Бюджет - салық саясаты туралы
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ЭКОНОМИКАНЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДЕГІ БЮДЖЕТ.САЛЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Салық фискалдық саясаттың маңызды құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Фискалды саясаттың экономика үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 БЮДЖЕТ.САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ 2008.2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ БАҒДАРЛАМАСЫ
2.1 Бюджет.салық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың қызмет ету механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Фиск (латынның « jiscus») – мемлекеттік қазына деген ұғымды білдірсе, ал фискалдық саясат – үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар жайлы саясаты. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болса, ал қаржы саясатының өзегі болып табылады. Фискалдық саясатқа мемлекеттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толықтыратын болса, ал екінші жағынан – оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді. /1, 18 б/
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып – салық ставкаларын үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің заңды органдарының ерекше құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту мен бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.
Фискалдық саясаттың мәні жайлы әртүрлі кейнсиандық көзқарастары да, Ресей экономистері де қолдады. Е.Ф. Борисов оған былай толық анықтама береді: “Фискалдық саясат – үкіметтің табысы мен шығысын реттейтін мемлекеттің қаржылық шараларының жиынтығы. Бұл алға қойылған стратегиялық міндеттерге байланысты, мәселен , дағдарысқа қарсы реттеулер жүргізу, жұмыспен қамтуды жоғары деңгейде қамтамасыз етуде, инфляциямен күресуде ол өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландыру әдістерінің және қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды”.
Фискалдық саясат деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, фискалдық саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін, үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының жиынтығы.
Сондықтан мен макроэкономика пәнінен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты” деп алдым. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатының мәні мен маңызын көрсету.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық реттеулердің негізгі қүралдарының бірі болып табылатын фискалдық саясаттың маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін қарастыру болып табылады.

1. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
2. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
3. Черник Д.Г. Починок А.П. Основы налоговой системы: Учебное пособие для вузов. – Москва: Финансы, Юнити, 1998. – 422с.
4. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
5. Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е. Налог: понятие, элементы, установление, виды. Алматы: - ТОО Баспа, 1998 – 160с.
6. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
7. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
8. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
9. Статистический ежегодник. Алматы. – 2005г. №5
10. А.Исаева «Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» // Қаржы-Қаражат, 2005, №6, 22-25 стр.
11. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
12. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. - Макроэкономика : Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
13. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
14. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ЭКОНОМИКАНЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДЕГІ БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫ

... ... ... ... ... .5
1.1 Салық фискалдық саясаттың маңызды құралы ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Фискалды саясаттың экономика үшін маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ 2008-2010 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бюджет-салық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың
қызмет ету механизмі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...17
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта
мерзімді фискалды саясаты

... .21
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КIРIСПЕ
Фиск (латынның jiscus) – мемлекеттік қазына деген ұғымды білдірсе, ал
фискалдық саясат – үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға
қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу, мемлекеттік бюджет,
мемлекеттік шығындар жайлы саясаты. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының
құрамдас бөлігі болса, ал қаржы саясатының өзегі болып табылады. Фискалдық
саясатқа мемлекеттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан
салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толықтыратын болса, ал
екінші жағынан – оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы
қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық игіліктері мен
қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік,
экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді. 1, 18 б
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып – салық ставкаларын
үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу –
еліміздің заңды органдарының ерекше құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті
қысқарту мен бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.
Фискалдық саясаттың мәні жайлы әртүрлі кейнсиандық көзқарастары да,
Ресей экономистері де қолдады. Е.Ф. Борисов оған былай толық анықтама
береді: “Фискалдық саясат – үкіметтің табысы мен шығысын реттейтін
мемлекеттің қаржылық шараларының жиынтығы. Бұл алға қойылған стратегиялық
міндеттерге байланысты, мәселен , дағдарысқа қарсы реттеулер жүргізу,
жұмыспен қамтуды жоғары деңгейде қамтамасыз етуде, инфляциямен күресуде ол
өзгеріп отырады. Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы
ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландыру әдістерінің және
қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды”.
Фискалдық саясат деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, фискалдық
саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін,
үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының
жиынтығы.
Сондықтан мен макроэкономика пәнінен курстық жұмысымның тақырыбын
“Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты” деп алдым. Аталған жұмыста
еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатының мәні мен маңызын
көрсету.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі
нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып,
әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық
реттеулердің негізгі қүралдарының бірі болып табылатын фискалдық саясаттың
маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін
қарастыру болып табылады.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым салық саясаты- салықтар
саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам
дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық және басқа мақсаттар
мен міндеттеріне жетудің бірден – бір даңғыл жолы екендігін айтып өту
болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мен курстық жұмысты орындау үстінде келесідей
міндеттерді айқындап алуым керек.Оларға:
1) Салық саясатының мәні, мазмұны;
2) Фискалдық саясаттың экономикалық мәнін және түрлерін талдау;
3) Фискалды саясаттың түрлеріне және іске асу формасына байланысты
олардың экономикаға тигізер әсерлерін атап өту;
4) Фискалды саясаттың негізгі құралы болып табылатын салықтардың нарық
тепе-теңдігіне, макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау;
5) Қазақстанның орта мерзімді фискалдық саясатына талдау жасау;
6) Қазақстан Республикасының орта 2008-2010 жылдарға арналған орта
мерзімді фискалды саясатының бағдары мен мақсатына тоқталып өту болып
табылады.
7) Қазақстан Республикасындағы салық саясатының даму стратегиясын талдау
болып табылады.
Жұмыстың құрылымына тоқталатын болсақ: бірінші бөлімде салық
саясатының теориялық аспектілеріне, формалары мен түрлерін
макроэкономикалық талдау жасалса, ал екінші бөлімде ҚР-ның салық саясатының
жүргізілу барысы мен оның даму стратегиялары қарастырылып өтілді.

Салық барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен
саяси iс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi –
ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық тетiгi, мемлекеттiң кiрiстерiн
және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл мемлекет бiржақты
тәртiппен белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке
төленетiн, қайтарусыз және баламсыз сипаттағы ақшалай және заттай мiндеттi
төлемдер. 1, 141б
Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет
құрылымының өзгеруi , өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен
және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi
қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы
бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi
төлем ретiнде қарастырылады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық-әлеуметтiк
маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей
қызметтерi бар:
1) Фискалдық;
2) Рететушiлiк;
3) Бақылаушылық.
Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп
аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi
құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар
мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери,
қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын
қамтамасыз етедi. 2, 132 б
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер –
салықтар.
Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып
табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық
категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:
1) Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық
табысының қалыптасуындағықаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
2) Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының
белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық
қатынастарын көрсетедi.
Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар өмiр
сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруi, оның құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. әрбiр
мемлекетке өзiнiң iшкi және сяртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр
деңгейде қаржының көздерi керек екенi белгiлi. Ал салықтар болса осы
мемлекет қаржысының негiзгi қайнар көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы
дамытуға, ынталндаруға және экономиканың маңызды, дамуды қажет ететiн
салаларына қолдау құралы ретiнде пайдаланылады. 4, 89 б
Осы салық салуға байланысты әр дәуiрде мемлекет қайраткерлерi.
Экономистер, философтар, аңгерлер көптеген еңбектер жазған. Мысалы,
Ф.Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етiлген нысаны” ретiңде анықтаса,
салық салу теориясының негiзiн салушылардың бiрi А.Смит “Салық төлеушiлер
құлшылықтың белгiсi емес, бостандықтың белгiсi” деп тұжырымдаған.
Салықтардың екiншi маңызды қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк
қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi
тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң
тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қойиай, сонымен қатар ақша
және баға саясаты, шетелдiк инвесторларды ынталандыру, шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер
мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине
салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да
экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет.
Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары
деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген
ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы,
әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi
35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салық механизмiмiн, оның iшiнде салық ставкаларының деңгейiн
зерттеген ғалымдардың тұжырымдароы мынаны дәлелдейдi:
1) Егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан асып
кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуыа әкелiп соқтырады. Себебi,
рыноктағы кәсiпорындар өздерiнiң өндiрiс шығындарын жаба алмай
қалады.
2) Ешер салық мөлешi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында болса,
онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi.
3) Егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi
аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.
Салық салудың әдiстерi мен жолдары, салық салудың негiзгi қағидалары,
салық салуды ұйымдастырут салық механизмiне жатады.
Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазiргi кездегi
ставкасы 30%, а ауылшаруашылығындағы өндiрiс оырндары үшiн ол шама 10% ғана
болып отыр.
Шаруашылық субъектiлер мен халықтар табысының бiр бөлiгiн мемлекеттiң
орталықтандырылған қаржы көздерiне айналдыру салықтардың ұдайы өндiрiстегi
қызметiн көрсетедi.
Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың
алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер
бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып
отыр.
Салықтардың экономикадағы келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық
қызметi, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы
салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы
ресурстарының қимылына баылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет
саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиiмдi
жргiзу арқылы салықтық тәртiптi қатаң сақтау, салық төлеушiлердiң заңға
сәйкес төлейтiн салықтары мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп
отыруы қамтамасыз етiледi.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгiсiне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар бюджетке тскен соң, жалпы мақсаттарға жұмсалады. Оған
коммерциялық табыс салығы және қосылған құнға салынатын салық жатады.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгiленген нақты
шараларға жұмсалады. Мысалы, көлiк құраладыона салынатын салық жол қорын
құруға жұмсалады. Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттiк
және жергiлiктi болып бөлiнедi.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушiнiң кез келген салық
салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан алынады.
Тұтынуға салынатын салық салық төлеушi тауар немесе қызмет құнын
төлеген кезде төлейдi. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер
жатады. 5, 67 б
Салықты алатын және оған билiк жасайтын органдарға байланысты әдетте
мемлекеттiк және жергiлiктi салықтар ажыратылады.
Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлiнедi. Табысқа салынатыны
салықтар - төлеушiнiң салық салынатын кез-келген объектiден алған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын табыстар - бұл тауарлар мен
қызметтердi тұтыну кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
1.2 Фискалды саясаттың экономика үшін маңыздылығы және оның жүргізілуі
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясаты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Макроэкономикалық реттеуде мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда
баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына
қарай дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау
кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
1) Мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) Салықтардың төмендеуі;
3) Мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі. 2, 154 б
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарланған болуы
тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық
саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) Мемлекет шығыстарының азаюы;
2) Салықтардың көбеюі;
3) Осы аталған бағыттардың үйлесуі.
Дискрециялық емес фискалдық саясат акценттті нарықтық өзін-өзі
реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет
етеді.
Дискрециялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме
тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда
экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды
шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық
өсуді тежейді. Құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын
жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Келесі 2-ші суреттен
мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезінде бұл
өзгерістер салықтардың өзгерісі ( Т сызығы) көрсетілген: 8, 305 б
Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі
өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын
төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.Өркениетті, дамыған
мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік
трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы және пайданы
бөлуге қатысу жүйесі алынады.
G, T
T’
T=Ta + t*Y
Бюджет
тапшылығы
G=const
Бюджет артықшылығы
G=Ga – γ *Y
Y1←Y0→Y2
Y
Сурет 1 – Салық-бюджет саясатындағы бюджет тапшылығы мен артықшылығы
сызбасы 9, 221 б
Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы дискрециялық фискалдық
саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы
түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер
парламенттің қатысуынсыз жұмыс істейді.
Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен
артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің
дағдылы амортизаторы қызметін атқарады.
Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
(артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) және салық
түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.
Циклдік өрлеу кезеңінде Y2 Y0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары
дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді.Нәтижесінде
бюджет артықшылығы және инфляциялық дүргіліс төмендейді
Циклдік төмендеу кезеңінде Y2 Y0, сондықтан салық дағдылы түрде
төмендейді, ал трансферттер өседі.Қорыта айтқанда, салыстырмалы түрде өнім
көлемі мен жиынтық сұраныс өскерде бюджнт тапшылығы құлдырауды шектейді.
Циклдік тапшылықтың және артықшылықтың көлемі салық және бюджет
функциялары графиктерінің шұғыл тікшелігіне байланысты болады.Салық
функциясы (T) бұрыштық көлбеуінің шекті салық мөлшерлемесінің (t) көлеміне
тәуелді болады, ал мемлекеттік шығындар функциясының (G) бұрыштық көлбеуі -
γ көлеміне тең, бұл шама трансферттер сомасы мен табыс көлемі өзгерісінің
қатынасын сипаттайды.Сәйкес түрде, табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған
сайын, соғұрлым мемлекеттен алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт
төмен болады.
Егерде ағымдағы табыстың динамикасынан тәуелсіз мемлекеттік шығындарды
(G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда да экономика тұрақтылығының
деңгейі жоғары болады, өйткені салық мөлшермесі (t) деңгейі жоғары болған
сайын, сәйкес түрде T сызығы “тікше” орналасады.T’ жағдайында циклдік
бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады.Сондықтанда T жағдайымен
салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме
тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді.Сол мезгілде экономиканың кіріктірме
тұрақтандырғышы фискалдық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына –
экономика әлуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге
ынтаны бекіту мақсаттарына қарама – қайшы келеді.Инвестициялауға ынталы
болу, кәсіпкерлік тәуекелшілдікке және еңбекке салыстырмалы түрде қарағанда
әсері күштірек болады, өйткені салық функциясының қисығы жатыңқы, бұл
жағдай шекті салық салымының мөлшерін төмендету арқылы мүмкін болады.Бірақ
бұл төмендеу циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығының көлемі
қысқаруымен қатар жүреді.Демек, экономиканың кіріктірме тұрақтантырғыш
деңгейі төмендейді.
Фискалдық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін
таңдау күрделі макроэкономикалық проблема болып есептеледі.Бұл проблеманы
шешу өркениетті мемлекет болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын
тиеді.Әлуетті деңгейде тепе – теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін
кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді
шектейді.Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы
фискалдық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін бағалауға болмайды.Өйткені
циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық
қамтылған жағдайына жақындата алмайды, мұндай жағдай кез келген өнім
көлемінің деңгейінде бола береді.Сондықтанда экономиканың кіріктірме
тұрақтандырғышы шартты түрде ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін
үкіметтің фискалдық дискрециялық шараларымен байланыста
жүргізіледі.Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапщылығы
(артықшылығы) туындайды.Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет
шығындары (табысы) және табысы (шығындары арасындағы айырма).Циклдік
тапшылық көбіне былай анықталады – бюджет тапшылығының нақты мәні мен
құрылымдық тапшылықтың арасындағы айырма. 9, 223 б
Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және
әлуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің
құрылымдық тапшылығын (артықшылығын) есептеу қиынға түседі.Бұл қиындық
дамыған мемлекеттер мен дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей кездесіп
отырады.Сонымен қатар ұзақ мерзімдік фисклдық саясаттың тиімділігін
бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз
болады.
Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде
болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда
қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды
өтеу, әл – әуқаты нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың
және сұраныс ирфляциясының өсуіне әсер етеді.Керісінше, бюджет артықшылығын
тыйым салу артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы
инфляциялық дүргілісті ұстап тұрады.
Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру
тәсілдеріне байланысты.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1) ақша – несие эмиссиясы (тиын шығару);
2) займ шығару;
3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда
болады.Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған
жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін
өсіреді.Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың
табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарлауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.
Инфляция деңгейінің жоғарлауы жағдайында Оливер – Танзи әсері пайда
болады.
Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта
пайда болады, ол салықты уақытылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша
құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады.Мұның салдарынан мемлекеттегі
тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі
Мемлекеттік тапшылықты жою үшін тиын шығару қолда бар табысты
эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге
асырылады.Мысалы, Орталық банкттің мемлекеттік кәсәпорындарға жеңілдетілген
пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу
арқылы жүзеге асырылады.
Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақытылы
төлемейді.Егерде сатып алу жеке секторлардан жүргізілетін болса, онда олар
бағасын алдын ала көтереді, мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады.Бұл
орташа баға деңгейін көтереді және инвестиция деңгейі көтеріледі
Егерде мемлекеттік сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда
бұларды Орталық банк қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін
өсіреді.Сондықтан тиын шығаруға қарағанда, уақытылы төленбеген төлемдер
бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс
жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі.Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы
мемлекеттік займ шығарылу арқылы қаржыландырылса, онда орташа нарықтың
пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны
төмендетеді.Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының
төмендеуіне алып келеді.Осыдан ығыстыру әсері пайда болады, ол фискалды
саясаттың ынталандырушы әсерін азайтады. 11, 187 б
Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне тиын шығару
тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады.Бірақ қарыз алып
қаржыландыру тәсілі инфляцияның өсуін тоқтатпайды, тек қана уақытша тежеуге
мүмкіндік береді, бұл жағдай Қазақстан экономикасы тән.Егерде мемлекеттік
займның облигасиясын Орталық банкке орналастырмай, халыққа берсе және
коммерциялық банктерге орналастырса, онда инфляция әлсірейді.Бірақ Орталық
банк бұл облигацияларды құнды қағаздар нарығынан екінші рет сатып алып,
жалған фискалдық іс – әрекеттерін кеңейтуі мүмкін, мұндай құбылыс
инфляциялық қысымның өсуіне әсер етеді,
Мемлекеттік облигацияны бюджеттен тыс қорларға төмен пайыз мөлшерімен
орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша
салық салу механизміне айналады.
Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын
қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді
салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлесін азайтып, салық базасын
кеңейту мүмкін болады.
Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі:
1) Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі
нәтижесінде;
2) Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауынан пайда болатын мемлекеттік емес
секторлардың ығыстыру әсерінің өсуінен (бұл құбылыс ақша ұсынысының
тұрақты жағдайында, ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуінің жоғарғы
жағдайға реакциясы);
3) Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін
және бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.
Мұндай жағдай Лаффер қисығында көрсетілген. 11, 189 б
Сурет 2 – Лаффер қисығы
Берілген қисық абцисс осімен салықтық түсім Т, ал ордината осімен –
салық мөлшері t көрсетілетін координата құрылды. Салықтың нөлдік мөлшерінен
бастап t-нің өсуі салық түсімдерінің өсуіне әкелетіндігі көрсетілген.
Бірақ А нүктесінен кейін салық мөлшерінің келесі ұлғаюы жағымсыз
ынталандырушы әсер ететіндіктен салықтық түсімдердің көлемін қысқартады.
Бұл А нүктесінен кейін Лаффер қисығы солға қарай ауытқи бастайды. Сонымен
tA-дан төмен салық мөлшері үшін олардың ұлғаюы салықтық түсімдердің ұлғаюын
қамтамасыз етеді, ал tA-дан асатын салық мөлшері мемлекетке табысты азырақ
әкеледі; 100% мөлшер кезінде салық түсімі нөлге дейін төмендейді.
E
E2=C+I+G
E2=Y2 B
∆G E1=C+I+G
A
E1=Y1
45˚
Y1 Y2
Y А.Кейнс кресі
r
∆G
1-MPC
r‾
IS
IS’
Y1 Y2
Y В. IS қисығы
Сурет 3 - Фискалдық саясаттың IS қисығын жылжытуы
Іс жүзінде t салықтың оңтайлы мөлшеріне, салық түсімдері шамамен
төмендей бастайтын кездегі дәл бағаны беру қиын. 11, 189 б
Макроэкономикалық тұрғыда фискалдық саясаттың IS қисығын жылжытуын
қарастырар болсақ, IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме
кезінде табыстың деңгейін көрсетеді.Кейнс кресі моделінен
байқағанымыздай,табыс деңгейі фискалдық саясатпен де тығыз байланысты G мен
T тұрақты деп алсақ, фискалдық саясаттың өзгеруі IS қисығын жылжытады.
Суретте мемлекеттік шығындардың G1→G2 дейін өсуі IS қисығын қалай
өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген.Кейнс кресі фискалдық
саясаттың өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді.Ол табыс
деңгейін Y1→Y2 дейін өсіреді.Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS
қисығын оңға жылжытады.
Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді,ол IS
қисығын оңға жылжытады.Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы
табысты азайтып, IS қисығын солға жылжытады.
1) T↓ немесе G↑→E↑→Y↑→IS↑
2) T↑ немесе G↓→E↓→Y↓→IS↓
Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін фискалдық саясаттың өзгерісі
IS қисығын оңға жылжытады.Ал сұранысты кемітетін фискалдық саясаттың
өзгерісі IS қисығын солға жылжытады. 11, 190 б
Тәжірибеде тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша
факторлардың әсерін бастан кешіреді:
1. Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы;
2. Ығыстыру әрекетінің іс әрекеттілігі, бұл ақша нарығында пайыздық
мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде
жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді.
3. Сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың
инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею
әсерін төмендетеді;
4. ашық экономикада ұлттық өндірістің жиынтық шығыстардың элементі
ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары
өзгерісінің ықпалын басынан кешіреді. 7, 344 б
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған
факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар
мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз
қалаушы факторы ретінде болып көрінеді: мемлекет жиынтық сұранымды
ынталандыруға мүмкіндік түғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына
ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың деңгейін көтереді.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
1) бюджет тапшылығын қысқарту;
2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
3) шектеулі ақша – несие саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі
мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін
өсіру;
4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету,
экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын
көтермелеу;
5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бұларды іске асыру үшін келесі шараларды орындау керек:
1) ақша массасына бағдарланған жоғары икемділік;
2) дүниежүзілік бағаларға ішкі бағалардың икемділігі;
3) бағалардың қозғалысының тауарлар қозғалысынан жоғары икемділігі;
4) экономикалық ресурстардың едәуір өздерін алмастырушылығы.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі
бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі) және ұсынымға (ұсыным
теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным
артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни
иняфляцияның қарқыны тездейді. 2, 155 б
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп,
еңбекке деген ынтаны арттырады, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді,
бұл ұлттық өнімнің жалпы түрде өсуін, бағалардың төмендеуін қамтамасыз
етеді.
Мұнан басқа ұсыным экономикасының теориясы салықтардың аса төмен
мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті
еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту – ұлттық өндіріс пен табыстың
көбеюі және көлеңкелі экономиканың азаюы есебінен салықтық түсімдердің
өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде салық салудың үдемелігі және бюджет кірістері арасындағы тәуелділік
қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайында экономикасының дамуы,
мемлекеттің экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы саясаттарының
шешуші шараларына байланысты. Қаржы саясатының негізі болып фискалдық
саясат, яғни үкіметтің салық салу жүйесіндегі және мемлекеттік шығындарды
реттеуі төңірегінде жүргізетін бюджеттік-салық саясаты саналады.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен атқаратын рөлі, қоғамның саяси
және экономикалық құрылғысына, мемлекеттің табиғаты мен алдында тұрған
міндеттеріне байланысты анықталады.
Фискалдық саясатқа мемлекттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады,
яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толтыратын
болса, ал екінші жағынан – оларды экономикада және қоғамда қажеттілік
туындап отырған салаларға немесе аумақтарға жұмсаумен, бөлумен айналысады.
Мемлекет дәр осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық
игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси,
әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Мемлекеттің салық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын
үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің
заңды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту
және бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды. Сондықтан
да қаржы тұрақтылығының жалпы ережесі бойынша, дағдарыс кезінде де қаржы
ресурстары мен бұларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктері сәйкес болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің
көлеміне байланысты.
Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу
минималды күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджетін; тұтыну
корзинасының құқы; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және степендия
төлеудің минималды мөлшері сиықты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін
пайдалануға мұқтаждық етеді.
Инфляция жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін
сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация
жүргізіледі, өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың
әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы
төлеу түрлері мен жүйелері, табыс жәнеәлеуметтік салықтардың ставкасы
арқылы еңбек ақыны салықтық реттеу, тұтынуға бағытталған қордың өсімін
немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін
өсуі салықтық түсімдердің өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу
бәсееңдейді, сонан соң бюджет кірістері кенет құлдырайды. Бұдан
экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетті
салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек
деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші бұл нарыққа
бағытталған шаруашылық агентттерінің ынталылығы. Лаффэрдің айтуы бойынша
бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл
сомасының 30% артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса,
онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы
инвестицияны да қысқартады. 7, 349 б
Тәжірибе көрсеткеніндей егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір
айтарлықтай жоғарғы деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға,
кәсіпкерлік бастамаларға арналған ынталандыру шаралары көлемі, пайда азаяды
да, тиісінше бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді.
Сонымен бірінші тарауды қорытындылай келе экономиканы мемлекеттік
реттеуді жүзеге асыруда мемлекеттік салық-бюджет саясатының маңызы зор
екендігіне көзіміз жетті. Бұл саясатты іске асыруда салық түрлері мен салық
механизмінің қызмет етуін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz