«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері.. 2.3 Азық мөлшеріне әсер ететән факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері (0.15 күн) ... ... ... .
2.6 Бұзауды 15. күннен 3. айға дейінгі кезеңде азықтандыру ерекшеліктері ... .
2.7 Бұзаудың өсіп даму кезеңіне сәйкес қоректік мұқтаждығының өзгеруі ... ...
2.8 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.9 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мал тұқымын асылдандыру олардың өнімділігін жылдан жылға арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлгді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады.
Мал төлден өседі сондықтан мал шаруашылығының тәжірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезден бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шаруашылықтарында керісінше, жемді көбірек береді.
Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдарды организмінде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорыту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп мұның барлығы сүттің көп болуын а әсерін тигізеді.
Екіншісінде етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады. Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараны сүтті емізіп өсіреді.
Ірі қара малының сүттілігі және еттілігі тұқым қуалау қасиеттілігі қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болу керек. Оның бастысы – малды дұрыс азықтандыру.
Малды нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады.
Барлық бұзау азықтандыру жобасы бойынша алғашқы күндерден бастап сүтке кальций-фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен басында үнтақталып, қабығынан тазартылған сұлыға үйретіп, 2-ші айдан бастап оны бұзау азығына арнайы дайын-далған жем қосындысы не құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құра-мажем болмаған жағдайда үнтақталып, тазартылған сұлы, жүгері үны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр күнжарасы секілді жеңіл қорытылып, жақсы сіңірілетін, қоректілігі мен қүнарлылығы жоғары жем қосындысын жұмсайды. Жобадағы жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп, дамып келе жатқан тел организмінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйым-дастырады.
Жазғытұрым бұзауды бірінші айдан бастап көкшөп жеуге үйретеді де, оны бұзау азықтандыру жобасындағы аумақты жемшөптің (пішен, сүрлем, тамыр жемістілер) орнына жегізеді.

1. А.Ә.Тореханов, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру жэне азық дайындау технологиясы». Алматы. 2006ж.
2. Н.Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау жэне малды азықтандыру».
Алматы «ИздатМаркет». 2005ж.
3. Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков «Мал шаруашылығы». Астана «Фолиант» баспасы. 2008ж.
4. Қ.Бегімбеков, А.Төреханов, Ә.Байжріанов «Мал өсіру және селекция». Алматы «Бастау». 2006ж.
5. Ж.Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің». Шымкент. 2007ж.
6. Қ.Сәбденов, С.Шәуенов, Б.Құлатов «Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл, ет өндіру технологиясы». Алматы «Агроуниверситет». 2006ж.
7. Н.Омарқожаұлы, Р.Шуркин «Мал шаруашылығы практикумы». Астана «ВG-принт». 2007ж.

Бедіш А.
АННОТАЦИЯ
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Сиыр табынын толтыратын ұрғашы
бұзауларды азықтандыру. Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, техникалық
қауіпсіздік ережелері, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімдері
қамтылған.
Негізгі бөлімінде малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік,
малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері, азық
мөлшеріне әсер ететін факторлар, мүйізді ірі қара малының ас қорыту
ерекшеліктері, бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері (0-15
күн), бұзауды 15- күннен 3- айға дейінгі кезеңде азықтандыру ерекшеліктері,
бұзаудың өсіп даму кезеңіне сәйкес қоректік мұқтаждығының өзгеруі, тұқымдық
ұрғашы бұзауды азықтандыру принциптері, тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру
ерекшеліктері қамтылған. Курстық жұмыс беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.601-95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифтер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері орынға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
МК (ГК) Қ.Р. 04-2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің
классификаторы (ӘҚТБӨК).
СТ ОҚМУ 4.02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі
құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2008. Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік
процесстерді басқару.
Қысқартылған сөздер
% - пайыз
кг — килограмм
г- грамм
мг— миллиграмм
а.ө. - азықтық өлшем
МДж - мегаджоуль
кДж - килоджоуль
АЭ - алмасу энергиясы
Са - кальций
Р - фосфор
Fе - темір
Сu - мыс
Zn - мырыш
м - метр
м2 - шаршы метр
Анықтама
Ветеринариялық гигиена - мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға,
олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге
бағытталған шаралар жүйесі.
Санитария ( лат. Saniras - денсаулық ) - жануарлар гигиенасының
талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы.
Дезинфекция ( франц. Des - жоямын, лат. Infektio - жұқгыру ) -зардапты
және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға, малдың арасында індет
ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс -әрекеттердің бірлестігі.
Профилактикалық дезинфекция — қораға басқа жақтан таралған індетті ауру
қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш жою мақсатымен
жүргізілетін шара.
Дератизация - адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы
шаралар жиынтығы.
Дезинфекция - бұл табиғатта кездесетін ұзын түмсықты, көп аяқты шаян -
құрттарға қарсы жүргізілетін шаралар жиынтығы.
Мазмұны
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері..
2.3 Азық мөлшеріне әсер ететән
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
2.5 Бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері (0-15
күн) ... ... ... .
2.6 Бұзауды 15- күннен 3- айға дейінгі кезеңде азықтандыру
ерекшеліктері ... .
2.7 Бұзаудың өсіп даму кезеңіне сәйкес қоректік мұқтаждығының
өзгеруі ... ...
2.8 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.9 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
Кіріспе
Мал тұқымын асылдандыру олардың өнімділігін жылдан жылға арттыру және
малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлгді жақсы
өсіруге байланысты. Әсіресе аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған
бұзауларға, ата тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде
бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз
етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады.
Мал төлден өседі сондықтан мал шаруашылығының тәжірбиелі бақташылары
тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезден бастап ойлайды.
Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ
беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шаруашылықтарында керісінше, жемді көбірек
береді.
Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдарды организмінде зат
алмасу күшейіп, әрі ас қорыту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп мұның
барлығы сүттің көп болуын а әсерін тигізеді.
Екіншісінде етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың
ішінде көп салмақ қосады. Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт
беру тәсілін қолданып бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі
қараны сүтті емізіп өсіреді.
Ірі қара малының сүттілігі және еттілігі тұқым қуалау қасиеттілігі
қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болу керек. Оның бастысы –
малды дұрыс азықтандыру.
Малды нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен
құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен
өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни
азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады.
Барлық бұзау азықтандыру жобасы бойынша алғашқы күндерден бастап сүтке
кальций-фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен
басында үнтақталып, қабығынан тазартылған сұлыға үйретіп, 2-ші айдан бастап
оны бұзау азығына арнайы дайын-далған жем қосындысы не құрама жеммен
ауыстырады. Өндірістік құра-мажем болмаған жағдайда үнтақталып, тазартылған
сұлы, жүгері үны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр күнжарасы секілді жеңіл
қорытылып, жақсы сіңірілетін, қоректілігі мен қүнарлылығы жоғары жем
қосындысын жұмсайды. Жобадағы жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін
азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп, дамып келе жатқан тел
организмінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйым-дастырады.
Жазғытұрым бұзауды бірінші айдан бастап көкшөп жеуге үйретеді де, оны
бұзау азықтандыру жобасындағы аумақты жемшөптің (пішен, сүрлем, тамыр
жемістілер) орнына жегізеді.
2. Сүтті бағыттағы алты айлық бұзауды азықтандыру
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне
сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін
азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру
ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне
сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды,
биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз у
болып табылады. Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен
белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру
(нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз,
еркіңше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған азық
шығынын күрт өсіріп, жемшеп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал
шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық
шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын
қымбаттатып, сала рентабелдігін төмендететін экономикалық фактор болып
табылады.
Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз да
немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды. Организм қажеттілігінен аз
мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық
қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың
өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп енген қоректік
заттар да ас қорыту барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа,
пайдасыз ысырапталады. Бұл бір жағынан, өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса,
екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған, кедергі келтіреді.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне,
жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты
өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері, яғни
азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп
пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азық-тандыру рационының (рационы
кормления) қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Организм тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілігінен
туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей салмағы (массасы) мен тәуліктік
салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі, мекен жұмыртқалағыштыры
секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді. Организм тіршілігін
қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік мұқтаждығы абсолюттік
тынығудағы (абсолютный покой) малды ашықтырып барып анықтайды. Өнімділігі
орта деңгейлі еш жұмыс істемей (өнім өндірмей) тынығудағы мал денесіндегі
ас қорытуын, қан айналы-мын, тыныстануын, т. б. тіршілік қызметін қалыпты
деңгейде сақтауға организмдегі жалпы энергия шығынының 40-60% жұмсалады.
Демек, осы шығын көлемі көмегімен өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі
өседі. Былайша айтқанда денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған сайын
тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі де,
өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар үлесі артады.
Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия көлемін (чистая
энергия продукции) тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе есептеп
шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз ету
қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік заттары)
мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар) қосындысымен
белгіленеді (суммарная норма кормления). Организмнің өнімдік мұқтаждығы
оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта
жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру
нормасымен белгіленеді.
Қорыту барысында сіңірілген азықтың көмірсулар, протеиндер, майлар
түріндегі ірі де күрделі қоректік заттары зат алмасуының катоболизм, яғни
тотығу реакцияларында ферменттер ықпалы мен қарапайым, жай қосындыларға
ыдырап, олардағы энергия босайды да, фосфат байланыстары арқылы
аденозинүшфосфат (АҮФ) түрінде байла-нып, сақталады. Анаболизм
реакцияларында, керісінше, қарапайым қосындылардан ферменттік түзу арқылы
белоктар, нуклеин қышқылдары.
Сүтті тұқымды ірі қара малын азықтандыру. Сауын сиырды азықтандыру
нормасы мен рационы. Сауын сиырларды азықтандыру тех-никасымен нормасын
анықтау және рацион жасау негіздерімен танысу.
Методикалық нұсқаулар. Сауын сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы
олардың салмағына, тәулігіне сауылған сүтінің мөлшеріне, майлылығына, неше
рет бұзаулағанына, жасына және құңдылығына тікелей байлаңысты.
Азықтандырудың талдап жасалғаң нормасында азықтық қоректілік көрсеткіші
ретіңде алмасу энергиясы МДж немесе азық өлшемін қолданады. Малдарды
азықтандырылуын бақылау үшін рациондағы азықтық құрғақ заттардың мөлшерін
де есептеу қажет.
Тәулігіне жейтін құрғақ заттың, соның ішінде көлемді азықтар қосқандағы
құрғақ зат мөлшері.
Норма бойынша сауын сиырлар сүтену кезінде әр 100 кг тірілей салмағына
2,8 кг құрғақ зат жейді. Негізінде ғылыми түрде жасалған рацион бойынша
сауын сиырлардың сүттену кезеңінде 3 килограмға дейін құрғақ зат жеуге
мүмкіндігі бар, одан кейінгі кезендері бұл мөлшер кеми бастайды. Сонымен
бірге, сиырлардың құрғақ қоректі заттарды пайдалануы, рационьшын құрамы мен
азықтың сапасына ғана емес, малдың жасына, тірілей салмағына да байланысты.
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері
Малды азықтандыруды ұйымдастыру кезінде азықты үнемді жұмсап,
жануарлардың өнімділігін арттыруды, олардың денсаулығын нығайтып, ширақ төл
алуды, оның дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды:
малдың түріне, жасына, жынысына және олардан алынатын өнімнің мөлшері мен
сапасына байланысты қоректі заттарға деген мұқтаждығын; азықтандыру типін;
рационды, оның құрылуы және қоректі заттармен байланысын білуді ескерген
жөн. Малдың жоғары өнімділігі мен олардың денсаулығын сақтау азықтың
сапасына ғана емес, азықтандыруды дұрыс ұйымдастыруға да байланысты.
Физиологиялық толық құнды және экономикалық жағынан тиімді келетін
азықтандыру - дұрыс азықтандыру деп аталады.
Академик М. Ф. Иванов организмге малдың тұқымы мен ата-тегінен тері
азық және азықтандыру үлкен әсер етеді деп көрсетті. Биологиялық толық
құнды азықтандыру дегеніміз — малдың жасын, тірілей салмағын, өнімдік
дәрежесін және физиологиялық жағдайын (сиырдың суалуы, буаздығы, мегежіннің
буаздығы т. б.) ескере отырып, организмнің қоректі заттарға мұқтаждығын
толық қанағаттандыра азықтандыру.
Азықта белгілі бір қоректік заттардың жетіспеуі немесе шамадан тыс
артық болуы малдың физиологиялық қызметін бұзады, соның салдарынан
малдардың өнімділігі төмендеп, ауруға шалдығады. Мысалы буаз малдарды тапшы
және сапасыз азықтармен азықтандырғанда олардан нашар, тіршілікке
қабілетсіз төл алынады.
Төлге азықты аз беру, оның тек тірілей салмағын жоғалтып қана қоймай,
сонымен қатар өсуін де тежейді. Малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы
арнайы жүргізілген баланс заттар мен энергиясын анықтайтын физиологиялық
тәжірибелерде тексерілді. Сонымен қатар жан-жақты жүргізілген зерттеу
жұмыстарының, нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты өнім
беруі, буаз малдың төлі дұрыс жетілуі т. б. үшін олардың организміне
қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады.
Азықтандыру нормасы дегеніміз — малдың тәуліктік тіршілік
мұқтаждығын қанағаттандыру, денсаулығын сақтау, бір қалыпты өсіп отыруы
және азықты үнемдеп жұмсай отырып, жоспарланған өнім алуға жұмсалатын
қажетті қоректі заттар мөлшері. Мал организміне негізгі қажетті қоректі
заттарға протеин, амин қышқылдары, көмірсу, май, макро және микроэлементтер
мен витаминдер жатады.
Малдың қоректі заттарға деген мұқтаждығы екіге бөлі-
неді, оның біріншісі малдың тірілей салмағына қарай, тірші-
лігін қамтамасыз етуге, яғни организмдегі физиологиялық
процестерде: қан айналу, тыныс алу, бұлшық еттерінің жиы-
рылуы, басқа да қажетті процестерді бір қальшты үстау үшін
керек.
Л. Г. Гофмаин мен Р. Шиманның мәліметі бойынша орта-
ша сүтті сиыр (яғни 15 литр сүт беретін) тіршілігі үшін бар-
лық азықпен енген энергияның 40 процентін, тәулігіне 1000 г
салмақ қосатын бордақыдағы бұқашықтар — 59, тәулігіне
600 г салмақ қосатьш бордақыдағы шошқа — 59, жұмыртқа
бағытындағы мекиендер — 70, жұмыртқалап жүрген мекиен-
дер — 58 процентін пайдаланады.
Сүтті сиырлар сүті аз сиырға қарағанда әр килограмм сүтіне аз энергия
жұмсайды, есеп бойынша бірдей тірі салмақты сиырлардың тіршілігін
қамтамасыз етуге және 1 кг сүтке бірдей энергия жұмсалады.
Салмағы 500 кг 10 литр сүт беретін сиырдың тіршілігін қамтамасыз ету
үшін 54 МДж алмасу энергиясы немесе 4,7 азық өлшемі қажет, майлылығы 4
проц. 1 кг сүт алу үшін — 5,7 МДж немесе 0,5 азық өлшемі қажет. Барлық
энергиялық мұқтаждық III МДж АЭ (54 МДж + 5,7 МДж-10) неміесе 9,7 АӨ
(4,7 АӨ + 0,5 АӨ-10) тең. Егер 20 кг сүт беретін болса онда барлық
энергияға деген мұқтаждық 168 МДж (54МДж + 5,7МДж-20) немесе 14,7
АӨ (4,7 АӨ + 0,5 АӨ-20), яғни 1 кг сүт үшін 8,4 МДж АЭ немесе 0,73 АӨ
қажет. Тәулігіне 30 кг сүт берген жағдайда энергияға деген мұқтаждық 225
МДж (54 МДж + 5,7МДж-30) немесе 19,7 АӘ (4,7 АӨ + 0,5 АӨ-
30). 1 кг сүт үшін 7,5 МДж АЭ, болмаса 0,68 АӨ жұмсалады.
Бұл тәжірибенің біріншісінде тіршілікке өнім алу үшін жұмсалатын
алмасу энергиясы 1:1, ал екіншісі бұл көрсеткіш — 1:2, үшіншісінде - 1:3-ке
тең, яғни алатын өнім өскен сайын, оған жұмсалатын энергия шығыны да,
кемиді. Соңғы жылдары өмірлік маңызы зор бірқатар қоректік заттардың
ашылуына және өнімділігі мен физиологиялық жағдайы әр түрлі малдар
организміндегі алмасу ерекшеліктерін зерттеуге, сондай-ақ мал шаруашылығын
жеделдете өркендетуге
байланысты малдың қоректік заттарға деген талабын тек
энергиямен, протеинмен, кальций және фосформен қамтамасыз етумен бірге
көптеген басқа да көрсеткіштер қажет емені
байқалды.
1985 жылы күйіс қайыратын малдар рационында 22—30, шошқа, құс
рационында — 50 шақты көрсеткіш есепке алынған. Көрсеткіштер санына көбейту
малдан алынатын өнімді арттырып, жемшөп шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
А. П. Демитроченконын, деректеріне қарағанда малды азықтандырған кезде
мына көрсеткіштерді міндетті түрде қадағалаған жөн.
Күйіс қайыратын малдар үшін: шакі протеиннің су мен тұзда еритін
фракциялары 40—50 проц., қант пен протеин. ара қатынасы буаз сауылмайтын
сиырлар рационында 1:0,8—1,0, сауьш сиырлар рационында — 1:1,1—1,3;
крахмал+қант, қорытылатын протеин ара қатынасы 1:2, 5—3 болуы тиіс. Қойдың
рационында бұл көрсеткіштер Л:0,&—0,9; 1:2,7—3.
Малдың рационында целлюлоза протеиннен 1,5—2 есе
көп балуы тиіс (орта есеппен құрғақ заттың 22—25 процен-
ті). Күйіс қайырмайтын малдар мен құстар рациондағы
қышқыл, сілті элементтерінің катынасы (1:1—0,8) шамасында болады.
Ірі қара малын Д, Е, қойды; — каротин және Д витаминдері, ал шошқаларды
— Е витаминімен, шошқаларды — каротин, А, Д, Е витаминдері және В — витамин
тобымен, жылқыны — каротин, А, Д, Е витаминдері және В витамин тобымен,
құсты — каротин, А, Д, Е, К, С витаминдері және В витамин тобымен
нормалайды.
Азықтандыру нормасын біле тұрып, шаруашылықта бар.
мал азықтарынан азықтық тәуліктік рацион түзуге болады.
Азықтық рацион деп азықтандыру нормасына сәйкес малдың
барлық қоректік заттарға деген тәуліктік мұқтаждығын
қанағаттандыра алатын мөлшердегі әр турлі азықтың құрамын айтады. Малды
типтік азықтандыру дегеніміз әрбір географиялық, климат жағдайында жақсы
өнім беретін жемшөп
дақылдарын белгілі тәртіппен, өзара қатынаста дұрыс пайда-
лану. Азықтандыру типті белгілі бір немесе екі жемшөптен
гөрі басымырақ болады. Мысалы, рационда сүрлем басым
болса, сүрлемді тип, шырынды азық мол болса, шырынды тип
деп аталады.
2.3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Бірінші әсер ететін фактор, яғни азықтандыру тәртібін мал түріне,
жасына, жынысына, тұқымына, өнімділік бағытына, физиологиялық жағдайына
және өнімділігіне сәйкес белгілейді. Онда қолда бар жем шөп қорын, оны
тиімді жүмсау жолдарында ескереді. Белгіленген азықтандыру тәртібін сақтау
қажет. Өйткені, мал оған тез арада үйреніп дағдыланатындықтан, организмі
азық қабылдауға дайындалып, тәбеті ашылып, қортуын жоғарлататын динамикалық
стеоротипі қалыптасады.
Онда олардын ас қорыту жүйесінің де қалыпты тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге болады.
Азықтандыру мен суару да күшті әсер етеді, құрғақ жемнің мал қорасындағы
ауаны тозаңдатып микроптың ластануын,ал ылғалды азық ауа ылғалдылығын
жоғарлататынын ескеру қажет. Және де берілетін азықтарды белгіленген
тәртіппен таратып,тәртібінің бұзылмауын сақтаган жөн. Азықтандыру
тәртібінің бүзылуы стрестік фактор ретінде қалыптасып,мал өнімділігін
төмендетеді,өнім бірлігіне жүмсалған азық шығымын үлғайтады. Жаңа азықты да
біртіндеп енгізу керек, бұған әсіресе буаз малдың азықтандырылуына көңіл
бөлу қажет. Дұрыс қолданылмаған азық тіпті іш тастатып,ал төлін емізетін
бастардың сүт құрамын өзгертіп,сол арқылы төлді тышқақтатуы мүмкін. Жаңа
азыққа және қысқы азықтан жазғы азыққа малды біртіндеп, 10-15 күнде үйрету
қажет. Бұрынғы азықтарды бірте бірте азайтып,орнына жаңа азықты көбейтеді.
Малдың азықтануына сыртқы орта температурасы да әсер етеді. Ыстықта малдың
ас қорыту сөлдері аз шығып,ондағы ферменттер азаяды,ас қорту жолының
жиырылуы бүзылып азық қортылымы төмендейді. Мұндай құбылыстар сыртқы ауада
көмір қышқыл газы,аммияк көп жиналғанда да орын алады. Мал организмі көмір
қышқылының көп мөлшерінен жиі тыныстану арқылы босауға тырысады. Босай
алмаған жағдайда қорытылған органикалық заттардың ыдырауынан пайда болатын
сутегінің екі тотығын тежеу үшін, зат алмасуы баяулайды. Осыдан барып
селқостық, мал тәбетінің,ас қортуының бүзылуы орын алады.Мал азығының бөгде
заттармен ластануынан,азықтандырудың дүрыс үйымдастырып,оның барысының
дұрыс жүргізілмеуінен ас қорыту ағзаларының анатомиялық құрылымы
зақымдалып, жекелеген мүшелерінің қызметі бұзылып, бүкіл жүйе зардап шегуі
мүмкін. Азықтандырудың ондай зақымдаушылық әсерлері түрлі
механикалық,физикалық,химиялық және биологиялық себептерден туындауы мүмкш.
Айталық, азықпен бірге енген сым, шеге, әйнек, шыны, құм, қиыршық т.б
секілді бөгде заттар мен малдың ас қорыту жолы механикалық түрде
зақымдалса, бөгде заттардың ас қорыту жолының бөлімдерінде ұзақ мерзім
жатып қалуынан ол мүше не бөлімнің қызметі бұзылу қаупі өседі. Кезінде
біздің Алматы облысының Сарыбұлақ ауылында ірі қара мал бордақылау
кепіенінде қатайып кеткен қамыс, сабан секілді ірі жем шөпті гидротермиялық
әдіспен буландырумен қайнатудан өткен тәжірибеде, буланып жұмсарғандықтан
ірі жем шөп желінуімен қортылуы жоғарылаған.
Мүйізді ірі қара мал телінің қоректенуін организмнің онтогенездік (жеке)
даму заңдылықтарына сүйене отырып ұйымдастырады. Эмбрионалдық кезеңдегі
дұрыс дамымай туылған бұзаудың кейінгі жеке дамуында эмбрионализм түріндегі
даму ақаулықтары сақталады да, оның өнімділігі жете дамып туылған өз
құрдастарынікінен (сверстники) кем тү-седі. Екінші жағынан, эмбрионалдық
кезеңде жетіліп туылған бұзауды кейінгі постнатальдық кезеңінде дұрыс
азықтандырмаса, инфантинизм түріндегі даму ақаулықтары сақталып, өнімділігі
денесінің буаздық кезіндегі азықтандыруына тәуелді өтетін эмбрионалдық даму
кезеңінен кейін жаңа туылған бұзау сыртқы орта жағдайларына бейімделетін
алғашқы аптадағы уыздық кезеңін, одан кейінгі сүт бағытындағы тұқым
бұзауының — 6, ал ет бағытындағы тұқым бұзауының 8 айлығына дейінгі сүттік
кезеңін ажыратады. Сүттік кезеңнен кейін жынысы бойынша жетілген таналарды
өнімдік бағытына, яғни өсіру мақсатына (сүтті сиыр өсіру немесе жедел
жетілдіріп, бордақылап етке сою) сәйкес азықтандырады.
Бұзау азықтандыру. Шаруашылықтың табиғи-экономикалық жағдайы мен
қалыптасқан жемшөп қорын ескере отырып, бұзау өсіріп-жетілдіру жоспары
(план выращивания телят) құрастырылады да, соған сәйкес бұзау өсіру әдісі
белгіленеді:
Енесіне теліп, иіген сиырды сауу әдісі (подсосно-поддойный ме-
тод);
Бір мерзімде туылған 3-4 бұзауды арнайы бөлінген сиырға теліп
өсіру әдісі (метод выращивания под коровами-кормилицами);
3) Уыздық кезеңнен кейін бұзауларды жалпы жиналған сүтпен емізу әдісі
(метод групповой выпойки сборным молоком).
Бұзаулар қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды
туылғаннан кейін міндетті түрде өз енесінің уызына қандыру шарт. Жаңа
туылған Бұзаудың кіндігін кесіп, кесілген жерін өңдеп, танауын тазартып,
денесін буланған сабанмен ысқылағаннан кейін енесіне жалатады. Бұзауын
жалаған сиырдың ас қорытуы дұрысталып, шуы тез бөлініп, йіиді.
Бұзаулаған сиыр желінін жылы сумен жуып, шүберекпен сүртіп, құрға-тып
тазартады да, емшек үрпісіне жиналған сүттің алғашқы, микробтармен
ыластануы мүмкін бөлігін жеке ыдысқа сауады. Содан кейін бұзауды енесіне
теліп, уызымен ауыздандырады. Мұның оның иммундық жүйесін қалыптастырып,
өміршендігін жетілдірудегі маңызы зор екенін ескеріп, өмірінің алғашқы
күндері өз енесінің уызына қанығуын қадағалайды. Ондай мүмкіндік болмаған
жағдайда бұзауға жаңа бұзаулаған басқа сиыр уызын ішкізеді.
Бұзауын жалаған сиырдың шуы тез арада бөлініп, жатыры жиырылып, ас
қорытуы қалыптастырылады да, желіні йіиді. Иіген желіннен алғашқы екі
тәулікте бұзауға ішкізілетін 1—2 л уызды аз-аздап, 5—6 рет бөліп емізеді. 3-
4-ші күні бұзауға уызды күніне үш рет бөліп емізіп, 5— 6-шы күнінен құрамы
біртіндеп сүтке айналған уызды тойғанынша емізеді де, сүттік кезенде бұзау
өсіруге белгіленген азықтандыру жобасына көшеді.
4. Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері
Мал жеген жепшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла
бастайды. Қорыту барысында механикалық, физикалық, химиялық жэне
биологиялық факторлар әсерінен азықтығы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш
ішек түгі арқылы қанға сіңіріледі. Ыдырап үлгермеген қоректік заттар
асқорыту жолында сіңірілмей, қорытылмағаы қалдықтар түрінде нәжіспен тік
ішектен сыртқа шығарылады. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым
жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы
көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм
қажетіне толығырақ пайдаланылады.
Желінген жемшөп қоректік заттарының қорытылуы ауыз қуысынан басталады.
Онда енген азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер
(алдымен, амилаза) мен минералды затгар оның құрамына сіңіп, әСер ете
алатын қосындыларын ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш
арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен
қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық ферменттерінің әсеріне тап
болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктенген азық жыны онекі
елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Оған өтерінде қарын асты безінің
панкраттық сөлімен және бауыр өтімен араласады.
Өттің қосындылары азық майының ішек сөлі ферменттерімен ыдыратылуына
көмектеседі. Аш ішекке өткен химус қоректік заттары ішек сөлі
ферменттерінің эсерімен жай қосындыларға дейін ыдыратылады. Химиялық
түрғыдан қарапайым қосындылар болып келетін амин және лимфа құрамына
сіңіріледі. Толық ыдырап үлгермеген Қосындылар тоқ ішекке өтіп, тік ішекке
жылжу барысында химус суы қайта сіңіріліп, бүтіндеп нәжіс қалыптысады.
Жасунықты өсімдік жемшөппен қоректенетін мал түлігінің қарын сыйымдылығы
мен ішек ұзындығы жасунығы ас азыкпен қоректенетін жануардікінен анағұрлым
басым болып келеді. Тіпті күйіс кайыратын малдың қарны бөлімденіп, бірнеше
алдыңғы қарын бөлімінен түрады. Оның алдыңгы месқарын, жалбыршақ және тақия
қарыннан тұратын үш бөлімі желінген жемшөпті мейілінше көп сыйғызып, ондагы
микроорганизмдер көмегімён қорілтылатын жоғарылату үшін жаратылган азық
қоймасы ретіндс қызмет атқарады. Бір қарынды малдың қарынындағыдай нағыз
қорыту кел бөлімді қарынның тек төртінші бөлімі- ұлтабарда өтеді. Бір
бөлімді қарынның да ішкі қабаты біркелкі кілегей қабығынан тұратын
карапайымы жэне кілегей кабығының әр жерінің күрылысы меи бсздері әр түрлі
болып келетін кардиалдық, фундальдық және пилорикалық бөлімдерге бөлінетін
күрделісі болады. Бұл тұрғыдан ит қарыны қарапайым, ал жылқы мен шошқа
қарыны күрделі болып келеді.
Ауыз қуысының сілекейімен ылғалданып, сілекейдегі амилаза ферменті мен
көмірсуы ыдырай бастаған, шайналған азыққа қарын қүрамында тұз қышқылы бар
қарын сөлі эсер етеді. Ондағы қышқыл ортада пепсин ферменті әсерленіп, азық
протеиннің ыдырата бастайды. Онекі елі ішекте құйылатын өт азык майның
қорытылуына көмектесіп, нбгізгі қорыту аш ішекте қарын асты безі мен ішек
бездерінің сөліндегі ферменттермен ыдыратылады. Тоқ ішекте химус суы
сіңіріліп, тезек қалыптасады.
2.5 Бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері (0-15 күн)
Бұзаудың әртүрлі кезеңде салмақ қосуы көрсеткішін жоспарлағанда өсетін
малдың және шаруашылықтың экономикалық жағдайдары ерекшеліктерін есепқе
алады.
Малдың жоғары өнімділігі және азықты тиімді қабылдауы, тек ғылыми
негізделген нормаға сүйене отырып азықтандыруға байланысты.
Төлдің нәрлі заттарды қажет етуі оның жас ерекшелігіне, тұқымына, тірі
салмағы мен тәуліктік өсіміне байланысты. Төлді толық рационды азықтармен
азықтандырғанда қажетті қоректі заттардың шоғырлану мөлшерін әр 1 кг құрғақ
заттың есебімен есептеген жөн. Ғылыми негізде жасалған норма бойынша 2—3
айлық бұзауға берілетін құрғақ заттың мөлшері әр 100 кг тірі салмағына
шаққанда 1,8—2,2 кг; 4—6 айында — 2,4—2,9; 7—12 айлығында — 2,4—3,0 кг, 13-
—18 айлығында — 2,1—2,5; 19—28 айлығында — 1,8—2,2 кг болғаны жөн.
Жас малдарды бағыттап өсіргенде олардың энергетикалық мұқтаждығын 1 кг
құрғақ зат есебімен анықтайды. Мысалы 2—3 айлық ұрғашы бұзаулар рационынан,
1 кг құрғақ затында 1,8—1,4 азық өлшемі немесе 13,6—10,5 МДж энергиясы,
ал.4—6 айлықта .1,1—0,9 азық өлшемі, 9,1—7,2 МДж АЭ; 7—12 айлықта —
0,85—0,81 азық өлшемі, 7,1—7,2 МДж АЭ; 13—18. айлықта — 0,82—0,82 азык,
өлшемі, 7,2—7—8 МДж АЭ; 19—28 айлық болса — 0,81—0,92 азық өлшемі, 7,8—8,8
МДж АЭ шоғырлануы тиіс.
Жас малдарды нормамен азықтандырғанда протеин мөлшерін де еске алады.
Протеиннің жетіспеуі жас малдардың өсу қабілетін және дене мүшелерінің
дамуын тежейді, ал протеин нормадан артық болса оны тйімді пайдалану
коэффициенті кемиді.
Протеиннің қажеттілігі 1 азық өлшеміне шаққанда 3 айлық бұзауға —
120—130 г; 4—6 айында 117—110 г; 7—9 айында 100—105 г; 27—28 айында — 110 г
болуы керек. Рационда қолайлы мөлшерде шикі протеин де болуы қажет.
Рациондағы протеиндердің шоғырлану мөлшерімен қатар олардың сапасы да
ескеріледі. Протеин сапасының ең негізгі көрсеткіші бұл олардың мес
қарындағы ыдырау қасиеті. Сондықтан қазіргі уақытта протеиннің сапасын
нақты қорытылатын (алмасу) протеин мөлшері арқылы анықтайды.
Нақты қорытылатын протеинге аш ішек бөліміне түсетін мес қарында пайда
болатын (синтезделетін микробтық белок және мес карында ыдырамаған) азық
протеині жатады.
Протеиннің сапасы олардың кұрамындағы амин қышқылдарына, әсіресе лизин
және метионин қышқылдарына байланысты. Жас малдардың рационы көмірсумен
(клетчатка, қант, крахмал) қадағаланады. 2—3 айлық бұзауларға клетчатка
мөлшері рацион құрамындағы құрғақ заттың 6—12 процентінен, 3—6 айында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz