«бұзау аусылы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»



Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2Бұзаудың аусыл ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2.1Аусыл ауруының таралу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.2.2Аусыл ауруының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.2.3Аусыл ауруы туралы індеттік деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.2.4Аурудың клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.2.5Аусыл ауруының патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
1.2.6Аусыл ауруының диагнозы, дифференциалдық диагнозы ... ... ... ... ... ... ... 25
1.2.7Аусыл ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
1.2.8Аусыл ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Сайдулдин, Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т. Алматы, 1999. -1 95б.
2 Кононов, И.В. Ветеринарлық анықтама: /Кононов И.В. Мәскеу, «Колос» баспасы, 1972.-125б
3 Бердімұратов, Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 188б.
4 Әмірбек, Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Әмірбек Е. Алматы- 2006. -179б.
5 Ілиясов,Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Ілиясов Б.К. Алматы - 2001.-173б.
6 Төлеуіш, Ж. Малың аман болса, май ішесің /Төлеуіш Ж. Шымкент-2007.-198б.
7 Қасымов, Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е.И. Алматы - 2006.- 166б.
8 Конопаткин, А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных: учебник для вузов /Конопаткин А.А. Москва, Колос, 1984.-282б.
9Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И.- Алматы, 2009.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Бұзау аусылы ауруына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған курстық жұмыс
36 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Ф. 7. 04 – 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ жоғары мектебі
___________________________________ __ ____ кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

_____________________

(қолы,аты – жөні)

_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған
экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен
өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын
толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы
ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік
саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы
қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық
талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде
ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл
ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты
негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы
қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.
Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі
аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе
жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға
шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын
ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою
жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны
анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық
өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет
көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы
кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-
қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға
сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының
себебі болды.
- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық
жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және
ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,
халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен
қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан
ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал
екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пункттерінде тексерілетін
жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет
территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік
ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Аусыл қызумен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, желіннің терісінде
және тұяқтардың арасындағы қуыста афтоздық зақымданудың дамуымен
сипатталатын айыр тұяқты малдардың жіті өтетін аса контагиозді жұқпалы
ауруы. Аусылға адам да бейімді. Аусыл — әдетте ірі қарада, қойда, шошқада,
әсіресе торайларда жиі кездесетін, арнаулы вирус тудырып, жіті және өте
жіті түрде өтетін жұқпалы індет.
Әдетте аусылмен барлық жұп тұяқты жануарлар ауырады. Солардық ішінде ірі
қара, әсіресе 2—3 айлық бұзау тез шалдыққыш келеді. Бұл індетпен адам да,
әсіресе жас балалар ауырады.
Жылқы, ит, құлын, есек аусылмен ауырмайды. Аусылдың вирусы малға
жемшөппен, сумен, ауамен жұғады. Бір ауру мал бір шаруашылықтың, ауданның
малына індетті тарта алады. Себебі, вирус сыртқы ортаға тез тарап, бір
малдан екінші малға тез жұғады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – бұзау аусылы ауруына қарсы ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру,
сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
жүзеге асыруға;
2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген
түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз
етуге;
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы
халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринриялық ережелер мен
нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс шаралар
өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары
деңгейіне жетуге;
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында
ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз
шектеулерге жол бермеуге;
8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойлатын
және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге
бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлеу;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен
диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді
қабылдау немесе бекіту;
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша,
профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті
ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып
қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен
шартарын белгілеу;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария
саласындағы ынтымақтастық;
7) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне
сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру
кіреді.
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі
Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне;
1) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
4) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және
заңды тұлғалар кіреді.
Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына;
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік
ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық,
республикалық маңызы бар қаланың аумақтық бөлімшелері;
4) селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
органдары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және
өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық,
қалалық, аумақтық бөлімшелері жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде- Қазақстан Республикасы мен тиісті
аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың
орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса бас мемлекеттік инспектор, бас
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар
беруге құқылы.
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің құзіреті
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің құзіретіне:
1) ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы
және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
тізбесін әзірлеу;
4) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы,
диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен
қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын
жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара
ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды
ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды,
тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында
белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды, ветеринариялық
ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік
нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді
лицензиялау;
10) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария
саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен
ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау
жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік
конкурстық және тендерлік құжаттама ны әзірлеуге қатысу;
11) жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет
жағдайын зерделеу;
12) жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар, белгіленген
ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы
мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп
пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу
сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды
мемлекеттік тізілімін жүгізу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға,
жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
15) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және
жүргізу;
16) Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды
пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария
саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан
өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
18) Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге
асыру;
Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
бөлімшелері
1.Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы
мынандай қызметтерді:
1) тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына
профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін
жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.
2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда,
ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа
алады.
3. Мемлекеттік органдарды осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы
құзіреті
1.Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып,
олардың құрылымын, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз
етілу тәртібін белгілей алады.
2.Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың
мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді,
ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда, ветеринариялық іс шаралар
жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі
бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады
[10].

2. Бұзаудың аусыл ауруы

Аусыл (Арhtае еріzооtісае) — қызумен, ауыз қуысының кілегейлі
қабықтарында, желіннің терісінде және тұяқтардың арасындағы қуыста афтоздық
зақымданудың дамуымен сипатталатын айыр тұяқты малдардың жіті өтетін аса
контагиозді жұқпалы ауруы. Аусылға адам да бейімді. Аусыл — әдетте ірі
қарада, қойда, шошқада, әсіресе торайларда жиі кездесетін, арнаулы вирус
тудырып, жіті және өте жіті түрде өтетін жұқпалы індет.
Әдетте аусылмен барлық жұп тұяқты жануарлар ауырады. Солардың ішінде ірі
қара, әсіресе 2—3 айлық бұзау тез шалдыққыш келеді. Бұл індетпен адам да,
әсіресе жас балалар ауырады.
Жылқы, ит, құлын, есек аусылмен ауырмайды. Аусылдың вирусы малға
жемшөппен, сумен, ауамен жұғады. Бір ауру мал бір шаруашылықтың, ауданның
малына індетті тарта алады. Себебі, вирус сыртқы ортаға тез тарап, бір
малдан екінші малға тез жұғады.
Қазақстанда бұл ауру 1930—1970 жылдар арасында ірі қара мен бөтендер
(қарақұйрықтар) арасында жиі кездесетін еді. Ал соңғы 10—12 жыл бойына бұл
ауру тек қана Жамбыл және Шымкент облыстарынын, жекелеген шаруашылықтары
мен аудандарында ғана кездесуде. Ал республикамыздың орталық, батыс,
солтүстік және шығыс облыстарынын. шаруашылықтарында тіптен кездеспейді.
Аусылдың осылайша аз мөлшерде кездесуінің негізгі себебі — жыл сайын ірі
қара малын поливаленттік вакцинамен егу арқылы мал организмінде қалыпты
иммунитет құру болып саналады.
Аусыл негізінен ауру малдан жұғады. Аурудың жасырын өту кезеңінде сырқат
сілекейі, нәжісі немесе несебі арқылы шығып, вирустың өрбуіне себеп болады.
Мал аурудан айыққан соң да вирусты бойында ұзақ уақыт сақтайды.
Аусылдың жұғу жолдары көп. Ол малдың несебі, нәжісі немесе аусылға
шалдыққан малдың сілекейі тамған зат, болмаса суат, жем-шөп арқылы, кейде
малды күтіп-баратын адамдардың киімдерінде қалған вирустан да жұға береді.
Аусыл көбінесе эпизоотия (белгілі бір мөлшерде) және панзоотия (жаппай
түрде) өршиді.
Аурудың бұл түрінің етек алып, кең тарап кетуі жергілікті факторларға,
табиғи ортаға, ауа райына тікелей байланысты індет жылдың кез-келген
маусымында кездесе береді. Алайда ол күзде басталып, қыстың алғашқы
айларында күшейіп кетеді. Қазақстанда бұл ауру бұрын ірі қара мен
ақбөкендер арасында жиі кездесетін. Республика 1984 жылдың март айынан
бастап бұл аурудан түгелдей тазарды [1,2].
Аусыл Азияның, Африқаның, Оңтүстік Америқаның және Европаның көптеген
елдерінде кездеседі.

1.2.1 Аусыл ауруының таралу жолдары

Аусылдың қоздырғыш вирусы мал организміне ауыздың, танаудың кілегейлі
қабығы арқылы, кейде қос тұяқтың арасындағы тері жарақаттанғанда еніп,
ауруды тудырады.
Ауру белгілері ірі қара мен қойда вирус жұққаннан кейін 2—7 күн өтісімен
аурудың белгілері байқалады. Жас бұзаулар мен тайыншалар арасында аусыл
жіті немесе зілді түрде өтеді. Олардың дене қызуы 40,5—41,5 градусқа дейін
көтеріліп, жабығады; күйзеледі.
Ауру басталған соң 2—3 күн өтісімен тілде, қызыл иекте, ұрттың, еріннің
ішкі қабықтарында іші мөлдір суға толған күлдіреуіктер шығады. Ауру зілді
еткенде тіл ауызға сыймай, салақтап шығып тұрады.
Ауыздан көпіршіген шұбырынды сілекей ағады, малдың азыққа деген тәбеті
нашарлайды, ол күйісінен жаңылады.
Кейбір малда күлдіреуіктер тұяқ кенересіне, бақай арасына, май табанына
да шығады.
Күлдіреуіктер 2—3 күннен кейін жарылып, оның орны жалаңаштанып қызарып
тұратын жараға айналады.
Егер ауру зілді болып, күлдіреуіктер тұяқтың төртеуіне шықса, онда ол
мал жүруден қалып, жатып алады.
Аусыл кең тараған шаруашылықтарда сиырдың желініне және үрпілеріне
күлдіреуіктер шығады.
Бұл кезде мал сүт сауғызбайды, ауырсынып бұзауларын да емізбейді. Ауру
асқынған кезде желін тұтастай қабынып, іріңдейді.
Қойдың аусылы ірі қараға қарағанда аздап бөлекше өтеді. Аусыл көбінесе
қойдың тұяғының кенересін, бақайшақтарының арасын зақымдап, күлдіреуіктер
шығады.
Осыған байланысты аусылға шалдыққан қой ақсап жүре алмай қалады. Ауру
қойдың ауыз қуысына, тіліне, күлдіреуіктср шықпайды, сол себептен де
олардың аузынан көпіргіштенген сілекей ақпайды.
Аусыл қозы арасында ірі қойға қарағанда зілді түрде өтеді. Олардың тұяғы
мен ауыз куысы бірден зақымдалады..
Аусылмен ешкі де ауырады, оларда ауру белгілері қозылардікі сияқты болып
өтеді.
Аусылмен шошқалар да ауырады, әсіресе торайлар арасында ауру өте зілді
өтеді, әдетте ауруға шалдыққан төл түгелдей дерлік шығынға ұшырайды
[1,2,3].

1.2.2Аусыл ауруының қоздырушысы

Қоздырғыш мөлшері 10-нан 30 нм-ге дейін РНК-сі бар вирустардын, ең ұсақ
тобының өкілдеріне — афтовирустарға жататын вирус. Қоздырғышы — рибонуклеин
қышқылынан тұратын, сыртқы қабаты белок қабықшамен қапталған сүзілгіш
вирус. Қоздырғыш антигендік қасиеттеріне байланысты 7 типке бөлінеді.
Вирустық әрбір типі бірнеше варианттарға бөлінеді. Қазақстанда вирустың А,
О типтері жиі, ал С типі сирек кездеседі. Вирус клетка себіндісінде, ақ
тышқан, қоян көжегініқ және су тышқанының денесінде өте жақсы өседі. Бұл
жағдай аусыл ауруын анықтауға көп кемегін тигізеді.
Аусыл қоздырғышы сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне төзімді келеді.
Мәселен, олар малдың қанында 168—170 күн, садырада 40—60 күн, қар астында
қалған өсімдік бойында 214 күн бойы тіршілігін жоймайды. Ауру малдың
сүтінде 10— 12 сағат бойы, түздалған және сүрленген етте 50 күн бойы
сақталады.
Вирус көптеген химиялық дезинфекциялағыш заттардың әсеріне де төзімді
келеді. Шаруашылықта көптеп қолданылатын хлорлы әктің, фенол және креолин
ерітінділері вирусты 6—7 сағаттан кейін ғана өлтіре алады.
Вирустың бірден-бір жауы — қышқыл. Қышқыл көп болған жерде, ол тез
өледі. Аусыл қоздырғышын залалсыздандыру үшін формальдегидтің екі
проценттік, күйдіргіш натрдың 3 проценттік ыстық ерітіндісі қолданылады.
Қоздырушы мал организмінің барлық тқаньдерінде өсіп-өнеді, бірақ
қабығының эпителиі мен сөлде ең жоғары қонцентрацияда болады.
Қазіргі уақытта бір-бірінен иммунологиялық жағынан шұғыл ерекшеленетін
аусыл вирусының жеті типі белгілі: О, А, С, SАТ-1, SАТ-2, SАТ-3 және Азия-
1. Осы типтердің аралығында әртүрлі серологиялық варианттары бар.
Осы типтердің бірінің вирусынан немесе олардың варианттарынан болған
аусылмен ауырып айыққан малдар осы аурудың вирусіне қарсы иммунитетке ие
болады және басқа типтердің вирусымен залалдануға бейімді болып қалады.
А, О, С вирустың типтері Европа, Азия, Африка, Оңтүстік Америка
елдерінде таралған, SАТ-1 типінің вирусі — Африка мен Азияда, SАТ-2 мен SАТ-
3 тек қана Африкада, ал Азия-1 — тек қана Азияда таралған.
Вирус әжептәуір төзімді. Төменгі температура оған құртатын әрекет
көрсете алмайды.
Шарасыз сойылған малдардың мұздатылған етінде және тоң боп қатқан көңде
ол бір жылдан артық сақталады. Піскен етте 24—48 сағаттың ішінде өледі. 1°С
температурада сақталған тұздалған етте вирус (сөл түйіндерінде) 124 күннен
кейін, ал терілерде —1,5 айдан кейін табылған.
Үйілген пішенде аусылдын, қоздырушысы 6 айға дейін, кебекте — 140 күнге
дейін, сабанда 3 айға жуық, құрғақ көңде — 1,5 айдан аса, ағын ды суларда —
103 күнге дейін, малдың жабынды жүнінде — 28 күнге дейін сақталған,
жайылымда күн сәулелерінің әрекетінен вирус жазда—1—14 күннен кейін, күзде
— 8—20 күннен кейін өледі.
Күзгі-қысқы уақытта 6 айдан аса сақт-алады. Суытылған сүтте вирус 12
күнге дейін, ал қаймақтан дайындалған (суықта сақталған кезде) майда — 45
күнге дейін өмірсүргіштігі жойылмайды. Сүтті іріту, пастерлеу және қайнату
вирусты тез бұзады.
Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1 %-ті фенол ертіндісі мен 75° этил
спирті белсенділігін жоймайды.
Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін
қонцентрациясына төтеп береді.
Ортаның рН-ы сезімтал 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық
қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктін қабығында вирустың
төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жағдайда келесі жылғы жайылым
маусымына дейін сақталады.
Салқын суда жылдын суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21,
күзде 49 күн сакталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде
70 күнге дейін сақталады.
Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 мин, 80-100°С-та
бірнеше секундта белсенділігін жояды.
Сойылған малдың етіне вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт
қышкылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген
өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады [1,2,3,5,6].
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі
қолданылатын хлорлы әк 5%, фенол 1% және креолин 5% ерітінділері бірнеше
сағаттан соң ғана өлтіреді. Ен жақсы дезинфектант 1-2% формальдегид, 2%
күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30
минут ішінде өлтіреді.
Табиғи жағдайда вирустың бір түрі екінші түрге айналуы жиі кездеседі.
Вирус бір малдың денесінен өтіп, екінші малға жұққанда, олар қасиеттерін
тез өзгертеді.
Ауру алғаш басталған кезде вирустар теріде және кілегей қабықтарға
шыққан күлдіреуіктерде болады, ал кейіннен ол ауру малдың қанында, нәжісі
мен несебінде болады.
Күлдіреуіктегі вирустар у бөліп шығарады да, олар малдың қаны арқылы
олардың денесіне тарап, организмді уландырады. Вирус жұққаннан кейін 12—14
сағатта қанға тарайды да, малдың дене қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы
нашарлайды

Аусылдың қоздырғыш вирусы сыртқы ортаның қатерлі әсеріне төзімді келеді.
Мәселен, олар малдың қиында — 165—170 күн, нәжіс пен несеп араласқан
сұйықта 40—60 күң, суда 30—40 күн бойы тіршілік етуін жоймайды. Ауру малдың
сүтінде 10—12 сағат бойы сақталады.
Аусылдың вирусы биотермиялық әдіспен жиналған қида онша көп өмір сүре
алмайды.
Аусылдың қоздырғыш вирусы көптеген химиялық-дезинфекцияларыш заттардың
әсеріне, де төзімді келеді.
Айталық, карбол қышқылының 1—2 проценттік, креолиннің 5 проценттік
ерітіндісі аусыл індетіне дезинфекция жасауға жарамайды, себеб; вирус
олардың әсерінен 6-7 сағат бойы өлмейді.
Сондықтан да аусыл індеті кезінде қораларды дезинфекциялағыш заттармен
зарарсыздандырады.
Олардың қатарына күйдірген натрийдін, 3 проценттік ыстық ерітіндісі және
формальдегидтін, бір проценттік қыздырылған ерітіндісі жатады [1,3,4,6].

1.2.3Аусыл ауруы туралы індеттік деректер

Аша тұяқты үй және жабайы жануарлардың барлық түрі аусылға бейімді.
Қоздырушының көзі — ауру және ауырып айыққан жануарлар.
Вирус жануарлардың организмінен аурудың алғашқы күндері ең көп мелшерде
белініп шығады, ал 12—14 күндерге қарай бөлініп шығуы іс жүзінде тоқталады.

Аусылмен ауырып айыққан кейбір малдардың организмінде вирус ұзақ уақыт
сақталына алады. Ол өңеш пен жұтқыншақтың, жұмсак таңдайдың кілегейлі
қабығынан, кеңірдектің қырындысынан, сөл түйіндерінен аурудан айыққан соң
5—8—12 және 18 айдан кейін де табылғаи.
Ауру малдар вирусты сілекейімен, сүтпен, нәжіспен және несеппен бөліп
шығарады.
Аусылдық афтылар онай жарылады және ондағы бар вирус сырт ортаға түскен
сон күтім жабдықтарын, жемшөпті, суды, жайылымдарды, адамдардың киімін және
т.б. инфекциялайды.
Осыған байланысты ауру малдармен бірге тұратын болса нем.есе әртүрлі
берілу факторлары арқылы; мал өнімдері, жемшөп, су және вируспен
зарарланған басқа да объектілерден қоздырушы сау малдарға жылдам
таратылады.
Аурудын, вирусі сау малдардың организміне жемшөп жегенде, су, сүт
ішкенде, ауру малдардың сорабымен ластанған әртүрлі заттарды жалағанда,
ауыз қуысының зақымданған кілегейлі қабықтары арқылы енеді.
Жұғу тыныс жолдары арқылы, сирегірек — желіннің емшектері мен қынап
арқылы болуы да мүмкін.
Аурудан сәтсіз шаруашылықтардан әкелінген сүт вемесе көк сүт — вирус
таратудағы ең қауіпті фактор.
Аусылдың қоздырушысы аурудың көзге керінетін белгілерінен 3—4 күн бұрын
сүтпен бөлініп шығатындығы анықталған.
Жабайы айыр тұяқты малдар (бұландар, киіктер, т. б.) табиғатта аусылды
ұзақ мерзім бойы таратады. Оны таратуда ауру малдармен жұғысқан адамдардың
да ролі үлкен.
Мал өнімдерімен халықаралық сауда жасау, оны енгізу мен вирустың
экзотикалық типін тарату қаупін тудырады.
Аусыл індетінің маусымдықты қатал сақтауы анықталмаған. Бірақ, індет
ошарының ең кебі көктемгі және күзгі мезгілде болатыны белгілі. Бұл осы
кезде малдардың орын ауыстыруы және іріктелуімен, оондай-ақ интенсивті ауыл
шаруашылығы жұмыстарымен байланысты.
Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, бұйвол, түйе, қодас,
бұғы және көнтеген тағы ашатұяктылар сайғақ, бұлан, елік. Бірлі-жарым бүл
ауруға ит пен мысық, қоян мен егеукүйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы
хабарлар бар.
Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда, ауру малды
бағып күткенде, аусылмен адам да ауырады.
Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр
түрінде өтеді.
Аусылдын қоздырушысының бастауы - ауырған, оның ішінде зурудың жасырын
кезеңіндегі және вирус тасымалдаушы мал. Мұңдай жануарлар вирусты сыртқы
ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның
нәтижесінде қора-жай, әртүрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат,
көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әртүрлі
ластанран заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирактың
зақымданған терісі аркьшы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік
жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық эқономикалық. байланыстар,
мадцы өсіру ерекшеліктері, мал басынын тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал
азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өндеу және т.б.
жағдайлар әсер етеді.
Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды.
Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдын таралуына көп әсер етеді.
Аусылдын вирусын тасымалдауда адамның атқаратын рөлі зор.
Ол малмен жанасады және бір жерден екінші жерге жүріп тұру, жол жүру
арқылы үлкен қашықтықтарға ауру таратады.
Вирусты механикалық жолмен әртүрлі көлік, құс пен басқа да оған бейім
емес жануарлар, оның ішінде тағы жануарлар мен әртүрлі жәндіктер
тасымалдайды.
Таралу жолдарының көптігі аусылдың әрбір білінген кездерінде мұқият
талдау жасап, одан ары тарамауы үшін шұғыл шаралар жүргізуді талап етеді.
Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде оның ішінде күздің
аяғы, қыстың басында жиірек байқалады. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде
2-3 жылда қайталанады.
Аусылдың вирусы бейімді малдың организміне енгеннен соң, үлкен
қонцентрациялы қоздырушысы бар енген жерінде алғашқы афтылар құратын, өте
жылдам өсіп-өнетін клеткалардың эпителиіне енеді.
Осыдан әрі вирус қанға түседі және әртүрлі органдар мен тқаньдерге,
жүрек және скелеттік еттерге жетіп өсіпенеді.
Залалданудан кейін 48 сағаттан соң немесе кейінірек қызу реакциясының
жалпы фонында ауыз қуысында, желіннің терісінде,(күлтеде және тұяқтардың
аралығында екінші афтылар дамиды.
Аурудың 4-күнінен бастап вирус қаннан жоғалады және малдың дене
температурасы әдеттегі қалпына дейін төмендейді. 12— 24 сағаттан кейін
афтылардың қабығы жарылады, вирусі бар сөл ағып кетеді, ал олардың орнында
жаңа эрозиялар қалады.
Вирус денеге ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабығы арқылы енеді.
Вирустың алғашқы репродукциясы 18 сағат өткеннен соң-ақ жұтқыншақтың
кілегей қабығында, бас пен мойынның сөл түйіңдерінде байқалады.
Вирустын енген жерінде алғашқы күлдіреуік пайда болады. Бастапқы орын
тепкен жерінен вирус сөл жолдары арқылы қанға, одан кейін лимфоидты-
макрофагтық жүйенін ағзаларына өтеді.
Онда вирустың мол мөлшерде шоғырланып, инфекция ошағын түзуіне қолайлы
жағдай болғандықтан бұл сәт қайтадан өрбитін виремияның алғы кезеңі болып
табылады да, клиникалық тұрғыдан дененің ыстығының көтерілуімен, жүні жоқ
жерлерде каңсар, мұрын тесігі, желін, кілегейлі қабықтарда ауызда,
өңеште, таз қарында, қынапта және тұяқ көбесі мен тұяқ ашасының терісінде
күлдіреуіктер пайда болуымен ерекшеленеді. Әдетте бұның бәрі қағынғаннан
соң 48 сағат өткенде, немесе одан сәл кешірек байқалады.
Миотроптық етке бейімділіқ қасиетіне байланысты вирус жүрек және
борша еттеріне бекініп, оларды түрлі зақымға ұшыратады. Кейде дертке
орталық жүйке жүйесі де шалдығады.
Ауру жайлы өткенде шамамен денені жайлағанына төрт күн толғанда
антиденелер түзіле бастайды да, дененің ыстығы қайтып, вирустың бөлінуі
азайып, жануар жазыла бастайды [1,2,3,5].

1.2.4Аурудың клиникалық белгілері

Жасырын кезеңі — 2—7 күн, сирегірек — 21 күнге дейін. Ауру жіті етеді.
Айыр тұяқтылардың әртүрлі түрлерінде оның белгілері негізінен ұқсас болады,
бірақ айырмашылықтары да бар.
Ірі қара малының ауруының бастапқы белгісі — тәбеттің төмендеуі,
сиырларда — сүт беруінің төмендеуі. Одан кейін дене температурасы
40,5—41,5°С дейін көтеріледі.
Бастапқы қызу мезгілінде ауыздың кілегейлі қабығы құрғак, қан толған
болады. 2— 3 күні тілдің, ұрттың, жоғарғы және төменгі еріндердің ішкі
жағындағы, мұрынның желбезектерінің кілегейлі қабықтарында, еріннің
терісінде кейінірек кемескіленетін қабықтарында, басында тұнық сұйықпен
толған афтылар құралады.
Біраздан кейін афтылар жарылады және олардың арңында шеттері түзу емес
және түбі ашық қызыл, бетіне орналаоқан аурушаң эррозиялар қалады. Бүл
уақытта малдың дене температурасы қалпына келеді. Мол сілекей ағу
байқалады.
Сілекей ұзын жіпше созылып ағады, ауыз езулерінде көбік пайда болады.
Осы мезгілде малда езіндік тамсану білінеді, ол жемшөпті қабылдаудан бас
тартады, жылдам жүдейді.
Аурудың бірінші белгісі жануардың денесінің ыстығының 41° С-ка дейін
және одан да жоғары көтерілуі болып табылады.
Ауырған мал катты киналып, тамырының соғуы жиілеп, ауызынын кілегей
қабығы мен коньюнктивасы қызарады, кұйіс кайтаруы тоқтап, сүті қайтады,
каңсары кұрғап, тұяк көбесі домбыға бастайды. Мал басын төмен созып,
көбінде ыңырсиды. Содан кейін шұбатылып ауызынан сілекей аға бастайды да,
тісін шықырлатып, оқтын - оқтын сілекейін жұтынады.
Мал шөпті аса сактықпен шайнайды да, ауырсынып жұтынады, катты шөлдейді.
Тұяқ көбесінің терісі домбығып, сезімталдығы артады. Мал зақымданған аяғын
баспауға тырысып, аяқтарын кезек-кезек алмастырып басып тұрады.
Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткеннен соң терінің жұқа жерлерінде
қызарған бөріткендер пайда болады.
Ауызды ашып қарағанда, кілегейлі қабықтарында күлдіреуіктер афта
көрінеді, олар дөңгелек не сопақша болып, сұйыққа толып, сызданып тұрады
да, саусақпен басқанда жарылады. Күлдіреуіктің жарылған жерінде кілегейлі
қабық астындағы ұлпадан оңай сыдырылады.
Күлдіреуіктер әсіресе тілдің үстіне жиі шығып, мөлшері тауықтың
жүмырткасындай, баланың жүдырығындай болады. Күлдіреуіктің сөлі басында
түссіз, кейіннен бактериялардың өніп-өсуі нәтижесінде лайланып күщірт түске
ауысады.
Кейде кулдіреуік онша томпаймайды да, оны сипап қана табуға болады. Ұсак
күлдіреуіктер езуде, ерін мен жактың ішкі бетінде, қызыл иекте, тандайда
болады.
Грек жаңғағындай үлкен күлдіреуіктер қансарда кездеседі. Кей жағдайда
коньюнктива, мүйіздің түбі, дененің басқа да бөліктері зақымдануы мүмкін.
Тұяктың көбесі мен ашасында бұршақтай қолдырауықтар папула пайда
болады па өсе келе көгершіннін жұмыртқасындай болады.
Мал ақсап, белін бүгін, аяқтарын бауырына қарай жинап тұрады. Ұсақ
афталар емшектін терісінде ғана болады. Кейде емшектер жіті домбығуға
шалынады. Желіні ісініп, мал қатты ауырсынады.
Афталар пайда болғанынан 1-3 күннен кейін жарылады. Олардың орнындағы
қызылшака эрозиялардың формалары мен мөлшері әртүрлі, шеттері жырым-жырым
болады. Мұндай эрозиялар тілдің бүкіл клегейлі қабығында болады да ауыздан
сыдырылған эпителий қабықтары мен қаннын сілемдері араласқан созылмалы
сілекей ағады.
Алқаның және кеңірдектің зақымдануы жұтыну мен тыныс алуды киындатады.
Жүректің қызметінің бұзылуының нәтижесінде тахикардия, аритмия байқалады.
Кейде ауырған малдың орталық жүйке жұйесі зақымданып, парез, паралич,
атаксия, бұлшық еттерінің дірілі сиякты құбылыстар байқалады. Аусылдың
вирусы буаз малды іш тастауға, төлді өлі немесе жетілмеген әлсіз күйінде
табуға әкеліи соқтырады. Ауырған малды жаксылап бағып күткенде аурудын
ақыры оңды болады.
Ірі қарада өлім көрсеткіші 0,2-0,5 % деңгейінде. Ауру жұққаннан соң мал
3-4 апта өткенде жазылады.
Ауырған мал дұрыс бағылып күтілмесе, немесе уақытында емделмесе, ауру
асқынып кетеді. Мұндай жағдайда ауыз куысындағы ұлпалар өліеттеніп
абсцессалар пайда болады.
Тұяқ күбірткеленіп, түсіп қалуы мүмкін. Терең орналасқан ұлпалар
зақымданып, дерт буын мён тарамысқа шабады. Желін қабынуы да жиі байқалады.

Әсіресе, ірің бактериялары, стрептоқоктар мен стафилоқоктар тудырған
қосалқы мастит аса қауіпті болыл табылады. Мұндай жағдай сауын сиырды
мерзімінен бұрын жарамсыздыққа шығаруға себеп болады.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жагдайда жүрек қызметі мен қан айналымынын бүзылуы басым болады да, мал
қатты күйзелген жагдайда болады.
Әсіресе маститтің жіті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардағы аусылдың әледегі таралу
Ірі қара малдардағы аусыл ауруының қоздырушысы
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Құстың пуллороз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Бұзауларды өсіру гигиенасы
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Қой диктиокаулезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер