Химиялық элементтермен ластану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Ксенобиотиктер түсінігі, олардың классификациясы ... ... ... ... ... .5
1.2 Тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің ластануының негізгі көздері.. 5
1.3 Химиялық элементтермен ластану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. ... ... ... . 6
1.4 Химиялық элементтердің токсикалық.гигеналық сипаттамасы ... ... ...7
1.4.1 Қорғасын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...7
1.4.2 Кадмий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. . ... ... . 7
1.4.3 Мышьяк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.4.4 Сынап ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4.5 Мыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4.6 Цинк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..9
1.4.7 Қалайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. ... ... .. 10
1.4.8 Темір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Ауыр металдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. . ... . . 11
3 Радионуклидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4 Пестицидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . ... .. 15
5 Диоксиндер және диоксин тектес заттар ... ... ... ... ... ... ... ... . ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. . . . . . .. 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... . . . . . . . . . .17
Өндірістің дамуы химиялық заттардың қолдану аясының кеңеюіне тығыз байланысты. Пестицидтердің, тыңайтқыштардың және басқа химикаттардың қолданылу мөлшерінің көбеюі — ауыл және орман шаруашылығының процесстеріне тікелей әсер етеді.
Бұдан ондаған жылдар бұрын өндірістің химиялық қалдықтары қоршаған ортаға жай шығарыла салатын, ал пестицидтер мен тыңайтқыштар үлкен аумақтарды өңдеу үшін көп мөлшерде қолданылды. Ал пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдану — олардың келтіретін зиянымен салыстырғанда ауыл және орман шаруашылығындаеселеген эканомикалық эффект береді.
Алайда 1962 жылдың өзінде жазушы Рашель Карсонның “Үнсіз көктем” кітабында пестицидтерді бақылаусыз қолданудан құстар мен балықтардың жаппай қырылуы суреттеледі. Поллютанттардың табиғатқа тигізетін әсері адам үшін де келе жатқан апаттың белгісі деп Карсон қорытынды жасады.
Ортада химиялық заттардың шектен тыс көп жиналуы және қалыпты ксенобиоттық профилдің өзгеруіне себепші химиялық заттар экополлюанттар немесе ластандырғыштар деп аталады. Планетада мыңдаған жылдарға созылған эволюциялық процесстрде қалыптасқан ортаның ксенобиотты факторлары — табиғи ксенобиотты профильдер деп аталынады.
Ксенобиоттық профильдің өзгеруі ортада бір немесе көптеген экополлютанттардың көп мөлшерде жиналуынан болады.
Жануарлар мен өсімдіктердің организміне түсіп, бірақ энергия көзі немесе пластикалық материал түрінде пайдаланылмайтын, үлкен доза мен концентрацияда әсер етіп, қалыпты физиологиялық процесстерді елеулі модификациялауға ұшырататын қосылыстар ксенобиотиктер немесе өмірге жат қосылыстар деп аталады.
Қоршаған ортаның ластануы табиғи заттармен (мұнай, ауыр металдар, радионуклидтермен т.б.)қатар, синтетикалық қосындылармен (ксенобиотиктермен, пестицидтермен, химиялық реагенттермен (өндірістік), әр түрлі пластиктермен қатар) жүреді. Ластану жылдан–жылға тіршілік үшін қауіпті болып барады [1].
1 Обсуждая характеристики природных и антропогенных источников токсикантов http://works.tarefer.ru/27.10.09.
2 Чужеродные вещества - ксенобиотик http://www.revolution.allbest.ru/25.10.09.
3 Мукашева М.А. Оценка удельного веса канцерогенов по объектам окружающей среды в г. Темиртау http://www.rusnauka.com/27.10.09.
4 Гурвич В.Б., Плотко Э.Г., Кузьмин С.В., Селянкина К.П., Рыжов В.В., Макаренко Н.П., Надеенко В.Г. Критерии выявления опасности факторов среды обитания человека как основы принятия управленческих решений с целью минимизации риска для здоровья населения при реконструкции алюминиевых производств http://www.ocsen.ru/27.10.09.
5 Агроэкосистема http://5ka.su/25.10.09.
6.Gabruk N.G., Shaposhnikov A.A. Opportunities of reception of ecologically safe milk in conditions of anthropogenous environmental contamination http://old.bsu.edu.ru/27.10.09.
7 Смирнов П.Н. Экологические проблемы ветеринарной медецины и вопросы адаптации животных Сибири http://vetfac.nsau.edu.ru/27.10.09.
8 Амрин М.К. Оценка степени накопления полютантов в биосредах в регионе ядерного полигона “Азгыр” http://www.rusnauka.com/27.010.09.
9 Проданчук Н.Г., Балан Г.М. Продукты питания и риск развития интоксикации диоксинами и диоксиноподобными соединениями http://www.medved.kiev.ua/25.10.09.
10 Абрамова Н.А., Фадеев В.В., Герасимов Г.А., Мельниченко Г.А. Зобогенные вещества и факторы http://www.rusmedserv.com/27.10.09.
11 Barashenko V.V. Production of normative clean milk at personal subsidiary plots on radioactively contaminated territory of Mogilev region http://www.iseu.by/rus/conf/readings2009/readings_2009.pdf/25.10.2009.
12 Ермолаева Т.Н., Калмыкова Е.Н., Шашканова О.Ю. Пьезокварцевые биосенсоры для анализа объектов окружающей среды, пищевых продуктов и для клинической диагностики http://www.chem.msu.su/ 27.10.09.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Ксенобиотиктер түсінігі, олардың классификациясы ... ... ... ... ... .5
1.2 Тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің ластануының негізгі көздері..
5

1.3 Химиялық элементтермен ластану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. ... ... ... . 6

1.4 Химиялық элементтердің токсикалық-гигеналық сипаттамасы
... ... ...7

1.4.1 Қорғасын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...7

1.4.2 Кадмий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. . ... ... . 7

1.4.3 Мышьяк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

1.4.4 Сынап ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.4.5 Мыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.4.6 Цинк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..9
1.4.7 Қалайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. ... ... .. 10
1.4.8 Темір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Ауыр металдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. . ... . . 11
3 Радионуклидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4 Пестицидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . ... .. 15
5 Диоксиндер және диоксин тектес заттар ... ... ... ... ... ... ... ... . ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. . . . . . .. 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... . . . . . . . . . .17

РЕФЕРАТ

Есеп 19 беттен, 2 кестеден, 12 әдеби көзден тұрады.

Кілтті сөздер: ауыр металл, радионуклид, пестицид, микотоксин,
ксенобиотиктер, химиялық элементтер, қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, мыс,
цинк, қалайы, темір, диоксиндер, диоксин тектес заттар, поллютанттар.

Курстық жұмыстың мақсаты: Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының
түйе сүтінің құрамындағы химиялық элементтер, радионуклидтер, пестицидтер,
нитраттар, нитриттер, нитрозоқосылыстар, мал шаруашылығында қолданылатын
заттар, полициклды ароматты және хлорлы көмірсулар, диоксиндер және диоксин
тектес заттар, микроорганизмдер метаболиттерінің мөлшерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының
түйе сүтінің құрамындағы химиялық элементтер, радионуклидтер, пестицидтер,
нитраттар, нитриттер, нитрозоқосылыстар, мал шаруашылығында қолданылатын
заттар, полициклды ароматты және хлорлы көмірсулар, диоксиндер және диоксин
тектес заттар, микроорганизмдер метаболиттерінің мөлшерінің жыл мезгіліне
тәуелділігін анықтау.

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының түйе сүтінің құрамындағы
химиялық элементтер, радионуклидтер, пестицидтер, нитраттар, нитриттер,
нитрозоқосылыстар, мал шаруашылығында қолданылатын заттар, диоксиндер және
диоксин тектес заттар, полициклды ароматты және хлорлы көмірсулар,
микроорганизмдер метаболиттерінің мөлшерін салыстырмалы түрде зерттеу.

КІРІСПЕ

Өндірістің дамуы химиялық заттардың қолдану аясының кеңеюіне тығыз
байланысты. Пестицидтердің, тыңайтқыштардың және басқа химикаттардың
қолданылу мөлшерінің көбеюі — ауыл және орман шаруашылығының процесстеріне
тікелей әсер етеді.
Бұдан ондаған жылдар бұрын өндірістің химиялық қалдықтары
қоршаған ортаға жай шығарыла салатын, ал пестицидтер мен тыңайтқыштар үлкен
аумақтарды өңдеу үшін көп мөлшерде қолданылды. Ал пестицидтер мен
тыңайтқыштарды қолдану — олардың келтіретін зиянымен салыстырғанда ауыл
және орман шаруашылығындаеселеген эканомикалық эффект береді.
Алайда 1962 жылдың өзінде жазушы Рашель Карсонның “Үнсіз
көктем” кітабында пестицидтерді бақылаусыз қолданудан құстар мен
балықтардың жаппай қырылуы суреттеледі. Поллютанттардың табиғатқа тигізетін
әсері адам үшін де келе жатқан апаттың белгісі деп Карсон қорытынды жасады.
Ортада химиялық заттардың шектен тыс көп жиналуы және қалыпты
ксенобиоттық профилдің өзгеруіне себепші химиялық заттар экополлюанттар
немесе ластандырғыштар деп аталады. Планетада мыңдаған жылдарға созылған
эволюциялық процесстрде қалыптасқан ортаның ксенобиотты факторлары — табиғи
ксенобиотты профильдер деп аталынады.
Ксенобиоттық профильдің өзгеруі ортада бір немесе көптеген
экополлютанттардың көп мөлшерде жиналуынан болады.
Жануарлар мен өсімдіктердің организміне түсіп, бірақ энергия
көзі немесе пластикалық материал түрінде пайдаланылмайтын, үлкен доза мен
концентрацияда әсер етіп, қалыпты физиологиялық процесстерді елеулі
модификациялауға ұшырататын қосылыстар ксенобиотиктер немесе өмірге жат
қосылыстар деп аталады.
Қоршаған ортаның ластануы табиғи заттармен (мұнай, ауыр
металдар, радионуклидтермен т.б.)қатар, синтетикалық қосындылармен
(ксенобиотиктермен, пестицидтермен, химиялық реагенттермен (өндірістік), әр
түрлі пластиктермен қатар) жүреді. Ластану жылдан–жылға тіршілік үшін
қауіпті болып барады [1].

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Ксенобиотиктер түсінігі, олардың классификациясы
Адам организіміне тамақ өнімдерімен түсетін жоғарғы уыттылығы бар жат
нәрселер ксенобиотиктер немесе ластағышта деп аталады.
Заттың уыттылығы түсінігіне тірі организмге келтіретін зияны айтылады.
Кез-келген химиялық қосылыс улы болуы мүмкін (токсинді). Токсиколог
мамандардың пікірінше, химиялық заттардың залалсыздығы, олардың
қолданылуына байланысты. Шешуші рольдер мынандай деп көрсетіледі: мөлшері
(организмге тәулігіне түсетін заттар мөлшері); пайдалану уақытының
ұзақтығы; организмге ену режимі; организмге ену жолдары.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бағалауда базистік регламент бойынша ең
жоғарғы концентрация шегі (ПДК), тәуліктік мөлшер шегі (ДСД), тәуліктік
тұтыну шегі (ДСП) тағам өнімдеріндегі мөлшерлері алынады.
1. Тағам өнімдеріндегі ксенобиотиктердің ең жоғарғы концентрация шегі
(ПДК) — өнімнің килограммында қанша миллиграмм барымен есептелінеді, одан
жоғарғы концентрация адам организіміне қауіпті (мгкг).
2.Ксенобиотиктің тәуліктік мөлшер шегі (ДСД) — адамның салмағының 1кг-
на мг-мен келетін максималды – мөлшерімен есептелінеді, өмір кезеңінде күн
сайын организмге түсіп, өмір сүруге, денсаулыққа қолайсыз жағдай
тудырмайды.
3.Ксенобиотиктің тәуліктік тұтыну шегі (ДСП) — белгілі бір адамның
тәулігіне тұтына алатын мөлшері (тәулігіне мг-мен). Килограммен өлшенген
адам массасына (кг) ксенобиотиктің тәуліктік тұтыну шегі (мг-мен) мөлшерін
көбейткеннен шығады. Балалар үшін бұл көрсеткіш, ересек адамға қарағанда
төмен.
Қазіргі ғылымда тамақ шикізаты мен тағам өнімдерін ластаушылардың кең
таралған классификациясы төмендегі топтар бойынша жинақталған:
1.химиялық элементтер (сынап, қорғасын, кадмий т.б.);
2.радионуклидтер;
3.пестицидтер;
4.нитраттар, нитриттер, нитрозоқосылыстар;
5. мал шаруашылығында қолданылатын заттар;
6.полициклды ароматты және хлорлы көмірсулар;
7.диоксиндер және диоксин тектес заттар;
8.микроорганизмдер метаболиттері [2].

1.2 Тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің ластануының негізгі көздері
Адам өмірінің қызметінің қалдықтарымен ластанған атмосфералық ауа,
топырақ, су.
Өсімдік және жануар тектес шикізаттың пестицидтермен және заттар
биохимиялық өзгерістерге ұшырағандағы өнімдерімен ластануы.
Ауыл шаруашылығында суландыруға арналған судың және тыңайтқыштарды
пайдаланудың технологиялық және санитарлы гигиеналық ережелерін бұзу.
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығында жемдік қосымшаларды, өсу
стимуляторларын, медикаменттерді пайдалану ережесін бұзу.
Өнімді өндірудің технологиялық процесі
Тағамдық, биологиялық рұқсат етілмеген активті және технологиялық
қоспаларды пайдалану.
Тағамдық, биологиялық активті және тенологиялық рұқсат етілген
қоспаларды жоғарғы мөлшерде пайдалану.
Химиялық және микробиологиялық синтезге негізделген толық тексеруден
өтпеген жаңа технологияларды енгізу.
Тағам өнімдерінде пісіру, қуыру, сәулелену, консервілеу және тағы басқа
процестерде улы қосылыстардың түзілуі.
Өнімді өндіруде санитарлы-гигиеналық талаптарды орындамау.
Құрамында зиянды химиялық заттар мен элементтер бар тағамдық жабдықтар,
ыдыстар, көлемдер, қаптамалар, құралдар.
Тағамдық шикізат пен тамақ өнімдерінің технологиялық және санитарлық-
гигиеналық ережелерін сақтау және тасымалдау процесінде орындамау [2].

1.3 Химиялық элементтермен ластану
Сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, мыс, мырыш, темір, қалайы табиғатта
кең таралғандықтан, топырақтан, атмосфералық ауадан, жерасты және жерүсті
сулары арқылы, ауылшаруашылығының шикізат өнімдерінен тағамдық өнімдерге
түсуі мүмкін. Олар тағамдық өнімдер мен шикізаттарда жоғарғы мөлшерде
болады, өйткені элементтер өсімдік және жануар тектес шикізаттарда
жиналады.
Макро және микроэлементтердің көпшілігі адам өмірне өте қажетті,
кейбіреулерінің ағзаға қажеттілігі анықталған, тағы басқаларының маңызы
зерттеулерді қажет етеді.
Химиялық элементтер биохимиялық және физиологиялық әсерлерін белгілі
бір анықталған мөлшерде организмде болғанда береді. Көп мөлшерде олар
организмге улы әсер тигізеді. Мысалы, мышьяктың улы қасиеті өте жоғары,
бірақ оның аз мөлшері қан түзілу процесінде оң әсерін береді.
Осылайша, көптегн химиялық элементер белгілі бір мөлшерде ғана адам
организмінің қызметі үшін керекті, бірақ оның мөлшері артса, адам уланады.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымдарының біріккен
комиссиясының шешіміне сәйкес (ары қарай ФАО) және Бүкіләлемдік Денсаулық
сақтау ұйымының (ары қарай ВОЗ) Тамақ кодексіне сәйкес халықаралық саудада
тағам өнімдеріндегі мөлшері бақылауға алынатын сегіз химиялық элемент
белгіленген: сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, мыс, цинк, темір, стронций.
Ресей мемлекетінде медициналық-биологиялық талаптарға сәйкес төмендегі
химиялық элементтердің қауіпсіздік критерииі анықталған: сынап, кадмий,
қорғасын, мышьяк, мыс, цинк, темір, қалайы [2].

1.4 Химиялық элементтердің токсикалық-гигиеналық сипаттамасы
1.4.1 Қорғасын
Қорғасын-токсиканттарың ең кең таралған және қауіпті түрі. Атмосфераға
өңделген және уақ дисперсиялы (тозаң) түрінде 4,5-105 тонна мөлшерінде
жылына шығып отырады.
Қорғасын тағамның жеке топтарында: жемістерде-0,1, көкөністерде-0,19,
жармаларда-0,21, нан өнімдерінде-0,16, ет және балықта-0,16, сүтте-0,027
мгкг орташа мөлшерде болады.
Ауыз су құбырындағы суда қорғасынның мөлшері 0,03 мгкг-нан аспауы
көзделеді. Ірі автомобиль магистральдарының, өндірістік орталықтардың
жанындағы өсімдіктерде және ауыл шаруашылығынағы малдардың етінде қорғасын
тез жиналады. Ересек адам тәулігіне тамақпен бірге 0,1-0,5 мг қорғасын,
сумен-0,02 мг шамасында қорғасын қабылдайды. Қаннан қорғасын жұмсақ
тканьдер мен сүйектерге өтеді. Организмге түскен қорғасынның 90%-ы
фекалиялармен, қалғаны кіші дәретке және биологиялық сұйықтықтармен шығады.
Жұмсақ тканьдер мен органдардан қорғасынның жартылай шығуының
биологиялық периоды-20 күн, ал сүйектен шығуы-20 жылға дейін созылады.
Қорғасын негізінен қан түзілу, жүйке, ас қорыту құрылымдарына және
бүйрек жұмысына әсер етеді.Организмнің жыныстық функциясына кері әсерін
тигізеді.
Мемлекеттік және салалық бақылау атмосфераға, су қоймаларына, топыраққа
өндірістік қалдықтармен қорғасынның түспеуін қадағалау керек. Сонымен бірге
гигиеналық бақылау жалатылған қабаты бар тағамдық ыдыстардың пайдаланылуын,
шыңылтырлы керамикалық ыдыстардың пайдаланылуына жүргізілуі керек, өйткені
олардың сапасыз дайындалуы тағамдық ыдыстардың қорғасынмен былғануына
әкеледі [2].

1.4.2 Кадмий
Табиғатта таза күйінде кездеспейді. Жер қабығында 0,05 мгкг
мөлшерінде, теңіз суында-0,3 мкгкг мөлшерінде бар. Кадмий пластмасса,
жартылай өткізгіштер өндірісінде кеңінен қолданылады. Фосфаттық
тыңайтқыштар мен мал қиында кадмий бар, бірқатар елдерде кадмий тұзы
ветеринарияда қолданылады. Салыстырмалы түрде қалыпты экалогиялық
геохимиялық региондарда өсімдік текті тағамдардағы кадмий мөлшері мкгкг
есебімен: астық дақылдарында-28-95; бұршақ-15-19; фасоль-5-12; картоп-
12-50; капуста-2-26; қызанақ-10-30; салат-17-23; жемістер-9-42; өсімдік
майы-10-50; қант-5-31; саңырауқұлақ-100-500. Жануар тектес өнімдердегі
орташа мөлшері мкгкг есебімен сүтте 2,4; ірімшікте-6; жұмыртқада 23-250
мөлшерінде болады.
Кадмиидің 80% адам ағзасына тамақпен, 20%-ы өкпе арқылы атмосферадан
және темекі шекеннен түседі.
Кадмийдің 92-94% адам ағзасынан кіші, үлкен дәреттер арқылы және өтпен
шығарылады. Басқа бөліктері адам ағзасында ионды түрде немесе белок
молекулаларымен комплексті түрде болады. Бұл қосылыста кадмий улы емес.
Адамның сау ағзасында 50мг кадмий бар. Кадмий қорғасын сияқты
сүтқоректілердің ағзасына керекті элемент емес.
Организмге көп мөлшерде түскен кезде кадмий күшті улану әсерін берді.
Кадмиидің ең жоғарғы концентрация шегі, 0,1 мгл-ден аспауы керек,
тәуліктік мөлшер шегі (ДСД)-1 мкгкг-нан, тәуліктік тұтыну шегі (ДСП)-70
мкгтәулік аспауы керек. Кадмийдің тәуліктік тұтыну шегі 1 кг тағам
түрлерінде 30-35 мкг-дан аспауы тиіс [2].

1.4.3 Мышьяк
Биосфераның барлық объектісінде бар. Теңіз суында-5 мкгкг шамасында,
жер қабатында 2 мгкг, балық және шаянтәрізділерде — көп мөлшерде
кездеседі. Тамақ өнімдеріндегі қалыпты геохимиялық региондарда фондық
деңгейі орташа-0,5-1 мгкг. Мышьяк химиялық басқа элементтер сияқты жоғарғы
концентрациясы баурда, теңіздің тағамдық гидробионттарында кездеседі.
ФАО мен ВОЗ мышьяктың тәуліктік мөлшері (қабылданатын) адам денесінің
салмағының 0,05 мгкг-нан аспауы керек, бұл ересек адам тәулігіне 3
мгтәулік мөлшерінен артық аспауы керек.
Мышьяк мөлшеріне байланысты жедел және ұзақ уақыт мерзімде уландыруы
мүмкін. Мышьяк бір рет 30 мг мөлшерде ағзаға түссе, адамға өлім қаупін
туғызады. Уланудың мышьякқа тән белгілері-алақан және табан терілері
мүйізденеді.Мышьяктың бейорганикалық қосылыстары, органикалық қосылыстарына
қарағанда өте улы. Тағам өнімдерінде сынаптан кейінгі улы зат-мышьяк. 1л
суда 0,3-2,2 мг мышьяк ұзақ уақыт пайдаланғанда ұзақ уақыт мерзімді улнуға
ұшырайды. Тамақ қорыту жолдарында мышьяк қосылыстары жақсы сіңеді, 90%-ы
ағзадан кіші дәретпен шығарылады. Биологиялық ең жоғарғы концентрация шегі
кіші дәретте 1 мгл-ге тең, ал 2-4 мгл болса, онда улану бар деп
көрсетіледі. Ағзада шашта, тырнақта, теріде жиналғаны биологиялық
мониторингіден көрінеді. Адам организмі үшін мышьяк қажеттілігі анықталған
жоқ, тек қан түзілу процесінде стимулдық әсері бар [2].

1.4.4 Сынап
Адам, жануар ағзасында, өсімдіктерде жинақталу қабілеті бар қауіпті
және өте улы элементтердің бірі. Ерігіштік, ұшқыштық физикалық-механикалық
қасиеттеріне байланысты сынап табиғатта кең тараған. Жер қабығында 0,5
мгкг, теңіз суында-0,3 мкгкг мөлшерде болады.Адам ағзасында 13 мг
шамасында болады, өмір сүру процестеріне оның қажеттілігі ғылымда
анықталған жоқ.
Тағам өнімдерінің сынаппен былғануы мынандай жолмен болуы мүмкін: жер
қабатынан табиғи процестер нәтижесінде 25-125 мың тонна жылына; халық шар
уашылығында хлор мен сілтілерді, айна, электротехникалық өндірісте, медициа
мен стамотологияда, ауыл шаруашылығы мен ветеренарияда.
Микроорганизмдердің кейбір группаларының метил сынапты, диметилсынапты және
басқа өте улы қосылыстарды түзуінен, олардың тағам тізбегіне түсуінен.
Сынаптың ең жоғарғы концентрациясы — қалпақты саңырауқұлақтарда –6-447
мкгкг, қатты піскендерінде – 2000 мкгкг дейін. Өсімдіктерден ерекшелігі,
сынап саңырауқұлақта метилсынап болып синтезделеді.
Жануар тектес тағамдарда фондық мөлшері мкгкг-мен: етте – 6-20, бауыр–
20-35, бүйректе – 20-70, сүтте – 2-12, сиыр майында – 2-5, жұмыртқада – 2-
15. Жем азығында, суда сынап мөлшері көбейсе ағза, тіндерде оның
концентрациясы жоғарылайды.
Балық етінде сынап конценрациясы өте жоғары, суда және жемдік азықтағы
сынапқа бай гидрбионттардың ағзада белсенді жинақталуынан болады. Мұхит
балығы етінде – 300-600 мкгкг, тұщы су балығы етінде 107-509 мкгкг сынап
мөлшері болады. Балық ағзасы бауырда жинақталатын метилсынапты синтездейді.
Балық пен ет пісірілгенде, концентрациясы төмендейді, осындай өңдеуде
саңырауқұлақ концентрациясы сол қалпында қалады.
Сынаптың бейорганикалық қосындылары – кіші дәретпен, органикалығы -
өтпен, үлкен дәретпен бөлініп шығады. Қандағы сынап мөлшері 50-100 мкгл,
шашта – 30-40 мкгг, кіші дәретте 5-10 мкгтәулік болғанда мөлшер қауіпсіз
есептелінеді. Тәуліктік тұтыну мөлшері (ДСП) – 0,05мг, ауыз суда (ПДК)
концентрация шегі - 0,005 мгл. Бүкіл Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы
бойынша стандартта бұл көрсеткіш – 0,01 мгл (ВОЗ–1974ж) [2].

1.4.5 Мыс
Жер қабатындағы мөлшері 4,5 мгкг, теңіз суында 1-25 мкгкг, ересек
адам ағзасында – 100 мгкг шамасында.
Мыс ферменттік құрылымдар қатарына кіре отырып сынап пен мышьяктан
ерекшелігі, өмір сүру процестеріне елсенді қатысады. Тәуліктік
қажеттілігі–4-5мг. Мыс жетімсіздігі – анемияға, бойдың өспеуіне, тағы
бірқатар ауруларға, жекелеген жағдайда – өлімге әкеледі.
Мыстың жоғарғы мөлшері ұзақ уақыт әсер еткенде, ағза уланып,
спецификалық ауруға шалдығады. Негізгі қауіп өндірістік қалдықтардан,
инсектицидтердің артық мөлшерінен, дайындалу барысында мыс ыдыстарында
немесе жабдықтардың мыс бөлшектерімен, мыстың улы тұздары әрекетінен болады
[2].

1.4.6 Цинк
Жер қабығында 65 мгкг, теңіз суында – 9-21 мкгкг, ересек адам
ағзасында – 1,4-2,3 гкг.
Цинк 80 ферменттер құрамына кіреді және көптеген зат алмасу процесіне
қатысады.
Цинктің жетіспеушілігінен бала бойы баяу өседі, жасөспірімдерде
бойкүйездік, дәм мен иіс сезудің бұзылуы т.б. белгілер байқалады.
Ересек адамның цинкке тәуліктік қажеттілігі 15 мг. Өсімдік тектес тағам
өнімдеріндегі цинкті ағза көп ала алмайды. Жануар тектес тағамдардан цинк
40% мөлшерінде адам ағзасында сіңіріледі. Етте – 20-40 мгкг, балық
өнімдерінде 15-30 мгкг, жұмыртқада – 15-20 мгкг, жеміс және көкөністерде
– 5 мгкг, картоп, сәбізде – 10 мгкг шамасында, жаңғақ, дәнді дақылдарда –
25-30 мгкг, жоғарғы сұрыпты ұнда – 5-8 мгкг, сүтте – 2-6 мгкг
мөлшерлерінде цинк болады. Адам үшін цинктің судағы концентрациясы 40 мгл
қауіпсіз деп есептелінеді.
Осымен бірге, пестицидтерді қолдану ережесі бұзылғанда, цинк препаратын
орынсыз қолдануда цинктен улану болады. Улану белгілері жүрек айну, құсу,
іш ауру, диарея.
Цинктелген темір ыдыстатрдағы тамақ немесе сусындардан улану жағдайлары
кездеседі. Цинктің ең жоғарғы концентрация шегі: ауыз суда – 5 мгл, балық
өсіретін су қоймаларында – 0,01 мгл [2].

1.4.7 Қалайы
Қалайының адам ағзасына қажеттілігі дәлелденбеген. Осымен бірге, ересек
адам ағзасында17 мг, бұл қалайының зат алмасу процестерінде қатысу
мүмкіндігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиациялық ластанудың көздері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Табиғатына байланысты токсиканттардың негізгі түрлері
Судың ластану түрлері (химиялық, биологиялық, жылу)
Атмосфераны ластаушы көздер
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Радиоактивті заттармен ластану. Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану
Химиялық қауіпті нысандарында төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру
Радияциядан қорғау
Тағамдық тізбектегі радионуклидтердің көшу механизмі
Пәндер