Дене тәрбиесін ұйымдастыру


Жоспар.
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
2. 1. Дене тәрбиесінің мазмұны және міндеттері.
2. 2. Дене тәрбиесін ұйымдастыру фомалары және құралдары.
2. 3. Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.
3. Қортынды.
4. Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Тәрбие ісінің дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар: бірішіден, дене шынықтыру, оқушыларды салауаттықа дағдыладыру, дұрыс өсуіне көмектесу; екіншіден, спорт - дене тәрбиесі білімдерін меңгерту; үшіншіден қозғалыс дағдыларымен біліктерін дамыту; төртіншіден, қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т. б. ) ; бесіншіден, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (ерлік, тұрақтылық, тәртіп, ұжымшылдық) ; Алтыншыдан эстетикалық қасиеттерді қлыптастыру (дене түзулігі, жүріс-тұрыс мәдениеті) ; жеитіншіден, денешықтырумен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру; Сегізіншіден, гигиеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру.
Дене тәрбиесі бағытындағы тәрбие ісі жан-жақтылығы алға қойылған міндеттерді адамгершілік, ой-сана, эстетика еңбек тәрбие түрлерімен шешуге көмектеседі.
Бұл бағыттағы тәрбиесінің көп таралған түрі сабақ алдында мектептегі еңбек күнін бастайтын дене машықтары. Тәрбие ісі дене тәрбие бағытындағы дене шынықтыру сәттері, шаршағанда сергітуші, бұл бірнеше жаттығуларда маңызды келеді. Тәрбие ісіндегі «Қозғалысты үзілісі» оқушылардың күнделікті сабақ арасында таза ауамен тыныс алына жәрдемдеседі.
. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасынасәйкес жүргізіледі. Одан жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білім меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекет сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтң нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарына талаптарына сәйкес құрылады.
Сыныптан тыс жаппайспорт жұмыстарында шәкірттер сабақта алған теориялық білмдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жқмыстардың барысында оқушылардың жалпы спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығулармен айналысу міндеттері шешеді.
2. 1. Дене тәрбиесінің мазмұны және міндеттері.
Жек адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетінежемісті қатысуының маңызды кепілі.
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мелінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спор секцияларында дене тәрбиесінің күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық КОЛЕДЖ, барлық оқу-тәрбие мемлекеттерінде жабдықтармен және құралданмен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдар мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен қолданылуы керек.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстардың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру. Шаңғы, коньки, вилосипет тебу, акробатика, снарятта жаттығу т. б.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т. б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Дене тәрбиесі ең басты күн ырғағын, яғыни, еңбек демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғаөтары дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы және олардың кезектесуі, белсенді демалыс тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуынқамтамасыз етеді. Бұл жағдай балардың денсаулығыеа және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқу, еңбек жәнедемалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалыда.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады.
Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:
- Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі дақылау. жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдый туғызып, қамқорлық жасау.
- Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
- Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбимесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында,
спорттық базаларда іске асыру . шін төмендегі тқмендегі талаптарды - міндеттерді еске алған жөн:
- Оқушылардың бойында дамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
- Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін дамыту.
- Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығушылығын және қабілетін дамыту.
- Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. 2 тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.
Сабақ - дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасынасәйкес жүргізіледі. Одан жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білім меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекет сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтң нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарына талаптарына сәйкес құрылады.
Сыныптан тыс жаппайспорт жұмыстарында шәкірттер сабақта алған теориялық білмдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жқмыстардың барысында оқушылардың жалпы спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығулармен айналысу міндеттері шешіледі.
Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы тұрде жұмыс ұйымдастырылады, оқушылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады. Мысалы, жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу шаңғы осы сияқты спорт ойындарының басқа түрлері де пайдаланылады.
Мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары оқушылардың тұрғын жерлерінде, балалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік станцияларында, мәдениет парктарының балалар секторларында, спорттық базаларда (стадион, жүзу бассейндер, мұз айдыны т. б. ), ерікті спорт қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерде өткізіледі.
Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Спорттың кейбір түрлеріне қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін көрсете білген оқушыларға балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне жолдама берілуі мүмкін. Ал спорт мектебін бітіргеннен кейін оларды физкультура институттарына түсуге даярлау керек.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гемнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрлерде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Гимнастика. Мұның бірнеше түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гинастика, акробатика, көркемдік гемнастика, өндірістік және емдік гимнастика.
Оқушылардың дене тәрбиесінде негізгі гимнастика үлкен роль атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар: саптағы қозғалыс, жалпы дамыту жаттығулары (әр түрлі бұлшық ет топтары мен буындар қимылы), ән арқылы орындалатын ерікті жаттығулар, қимылдың билеу формалары, қимылдың тұтас табиғи формалары (жүру, жүргізу, қарғу, өрмелеу т. б. ) негізгі гимнастика көпнесе дене шынықтыру сабағында пайдаланады.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс орындары пайдадаланады. Қозғалыс орындары
оқушылардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейьол, қол добы, теннис пайдаланады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйретеді.
Туризм Дене тәрбиесінде серуен, саяхат, туристтік жорық түрінде пайдаланады. Туризм оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт біздің елімізде бірыңғай бағдарлама және ережелер бойынша өткізіледі. Спорттық көптеген түрлерін атауға болады. Олар - жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорт, жүзу, туризмнің спорттық түрлері т. б.
Спорттық іс-әрекетті жаттығу сабақтарына және спорттық жарыстарда іске асырылады. Спорт оқулары мектептің спорттық секцияларда, мектептен тыс мекемелерде (балалардың қоғамдарының балалар және жасөспірімдер секциялары т. б. ) төселген мамандар арқылы өткізіледі. Спорт оқушылардың денсаулығын нығайтынң дене күшін, қозғаду дағдыларын және моральдық-еріктік һасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі - табиғат факторлары. Күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде қолданады. Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады. Қала жағдайында балалар үшін алаңдар жасалады, парктер, стадиондар, бассейндер, туристік-экскурсиялық базалар пайдаланылады. Қала сыртында балалардың жақсы демалуы және денсаулығын нығайту үшін кәсіподақ, спорттық туристік, жас техниктер және жас натуралистер лагерлері ұымдастырылады.
Олар табиғаты қолайлы жерге орналастырылады.
Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаруашылығын, қорықтарды, бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл-желпі ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т. б.
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық түлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
... жалғасы2. 3. Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарыда жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендеріне барлау жасауына ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгігіні байланыстыра білуіне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлттық ойындар септігін тигізеді. Ұлттық ойындары халықтық әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігіде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арөылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи нышандарын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың арасында, баршаға тең рекін бәсекейде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне жасы үлкен, танымал ұстаздардан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың ұлттық дәстрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық денесіде, көрінісіде болған.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениттің сан алуан түрлерімен қабаттасып, бірін-бірі толықтырып байыта түседі. Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т. б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескірмейтін нәрсе. Өйткені күн сайындүниеге келетін сәбилердің қиялын қозға, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы қимыл-қозғалы ойыны. Қимыл-қозғалыс ойынында дала назар аудару және бұлшық еттің ширығуы дәрежесін реттеуді үйренеді: ойының қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды тынығумен көздестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа, тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайда жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Міне, ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-саналық, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы және педагоктық шеберлігі қажет.
Ұлттық оындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты т. б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуатын молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдікпен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туады. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шаруашылық саласы жоқ десе де болады.
Қазақтың ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» атты мемуралдық еңбегінде ертеректе «Орда» атты асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. Б. Төтенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздарының бірі деп «Абайдың алты алашы» атты ойынды атап көрсеткен . Дер кезінде қағаз бетіне түспей, жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі көптеп кездеседі. Солардың арасында «Сары құлан», «Сарала қаз», «Ақ аю», «Ағызбақ», «Байқай пісті», «Жылман», «Топай», т. б. ойындар бар.
Дегенмен, халық ойының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қорлданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарында көребілді. Бастауыш мектептегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль береді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалыста ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.
Ойын барысында балалардың қозғалыс ширақтығы, бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік толмыстарын артырады. Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан естетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікиен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнділіктен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын бастауымен, әңгімелесумен, санамақпен байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.
Қимыл-қзғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғығызады - осылардың бәрі қимыл-қозғалыс оыйндарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуіне қимылдың жақсы үйлесуінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар берілуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады.
Қиыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударад. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді. Ойындардың балалар үшін әр түрлі педагогикалық жіктеулері бар. Ойындар мазмұны бойынша қимыл-қозғалыс (сюжетті, сюжетсіз) ойындары және спорттық оындарға бөлінеді: Сюжетті қмыл-қозғалыс ойындары шартты мормада өмірлік немесе ертегі оқиғасын белгілейді. Балалардың ойында шығармашылықпен ойын бейнелері қызықтырады.
Қорытынды.
Жоғарыда атыаталған ойындар болашақ ұрпақ тәрбиесінде қанат жайып келеді. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына енгізу мүмкіндіктері өте зор.
Ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды үзілістердегі, ұзартылған күн топтарындағы ертеңгілік, кештердегі ұжымында еркін сезіну саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, мақсатқа жетудегі табандылық атмасферасын қалыптастыруға ұмтылу қажет. Осыдан халық ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайталану шарттары әдістері мен түрлерін қарастыру қажеттігі туады. Тек осындай жағдайда ғана халық ойындары жай ермекке кетпей, оқу тәрбие мақсаттарына бағындырылып, пайдасын тигізеді. Халық ойындарын тәрбие жұмысында пайдалану мектеп келесі шарттарды орындаған жағдайда нәтиже береді.
Ойының тіл дамуындағы ролі ерекше. М. Горький айтқандай, бала сөзбен ойнағанда, һз ана тілнің нәзік қасиеттерін үйренеді, тірдің музыкасын ұғынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz