Жастайынан ауыл молдасынан сауат ашқан Т. Шонанұлы өзінің алғырлығының арқасында күнкөріс қамы үшін аздаған мұсылмандық білімін кішкентай ауылының балаларына үйреткендігін де жасырмайды.

Т. Шонанұлының көрнекті тұлға ретінде қалыптасуында оның жастық шағында жалпы қазақ даласында болып өткен тарихи оқиғалар мен процестердің орны ерекше болды. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей империясы отарлау саясатына байланысты жүргізілген реформалары Торғай өңірін де қамтыды. Қазақстанды түпкілікті отарлау және оны өзінің ішкі провинциясына айналдыру міндетін қойған Ресей империясы, қазақ даласына әкімшілік басқару жүйесін енгізу мақсатында 1867 жылы 11 шілдеде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ереже”, 1868 жылы 21 қазанда “Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Ереже”, 1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай обылыстарын басқару туралы Ереже” қабылдады. Реформалардың заңдық негізде іске асырылуы Торғай өңірінде де көрініс тапты. Мәселен, 1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Ереженің қазақ жеріне байланысты негізгі баптарында былай деп жазылды: “119. Көшпелілер қонысы орналасқан жерлер, сол жерлердің бар байлығы, соның ішінде орман- тоғайы да мемлекет меншігі саналады.

Сондай-ақТ. Шонанұлы туып-өскен Торғай өңірі ежелден оқу-білім ошағының негізі қаланған өлке ретінде де ерекшеленеді. Негізін қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин қалаған алғашқы орыс-қазақ училищесі осы Торғай топырағында тұсауы кесілді және Қазақстандағы басқа оқу орындарынан бағдарламалық жағынан және мазмұнды оқытуымен өзгеше болды. “Кел, балалар, оқылық” - деп ұран тастаған Ы. Алтынсарин ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің типі, қазақ халқының әлеуметтік-тұрмыс жағдайына теңестірілген еді.

Сондай екі кластық орыс-қазақ училищелерінің жанынан, шеттен келген балалар үшін интернаттар ұйымдастырылып та отырылды. Олардың қатарында - Ырғыздағы орыс-қырғыз (қазақ) екі кластық училищесі де болды. Білімге деген мол құлшынысының нәтижесінде зерек те ақылды Т. Шонанұлы 1908 жылдың бірінші қыркүйегінде аталған училищенің табалдырығын аттайды. Бұған дейін тек мұсылмандық сауаты бар жас шәкірт оқудың қиыншылығына қарамастан өз бетінше ізденіп, ерінбей оқып, орыс тілін жетік меңгереді. Телжан мұнда өзінің ана тілін оқымайды, негізінен жалпылама пәндерді өтіп, түрлі дәрежедегі ұстаздардан дәрістер тыңдайды.

1912 жылы Т. Шонанұлы аталған училищені бітіріп шығады. Училищені үздік бітіргендерге арнайы степендия тағайындалып, тұрмысы нашар отбасының балаларына қазына есебінен оқуларын жалғастыруларына мүмкіндіктер берілді. Соған сәйкес оқу орнын ойдағыдай аяқтап шыққан Т. Шонанұлы да 1912 жылы қазына есебінен (480 сом) қаражат алып, Орынбор қырғыз (қазақ) учительдер мектебіне оқуға түседі /16/. Дегенмен, қазақ жастарына патша өкіметінің отаршылдық саясаты, қаражат тапшылығы мен түрлі кедергілердің кездесуі шәкірт үшін ауырға соқты.

Орынбордағы қырғыз (қазақ) учительдер мектебінде білім ала жүріп Т. Шонанұлы алғаш рет Шығыстың ойшылдарының шығармаларымен танысады. Оның сүйіп оқыған ақын-жазушылары Әбу Насыр әл-Фараби, әл-Бируни, Низами, Фирдоуси, Ибн-Сина және т. б. болды. Сондай-ақ ол Ресейдің озық ойлы мәдениетінен де құр қалмай Н. В. Гоголь, А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой, А. М. Горький, В. Г. Короленко сияқты танымал классиктерінің еңбектерімен осы қырғыз (қазақ) учительдер мектебіндегі кітапханада танысты деуге әбден болады. Өйткені, бұл оқу орындарының кітапханалық қоры өте бай еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Телжан Шонанұлы
Алаштың аруағы
Алаш әдебиеті-ұлт руханиятының негізі
Кадет партиясының мүшесі
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (1894—1938)
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Алаш зиялыларының ұлт тарихы мен руханиятқа қосқан үлесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz