Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның этникалық құрамы



1. Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның этникалық құрамы

2. Әлеуметтік және саяси құрылысы

3. Мәуереннахрды жаулап алу

4. Үлестік жерлер

5. Икта

6. Шаруашылығы мен өркениеттілігі

7. Ыдырауы
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. Х ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, ХІ ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман – Іле өзенінің алқабында өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген жікілдер қонысталды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барысқан сыртында, жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды.
Қарахан сөзінің пайда болуы туралы осы күнге дейін тарих ғылымында белгілі бір тиянақты пікір қалыптаспаған. Зерттеулердің пікіріне қарағанда, «Қарахан» сөзі бір әулеттің атынынан пайда болған деген жорамалдар бар. Мұндай пікірді айтуға итермелейтін басты себеп көрсетілген тайпалардың тотемдік «арыстан», «бура» сияқты мақамдарды қағандар мен хандар өздерінің лауазымдары ретінде алған. Мәселен: жағма тайпасының көсемі өзін «Бурахан» деп атаса, бұл атақ кейіннен шын мәнінде оның атына айналған. Сонда «бара қарахан», «арыстан қарахан» сөздері қалыптасқан.
1. «Қазақстан тарихы. 1 том». «Атамұра» баспасы. Алматы 1996 ж. (398-407 б.)
2. «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан». Сәйден Жолдасбайұлы. Алматы 1995 ж. (81-87 б.)
3. «Қазақ елінің тарихы». Е.Ө. Пірімбетова. Алматы 2003 ж.
(64-67 б.)
4. «Қазақстан тарихы очерк». Алматы 1994 ж. (70-72 б.)

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның этникалық құрамы

2. Әлеуметтік және саяси құрылысы

3. Мәуереннахрды жаулап алу

4. Үлестік жерлер

5. Икта

6. Шаруашылығы мен өркениеттілігі

7. Ыдырауы

Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның этникалық құрамы
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның
(Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен
бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи
түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ
конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға
қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. Х ғасырда яғманың бір бөлігі
қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді.
Кейінірек, ХІ ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман – Іле өзенінің
алқабында өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік
аудандарынан көшіп келген жікілдер қонысталды. Жікілдер Тараз маңында,
Құяста, Барысқан сыртында, жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана
қоныстанған бірнеше топ болды.
Қарахан сөзінің пайда болуы туралы осы күнге дейін тарих ғылымында
белгілі бір тиянақты пікір қалыптаспаған. Зерттеулердің пікіріне қарағанда,
Қарахан сөзі бір әулеттің атынынан пайда болған деген жорамалдар бар.
Мұндай пікірді айтуға итермелейтін басты себеп көрсетілген тайпалардың
тотемдік арыстан, бура сияқты мақамдарды қағандар мен хандар өздерінің
лауазымдары ретінде алған. Мәселен: жағма тайпасының көсемі өзін Бурахан
деп атаса, бұл атақ кейіннен шын мәнінде оның атына айналған. Сонда бара
қарахан, арыстан қарахан сөздері қалыптасқан.
Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның
дамуының алғашқы кезеңінің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің
орны ерекше болған. Оғылшақтың немере інісі Сатұқ Боғыра – ханды (915-955)
Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап,
Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ боғыра –хан Оғұлшаққа қарсы
шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол
Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы Қаған деп жариялады. Шынына
келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталады.
Сатұқ Богра хан қайтыс болған соң оның тақ мұрагері – Мұсаның тұсында
күшейді. Ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның
астана қаласы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да
билеушісі болып есептелді. Сонымен қатар, Мұса, қаған мен оның мұрагерлері
жаулау саясатын күшейтті. Қарахан мемлекеті Х ғасырдың аяғында Саманилер
жерін, Бахарды алып жатыр, Х-ХІ ғасырларда олардың иелігі батыстағы
Мәуреннахрдан, шығыстағы Қашқарға дейінгі аралықты қамтыды.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған
жылдың өзінде-ақнегізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің - Әли Арсланхан
мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске
толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал
кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилер) көшті.

Әлеуметтік және саяси құрылысы

Жоғарғы өкімет билігі хақанның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып
отырған. Үстем тап өкілдеріне хақанның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар,
бектер, нәмеңгерлер, нөкерлер жатқан. Негізгі мәселелер хан сарайында
(ордада) қарастырылды, себебі, хан сарайы - әкімшілік орталық болып
саналды. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақтар ұйымы
(тапұшықтар) болды. Сарай адамдары ханға қызмет етті. Сарай күзетінің
бастығы (қапығ-башы), есік қорғаушылар (қорықшылар), қазынашылар
(ағнашылар), аспазшылар (ыдысшылар). хат жүргізушілер (бітікшілер), елшілер
(ялавашылар) өзіне лайықты тіршілікпен айналысты. Далалы аймақтардағы
жергілікті билікті илбашы (елбасы) жүргізді. Отырықшы аймақты мехтарлар, ал
қалаларды хакимдер немесе раистар (бастықтар, старосталар) басқарды.
Зерттеушілерге сүйене отырып, Қарахан мемлекетіндегі жария билікті
жүргізуші шенеуліктердің, бұл уақытқа дейін тарих сахнасында орын алған
мемлекеттермен салыстырғанда едәуір жоғары тұрғандығын айта аламыз.
Орта ғасырлық деректердегі мүлік әл-хакан, әл-и-афрасиаб, тамғаш,
алп-тоңға атақтарына ие болғандар да мемлекеттік басқаруға қатысқан.
Хақанның кеңесші, көмекші уәзірлері де болған. Қараханидтер кезінде
уәзірлер, қарлұқ қағанының көл-еркіндеріне ұқсас. Махмұд Қашғаридың
жазуына қарағанда, көл-еркіннің мәні көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ой деген
мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені.

Мәуереннахрды жаулап алу

Бұл кездегі Саманилердің қуатты державасы Х ғасырдың екінші жартысында
өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтармен, феодалдық топтардың өзара қырқысқан
жанжалдарымен титықтап, құлдырау халіне жетті. Диқан ақсүйектері мен
мұсылман дінбасылары орталық өкіметке қарсы шықты да, оларды түрік ұланының
(ғұлямдар) қолбасшылары да қолдай бастады.
Саманилер державасының бір кездегі күш- қуаты Нух ибн Мансұр (977-
999) билеген тұста феодалдық қырқыстардан ерекше қатты әлсіреді. 990 жылы
Саманилер әмірлерінің бүліктерін және олардың билігі әлсіруін пайдаланған
Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты басып алды. Қарахан әскері мұнда
ешқандай қарсылыққа кездеспеді, ал әскердің қалаға кіруін жергілікті
шонжарлар құптаған ниетпен қарсы алды. Екі жыл өткен соң Қарахандар
Саманилердің астанасы-Бұхараны алды. Алайда көп ұзамай Хасан Боғра-хан
Бұхараны, Самарқандты тастап, Жетісуға кетуге мәжбүр болды. Қарахан
армиясының Мауараннахрдан шегінуіне, бәрінен гөрі Жент ауданында тұрған
және Нұх ибн Мансурға көмектескен тайпалар тарапынан жабуыл жасалу қатері
себеп болған еді.
Мауараннахрға жасалған сәтсіз жорық Қарахандардың басқыншылық
желікпесін баса қоймады. 992 жылы хасанның баласы Жүсіп Қадыр-хан Хотанды
басып алды. Қарахандықтардың негізгі әскери-саяси ұмтылыстары Мауараннахрды
көздеді. 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр Самалилерге жаңа жорық
жасады. Қарахандарға қарсы тұратын күші болмағандықтан Нұх ибн Мансұр
өзінің газневилік вассалы Себұқ – тегіннен көмек сұрады. Себұқ-тегін
қарахандармен бітім жасасты; бұл бітімге сәйкес бүкіл Сырдария аңғары
қарахандар билігінде қалды. Ал Әмудариядан оңтүстікке таман жатқан жерлер
газневилерге көшті.Самани мен Қарахан мемелекеттері аралығындағы шекара
Самарқандтан солтүстікке таман жатқан Қатун даласы деп аталды.
Х ғасырдың аяғында Самани мемлекетінің ұзаққа созылған драмасының соңғы
көрінісі болды. 999 жылы Қарахан билеушісі Насыр ибн Әли Мауараннахрға бет
алды. Халық Самани билеушісінің тағдырына селқос қарады, сондықтан ол
Саманилердің астанасы Бұқараны оп-оңай басып алды. Нұх ибн Мансұрдың баласы
Әбді әл-Мәлік және Самани әулетінің басқа мүшелері Үзкентте тұтқынға
қамалды. Қарахандарға қарсы күресті Саманилердің соңғы билеушісі Әбд әл-
мәліктің інісі Әбу Ибраһим Исмаил одан әрі жүргізді.
Мауараннахр үшін болған күресте бастапқыда Саманилерді қолдаған оғыз
тайпалары да (салжұқтар) араласты.
Әбу Ибраһим Исмаил мен Салжұқ жасақтарының біріккен күштері
қарахандарды жеңген 1004 жылы Самарқанд түбіндегі шайқаста жеңіске
жеткеніне қарамастан, Саманилер Мауараннахрдағы өз билігін сақтап қала
алмады. Салжұқ қолбасшыларымен Саманилер арасындағы одақ уақытша жасалған
болып шықты. Салжұқ көсемдерінің біреулері Қарахандарға күресе бергісі
келсе, басқалары олармен жақындасудың жолын іздестірді.
1005 жылы Әбу Ибраһим қаза тапқаннан кейін Маураннахр Қарахандар
қолына түпкілікті көшті. Саманилер державасы Қарахандармен Газневилер
арасында бөліске түсті. Шекара Әмудария бойымен өтті.

Үлестік жерлер

Қарахан мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс, басқару тәртібі, жер иеленудің
түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері
туралы сөз еткенде, Орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері
болғандығын ескерген жөн.
Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Үлестік жерлер ірі және кіші
болып бөлінген. Олардың көпшілігі, әдетте ірі үлестік жерлерді иеленушілер
билеуші әулеттерден болды. Округтердің орталықтары болған Тараз, Испиджаб
және Баласағұн ірі үлестер еді. ХІ ғасырдың басында Баласағұн жоғары
қағанның үлесі, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын тумаларының қолында
болды.
Күшейген жер иелері өз теңгелерін құйды. Сауда айналымында өз
теңгелерін салуды көздеді. Ұлы Жібек жолы арқылы Тараз, Отырар, Самарқан,
Бұқара, Қашқар қалаларында құйылған теңгелер көп елге таратылды. Бұл
оқиғалар Қарахан мемлекетіндегі тарихи үш жағдайдың қалыптасқандығын
айқындайды.
1. Қарахандықтар Ұлы Жібек сауда жолын тиімді пайдаланды. Русь,
Византия, Закавказье, Орта Азия елдерімен сауда, қарым-қатынас
өрледі.
2. Сыртқы саясатта қарахандықтар жаугершілігімен танылды.
Шапқыншылықтар күшейді.
3. Мәдениет өрледі.
Үлестік жүйе өзара қырқыстар туғызып, оларға қоса билеушілер жиі
алмасып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ
Дамыған ортағасырлық мемлекеттер (X-XIII ғғ.)
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Алғашқы түркі мемлекеттері
Пәндер