Компьютерлік желілер жайлы



1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім:

а) Жергілікті желілер
б) Олардың түрлері
в) Интернет желісінің құрылымы

3. Қорытынды.

а)Интернет желісімен ұсынылатын мүмкіндіктер.
Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын.
Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісінде беру керек болғанда желілік технология өте қажет-ақ. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейін.
Жергілікті желілер бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлі жалпы желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын жалпы желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Жалпы желі жасау үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, Жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында информация тасымалдау жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да ауылы алыс емес. Ал, жалпы желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.
Жалпы және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
1. «Информатика» Н. Ермеков, Ж. Қараев

2. «Web-парақтарды құру технологиясы» М.М. Ерекешева

3. «Информатикадан 30 сабақ» Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев

4. «Информатика негіздері» №3 2002 жыл

Тақырыбы: Компьютерлік желілер

Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім:

а) Жергілікті желілер
б) Олардың түрлері
в) Интернет желісінің құрылымы

3. Қорытынды.

а)Интернет желісімен ұсынылатын мүмкіндіктер.

Кіріспе

Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса,
онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын.
Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті
екіншісінде беру керек болғанда желілік технология өте қажет-ақ. Желілік
технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді.
Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейін.
Жергілікті желілер бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді
біріктіретін жүйелер. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің
өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлі
жалпы желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек
қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда
орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын жалпы желілер бар.
Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды.
Жалпы желі жасау үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, Жер
серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында информация тасымалдау
жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке
де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да ауылы алыс емес. Ал, жалпы желілер
жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон
каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер
аралығында болады.
Жалпы және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл
екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.

Жергілікті желілер

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер
көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы
арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту
слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің
түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. Әр қосылу – деректер үшін жаңа
маршрут. Желі топологиясы- бұл оның геометриялық пішіні немесе
компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы
түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш
негізгі типі бар(жұлдызша, сақина және шина).
Жұлдызша топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық
компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі
компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.
Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр
компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде
пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі
мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар
істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
Жұлдызша топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен
туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен
шығарады.
Сақина топологиясына тән бір нәрсе- жалғағыштардың соңғы нүктесі
болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған.
Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің
басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір
бағытта қозғалады.
Сақинаның Жұлдызшадан бір ерекшелігі- оған барлық желілік
компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен
шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. Сақинаның тағы бір осал жері- деректер
біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде
ұстап қалуына мүмкіндік береді.
Шина топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын
коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер шинаға
тікелей қосылады. Шина топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей
жылжиды. Кабель- шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар орнатылған.
Сақина жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты
бірден тоқтатады. Шина желісіндегі деректердің қауіпсіздігі Сақина
желісіндегідей, оның осал тұсы- бүкіл желінің деректері әр желілік
компьютерден өтеді.
Деректерді беру жылдамдығымен, оның құнына сәйкес өзгешеленетін
деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet,
ARCNET және IBM token ring.
Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбитс-қа дейін
жетеді.

Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және иерархиялық болып бөлінеді.
Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет
орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана -10-15тен көп емес
компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер
дегеніміз- ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін
компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар
беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа
айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.
Бірыңғай желідегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың
оқылуын және редакциялануын, бөтен компьютерден прогграммаларды қосуға
мнмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамассыз етеді.

Иерархиялық желілер.
Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады.
Иерархиялық желілердегі сервер- бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау
қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіндегі сервердің
клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім,
бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты
винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан тұрады.
Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам –
желінің басқарушысы белгілейді. Бірлесе пайдаланатын ақпараттың сақталуы
үшін жауапкершілік те соның мойнында.
Жергілікті иерархиялық желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің:
клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей,
жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны
да қосуға болады. Бірақ сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің
ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компютерлік праграмма да
клиент деп аталады. Мәліметтерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір
күрделі немесе арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату
дайындайды, мысалы, вайлды санау, жазбаларды іздестіру жүзеге асыру және
т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да,
қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайдаланудағы
мәліметтерді сақтауға, оларға енуге және мәліметтерді клиентке жолдауға
жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін
пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдейді сондай-ақ
сервер де орындайды.
Иерархиялық жерлердің жұмысын басқаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Желіде файлды басқа компьютерге көшіру
Компьютерлік желілер, Негізгі ұғымдар
Жергілікті компьютерлік желі
Кабельдік жүйенің рөлі
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Электрондық құжаттарды жасау
Интернет желісі жайлы жалпы мәліметтер
Жергілікті жүйелер топологиясы
Компьютерлік желілер түсінігі
Пәндер