Өндіріс факторлары туралы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1)Өндіріс факторлары
2) Өндiрiс факторлары: бiрiктiру әдiстерi және оның тиiмдiлiгi
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Экономикалық өсудің қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріне тән жалпы белгілері бар. Әрқашанда сол кезеңдегі өндірістің факторлары мен өндіріс нәтижелерінің сапалық сипаттамаларына сәйкес келетін, нақты тарихи формаларда көрінеді. Қазіргі кезең экономикалық өсудің өткен дәуірдің бәрінен, принциптік тұрғыда өзгеше өтумен сипатталады. Бұл өтудің негізі біздің көз алдымызда өрістеп, тереңдеп отырған ғылыми - техникалық өрлеу болып табылады. Қандай да болмасын қоғамдағы өзгерістер өндіріспен тікелей байланысты. Өндірістің дамуы - қоғамның өзгерісі. Қазіргі жаһандану заманының негізі - нарық. Барлық болып жатқан нарықтық қатынастар түбегейлі өзгерістерді болдырып жатыр. Бұл өзгерістер де - өндірістің туысы.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл өндіріс. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау жоғары өнімді техникалар мен технологияны қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Экономикалық іс әрекет орындалатын орында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес жоспарлар өзірленеді, маркетинг қолданады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана экономикалық субъект өміршең бола алады, Егер де ол нарық талабын аса сауаттылық пен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерді жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы қамтамасыз ете алатын болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін өндірістің экономикалық негізін терең білгендері қажет -ақ. Осындай терең білімдерді қалыптастыру үшін төмендегі мәліметтерді білгендері абзал.
Өндіріс - адам қоғамының өмір сүру негізі. Осыған байланысты, экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: Шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар.
Мұқтаждықтар - адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылықтары. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар - игіліктер болып табылады. Бірінші мұқтаждықтар шектеусіз мөлшерде болады. ал екінші - шектеулі. Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады. Осы екі аксиомаға сәйкес, адамдардың шексіз мұқтаждықтарын шектеулі игіліктермен қанағаттаныруға тырысу - өндірістің нәтижесі. Яғни өндірісте өндірілген өнімдер арқылы тұтынушылар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады."Өндіріс " сөзі кең ауқымды, оны макродеңгейде де , микродеңгейде де қарастыруға болады. Мұның себебі, оның универсалдығында. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүру үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымын жалпы алғанда – абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді. Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін - өзі ұдайы өндіреді. өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі де жоқ . Бұдан біз, кез келген экономикалық іс әрекеттің экономикалық субъектілердің тұтынуынсыз жүзеге аспайтындығын тайға таңба басқандай анық көре аламыз
Өндіріс – халықтың өмір сүруінің материалдық шарты, Адамзат табиғатының дамуының негізгі шарты. Кез келген қоғамдағы прогресс өндірістің дамуымен негізделеді. Яғни, қоғамда өндіріс процесі қарқында жүріп жатса, сәйкесінше прогрестену процесі де жүзеге асып жатқандығы.
1. Байгiсие М. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.— Алматы, "Санат", 1998.
2. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.-Алматы. 1998 ж. Авторлар ұжымы.
3. Мұқаұлы С., Үпiншев Е. Табиғат пайдалану экономикасы; /Оқу құралы/; -Алматы; Экономика, 1999.
4. Герасимович В.Н., Голуб А.А. Методология экономической оценки природных ресурсов. –М.: Наука, 1998 г.
5. Каргажанов З.К. Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежей за пользование природными ресурсами.- Алматы, Қазақ университетi,1997.
6. Законодательство Республики Казахстан о внешнеэкономичес¬кой деятельности / Сост. Р. Баймурзаева, Л. Аносова. Алматы, 1996.
7. Сарсембаев М. А. Правовое регулирование внешнеэкономичес¬кой деятельности. Алматы, 1995.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1)Өндіріс факторлары
2) Өндiрiс факторлары: бiрiктiру әдiстерi және оның тиiмдiлiгi

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Экономикалық өсудің қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріне тән жалпы
белгілері бар. Әрқашанда сол кезеңдегі өндірістің факторлары мен өндіріс
нәтижелерінің сапалық сипаттамаларына сәйкес келетін, нақты тарихи
формаларда көрінеді. Қазіргі кезең экономикалық өсудің өткен дәуірдің
бәрінен, принциптік тұрғыда өзгеше өтумен сипатталады. Бұл өтудің негізі
біздің көз алдымызда өрістеп, тереңдеп отырған ғылыми - техникалық өрлеу
болып табылады. Қандай да болмасын қоғамдағы өзгерістер өндіріспен тікелей
байланысты. Өндірістің дамуы - қоғамның өзгерісі. Қазіргі жаһандану
заманының негізі - нарық. Барлық болып жатқан нарықтық қатынастар түбегейлі
өзгерістерді болдырып жатыр. Бұл өзгерістер де - өндірістің туысы.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны - бұл өндіріс. Міне, сондықтан да, бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жұмсау жоғары өнімді техникалар мен технологияны
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Экономикалық іс әрекет орындалатын
орында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға
қол жетеді. Сол сияқты бизнес жоспарлар өзірленеді, маркетинг қолданады,
тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең
экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай
ғана экономикалық субъект өміршең бола алады, Егер де ол нарық талабын аса
сауаттылық пен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын
қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті
қызметкерлерді жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы қамтамасыз ете
алатын болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін өндірістің
экономикалық негізін терең білгендері қажет -ақ. Осындай терең білімдерді
қалыптастыру үшін төмендегі мәліметтерді білгендері абзал.
Өндіріс - адам қоғамының өмір сүру негізі. Осыған байланысты,
экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: Шексіз
мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар.
Мұқтаждықтар - адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді
иелену мен пайдалануға деген ынталылықтары. Мұқтаждықтарды
қанағаттандыратын құралдар - игіліктер болып табылады. Бірінші мұқтаждықтар
шектеусіз мөлшерде болады. ал екінші - шектеулі. Соңғылары экономикалық
игіліктер деп аталады. Осы екі аксиомаға сәйкес, адамдардың шексіз
мұқтаждықтарын шектеулі игіліктермен қанағаттаныруға тырысу - өндірістің
нәтижесі. Яғни өндірісте өндірілген өнімдер арқылы тұтынушылар өздерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады."Өндіріс " сөзі кең ауқымды, оны
макродеңгейде де , микродеңгейде де қарастыруға болады. Мұның себебі, оның
универсалдығында. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүру үшін қажетті
материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымын жалпы
алғанда – абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын
мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,
құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді. Өндіріс бір мезгілде тұтыну
процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін -
өзі ұдайы өндіреді. өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен
материалдарды тұтына отырып материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді.
Тұтынусыз - өндіріс процесі де жоқ . Бұдан біз, кез келген экономикалық іс
әрекеттің экономикалық субъектілердің тұтынуынсыз жүзеге аспайтындығын
тайға таңба басқандай анық көре аламыз
Өндіріс – халықтың өмір сүруінің материалдық шарты, Адамзат
табиғатының дамуының негізгі шарты. Кез келген қоғамдағы прогресс
өндірістің дамуымен негізделеді. Яғни, қоғамда өндіріс процесі қарқында
жүріп жатса, сәйкесінше прогрестену процесі де жүзеге асып жатқандығы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Өндіріс факторлары
Өндіріс факторлары дегеніміз не? Өндіріс процесінде нақтылы пайдаланып
отырған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды.
Өндіріс тек үш фактордың әсері арқылы ғана жүзеге асады.Өндірістің
жалпы қоғам өндірісінің негізгі факторлары - еңбек, жер, капитал. Егер де
осы факторлардың ішінен ең болмаса біреуі ғана болмаса онда өндіріс процесі
жүзеге аспайды. Яғни, ешқандай тауар, қызмет өндірілмейді. Өндіріс процесі
жүру үшін міндетті түрде еңбек, жер, капитал факторлары болуы тиіс. Тек
болып қана қоймай, сонымен қатар қимыл, іс - әрекетте болуы шарт. Берілген
үш фактор бір- бірімен тығыз байланысу арқылы, бір - бірімен әрекеттесу
нәтижесінде өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Әлеуметтік экономикалық дамуда қандай да ел болмасын, қоғам болмасын
жалпы әлем шаруашылығы, әлем экономикасы үш негіздің арқасында қалыптасады.
Бұл үш негіз - өндірістің үш факторы. Экономикалық - теориялық тұғадан
Еңбек мәселесін тарихи және әлемдік қоғамдық негізде алсақ, жалпы
экономикалық дамуда, оның ерекше тарихи, әлеуметтік - экономикалық негізі
бар. Адамзат тіпті өз жаратылысынан бастап, түпкілікті жабайы кезеңінен
бері, барлық адамзат қоғам дауынының дәуірлерінен осы заманға дейін
еңбекпен шұғылданды. Егер де осы замандағы еңбекті экономикалық тұрғыдан
алсақ, ол бүкіл әлеуметтік-экономикалық дамуда ғылыми- техникалық өрлеу
негізінде ұйымдастырылған және ғылыми басқаруы болуы айқын. Яғни, жалпы
көлемде цивилизациялық негізінде екенін көрсетеді.
Капитал - әлем көлемінде, әлем деңгейінде тарихи деңгейде ең басты
тұрғыдан алсақ, материалдық негізде, әлеуметтік-экономикалық жан жақты
дамуда өндіріс салаларында қызмет ететін капитал, өнеркәсіп жалпы ел
дамуының капиталы деп анықтама беруге болады. Өнеркәсіпке немесе халық
шаруашылығына бөлінген тікелей капитал, оның қатарында ақша қаражат
өндірісті жеке немесе кеншенді объектілерін салуға; техника, технология,
машиналар көптеген алуан түрлі жабдықтар сатып алуға; оны монтаждау, іске
қосу; сол сияқты өнім өндіруге қажетті көп түрі ресурстар шикізат,
материалдар, энергия су басқа да қажетті ресурстар айналмалы капитал
ретінде жұмсалады. Сондай-ақ тұрақты және өзгермелі капитал, бүкіл халық
шаруашылығының және әлеуметтік -экономикалық потенциалды, тіпті ел байлығын
қалыптастыру негізі болып табылады.
Жер әлем елдерінің экономикалық көлемінде, жер жүзі шаруашылығында
алатын орны ерекше және өте үлкен. Ел экономикасын жерді табиғи
ресурстарысыз жалпы дамыту, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан дамыту мүмкін емес.
Жер бүкіл әлем көлеміндегі, жер жүзі халықтарының өнімді тұтыну көзі.
Сондықтан жер, әлем елдері экономикасында, олардың барлығының дамуында
түпнұсқа болып табылады.
Экономика дамуының негізінде еңбекке ерекше тоқталатын болсақ,
еңбексіз атап айтсақ, жұмысшылардың еңбектенуінсіз ешқандай өндіріс жүзеге
аспайды. Ешқандай адам баласы, жалпы қоғам, мемлекет өзінің өмірін, тіпті
тіршілігін еңбексіз қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да, ерте көне
заманнан бері осы заманға дейін, әрине келешекте қандай да адам болмасын,
қандай да қоғам болмасын, өзінің тіршілігін, тіршілік негізін дамуын тек
еңбек арқылы қамтамасыз етеді.
Осының қатарында экономика дамуының өндірістің басты факторы
-капитал да бар. Оны жұмсап пайдалану негізінде экономикалық өндірістік
потенциал - негізгі қор қалыптасады.
Әлеуметтік - экономикалық даму, өндірістік қоғамдық негізімен, өсіn
-өніп өркендеп келеді. Сондықтан да экономикалық тұрғыдан өндіріс халық
шаруашылығында өнім - тауар өндіріп, қоғамға қызмет істеп, жалпы капитал
қорын тұрақты өсіріп, инвестицциялық негізде өндірісті халық шаруашылығының
салаларында дамытып, барлық өндірілген өнімді бөліп бағыттау, айырбастау,
айналымға айналдырып, тұтынуға жіберу басты мәселе болып келеді. Ол ең
негізгі өндірістік өнім негізі. өорыта келгенде, өндіріс даму негізінен
экономиканың дамуы және де оның аумағының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Нарық заманында өндірістің өсуі екі бірінші кәсіпкерліктің дамуы арқылы, әр
түрлі кәсіпорындарды қалыптастырып дамыту арқылы капиталды пайдалану
негізінде ішкі, сыртқы инвестиция негізінде пайдалануды қамтамасыз етеді.

2. Өндiрiс факторлары: бiрiктiру әдiстерi және оның тиiмдiлiгi

Өндiрiс факторларында бiрiктiру әдiстерiнiң мәнi зор.Мәселен, сауда
капиталының қызметi айырбас, айналыс процесiн үздiксiз жүргiзу арқылы
экономиканы iлгерi бастыруға көмектеседi. Бiрақ сауда капиталы қоғам
байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретiн күш емес. Оның себебi айналыс,
айырбас саласында тек қана күн формасы ауысып тұрады, екiншi сөзбен
айтқанда, тауар, оның құны бiр қолдан екiншi қолға өткенде ешбiр жаңа
тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми
дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын iлiм болған жоқ.
Меркантелистердiң осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық,
саудада емес, өндiрiсте екенiн дәлелдедi. Бiрақ физиократтар Ф. Кенэ, А.
Тюрго т. б. өндiрiс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың
пiкiрiнше, қоғам байлығының бiрден бiр көзi ауыл шаруашылығы өнiмдерi,
сондықтан өсiмтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды
дәрiптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндiрiс теориясына қатысты “Экономикалық
кесте” жасады. Бұл кестеде бiр жыл iшiнде өндiрiлген ауыл шаруашылық
өнiмдерiнiң ұдайы өндiрiс процесi зерттелiндi.
Ф. Кенэнiң “Экономикалық кестесi” қоғамдық өндiрiстiң ұдайы даму
процесiн зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми
тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндiрiске көңiл аударуы
экономикалық ой-пiкiрдегi күрделi жаңалық, алға басу. Бiрақ олардың
өнiдiрiстiк тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуi халық шаруашылығының
басқа салаларын өнiмсiз деп есептеуi дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси
экономиканың көрнектi өкiлдерi У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди
еңбектерi айқын көрсеттi. Қоғам байлығы жалпы өндiрiс салаларыңда пайда
болатындығы дәлелдендi. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсiптiң материалдық
игiлiктердi өндiру, өңдеу процестерiн жалғастыратын байланыс, халыққа
қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндiрiлiп, қоғамдық байлық молаяды
деген қағида берiк калыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистiк
өндiрiстiк қатынастарды дәрiптеушi, өндiрiс капиталының мүддесiн қорғайтын
экономикалық ой-пiкiрдiң прогрессивтi сатысы болды. Классикалық
буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негiзiн
қалады.
Осы ой-пiкiрдiң қалыптасуы сауда және қарыз-өсiмқорлық капиталына қарсы
өндiрiстiк капиталдың коғамдағы ерекше рөлiн атап көрсеткен ғылыми қағида
болғаны белгiлi. Еңбек құн теориясын маркстис саяси экономия iлгерi
дамытып, қосымша құн туралы iлiмдi жан-жақты талдады.
Экономистер жалақы, пайыз жөне рентадан басқа табыстың төртінші санаты
— пайда туралы айтып жүр. Жалақы еңбекпен келетін табыс, пайыз капиталдан
алынатын табыс, рента жерден түсетін табыс болып саналады. Пайда дегеніміз
— лайыздық ставка, ренталық төлем, жалакыдан, қалыпты кәсіпкерлік пайда
(кәсіпкердін “жалақысы”) үстіндегі молшылық. Басқаша айтқанда, экономикалық
пайданы біддіреді. Экономикалық пайда динамикалық процеспен, өндірістің
жаңа техникаға өтуімен және перспективалардың белгісіздігімен, монополия
проблемаларымен жөне материаддық ынталандыруды тудырумен байланысты.
Экономикалық пайда алмауға болады. Айталық, кәсіпкер тек бухгалтерлік
шығындардың орнын толтырды, езінің кәсіпкерлік қызметіне қалыпты пайда
(ұқсас кәсіпорындағы менеджердің еңбекақысымен салыстырғанда), өз
капиталына пайыз, өзіне тиісті жерден және ғимараттан ренталық табыс алды
делік. Осының өзі-ақ көсіпкерді шаруашылықтың осы саласында ұстауға
жеткілікті. Алайда осы аталған түрлерден де тысқары табыс — экономикалық
пайда алуға болады. Ондай пайда, мысалы, жаңалық тапқыштықпен байланысты.
Жаңалық табушы — зеректік, ойлау сонылығы және батылдық қасиеттері бар
адам. Ол жаңа процесті өзі ойлап табатын ғалым болмауы да мүмкін, бірақ ол
жаңа идеяны өндіріске ендіруге қол жеткізеді. Бұған көптеген адамдар
тырысып бағады, бірақ жеңіске жететіндері некенсаяқ. Жолдары болған
жаңашылдар тапқан ақшалай табыс пайда болып саналады. Әдетте пайда
формасындағы мүндай табыстар үдайы болмайды, жөне ақыр соңында олар
біртіндеп жоғалады, себебі жаңалық тарап кетеді де, бөсекелестер шығады.
Экономикалық пайда белгісіздікпен жөне тәуекелдікпен байланысты. Мысалы,
делдал бидай бағасының алғы кезенде кө-терілетіндігін біліп қалды. Осыған
байланысты ол капиталдың пайыздық ставкасынан жоғары көтеріңкі табыс табуға
қол жет-кізеді. “Белгісіздік болмаған жағдайда жиынтық ақша түсімі мен
жиынтық шығындар арасындағы кез келген айырмашылық бәсекелестік процесінде
үстінде жойылады, сөйтіп пайда нөлге тең болып шығады. Пайда алу мүмкіндігі
тәуекелді әрекетке, маңызды жаңалыққа ынталандырады және үміт еткені мен
нақтылы нөтижелер ара-сындағы айырмашылықты күткен адамдарды ерекше күш жүм-
сауға итермелейді” дейді Пол Зейне, экономикалық пайдаға қатысты ой толғап.
Өндіріс факторына келетін әдеттегі табыстан тыс пайда сол кәсіпкердің
монополиялық жағдайының нәтижесінде алынуы мүмкін.
Қалай болғанда да экономикалық пайда алуға деген үміт техникалық
прогрестің, капиталдарды өндіріс салалары бойынша қайта бөлудің
ынталандырушысы болып табылады.
Маркстік теорияға сәйкес пайда (үстеме қүнның ақшалай формасы)
жалданбалы жүмыскерлердің тек қана қол еңбек-терімен жасалынады жене
жүмысшы күшінің құнынан тысқары өнім болып саналады. Адам өмiр сүру үшiн
өндiруi керек, өндiру үшiн өндiрiс құрал-жабдықтары қажет. Мiне, осымен
байланысты адамдар бiр-бiрiмен қатынасқа енедi, ол өндiрiс құрал-
жабдықтарын иемденумен байланысты. Сонымен, меншiк жай ғана зат емес
(заттар арқылы мате-риалданғанмен), ол материалдық игiлiктердi иемденудiң
тарихи қалыптасқан нысаны. Мешiк қатынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Экономикалық жүйедегі өндірістің орны
Бименгиева Экономикалық теория
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі.өндіріс ортасының қолайсыз факторларының жіктелуі
Кәсіпорынның өндірістік құрамы
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Пәндер