Күн көзінен және альтернативті жолмен энергия көзін алу



Кіріспе
Қазіргі таңдағы энергия көзінің негізі.
Негізгі бөлім
а) Күннен электр энергиясын алу
б) Электр энергия көзінің альтернативті түрлері
в) Үй жануарлаының экскременттерінен бөлінетін биогаздың құрамы
г) Биогаздың қолданылуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Энергияның физикалық түсінігінен басқа, экономикалық, техникалық, саяси және тағы басқа да түсініктері бар.
Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ традициялды табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий - ядролық отындардың де қоры шексіз емес.
Сондықтанда қазіргі таңда энергия көзін жан – жақты алу жолдары жетіліп қолданысқа ене бастады. Мысалыға алатын болсақ жел, күн, өзендер, геотермалды, геотермалды тағы басқа энергия көздерін айтсақ болады. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және традициялды емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану. Осы саладағы жобаларды зер салып қарасақ жүзеге асыруға болады. «Жаңғыртылған энергетикалық қуат көздерінің дамуы: Орталық Азия елдерінің стратегиялық жолы» деген атпен өткен алқалы басқосуға шет мемлекеттердің осы саладағы 12 министрі келді. Олар келешек жаңғыртылған энергетикада екендігіне қазақстандықтардың көзін жеткізіп, баулитын деген ниеті болыпты. Ал біздің жігіттер оларсыз-ақ жаңғыртылған энергия көздерін тауып, тіпті оны дамытудың әртүрлі жолдарын алдарына жайып салғанда қатты таңғалды. Біз оны білу тұрмақ, талай жерге жетіппіз. Тіпті кей технологиямыз олардың көпшілігінің ойына кіріп-шықпаған тосын да, құнды, айрықша жаңалық болып шықты. Біразының ұсынған жобасы қазақстандық жобаны маңайлай алмайды екен.
1. Источники энергии. Факты, проблемы, решения.-М.: Наука и техника. 1997.-110с
2. Мировая энергетика: прогноз развития до 2020г./Перс англ. Под ред. Ю.Н. Старшикова.-М.: Энергия,1980.-256с.
3. Соснов А.Я. Энергия Земли.- Л.: Лениниздат, 1986.-104с.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Күн көзінен және альтернативті жолмен инергия көзін алу

Тексерген: Тауасаров Қ
Орындаған: Гк 81 студееттері

Алматы 2010 ж

Жоспар
Кіріспе
Қазіргі таңдағы энергия көзінің негізі.
Негізгі бөлім
а) Күннен электр энергиясын алу
б) Электр энергия көзінің альтернативті түрлері
в) Үй жануарлаының экскременттерінен бөлінетін биогаздың құрамы
г) Биогаздың қолданылуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Энергияның физикалық түсінігінен басқа, экономикалық, техникалық, саяси
және тағы басқа да түсініктері бар.
Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ
традициялды табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес.
Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның
басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де
қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда
қылатын уран мен торий - ядролық отындардың де қоры шексіз емес.
Сондықтанда қазіргі таңда энергия көзін жан – жақты алу жолдары
жетіліп қолданысқа ене бастады. Мысалыға алатын болсақ жел, күн, өзендер,
геотермалды, геотермалды тағы басқа энергия көздерін айтсақ болады.
Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және
традициялды емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану. Осы саладағы
жобаларды зер салып қарасақ жүзеге асыруға болады. Жаңғыртылған
энергетикалық қуат көздерінің дамуы: Орталық Азия елдерінің стратегиялық
жолы деген атпен өткен алқалы басқосуға шет мемлекеттердің осы саладағы 12
министрі келді. Олар келешек жаңғыртылған энергетикада екендігіне
қазақстандықтардың көзін жеткізіп, баулитын деген ниеті болыпты. Ал біздің
жігіттер оларсыз-ақ жаңғыртылған энергия көздерін тауып, тіпті оны
дамытудың әртүрлі жолдарын алдарына жайып салғанда қатты таңғалды. Біз оны
білу тұрмақ, талай жерге жетіппіз. Тіпті кей технологиямыз олардың
көпшілігінің ойына кіріп-шықпаған тосын да, құнды, айрықша жаңалық болып
шықты. Біразының ұсынған жобасы қазақстандық жобаны маңайлай алмайды екен.
Күннен электр энергиясын алу
Кейінгі кезде әлемде Күн энергиясын тиімді пайдалануға көшті. Алайда
олардың дені Күн көзінің қуатын төртбұрышты әйнек арқылы жинауды іске
асырған. Үйлердің шатырында, немесе қандай да бір ыңғайлы жерге қойылған
шаршы әйнек күннің қызуын электр қуатына айналдырады. Күн шыға берген кезде
алғашқы 5 пайыз, одан Күн артқан бойы көтерілгенде 10 пайыз... 20 пайыз...
Сөйте-сөйте, Күн тас төбеге келгенде Күннің қуаты әлгі шаршы әйнекке толық,
яғни 100 пайыз түседі де, Күн төбеден ауған сайын шаршының Күн сәулесін
тарту қабілеті біртіндеп - біртіндеп кеми бастайды. Ал біздің қазақстандық
ғалымдардың тапқан әдісі Күн қуатын күндіз бойына және түн баласына толық
пайдалануға қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Оның үстіне тек Күннің қуаты ғана
емес, желдің, ағын судың қуатын пайдалану арқылы тәуліктің 24 сағаты бойына
энергиялық қуатпен толық қамтамамасыз етуге қабілетіміз бар. Ғалымдар
тапқан әдісіміз бойынша Күннің қуатын жинау үшін ортасы шұңғылдау келген,
спутниктік байланысты қамтамасыз ететін тәрелке сияқты құрылғының дәл
ортасына Күннің сәулесін бойына жинайтын оптика сынды пленка жапсырылған.
Ол таң атқаннан бастап кеш батқанға дейінгі Күннің қызуын бойында сақтап
тұрады. Ал жайпақ шаршының кемшілігі ? Оның Күн қуатын бір ортаға жинайтын
қабілеті жоқ. Сондай-ақ Күн қуатын жинайтын бұл тәрелкеден де тиімді де,
ыңғайлы тәсілін ойлап тапты. Ол дөңгелек тәрелке емес, сопақша тәрелке.
Оның да ортасы шұңғыл. Мұның артықшылығы - ол Күн ұясынан шыққаннан бастап,
көкжиек асып, батқанша Күннің шығу-бату бағытымен жүріп отырып, Күн
сәулесін басқа қондырғыға қарағанда 60 пайыз артық жинайды. Ал түнде
энергияны қайдан аламыз? Ол да шешілген сұрақ. Үйдің шатырына ортасы шұңғыл
сопақша тәрелкеден басқа желдің бағытымен һәм күшімен қозғалатын
желбағар орнатылады. Жел соққан кезде, әсіресе, күндіз жел тұрған кезде
Күннің қуатын еселеп, артығымен жинап аламыз. Негізі, шет мемлекетте мұндай
құрылғы бар. Ал біздің тапқан тәсілдің артықшылығы неде десеңіз -
желбағардың тек желдің бағытымен оңтүстіктен солтүстікке немесе батыстан
шығысқа қарай айналып тұратыннан бөлек, желдің салмағы мен ыңғайына қарай,
әртарапқа шыр-көбелек айналып тұрады. Мұндай кезде, сөз жоқ, табиғи қуат
көзінің қуаты үстемелене түседі. Өйткені желдің жылдамдығынан оның салмағы
асып кетсе, желбағар морт сынып кетуі кәдік. Біздің қондырғымыз ондай
қауіптен ада. Енді Күннің сәулесінен қор жинап алу жайын ойластырып
жатқан көптеген ғалымдар бар. Сонымен қатар, ағын суға қойылатын шағын
қондырғы арқылы біршама энергия өндіруге болады. Әсіресе, Алматыдағы тау
өзендеріне, атап айтсақ, Кіші Алматы өзенінің ағысы бойымен таудан бастап
сонау төменге дейін мыңдаған шағын қондырғы орнатуға, сөйтіп, Алматы
қаласының энергиясын арттыруға мүмкіндік мол. Осы жаңалықтар бойынша біздің
қазақстандық ғалымдардың алған патенттері, дипломдары бар. Осылайша,
біздің ғалымдардың баяндамасын тыңдаған шетелдік ғалымдар оқытып-тоқытамыз
деп келіп, өздері жаңғыртылған қуат көздері бойынша сіздерден үйренеріміз
көп екен деп өз елдеріне аттанды. Бұл мәселе тек қана іс – жүзінде емес
күнделікті тұрмысқа да ептеп енуде. Жақында жаңғыртылған энергия көздері
туралы Білім және ғылым министрлігінде баяндамалар жасалынды. Соның
негізінде ел аумағында 5 мыңға тарта ауылдарда электр жарығы жоқ екенін
айттылды. Олар қайдан шыққан ауылдар? Қазір әрбір аудан, облыстарда бұрын
ауыл-ел қонбаған өңірлерден мал немесе егін шаруашылығын жүргізуге шаруа
қожалықтарына жер телімін беріп жатыр. Ол жерлерді игеру үшін сол өңірге
көшіп, қонбаса, шаруа жүре ме? Ал электр жарығы тартылмаған, ғылым мен
технология барынша тасқындап тұрған заманда саналы адамға электр қуатынсыз
күн кешу мүмкін емес. Әрі ол кәсібін өркендету үшін арысы шет мемлекеттер
мен берісі салалық компаниялардан теледидар мен интернет арқылы әртүрлі
ақпарат - хабарлар алып тұрмаса, қалай өркендемек. Бүгінгі ауыл
шаруашылығын кәсіп еткендердің көпшілігі осынау құндылықтардан хабары мол
жандар. Ізденіп, ғалымдармен хабарласып, Күн энергиясының қуатын
пайдалануға қол жеткізгендері бар. Азаматтарымыз 2-3 шаруашылыққа барып,
олардың өтініші бойынша орнатып та берді. Осыдан 1,5 - 2 ай бұрын осындай
бір қожалыққа барып жағдайды көрдік. Қапшағайдың ар жағында, айдалада,
жолсызбен 45-50 шақырым жол жүріп жететін аймақта 45 гектар жері бар екен.
Қожалықтың иесі үй салып, жұмысын бастап кеткен. Біздің қойған қондырғымыз
олардың күнделікті қажетіне, су тартуға, монша жағуға жетіп-артылады.
Алайда, сол шұңғыл тәрелке жинаған Күн сәулесінің қуаты сенбі-жексенбі
күндері жетпей қалатын көрінеді. Себебі осы екі күнде көп қонақ барады. Әр
бөлмеде электр шамы жанып тұрады. Сондай кезде олар энергияны бұрынғыдан
әлденеше есе көп қажет етеді. Сондықтан, 1 киловаттық қондырғыны азсынып,
енді бұдан қуаттысын орнатып беріңіздер деп қолқа салды. Бірден бірге
құлақтанған мұндай жандар көбейіп келеді. Ұлттық Инженерлік академия
жанынан арнайы Үйлестіру орталығы құрылатын болды. Соған сай, Премьер-
Министрдің шешімімен 2007 - 2009 жылдарға Жаңғыртылған энергия көздерін
дамыту бағдарламасы жасалды. Электр энергиясын осындай жолмен алуды
кеңінен тарату қолға алынып отыр. Бұл мәселе қыркүйек айында Үкіметте
қаралуға тиіс. Ал бұл жобаның құны 40 миллиард теңге. Ол ақша бөлінсе,
қыркүйек, қараша айларында жүзеге асыруды бастаймыз. Игеру мерзімі 3 жылға
есептелген қаржының 51 пайызын Үкіметтен сұрап отырмыз. Қалған 49 пайызын
Күн энергиясы кімге керек, сол мекеме немесе компания төлеуге тиіс.
ҚазМұнайГаз компаниясына ұсыныс бердік. Олар да сайын даладағы мұнай
бұрғылау қондырғыларын жүргізуге біздің ғалымдардың жаңалығын қолай көріп
отыр. Сондай-ақ ауыл-елдердегі шаруа қожалықтарының ісін жүзеге асыру үшін
Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі болуы керек деген ойдамын. Сол
секілді, жекеменшік компаниялар мен кәсіпкерлер, арзан электр қуатын
өндіруді көздеп жүрген кәсіпорындар шет қалмауға тиіс. Біздің бұл жобамызды
ЮНЕСКО қолдап, Алматыда өткен конференцияның қорытындысында мұны қолданып,
тарату жөнінде қаулы да қабылданды. Энергетика және табиғи ресурстар
министрлігінде жасалған ҚР Жаңғыртылған қуат көздері туралы заң
жобасынтүзілді.
Электр энергия көзінің альтернативті түрлері
Жел энергиясы

Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы
ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры,
ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп.
Біз тұратын ауалық мұхитта тынышты емес. Біздің мемлекетіміздің төңірегінде
соғатын желдер, елімізді электрэнергиясымен қамтамасыздандырады. Еліміздегі
климаттық жағдайлар жел энергетикасының дамытуға қолайлы.
Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының
потенциялы 1200 ТВт дейін жетеді, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер
бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел
қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м
биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының
орташа жылдық меншікті қуаты 500Втм2-қа (желдің жылдамдығы 7 мс ) жететін
жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Втм2-тың 175-ін ғана электр
энергиясына түрлендіреді.
Жел қозғалысының энергиясы жел жылдамдығының үшінші дәрежесіне
пропорционал. Бірақ, идеалды құрылғының көмегіменде бұл энергияны толығымен
электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік жоқ. Жел қозғалысының энергиясын
пайдалы қолдану коэффициенті(ПҚК), теориялық есептеулер бойынша 59,3%
құрайды. Басылымға шыққан мәліміттер бойынша, практикада жел энергиясының
ең үлкен ПҚК-і реалды жел агрегатында жуықтап алғанда 50% жақын болады,
бірақ бұл тек қана проектіде қарастырылған желдің оптималды
жылдамдықтарында ғана. Одан басқа, жел қозғалысының энергиясының бір бөлігі
механикалық энергия электр энергиясына түрленген кезде жоғалады, оның ПӘК-і
75-95%. Осының барлығын ескере отырып, реалды агрегат проектіде
қарастырылған тұрақты жылдамдықтар диапозонында жұмыс істесе ғана, желдік
агрегаттың меншікті электрлік қуаты жел қозғалысының қуатының 30-40%-ын
құрайды. Бірақ кей-бір кезде, желдің жылдамдығы есептелген жылдамдықтардың
шектерінен шығып кетеді. Бір жағдайда желдің жылдамдығы тым төмен болады,
бұл жағдай да жел агрегаты жұмыс істей алмайды. Екінші жағдайда желдің
жылдамдығы тым көп болады, бұл жағдайда агрегат істен шығып қалмау үшін оны
тоқтатуға тура келеді. Егер желдің жылдамдығы номиналды жылдамдықтың
мәнінен асса, генератордың номиналды қуатынан аспау үшін, желдің
механикалық энергиясының барлығы қолданылмайды. Осы фактілердің барлығын
ескере отырып жыл бойындағы электр энергиясының меншікіті шығарылуы жел
энергиясының 15-30% -ын құрайды.
Жел агрегатының жұмыс істеу схемасы төмендегідей жасалған. Жел
донғалағы динамо-машинаны-электр тогының генераторын қозғалысқа келтіреді.
Бұл біруақытта параллель жалғанған аккумуляторлар батареясын зарядтайды.
Аккумуляторлық батареялардың клеммаларындағы кернеу генератодың
клеммаларындағы кернеуден азайғанда батарея автоматты түрде генраторға
жалғанады да, керісінше жағдайда ағытылады.
Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды
қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс
аралдарда, Арктикада және үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс
орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн
штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел
двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан
тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі
оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ
энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр
аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.
Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға
олардың қымбаттылығы кедергі жасайды
Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері
шығарылған.
Құрылғыны проектілеуде ең үлкен қиыншылық ол кез келген желдің
жылдамдығында пропеллердің айналу жиілігі біркелкі болуы тиіс.Өйткені
генераторды желіге қосқанда ол жиілігі 60 немсе 50 Гц айнымалы ток тудыру
керек. Сондықтан лопасттердің көлбеулік бұрышы реттеліп отырулы тиіс:жел
күшті болғанда бұл бұрыш сүйірірек болуы тиіс, жел қозғалысы әлсіздеу
болғанда бұл бұрыш арту керек. Лопасттерді реттеумен қатар генератор
мачтада желге қарсы автоматты түрде айнауы тиіс.
Өзендер энергиясы
Ағындагы судың энергиясы көп мыңжылдықтар бойы адамзатқа қызмет етеді.
Оның Жердегі қоры орасан көп. Күннен келетін энергияның біраз мөлшерін
жұтатын, Әлем мұхиты аккумулятор ретінде қызмет етеді. Мұнда толлқындар,
толықсумен пен қайтулар және алып мұхиттық ағындар пайда болады. Мұхиттар
мен теңіздерге суын әкелетін қуатты өзендер туады. Адамзат энергия қорын
іздеу жолында осындай энергия түрін шет қалдырмағандығы да түсінікті.
Адамзат ең алғаш өзендер энергиясын қолдануға үйренді.
Қазіргі кездегі гидроэлектрлістанцияларда су үлкен жылдамдықпен
турбиналардығы лопастеріне бағытталады. Судың механикалық энергиясы турбина
бойымен генраторға беріледі және мұнда ол электр энергиясына айналады.
Қуаты бойынша гидроэлектлістанциялар кішкентай (қуаты 0,2 Мвт-тан бастап),
кішкене (2 Мвт-тан), орташа (20 Мвт-қа дейін) және үлкен (20 Мв-тан үлкен).
Судың ағу жылдамдығы гидроэлектростанцияларды бөлудің екінші критериі.
ГЭС-ді құруға өте көп шығындар кетеді. Бірақ ол шығын
компенсацияланады. Қазіргі замандағы жоғарлы инженерлі деңгейде
проектілендірілген ГЭС-тердің қуаты 100 МВт-ты асады, ал олардың ПӘК-і 95%-
ды құрайды.
Турбина - энергетикалық ең пайдалы машина, өйткені су өзінің
ілгерілмелі қозғаласан оңай айналмалы қозғалысқа аустырады.
Қоршаған ортаның ластанбауы, эксплуатацияның қарапайымдылығы және
табиғаттың өзімен орнына келетін энергия қоры гидроэлектростанциялардың
ерекшеліктері. Бірақ үлкен гидроэлектростанцияға плотинаны құру өте күрделі
есеп болып шықты. Қуатты гидротурбиналарды айналдыру үшін плотинаның
артында өте көп су жинау керек. Египеттік пирамидаларды құруға жұмсалған
материал мен салыстырғанда плотнаны құруға қажет материал орасан көп.
Сондықтан ХХ ғасырда бірнеше ғана гидроэлектростанциялар салынды.
Бірақ адамзатқ жердің гидроэнергетикалық потенциалын аз ғана бөлігін
қолдануда. Жыл сайын жаңбірден, қар еруінен теңіздерге ағатын су ағынндары
қолданусыз қалады.
Геотермалдық энергия
Жер, бұл кішкентай жасыл ғаламшар,- біздің ортақ үй. Басқа
ғаламшарлардың миридаларымен салыстырғанда Жер онша үлкен емес: оның үлкен
бір бөлігінде жасыл өсімдіктер өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл ғажап та және
тыныш ғаламшар кейбір уақытта мінезін көрсетеді, бұл уақытта онымен ойнап
керегі емес-ол осы мезгілде жылдар бойы өзі ақысыз берген марапаттарын
жоққа ұшыратады. Үлкен апаттар-тайфундар мен смерчтер мыңдаған өмірлерді
әкетеді, ешкімге бағынбайтын өзендер мен теңіздердің сулары өз алдында
бәрін бұзады, орман өрттері саналған уақыттың ішінде үлкен аймақтарды оның
құрылыстары мен егіндерімен жоғалтады.
Бірақ бұның бәрі оянған вулкан мен салыстырғанда ештеңе емес.
Жер шарының ішінде тығылулы тұрған орасан көп энергияның стихиялық
шығуымен адамзат көптен бері таныс. Кішкене ғана вулканның атқылауының
қуаты керемет, оның қуаты, адамның қолымен жасалған, алып энергетикалық
құрылысатдың қуатынан көп есе артады. Шынын айтқанда, атқылап тұрған
вулканның энергиясын тікелей қолдануға мүмкін емес, өйткені бұл бағынбайтын
стихияны адамзаттың бағындыруға шамасы жетпейді және бағымызға қарай, бұл
вулкандардың атқылауы өте сирек оқиға. Бұл атқылап тұрған вулканның
энергиясы, жер ішінде тығылған шексіз энергияның аз ғана бөлігі.
Жер энергетикасы – геотермалдық энергетика Жердің табиғи жылулық
энергиясын қолдануды өзінің базалық нүкте ретінде алады. Бір киломметр
тереңдікті есепке алып Жер қыртысының үстіңгі қабатының темературалық
градиенті 20-300С, және, Уайттың мәліметтері бойынша(1965 ж.), тереңдігі
10 км жер қыртысының жылу мөлшері 12*1026Дж. Бұл жылулық ресурстар
4,6*1016т көмірдің жылулық ресурсына эквивалентті. Бұл техникалық және
экономикалық әлемдегі көмір ресурстарының жылулық ресурстарынан 70 мыңнан
астам рет көп. Бірақ, жер қыртысының үстінгі қабатындағы (10 км тереңдікке
дейін) геотермалдық жылулық, оның көмегімен әлемдегі энергетикалық
проблемаларды шешу үшін өте жайылған. Өнеркәсіпте қолдану үшін қажет
ресурстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күн энергиясын жылу машиналардың көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру
Альтернативті энергия көздерін пайдалану
ЖШС aqua КИП engineering компаниясының міндеті
Күннің, атомның энергиясын пайдалану
Күн сәулесi энергиясын қолданудың тиімділігі
Табиғи байлықты бағалау әдістері
«Экспо - 2017» Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы
Энергия көздері
Arduino микроконтроллерін пайдаланып күн трекерін жасау
Табиғи фактардың климат өзгерісіне әсері
Пәндер