Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мәні мен маңызы



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру түсінігі
2. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мазмұны
2.1 Жекешелендірудің негізгі тұжырымдамалары
2.2 Жекешелендірудің негізгі қиыншылықтары
3. Қазақстанда мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің негізгі ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған деректер тізімі
Қазақстан Республикамыздың нарықтық экономика жолына түсуіне он жылдам астам уақыт болды.
Сол сияқты қысқа мерзімді еліміздің экономикасы күрделі кезеңдерді бастан кешірді: кеңес дәуірінде қалыптасқан бір экономикалық жүйеден арылу, 1991, 1998 жж экономикалық дағдарыстар, алып империядан мұраға қалған шикізаттық шектеулі мүмкіндігі экономика, бұзылған инфрақұрылым, т.с.с.
Дегенмен үкімет тарапынан жүргізілген бірнеше табысты экономикалық реформалаудың нәтижесінде еліміз бойын созып, түзелуде деген пікірдемін.
Бұл бағытта жеке меншікке негізделген еркін өнеркәсіпшілікті дамыту, ұсақ және орта өнеркәсіп орындарына дем беретін несие жүйесін өркендетуді ерекше атап кетуі жөн.
Сол сияқты игі реформалардың нәтижесінде еліміздің экономикалық дамуының негізін акционерлік қоғам сипатындағы кәсіпорындар құрайды.
1993 жылдың 5 наурыз айында Елбасымыз Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы туралы жазғанда:
«Казақстан Республикасы Конституциясының 78-бабы негізінде және дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар бағдарламасын жузеге асыру мен әлеуметтік-экономикалык реформаларды тереңдету мақсатында қаулы етемін, осыған сай,
- біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993—1995-жылдарға (II кезең) арналған Ұлттык бағдарламасы бекітілсін,
- екіншіден, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың кең көлемді жоспарын кажетті нормативтік кұжаттардың тізбесін коса бір ай мерзім ішінде әзірлеп, бекітсін,
- үшіншіден, Министрліктер мен ведомстволар, мемлекеттік концерндер мен бірлестіктер, облыстардың Алматы және Ленинск калаларының әкімдері шағын және жаппай жекешелендіру шеңберінде, сондай-ак жеке жобалар бойынша 1993 жылы мемлекет иелігінен алынуға және жекешелендірілуге тиісті объектілердің өзара келісілген тізбелерін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің бекітуіне бір ай мерзім ішінде енгізсін, сонымен қатар 1994 және 1995-жылдарға арналған осындай тізбелер Меммуліккомына келер жылдың алдындағы қазан айынан кешіктірмей берілсін».
1. Еліміздің экономикасын мемлекет иелігінен алу жағдайындағы білім мен ғылым проблемалары// Халықаралық Бойқоңыр оқулары-Жезқазған, 2001, 498 б
2. Жекешелендіру/ Жалпы ред Ж. Кәрібжанов. Алматы: Атамұра, 1-2 томдар, 1994, 152 б
3. Экономика/ Под ред Булатова. М.:БЕК, 1999, 785 с
4. Бердалиев К.Е. Основы управления экономикой Казахстана: Уч. пособие, Алматы:Экономика, 1998, 146 с
5. Носова С.С. Экономическая теория.М.: Владос, 519 с
6. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решения/ Под ред Н.Б. Кенжегузина, Алматы, 1997, 350 с
7. Сборник законов РК по вопросам промышленного комплекса, Алматы: Казахстан, 1992, 128 с
8. Приватизация, Т 5 Законодательные документы и нормативные материалы/ Под ред С. Калмурзаева, Алматы: Атамура, 1995, 271 с
9. Тажмакин Д.К. Новые формы хозяйствования, Алматы: Кайнар, 1994, 208 с
10. Мамыров Н.К. Дугалова Г.Н. Социально-экономические проблемы адаптации промышленности Казахстана к рынку. Алматы: Экономика, 1998, 235 с
11. Чепурин М.Н., Киселева Е.А. Курс экономической теории.- Киров: АСА.-1994.-470 с., гл. 5, п. 1
12. Курс экономической теории /Под общ. ред. Чепурина М. Н., Киселевой Е. А. - Киров: МГИМО МИД РФ, 1994 - 624 с.
13. Политическая экономия /Под ред. Радаева В. В. - М.: МГУ, 1992 - Ч.1.- 414с
14. Политическая экономия: Учебно-методическое пособие для преподавателей /Под ред. Сидоровича А.В., Волкова Ф.М. - М.: МГУ, 1993. - 407 сМакконнелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т.: Пер. с англ. /Общ. ред. Пороховского А.А. - М.: Республика, 1992. - Т.1 - 399 с.- Т. 2. - 400 с.
15. Словарь современной экономической теории Макмиллана /Общая ред. Пирса Д. У.: Пер. с англ. /Научн. ред. перевода Автономов В.С. - М.: Инфра-М, 1997. -608 с
16. Валовой Д.В. Экономика абсурдов и парадоксов: Очерки-размышления. – М.: Политиздат, 1991. – 431 с.: ил.
17. Современная экономика. Общедоступный учебный курс. – Ростов-на-Дону: Феникс, 1995. – 608 с.
18. Каспин В.И., Острина И.А. Приватизация по правилам: вопросы и ответы: Справочник. – М.: Финансы и статистика, 1992. – 96 с.
19. Программа углубления экономических реформ в России. – М.: Республика, 1992. – 63 с.
20. Приватизация государственных и муниципальных предприятий в Российской Федерации. – М.: Юстицинформ, 1992-
21. Ч1.: Нормативные акты. Образцы юридических документов. – 1992 – 64 с.
22. Ч2.: Таблицы (учебные схемы). Комментарии специалиста. – 1992 – 35 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті

Қаржы-экономикалық институт

Экономикалық теория кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мәні мен
маңызы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру түсінігі
2. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мазмұны
2.1 Жекешелендірудің негізгі тұжырымдамалары
2.2 Жекешелендірудің негізгі қиыншылықтары
3. Қазақстанда мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің негізгі
ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған деректер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу мәселенің өзектілігі
Қазақстан Республикамыздың нарықтық экономика жолына түсуіне он жылдам
астам уақыт болды.
Сол сияқты қысқа мерзімді еліміздің экономикасы күрделі кезеңдерді
бастан кешірді: кеңес дәуірінде қалыптасқан бір экономикалық жүйеден арылу,
1991, 1998 жж экономикалық дағдарыстар, алып империядан мұраға қалған
шикізаттық шектеулі мүмкіндігі экономика, бұзылған инфрақұрылым, т.с.с.
Дегенмен үкімет тарапынан жүргізілген бірнеше табысты экономикалық
реформалаудың нәтижесінде еліміз бойын созып, түзелуде деген пікірдемін.
Бұл бағытта жеке меншікке негізделген еркін өнеркәсіпшілікті дамыту,
ұсақ және орта өнеркәсіп орындарына дем беретін несие жүйесін өркендетуді
ерекше атап кетуі жөн.
Сол сияқты игі реформалардың нәтижесінде еліміздің экономикалық
дамуының негізін акционерлік қоғам сипатындағы кәсіпорындар құрайды.
1993 жылдың 5 наурыз айында Елбасымыз Назарбаев Н.А. Қазақстан
Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995
жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы туралы жазғанда:
Казақстан Республикасы Конституциясының 78-бабы негізінде және
дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар бағдарламасын жузеге асыру мен әлеуметтік-
экономикалык реформаларды тереңдету мақсатында қаулы етемін, осыған сай,
- біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің 1993—1995-жылдарға (II кезең) арналған Ұлттык
бағдарламасы бекітілсін,
- екіншіден, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі шаралардың кең көлемді жоспарын кажетті нормативтік
кұжаттардың тізбесін коса бір ай мерзім ішінде әзірлеп, бекітсін,
- үшіншіден, Министрліктер мен ведомстволар, мемлекеттік
концерндер мен бірлестіктер, облыстардың Алматы және Ленинск калаларының
әкімдері шағын және жаппай жекешелендіру шеңберінде, сондай-ак жеке жобалар
бойынша 1993 жылы мемлекет иелігінен алынуға және жекешелендірілуге
тиісті объектілердің өзара келісілген тізбелерін Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің бекітуіне бір ай мерзім ішінде
енгізсін, сонымен қатар 1994 және 1995-жылдарға арналған осындай тізбелер
Меммуліккомына келер жылдың алдындағы қазан айынан кешіктірмей берілсін.
1997 ж. еліміздің Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан-2030
бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының
жақсаруы Үндеуі жарияланды.
Онда республиканың қазіргі жағдайына жан жақты талдау жасалады,
Қазақстанның миссиясы ашылып көрсетіледі, ұлттық қауыпсіздік, ішкі саяси
тұрақтылық және қоғамның жұмылы, жоғарғы денгейдегі шетелдік инвестициялары
бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу, Қазақстан
азаматтарының деңсаулығы, білімі және игілігі, энергетикалық ресурстар,
инфрақұрылым, әсресе транспорт және байланыс; негізгі қызметтеріне дейін
шектелген кәсіптік мемлекет сияқты ұзақ мерзімді басым мақсаттары
айтылған.
Қазақстан-2030 бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және
игілік жағдайының жақсаруы Үндеуінде елбасымыз экономикалық даму барысына
ерекше көңіл бөлген.
Сол сияқты, экономикалық өрлеу: тұрақты экономикалық өрлеу үшін
жағымды макроэкономикалық жағдайларға қол жеткізу үшін Үкімет пен Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі экономиканы ақшалай-несиелік, бюджеттік және
салықтық реттеудің әдістерін күшейтпек.
Осы жағдайларда Үкіметтің негізгі міндеті аса маңызды
макроэкономикалық параметрлерінің тепе-теңдігін сақтау- теңгенің айырбас
курсын, инфляцияны, мемлекттік бюджет тапшылығы мен елдің төлемдік тепе-
теңдігі тапшылығының деңгейін сақтап қалу болады.
Қазіргі заманда еліміздің экономикалық дамуы ерекшеліктерін ғылыми
тұрғыдан зерттеу жұмысына арналған ғылыми зерттеулер жоқтың қасы.
Келтірілген мәселе бойынша тек қана жеке-жеке басылымдар бар, дегемен
жекешелендіру және мемлекет меншіліген алу процессі мәселесіне жүйелі
зерттеу жасалынған емес.
Осыдан зерттеу мәселесінің әлеуметтік, тәжірибелік және ғылыми
өзектілігі байқалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты
Зерттеу жұмысының мақсаты ретінде - өтпелі экономика жағдайында
жекешелендіру және мемлекет меншіліген алу процессіне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Зерттеу барысында жұмысының мақсатына сай міндеттер белгіленді:
• Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру түсінігіне анықтама
беру;
• Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мазмұнына жалпы
сипаттама беру;
• Жекешелендірудің негізгі тұжырымдамаларына назар аудару, оның
негізгі қағидаларына сипат беру;
• Жекешелендірудің негізгі қиыншылықтарына назар аудару, олардың
табиғатын ашу, шешу жолдарына іздеудің тәжірибесін талдау;
• Қазақстанда мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің
негізгі ерекшеліктерін көрсете отыра жалпы жекешелендіру
процессіне баға беру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі
Зерттеу жұмысы жүргізілген кезде автор талдау, жүйелеу, синтездеу,
тарихилылық, ғылымилылық әдістерін пайдаланды. Сонымен қатар Интерент
жүйесінің мәліметтері, әсіресе Назарбаев Серверінің экономикаға қатысты
мәліметтері, Қазақстан бойынша бизнес-анықтамасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының электронды басылымдары,
экономика бойынша мақалалар қолданылды

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру түсінігі

Нарықтық экономиканы қалыптастырудың басты жолы ретінде мемлекеттік
меншігінен алу және мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Мемлекеттік кіспорындарды және басқа да мүлікті жекешелендіру деп
оларды ұжымдық, акционерлік, жеке меншіктік кәсіпорындарға айналдыру
процессін атайды. Кеңес дәуірінен кейіңгі заманда мемлекеттік сала
экономиканың 90 % ие болды. Жекешелндіру мен қатар, сонымен бірге шетел
капиталының тікелей қатысуымен, жаңа коммерциялық кәсіпорындарды,
құрылымдарды, шаруашылық серіктестіктерді қалыптастыру процесстері жүреді.
Жекешелендіру экономикада жеке меншіктің жеке және ұжымдық түрлерінің
пайда болып үстемдік етуіне әкеп соқтырады. Мемлекеттік меншігінен алу деп
мемлекеттік әкімшілік-комуналды саласынан жекешелендіру арқылы мемлекеттік
кәсіпорындардың негізгі мөлшерін ғана емес, сонымен қатар осы саладағы
мемлекет меншігіне өткен колхоздар мен тұтынушылық кооперацияларды
мемлекеттік меншіктен шығаруды атайды. Мемлекеттік меншігінен алу және
жекешелендірудің нәтижесінде өндіріс құралдарына деген жеке меншіктің жаңа
субъектілері, экономикалық жағынан дербес, тәуелсіз тауар өндірушілері
пайда болады. Мемлекеттік меншігінен алу, жекешелндіру, аралас экономиканың
қалыптасуы нәтижесінде тауар өндірушілеріне дегене сыртқы мемлекеттік ықпал
ету және зорлау әдістерінің орынына тауар өндірушілерінің жеке,
экономикалық мүдделеріне негізделген басқарудың әдістері туып дамиды, ҒТР
артта қалған құралдарының орына өндірістің оперативті түрде ғылыми-
техникалық жағынан жетістіледі. Жекешелендіру процессін мемлекеттің
мелекеттік меншік қоры, әкімшілік-территориялық бірліктердің жекешелендіру
органдары іске асырады.
Жекешелендіру өндіріс құралдарына деген меншік түрлерінің өзгеруіне
байланысты пайда болатын экономикалық қатынастардың ерекше жүйесін атайды.
Ол мемлекеттік билік органдарының, кәсіпорындардың еңбек етуші ұжымдарының,
жалпы алғанда халық тұрғындарының терең өзгерістері нәтижесіндегі
мүдделерін сайкестіруді міндетке алған приоритеттердің өзара байланыстығын
қамтиды. Жекешелендіру және мемлекет меншігінен алудың диалектикасының
мәні – жекешелендірудің меншіктің мемлекет иелігінен алуында.
Жекешелендіру процессі дамуының объективті себептері макроэкономикалық
және микроэкономикалық сипатқа ие болады. Әкішіл-әміршіл экономика
барысында мемлекеттік кәсіпорындардың өндірістік іс-әрекетінің нарықтан тыс
және тұрақты түрде сайкестендіру қажеттіліктері олардың жоспарлы-
координациялық кемшіліктерін тудырды. Дегенмен нарықтың механизмдері сол
сияқты сакестендіруді неғұрлым аз мөлшердегі кемшіліктермен шешеді. Яғни,
жекешелендіру мемлекеттің жалпы әкімшіл-әміршіл жүйесінен әлеуметтік
нарықтық шаруашылыққа көшу процессіне ғана байланысты емес, кәсіпорындардың
шығындарды азайту талпыныстары қажеттіліктеріне байланысты іске асырылады.
Жекешелендіру екі түрлі қызметті іске асырады. Бір жағынан ол
экономикалық реформаның элементіне, радикалды өзгерістердің орталығына
айналуы керек, екінші жағынан- ұзақ мерзімдеі мемлекеттік тарапынан
бақылаудың құралына айналуы керек. Жекешелендірудің тікелей мақсаттары
болып табылады:
■ Ұсақ және орта меншік иелері қабаттарын қалыптастыру;
■ Мемлекеттік муниципалды меншігіндегі меншіктің мөлшерін азайту;
■ Биліктің экономикалық негіздерін қайта реттеу және бөлу.
Әлеуметтік әділеттікті орнату, өндірістің экономикалық тиімділігін
көтеру, мемлекеттік бюджетің табыстарының өсуі жекешелендірудің өздік
мақсаттары болып табылмайды. Ол осы процесстедің дамуына тек қана ұзақ
мерзім барысында ғана септігін тигізеді. Жекешелендірудің құралдарын
таңдаудың басты критериі ретінде кәсіпорынның салалалық тегі және мөлшері,
әлеуметтік әділеттік және еңбектік ұжымның приоритеттері принциптерін еске
алу, демонополизация, кәсіпорынның бағытын және өндірістік потенциалын
сақтап қалу, кәсіпорынның ретабельдылығы, инвестицияларды қатыстыру болып
табылады. Аталған критерийлер жекешелендірудің келесі негізгі құралдарын
анықтады – акционерлеу, коммерциялық немесе инвестициялық конкурс бойынша
кәсіпорындарды және мүлікті сату, жалға алынған мүлікті сатып алу,
банкроттық. Қазақстанда, кеңес дәуірінен кейіңгі басқа да ТМД елдерінде
сияқты жекешелендіру процессінің бастапқы кезеңінің ерекшелітері –
процесстің саясми мақсаттарының үстемдігі, жекешелендіру чектері жүйесін
еңгізу, жекешелендірудің шектен тыс жедел қарқыны, ірі кәсіпорындарды сату
барысында жекешелендірудің формальды сипаты, кіші объектілердің аукциондық
сатулары, жекешелендірудің төмеңгі табыстылығы тән.
Жекешелендіру процессінің кеңес дәуірінен кейіңгі кезеңде
ұйымдастырылуының талдауы оған тән позитивті және негативті ерекшеліткрін
айқын көрсетеді.
Негативті ерешклеітер қатарына жатады:
1. негізгі қорлар бағасы және еңбек етуші ұжымдардың саны бойынша бір
топқа еңгізілген және алуан түрлі саладағы кәсіпорындардың
жекешелендіру процесстері құралдарының ұқсастығы.
2. жекешелендірудің аймақтық ерекшеліктерін назардан шығару.
3. меншікті ауыстыру тегін немесе символикалық ақы үшін іске асырылуы.

4. жекешелендірудің мерзімдері және көлемі бойынша шектен тыс
тапсырмалар орнату және бағдар ету.
Яғни жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен алу процессінің түбі
кәсіпорындар тиімділігін арттыру, нарықтық экорномикаға көшу жағдайларының
негізінде және табиғи, тарихи дамуы заңдылықтарына сай пайда болған ұзақ
мерзімді процесс. Бұл бағытта кеңес дәуірінен кейіңгі мемлекеттер шетел
елдердің бай тәжірибесіне сүйенеді. Дегенмен бұл бағытта ұлттық
экономиканың, аймақтық орналасудың, басқарудың ерекшеліктері ескерілуі жөн.
сол сиқты жағдайда ғана нарықтық экономика тұрғысынан мемлекет меншігінен
алу және жекешелендіру процестері неғұрлым тиімді болып елдің элеуметтік-
әкономикалық және жалпы даму деңгейін көтереді.

Жекешелелдірудің негізгі бағыттары дегеніміз — жекешелендірілетін-
объектілердің әрбір тобының ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын
жекешелендіру әдістері мен нысандарының жиынтығы.
Кәсіпорындарды жекешелендірудін белгілі бір бағытына оның манызы, кай
салаға жататындыры, жұмыс істеушілердің саны, негізгі корлардың құны
жатады.
Жұмыс істеушілердің санына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар шартты
түрде:
жұмыс істеушілердің саны 200 адамнан кем шағын кәсіпорындарға;
жұмыс істеушілердің саны 200 адамнан 5000 адамға дейінгі орташа
кәсіпорындарға;
жұмыс істеушілердің саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындарға бөлінеді.
Жекешелендіру объектілерінің жыл сайынғы тізбелерін жасау кезінде
объектінің салалық, аймактың және басқа ерекшеліктеріне байланысты оның
шағың орташа және ірі кәсіпорындар тобына жатқызылуын нақтылай түсуге
болады.
Жекешелендіру объектісінің шағын, орташа және ірі кәсіпорындар тобына
жатқызылуына сәйкес Бағдарламада мемлекет иелігін алу мен жекешелендіру
процестерінің мына бағыттар бойынша өрістетілуі көзделген:
ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
орташа кәсіпорындарды, жаппай жекешелендіру;'
—сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және сервистік
қызмет көрсету салалары шағын кәсіпорындарының аукциондары мен
конкурстары аркылы жүзеге асырылатын шағын жекешелендіру.
Жекешелендірудің жеке жобалары халык шаруашылығының негізгі
салаларының базалык кәсіпорындарының ұтымды ұйымдык құрылымын жасауға, жеке
меншік пен мемлекеттің оларды баскаруға қатысуының ара-салмағың белгілеуге,
жобаны әзірлеу кезеңінең бастап отандык және шетелдік инвесторларды
қатыстырура мүмкіндіқ береді.
.. Жаппай жекешелендіру республика халкының қалың топтары үшін
меншік кұқығын жүзеге асыру мүмкіндігін тұғызады, бағалы кағаздармен
жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін жинактауға мүмкіндік береді.
Шағын жекешіелендіру, тауарлар мен кызметтің тұтыну нарығын тікелей
қамтамасыз ететін меншік иелерінің калың тобынын пайда болуы үшін накты
негіз қалайды.
Шағын жекешелендіру мен жаппай жекешелендіруге халықтың барлық
топтарының қатысуы үшін Казакстан Республикасында республиканың әрбір
тұрғынына мемлекеттік меншіктің белгілі бір үлесін алу құқығына кепілдік
беретін жекешелендіру купоны пайдаланылады.
Казакстан Республикасындағы жекешелендірудің екінші кезеңінде
жекешелендіру купондарының екі түрі пайдаланылады:
- тұрғын үйді сатып алуға арналған жекешелендіру купоны(тұрғын үй
купондары);
- жекешелендірудің инвестициялық купоны.
Жекешелендірудің бірінші кезеңінде тек тұрғын үй сатып алуға
пайдаланылатын тұрғын үй купондарың, жекешелендірудің екінші кезеңінде
тұрғын үйді сатып алумен катар (сатып алғаннан кейін) шағын жекешелендіру
аукциондары мен конкурстарында — сауда, тұрмыстық және сервистік қызмет
кәсіпорындарын сату кезінде төлем қаражаты ретінде пайдалануға болады.
Жекешелендірудің инвестициялық купондары жаппай жекешелендіру
барысында арнаулы инвестициялық жекешелендіру қорына салу арқылы
пайдаланылады, лл сол купондарға акционерлік қоғамдар болып қайта
құрылған кәсіпорындардың акцияларын сатып алады.
Сонымен жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен алу процессінің
теориясы мен тәжірибесі отандық экономикалық ғылымында маңызды орын алуда.
Оның жоғарыда атап кеткендей бірнеше себептері бар: ең алдымен, әкімшілік-
әміршіл жүйеден өтпелі кезеңінің экономикалық процесстерін қайта игеруде,
екіншіден, меншік мәселесінің даму процессімен және оның нәтижесімен
шарттас.

2 Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мазмұны

2.1 Жекешелендірудің негізгі тұжырымдамалары

Қазақстандық экономикасының нарықтық трансформациясы жағдайында
бәсекелестік тудыратын мәселелер қатарына жеке меншік, жекешелендіру,
мемлекет меншігінен алу, коммерциаландыру сияқты ұғымдар жатады.
Дәстүрлі тұрғыдан осы ұғымдарды қарастырғанда қоғамдық және жеке
меншік меншіктің екі түрлі және бір-біріне қарсы қойылатын меншік түрлері
ретінде қарастырылады. Кеңес экономика бұл ұғымдарды сол сияқты тұрғыдан
қарап зерттеген. Оның шеңберінде өзіндік еңбекке негізделген ұсақ меншіктің
өзі қоғамдық меншікке антагонистік сипатта деп қарастырылған. Сондықтан да
жекешелендіру жеке меншік саласындағы өзгерістермен тығыз байланыста деген
тұжырым үстемдік етеді.
Бұл мәселенің екінші тұрғыдан қаралуы- меншіктің еңбекті немесе
қанаушылық сипатқа негізделуі. Еңбек меншігі түсінігі өз ішіне жеке
еңбектік, қоғамдық және акционерлік меншікті қамтиды. Принципиалды түрде
қарағанда дәстүрлі және еңбектік көзқарастардың бір-біріне жақын екендігі
көзге анық көрінеді, себебі негізгі критерий ретінде мұнда қанаушылық
қарастырылады.
Осы пікірлерден мәселенің субъектті тұрғыдан қарастырылуы ерекше
болып табылады. Ол өндірістің типі және құралынан тыс жеке және дара
меншікті теңестіреді.
Сонымен қатар мәселенің батыстық тұрғыдан қаралуы танымал, ол
бойынша мемлекеттік емес меншік жеке меншік болып саналады (соның ішінде
кооперативті меншік ажыратылады). Сондықтан да барлық жекешелендіру
мемлекет меншігінен алу процесстері ретінде, яғни өндіріс құралдарының
мемлекет меншігінен ұжымдар, акционерлер, жеке иелер меншігіне айналдыру
ретінде қарастырылады. Қазіргі заманда Қазақстанда болып жатқан
жекешелендір процессіне және оны іске асыру механизмдеріне баға беру осы
төртінші тұрғыдан қарастырылуы керек.
Дегенмен жекешелендіру экономикалық бақылауды босату саясаты ретінде
танымау керек. Керісінше жекешелендіру мемлекеттік және мемлекетті емес
саланы ұзақ мерзімге созылған бақылау ретінде анықталады. Кәсіпорындар
нарыөтық жағдайда қоғамдық негізде және кәспкерлік қызмет түрінде тіршілік
етеді.
Жекешелендірудің көпшілік сиатқа айналуы тек қана алуан түрлі
әдістерді пайдаланған кезде ғана мүмкін (акционерлеу, сайыстық сату
негізінде, т.б.). жекешеледірудің бұл бағыттағы басты маңызы -
жекешелегдірудің және мемлекет меншігіне айналдырудың (яғни қоғамның
экоомикалық құрылымына мемлекет тарапынан ықпал етудің екі түрлі және
мүмкін құралдары ретінде) өзара байланысын қамтамасыз етуде.
Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің әдіснамалық негіздерін
ашу оның өндіріс құралдарының және меншік түрлерінің өзгеруі ретіндегі
жекешелендірудің эконмомикалық мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.
Жекешелендіру процессінің бастапқы кезеңінде Қазақстандағы жағдайдың
ерекшеліктері анықталды – ірі фирмалардың жоқ болуы, мемлекеттік емес
саланың әлсіздігі, қаржы компаниялар мен инвестициялық банкілердің жоқ
болуы. Экономиклық іскерліктің қарапайымдылық сипаты әлі күнге дейін
жекешелендірудің мерзімдері мен тиімділігіне және көлемдеріне кері ықпалын
етуде.
Жекешелендірудің алуан түрлі құралары арқылы мемлекеттік меншік жеке,
жалпы үлестік, акционерлік меншікке айналады. Кәсіпорында сатқан кезде
нақты және шынайы түрде мемлекеттік меншік жекешеленеді. Кәсіпорында
акционерлік қоғамға айналуды формалды жекешелендіру деп атауға болады.
Себебі бұрын мемлекет меншігінде болған акйиялардың бір бөлігі ғана еңбек
ұжымына сатылып олардың едәуір бөлігі оларды басқа инвесторлар сатып
алмағанша акциялар мемлекеттік меншікте қалады.
Жекешендірудің қатынастар жүйесінің мазмұны оның мақсаттары арқылы
іске асырылады. Яғни осы тұрғыдан жекешендіру реформаның мақсаты емес,
реформаның құралы болып табылады.
Жекешендіру өнеркәсіптің демонополизациясына игі ықпалын көрсетеді.
Мемлекеттік сектордағы ксіпорындар мен ұйымдарды акционерлеу – оларды
барлық акциялары тұтас мемлекет меншігінде болатын акционерлің қоғамдар
етіп құру. Бұл процесс жекешелендіруге жататын, шағын шекешелендіру
шеңберінде аукцион мен конкурс арқылы сатылмайтын барлық объектілерді
құрудың қажетті бастапқы кезеңі болып табылады.
Акционерлік қоғамдар етіп қайта құру:
- кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымын өзгертіп, акционерлердің
(мемлекеттік холдингтер мен компанияларыда – үкіметтің) байқаушы кеңестері
мүшелерін тағайындау арқылы оның тиімділігін арттыруға;
- акционерлік қоғамның байқаушы кеңесі мен басқармасы мүшелерінің
қоғамның қаржы жағдайы және бүкіл қызметінің заңдылығы үшін дербес
жауапкершілігін қамтамасыз етуге, акционерлер үшін алдында оның жыл сайын
есеп беруін қамтамасыз етуге;
- қайта құрылған кәсіпорындар қызметінің коммерцияландырылуын
қматамасыз етуге;
- акциялардың бәріне немесе бір бөлігіне меншік құқығын заңды ұйымдар
мен жеке адамдарға мемлекеттің өтеулі немесе өтеусіз негізде беруі есебінен
жекешелендірілуі процессін жеделдетуге;
- шетелдің нарықтарда кәсіпкерлік қызмет ұйымдастыру үшін қайта
құрылған мемлекеттік кәсіпорындарға жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Республика үкіметі мемлекеттік кәсіпорындарды акциялары мемлекет
меншігінде болатын әрі холдинг компаниялар жүйесі арқылы басқарылатын
акционерлік қоғамдар етіп қайта құрудың бастамшысы болып отыр.
Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік акционерлік қоғамдар етіп қайта
құрудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті
Жарлығымен белгіленеді. Бұ шарттар акцияларды орналастырудың пәрменді
мемлекеттік саясаты жүргізілуін, акциялады беруді тіркеудің ретке
келтірілген тәртібі еңгізілуін, акционерлер мүдделерінің қорғалуын
қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіпорындар қызметкерлерінің акционерлеу процессіне қолдау көрсетуін
қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарды акционерлеудің Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік мүлік органының комиссиясы қабылдап алған жоспарын өздері
әзірлеген жағдайда, еңбек ұжымдарында артықшылықты акциялар түріде жарғылық
капитал мөлшерінің 10 процентін өтеусіз алу құқығы беріледі, бірақ ол
кәсіпорын бойынша бір қызметкере шаққандағы айлық орташа жалақы мөлшерінің
12 процентінен аспауға тиіс.
Мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдар болып қайта құрылғаннан
кейін комитет объектіні одан әрі жекешелендіруді жүзеге аырады.
өтпелі кезеңде мемлекеттік бақылауды міндетті түрде сақтай отырып,
жекешелендірілетін объектілер тізбесіне енгізілген кәсіпорындар мемлекеттің
қатысу деңгейі әр түрлі акционерлік қоғамдар болып қайта құрылады.
Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік
пакеттерін комитеттің шешімімен холдингтерге немесе холдинг үлгісіндегі
акционерлік қомпанияларға беруге болады. Ол клмпаниялар жабық үлгідегі
қоғамдар ретінде құрылады, өз қызметін коммерциялық негізде жүзеге асырады
және халық шаруашылығының базалық салаларын мемлекеттің тиімді түрде
реттеуінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Холдинг компанияларын құру мына шаралардың дәйекті жүзеге асырылуын
көздейді:
- мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу;
- қызметтің бір орталықтан үйлестіруін қажет ететін, мейілінше тығыз
шаруашылық байланыстары бар ксіпорындардың тізбесін анықтау;
- акциялардың мемлекеттік бақылау пакетінен бөлу;
- холдинг құрып, оған акциялардың мемлекеттік пакеттерін иемдену,
пайдалану және басқару құқығын беру.
Сонымен мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің басты
тұжырымдамалары нарықтық экономиканың тәртібіне сай мемлекеттік реттеу және
шаруашылықты басқару функцияларының ара жігін айқын ажыратуға мүмкіндік
береді.

2.2 Жекешелендірудің негізгі қиыншылықтары

Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу менеджерлік жекешелендіруге
ұқсас. Әрине акцияланған мүліктің едәуір бөлігі кәсіпорын әкімшілігінің
лауазымды адамдары тараыпанан сатып алынады. Келешекте бұл жол саяси және
экономикалық өрлеуді қамтамасыз ете алатын жаңа субъектінің пайда боуына
әкеледі – яғни нарықтық экономика жағдайында ұлттық буржуазияның пайда
болуына. Сонымен қатар, кәсіпорын әкімшілігі үшін қолайлы шаралар мен ірі
меншік иелері санының өсуі белсенді шаруашылық іскерлікті қамтамасыз етеді
деп айтуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері
Меншік мемлекет иелігінен алу
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
Жекешелендіру
Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу жүйесі
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Жекешелендіру негіздері
Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі
Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері, оның мәні, жүргізу әдістері
Пәндер