Несие жүйесі жайлы ақпарат


Несиенің мәні және функциялары.
Несиенің мәні және қажеттілігі.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланысты. Ұдайы өндіріс роцесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңару ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас жіне тұтыну белгілері бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашы-лықтың несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсаты пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, неисе бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның төліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйенс қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несие бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынас бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны неиселік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдердың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықта-лады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасында негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәселесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынас-тар сипаттайды.
Әртүрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдынғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақытан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категория-сы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық даму-шы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруа-шылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді; біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерге, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде дамыған нарықтық шаруашы-лық дәуірінде де бар болды.
Қарыз мәселесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетені және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірімен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасу сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшінөндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Несиенің мүмкіндегі нақты болу үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1-несиелік мәмілеге қатысушылар - кредитор және қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде болуы керек. Несиелік атынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырылуы қажет; 2-несие қажеттігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасау үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді.
Несиенің құрылымы. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімінен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал сатып алушы - борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір плюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болады. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болады. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өмісқор - саудагар, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудын бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші ьсубъектілердің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы щаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкир-лер басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілуі факті, алайда, жүк жіберушіні кредмтор есептейді. Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімнің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы эквивалент төленуінің кейінгі қалдырылуына рұқсат берілуі керек. мына жағдайын ескерте ентейік: кредиторды сатып алу-сату, тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы мипаттайтын анағұрлым кең түсінің. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының креди-тордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланылады. Крндитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитор-мен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынға құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өзө мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарызды беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ, бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары пайыз қарызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) - қарыз алушылардың несиені алуы (НА) - несиені пайдалану (НП) - ресурстардың босауы (РБ) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) - несие формасында орналастырылған қаражат-тарды кредитордың алуы (ҚА) .
Несиені орналастыру (НО) - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орна-ластырылғанына сенімді болуы керек. банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес несие береді - қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз алушының несиені алуы (НА) қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынылғанын білдіреді. Несиені пайдалану процесінде (НП) берілу объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ) қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады. Сондақтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғы шарт болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (НҚ) уақытша алынған құнның қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді. Несие қозғалысының соңғы сатысы - бұл уақытша пайдалануға берілген (ҚА) құнды кредитордың алу актісі болады.
Осылайша, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесінде біз бұл қозғалыстың барлық сатылары қарызға берілген құнның толық шеңбер айналымының бөліктері ретінде өзара байланыста және өзара шартты екенін көреміз.
Несиенің формалары және түрлері. Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарас-тырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияла-нымдарда несие формаларына: тұтыну, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыру. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарды өткізуді жылдамдату.
Әртүрлі тауарды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдардың мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оын өндіріс құралдарын шығаратын салаларға береді, бірақ керісінше емес.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасы коммерциялық жалпы талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30℅-ға жетеді, француз фирмаларынікі - 20-25℅. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американ-дық және германиялық компаниялар кіреді.
Коммерциялыұ несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі - тауар-лардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Коммерциялық несменің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі - аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарларды өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасаған уақытта жеке анықталады. әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлек қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды өтеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақта жақсы хабардар болмайды, ал олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру - банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты) . Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелері-нің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.
Банктік несие сферасына коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыс-тарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммер-циялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарлайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. өндірістің жаңданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғары-лайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл - ақша қарызы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz