Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан РеСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ.

Қ. И. сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық

УНИВЕРСИТЕТІ.

тақырыбы: Қазақстанның жаңа

экономикалық бағыты.

орындаған: Мубараков Балбек

050712 - 1 о.

тексерген: мусаева ә. б.

алматы 2008

Оның нәтижелері қандай?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған өткен жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында ел экономикасын уақыт талабына сәйкестендіре отырып алға бастыруға айрықша мән берілген. Мәселен, осы құжатта “экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару” бірінші міндет ретінде атап көрсетілген.

Қазақстан қоғамының ырғақты дамуы мемлекеттің экономикалық бағытына елеулі өзгертулер енгізумен қоса-қабат жүруде. Ағымдағы модернизациялаудың үдерістеріне өзгерістер енгізіліп қана қоймай, сонымен бірге реформалау тұжырымдамасының мазмұнын сапалық тұрғыда жаңарту ісі де жүзеге асырылуда.

Өндірісті қалпына келтіруге, нарықтық жағдайларға көшуге байланысты болған экономикалық құрылыстың бірінші сатысы әлемдік рынокта неғұрлым сұранысқа ие шикізат секторын іс жүзінде қайта түлетті. Таяу жылдарда әлемдік конъюнктурада міндетті түрде орын алатын тербелістің оның экономикадағы жетекші рөлін күшейте түсетініне еш күмән жоқ.

Шикізат секторының ұлттық экономиканың құрылымдарын прогрессивті түрде қайта жаңғыртуға қуатты әлует болатын айтарлықтай қаржы ресурстарын жинақтаудағы өсе түсіп отырған оң ықпалы көзге көрініп-ақ тұр. Сонымен бірге, отандық шаруашылықтың минералдық-шикізаттық бағдарының күшейе түсуі таңдап алынған басымдықтарды әлсіретуге апарып соқтыруы да мүмкін.

Шикізат секторы іс-әрекетінің уақытпен шектеулі екені ескеріліп, елде жаңа экономикалық бағыттың негізгі өзекті элементтерін қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнінен кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Ол отандық индустрияның жетімсіз тұрған, әсіресе өңдеуші өндірістегі, қызмет көрсету саласын дамытудағы, жоғары технологиялы, инновациялық жаңа экономиканың іргетасын қалаудағы олқы буындарды толықтырудан тұрады. Осынау тұжырымдамалық шешуші проблемалар 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында нақты баяндалған.

Жаңа өнеркәсіп саясаты.

Елдің жаңа өнеркәсіп саясаты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға, жаңа индустриялық буындарды салуға, толыққанды экономиканы құруға бағытталған.

50-ден астам салалар мен кіші салалар қайта түлеп, қазіргі заманғы өндіріс салалары қалыптасуда. Негізгі құралдарды технологиялық жаңарту белсенді жүргізілуде. Жетекші өндіруші елдер модернизацияланған, инновацияланған жабдықтар жеткізіп беруде, қолданысқа жаңа технологиялар енгізілуде. Өнеркәсіп, көлік нысандары жедел түрде іске қосылуда. Бұл үдеріс ұлттық экономиканың ырғақты әртараптандыруға бағыт ұстанғанын, оның тұрақтылық базасының кеңейіп әрі нығая түскенін айғақтайды.

Өсіп келе жатқан салалар.

Дәстүрлі түрде отандық экономикада мұнай-газ және металлургия кешені көш басында келеді. 2001-ден 2007 жылға дейінгі кезеңде олардың республиканың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 44, 3-тен 63, 9 пайызға дейін артты. Осы көрсеткіштің жартысына жуығы (48 пайыз) шикі мұнай мен газ өндіруге, соған тиесілі қызметтер көрсетуге тиеді.

Өңдеуші секторда өнім шығару көлемі үш еседен астамға - 2001 жылғы 937, 2 миллиард теңгеден 2007 жылы 2, 9 триллион теңгеге (24 миллиард доллар) дейін ұлғайды.

Таяудағы онжылдықта, қалыптасқан әлемдік конъюнктураны және көмірсутегін өндіру ауқымының өсе түсуін ескергенде, қазақстандық экономиканың құрылымы іс жүзінде өзгере қоймайды. Дегенмен, шикізат саласының жетекші жағдайда болуы неғұрлым қазіргі заманғы, ұлттық шаруашылықты алдыңғы шептерге шығаруға қабілетті өңдеуші өндірістерді қалыптастырумен қоса-қабат жүруге тиістігі де еш күмән туғызбайды. Ол дегеніңіз, ең алдымен, технологиялық сатыларды елеулі түрде тереңдету, оларды инновациялық мазмұнмен байыту.

Әртараптандырылған жобалар мұнай-газ секторында анағұрлым тез жүзеге асырылуда. Оның тиімділігін арттырып, сапалық жағынан жаңартып және өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту үшін жоғары шектердегі неғұрлым жаңа буындар салуды жеделдету қажет. Басымдыққа ие шикізат секторы үшін бұл үлкен маңызға ие.

2000-2007 жылдар аралығында мұнай өнімдерін сыртқа шығару 13, 6 есе өсті. Республиканың экспорттық рейтингінде бұл өнім 12-інші орыннан 3-інші орынға көтерілді. Қолда бар мүмкіндіктің елеулі әлеуетін, сондай-ақ әлемдік рыноктағы өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, экспорт кемінде екі есеге дейін ұлғайтылуға тиіс. Осынау іс жүзінде әбден мүмкін және шұғыл қол жеткізуге болатын міндетті шешу елге шамамен 3 миллиард доллардай табыс әкелетін болады. Атырау мұнай өңдеу зауытында жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру жұмыстары да алда тұрған мүмкіндіктерді айғақтай түседі. Зауыт қазірдің өзінде еуропалық стандарттарға сәйкес келетін автомобиль бензині мен дизель отынын шығаруды қолға алды. Ашық түсті мұнай өнімдерін шығару бүтіндей алғанда жалпы көлемнің 35 пайызын құрамақ. Оның ішінде автомобиль бензинін өндіру - 2, 5 есе, жоғары октанды отын өндіру 9 есе артпақ. Өңдеу тереңдігі 57-ден 82 пайызға дейін ұлғайды.

Битум өндірісін айтарлықтай ұлғайту мұнай өңдеу саласының алдында тұрған неғұрлым көкейкесті міндеттердің бірі болып табылады. 2006 жылы 65 мың тонна осындай өнім шығарылды. 2007 жылы автомобиль жолдары саласының битумға деген сұранысы 500 мың тоннаға жетсе, ол деңгей 2012 жылы 700 мың тоннаға дейін өспек.

Әзірленген жобаларды жүзеге асыру Қазақстанға таяудағы жылдардың өзінде-ақ ішкі рыноктың мұқтажын өз өндірісі есебінен жабуға, сөйтіп импорттан бас тартып, өңірдегі ең ірі өнім жеткізіп беруші атануға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тұрақтылыққа ие және әлеуметтік маңыздағы өте маңызды серпінді жобалардың бірі. Жоспарланған қуаттарды іске қосқан уақытта импорт көлемі 210-300 миллион долларға дейін қысқарады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың бас жоспары шеңберінде ірі-ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ойластырылуда. Оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол өндірісін қолға алу бағдарламасы аса қызығушылық туғызады. Осы саладағы ерекше кәсіпорындар арасында әлемдегі үштікке кіретін Қостанай химиялық талшық зауытын қайта қалпына келтіру, сол арқылы өндіріс ауқымын кеңейте отырып, өнім өткізу рыноктарын ұлғайту да маңызды шешімдердің бірі болып саналады. Өңірдегі бірден-бір жұқа органикалық синтез зауыты 2008 жылы алғашқы 500 тонна ARNІX метаармидті жіп шығармақшы.

Атырау облысында биылғы жылы жылына 400 мың тонна төменгі тығыздықтағы желілік полиэтилен, 400 мың тонна жоғары тығыздықтағы полиэтилен, 400 мың тонна полипропилен және 20-дан астам өзге де өнімдер шығаратын газ-химия кешенінің құрылысы басталады.

Бұл міндеттерді шешу өнімді өңдеу деңгейін арттырады, экспорттық әлеуетті ұлғайтады, мұнай химиясы, әсіресе, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін шикізат базасын жасайды. Өнім өткізу рыноктарын мұқият зерттеу ішкі рынокқа терең талдаулар жүргізу сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан кәсіпорындардың тиімді кооперациялық байланыстарын қалыптастыру, біздің пайымдауымызша, мұнай-химия өндірісі алдында тұрған шешуші проблемалар болып табылады.

Жылына 1200-1500 миллион шаршы метр деп бағаланатын геотекстиль материалдарының ырғақты дамып келе жатқан рыноктарының әлемдік тәжірибесіне де назар аудару қажет. Бұл өнім көлікте, гидротехникалық және өнеркәсіптік-азаматтық құрылыста кеңінен пайдаланылады. Қазақстан рыногындағы осыған ұқсас сегменттердің даму ауқымын ескергенде, Шымкент пен Қостанайда салынып жатқан және пайдалануға берілген кәсіпорындарда геотекстиль шығаруды қолға алу сұранысқа толық жауап берер еді. Ақтау қаласындағы “Полихим” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геосинтетикалық өнімдерді шығара отырып, осы өндірістің пионеріне айналды.

Республикада үш газ өңдеу зауыты бар. Олар жыл сайын миллиард текше метр газ өңдейді. 2007 жылдың желтоқсанында Жаңажол газ өңдеу зауытының қуаты 2 миллиард текше метрге дейін ұлғайтылды.

Республикада негізінен энергетиканың жаңа секторында пайдаланылатын ілеспе газды утильдеуге бағыт ұсталып отыр. Елімізде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ілеспе газды неғұрлым толық пайдалануға, энергия тапшылығын сезінетін өңірлерді газбен қамтамасыз етуге, энергияға тәуелділікті жоюға, импортты алмастыруды тиімді жүргізуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Қазақстан сұйытылған және өнеркәсіптік газ өндірісінде әлемде белді ойыншыға айналып келеді. Сұйытылған пропан мен бутан экспорты - 130, өнеркәсіптік газ экспорты 50 миллион доллардан асты. 2010 жылы сұйытылған газ шығаруды үш есе ұлғайту, сөйтіп оның көлемін 3, 6 миллион тоннаға дейін жеткізе отырып, экспортты көбейту жоспарланып отыр.

Металлургия өнеркәсібінде түсті металдар өндірісі жетекші рөлге ие. Қазақстан электролиз зауытының толықтай іске қосылуы жақын уақыттарда алюминий прокатын, сымдарды, құрылыс профильдерін және өзге де өнімдерді шығаруды қамтамасыз етіп, сол арқылы осы кезге дейін жоқ болып келген буындарды толықтырады.

Белгілі бір бөлігі әлі де экспортқа шығарылып отырған қорғасын аккумуляторларын көптеп шығару ісі (жылына 760 мың дана) шикізатты неғұрлым терең өңдеумен қоса-қабат жүргізілуде. Экономика дайын бұйымдар шығаруда цинкті қолдану үлесін арттыру әлеуетіне ие.

Зергерлік бұйымдар шығаруда, әсіресе, Балқаш қымбат металдар зауытында оң тенденциялар байқалады. Оңтүстік Кореяның “PS” компаниясымен бірлесе отырып бұйымдардың 3 мыңнан астам түрі шығарылуда және олар Азия мен Америка елдеріне экспортталып отырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монета сарайы шығаратын алтын және күміс сөлкебайлар тек кәдесыйлық қана емес, сонымен қатар әртараптандырудың көрсеткіші де болып табылады. Өкінішке қарай, мұндағы мүмкіндіктер әлі де болса толық пайдаланылмай келеді.

Елімізде металлургиялық бағдардағы 16 жаңа кәсіпорын салынып, бірқатары жұмыс істеуде. Олар жалпы жиынтығында 5 миллион тонна сортты прокат, легирленген болат, құбырлар және басқа да өнімдер шығарады. Сортты прокат шығару ісі Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Рудный, Алматы, Өскемен, Тараз қалаларында жолға қойылған.

Қара металлургияда болат шығару-4, 7, шойын шығару-3, 4, ферросплав шығару-1, 7, ақ қаңылтыр мен шаршы прокат шығару 3, 5 миллион тоннаға, ал құбыр шығару 61, 6 мың тоннаға жетті.

Павлодар облысының Ақсу қаласында “Казвторчермет” АҚ 850 мың тонна арматура және 1 миллион тонна болат балқыта алатын металлургия зауытын салуда. Ақтөбе қаласында SBS Steel ЖШС 500 мың тонна металл бұйымдарын шығаратын электрметаллургиялық зауыт салумен айналысуда. Екібастұзда қуаты 250-300 мың тонна металл өнімдерін шығаруға жететін “КазметигрАнт” кәсіпорны іске қосылды. Аталмыш кәсіпорындардың бұрынғы барларымен қатар арматуралық болат шығаруды игеруі Қазақстанның осы өнімді шығаруда жетекші 20 елдің қатарына қосылуына, сол арқылы сыртқы рыноктарға шығуына жағдай жасайды.

Отандық мұнай-газ саласының дамуында құбыр өнеркәсібін қалыптастырудың атқаратын рөлі ерекше болмақ. Импорттың өсіп келе жатуы да проблеманың өткірлігін көрсетеді. 2007 жылы ол жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын 670 мың тоннаға жетті. Шетелден келетін өнім көлемін азайту үшін жаңа өндірістерді жолға қою қажет. Өткен жылдың қараша айында Орал қаласында 40 мың тонна сорғылық-компрессорлық және басқа да құбырлар шығаратын “КазТрубПром” зауыты іске қосылды. Павлодар қаласында “KSP Steel” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске қосқан жылына 270 мың тонна жіксіз құбыр шығаратын зауыттың да стратегиялық маңызы өте зор.

Болжам бойынша, еліміз сексен жыл бойына мұнай және газ құбырлары арқылы әлемдегі ең ірі өнім жеткізушілердің біріне айналмақ. Үлкен диаметрлі құбырларға деген сұраныс өсіп келеді. Сондықтан өндірістің бұл түрін серпінді өндірістер қатарына жатқызуға әбден болады.

Металлургияны дамытуда металды шекемтас өндірісінің де алар орны айрықша. Соколов-Сарыбай кен-өндірістік бірлестігі өнімнің осы түрін шығаруда әлемдегі жетекші рөлдерге ие және бұл жерде одан да күрделі өнімдер шығаруды игеру оншалықты қиыншылық туғыза қоймайды. Өнім көлемін елеулі түрде ұлғайту осынау жоғары сұранысқа ие өнімді шығарудағы маңызды буындардың біріне айналмақ. Сортты прокаттың бірнеше түрлерін шығаратын Рудный металлургия зауытының құрылысы және Ақтөбеде салынып жатқан электрметаллургиялық зауыт осы істің қисынды нәтижесі, яғни нақты шешім табуы болып табылмақ.

Қазақстанның көмірдің, темір кенінің, түсті металдардың өте ірі қорларына ие бола отырып, әлем бойынша тұйықталған циклдағы металлургиялық орталықтардың бірі болуына толық негіз бар. Энергия ресурстары рыногындағы күрделі жағдайды ескере отырып, кендерді, металды, көмірді, мұнайды, уранды, газды бөлшектеп шығарудан арылып, энергия сыйымдылығы үлкен өнімдер экспорттауды кеңейте түсу қажет.

Химия өнеркәсібі саласында “Қазфосфат” ЖШС-нің тыңайтқыштар шығаруды ұлғайту, синтетикалық жуу құралдарын шығаруды, күкірт қышқылын тереңдете өңдеуді қолға алу жөніндегі оптимистік мәлімдемесі де оң құбылыстар қатарына жатады. Павлодар қаласында жылына 30 мың тонна хлор мен каустикалық сода шығаратын зауытты іске қосу көптен күтілген жобалардың бірі. “Сары Тас” АҚ Жамбыл облысында жылына 400 мың тонна өнім шығаратын қуаты бар кальциленген сода шығаратын зауыт құрылысын жүргізуде. Қуаттылығы 200 мың тонналық осындай зауытты Ақтөбе облысында ашу да жоспарда бар. Сонымен қатар, бірнеше күкірт қышқылын өндіру кәсіпорындары да салынуда.

Тамақ өнеркәсібі саласында өнім өндіру көлемінің өсуіне байланысты кәсіпорындар қатары 4 мыңға дейін қысқарды. Өндіріс көлемі жағынан ұн тарту саласы алда келеді. Өткен жылдың 11 айы ішінде ұн шығару - 2, 9 миллион, жаңа піскен нан 550, 8 мың тоннаға, алкогольсіз ішімдіктер - 566, 9 миллион, сыра 384, 8 миллион литрге, қант - 353, 2 мың, сүт 239, 5 мың тоннаға, жеміс-жидек және көкөніс шырындарын шығару 129 мың литрге жетті.

Бұл сала қазіргі таңда ел өнеркәсібінде неғұрлым әртараптандырылған сала болып табылады. Жоғарыда айтылған ұнның сыртында, осы сала шығаратын кондитер, сүт, ірімшік, күнбағыс майы, маргарин, макарон, шарап, шұжық, балық өңдеу, темекі бұйымдары өндірісі бүгінде нарық жағдайларына әбден бейімделген, бәсекеге қабілетті өндірістер болып табылады.

Тоқыма, тері, жүн, тігін, жіп иіру өндірістерінің қайта қалыпқа келуі жеңіл өнеркәсіп саласының жаңадан түлей бастағанын айғақтайды. Соңғы бес жылда мақта-мата шүйделерін шығару-3, 5, мата шығару - 2, 9, дайын тоқыма бұйымдар шығару - 2, 9, синтетикалық мата шығару - 1, 8, тері аяқ киім шығару 1, 7 есе ұлғайды. Аграрлық сектор экспортында иленген тері басымдыққа ие, бұл өнім негізінен көрші Қытай еліне шығарылуда. Шетелге шығаруда осы өнім түрі бойынша республика астық пен ұннан кейінгі үшінші орынды, ал әлемдік өндірісте 10-ыншы орынды иеленеді. Осы тұрғыдан алғанда автомобильдер мен жиһазға арналған тері шығаруды игерген отандық кәсіпорындардың ішкі рынок қана емес, сонымен бірге, Қытай мен Ресейдің үлкен рыноктарына да бағдар ұстанғаны өте тиімді болмақ.

Электр техникасы саласы да белгілі бір дәрежеде ырғақты дамып келеді. 2007 жылы өндіріс көлемі 63 миллиард теңгені құрады. Елімізде кабельді-өткізгіш өнімдер, аккумуляторлар, батареялар, трансформаторлар шығару жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдары төменгі вольтты аппаратуралар, электр есептегіштерін, теледидарлар және басқа да электр техникаларын шығару көлемі арта түсуде.

Көмірсутегі шикізатын өндіру қарқыны мен оларды шетке шығару көлемінің артуы мұнай-газ, мәшине жасау саласына деген қажеттіліктерді өсіруде. Егер 1998 жылы қазақстандық кәсіпорындар мұнай-газ құрал-жабдықтарының 20-дан астам түрін игерсе, қазіргі күні 24 отандық кәсіпорында 286 түрі игерілуде. Алматы ауыр мәшине жасау зауыты, Үлбі металлургия зауыты, Батыс Қазақстан мәшине жасау зауыты, Петропавл ауыр мәшине жасау зауыты, Өскемен арматура зауыты және басқа да кәсіпорындар өндірістің осы саласында белсенділік танытуда.

“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ-тың Петропавл зауытына 2001 жылғы тапсырыс көлемі 316 миллион теңгені құраса, 2005 жылы 4, 4 миллиард теңгеге жетті. “Мұнаймаш” АҚ жоғары сапалы ұңғымалық насосты жаңа технология бойынша шығаруды 3 есе арттырды. “Қазмұнайгазмаш” АҚ-та мұнай өңдеу құралдары өндірісі игерілді. “Қазтрубаремонт” секілді күрделі газ компрессорлы техникалар жөндеуді қамтамасыз ететін сапалы жаңа инфрақұрылымдық өндіріс орны пайда болды.

Көліктік мәшине жасау саласы, соның ішінде автокөлік, автобус-троллейбус, темір жол, өзен көліктерін шығару жаңадан қалыптасу үстінде. Вагон жөндеу және шығару (Мәртөк, Петропавл, Павлодар, Арал) подшипниктер (Степногор), тепловоздар мен электровоз бұйымдары (Атбасар), тепловоз құрастыру (Астана, Шу), темір-бетон шпалдар (Алматы), Камаз құрастыру (Көкшетау, Алматы), “Нива”, “Шкода” көліктерін құрастыру (Өскемен), қалалық автобустар (Семей), троллейбустар (Алматы), шиналар (Шымкент, Астана), кеме жасау (Орал) секілді өндірістер жанданып келе жатқандығын айтуға болады.

Степногор подшипник зауыты - әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Ол подшипниктердің кейбір түрлерін шығаруда ТМД-да көш басында келеді.

Темір жол вагондары мен цистерналары өте тапшы қажеттілікке айналып отыр. Демек, олардың өндірісін жеделдетіп, жолға қою қажет. Мемлекеттік серпінді жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы негізінде мұндай өндіріс орындарына барынша қолдау жасаған орынды. Осы ретте “ЗИКСТО” АҚ осыған дейінгі вагондар мен цистерналарды күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, 2008 жылы ықшам құрастырмалы жартылай жүк вагондарын, цемент тасығыштарды шығаруды ұйғарып отыр. Сондай-ақ, елімізде астық тасығыштар шығарудың нақты мүмкіндіктері бар. “Зенит” АҚ шекара қызметіне арналған катерлер шығара бастады. Енді одан ірі су қатынасы құралдарын шығаруды қолға алмақ.

Ауыл шаруашылығы мәшинелері саласында комбайндар, тракторлар құрастыру игерілді. Дизельмен жұмыс істейтін қозғалтқыштар, жаткалар мен сеялкалар, жер өңдеу құралдарын, босалқы бөлшектерін шығару жалғасуда. Қостанай қозғалтқыш шығару зауыты (ҚҚЗ) Қазақстанның даму банкімен бірлесе отырып, қозғалтқыштардың (двигательдердің) жаңа буынын жасап шығару жобасын жүзеге асыру үстінде.

Қазақстан едәуір үлкен аумаққа ие болып отырғандықтан автожолдар желісін жаңғырту мен жетілдіру қажет. Осыған сәйкес елімізде жол салу ісіне үлкен мән беріліп те отыр. Мұның өзі бірте-бірте жол салуға қажетті техникаларды шығару ісіне негіз қалайтыны түсінікті. Қазірдің өзінде Ресейдің “Кемеров тәжірибелік жөндеу-механикалық зауыты” АҚ Семей мәшине жасау зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құруды қолға алды.

Республикада құрылыс өнімдеріне деген сұраныстың қарқынды өсуі құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуды жеделдетті. Әсіресе, линолеум, кірпіш, цемент, асбоцемент құбырлар, төбе жапқыштар, пластмасса, ағаш құрастырмалар өндірісі жедел дами бастады. Құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылу үстінде.

2002-2007 жылдары 6, 3 мың құрылыс компаниясы 40 миллиард доллардан астам жұмыс көлемін орындап, 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосты.

Фармацевтика өнеркәсібін де жедел дамушы салалар қатарына қосуға болады. 2001-2006 жылдар аралығында негізгі фармөнімдерін шығару 7, 1 есе, дәрі-дәрмек өндірісі 2, 2 есе өсті.

Отандық фармация өндірісінің көшбасшысы SANTO фирмасы (Шымкент қаласы) Оңтүстік Корея технологиясы бойынша 300 миллион ампула және 3 миллион флакон қан айырбастағыш шығаратын ТМД елдерінде теңдесі жоқ аса ірі кәсіпорынды құру үстінде. Басқа да отандық фармкомпаниялар осындай жоспарлар құруда.

Тың салалар.

Өнеркәсіпте жаңа салалар пайда болуда. Олар - иіссу-косметикалық (“Үркер косметик”), шыны, қағаз, автокөлік, кеме құрылысы, құбыр, биотехнологиялық, кремний, прибор жасау (салмақ өлшегіш, радиометрикалық бақылау құралдары, т. б. ), радиотехникалық (телевизор, магнитафон құрастыру), есептегіш техникалар (компьютерлер құрастыру), дизель жасау, экологиялық (қалдықтар өңдеу) және тағы басқа өндіріс орындары.

Ішкі рыноктың шыны бұйымдар импортына қажеттілігінің (2006 жылы 155 миллион доллардың 303 мың тонна өнімі) күрт өсуі жаңа өндіріс түрін ашуға деген кәсіпкерлердің ынтасын оятты. Сөйтіп елімізде шыны өндіретін 10 зауыттың құрылысы басталды. Әзірге бұл сала бойынша 1999 жылы құрылған “САФ” шыны компаниясы” ААҚ көш бастап келеді. Ол 3 шыны шығаратын зауыттың (Алматы облысы, Щучье қаласы, Тараз қаласында орналасқан) басын біріктіріп отыр.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан 185, 3 мың еуро тұратын “Пилкингтон KZ” ЖШС шыны зауытының салынуы да сала әлеуетінің өсіп келе жатқандығын дәлелдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстанның транзиттік жүйесі
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Экономиканың өрлеуі
Ақтау портының маңыздылығы
Интеграция
Қазақстан Республикасының Үдемелі инновациялық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz